ҚАЗАҚ, АҒЫЛШЫН ТІДЕРІНДЕГІ МАҒЫНАЛАРЫ СӘЙКЕС ТҦРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Ағымедуллаева Н.Б.
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті, Астана қаласы
Ҧлт мәдениетінің қай тҥрінде болмасын, онда сол ҧлттың бҥкіл таным болмысы мен тҧрмыс-тіршілік сипаты сақталған. Белгілі бір ҧлттың тарихынан, мәдениетінен, таным болмысынан, тҧрмыс-тіршілігінен хабардар ететін тілдік бірліктерге, ең алдымен, тілдегі фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, нақыл сӛздер жатады. Себебі бҧлар белгілі бір ҧлттың рухани дҥниетанымдық, салт-дәстҥр т.б. ерекшеліктерін кӛрсетеді, ҧлттың ӛмір кӛріністерінің айнасы іспеттес.
Біздің елімізде қазақ тілі мен орыс тілін салғастыра зерттеуге арналған еңбектер қҧрылымы әр тҥрлі тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеудің ҥлгісі болды. Қазіргі отандық тіл білімінде енді ғана бой кӛтеріп, кейінгі жылдары ғана тҧсауы кесілген саланың бірі- қазақ және герман, қазақ және роман тілдерінің фразеологизмдерін кешенді тҥрде т іл біліміндегі жаңа бағыттардың ҧстанымдарына сҥйене отырып зерттеу. Осындай тың, қиын, ӛзекті мәселелердің бірі- қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық бірліктердің салғастырыла зерттелуі.
Қандай да бір тіл болмасын оның фразеологиялық қоры ҧлт мәдениетін, менталитетін, ҧлттың психологиясын барынша қамтиды. Сондықтан да қазақ және ағылшын тілдерінде фразеологиялық бірліктерді жҥйелеп, салыстырмалы-салғастырмалы талдау жҥргізіп, баяндау арқылы осы ерекшеліктерді анықтауға деген қызығушылық тудырады.
Діні, мәдениеті, тарихы, әлеуметтік және саяси даму жолдары бӛлек ағылшын және қазақ халықтары тілдеріндегі тҧрақты тіркестерді салыстыра-салғастыра зерттеу арқылы оларға тән ҧлттық-мәдени ерекшеліктерді айқындау, сәйкес тҧстарын табу бҥгінгі кҥннің ӛзекті мәселелері болып табылады.
Тіл мен мәдениет – халық дамуындағы ҧрпақтан-ҧрпаққа беріліп отыратын ҧлттық қҧндылықтар жиынтығы. Әр ҧлттың ана тілінде оның бҥкіл ӛмірі, тарихы, тыныс-тіршілігі, рухани дҥниесі кӛрініс табады. Тіл мен мәдениет-қоғам дамуының әлеуметтік азығы. Тілдің әлеуметтік маңызы, табиғат тіл мен мәдениетті, тіл мен қоғамды тҧтас алып қарағанда ғана айқындалады. Адамның жан дҥниесі мен болмысының, мәдениетінің қалыптасуына зор ҥлес қосатын халықтың баға жетпес байлығы – оның тілі. Тіл – мәдениеттің, ҧлт ӛмірінің айнасы.
Тіл қоғамнан, мәдениеттен тыс ӛмір сҥрмейді, себебі ол қоғам мен мәдениеттің кӛрінісі болып табылады. Қоғамда болып жатқан ӛзгерістер арқылы бейнеленіп, сипатталып, тілдің кумулятивтік қызметі арқылы ҧрпақтан-ҧрпаққа жеткізіледі. Қоғамдағы саяси, мәдени ӛзгерістер тілде де ӛз ізін қалдырып отырады.
Тіл білімінің басқа салалары сияқты фразеология саласы да бҥгінгі таңда терезесі тең, дербес пәнге айналып отыр. Фразеологиялық бірліктердің танымдық қызметі зор, ең кӛне бірліктер қатарына жатады, әрі қарапайым, тілде жиі қолданылады. Олар белгілі бір заттың кӛркемдік сипатын бейнелі тҥрде суреттейді. Ал, фразеологиялық теңеулер – ҧқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затпен салыстыру арқылы олардың арасын дағы сәйкестіктерді анықтауға кӛмектеседі.
Фразеологиялық теңеулер фразеологизмдердің басқа тҥрлерінен ӛзінің қҧрылымы, мағынасы мен стильдік қызметі арқылы ерекшеленеді. Фразеологиялық теңеулер табиғатын зерттеуде фразеологиялық теңеу мен метафораның ӛзара байланысы, ҧқсастығы мен айырмашылықтарына тоқталу қажет. Теңеуде салыстырушы теңеу заты және оған қажетті
9
негіз бар. Ал метафораға ондай негіз қажет емес. Фразеологиялық теңеулер екі затты салыстырудың нәтижесі болса, метафоралар – олардың ҧқсастығының нәтижесі She is a fox – ол тҥлкі; She is as sly as a fox – ол тҥлкідей қу, айлакер.
