УДК 504.054:57.043
ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ ЖАСАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ Жолдыбай Берік Еркінұлы
«Қазақ-Қытай» академиясы, Қызылорда қаласы Ғылыми жетекшісі – тех.ғ.к., Қауғаева А.М.
Электрондық оқулық - компьютерлiк педагогикалық проблемалық құрылғы, бiрiншi ретте жаңа ақпаратты алу үшiн, жеке және жекеленген оқытуда қолдану мен қажеттi бiлiмдi алу үшiн қолданылады.
Электрондық оқулық жаңа оқыту құралы сияқты толық, ашық және жартылай ашық жүйе бола алады. Ол мәлiметтердiң мағынасын және кiтаптың тарауларын ӛзгерте алады. Осылай бола отырып ол кiтаптың ӛзгертiлген бӛлiмiн талдайды.
Бiрiншiден электрондық оқулықта автордың жiберген қателiгiн ӛзгерту үшiн пароль немесе жүйелiк пароль қажет. Екiншiден егер қандай да бiр мүмкiндiк болса, жақсы маман немесе бiлiмдi ұстазға ғана қолдануға болады. Ӛйткенi электрондық оқулықтың мағынасы ӛзгермеуi қажет. Электрондық оқулық тек жазбаша басылымда ғана қайталанып қана қоймай, барлық компьютерлiк технологияларда қолдану керек.Электрондық оқулықтың оқу элементтерiне гиперсiлтемесi және басқа бӛлiмдерi мен анықтамаларға сiлтемесi болуы керек. Керек бетке тез ауысу мүмкiндiгi болады.
Мәтіндік, графиктiк және басқа материалдар бойынша дидактикалық түсiндiрмесi болады. Жаңа ақпаратты қабылдау сапасы, сараптау және саралау мүмкiндiгi, сақтау жылдамдығы, оқу материалын толық қамтылғаны бетте (компьютер экранында) орналасқанына ғана емес, сонымен қатар бiрiнен кейiн бiрi орналасқан беттерге де қатысты. Қағаз кiтапта бiр мезгiлде екi бетке бiрдей қарауға болады, ал электрондық оқулықта бұлай етуге болмайды. Бiрақ жоғарыда айтылғандарға байланысты электрондық оқулықта кез келген жерге қыстырма қоюға болады .
Электрондық оқулықта пайдаланған әдебиеттер тiзiмi болуы керек. Жоғарыда ескерткендей электрондық оқулық белгiлi бiр ЖОО-ның оқу жоспарына байланыста болады және әдебиеттер тiзiмi де соған байланысты болады.
Электрондық оқулық ешқашан да кiтаптың орнын ауыстыра алмайды. Әдебиет туындысының сахнада кӛрiнуi басқа жанрға жатады, сол сияқты электрондық оқулық та оқудың басқа жанрына жатады. Электрондық оқулық құру үшiн тек қана жақсы кiтапты алып қана қоймай, оған сай иллюстративтi материалды, мультимедиялық мүмкiндiктi және жаңа ақпаратты қамтамасыз етiп қана қоймау керек. Электрондық оқулық суретi бар мәтiнге немесе анықтамалық функцияға айналып кетпеуi керек. Электрондық оқулық қағида мен мысалдарды бiлудi және есте сақтауды жеңiлдету керек. Мәтіндік құраушы шектелген болуы керек – компьютер материалын оқығаннан кейiн оны тереңiрек түсiну үшiн кiтапты оқу керек.
Электрондық оқулықты жасаудың негiзгi кезеңдерi.
- негiзiн таңдау;
- қайта жасау құқығы туралы автормен келiсiм жүргiзу;
- модульдi тарау бойынша тесттi қайта жасау немесе құрылуы;
- электрондық формада гипермәтiндi қолдану;
- компьютерлiк қолдау құру;
- мультимедиялық жаулау үшiн материалдар теру;
- дыбыстық тасымалдау құру;
- визуальдау үшiн материал даярлау.
