М.Б.Шындалиева
Филология ғылымдарының докторы, профессор
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан
Қазақстандағы БАҚ-ты тарату әдіс-тәсілдері
Тарату стратегиясы оның мақсаты мен басты жетістігін анықтауды білдіреді. Бұл мақсат баршаға түсінікті – басылым таралымын толықтай сатуды жүзеге асыру. Соның нәтижесі ретінде – бәсекелестермен күрес кезіндегі барынша тұрақтылық үшін мақсатты аудиторияның кӛп бӛлігін қамтуда газет немесе журналдың үлесі артады, қорытындысында – редакцияға түсетін пайда да ӛседі. Таралымды табысты таратудың стратегиясын жасау кӛбіне мерзімді басылымды нарыққа шығару жоспарына байланысты. Ең алдымен ол дұрыс жүргізілген нарықты маркетингтік зерттеуге, басылымның аудиториялық базасын анықтауға сүйенеді. Таралу аймағы мен мақсатты аудиторияны таңдау, басылымды орналастыру арқылы таралымды тұрақтандыру мен сатуға қажетті ақпараттар алынады. Тарату стратегиясы редакцияның баға саясатына, басылымға жазылуда және бӛлшек сауда бағасының құнын анықтауға байланысты. Соның ішінде тұтынушы ақпарат қажет басылымның нарыққа шығуының оңтайлы уақытын анықтауды қамтиды.
Қазақстанда БАҚ-ты таратудың негізгі тӛрт жолын пайдаланады, олар:
жазылу арқылы, бӛлшек сауда, кӛтерме сауда және басылымды тегін жеткізіп беру тәсілі. Қазіргі қалыптасқан жағдайға сәйкес заманауи техникалық құралдарды пайдалану арқылы оның жаңа әдістері де пайда болуда. Бұл әдістердің әрқайсысы ӛзіндік ерекшеліктерге, артықшылықтар мен кемшіліктерге ие. Жазылу әдісін әлемнің кӛптеген елдерінің басылымдары пайдаланады. Қазақстанда ол біраз уақытқа дейін басылымды таратудың негізгі әдісі ретінде қолданылып келді. Жазылу арқылы таратудың бірқатар артықшылықтары бар. Оқырманға да жазылған уақыты біткенге дейін басылымды үйіне әкеліп тұрады және бір рет жазылғанға ақша тӛлегені үшін ол осы жыл ішіндегі ӛзге де шығындардан құтылады. Редакцияға тиімді жағы ол бір мезетте жазылушыдан қомақты қаржы алады. Жазылу оған таралымды сатудан түскен ақшаның кӛп және нақты бӛлігін құрайды. Соған сәйкес, кӛбірек жазылушыларды тартып, ӛз болашағын қамтамасыз етуге ұмтылады.
Редакция оқырмандарын біраз уақыттық мерзімге жазатындықтан, оның бәсекелестерінің билігі жүрмей қалады. Кезекті жазылу кампаниясын аяқтағаннан кейін, редакция ӛзінің болашақ жазылушыларының белсенділік қарқынын азайтпауы тиіс. Оқырмандардың соңғы сәтте жазылуы мүмкін деген идея оны таратушылардың жұмысын бір сәт болсын әлсіретпейді.
Жазылу процесі ешқашан аяқталмайды. Шағын аудитория мен аз ғана таралымға ие кейбір басылымдар тек жазылу арқылы ғана таралады.
Олардың қатарына, арнайы мамандандырылған техникалық және ғылыми журналдар, шағын техникалық және ӛндірістік аудиторияға бағытталған
анықтамалық және ақпараттық бюллетеньдер, ӛзге ұлт тілдерінде шығатын газет-журналдар жатады. Жазылудың ӛзге әдістердің алдындағы ең маңызды ерекшелігі оны ӛзгелерден жоғары қоятыны сӛзсіз. Жазылушыларға жеткізуді пошта бӛлімшелері барлық аймақтарда, ауылдар мен қалаларда орналасқан пошта байланысы атқарады. Кеңестік кезеңде поштаны тасымалдаушы газет немесе журналды кез келген елді-мекенге, тіпті шағын ауылдарға немесе жалғыз үйлік фермаға да жеткізе алатын еді. Қазір бұл жүйе бұзылған, басылымдар кешігіп жетеді. Себебі, ауылды жерлерде пошта аптасына екі-үш күнде ғана таратылады. Қазіргі уақытта жазылу нарығында бірнеше бәсекелес мекеме қызмет атқаруда, олардың ішінде монополиялық жағдайға ие болып отырғаны «Қазпочта», «Союзпечать» және жазылу мен бӛлшек сауда агенттіктер бар. Соңғысы жазылуды пошта арқылы жүзеге асырады.
