ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӚШІ-ҚОН ҤРДІСІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІ Замерова А.И.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті Ғылыми жетекші: аға оқытушы Сейдеш Б.Б.
Кӛші-қон процесі бҥгінгі таңда біздің еліміз де ғана емес, әлемдік деңгейдегі ӛзекті мәселелердің бірі және бірегейі болып қалып отырғанын атап ӛткен жӛн. Бҧған біздің мемлекет тарапынан да ерекше кӛңіл бӛлініп отырғандығы мәлім.
Қазір кӛші-қонның онға жуық тҥрі бар.2 Солардың ішінде, азаматтық алу мақсатындағы кӛші-қон сияқты кӛңілге кҥмән келтіретіндері де кездеседі. Осыдан біз әртҥрлі мақсатпен Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндердің бәрін қҧшағымызды ашып, қабылдай беруіміз керек пе деген ой туындайтынын жасыра алмаймыз? Оған қоса, миссионерлік кӛші-қон деген ҧғымда қалыптаса бастады.3 Шетелден келген тҥрлі миссионерлік ҧйымдардың дінімізді бҧзып, ҧлттық бірлігімізге, мемлекеттік тҧтастығымызға зиянын тигізе бастағаны да дәл қазіргі қоғамда ӛзекті мәселелердің бірі болып қалып отырғаны да шындық. Міне, осындай қыры-сыры кҥрделі кӛші-қон процестерің ішіндегі бізге ең керегі - тарихи отанына оралу мақсатындағы кӛш, яғни этникалық қазақтар кӛші. Қазақстан Республикасының экономикасы дамып, бҥкіл әлем мойындаған іргелі мемлекет болуына оралмандар кӛші ҥлкен ҥлес қосты.
Қазақстан – дҥние жҥзіндегі қандастарын атажҧртына жинап жатқан әлемдегі ҥш мемлекеттің бірі. Ресей мен Израильде бҧл мәселе дҧрыс шешілген. Бҧдан басқа да мемлекеттердің отандастарын кӛшіріп алу тәжірибелері ҥлгі аларлықтай. Мәселен, Францияны ӛткен ғасырдың 60-шы жылдары басқарған Шарль де Голль отарлаған мемлекеттерінде қалып қойған 6 миллион французды ҥш жылдың ішінде кӛшіріп алу бағдарламасын жасатқаны әлемге аян. 4 Бҧл істі жҥзеге асыру ҥшін 1 беттік қана Заң шығару жеткілікті болыпты. Соған сәйкес кӛші-қон ҥрдісі бойынша озық тәжірибелі елдерден ҥлгі
31
ала, әрі қазақ жҧртының менталитетін есепке ала отырып Қазақстан Республикасындағы
«Кӛші-қон туралы» заңнамасын жетілдіруді қажет етеді.
Және бҧл мәселелерді тек оралмандардың ғана мәселесі деп қарамай, жалпы қазақтың мәселесі деп қарастырған жӛн. Оралмандар кӛші еліміз ҥшін болашақта да ӛте қажет.
Республикамыздың жер кӛлемі кең болғанымен де, халық саны онымен салыстырғанда әлдеқайда аз – 15 миллионнан енді ғана асты. Сол себепті, Қазақстан халқының санын кӛбейтіп, демографиялық жағдайымызды жақсарту бірінші орында қолға алынуда.
Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бастап Елбасының тікелей қолға алуымен сырт жерлердегі қандастарымызды елге тартуға ерекше кӛңіл бӛлініп, біршама жҧмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде, қазіргі кезде жыл сайын кӛші-қон ҥрдісіне қатысты квоталар, жеңілдіктер, ақшалай кӛмектер жасалып, жаңадан ―Нҧрлы кӛш‖ бағдарламасы қабылданды. Алайда, бҧл салада тез арада бір жҥйеге тҥсіріп, реттейтін мәселелер де аз емес.
Кӛші-қон ҥрдісінде соңғы кездері ерекше дау-дамай туындатып отырған мәселелердің бірі – оралман деген атау. Кейбіреулері осындай атау ӛте орынды деп есептейді. Дегенмен, Қазақстанға бірнеше жыл бҧрын кӛшіп келгендер де ӛздерін оралманбыз деп есептеп, тҥрлі кӛмек, жеңілдіктерді талап етеді. Бірақ, оралман деген атау шетелден келген қазақтарға ӛмір бойы беріліп, жеңілдіктерді пайдалану керек деген сӛз емес.
