• Tidak ada hasil yang ditemukan

Электронная хрестоматия Габитова Т.Х. - Библиотека аль-Фараби | Казахский национальный университет имени аль-Фараби

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Электронная хрестоматия Габитова Т.Х. - Библиотека аль-Фараби | Казахский национальный университет имени аль-Фараби"

Copied!
526
0
0

Teks penuh

(1)

1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ ЖӘНЕ ДІНТАНУ ИНСТИТУТЫ

ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯ

Алматы, 2021

(2)

ӘОЖ 1/14 (03) КБЖ 87я2 Ф 53

ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының Ғылыми кеңесі баспаға ұсынған

Құрастырушылар:

Т.Х. Ғабитов, философия ғылымдарының докторы, профессор С.

Е. Нұрмұратов, философия ғылымдарының докторы, профессор

Рецензенттер:

Қ.А. Затов, философия ғылымдарының докторы Ғ. Т. Телебаев, философия ғылымдарының докторы,

профессор

Ғ.Қ.Құрманғалиева, философия ғылымдарының докторы Мақалалар авторлары:

Л.Ә. Асқар, Қ.Ұ. Әлжан, Ә.Ш. Әлімжанова, Н.Ж. Байтенова, Т.Х. Ғабитов, Қ. Жамалов, Д.М. Жанабаева, Қ.А. Затов, З.М. Қодар, К.М. Қоңырбаева, Ә.

Құранбек, А.Д. Мейірманов, Қ. Мұханбетәлиев, С. Мырзалы, С. Е. Нұрмұратов, Г.Ж. Нұрышева, А. О. Омирбекова, Е. Осербаев, Ж.Б. Ошақбаева, Д.С. Раев, А. Рыскиева, А.

Сағиқызы, Б.М. Сатершинов, М. Сәбит

Ф 53 Философиялық энциклопедия. – Алматы: Лантар Трейд, 2021. – 527 б.

ISBN – 978-601-304-004-2

«Философиялық энциклопедияда» маңызды философиялық ұғым-терминдер мен көрнекті философтар туралы мәліметтер алғаш рет жүйелі түрде қазақ тілінде берілген. Философиялық энциклопедия философия пәні бойынша мектеп оқушылары мен студенттерге, магистранттар мен докторанттарға, оқытушылар мен ғалымдарға, философия және рухани мәдениетпен айналысушы мамандар мен жалпы оқырман қауымға арналған.

ӘОЖ 1/14 (03) КБЖ 87я2 ISBN – 978-601-304-004-2 © Лантар Трейд, 2021

(3)

3 ОҚЫРМАН НАЗАРЫНА

Энциклопедияда мақалалар әліпби тәртібімен орналасқан. Ұғым- терминдер атауын қою бояулы бас әріптермен берілді. Бір мағынадағы ұғымдардың қатар қолданылып жүрген бірнеше атаулары болса, алдымен ғылымда қолданылып жүрген негізгі атауы берілді де, екінші атауы жанына курсив әріптермен жазылды. Мыс., ТАБУ, тыйым салу. Энциклопедияда қамтылған ұғым-терминнің аты, нақты бір мақаланың ішінде аталса, ол курсивпен терілді. Энциклопедияда жиі қайталаналатын сөздерге қысқарту жүйесі қолданылды. Энциклопедияда мақала атауы сол мақаланың ішінде қайталанған сайын тек басқы әріптермен берілді. Мыс., Мәдениет – М., Мәдениеттен – М-тен, Шешендік өнер – Ш.ө.

НЕГІЗГІ ҚЫСҚАРТУЛАР

археол. – археологиялық мемл. – мемлекеттік архит. – архитектуралық мыс. – мысалы

әдеб. – әдебиеттер нем. – немісше

әлеум. – әлеуметтік парс. – парсыша

б.з. – біздің заманымыздың проф. – профессор б.з.д. – біздің заманымызға дейінгі псих. – психологиялық

грек. – грекше т. б. – тағы басқа

ғ. – ғасыр ун-т – университет

ғыл. – ғылыми филол. – филологиялық

ж. – жылы филос. – философиялық

ин-т – институт франц. – французша

исп. – испанша ф-т – факультет

корр.-мүшесі – корроспондент-мүшесі Шығ. – Шығармалар

лат. – латынша эстетик. –эстетикалық

(4)

Философиялық энциклопедиялық сөздік

АЛҒЫ СӨЗ

«Философиялық энциклопедия» деп аталатын бұл кітаптың мақсаты – еліміздің 30 жыл тәуелсіз кезеңі тарихында көпэтносты Қазақстан қоғамындағы ұлттық мемлекеттіліктің негізі болып табылатын ұлттық рухани мәдениетте қалыптасқан философиялық үдеріс пен дәстүрді кешенді зерттеу арқылы, әдіснамалық талаптарға сай энциклопедияны дайындау.

Ұлттық философия – халықтың дәстүрлі дүниетанымын, тарихи- мәдени және эстетика-этикалық ұстанымын, тілі мен ділін, болмыс-бітімін айғақтап, әлемдік өркенниеттегі орнын айқындайтын рухани құндылық- тардың мәйегі. Әбу Насыр әл-Фараби мен Махмұт Қашқари, Ахмет Иасауи мен Абай Құнанбайұлы сияқты даналар шыққан ұлы дала ұрпақтарының мәдениеті – тұтас бір өркениет жемісі ретінде бұрын арнайы қарас- тырылмайтын. Тек қана еліміз тәуелсіздік алған соңғы отыз жылда ғана Қазақ елінің философиялық мұрасына арнайы назар аударыла бастады.

Қазіргі тарихи кезеңдегі Қазақстанның тәуелсіздігі философия ғылымына жаңаша қарауға мүмкіндік береді. Қазақ халқының рухани қайта өркендеуі өзінің шынайы тарихын пайымдау арқылы, төлтума мәде- ниеті пен ұлттық философиясын қайта түлету арқылы жүзеге асыры- лады. Бұл еліміздің қоғамдық-гуманитарлық білім саласына, оның ішінде ұлттық философияға, мәдениеттану және саясаттану ғылымдарына келелі міндеттер жүктейді. Қолға алынып отырған бұл энциклопедияның да ғылыми өзектілігі осында.

