• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӨНЕРКӘСІП КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӨНЕРКӘСІП КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ"

Copied!
8
0
0

Teks penuh

(1)

П.Т. САДЫКОВА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӨНЕРКӘСІП КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы «Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз!» атты форумында:

«Бүгінгі қазақстандық жол - индустриялық-инновациялық дамудың кең арнасы. Мұның мәнісі неде? Бұл үшін біріншіден, қуатты технологиялық базаны құру қажеттігін, әлемнің қазіргі күні бесінші технологиялық төңкеріс қарсаңында тұрғандығын жеткізді.

Осыған байланысты ақыл-ой инвестициясының, ғылыми білім мен жаңа технологиялардың қажеттігін, ол үшін жаңашылдар мен инноваторларды іздеу қажет. Инновацияның инноваторлар болған жерде ғана пайда болады, оларды тәрбиелеп шығару міндет.

Екіншіден ғылыми кластер мен өндірістің арасында өзара әрекеттестіктің берік тетіктерін құру қажет» - деген болатын [1].

Бүгінгі жаһандану жағдайында қатаң бәсекелестік күреске тӛтеп беру үшін бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырып, оны модернизациялау және әртараптандыру, яғни инновациялық даму жолына бағыттау кез келген елдің алдында тұрған үлкен міндет. Себебі, инновациялық дамудың ӛзі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін кӛтерудің ең маңызды факторы. Ал, инновациялық дамудың мақсаты – сапалы экономикалық ӛсуге жету.

ХХ ғасырдың 90-жылдарының соңынан бастап Қазақстан экономикасы қалыпты деңгейде ӛсті. Экономиканың ӛсуін кӛптеген экономистер елдің минералды ресурстарын экспорттаудан түсетін түсімдер арқылы, яғни әлемдік нарықта осы тау-кен, мұнай-газ салаларының ӛнімдеріне деген бағаның жоғарылауымен байланыстырады. Бұл, әрине, қазіргі экономикалық даму қағидаттарына біршама қайшы келеді. Қазақстан ғалымдарының айтуы бойынша: «шикізаттық даму моделі тек Қазақстанның ұлттық мүддесіне ғана емес, әлемдік даму үрдісіне де сәйкес келмейді. Әлемдік экономикада білімді, инновацияны маңызды ресурс ретінде пайдалану негізінде экономикалық ӛсудің жаңа типі

(2)

қалыптасты», яғни әлеуметтік-экономикалық дамудың инновациялық жолына ӛту кезеңі басталды [2].

Инновациялық экономиканың негізгі құраушысы - инновациялық сфераның динамикалық дамуы болып табылады.

Мұндай жоғары технологиялы экономика инновациялық үдерісті қолдау институттарының, тиiмдi инновациялық жүйенiң болуын қажет етеді. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, Қазақстан бүгiнгі әлемнiң жоғары технологиялы ұлттарының, ең құрығанда, алғашқы жиырмасына да кiрмейді. Инновациялық экономикасы дамыған бiрiншi ондық мемлекеттерге: Финляндия, АҚШ, Швеция, Жапония, Оңтүстiк Корея, Нидерланды, Ұлыбритания, Канада, Австралия және Сингапур кiредi. Қытай және Индия жалғастырады [3].

Қазақстан Республикасы ӛнеркәсіп кәсіпорындарының қазіргі кезде инновациялық даму жолына бет бұруының ӛзі елдің әлемдік қатаң бәсекелестік күресте экономикалық, әлеуметтік, саяси, экологиялық, жалпы алғанда, ӛнеркәсіптің кез келген саласы жағынан мықты болу мақсатынан туындайды. Себебі елдің экономикалық жағдайы мен даму болашағын бейнелейтін негізгі кӛрсеткіштерінің бірі – елдің ӛнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі.

Елдiң экономикасын инновациялық дамытудың оңтайлы тәжірибесіне қарамастан, елде инновациялық жағынан қарқынды даму болған жоқ. Бүгінгі күні инновациялық дамыту мәселелерінiң бiрі Қазақстанда ғылыми зерттеулердiң аяқталмағандығы, ӛндiрiстегі тоқтатылуы болып табылады. Қазіргі кезде ӛткiзiлетiн қолданбалы ӛңдеулер, жұмыстардың коммерциялануы (яғни, сатылымға түсу) және ӛндiрiске енгiзу түрінде жалғасын таппай отыр. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2011 жылы инновациялық-белсендi кәсіпорын ретінде барлығы 4,1% кәсiпорын ғана мойындалды. 2011 жылдағы инновациялық ӛнiмнiң үлесін қарастыратын болсақ, технологиялық инновацияларға ЖІӚ-ң 0,7%-ы , яғни технологиялық инновацияларға жұмсалатын қаржының ЖІӚ-ң 1%-дан кем шығынды құрағандығын атап ӛту қажет. Дәл қазіргі таңда кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің артуына кедергі болатын тӛмендегідей факторларды айтуға болады:

- инвестициялау және несиелеу бойынша қолайсыз жағдайлар;

(3)

- тапсырыс берушілердің тӛлем қабілеттілігінің жеткіліксіз деңгейі;

- меншікті қаржы қаражаттарының болмауы;

- мемлекет тарапынан кӛрсетілетін қаржылай кӛмектің тӛмен деңгейі [4].