Сонымен қоса кӛші-қон ҥрдісіндегі мәселелердің басым кӛпшілігі ҧйымдастыру жҧмыстарының тӛмендігінен туындауда. Мысалы, сырт жерлердегі ағайындардың атажҧртқа келуін жеңілдету ҥшін, ең алдымен, олармен алдын ала байланыс жасап, қҧжаттарын дайындап, шекарадан ӛтуінен бастап, тҧрақты тҧратын жеріне дейінгі бҥкіл жолын реттеп, ҥйлестіріп отыру керек. Германия, Израиль сияқты елдер мҧндай жҧмыстарды мемлекеттік органдар арқылы бір орталықтан басқарып, тарихи отанына ораламын деушілерді алдын ала тізімдеп, нақты тәртіп-ережелер бойынша кезекке қойып, қай жерге орналасатынын анықтап, қоныс аударуға содан кейін ғана рҧқсат береді. Соңғы кезде Ресей ҥкіметі де шетелдегі отан-дастарын елге тартуда осындай тәртіптерді қолдана бастады.5
Ӛкінішке қарай, кӛші-қонның дайындық жҧмыстары әлі кҥнге жҥйелі жҥргізілмей келеді. Бізде, кӛбіне, ӛзі әкеліп қҧжат тапсырғандарды, сенімхат арқылы біреуден қҧжаттарын беріп жіберген адамдар жӛнінде ғана мәліметтер алынып, тіркеледі. Қазіргі кезде оралманның бір отбасына орташа есеппен бір миллион теңге кӛлемінде қаржы беріледі.
Кейін ақшалай жәрдемақы алған оралмандардың қайда екенін, не істеп жҥргенін ешкім білмейді және білу мҥмкін де емес. Себебі, қҧжат әкелген адамның бар-жоғын немесе қандай мақсатпен келгендігі жӛнінде ақпарат алынбайды. Бҧлар Кӛші-қон комитетінің об- лыстық департаменттерінің ӛз жҧмыстарын атқарудағы немқҧрайлығы және кӛші-қон ҥрдңсін реттейтін заңдық жҥйедегі талаптардың, ҧсынылған тексерістердің нашарлығы.
Кейбір деректерге қарағанда, оралман атағын алуын алып, Қазақстан тӛлқҧжатын алмаған адамдардың саны 35 мыңдай. Ал сонда олардың тӛлқҧжат алудан қашуының себебі неде?!.
Себебі тҥсінікті – олар азаматтыққа қҧжат ӛткізгенде Қазақстанда тҧрақтап қалуды емес, тек әртҥрлі жолдармен квотаға кіріп, ақша табуды ғана ойлаған. Ақшаны алған соң Қазақстанның тӛлқҧжаты қажет емес, енді олар қайтып кетуді ойластырып жҥр немесе әлдеқашан кетіп те қалған.
Ал неше тҥрлі жалған қҧжатпен квотаға ілігіп ақша алып жҥргендер бҧдан әлдеқайда кӛп болса керек. Квота алған бойда іс-тҥссіз жоғалып кететіндер де жалған оралмандар. Осындай алдауды жҥзеге асырудың бірнеше тәсілдерін атап айтуға болады.
Мысалы: жоқ адамдарды жасанды қҧжаттармен квотаға қосу, оралмандардың балаларының санын ӛтірік кӛбейту сияқты жағдайлар жиі кездеседі. Немесе Қазақстанға келмеген адамның паспортына шекарадан ӛтті деген жалған штамп басылады. Тҧрақты тіркеу де осылай жалған жолмен шешіледі. Әлде бҧрынғы квота алған адамның шетелдік паспортының бір- екі әрпін ӛзгертіп, квотаға қайтадан кіреді.
32
Бҧндай мәселе кӛтерілсе квотаға енгізуді арнайы комиссия шешеді деп айтылып жатады. Бірақ, ол комиссияның әрбір оралманды кӛзбе-кӛз санап, тексеріп отыра алмайтыны белгілі. Олар, негізінен, тҥскен қҧжаттармен жҧмыс істейді. Ал қҧжаттардың шын, не жалған екенін ажырату оңай емес.
Осыған орай, ―Халықтың кӛші-қоны туралы‖ жаңа заңның жобасы жасалып, талқы- лаудан ӛтуде.6 Бҧл заң жобасының әлемнің 29 еліндегі қалыптасып отырған тәжірибелер негізінде даярланғанын аталып ӛтті. Оған ЕҚЫҦ-ның халықаралық еңбекті ҧйымдастыру ҧйымы, кӛші-қон бойынша Еуропа және халықаралық ҧйымдардың кеңесшілері мен сарапшылары кеңес беріп, ӛздерінің ҧсыныс, пікірлерін қосқан. Солардың бірі Германияда- ғы Гамбург әлеуметтік институты атынан қатысқан доктор Норберт Сайрустың айтуына қарағанда, бҧл заң жобасындағы кӛші-қон мәселесін әлеуметтік жағдаймен байланыста қарастыру ӛз тиімділігін бермек. Норберт Сайрус: «жобадағы елде келуге берілетін рҧқсат тҥрлері қандай, оларды қалай иеленуге болатыны жеткілікті дәйектелмеген, сонымен қатар, ол шетелдіктер ҥшін «иммигрант» сӛзі елге туристік сапармен келген адамдарды шатастырып, қолайсыздықтар тудыруы мҥмкін»- дейді. Және оның ойынша, заң жобасында кӛрініс тапқан этникалық қазақтар мәселесінің оның негізгі мақсатымен қабыспай тҧрғандығы. Ал, этникалық қазақтар кӛші-қоны біздің елеміздің басты мақсаттарының бірі болу керек. Олардың келуіне қолайлы жағдай жасау, одан бҧрын оралмандардың қандай мақсатпен келгендігін, олар жайлы нақты анық мәлімет беретін жҥйе қалыптастыру керек.