Аталмыш ғылыми-танымдық еңбектің Қазақстан халқын біріктіруші ұлттық идеясын пайымдаудағы сипаты көпэтносты халқымыздың ынтымақ- та өмір сүруіне, еліміздегі рухани және әлеуметтік кеңістікті жаңғыртуға өз үлесін қосатындығына сенімдіміз. Жоғарыдағы қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер шешілуі тиіс: әлемдік классикалық және қазіргі заманғы философиялық ойдың негізгі ұғымдарына түсіндірме беру;

гуманитарлық ғылым саласы ретіндегі философия терминдерінің мәнін ашып, жан-жақты түсініктеме беру; қазақтың және басқа этнос өкілдерінің философиялық ұғым-түсініктерін сипаттап, олардың мәндік-мағыналық 4

(5)

Философиялық энциклопедиялық сөздік

негіздерін зерделеуден өткізу; қазіргі және дәстүрлі қазақ қоғамындағы негізгі философиялық ұғымдардың мазмұнын ашу.

Бұл еңбек мемлекеттік тілде жүзеге асырылады. Практикалық жағы- нан алғанда қазақ тіліндегі философия бойынша энциклопедиялардың, сөздіктердің, анықтамалықтардың тапшылығын ескерсек, бұл кітап осы ол- қылықтың орнын толтыра алады деген үміттеміз. Әрине, басқа сөздіктерде философиялық ұғымдарға ұтымды нұсқа берілген сипаттамалар әдебиет- тер тізімінде көрсетілу арқылы қолданылды. Шығарма елімізде қазіргі кезеңдегі отан тарихын ежелгі заманнан тәуелсіздікке дейін және жаңаша тарихты қайта зерделеуден өткізіп жатқан дәуірде қалыптастырылды. Ол ұғымдық түсініктемелер тұрғысынан маңызды ғылыми және философия- лық әдістемелік бағдар ретінде өзіндік қызметін атқарады деген ойдамыз.

Энциклопедия философия саласындағы зерттеулердің ғылыми- әдіснамалық мазмұнының артуына ықпалын тигізері сөзсіз. Жұмыстың нәтижелерін философия, мәдениеттану және саясаттану ғылым- дарына арналған кешенді зерттеулерде, пәнаралық жобаларға, жалпы ағартушылық және тәрбиелік бағдарламаларда пайдалануға болады.

Энциклопедияның теориялық және қолданбалы нәтижелерін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің барлық мекемелері қолдана алады. Оқушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар және ғылыми қызметкерлер бұл еңбекті анықтамалық және ғылыми түсіндірме ретінде пайдалана алады. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының қауіпсіздік Кеңесіне, Ұлттық-мәдени орталықтарға, әкімшіліктерге, Үкімет ұйымдарына пайдасын тигізеді деген үміттеміз.

Білім мен ғылымның әртүрлі салаларына қатысты энциклопедиялық сөздіктер мен анықтамалықтарды жариялау жағынан бізбен көршілес Ресейдің анағұрлым алда екені күмән туғызбайды. Ал біздің елімізде бұл бағыттағы жұмыстардың енді ғана қарқын алып келе жатқаны белгілі.

Негізінен мұндай жинақтардың пайда болуына «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы мұрындық болып келді. Гуманитарлық білім салаларына қатысты қазақ тіліндегі осындай еңбектердің зәрулігі байқалады.

Елімізде осы салада жазылған энциклопедиялардың көпшілігі толыққанды ғылыми сипатта емес және қолданбалы тұстары аздау.

Сондықтан осы ғылым салаларының негізгі ұғымдарын тарихи- философиялық зерттеу мәдени-тарихи ахуал мен рухани жағдайды қайта қалпына келтіруге септі- гін тигізіп қана қоймай, оның сабақтарын қазіргі Қазақстандағы қоғамдық ойды дамытуға да пайдалануға болады. Осы себептерге байланысты бұл энциклопедияның күтілетін ғылыми нәтижелері бәсекеге толықтай қабілетті бола алады, сонымен қатар, олар ұлттың ұйысуы мен қоғамның бірігуі үшін қазіргі әлеуметтік саланың модернизациялануы кезеңінде үлкен маңызға ие болары анық.

5

(6)

Философиялық энциклопедиялық сөздік

6

Авторлар философияның дәстүрлі кезеңі мен қазіргі жаһандану процестері үдеген кезеңдегі сабақтастық идеясын терминдерге жеткілікті деңгейде түсіндірмелер беру арқылы айқындайды. Әрбір ұлттың, ұлттық мәдениеттің философиялық салалар бойынша жеткілікті деңгейдегі энциклопедиялық сөздігі болуы керек, ол тек тілдік қорды ғана нығайтып қоймай, сонымен қатар жалпы дүниетанымдық көкжиекті, қазақ тілінің рухани ауқымын да барынша кеңейтеді, сонымен қатар практикалық жағы- нан алғанда қоғамда ұлтаралық қатынастарын жетілдіруге, азаматтардың философиялық мәдениетінің деңгейін көтеруге өз үлесін қосады.

(7)

Философиялық энциклопедиялық сөздік

АБАЙ (Ибраһим) Құнанбаев (29. 7(10.8). 1845, қазіргі Шығыс

А

Қазақстан обл. Абай ауд. Қасқабұлақ жайлауы – 23. 6(6.7). 1904, сонда, Балашақпақ жайлауы, бейіті Жидебайда) – ақын, философ, ағартушы гуманист.

А-дың ұлылығын танытатын өлеңінің бірі – «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес». Осы өлеңнің бастапқы тармағындағы сөздердің мәнісіне үңілсек, табиғат сөзін қалыпты мағынада алып, аспан мен жер, күн мен айды айтып отырған сияқты. Олардың өмірі адам өмірінен ұзақ екені талассыз. Ескі филос. еңбектерде табиғат өлсе де, адам өлмейді деп, осы екеуін біріне- бірін қарама-қарсы қою кездеседі. Мыс., Сократ адамды табиғатқа қарсы қойып, әділдік, ізгілік секілді адамның жақсы қасиеттерін зерттеу қажет те, ал табиғатты зерттеу деген көңіл бөлуге тұрмайды деп санаған. Табиғат өзгереді, құриды, мәңгі өзгермейтін жаратушы бір Алла ғана деген ұғым бар. Жақсы адамның өзі өлсе де, жаны өлмейді деген пікірді философтар да айтқан.

А. әлемге көзқарасы қалыптасқан, өзіндік филос. түйіндері бар ғұлама.