Электрондық оқулық - бұл ақпаратты жүйенi ұсынушы кiтап, әдiстемелiк және бағдарламалық құрал-жабдықтарды нақты тәртiппен оқыту болып табылады. Оның құрылымы мен мазмұны оның қолдану мақсатына байланысты.
Оқу процесiн негiзгi факторлармен қарқындандыру электрондық оқулықтың кӛмегiмен жасалады:
1. Жоғары мақсаттық бағыттау;
2. Мотивацияны күшейту;
3. Оқу мазмұнының ақпаратты көлемiн жоғарылату;
4. Оқу-танымдық қызметiн үйренудiң активтiлiгi;
5. Оқу қызметiнiң қарқындылығын жоғарылату;
Электрондық оқулықпен жұмыс iстеу тиiмдi, тек қойылатын талаптар орындалса:
1. Жылдам байланыс;
1. Керектi анықтамалық-ақпаратты iздеу жылдам жүргiзiлсе;
2. Кӛрiнiстiк мысалдар мен моделдер;
3. Бақылау.
Мультимедия – бұл аппараттық комплекс пен құрал-жабдықтар бағдарламасы, яғни, пайдаланушылардың диалогтiк режимде графикпен жұмыс iстеуiне мүмкiндiк бередi.
Мультимедия 4 типтi әртүрлi мәлiметтердi бiр арнаға байланыстырады:
1. Мәтiн 2. Бейнелер
3. Қозғалатын бейнелер 4. Дыбыс, әуен.
Электрондық оқулықтың ерекшелiгi құрылымы мен гипермәтiндiк құжатында.
Гипермәтiн – бұл құжат басқа құжаттарға сiлтеме берiп, тек жай ғана тышқанның кӛмегiмен секiрiп ӛте алады. Сiлтеменiң орнына мәтiн, сурет, түймелер және басқа да объектiлердi бере алады.
Электрондық оқулық интегралдық дайындықты бередi, бiрнеше курстық бӛлiмдерге немесе әртүрлi тәртiптерге де қабылдаулардың тұтастығын қамтамасыз етедi. Қатынастың да маңызды байланысын анықтау дифференциялды және индивидуалды оқуға сәйкес келуiн ӛзiнiң жеке оқытатын картасы негiзiнде қамтамасыз етуi мүмкiн. Электрондық оқулықтың оқу жүйесiнде ұйымдастырылған мақсатынан нәтижесiне дейiн кӛрсетiледi . Қазiргi жағдайда электрондық оқулықты компьютерлiк жүйеде оқыту ұйымдастырылып отыр. Байқап отырғанымыздай, электрондық оқулық, оқулыққа арналған жалпы дидактикалық талаптарға сай құрылады. Сондықтан электрондық оқулық құрылымы дәстүрлi оқулыққа ұқсас болады.
Қазіргі уақытта электрондық WЕВ оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ.
Электрондық оқулық дегеніміз-мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық білім алушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, ӛтілген және білім алушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқынын оқыту барысында жаңа технологиялық әдістер кең кӛлемде қолданылуды қажет етеді. Оқытудың жаңа технологиясының барлығы білім алушылардың ӛз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Оқыту технологиясы оқу мен мазмұнын ӛңдеуге, кӛлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы. Оқытудың жаңа технологиясы негізінде қарапайымнан күрделіге қарай әртүрлі технологияны пайдаланып білім алушылардың білім деңгейлерін бақылауға болады
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Информационные технологии управления: учебное пособие/ Под ред. Ю.М.
Черкасова: М.: ИНФРА-М, 2001. – 216 с.
2. Информационные технологии управления : Учебное пособие для вузов/ Под ред. проф. Г.А. Титоренко. – 2-е изд, доп. – М.: Юнити-Дана, 2004 - 439 с.
3. Информатика негіздері журналдары
4. Панкратова Л.П., Челак Е.Н. Контроль знаний по информатике: тесты, контрольные задания, экзаменационные вопросы, компьютерные проекты. – Спб.: БХВ-Петербург, 2004. – 448.