• Tidak ada hasil yang ditemukan

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ"

Copied!
2
0
0

Teks penuh

(1)

«Қоғамды ақпараттандыру» III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

113

ОӘК 311.21

С.Ә. САНТЕЕВА

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың білім беру орталықтарында қолданысының дамуы күннен-күнге артуда. Жиі айтылып жүрген e­Learning ұғымы бәрімізге мәлім. «е» сөзінің қолданысының өзі –ақ бізге түсінікті, e-(lectronic) - электронды learning – оқыту деген сөз. e- (lectronic) learning біз қолжеткізетін электронды материалдар мен құралдарға, web технологияларға (on-line оқыту), CD-ROM немесе DVD (off-line оқыту) құралдарына ие.

E-learning- бұл Интернет-технология. Интернеттің өзі адам өмірі стилін, оқуларын, жұмысын, мәдениетін, демалысы мен әлемдегі елдермен араласу, хабар алмасуын өзгертіп, үйретеді.

Сондай –ақ, e-learning - тің бір үлкен бөлігі LMS (Learning Management System) немесе дистанционды оқыту жүйесін айтуға болады[1].

Қазіргі таңда біздің елімізде болашақ білім берудегі жоспарлар бойынша «E-learning» оқыту жүйесін 2011 – 2015 жалдар аралығында 50 проценттен астам білім беру орталықтарына қосу, ал, 2020 жылы 90 проценттен астамы енгізілуі тиіс деп жоспарлануда.

Әрбір жаңа дүниенің артықшылықтары мен кемшіліктері қатар болмақ, сол сияқты, бұл мақалада осы e-learning оқыту жүйесінің ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыратын болсақ, оның артықшылықтары болып: Оқытушымен студент әркез байланыста бола алады. Электронды пошта арқылы қысқа мерзім ішінде хабар алмасып сұрақтарына жауап ала алады. Егер жеке кездесу керек болса, сол электронды хабар алмасып кездесулер ұйымдастыра ала алады; оқу үшін уақыт пен орын таңдаудың қажеті жоқ, үйінде де, қалаған жерінде де, интернет- кафелерде, сол сияқты қажет материалдарын интернеттен көшіріп алып, офф-лайн режимінде де оқып – үйренуге болады; оқытуда жеке бақылау – оқытушы студентпен жеке жұмыс жасап, тапсырманың орындалу уақытын анықтап, жұмыс ритмдерін бақылай алады. Бұл дегеніміз бір жағынан, әрбір жеке студентті жеке қосымша мәліметтермен толықтырып, жеке көңіл бөлу болса, екінші жағынан әр студент өз үлгерімін бақылауға алып, уақытында үлгеруге тырысады; көп қолдану контенті - бұл бірнеше пән тақырыптарын қайта – қайта жазбастан, бұрынғы енгізілген материалдарды, тақырыптарды қолдануға барысында уақытты үнемдеуге болады; оқытуда уақыт пен финанс жағынан шығынды азайту. Бұл артықшылық университетке де, студентке де қатысы бар.

Яғни, студенттер үшін тіптен қолайлы десе де болады, жолға барып-келу уақытын үнемдеп, кейбір жағдайларда интернетке арзан қолжетімділік болған жағдайларда шығындардың аз болуы және оқыту материалдары үшін шығындалып жатпас еді; дидактикалық жақындықтың әртүрлілігі - адамдардың ақпараттарды әртүрлі қабылдауына байланысты-кейбіреулер тыңдау арқылы, кейбіреулер дауыстап оқу арқылы және т.б. адамдар ақпараттарды қабылдаулары мүмкін. Аралас оқытуда(электронды оқытудың моделі) әрбір студент үшін барлық мүмкіндіктерді пайданалану мүмкіндіктері бар - аудио, видео-лекцияларды қосу, әртүрлі графиктерді пайдалану арқылы.

Сонымен қоса, студенттер үйреніп қалғандай, дәстүрлі оқыту мүмкіндіктерін де пайдалана алады.

Дегенмен әлі де болса қазір электронды оқыту жүйесі күмән тудырғанымен, уақыт өте бара интернет біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып, олармен жұмыс жасау мәдениеті қалыптасады[2].

Дегенмен, технологиялардың жетістіктерімен қоса, кемшіліктері де қоса табылады. Сол сияқты жаңа технологиялардың білім беруде кейбір кемшіліктерін айтуға болады. Ақпараттық технологиялардың оқытудағы кемшіліктері: ескі әдістерді жаңа технологияларға көшірудің мәселелері - оқу материалдарын, дәстүрлі оқыту құралдарын онлайн режиміне немесе аралас оқытуға пайдалану ыңғайсыздығы, адамдарды жаңа технологияларға үйретудің қиыншылығы, оқытушылар үлкен күш жұмсаулары керек; көптеген курстар тек қана бір оқу орнында немесе бір оқытушыға ғана

(2)

«Қоғамды ақпараттандыру» III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