Ақынның рухани, даналық мұрасы – терең мағыналы филос. идеяларға толы. Ол күллі Шығыста филос-ның негізгі мәні болып табылатын «жетілген адамды» өзекті және басты проблема етіп қарастырып, соған айрықша көңіл бөлді. Адамгершілік туралы ілімді дамыта отырып, адамды адамгершілік, кісілік тұрғысынан жетілдіру принциптерін, ұлттық эстетика мәселелерін алға тартты. Адамның шексіз танымдық мүмкіндіктері жөнінде, білім мен ғылымның әлеум. рөлі туралы, адамтану мәселелерін көтерді.

Даналықтың өлшемі бола білген философ-ақынның рухани мұрасы шын мәнісінде, қазақ халқының зерделі ойы мен өмірі тұрғысындағы энциклопедия секілді. А-ды танып, белсенді игере отырып, сол кездегі қазақ қоғамының экон., саяси, құқықтық, отбасылық, мәдени-тарихи, моральдық хал-жайынан айқын да толық мағлұматтар алуға болады.

«Әрбір ғалым-хакім емес, әрбір хакім-ғалым», «Адаспай тура із- деген хакімдер болмаса дүние ойран болар еді» – деген пікір ғұламаның филос.

көзқарасы. Жалпы, А-дың философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері. А- дың қара сөздері (Ғақлия) – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын А-дың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. А. өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп, көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық

7

(8)

Философиялық энциклопедиялық сөздік

сананы ұштастырады. А-дың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды.

А-ға дейінгі қазақ ақындары мен жырауларының дүниетанымдық айшықтарына көркем филос. тән. А-дың шығармашылық келбетін, дүниеге деген көзқарасын айқындаған үш қайнар көз туралы сонау отызыншы жыл- дардың өзінде-ақ М.О. Әуезов «Абай Құнанбаев қазақ халқының ұлы ақы- ны» атты еңбегінде белгілі бір жүйелі пікір қалыптастырғаны белгілі. Ол

«Ұлттық және бүкіладамзаттық мәдениеттің үш түрлі мол арнасы данышпан ақынның творчестволық ісіне азық болды. А. қазақ елiнiң ұлттық рухы мен менталитетiн, оның көкейтестi арманы мен данагөй ойларын абыздық көрегендiкпен өлеңмен өрнектеудi қазақ эпосынан үйренді. Сондай-ақ А- дың жүйелі ойларының үлкен бiр арнасын қалыптастыруына Шығыстың рухани қазынасының да ықпал-әсерiнiң аз болмағандығы сөзсiз. Өйткенi, ол күллi араб пен парсының батырлық жырларын, Шығыстың атағы жер жүзiне мәшhүр классик ақындарын, ат-Табари, Рабғузи, Рашид-әд-Дин, Захиреддин Бабыр, Әбiлғазы Баhадур ханның тарихи еңбектерiн, сондай-ақ логика ғылымының негiздерi мен мұсылмандық құқ, Шығыстың шариғат қағидаларын ұғындырар ғұламаларының еңбектерiн жетiк меңгергендi. Сол еңбектердi түпнұсқасында оқитын жан-жақты бiлiмдар, ғұлама бoлaтынды.

Барлық Шығыс ойшылдары секiлдi ақынның «Адам бол!» дейтiн үндеуден өрiс алатын, оның бүкiл творчествосының өзегiне айналған, адамды адамгершiлiк тұрғысынан жетiлдiруге, сол арқылы қоғамды сындарлы кейiпке жеткiзуге ниет ететiн ақындық негiзгi мұрат бұл тұрғыда оның ежелгi алып ой өкiлдерiмен рухани туыстығына куәлiк бередi.

A. aдaмгepшiлік идеясын өмiр бойы ту қылып көтерiп өткен. Ол азаматты шыққан тегi, атқарып жүрген қызмет-мансабы, атақ-даңқы мен дәулетiне қарай емес, оның жан дүниесiне, өз елiне, халқына көрсетер қызметіне қарай құрметтеуге үндейдi. Fылым, философия, бiлiм, тарих, әдебиет пен өнер барлық мүмкiншiлiктерiн жұмсай отырып, мемлекетке ықпал етуге, ондағы адамдардың адамгершiлiк тұрғысынан жетiлуiне көмектесуге тиiс деп бiлдi қазақ данасы. Оның философиялық-этикалық концепциясының, жалпы дүниетаным жүйесiнiң негiзгi мәнi, мiне, осында.

А. – қазақ философиясы мен әдебиетiнiң классигi ретiнде қазақтың күллi рухани өмiрiнiң тұтастығының тұғырнамасы, барша шығармаларында бүкiл адамзаттық мұрат пен арман-мүдделердi жыр еткен бiр ұлттың әлемдiк деңгейдегi терең ойлы асқақ философ-ақыны. Ол өзiнiң бүкiл творчестволық қажыр-қайратын адамгершiлiктің биiк мақсаттарын, нағыз кiсiлiктiң, салауатты халық болудың жолдарын iздеуге және оларды iске асыруға, сөйтiп, тұлғаның адамгершiлiк тұрғысынан биiктерге көтерiлуiн насихаттай отырып, ол өмiр мен өлiм туралы кең мағыналы қорытындылар 8

(9)

Философиялық энциклопедиялық сөздік

жасайды. Соның арқасында ол тек бiр халықтың данышпан философ- ойшылы ғана болмай, бүкiл әлемдік мәдениеттiң көрнектi өкiлiне айналды.

АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ “ТОЛЫҚ АДАМ” ІЛІМІ

Абай - ұлы философ, ойшыл. Оның дүниетанымдық және философиялық ой- толғаныстарында өте көптеген мәселелерге көңіл бөлінген. Абайдың осы ой- толғаулары мен философиялық ізденістерінде адам мәселесі орталық орын алады.

