А.МУСТАФАЕВА, С.Д. ЖУБАЕВ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ АҚША АЙНАЛЫМЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ақшаның пайда болу тарихын зерттегенде, оның тауар айналысымен байланыстылығын кӛреміз. Тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек ӛнімі. Осы еңбек ӛнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған. Ақша экономикадағы рӛлін ӛзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Осы тұрғыдан алғанда, ақша дегеніміз сатып алу және сату кезінде құн ӛлшемі болып табылатын, тауарларды айырбастау кезінде жалпыға ортақ балама рӛлін атқаратын ерекше тауар болып саналады. [1]
Ақшалар нарықтық экономикада аса маңызды жұмыс істейді, ол ақша нарығы мен бағалы қағаздар нарығының бӛлу және қайта бӛлу функциясын атқарудағы негізгі қаржы құралы. Ақша нарығы - тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алу кезіндегі, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы жүйе. [2]
Ақша функцияларына қарай ақша нарығының негізгі функциясын былайша анықтауға болады:
Тӛлем функциясы – операцияларды жүзеге асыру процесінде оған қатысушылардын арасындағы әр түрлі есеп айырысуларды жүргізуге ықпал ететін нарық;
Коммерциялық несиелерді қамтамасыз ету – ақшалай міндеттемемен, яғни вексельмен ресімделетін тӛлемнің мерзімін ұзарту, шаруашылық жүргізуші суьектілердің коммерциялық тұрғыдан несиеленуіне мүмкіндік береді;
Есеп функциясы және тағы басқа.
Қазақстан Ұлттық Банкі тарапынан жүзеге асырылатын ақша несиелік реттеу обьектісіне, негізінен, ақша массасы жиынтығы жатады.
Ақша массасы - жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекеттік тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және тӛлем құралдарының жиынтығы.
Біздің мемлекетімізде ақша массасы Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізінде анықталады. Оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша, есеп шоттардағы, заңды және жеке тұлғалардың ұлттық ақша
бірлігіндегі және валютадағы депозиттері, мемлекеттік облигациялар жатады. Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық ӛзгерісін талдау үшін әр түрлі кӛрсеткіштер пайдаланылады. Ондай кӛрсеткіштерді ақша агрегаттары дейді.
Қазақстан Республикасының ақша массасының құрлымына келесі ақша агрегаттары кіреді. Олар:
М0 - айналыстағы қолма-қол ақша;
М1 - ӛзіне М0 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің есеп-шоттары мен басқа талап етіп алынатын депозиттерінің, заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығы және халық пен заңды тұлғалардың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді;
М2 - ӛзіне М1 агрегатын, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдарын және шетел валютасындағы аудармалы депозиттерiн біріктіреді;
М3 - ӛзіне М2 агрегатын және мемлекеттік облигацияларын біріктіреді.
Ақша массасының нақты құрамы әр мемлекеттің ӛзіне тән ақша - несие жүйесімен анықталады. Мысалы, АҚШ-та ақша массасын анықтау үшін – тӛрт, Швейцария мен Германияда – үш, Ұлыбританияда – бес ақша агрегаты қолданылды.
Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) статистикалық деректері бойынша ақша - несиелік реттеу обьектісіне, негізінен, ақша массасы жиынтығы жатады.
2012 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша ақша базасы (резервтiк ақша) 3,38 трлн.теңге. Оның ішінде, ҚҰБ-нен тыс қолма – қол ақша 1,48 трлн.теңге, екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) және басқа ұйымдардың ҚҰБ-дегі депозиттері 1,90 трлн.теңге.
Ақша базасы (тар мағынада) 3,16 трлн.теңге. Оның ішінде, ЕДБ-дiң ҚҰБ-дегі резервтiк депозиттерi 1,09 трлн.теңге.
МО (айналыстағы қолма-қол ақша) 1,30 трлн.теңге.
М1 – 3,61 трлн.теңге. Оның ішінде халықтың теңгедегi аудармалы талап етіп алатын депозиттерi 0,26 трлн.теңге, банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегi аудармалы депозиттерi 2,04 трлн.теңге.
М2 - 7,78 трлн.теңге. Оның ішінде халықтың теңгедегi мезгілді басқа депозиттерi және шетел валютасындағы аудармалы
депозиттерi 1,35 трлн.теңге, банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегi басқа депозиттерi және шетел валютасындағы аудармалы депозиттерi 2,81 трлн.теңге.