1990 жылдардың басында оқырманға жазылу арқылы тартудың бірнеше әдістері мен тәсілдері ойластырылып, жүзеге асырылды. Мысалы, үйреншікті жазылуға қарағанда, кейбір күнделікті шығатын газетті редакция арқылы жеңілдікпен жазылу әдісін ұсынды, яғни белгілі бір уақытқа дейін жағдайы тӛмен оқырмандар соғыс ардагерлері, мүгедектер, зейнеткерлерге арнап бағаны тӛмендетті. Ауылды жерлердегі оқырмандардың санын арттыру үшін ауылдық жерлер мен шағын қалалардың редакцияларында да осындай жеңілдіктер ұйымдастырылды. Соған орай қалаған адамдар ӛздерінің жергілікті газеттері мен астаналық басылымды қатар жазылып алатын болды.
«Астана ақшамы», «Вечерний Астана» газетінің редакциясы басқа жолды таңдады. Олар бизнесмендер мен кәсіпкерлерді кәсіпорындар мен мекемелерге қолма-қол ақша емес, банк арқылы тӛлем жасау арқылы жазылуға үгіттеп ойларынан шыға бастады. «Алаш айнасы», «Айқын» және т.б. басылымдар редакциялары жағдайы тӛмен оқырмандарға арнап таңдау мүмкіндігін беріп отырады, күнделікті газетке жазылу немесе демалыс күндері шығатын, кӛп бетпен жарық кӛретін нӛмірді кӛбірек сатуға күш жұмсайды. Жоғарыдағыға қарағанда жәрдеммен жазылудың да маңызы зор болды. Редакциялар оқырмандарды тарту үшін түрлі конкурстар мен лотереяларға қатысып сыйлық ұтып алуға жағдай жасады. Ұйымдастырылған бәйгеге ӛздерінің қаржылық жағдайын ескеріп, түрлі сыйлықтар дайындайды. Тура осындай бәйгені ұйымдастырған басылымдар оқырмандары автокӛлік, жаңа электронды техника, Кипр немесе Түркияның түрлі демалыс орындарына тегін жолдамаға, тіпті пәтерге дейін құнды сыйлықтарды ұтып алып жатты. Тура осындай қызықты ұсыныстарымен
«Заман Қазақстан» газеті таралымын арттырды. Ал кейбір айтулы мейрамдарға орайластырып шығарылатын басылымдар жас отау құрғандарға жеңілдікпен жазылуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жобаға қатысқан барлық оқырмандарға арнайы жеңілдік картасын беріп, олар арнайы бағамен дүңгіршіктерден ӛз газеттерін сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл жобаны билік орындары да құптады. Әрине, жергілікті немесе аймақтық басылымның редакциясы ӛзге іс-шараларды қолданады. Жазылушылар арасында ұйымдастырылған конкурстар мен лотереяларда тегін жазылу құқығын
немесе естелік сыйлықтармен шектеледі. Жәрдеммен жазылуды арттыру бірталай қосымша шығындарды қажет етеді. Ол үшін қажет қаржыны редакция әдетте, ӛзінің кіріс кӛздерін пайдалана отырып бӛледі.
«Қазпочта» немесе ӛзге де баламалы мекемелер бұл орайда редакция үшін тиімсіз. Алайда, басылымды редакциядан басылымды тарату үшін оның жазылу бағасына конверт немесе нӛмірдің ӛзге де қаптамасының бағасын, пошта қызметтерін және поштаға жеткізу қаржысын қосу керек. Сонымен қатар, газет немесе журналдың қораптарын салып дайындау, редакция қызметкерлерін негізгі жұмысынан алаңдатады. Редакциядан оқырманға тарату үшін арнайы маман жалдауға тура келеді. Редакциядан оқырманға тікелей тарату тиімсіз болғандықтан, бұл әдіс ӛте сирек қолданылады.
Алайда, кейбір ірі басылымдардың редакциясы басылымды мақсатты таратуды пайдаланады. Олар поштамен мемлекеттік немесе қоғамдық тұлғаларға, депутаттар мен Президент әкімшілігінің қызметкерлеріне газет- журнал нӛмірлерін жіберіп, басылымның кезекті санындағы ақпараттың тез таралуы мен жетуіне жағдай жасайды.
Кейбір мерзімді басылымдардың таралымының кӛп бӛлігі немесе толықтай бӛлшек саудамен сатылады. Бұл әдетте, енді ғана шыға бастаған жаңа журналдар мен газеттерге қатысты. Олар танымал болмағандықтан, жазылып сатуға үміткер бола алмайды. Бірнеше ай бӛлшек саудадан кейін олар жазылу кампаниясы туралы хабарлайды. Бӛлшек саудаға жұқа – иллюстрациялық, сатиралық бұқаралық журналдар тез бейімделеді.
Сонымен қатар, бӛлшек саудада иллюстарциясы бай, әйелдер мен жастарға арналған – «Тұмар», «Жұлдыздар отбасы», «Шәмші», «Мұқағали» және т.б.
журналдар сатылады. Бӛлшек сауда кешкі басылымдар мен демалыс күні шығатын газеттердің таралуының негізгі әдісі болды. Тек қана бӛлшек саудадан бірқатар жарнама және іскерлік газет-журналдарын «Из рук в руки», «Инфо-Цес» және т.б. сатып алуға болады. Арнайы мамандандырылған, белгілі бір іс-шараға – кӛрменің, тұсаукесердің ашылуына, фестивальдің басталуына және т.б. арналған бір реттік газеттер тек бӛлшек саудамен сатылады.