Абай адам мәселесін жан-жақты философиялық, биологиялық, психологиялық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан қарастырады. Абайдың бүкіл философиясының квинтэссенциясы, негізгі принципі ретінде “Адам бол!” деген ой тұжырымын алуға болады. Абай өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тәжірбиесін, поэзия мен прозасын, бүкіл ой-толғанысы мен философиясын адам бойында кісілік пен адамгершілікті, білімділік пен парасаттылықты, әділеттілік пен қайратты, елдің қамын, бүкіл адамзат қамын ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын Азамат адамды тәрбиелеуге жұмсады. Абайдың пікірі бойынша адамгершілік нормалары мен принциптерін күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп есептеуге болады, сондықтан: “Адам болам десеңіз, оған қайғы жесеңіз... Бес нәрседен қашық бол. (Бес дұшпан - Өсек, Өтірік, Мақтаншақ, Еріншек, Бекер мал шашпақ) Бес нәрсеге асық бол (Бес асыл іс – Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рақым)”. Адам үшін оның өміріне мән беріп тұрған негізгі нәрсе - өз бойындағы адамилықты жоймау, бүкіл өмір бойында адамға лайықты өмір сүру. Осы дүниеге адам болып келгендіктен, осы дүниеден де адам болып кету керек. Адамның адамдық қасиетін өмір сүру барысында жоғалтып алмау бұл да адамның ең алдымен өз алдында, басқа адамдар алдындағы жауапкершілігі, ол адам тарапынан белгілі бір ерік-жігерді, қайратты қажет етеді.

Абай философиясының негізгі ерекшелігі ең алдымен адама мәселесін философияның негізгі мәселесі ретінде алып қалыптастырады. Абу Хайян ат- Таухиди айтқандай адам адам үшін мәселеге айналды. Бұл, әрине Абай философиясына антропологиялық сипат береді, бірақ Абайдың философиялық антопологиясының өзіндік сипаты бар, ерекше философиялық ілім, жүйе болып табылады. Абай үшін адамды жаратқан Құдай болғандықтан, адамның бойындағы адамдық табиғатпен емес, Аллаға деген сеніммен, махаббатпен анықталады.

Сондықтан Абайдың философиялық антропологиясы Құдайдан адамға өтеді.

Абайдың философиялық антропологиясының келесі өзіндік ерекшелігі дүниежүзілік философияда, әсіресе Шығыс философиясында кең тараған “әмбебап адам”, “жан-жақты жетілген адам” ілімінің көптеген нұсқаларының ішінде (герметизм мен гностицизмдегі Антропос, Каббаладағы Адам Кадмон, маздаизм мен зоростризмдегі Гейомарт, Ежелгі Үндінің діни философиясындағы Пуруша, Ежелгі Қытай философиясындағы шэн жэнь, соның ішіндегі Конфуцийдің әлеуметтік идеал болып табылатын цзюнь-цзы, арабтілдік мұсылман Шығыс философиясындағы әл-инсан әл-кәмил және ортаазиялық жәуанмәртілік ілімдер) өзіндік орны бар. Абай адам мен кісі мәселесін жан-жақты, ауқымды қарастыру арқылы, өзінің кісілік философиясы арқылы жан-жақты жетілген “толық адам”

тұжырымын негіздеді. “Толық адам” ілімі тұрғысынан Абайдың өзінің қаншама

“толық”, жан-жақты жетілген адам екендігіне тағы да көзіміз жетеді. Абайдың пікірінше Аллағы тән негізгі сегіз қасиет бар: тіршілік, ғылым, күш, көру, есту,

(10)

Философиялық энциклопедиялық сөздік

тілек тілеу, сөз, бар болу. Осы қаситеттер адамға да тән бірақ олар Алланың бойындағыдай жетілмеген. Егер бұл қасиеттер адамда да жетілген күйінде болса, онда Алла мен адамның арасында айрмашылық болмас еді.

Абайдың пікірінше жәуанмәрт, яғни жан-жақты жетілген толық адамға үш негізгі қасиет: шындық, ізгілік, даналық тән болуы керек. Шындықты Абай әділеттілік, ізгілікті қайырымдылық, мейірімділік деп, ал даналықты ғылымның бір аты деп түсіндіреді. Әділеттілік – жақсылықтың анасы, ар-ұждан да әділеттілікке негізделеді. Ешуақытта әділеттілік сезімдеріңді жоғалтпай, жақсылық жасаудан шаршамандар деп үйретеді ұлы ойшыл, себебі әділетсіз иман да, адамгершілік те болуы емес. Ғылым мен даналық та адам бойында жақсылық пен адалдық қаситеттердің болуын үйретеді, яғни қайырымдылық қасиеттерін тәрбиелейді.

Абай бұл қасиет барлық адамдардың бойында бар деп айтады. Бірақ аз төмен дәрежеде, сондықтан әрбір адамның парызы, яғни толық адам болу үшін осы қасиеттерді жетілдіру қажет және де оларды өз бойында сақтап, тек қана игі, жақсы істерге жұмсалу керек.

Пенде мәселесіне келетін болсақ, ол Абайдың айтуынша өз басында еркі жоқ, барлығына тәуелді – байқұс. Пенденің бүкіл өмір болмысы жан сақтауға бағытталған, оның алдына қойған тілек, мақсаты – мал табу, тамақ пен киім, мансап пен атақ. Пенде жеке басының қамы үшін, жан сақтау үшін арын сатуға дейін барады. Аяқтап келгенде пенденің өмірлік мақсаты – мал табу, тамақ пен жан сақтау үшін арын сатуға дейін барады. Пенденің өмірлік мақсаты - өзінің қара басының қамы ғана. 38-сөзінде Абай айтқандай, пенденің “толық адам” болуына Алла ерік берген. Бірақ, адам әруақытта да Алланың берген еркін дұрыс пайдалана алмаған, көп жағдайда пендешілік жасап, шайтанның торына түсіп отырған. Абай

“мұңлы шайтан құдайдың қуған жаны, - деп шайтан дүниетанымына зер салған.

Абайдың данышпандылығы, ұлылығы, көрегендігі, оның сол кездегі көтерген мәселелердің бүгінгі күн үшін де өзекті, өзінің маңыздылығын жоймағандығынан да көруге болады. Абайдың философиялық ой-толғаныстары тек оған дейін өмір сүрген Батыс және Шығыс философтарының ойымен сабақтасып қана жатқан жоқ.