114

бекітілген болса, егер оқытушы жұмыстан кеткен жағдайда оның курсын қайта жаңарту қажеттігі, бұның өзі уақыт пен жаңа материалдарды талап етеді; келесі мәселе – студенттің ақпараттық технологияларды қолдана отырып, дағдысы қалыптаспайды, өзінің жеке презентациясын көрсете аламауы, дәріс пен семинарларда ала алатын дағдыларды (өзіндік дискуссия, эмоцияны қадағалау жағынан) қалыптастыра аламайды; онлайн материалдарын дайындауға, жаңа технологиялармен жұмыс жасауға оқытушылардың арнайы дайындықтарының қажеттіліктері, барлық оқытушылар бірдей жаңа технологияларды меңгере бермейді, сондықтан, ол курс сапасының да төмен болуы әбден мүмкін; оқу орындарының компьютерлермен, компьютерлік жабдықтармен аз қамтамтылуы, университет тарапынан шығынның болуы, ол жаңа технологиялар әркез оларға, компьютерлерге орнатылған проаграммалық қамтамаларды жаңартуды талап етеді; сондай - ақ, интерфейс, графика стандарттарының сай еместігі; осы білім беру процесі сапасын жақсарту көлемін кеңейтуде оқытушылар барынша тырысып, жаңа технологияларды меңгеруде де күш жұмсағандықтарының университет тарапынан ескерілмей қалуы; және сол жаңа технологияларды меңгере отырып білім беру процесінде тек қана оқытушы мен студент ғана емес, басқа да қызметкерлер де оларды жақсы меңгеріп, еркін қолдана білулері керек.

E-learning оқыту жүйесінің формалары мен модельдерімен қоса, мультмедиалық курстардың элементтеріне де ие, сонымен қоса бұл e-Learning оқыту жүйесін біліктілікті жоғарылату мақсатында да қолданылады. e-Learning оқыту жүйесі оқытудың формалары - бұл мемлекеттік деңгейде қабылданған заңмен бекітілген моделдер болып табылады[1].

Ал, модель аты айтып тұрғандай, оқыту формаларының прототиптері мен шаблондары. Қазіргі таңда көп таралған модельдер: дәстүрлі, электронды, аралас, дистанционды, ашық және т.б. айтуға болады[3].

Жалпы, e-Learning оқыту жүйесінің формалары мен моделдеріне, білім беруде ақпараттық технологияларға не үшін өту керк екендігін, университеттер білім беруде жаңа ақпараттық технологияларды неліктен меңгеру керектігін алдағы уақытта қарастарытын боламыз. Бірақ оны Білім және Ғылым министрінің айтуынша, Қазақстан жастарының қай жерде тұрғандығына қарамастан, болашақ жақсы білім ресурстарына қол жеткізу мүмкіндіктерінің бар екендігімен айтуға болады және жоғарыда айтылған болашақ жоспарлар оның дәлелі деп білемін.

Тағы бір айта кететін жайт, егер барлық оқу орындары мектептер мен колледждер, жоғары оқу орындары электронды білім беру жүйесіне өтетін болса, материалдық – техникалық базалары толықтырылып, интернетке қолжетімділікке ие болулары тиіс.

Бұған қоса, ақпараттық технологияларды білім беруде пайдалану өте ыңғайлы, интернет арқылы ақпараттың таралуы өте тез деп айтуға болады, қосылған интернет көзіне байланысты студент, мысалы ол шет елде, басқа алыс қалада болуы мүмкін, материалды өте жылдам қабылдап немесе көшіріп ала алады. Ең бастысы студенттер де, оқытушылар да сабақтан тыс, қосымша материалдармен қамтылу мүмкіндіктері үшін уақытты үнемдеп тиімді пайдалана алады.

Әдебиеттер

1. Кузьмина Т.В., Тихомирова Е.В., Гольдфарб Л.Ю., Дворников Н.Ю. Учебное пособие по курсу: Студент в среде E-learning, - 2008г.

2. Баранов П. Ф., Горисев С. А., Ряшенцев И. В. Среда программно-технических комплексов по лабораторным прак-тикумам удаленного доступа (e-Learning Labs Technologies: e-LLT) // уровневая подготовка специалистов: государственные и международные стандарты инженерного образования: сб. трудов научно-методической конференции.Томск, 2011. С. 167-169.

3. Львовский М. Б. О дистанционном обучении [Электронный ресурс]. URL:

http://onmcso.narod.ru/inf/do.htm (дата обращения: 31.10.2011).

Referensi

Dokumen terkait

Критерии постановки диагноза нейро- фиброматоза II типа: • обнаружение опухолевых масс, удовле- творяющих диагноз невриномы слухового не- рва в обоих внутренних слуховых каналах при

УДК 001063 ББК 72 Ғ 96 Ғ 96 «Ғылым және білім – 2014» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІХ Халықаралық ғылыми конференциясы = ІХ Международная научная конференция студентов и