Қазақстандық кәсіпорындардың техникалық және технологиялық артта қалуы, ғылымның ӛндіріспен байланысының нашарлығы, экспорттың әлі де болса шикізатқа бағытталуы, яғни ел экономикасының диверсификацияланбауы үлкен экономикалық қауіп-қатерін тӛндіруде. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2010 жылы минералды ӛнімдер Қазақстанның экспортының 69,7%- н, ал автокӛлік, құрылғылар, транспорт – 2%-н құрады.

Қазақстанның салалы экономикасының құрылымы шикізаттық және алғашқы ӛңдеу саласына бағытталуы инновацияның баяу дамуына ықпал етеді.

Жүргізілген талдаудың қорытындылары Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының инновациялық қызметінің тӛмен деңгейде екендігін кӛрсетеді. 2011 жылы статистикалық бақылау жүргiзiлетiн 10913 кәсiпорындардың 443 шаруашылық субъектілерінің ғана (2010 жылы – 467 кәсiпорын) технологиялық инновациясы болған. Кәсiпорындардың инновациялық үдерістерді қабылдағыштық бағалары бойынша Қазақстан кәсiпорындарының 2010 жылғы инновациялық белсендiлiгі тек 4,3% құраған болса, АҚШ-тағы инновациялық - белсендi кәсiпорындарының еншiсi 50%-ға жуығын құраса, Түркияда - 33, Венгрияда - 47, Ресейде – 9, 1%. құрайды.

2010 жылғы мәліметпен салыстырғанда 2011 жылы

мемлекеттің инновацияға бӛлінетін қаражаттары, мардымсыз болса да, біршама артқан.

(4)

Сурет 1. Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар Оның ЖІӚ-дегі үлесінің 0,21% құрайтынын байқаймыз, яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда қаражаттың 0,05% артқандығын кӛруге болады.

Қазақстанда ӛнеркәсіп кәсіпорындарын инновациялық дамыту мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Олардың қатарына ҚР Индустриялық – инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын, ҚР Үдемелі индустриялық- инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, оған қоса «Ӛнімділік 2020»

бағдарламасын жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасының ӛнеркәсіп кәсіпорындарының инновациялық дамуы үшін, ең алдымен, жаһандану үдерісіне сәйкестендіре отырып, кәсіпорындардың экономиканың шикізат экспортына бағыттылығына тәуелділігін тӛмендетуге және әлемдік нарықта сапалы болып табылатын бәсекеге қабілетті ӛнім ұсынысына бағытталған сервистік-технологиялық экономикаға ӛтуге қажетті жағдай жасау қажет. Бүгінгі таңда ӛнеркәсіп кәсіпорындарының инновациялық дамуына қатысты кӛптеген шешілмеген мәселелер орын алып отырғандығы белгілі.

Қазіргі ХХІ ғасырда экономикалық дамудың жаңа бағыты инновациялық даму екендігі белгілі. Оған қол жеткізуде білімнің алатын орны орасан зор екендігін барлығы да мойындайды. Бұған дәлел ретінде келесі деректі келтіруге болады: дамыған елдердің ұлтық байлығының тек 5%-н табиғи ресурстар құрайды, 18% - физикалық яғни ӛндіргіш капитал, ал қалған 77% - білім мен оны тиімді пайдалану мен ұтымды басқаруға тиесілі.

(5)

Олай болса, тек ғылым ғана инновациялық экономиканың маңызды институты болып санала алады. Осылай бола тұрса да, ғылымның Қазақстандағы жалпы жағдайы жоғарыда келтірілген пайыздық деңгейден кӛп тӛмен екендігін мойындау қажет. Бұған, тӛмендегі кестеде келтірілгендей, дамыған елдермен салыстырғандағы ұлттық экономиканың ғылымды қажетсінуінің тӛмен деңгейі мен жоғары технологиялық тауарларды ӛндіру мен экспорттаудың мардымдыз кӛрсеткіштері толық дәлел бола алады (1-кесте ).