М3 (ақша массасы) 9,62 трлн.теңге. Оның ішінде халықтың шетел валютасындағы басқа депозиттерi 1,12 трлн.теңге, банктік емес заңды тұлғалардың шетел валютасындағы басқа депозиттерi 0,71 трлн.теңге.
Қазақстан Республикасындағы ақша агрегаттарының 2001- 2012 жылдардағы ӛсу динамикасы 1 – кестеде кӛрсетілген.
1-кесте Қазақстандағы 2001 – 2012 жылдардағы
ақша агрегаттарының динамикасы (млн.теңге)
№ Жылдар
Ақша агрегаттары 2001 2005 2008 2010 2012
1 2 3 4 5 6 7
1 Ақша базасы
(резервтiк ақша) 174959 663005 1471353 2572217 3384140 оның iшiнде:
1.1 ҚҰБ-нен тыс
қолма – қол ақша 145477 458518 986856 1306208 1483816 1.2
ЕДБ-дiң және басқа Ұйымдардың
ҚҰБ-дегі депозиттерi
29482 204488 484497 1266009 1900324 2 Ақша базасы (тар
мағынада) - 576158 1438316 2142999 3167658 оның iшiнде:
2.1
ЕДБ-дiң ҚҰБ-дегі резервтiк депозиттерi
- - 240884 292371 1091545
3
МО
(айналыстағы қолма-қол ақша)
131175 411813 857842 1148489 1301396 4 М1 224234 799440 1946604 3116049 3614004
оның iшiнде:
4.1
халықтың теңгедегi аудармалы депозиттерi
1912 57879 148793 226520 262837
4.2
банктік емес заңды тұлғалардың
теңгедегi
91148 329748 939969 1741040 2049771
аудармалы депозиттерi
5 М2 337980 1515970 4619524 6570099 7783105 оның iшiнде:
5.1
халықтың теңгедегi басқа депозиттерi және
шетел валютасындағы
аудармалы депозиттерi
48876 277720 739685 1042679 1351834
5.2
банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегi басқа депозиттерi және
шетел валютасындағы
аудармалы депозиттерi
64870 438810 1933234 2411371 2817267
6 М3 (ақша ассасы) 576023 2065348 6266395 8482828 9622127 оның iшiнде:
6.1 халықтың шетел валютасындағы басқа депозиттерi
134077 251747 584497 925678 1121549
6.2
банктік емес заңды тұлғалардың
шетел валютасындағы басқа депозиттерi
103967 297631 1062374 987051 717437
Ескерту: Қазақстан Ұлттық Банкі 2012 жылғы мәліметтері бойынша түзілген.
Кестеде келтірілгендей, соңғы 11 жыл ішінде ақша массасы 576,0 млрд. теңгеден 9622,1 млрд теңгеге ӛскен. Ӛсу деңгейі 16 есе.
Бұл Қазақстан экономикасының қарқынды дамуын ақша массасымен қамтамасыз етілуі жоғары деңгейде екенін кӛрсетеді.
Ақша базасы бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма - қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер - бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бӛлігі. Бұл Ұлттық банкінің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктермен қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады. [3]
Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шотындағы қалған қалдықтар. Айналымдағы
қолма-қол ақшаның мӛлшері банктердің корреспонденттік шотындағы қаражаттардың болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мӛлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шотындағы қаражаттарының кӛлемін, яғни банктердің ӛтімділігін реттеу арқылы реттейді. Ол ақша - несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдар ақша базасының кеңеюінің шегін кӛрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының мӛлшеріне әсер етеді.
Резервтік талаптар - ашық нарықтағы операциялар және пайыз және валюта саясатымен қатар коммерциялық банктерді ақшалай - несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының қызметі жеткілікті дамымаған кезінде, коммерциялық банктердің депозиттерін сактандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация үдерісін реттеу қызметтерін атқарады.
Банк резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың ӛсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын тӛмендетіп қана қоймай, сол сияқгы резервтеудің альтернативтік тәртібіне ӛтуге, яғни бұл банктердің пруденциялдық нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең тӛменгі резервтер мӛлшерінің тӛмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде, міндетті резервтердің ӛте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең тӛменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын кӛрсетеді.
Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың пруденциалдық нормативтерді орындауына байланысты ең ӛменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге мынадай екі тәсіл қолданады:
міндетті резервтер;
резервтеудің альтернативтік тәртібі.
