ӚОЖ 339.564(574)
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРУДАҒЫ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ
Кемелов Біржан Қҧрманғалиҧлы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университетінің студенті, Астана қ.
Жетекшісі-э.ғ.д. Сҧрағанова С.К.
Кӛптеген жылдар бойы Қазақстанның сыртқы саудасы 2005-2009 жылдар аралығында тиісінше 45,2-ден 71,6 миллиард АҚШ долларына дейін 1,6 есе ҧлғая отырып, елдің экономикалық ӛсуінің негізгі локомотивтерінің бірі болып табылды. Әлемдік тауар рынок-тарындағы қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктура елдің шешуші экономикалық кӛрсеткіштерінің кӛ терілуін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан экономикасына қаржы ресурстарының тҧрақты қҧйылып тҧруына жағдай жасады. 2005-2009 жылдары ІЖӚ ӛсімі 7,6-дан 15,9 триллион теңгеге жетіп, 109 %-ды, ал ел ІЖӚ -сіндегі сыртқы сауда айналымының ҥ лесі 2005 жылғы 79,1%-дан 2008 жылы 81,7%-ға дейін ӛсіп, тек 2009 жылы ғана 66,5%-ға тӛмендеді.
Экспорттың жалпы қҧрылымына жасалған талдау экспорттың негізгі ҥлесін (2005- 2009 жылдары 70-72 %) шикізат тауарларын шығару қҧ райтынын, ал ӛңделген тауарлар экспорты ҥлесінің 28-30% деңгейінде қалып тҧрғанын кӛрсетті.
Кең ауқымды экономикалық категориялар бойынша классификациялауға сәйкес тауар топтары бойынша экспортқа жасалған қҧрылымдық талдау бҥкіл шикізат экспортының жалпы сомасында 99,92-99,97%-ды қҧрайтын минералды шикізат, мал және ӛсімдік ӛнімдерінің Қазақстанның соңғы бес жылдағы негізгі шикізаттық тауарлық топтарын қҧрайтынын кӛрсетіп берді.
Сыртқы сауда әлемдік экономикалық жҥйедегі тҧрақсыздықтарға айтарлықтай дәрежеде тәуелді болып келеді. 2008-2009 жылдары әлемдік экономика бҧрын-соңды болмаған қаржылық тҧ рақсыздықты бастан ӛ ткеріп, ол жаһандық экономикалық қҧлдыраумен және сауда кӛрсеткіштерінің тҥсіп кетуімен қоса жҥ рді. Әлемдік экономика- дағы дағдарыс қҧбылыстары 2009 жылы Қазақстанның шетелдермен сауда айналымы кӛлемінің тӛмендеуіне әкеліп соқтырды.
Әлемдік қаржы дағдарысының теріс зардаптарына қарсы тҧру мақсатында кӛптеген мемлекеттер дағдарысқа қарсы тҥ рлі шаралар қабылдады. 2009 жылы Қазақстан Ҥкіметі де сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу жӛнінен бірқатар шешімдер қабылдады.
Дағдарыс кӛріністерінің тереңдей тҥ суіне байланысты отандық ӛндірісті соған сәйкесінше қорғауды қамтамасыз ету мақсатында республика Ҥкіметі импорттық кедендік баж салықтарының ставкаларын ҧлғайтты. Мҧндай шаралар ӛ ндірісті ҧ лғайту, бәсекелестікті арттыру, ішкі рынокты қҧ рылыс материалдарымен қамтамасыз ету ҥшін дайын шыны, кабельді-ӛткізгіш ӛнімдеріне т.б. қатысты жҥзеге асырылды. Кедендік баж салықтарының ставкасы ӛ сіріліп қана қойған жоқ, сонымен қатар тӛмендетілген жағдайлар да болды.
280
Мәселен, жеміс-жидек ӛ німдері ӛндірісімен айналысатын кәсіпорындарды жеміс дақылда- рының екпе кӛшеттерімен қамтамасыз ету ҥ шін осындай ағаш кӛшеттеріне, жылыжай жабдықтарына, алюминий қағаздарға кедендік баждарды тӛмендету жолдары қарастырылды. Сол сияқты ел ішінде ӛндірілмейтін шикізат тҥрлері мен оларды жиынтықтаушы ӛнімдерді енгізуге де баж салықтары тӛмендетілді.