1-кесте - Қазақстанның жаһандық инновациялық технологиялық саладағы үлесі

Қазақстан Әлем елдері

1 2 3

Зерттеу мен әзірлемелерге арналған шығындар ЖІӚ, %

0,21 Швеция – 3, АҚШ -2,67;

Жапония - 3,2; Германия -2,51;

Ресей - 1,3 Ӛнеркәсіп инновациялық

кәсіпорындардың үлесі %

4,1 Германия - 82,5; Швеция - 75,3;

Австралия -60,8; Ресей - 10,0 Ӛнеркәсіп ӛнімнің

кӛлеміндегі инновациялық ӛнім үлес салмағы, %

2,3 Германия -29; Австралия - 31;

Ресей – 3,7

Экспортта жоғары

технологиялық ӛнімнің үлесі,

%

2 АҚШ -32%; Жапония -24%;

Ресей - 9%

ҒЗТҚЖ шығындары 1 тұрғынға,

АҚШ дол.

13 АҚШ -991; Жапония - 816;

Германия - 666; Ресей -98

ҒЗТҚЖ жұмыспен

қамтылған, 1 млн адамға

629 АҚШ- 4484; Жапония - 5287;

Германия -3261; Ресей -3319

1 млн халыққа

резиденттермен патенттер тіркелді

126 АҚШ-701; Жапония -2875;

Германия -586; Ресей -165 Патенттік кооперация

шартында халықаралық ӛтінімдер

16 АҚШ - 49439; Жапония -26420;

Ресей -654; Қытай - 3826

ҒЗТҚЖ-ның жалпы

шығындарда шетел

инвестициялардың үлесі, %

1,5 АҚШ - 18%;Ұлыбритания - 14%

Ескерту: ҚР Статистика Агенттігінің мәліметтері негізінде құрастырылған

Кесте деректерінен барлық кӛрсеткіштер бойынша Қазақстан Республикасының онда келтірілген елдерден едәуір кешеуіл қалғандығын кӛруге болады.

(6)

Толыққұнды қайтарым болуы үшін, ғылымды қаржыландырудың ең тӛменгі шегі ЖІӚ-ң, кем дегенде, 1,5%-н құрауы тиіс. Ал Қазақстанда ғылымды қаржыландыру деңгейі бұл деңгейден 7,2 есеге тӛмен.

Қазақстанда ғылымға ЖІӚ-нен бӛлінетін шығындар кӛлемі ӛте аз. Ол соңғы жылдары 0,3%-дан асқан емес. Бұл кӛрсеткіш бойынша біз тек дамыған елдерден ғана емес, сондай-ақ, 1990 жылдың кӛрсеткіштерінен де қалып отырмыз. Ал 1990 жылдары ғылымға бӛлінген шығындар үлесі 0,68%-ға тең болатын.

Қазақстанда негізінен мемлекеттік және жоғары білім беру ғылым секторлары ғана жұмыс істейді. Қазіргі кезде бұл екеуі де инновациялық даму циклінің ең бастапқы сатысында тұр. Ал олардағы соңғы сатыдағы технологиялық буындарға жататын ғылыми ізденістер мен зерттеулер жеткіліксіз деңгейде болып табылады.

Еліміздегі тек 10 кәсіпорындарда ғана бұрынғы ғылымның

«заводтық» секторының бӛлімшелері сақталып қалған. Бұл салалар инновациялық экономикаға бағдарланған салалар қатарына жатпайды.

Ғылыми ізденістердің әртүрлі сатысында жұмсалатын шығындардың ара салмағы да тиімсіз болып тұр: ғылыми қолданбалы ізденістердің негізінен 71% қаржыландырылса, тәжірибелік-құрастыру жұмыстарына небәрі 8% бӛлінеді, ал қалғаны іргелі ғылымды қаржыландыруға жұмсалады. Бұл кӛрсеткіш жалпы алғанда орта әлемдік деңгейге сәйкес келеді.

Қазіргі кезде ӛнеркәсіпті ӛркендетудің негізгі факторларына шаруашылық субьектілерінің қызметінің институционалды және заңнама шарттарын нақтылау және бюджет-қаржы жүйесін жетілдіру жататындығы да айтылып жүр. Бүгінгі күні ӛнеркәсіп салаларын жандандыру үшін қолдау кӛрсету мемлекеттің негізгі міндеті болып табылады. Қазақстан ӛнеркәсібін дамытудың басты бағыты - ішкі тұтыну нарығын бәсекеге қабілетті жоғары отандық тауарлармен толықтыру. Осыған қол жеткізу мақсатында импорттық тауарларды ығыстыру кӛлемін 15-20%-ға дейін тӛмендету кӛзделіп отыр [5].

