ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫН БІРІКТІРУ» секциясы
Секция «ИНТЕГРАЦИЯ ЕСТЕСТВЕННЫХ НАУК В ФОРМИРОВАНИИ ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ ГРАМОТНОСТИ ШКОЛЬНИКОВ»
ЭЛЕКТИВТІ КУРСТАР АРҚЫЛЫ ХИМИЯ САБАҒЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ
Сақтағанова Б.Т
№15 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі, Астана қаласы
Алдағы оқу жылында химия пәнінің сағат саны қысқаруына байланысты оқулықтағы тақырыптар ауқымы кӛлемді болғандықтан химия сабағында экологиялық білім беру ойдағыдай жүзеге аспауы мүмкін. Себебі бұрын 102- сағатқа бӛлінген тақырыптар, енді 68-сағатқа біріктіріледі. Сабаққа бӛлінген 45-минутта тақырыпты қамтып, қорытындылап ӛткенге уақыт аздық етеді.
Сол себептен Химия сабағында экологиялық білім беруді элективті курстар арқылы жүзеге асыруға болады және оларды әр түрлі тақырыптар түрінде таңдауға мүмкіндік бар. Мысалы: «Химия және экология», «Химия және ӛндіріс», «Химия және қоршаған орта» т.б сияқты тақырыптар түрінде таңдап оқушы білімдерін дамыту қажет.
Экологиялық білім берудің мақсаты: Жеке тұлғаның экологиялық санасын, мінез-құлқын, мәдениетін барынша жоғары деңгейде қалыптастыру.
Оқушы бұл қасиеттерді біліммен, тәрбие үрдісінде меңгереді. Бүгінгі таңда үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Адамзат қауымы, қоғам, табиғат және қоршаған орта үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру. Оның ішінде қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеу маңызды орын алады. Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау тәсілдерін жастарға ұғындыру, экологиялық жаппай және үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана іске асырылады.
Элективті курстар арқылы химия сабағында экологиялық білім берудің міндеттері:
1 Химия пәні бойынша теориялық білімдерін арттыруына жағдай жасау.
2 Меңгерген химиялық білімнің арқасында тірі және ӛлі табиғаттар арасындағы құбылыстар нәтижесінде болатын зардаптарды ашып кӛрсету.
3 Химия сабағында экологиялық білім беру кезінде пән аралық байланыстар ұйымдастыру қажет.
4 Сабақта жергілікті ӛлкелік материалдардан ақпараттар кеңінен қолданылуы керек.
5 Алынған химиялық ӛнімдердің маңызы мен бірге зиянды жақтарын анықтау.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫН БІРІКТІРУ» секциясы
Секция «ИНТЕГРАЦИЯ ЕСТЕСТВЕННЫХ НАУК В ФОРМИРОВАНИИ ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ ГРАМОТНОСТИ ШКОЛЬНИКОВ»
1 Элективті курстар оқушылардың ӛз бетінше,дербес жұмыс істеуіне жағдай туғызуға , білім сапасын арттырудың пәрменді тәсілдері болып саналатын оқу жұмысы- ның зерттеушілік сипатын кең таратуға мүмкіндік береді.
2 Элективті курстың негізгі қағидалары:
1 Әр оқушы ӛзінің қалауы бойынша әртүрлі тақырыпта ақпараттар жинастырып, ой-пікірін білдіруге мүмкіндіктер беру.
2 Әр оқушыны жеке тұлға деп қарастырып, оның қызығушылығын оятуға тырысу керек.
2 Мұғалім оқушының ізденісі туралы ақпараттарды үнемі назарда ұстау қажет.
3 Қажетті ақпарат оқушыларға қажеттілігіне байланысты кең кӛлемде беріледі.
4 Оқушыларға баға қойылмайды.
5 Оқушы ӛзінің ізденген еңбектерін жариялап,ӛзін-ӛзі бағалайды. Тоқсан соңында меңгертілген тақырыптар бойынша сынақ жұмыстарын алуға болады
6 Сонымен элективті курс-қазіргі таңда шығармашылық ізденіс, зерттеу жұмыстары мен шұғылдану,ұжымдық қарым –қатынас, ойын жинақтау, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында кеңінен қолданылатын педогогикалық жұмыс түрі.
7 Қазіргі кезеңде оқушылардың химиялық сауаттылығын арттыруға қол жеткізіп химиялық білім беруді дамыту үшін жалпы әлемдік тенденцияларға барынша сүйенген дұрыс:
Оқу мазмұнын минималдандыру, инвариантты бӛлігін анықтай отырып, сызбаландыру, теория мен практиканың байланысын айқындау;
Кіріктірілген үдерістерді күшейту, жүйелілік, оқушылардың жұмыстарын шағын топтарда ұйымдастыру;
Ӛз бетінше жұмыс істеуді кӛбейту, оқу жұмысының зерттеушілік сипатын кең тарату(білім мен ақпараттың кӛзі қызметін атқаратын мұғалім моделі біртіндеп артта қалып, жаңа жүйеде оның нұсқаушылық, жетекшілік, білім беру міндеттерін шешудің дидактикалық және тәрбиелік ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырушылық қабілеті ашылады);
Химиялық білім берудің мазмұнын экологияландыру, басқа жаратылыстану ғылымдары мен кіріктіру;
Математикалық аппараттың, компютерлендірудің, сандық химиялық эксперименттің (компютерге сүйеніп енгізілген), мультимедиа және Интернеттің рӛлін күшейту;
Оқу пәнінің негізін оқушы бойында қалыптастыру.