Абай өзінің көптеген өлеңдері мен “қара сөздерінде” пендеге тән әдепсіздік, әділетсіздік, надандық, арсыздық, пара және пәлеқорлық, мақтаншақтық, менмендік, арамдық және т.б. теріс қасиеттері туралы жиіркенішпен, ренішпен айтса, жан-жақты жетілген толық адамға тән адамгершілік, ізгілік, шыншылдық, білімділік, әдептілік пен әділеттілік, қайраттылық пен төзімділік, имандылық сияқты көптеген қасиеттеріне жан-жақты талдау жасап, адамның өз бойында осы қасиеттерді бар мүмкіндігінше жетілдіру қажеттігін айтады. Абайтың “толық адам” ілімі – адам, адамилық, адамгершілік принциптеріне негізделген. Абайдың осы мәселені өзінің терең мағыналы философиялық жүйесінің орталық, өзекті мәселе ретінде алуы оның өз халқының бойында адамилықты дамыту, тәрбиелеу, адамның өмірінің соңына дейін өзінің адамдық қалпын сақтай алуы, бір сөзбен айтқанда “адам болуын” тілеген ой-толғанысының, жүрек қобалжуының нәтижесі деп қарау керек. Байтенова Н.Ж.

АБСОЛЮТ (лат. absolutus – сөзсіз) – еркін, «мұқтажсыз», толық, өзге ешнәрсеге тәуелді емес, дара, тіршілік атаулының бәрін өз бойында қамтып,

(11)

Философиялық энциклопедиялық сөздік

сақтайтын және әлемнің жалпы негізі болып табылатын, мәңгі, шексіз, кәміл жетілдірілген және өзгермейтін болмыстың толықтығын белгілейтін философиялық категория. А. барлық жаратылыстың шығармашылық бастамасы және субъект пен объектінің үйлесімді тұтастығы ретінде түсін- діріледі. А. – объективті, мәңгі, шексіз, өзіне-өзі жеткілікті болатын, бір- тұтас жаратылыс және кез-келген салыстырмалылыққа әрі шартты тірші- лікке қарама-қарсы құбылыс. А. – дүниенің басы мен аяғы. А. терминін философиялық айналымға ХVІІІ ғ. соңында М. Мендельсон мен Ф. Якоби Б. Спинозаның табиғатты (тұлғасыз Құдайды) пантеистік түсіндіруіне ба- лама ретінде енгізген. Содан кейін Шеллинг пен Гегельдің философия- лық жүйелері арқылы А. «біртұтас», «апейрон», «нус», «логос», «дао»,

«барлық», «субстанция», «жалпыға бірдей субстрат», «өлшеусіз», «тануға болмайтын», «түпсіз болмыс», «кәміл», «максимум» және «минимум»

сияқты барынша жалпы ұғымдарды жинақтап қорытындылайтын кате- горияға айналды. Көне заманғы «пратхи», «ци», «брахма», «бос кеңістік»,

«реттілік», «морфа» және т. б. идеялар мағынасы жағынан А. ұғымына жақын. Гегель философиясында дүниелік парасат (абс. рух) А. рөлін атқарады; Шопенгауэр философиясында – ерік, Бергсон ілімінде – түйсік, Франк ілімінде – «игерілмейтін», Тейяр де Шарденде – ақылмен қол жеткі- зілетін «Альфа» мен «Омега» тұтастығы нүктесі, метафизикалық орталық, қайнар көз және түпкі мақсат. Олар А. ұғымының шексіз кәмілдігінен оның өзгермейтіндігі және өзіне-өзі тепе-тең болатындығы туралы түсінікті өрбітеді. Интуицияны бірінші орынға қоятын философтар А-ті образдық білім, ұғым және таңба формасында игеру мүмкін емес, бірақ тікелей біздің ар-ұжданда, интуицияда, наным-сенімде болатын құбылыс ретінде онымен нақты күй кешуге болады деп есептейді.

АБСОЛЮТТІ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ АҚИҚАТ – таным үдері- сінің даму өрісін сипаттайтын таным теориясының категориясы. Жалпы ақи- қаттың классикалық теориясы бойынша, ақиқатқа мынандай ұстанымдар тән:

1) шындық білімге тәуелді болмайды; 2) адам ойы мен шындық арасында түбегейлі сәйкестік орнатуға болады; 3) ой мен шындық сәйкестігін анықтау өлшемі бар; 4) сәйкес келу теориясының өзі логикалық тұрғыда қайшы келмейді. Ақиқаттың өзі объективті, нақты процесс. Осыдан келіп ақиқаттың абсолюттілігі мен салыстырмалылығы келіп туындайды. А. ж. с.

а. ұғымы таным жүйесін белгілі бір уақыт пен кеңістікте болып

9

(12)

Философиялық энциклопедиялық сөздік

отыратын тарихи жағдаймен байланысты үдеріс ретінде түсіндіріледі. Ол:

1) бұдан бұрын танылған және ғылым дамуының бұдан былайғы үдерісінде танылатын заттар мен құбылыстар арасындағы; 2) ғылымның бұдан кейінгі дамуы барысында біздің біліміміздің құрамында өзгеруі, дәлелденуі, теріске шығарылуы мүмкін білім мен теріске шығарылмаған күйінде қалатын білім арасындағы арақатынастарды ашып көрсетеді.

АБСОЛЮТТІК ИДЕАЛИЗМ – идеализмнің негізгі түрлерінің бірі.

Рухтың алғашқылығын және материяның одан кейінгілігін, туындылығын мойындай отырып А.и. субъективті идеализм сияқты дүниедегі барлық нәрселердің негізі жеке, адамдық сана деп емес, қайдағы бір объективті о дүниелік сана – «абсолютті рух», «дүниежүзілік парасат» және т.с. деп біледі. Ойды материалдық заттармен салыстырғанда алғашқы деп қарас- тырып, А.и. олардың арасындағы шын мәніндегі байланыстарды түсіндіруде метафизикалық танымға келіп соғады. Мысалы, Платон жалпы ғылымдар- ды «идеялар дүниесінде» мәңгі өмір сүреді, ал материалдық заттар осы идеялардың солғын көлеңкесі деп есептеген. Гегельдің «абсолютті рухы», шын мәнінде, материядан бөлек алынған, оған қарама қарсы қойылған, абсолюттендірілген ұғымнан басқа ештеңе де емес. А.и. дәл ұғына білудің кейбір жақтарын абсолюттендірумен қатар «парасатсыз жетілгендікті» де бастапқы негіз ретінде мойындайды (Шопенгауэр, Э. Гартман). Қазіргі заманғы Батыс философиясында А. и. персонализм және басқа да мектептер түрінде көрінеді. А.и. әдетте теологиямен бірігіп кетеді де, діннің өзіндік бағыт алған философиялық негізі болып кетеді.

Әдебиет: Философиялық энциклопедиялық сөздік. – М., 1983.