Қазақстанның инновациялық жүйесінің технологиялық алдыңғы қатарлы елдерден ерекшеліктерінің бірі зерттеулер мен жасалымдардың мемлекеттік секторының жоғары үлесі мен

(7)

салыстырмалы түрде алғанда шағын инновациялық бизнестің әлсіз дамуы болып табылады.

Бүгінгі таңда деректер мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің жоғары екендігін кӛрсетеді. 2003 жылмен салыстырғанда, 2010 жылы мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындардың инновациялық белсенділік үлесі 9,8%-ға дейін ӛскен.

Ӛнеркәсіп кәсіпорындарының жаңа инновациялық технологиялармен, қондырғылармен қамтамасыз етілуінің тӛмен деңгейі Қазақстанда инновациялық климаттың қалыптаспай отыруының бірден-бір негізгі себебі екендігі баршамызға мәлім.

Кейбір авторлардың айтуынша, жеке бизнестің инновациялық үдеріске тікелей қатыспауы да бұған кедергі болыр отыр. Олар бұл жағдайдан шығу үшін мемлекет алғашқы кезеңде, жеке бизнестің инновациялық белсенділігінің тӛмендігін есепке ала отырып, қаржыландыруды 100% ӛз мойнына алуы керектігін де айтады.

Инновациялық енгізімнің болуы нарықтық экономикада бәсекеде жеңіске жетудің жолы болып табылады.

Болашақта, «Ӛнімділік-2020» бағдарламасына сәйкес, инновациялық дамудың перспективалық бағыттары ғылыми- техникалық, инновациялық және ӛндірістік әлеуетті ӛсіру болып табылады.

Мамандардың пікірінше, «Ӛнімділік - 2020»

бағдарламасындағы кӛрсетілген міндеттер жүзеге асатын болса, алдағы он жылда ӛнеркәсіп кәсіпорындарының инновациялық дамуына қол жеткізу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар «Ӛнімділік- 2020» бағдарламасыасқа да салалық бағдарламаларды толықтырып, инновациялық кластерді серпілтетін болады.

Дегенмен, қазіргі кездегі инновациялық қызметті дамытудың негізгі мәселесі мемлекет ұсынып отырған экономикалық, құқықтық және қаржылық қолдау құралдарының нақты қажеттіліктермен сәйкес келмеуі болып табылады.

Еуропалық елдерде технология беруді ынталандыратын механизмдер іске қосылған. Ауқымды қаржы ресурстарын технологияларды коммерциализациялауды ынталандыру мақсатына бағыттайтын кӛптеген бағдарламалар бар.

Кӛптеген елдерде жоғары технологиялық ӛнімдерді ӛндіруге ұмтыла отырып, ҒЗКЖҰ нәтижелерін коммерциализациялайтын

(8)

агенттіктер құрған, коммерциаландыру инфрақұрылымын дамытуда.

Инновациялық дамыту бағдарламаларының тиімділігін арттыру үшін соған сәйкес мемлекеттік қолдау қажет. Мемлекеттік инновациялық саясаттың маңызды міндеттерінің бірі ҒЗКЖҰ нәтижелерін ғылым саласынан ӛндіріске кӛшіруді ынталандыру, технологияларды коммерциализациялауды ынталандырудың Қазақстанда дамуын таппаған, бірақ еуропа елдерінің тәжірибесінде тиімділікпен қолданылатын құралдарын пайдалану қажеттілігі туындайды [6].

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Н. Ә. Назарбаев. «Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз!» атты форум// "Егемен Қазақстан" газеті, 5 шілде 2011 жыл.

2. Экономикалық ӛсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі ретінде//әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. - 2008. –№6.-18-22 беттер.

3. Н. А. Назарбаев. Задача науки – способствовать развитию экономики // Казахстанская правда, 16 апрель, 2010 г.

4. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәліметтер

5. Бораш Қ. "Индустриальды-инновациялық процестің ӛрісі кең /"Егемен Қазақстан" газеті 2004 ж 20 қаңтар.

6 Сеть центров коммерциализации технологий. Доклад «Наука и коммерциализация технологий». Режим доступа http://www.ras-stc.ru.

Referensi

Dokumen terkait

Міндетті экологиялық аудит өзінің сипаты бойынша Мемлекеттік болып табылады және әдетте, экологиялық қауіпті кәсіпорындар мен қызмет түрлеріне қатысты міндетті түрде жүргізіледі: 1Егер

2010 жылда 40-49 және 50-59 жас аралығындағы тұрғындар саны ӛскенімен, олардың ӛкпе рагымен ауруы 2001 жылдық бұл уақытта 70+ жастағы топтар кӛрсеткіші жоғары болған 189,3%ooo