Осы айтылғандардың сыртында, әлемдік бағалардың қҧлдырауы жағдайында тауарларды енгізуді және экспорттың рентабельділігін ҧлғайтуды ынталандыру қажеттігіне байланысты экспортқа тҥсетін салықтық жҥ ктемені тӛмендету жӛнінен де шаралар қабыл- данды. Сонымен қатар, экспорттаушыларды сервистік және қаржылық қолдау шеңберінде қазақстандық тауарларды сыртқы рыноктарға шығаруға бағытталған экспортты ынталандыру шаралары да қолданылды.
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден одағы жағдайындағы сыртқы экономикалық қызметті реттейтін бірқатар нормативтік актілер кҥшіне енді. Атап айтқанда, Кеден одағының Бірегей кеден тарифі бекітілді.
Ел Президентінің 2010 жылдың 19 наурызындағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ҥдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ӛңделген экспортты дамыту мен сыртқа шы- ғаруға ықпал жасау жӛніндегі мемлекеттік іс-шараларды жҥзеге асырудың бес жылдық мерзімге арналған негізгі басымдықтары мен механизмдері белгіленді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына сәйкес және мемлекеттік ҥдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жҥзеге асыру мақсатында ӛ ңделген экспортты дамытуға және сыртқа шығаруға ықпал жасауға бағытталған он жылдық мерзімге арналған ―Экспорт-2020‖
бюджеттік бағдарламасы әзірленуде.
Мамандардың пайымдауынша, бҥтіндей алғанда, қолданыстағы қҧқықтық база ӛндірісті әртараптандыру мен экспорт саласындағы мемлекеттік саясаттың бір арнаға тоғысуы мен қажетті белсенділік деңгейін қамтамасыз ете алмайды және мемлекет жариялаған экспортқа бағыттап дамытудың мақсаттарын бейнелей алмайды. Қазіргі бар заңнаманың ынталандырушы немесе қолдаушы сипатынан гӛрі реттеушілік сипаты басымырақ. Осыған байланысты ӛндірістік қызметке, сол сияқты ӛнімдер экспортын дамыту мен сыртқа шығаруға тӛмендегідей кедергілер мен ӛзекті мәселелер теріс әсер ететуде:
- маркетингтік және консалтингтік қызметтердің дамымағандығы, рынок туралы ақпараттардың жоқтығы. Кәсіпорындарда маркетингтік қызметтердің дамымауы, сол сияқты рыноктар іздеу мен ӛнімдерді экспортқа шығару саласында қолжетімді консалтингтік қызметтердің болмауы экспортты дамыту мен ҧлғайту ісінде аса ӛткір мәселе болып тҧр.
Қазақстанда шетелдерде сҧранысқа ие тауарлар мен қызметтер, оларға қойылатын талаптар мен кедендік шаралар туралы ақпараттар жоқ, ал шетелдіктер Қазақстанның экспорттық мҥмкіндіктерінен хабарсыз.
- заемдық қаржылардың қымбаттығы. Қазақстан кәсіпорындары ҥ шін заемдық қҧралдардың қымбаттығы елеулі проблемалардың бірі болып табылады. Екінші деңгейлі банктердің несиелер бойынша сыйақы ставкалары жоғары, ал несие алу шарттары тым қатаң.
Несиені ӛтеу кестесінің аннуитеттік есеп айырысу схемасы бойынша есеп айырысу кезеңінің соңында ӛтеу сомасы кредит сомасына еселеп ӛ сіп кетеді.
- кедендік процедураларды жҥзеге асырудағы кҥрделіліктер, кедендік-тарифтік реттеудің шектеулілігі. Қазіргі кедендік процедуралар мен формальдылықтар шетел мемлекеттерінде қабылданған ортақ нормалардан асып кетеді, сӛйтіп саудаға кедергілер ту- ғызады. ―Doіng Busіness‖ Бҥкіләлемдік банк есебінің соңғы мәліметтері де оны растайды.
Ол бойынша Қазақстанның экспорттық шығындары 89 кҥнді (3005 АҚШ долл.), ал экспорттық операцияларды жасауға қажетті қҧжаттар саны 11-ді қҧ райды. Бҧ л рейтингте Қазақстан зерттелген елдер тізімінде 180-інші орында тҧ р. Ал Бҥкіләлемдік банк әзірлеген Кӛлік Логис-тикасы Индексіне (LPІ) сәйкес Қазақстан 150 елдің тізімінде 133-інші орында.