АБСТРАКТІЛІК ПЕН НАҚТЫЛЫҚ – Гегель бұл терминдерді бір- біріне әрі қарама-қарсы, әрі ажырамас бірлікте қараған. Оның пайымдауын- ша абстрактілік те, нақтылық та, ең алдымен, болмыста болатын қасиет және соған байланысты ойлау жүйесіне де тән ұғым. Гегельдің пайымдауынша, нақтылық сан алуандықтың бірлігі, тұтастығы. Оның мағынасы: әрбір жеке зат, процесс, құбылыс – тұтас нәрсе, олардың әрқайсысы көптеген қасиет- тердің, белгілердің, қатынастардың іштей байланысқан бірлігі, оқшаулан- ған түйіні. Тұтастық не бірлік кездейсоқ, бір-біріне селқос нәрселердің жиынтығы емес, бірінен-бірі туындайтын нәрселердің бірлігі. Осындай табиғаты бір, бірақ әр түрлі құбылыстардың дербес тұтастығын нақтылық дейміз. Мысалы, Жер басқа аспан денелерінен біршама дербес, нақты тұтастық, адамдар қоғамы, ондағы әрбір халық, мемлекет т. б. дүниелерден қаншалықты тәуелсіз, дербес болса да, олар сол шеңберде өзіндік іштей байланысқа құрылған. Үлкен тұтастық ішінде олар қанша түрге бөлінсе де, жалпы табиғаты бір. Яғни, Н. тұтастықтан бөліп алған жеке қасиет бола 10

(13)

Философиялық энциклопедиялық сөздік

алмайды, себебі ол іштей дербестікке ие емес, сондықтан да басқа дүние- мен өз дербестігі негізінде қатынас жасай алмайды. А. осындай дербес тұтастықтың ажырамас бір жағы, қасиеті, белгісі т. б. Бұл сондықтан да қарапайымдылық, жетілмегендік, сыңаржақтылық ұғымдарымен барабар.

Бірақ өмірдің өзінде А. құбылыстар, формалар, қатынастар болады. Өмір- дің өзіндегі осындай жалған көріністер адамға А. қайсы, Н. қайсы екенін ажыратқыза бермейді. Алдамшы көріністермен адастырып бағады. Эмпири- калық логиканың (Локк, т. б.) А. п. Н. туралы тұжырымы тап осы өмірдегі жалған көріністің көшірмесі. Олар да құбылыстарға тән бір ортақ қасиетті бөліп алып, олардың барлығының шын табиғаты осы деп түсіндіреді. Бұл адасушылықтың әлеуметтік негізі бар. Сондықтан да оны жөніне келтіру өте қиын. Төңкерілген дүниенің төңкерілген санасын орнына келтіру үшін дүниенің өзін аяғына тұрғызу қажет. Бірақ оны түсіну үшін бұл міндетті емес.

Әдебиет: Философиялық сөздік. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996.

АБСТРАКЦИОНИЗМ (лат. abstractіo – дерексіздік, бөлініс, оқшаулық) – қазіргі заман өнеріндегі қоршаған ортаны бейнелеуде нақты заттарды ескермейтін ағым. Абстракті өнер шындықты тікелей көрсетпейтіндіктен, оны кейде «затсыздандырылған» деп айтады. Ол үшін бейнеленетін нәр- селердің көркемдік бітімдері (кеңістіктегі формалары, аумағы, бояуы т. б.) маңызды емес, бірінші орынға суреткер – тұлғаның субъектілік көңіл- күйі шығады. А. 1910 ж. Мюнхенде, Амстердамда, Мәскеуде шамамен бір уақытта қалыптасты да, 1930 ж. Париж бен Нью-Йоркте кеңінен өрістеді.

А-нің эстетик. бағдарламасын 1910 ж. В. Кандинский «Өнердегі руханилық туралы» еңбегінде айқындап берді. А. екі бағытта дамыды: оқыс бояулар мен кескіндердің қиюласуын үйлесімді етуге ұмтылу және геометриялық абстракцияларды құрастыру. Біріншісі экспрессионизм және фовизм тәрізді ағымдармен түбірлес болып, түсті заттық шындықтан толық ажырат- қысы келді. Осы бағытта Оп-Арт деп аталатын, бояудың қиюластығын елестететін музыкалық және басқа да ассоциациялардан туатын синесте- зия идеясына негізделген ағым пайда болды. Бұл түрдегі А-нің кубизммен ортақ шыққан тегі бір болғанымен, одан айырмашылықтары да болды. А- нің осы бағытының тармақтары бірнеше: М. Ларионовтың сәулешілдігі, К.

Малевичтің супрематизмі, Л. Попованың стиль тобы 1917 ж. Голландия- да жаңа пластицизм идеясын ұсынды: геометриялық бітімдердің анықты- лығы, айқындылығы және қарапайымдылығы табиғат ретсіздігінен жоғары тұрады. А-нің кейбір көріністері дадаизм мен сюрреализм өкілдерінің кейбір шығармаларынан байқалды.

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет фило- софиясы. – Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007.

11

(14)

Философиялық энциклопедиялық сөздік

АБСТРАКЦИЯ (лат. abstractіo – ойша бағамдау) – шынайылықтың бейнесін ойша бағамдау және толтыру арқылы құрастыру. Ойша бағамдау арқылы заттың немесе құбылыстың қарапайым жобасын жасайды, ал толтыру арқылы оны күрделендіріп, түрлі нобайына алаңдамай, танымдық мәні бар ғылыми таңбаға айналдырады. Абай бұл сөзді ой суреті деп аударған.

АБСУРД (лат. absurdus – жалған естілетін, үйлесімсіз) – мәнсіздік, қайшылықты ой. Орта ғасырларда логикалық категория ретінде қол- данылған. А. Камюдің шығармаш.-нда философиялық мәнге ие болды.

Француз ойшылы өзінің «Сизиф туралы миф» деген шығармасында:

«Мағынасыздық адамзат өркениетінің тағдыры, осыны түсінген тұлға тағдырын жеңіп шығады» дейді. Бұл ой бағыты белгілі дәстүрге айналып, ХХ ғ-дың 2-жартысында С. Беккет, Э. Ионеско есімдерімен әйгіленген А.

драмасын тудырады

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Т. 12. – Астана: Аударма, 2007.