Ӛйткені квотаға қызығушылық, оларға жасалған жеңілдіктерді пайдаланып, Қазақстанда азаматтық алмай кері қайтып кетіп жатқан, т.б. мәселелердің кӛптеп кездесіп жатқандығы жайлы айтып ӛткенмін.
Осы мәселелерді болдырмау, алдын алу ҥшін тарихи отанына оралатын қазақтар жӛнінде бӛлек заң жасалып, бҧл заңға жобасына кӛші-қон ҥрдісінен жақсы реттеген
Германия, Израиль секілді елдердің озық ҥлгілерін, соның ішінде оралмандар жӛнінде толық мәлімет алатын, оларға жақсы, қолайлы жағдаймен қатар адал анықтайтын қатаң талаптар да қолдану керек. Себебі, осы елдерде кӛші-қон қабылдау талаптары әлдеқайда қиынырақ.
Мысалы, неміс тҥбіріне иммиграциялану ҥшін міндетті тҥрде ресей немістері отбасында туылу керек және мҥмкіндігінше неміс салт-дәстҥрі мен тілін білу шарт. Консульстваларда тілдік эмтихан тапсырған уақытында салт-дәстҥрді білуіне қатты назар аударылады.
Мысалы, балалар неміс ӛлеңдерін, санамақтарын, мәтелдерін білу. Сонымен қатар сӛйлеу акцентіне қарайды, бҧл жерде классикалық неміс тілі талап етіледі. Ал, Израильда елге оралушы еврей алдымен сол елдің консулымен кездесуде болады, яғни ол адам жӛнінде зерттеліп, анықталады. Бҧл тәжірибелер жалған қҧжат, отбасы жӛніндегі жалған мәлімет беру т.б. жағдайлардың болмауына ықпал етуші еді. Сӛзімді қорытындылай келе, кӛші-қон ҥрдісінде кездесетін кемшіліктер мен мәселелерді болдырмауға алдымен ықпал ететін мынандай салаларды қатаң тәртіппен қарастырған жӛн. Оларға: мемлекеттік тіркеудегі механизм және сенімхат арқылы қҧжаттар тапсырып, оралман атағын алушыларға қатысты шаралар. Себебі, мемлекеттен бӛлінген квотаға қызығып немесе астарлы басқа пиғылмен елмізге келушілердің саны жылдан жылға ӛсуде. Мысалы, деректер сҥйенсек, елімізде тәуелсіздік алған жылдан бері 300 000-ға жуық адам жалған қҧжатпен оралман атағын алған екен. Олар әсіресе, Моңғолия, Қытай, Ӛзбекстан елдерінен келушілер. Бҧл елдерде бізге тапсырылған қҧжатқа сәйкес адамдардың мҥлдем тҧрмайтындығы, тіпті, басқа адамның қҧжаттары тапсырылғандығы немесе осындай адамдардың барлық жеңілдіктерді пайланып, мысалғы, зейнетақы, жәрдемақыларды иемденіп алып, ӛз елдеріне қайтып кетіп жатқандығы жайлы анықталып отыр. Ал, осы адамдарға бӛлінген квота, ақшалай кӛмек, басқа да
жеңілдіктер сонда босқа кеткені ме? Бҧндай жағдайлар елімізге қанша шығын және
еліміздің қауіпсіздігіне қауіп тӛндіреді, себебі, осындай жеңіл талаптармен неше тҥрлі саяси мақсатты кӛздегендерге де жеңіл, ашық
33
жол. Сондықтан, бҧндай жәйттерді болдырмау, еліміздің басты назарында болу қажет.
Оған біріншіден, заңдық жҥйедегі талаптарды қатаңырақ ету маңызды. Сенімхат арқылы қҧжат тапсырушыларға қатысты, қҧжатта кім жайлы дерек берілгенімен қоса, сол қҧжатты тапсырушы адам жӛнінде де толық мәлімет алыну қажет, ӛйткені жалған қҧжат екендігі анықталған жағдайда, тапсырған адамнан сҧраныс жҥргізу ҥшін керек. Әрине, ӛз қандастарымызды елімізге тартып, жинау қажет, алайда ҧсынылған жақсылықтарды басқа мҥддеге пайдаланылып жатқан жағдайларды кездестірмеу ҥшін заңдық жҥйеде неғҧрлым қатаң талаптар қойып, тексеріс жҥргізу керек деп есептеймін. Сонда ғана еліміздегі кӛші-қон ҥрдісі алға жылжиды.
Әдебиеттер:
1. А. В. Дмитриев Миграция. Конфликтное измерение, Ставроп. гос. унт 1996. - Ч. 1 - 154 б
2. ҚР «Кӛші-қон туралы заңы»
3. Авксентьев В. А. Этническая конфликтология, АЛЬФА-М Грачева, 2007. - 416 б. А.
4. www.egemen.kz http://www.inform.kz