281
- білікті жҧмысшы кадрлар тапшылығының ӛткірлігі. Кӛптеген қазақстандық компаниялар басқарушы, инженерлік және білікті жҧмысшы кадрларына тапшылық сезінуде. Ол қазақстандық кәсіпорындардың әлемдік стандарттарға жауап беретін бәсекеге қабілетті ӛнімдер шығаруына кедергі келтіріп отыр.
- ӛнімдерді тасымалдау проблемалары. Қазақстанның теңіз порттарынан қашықтығы кӛлік шығындарын айтарлықтай ӛ сіріп жібереді. Оның сыртында экспорттаушылар ҥшін қарапайым және арнайы темір жол вагондарының жетіспеушілігіне, кеден бекеттерінің алыстығы мен ӛткізу қабілеттерінің тӛмендігіне байланысты тҧрып қалу проблемлары да бар. Бҧ л қосымша шығындар туындатады.
- cыртқы рыноктарға шығар кезде қазақстандық компанияларға саяси-дипломатиялық қолдаудың әлсіздігі. Баратын елдердегі елшіліктердің сауда-экономикалық және ғылыми- техникалық қызметтестік жӛніндегі екі жақты ҥкіметаралық комиссиялар шеңберінде экспорттаушыларды қолдау мҥмкіндіктері нашар пайдаланылады. Ал олар елдің сыртқы рыноктардағы экономикалық мҥдделеріне лобби жасаудың қҧ ралы болып табылады.
- ҧйымдар арасында экспортқа қатысты ақпараттарды жҥйелі алмасып отырудың жоқтығы, отандық тауар ӛндірушілерге қолдау кӛ рсетудің мемлекеттік бағдарламалары мен қҧралдары туралы ақпараттардың болмауы, қазақстандық ӛнімдерді экспорттаудағы сыртқы тәуекелдер. Мемлекеттік органдар мен жеке сектордың арасында нақты жолға қойылған ақпараттар алмасудың жоқтығынан ӛңірлерде отандық ӛндірісшілерге қолдау кӛрсету жӛнінен қабылданған және жҥзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен қҧралдар туралы ақпараттар жетімсіздігі орын алған. Оның сыртында экспортты алға бастыру жӛнінен қызметтер кӛрсететін ҧйымдар арасында ҥйлесім мен ӛзара іс-қимылдар жоқ. Кейбір кәсіпорындар белгілі бір елдердегі саяси тҧрақсыздықтарға байланысты шетелдердегі ӛз қызметтерін тоқтатуға мәжбҥр болуда.
- кедендік статистикаларға қолжетімділіктің шектеулілігіне байланысты қазақстандық ӛңделген ӛнімдердің нақты экспортын бағалаудағы қиындықтар. Егжей-тегжейлі ақпараттарға жалпы қолжетімділіктің болмауы салдарынан ӛңделген ӛнімдер экспортының кӛлемі туралы мәліметтер асыра кӛрсетіледі. Қазақстандық кәсіпорындар мен компаниялар ӛз рыноктарына талдау жасаған кезде де ӛз тауарлары атауларының ТН ВЭД-тің 10-ыншы белгісі дәрежесінде толық емес детальдану проблемасына ҧшырасады.
Қазақстандық кәсіпорындардың тауарлар шығаруды, оларды сапамен қамтамасыз етуді, оларға баға белгілеу мен экспортқа шығаруды жҥзеге асыруда жолығысатын проблемалары тҧрақты негіздегі мемлекеттік қолдаудың жҥйелі де, селективті де шараларын қабылдауды талап етеді. Бҧл шаралар қазақстандық ӛңделген ӛнімдерді дамыту мен экс-портқа шығаруға мемлекеттік қолдау жасаудың реттеушілік, қаржылық, консалтингтік және оқыту бағыттарын айқындайды. Егерде жоғарыда аталған мәселелердің шешілу жолдары табылса, онда, Қазақстандық кәсіпорындардың ӛнімдері тек кӛрші елдерге ғана емес, барша дҥние жҥзіне экспортталып, еліміздің экономикасының дамуына зор ҥлесін қосар еді.
Әдебиеттер:
1. Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Экономика туризма: Учебное пособие. – М.:Финансы и статистика. 2000-176с.
2. Шеденов Ӛ. Қызмет кҳрсету аясындағы маркетингтің даму ерекшеліктері: оқу қҧ ралы / Шеденов Ӛ. Қ., Ілиясов Д. Қ., Исагулова Г. Д.
3. Румянцева З.П., Саломатин Н.А., Акбердин Р.З. и др. Менеджмент организации: Учебное пособие. – М.: ИНФРА – М, 1996