АБЫРОЙ – адамның рухани сапасын, құндылықтық тұғырын анық- тайтын, оның әлеуметтік ортаға және қоғамның жеке адамға моральдық қатынасын бейнелейтін этикалық категория. А. жеке тұлғаның өзінің өзіне деген талғампаздығы мен талапкерлігі негізделетін, өзіндік сананың бақылау формасы. А. ар-ұжданнан бастау алып, адамның қоғам алдындағы өз борышы мен жауапкершілігін саналы түрде түсінуінің бір тәсілі. Жеке адамды құрмет тұтып қадірлеу, сыйлау, оның құқығын, ерік-бостандығын мойындау және т. б. талаптардан тұратын жеке тұлғаның А-ы оған деген қоршаған әлеуметтік орта мен жалпы қоғамдық-әлеуметтік қатынас арқылы көрініс табады және сол арқылы реттеліп отырады, яғни қоғамның адамға және адамның қоғамға деген қатынасын білдіреді. А. адамның қоғамдық бітім-болмысын, бейнесін, беделін танытады. Бұл жағдайда А. жеке тұлғаның әлеуметтік және моральдық бостандығының маңызды жағы болып табылады. А. адамға ғана тән сапалық қасиет. А. адамның бойына туа бітетін немесе біреуден сыйға алатын нәрсе емес. Сондықтан А. жүре қалыптасатын моральдық процесс және адамның саналы ғұмырынан бас- тап өмірінің соңына дейін созылатын шексіз үдеріс.

АВАНГАРДИЗМ, авангардшылдық (франц. avant gardіsme – ал- ғы шептегілер) – қалыптасқан қағидалар мен дәстүрден, өмір бірқалып- тылығынан алшақтай отырып, көркем мәдениетті жаңғыртпақ болған мәдени ағым. А. ХІХ ғ-дың аяғы мен ХХ ғ-дың 60–70 жылдарында өрістеді.

Ол модернизмнің тым әсіреленген бағыты ретінде қалыптасты. А-нің 12

(15)

Философиялық энциклопедиялық сөздік

басты мәнісі – мәдени мирасқорлықтың маңызын кемітіп, «мәңгі құн- дылықтар» деген ұғымды қайта қарау. А-нің пайда болуына философияда постклассикалық ағымның (Шопенгауэр, Ницше, Бергсон, Хайдеггер, Сартр, т. б.) ықпал етуі; психологияда – фрейдизм мен психоанализдің қалыптасуы, лингвистиканың мәдениеттанулық деңгейде көрінуі; еуропа- орталықтық принциптен бас тартып, шығыстық мәдениеттерге, дінге назар аудару; теософия, антропософия, жаңа эзотериялық ілімдердің жандануы үлкен әсерін тигізді. А. ұғым-терминін өнертануда алғашқы рет қолданысқа енгізген француз көркем өнер сыншысы Т. Дюре болды. А. өкілдері өнерді өмірден айырып қарап, оның әлеум. маңызын жоққа шығарды, өнердің ерекше эстет. табиғатын әсіреледі. Реализмді теріске шығарғандардың барлығы өздерін «авангардшылар» қатарындамыз деп есептеді, тарихи- мәдени маңыздылығы бойынша А-нің екі бағытын айыруға болады:

ғаламдық және шағын аумақты. Соңғылары өздерінің жеке ізденістері мен тәжірибелері арқылы жалпы А-нің ықпалын күшейтті. А. өнердің әр саласында өзінше көрініс тапты: театрда реалистік декорация абстракті конструкциямен алмастырылды, қойылымның шарттылығына, еркіндігіне ерекше назар аударды (Б. Брехт, Вс. Мейрхольд, Е. Вахтангов т. б.); әдебиетте (А. Бехер, П. Элюар, М. Пруст, Ф. Кафка, Э. Ионеско т. б.) жаңа рәміздік- шарттылық тәсілдер кеңінен қолданылды; бейнелеу өнерінде (П. Пикассо, М. Шагал, С. Дали, Маттисс т. б.) абстракшылдықтың, дадаизмнің, сюрреализмнің, конструктивизмнің т. б. тәсілдері алдыңғы қатарға шықты;

музыкада, әсіресе, таспаға жазып алып алу және электронды синтезатордың пайда болуы оны 20 ғ. ырғақтарына сәйкестендірді; сәулет өнеріндегі А.

стиліндегі ғимараттар адамзат қиялының нәтижесі ретінде көрініс тапты.

Ғасыр басында А. бағыты қаншама әділ сынға ұшырағанымен, өзінің мәдени құндылығын жоғалтпады.

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Мәдениет филосо- фиясы. Т. 19. – Астана: Аударма, 2006; Қазақ халқының философиялық мұрасы. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Т. 12. – Астана: Аударма, 2007.

АВЕСТА – ежелгі Орталық Азияда, Иранда және оған көршілес аймақ- тарда кең таралған зорастризмнің (әулие Зәрдештің ілімі – б.з.д. VI ғ.) қа- сиетті жазбалар жинағы. «Авеста тілі» деп аталатын көне тілде б.з.д. III ғ-да хатқа түсірілген. Сасани әулеті заманында (III–VII ғ.ғ.) А. 21 кітаптан құралған. Ғалымдардың сараптауы бойынша, біздің заманымызға соның төрттен бірі ғана жетті. А-ның діни-философиялық мазмұны өзінің әсіре дуализмімен айқындалады. Ол бойынша, әлемде екі күш – жақсылық пен жамандық бір-бірімен толассыз күресте болады. Бұл қағиданың терең мәдени маңызы бар: жақсылық пен жамандықтың арасын ашу өркениетті дамудың түбегейлі мақсатына жатады. Адам зороастризмде еркін таңдау

13

(16)

Философиялық энциклопедиялық сөздік

құқығына ие: ол жақсылықтың немесе зұлымдықтың жағында бола алады.

Түбінде ізгілердің саны көбейіп, жақсылық бастауы жеңіске жетеді. А. тек діни мінәжаттар мен уағыздардан тұрмайды, оны Шығыс мәдениетінің әмбебапты жәдігерлігі деп қарастырған жөн. А. бойынша барлық жан иелері тұтас әлеммен үзеңгілес, үндес дамып отырады. Жаны бар барлық құрылымдар тек мағыналы болып табылады. Бұл бүкіл адамзатты құрметтеуге жол ашады. Сондықтан, зороастризмнің құнды идеяларының әлем мәдениетіне қосқан үлесі жоғары. А. исламдық мәдениетке, әсіресе, сопылық ағымға үлкен әсерін тигізді. Көптеген ғалымдар (М. Бойс, В.