Міндетті резервтер нормасы коммерциялық банктің жалпы міндеттемелеріне немесе банктің тартқан ақшалай қаражат
сомасына катысты белгіленетін, коммерциялық банктің Ұлттық Банкте міндтті түрде сактауға тиісті міндетті ақшалай резервтер сомасы. Міндетті резерв нормасы бұл коммерциялық банктердің клиенттер алдындағы міндеттемесін тұрақты орындауын қамтамасыз ететін кепіл қорының шамасын белгілейді. Мұндай норма, Ұлттық Банк тарапынан коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралы ретінде пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Ең тӛменгі резервтік талаптар туралы» ережесіне сәйкес банктерді мүмкін және күтпеген шығындардан сақтау үшін екінші деңгейдегі банктер Ұлттық Банк белгіленген резервтік талаптардың нормаларын орындауы міндетті. [4]
Осыған байланысты 2004 жылдан бастап, банктер ай сайын резервтік талаптарды орындау туралы есеп береді. Ең тӛменгі резервтік талаптардың кӛлемі, банктің банктерден басқа заңды және жеке тұлғалардың алдындағы барлық депозиттік міндеттемелерінен белгіленген пайыз мӛлшерінде анықталады.
Есептік ставкасын ӛзгерту - коммерциялық банктер Ұлттық Банктен несие алғанда ақша кӛлемін реттеу мақсатымен қысқа мерзімді несиенің пайыз мӛлшерлемесін жиі ӛзгерту болып табылады. Яғни, пайыз мӛлшерлемесін кӛтерсе коммерциялық банктер алатын несиелерін азайтуға мәжбүр болады, керісінше, тӛмендетсе – несие кӛлемі ӛседі.
Қазіргі таңда «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және инфляция деңгейінің динамикасын ескере отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының қаулы бойынша, 2012 жылғы 14 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасы жылдық 7,0 пайыз деңгейінде. Ал, 2 сәуірден бастап 6,5 пайыз болып белгіленген. [5]
Ашық нарықтағы оперяциялар Ұлттық Банктің айналыстағы ақша массасының кӛлемін реттеу мақсатында қор нарығында мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операциялары.
Бұл біршама ақша массасын, коммерциялық банктердің ӛтімділігі және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша
эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді.
Ұлттык Банк нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сӛйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық Банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады.
Айналыстағы ақша массасына ықпал ету мақсатында Ұлттық Банк айналысқа ӛзінің кысқа мерзімді ноталарын шығарады. Қысқа мерзімді ноталарды орналастыру Ұлттық Банкі мен қысқа мерзімді ноталармен операциялар жасау туралы келісімшарт жасаған және нақты ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқық беретін бағалы қағаздар нарығында, брокерлік және диллерлік қызметті жүргізуге арналған лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының қатысушылары арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі ақша - несие саясатының басты бағыттарына және қаржы нарығының коньюктурасына сәйкес және бекітілген қысқа мерзімді ноталарды шығару шарттарына сай аукционға қатысушылардың ӛтініштерін қанағаттандыруға құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкісінің алғашқы агенттерімен келісім бойынша айналысқа шығарылған қысқа мерзімді ноталарды мерзімінен бұрын ӛтеуге немесе айналыстан толық не жартылай алуға құқығы бар.
Ұлттық Банк ноталарды зейнетақы активтерін инвестициялау құралы ретіндегі тартымдылығын қысқарту және қысқа мерзімді мӛлшерлемелер арқылы қаржы нарығындағы жағдайды реттеуге біртіндеп кӛшу жӛніндегі ниетін жүзеге асыруды жалғастырады.
Валюталық интервенция деп ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында Ұлттық Банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады.
Отандық банктік тәжірибемізде, 1999 жылдың 4 сәуір айына дейін немесе еркін ӛзгермелі бағам режиміне ӛткенге дейін, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық нарықтағы интервенциялау саясаты алтын - валюта резервтері есебінен жүзеге асырылды.
Ұлттық Банктің валюталық нарықтағы интервенциясы дербес түрде кез - келген банктер және валюталық биржалар арқылы кез -
келген валюталық мәмілелер түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады.
Мұның салдарынан алтын - валюта резервінің азаю қаупі туындады. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ішкі валюта нарығында сатып алушы ретінде қатысып, алтын - валюта резервінің ұлғаюына септігін тигізді. Бұл жерде бір нәрсені естен шығармаған жӛн, яғни Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ішкі валюта нарығындағы сұраныстан артық шетел валютасын сатып алған кезде, айналысқа артық ақша эмиссияланады және ол ақшаның құнсыздануына жол береді. Осындай теріс салдарларды болдырмау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі “стирилизациялау”
құралын пайдаланып отыр. Яғни, айналысқа шығарылған артық ақша кӛлемінде ӛзінің қысқа мерзімді ноталарын шығарып, артық ақшаны айналыстан алып отырды.