Мерзімді басылымдар нарығында бӛлшек сауданың түрлі әдістері мен тәсілдері қолданылады. Олардың ішінде кең тарағаны газет және журналдарды дүңгіршектерде сату. Қазіргі уақытта дүңгіршектердің ең кең тараған желісіне «Казпочта» ие болып отыр. «Казпочта», «Союзпечать»,
«Алты алаш» және ӛзгелері Астана мен Алматыдан тыс жерлерде де шықты.
Ал, қалғандары ӛз басылымын таратуды белгілі қалаларда ұйымдастырып, ӛз дүңгіршектерін аша бастады. Дүңгіршектердің жалға алуының жоғары құнына қарамастан, бұл желілер тез дамып, қарқынмен ӛсті. Осылай, қазіргі уақытта Қазақстан қалаларында 100-ден астам дүңгіршік, «Казпочта» 100 дүңгіршікке ие болып отыр.
«Заман Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Ана тілі» газеттері қазақ тілді оқырманы бар, яғни қазақ диаспорасы ӛмір сүретін аймақтарда, алыс-жақын шетелдердің нарығына кіруге талпыныс жасауда. Түрлі себептермен шетелге қоныс аударған миллиондаған қандастарымыздың,
қазақ азаматтарының Отанымен байланысын сақтауда бұл газеттердің маңызы зор. Олар ӛздері тұрған және таныстары мен туыстары қалған елдің тыныс-тіршілігіне қызығушылық танытып отырады. Олар қоныстанған кейбір елдерде, мысалы, Ресейде, Ӛзбекстанда, Қытайда, Моңғолияда, Түркменстан, Түркияда бұл қажеттілікті қазақ тіліндегі радиохабарлар мен жергілікті қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары, Қазақстаннан келетін газет-журналдар арқылы шешуге тырысады.
«ҚАЗақпарат» ұлттық компаниясы 2011 жылдан бастап ӛз хабарларын тӛте жазумен (араб қарпімен) де тарата бастады. Бұл қазақтілді ақпараттың ӛрісін кеңейтуге айтулы үлес қосатын үлкен жаңалық. Негізінде,
«ҚАЗақпарат» агенттігі 2004 жылдың кӛктемінен бері қазақша хабарларды латын қарпімен тарата бастаған болатын. Түркия мен Еуропада тұратын қандастарымыздың Қазақстан жаңалықтарынан сол мезетте хабардар болып отыруын кӛздеген агенттік шеттегі қазақтардың кӛңілінен шыққан. Бұл жаңалықтарды Қытайдағы бір жарым миллиондай қазақ жұртының іздейтіні атажұрт, Қазақстан жаңалықтары боп келеді екен. Қытайда кӛп қазақша интернет тораптары жұмыс істейді. Олардың беттерінде қазақстандық –
«ҚАЗақпарат», «Егемен Қазақстан» сияқты бірқатар ақпарат құралдары мен басылымдарының ғаламторлық сайттарының мекен-жайлары да кӛрсетілген, оларды сол жақтан ашып оқи беруге болады. Осылайша «ҚАЗақпарат»
қазіргі кезде әлем қазақтары қолданып отырған үш әліпбимен бірдей хабар тарататын, күллі алаш жұртының оқырманына Қазақстан жаңалықтарын жеткізіп отыратын бірегей агенттікке айналып отыр. Бүгінде «ҚАЗақпарат»
агенттігі - қазақша үш әліпби нұсқасында, орысша, ағылшынша әлемге интернет арқылы хабар таратып отырған еліміздегі бірден бір электрондық бұқаралық ақпарат құралы. Мәселен, 2-3 күн кӛлемінде сайтты қарайтын қытайлық қазақ ағайынның саны 6000-нан асып үлгерген. «ҚАЗақпарат»
күнделікті 100-120, кейде одан да артық кӛлемде ақпарат дайындайды. Бірақ тӛте жазу нұсқасына шеттегі бауырларға керекті деген 40-қа жуық ақпарат салынады. Соған қарамастан, ондағы оқырманның қалың ортасы күн сайын қауырт кӛбейіп отыр.
Әлеуметтанушылар зерттегендей, Астанада жарнама басылымдары таралымы 500 000 данадан асқан кезде ғана пайда әкеле бастайды екен. Ал ӛзге қалаларда таралым данасы тӛменірек болуы мүмкін. Тегін таратылатын астаналық ірі жарнама газеттерінің қатарына «Недвижимость Астана»
таралымы үш миллион дана, Қарағандыдан шығатын «Газета бесплатных обьявлений» газеті, Астанадан шығатын ақпараттық-жарнамалық басылым
«Курьер» бір миллион данадан асатын және жалпы таралымы бес миллион дананы құрайтын «Gbo.kz info» басылымдары жатады. «Строй-К»
ақпараттық-жарнамалық журнал, «Бизнес-Регион Казахстан», «Добрые советы», «Бизнес курьер», «Караван-класс», «Рек-тайм Алматы», «Плюс»
тағы басқа кӛп данамен таралатын жарнамалық басылымдары бар екен.