Бартолд, А. Бернштам, Ә. Марғұлан т. б.) Зәрдеш ілімін қалыптастыруға Орталық Азияны мекендеген сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпаларының қатысқандығын атап өтеді. Зороастризм қазақтың дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуына да зор ықпалын тигізген (барлық Иран-Түркі халықтарына ортақ Наурыз мейрамы, от және сумен тазарту, аластау дәстүрлері, қалың- дықтың отқа май құюы т. б.) А. сарындары мен желілері ежелгі түркі эпостарымен үндесіп отырады. Ғалымдар А. ықпалы Оғызнамадан, Қорқыт Ата кітабынан, Ахмет Иүгінеки, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Ясауи, Асан Қайғы, Бұқар жырау шығарм.-нан байқалатындығын дәлелдейді.

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Ежелгі көшпелілер дүниетанымы. Т. 1. – Астана: Аударма, 2005; Ислам. Энциклопедиялық сөздік.

/ құр. Б. Аяған. – Алматы: Аруна, 2009.

АВТОРИТАРИЗМ (лат. аuctoritas – билік, ықпал ету) – бір немесе бірнеше адамның шексіз билігіне негізделген кейбір ерекше демократия- лық емес режимдердің сипаттамасы. А. билеген қоғамда экономикалық, азаматтық, рухани бостандықтар сақталса да, толық мөлшерде дамымайды.

Бұл терминді неомарксизмнің Франкфурт мектебінің өкілдері енгізген.

Олардың ойынша А. сипаттары саяси мәдениетке де, бұқаралық санаға да тән. Мұндай саяси нұсқада ерікті сайлаулар өткізілмей, тек мемлекеттік құрылымдар ғана билік етеді, яғни, нағыз демократиялық сипаттар мүлде жоқ. Көбінесе мұндай құрылымдарда белгілі жеке тұлғаның шексіз диктатурасы орнатылады. Бұлардың қатарына теократиялық режимдерді де жатқызуға болады. Мұндай жағдайда саяси билік діни басшылықтың қолында шоғырланады.

АГНОСТИЦИЗМ (грек. agnostos – біліп болмайтын, белгісіз) – болмысты тану, дербес ақиқатқа жету мүмкін емес дейтін тұжырымға негізделген философиялық ілім. А. танымды жоққа шығармайды. А. таным туралы емес, оның мүмкіндігін анықтайтын, нақты дүниеге қатысы туралы ғылым саласы. Дүниені неге біліп, тануға болмайды? Себебі біз оны тек адами түрде ғана сезінеміз, уақыт пен кеңістік арқылы ғана танимыз.

14

(17)

Философиялық энциклопедиялық сөздік

Демек, біздің танымымыз шектеулі. Тек бар нәрсені ғана білуге болады. Жоқ нәрсені білу мүмкін емес. Оған тек сенуге ғана болады. Міне, бұдан философия мен діннің айырмашылығы шығады. А. таза филос. ұғым. Егер дін көзге көрінбейтін нәрсені бар десе, философия бар нәрсенің өзін танып, білу мүмкіндігіне күмәнданады. А. ұғымын ХІХ ғ-дың діни сайыстарында ғылыми көзқарасты айқындаушы ретінде 1869 ж. Т. Гексли енгізген. А-нің қайнар көздері – скептицизм, Зенонның апориялары, Д. Юм ілімі, И.

Канттың антиномиялары. А-нің өкілдері танып, білу құбылысының шынайы қиыншылықтары: мәңгі өзгерістегі тіршілікті толық ұғынудың беймүмкіндігін, оның нақты адамдардың сезімі мен санасында өзгеше түрленуін түсінген. А. ілімі қазір көп қолданылмаса да, өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 18. Таным теориясы. – Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы, 2007; Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. – С. 16–17.

АДАЛДЫҚ – адамның ішкі рухани болмысының мазмұндық құры- лымын анықтайтын этикалық ұғым, адамгершіліктің маңызды талап- тарының бірін белгілейтін моральдық категория. А. – адал – араб тілінің

«рұқсат етілген», «таза» деген мағынаны беретін сөзінен келіп қалыптасқан сипаттық мазмұнды бейнелейтін аксиологиялық ұғым. А. шыншылдық, әділдік, принциптілік, кісілік, адамгершілік, қанағаттық, ынсапшылдық, айтқан уәдесінде тұрушылық, мойнына алған істен жалтармаушылық, тазалық сияқты моральдық сапаларды қамтиды. А. – өзін жасанды қы- лықпен, қорқақтықпен, өтірікпен «ластамаған», турашыл және батыл, дос- тықты қадірлейтін адамды сипаттайтын ұғым. Оған ие адам – өз жақын- дарын әрі басқа таныс және бейтаныс адамдарды құрметтейтін кісі. Діни философияда, оның ішінде, исламдық этикада А. ұғымына өте зор мән беріліп, биік маңызға ие болады. Ол – адамның пенделік тіршілігінде өзі- не рұқсат етілген іс-әрекет ауқымын, пайдаланатын азық-түлік, басқа да қажеттіліктер шеңберін анықтайтын рухани кеңістік.

Қазақ даласы өркениетіндегі А. ұғымының этик. қуатын «Ақиқатқа хақ тұрған – адалдықтың белгісі», «Ала ойлаған алысқа бармайды»,

«А-тан ауған ер бір кеселге жолығар» (Балпық би), «Арам – өзін ойлайды, адал – өзгесін ойлайды. Халықтың таңдауы – өзгесінің қамын жейтіннің жағында» (Әйтеке би), «Адал болсаң жұртыңа, ағалыққа жарарсың» – деген ұстанымдардан байқаймыз. Демек, А. – өмірдің барлық жағдайларында адамның өз уәдесіне және қалыптасқан адамгершілік нормаларға сәйкес әрекет жасау жөніндегі парасаттылық талап. А. – ұлық мінез. Қазыбек биге сүйенсек, «А-ты әрқашан жасырмаған елміз, адал ниетті ақтай білген елміз». «Адал адамның аты арып, тоны тозбас» дейтін тұжырым жасайды

15

Referensi

Dokumen terkait

Маемерова Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Алматы, Астрофизический институт имени В.Г.Фесенкова, Алматы, e-mail: [email protected], e-mail:

Чукубаев Казахский национальный университет имени Аль-Фараби, Алматы, Казахстан E-mail: [email protected]; [email protected]; [email protected] Региональное