2012 жылдың 1 қаңтарындағы деректер бойынша Жалпы халықаралық Резервтер 33,6 млрд. доллар, Соның ішінде, еркін айналыстағы валютадағы (ЕАВ) активтер 28,6 млрд. доллар, Алтын 5 млрд. доллар, яғни бұл 90,0 т.ны құрайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорының активтері 45,5 млрл. доллар. [6]
2-кестеде 2001-2012 жылғы Халықаралық резервтер және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерінің динамикасы кӛрсетілген.
2-кесте. Халықаралық резервтер және Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорының активтері ( млн. долларда )
№ Кӛрсеткіштер Жылдар
2001 2005 2008 2010 2012
1 2 3 4 5 6 7
1 Жалпы халықаралық
Резервтер 2508 7069 19161 28275 33691
1.1
Соның ішінде:
ЕАВ-ғы активтер 1998 6084 17151 25223 28683
1.2 Алтын 511 986 2011 3052 5008
2
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Қорының
активтері 1240 8074 21 556 30980 45511
Ескерту: Қазақстан Республикасының статистикалық мәліметі бойынша.
2001 жылға қарағанда еліміздің жалпы халықаралық резерві қазіргі жағдайда 13 есеге ӛсіп отыр. Бұл жерде айтып ӛтетін жайт, мемлекетіміздің Ұлттық Қорының активтері 2001 жылы 1,240 млрд.
АҚШ долларын құраса, 2012 жылы сәуір айына ол 47,5 млрд. АҚШ доллары болды. Мұның ӛзі Ұлттық қор бюджеттік және макро- экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, ал мұнай кірістерінің кӛп бӛлігін Ұлттық қорда жинақтау барынша жүйелі фискалдық саясат жүргізуге, индустриялдық-инновациялық даму стратегиясында кӛрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға, сондай-ақ болашақ ұрпақтың Қазақстанның мұнай және басқа шикізат ресурстарының игілігін пайдалану мүмкіндігіне ие болуына жол ашуда.
Ақша айналымының жетілдіру үшін, нәтижесінде Қазақстан экономикасының ұдайы ӛндірісін қазіргі заман талабына жауап беретін деңгейде қамтамасыз ету мақсатында, ақшаның инфляциялық емес реттеу жолдарын кең қолдану. Екіншіден, Ұлттық қор ресурстарын негізсіз айналымға шығармау. 2012 жылғы сәуір айында қабылданған, негізінен мұнай ӛндіру саласына инвестиция етілетін 4,0 млрд доллар мӛлшеріндегі Ұлттық қордың ақшасын істету шешімі дұрыстығын дәлелдеу керек мәселе болып тұр. Үшіншіден, соңғы кездерде тез – тез болып тұрған әлемдік және аймақтық қаржы дағдарысына жауап ретінде, қаржы дағдарыстың теріс әсерін азайту, сонымен бірге ІЖӚ-нің ӛсу динамикасын сақтауда Қазақстан Республикасындағы ақша айналымын реттеудің мүмкіндігінше қатаң саясат алып барылуы үлкен маңызға ие.
Шетел тәжірибесінен келіп шығып, банктердің валюталық саясаттың қонымды әсері ретінде күтілмеген зияндарды кемейтіру және бірнеше негізгі еркін айналымдағы валюталар - АҚШ доллыры және евро бойынша ақша айналысының оң әсерін сақтау бойынша, валюта позицияларын мүмкіндігінше кеңейту үшін, ашық валюта позициясын қалыптастыру ұсынылады.
Бұл ұсыныстарды жүзеге асыру Республика комерциялық банктерінің қаржылық тәуелсіздігін нығайтып, экономиканың дамуына үлкен үлес қосуына мүмкіндік жаратады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Құлпыбаев С., Ынтықбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы:
Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010 ж
2. Искаков У.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. Қаржы нарықтары және делдалдары: Оқулық / – Алматы. Экономика, 2008 ж
3. Мақыш С.Б. «Валюталық операциялар және валюталық мәмілелер», Хабаршы – N 1-2004 ж
4. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, Несие, Банктер», Алматы – 2001 ж.
5. http://www.kaz.stat.kz/Pages/default.aspx 6. http://www.nationalbank.kz/?switch=kaz