Фразеологиялық теңеулерді лингвомәдениеттану және когнитивтік лингвистиканың негізгі ҧстанымдарына сҥйене отырып салыстырмалы-салғастырмалы зерттеу жҥргізудің мәні ерекше. Себебі халықтың дҥниетанымы, ӛмірге және қоршаған ортаға деген кӛзқарасы, салт-дәстҥрі, кӛңіл-кҥйі әр халықтың жалпы фразеологиясынан, оның ішінде, әсіресе, фразеологиялық теңеулерден кӛрініс табады. Фразеологиялық теңеулер жекелеген ӛмір қҧбылысына нақты баға беретін, ғасырлар бойы атадан балаға мҧра ретінде беріліп отыратын, әр халықтың ӛмірінен мәні зор деректерді ӛз бойына жинақтаған халық мҧрасы.
Сондықтан, туыстас, не туыс емес тілдердегі фразеологиялық теңеулерді лингвомәдениеттанымдық тҧрғыдан зерттеу әр тілдің ӛрнек бояуын, ерекшелігін танып білуге, олардың тілдік қолданыстағы қасиеттерін ашуға мҥмкіндік береді. Осы тҧрғыдан алғанда, туыстығы жоқ қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ерекшеліктерін немесе кейбір сәйкестіктерін анықтау ерекше мәнге ие, себебі тілдік ерекшелік ҧлттық ерекшеліктерден мағлҧмат беруі әбден мҥмкін.
Фразеологизмдердің ішкі формаларының тасалануынан олардың мағыналарының кҥңгірттенуі шығады. Ондай фразеологизмдердің сырын, жасалу тӛркінін тілдің ішкі заңдылықтарынан, этимологиядан іздеу қажет. Мысалы, кәрі қойдың жасындай жасы қалды фразеологизмі қой тҥлігінің тіршілік ету мерзімін (10 шақты жылдай) бақылаудан туған.
Осы жайт ауыспалы мәнде жасы ҧлғайған адамға қатысты айтылатын бейнелі тіркестің тууына негіз болған. Ағылшын тіліндегі to fight like Kilkenny cats (Килкени мысықтарындай айқасу) - ӛлімге бас тігіп қырқысу деген мағынада қолданылатын фразеологизмнің қалыптасуына ХVII ғ. Kilkenny мен Irishtоwn қалалары арасындағы қантӛгістің аяғы екі қаланың да қирап бітуіне әкелген тарихи уақиға негіз болды.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің басым кӛпшілігі «Адам» атты мағыналық макротопқа жатады, олар негізінен адам мен оны қоршаған әлемнің ӛзара байланысын бейнелейді. Салғастырмалы зерттеу нәтижесінде әртиптес екі тілдегі осы топқа жататын фразеологиялық бірліктердің тӛменде кӛрсетілген мағыналық-тақырыптық топтары анықталды:
1. Адам мінезі мен ақыл-ой қабілетін сипаттаушы тҧрақты тілдік бірліктер: to speak unceasingly- аузы- аузына жҧқпау; happen to be head over heels- аяғы аспаннан келу; to take by ruse- айлаға басу; to become ingraied- сҥйекке сіңген; to make lie truth- ӛтірікті шындай қылу; thunder is strong, but there is no rain- кҥркіреуі бар да, жауары жоқ.
2. Адамның жағдай-кҥйіне байланысты тҧрақты тілдік бірліктер: to be grateful- разы болу; to be on the alert- сақадай сай болу; to be blood- stained- қан- жоса болу; to be smashed- кҥл- талқан болу; to break iron by nick- тепсе темір ҥзу; his eyelids are swollen- кӛзіне шел біту; to raise up to heavens- тӛбесіне кӛтеру, ҧшпаққа шығару; wisdom likes silence- ҥндемеген ҥйдей бәледен қҧтылады; fix one‘s eyes- тесірейе қарау.
3. Адамның сыртқы келбетін сипаттаушы тҧрақты тілдік бірліктер: perfectly beautiful, without defect- тал бойында бір мін жоқ; bulging eyes- бӛкен қабақ; doe- eyes-
қҧралай кӛз.
4. Адамның ӛмірі мен қызметін сипаттаушы тҧрақты тілдік бірліктер: to be determined- тәуекелге бел байлау; to be a sponger- ас ішіп аяқ босату; to be on pins and needles- тыным таппау; to listen attentively- қҧлақ тҥру; to run after two hares- екі кеменің қҧйрығын ҧстау.
5. Адамның эмоциялық жағдайын сипаттаушы тҧрақты тілдік бірліктер: he can‘t hold his joy in his bosom- қуанышы қойнына сыймау; take heart, hearten up-еңсесі кӛтерілу; blood drips from his sabre- қылышынан қаны таму; to have one‘s heart in his mouth, to break into a smile all over the face- екі езуі екі қҧлағында.
6. Адамның басқа бір адамға немесе затқа қатынасын сипаттаушы тҧрақты тілдік бірліктер: to differ from other people- елден ала бӛтен; to shake out a soul- ит сілікпесін
10
шығару; his eyes papped out of their sockets- кӛзі ҧясынан шығу; to make wait for beestings of a dry cow- қашпаған сиырдың уызына қарату; gladden the eye- кӛздің жауын алу.
7. Арақашықтықты сипаттайтын тҧрақты тілдік бірліктер: at the end of the world- ит арқасы қиянда; close range- қарға адым жер.
Қорыта айтқанда, қҧрылымы әр тҥрлі ағылшын және қазақ тілдерінің сӛздік қорындағы ӛте жиі қолданылатын, мағынаға бай, қолданыс ауқымы кең тілдік бірліктердің бірі – тҧрақты тіркестер екендігі анықталды.
Тҧрақты тіркестердің мағынасын олардың қҧрамындағы ҧлттық-мәдени элемент білдіреді. Ҧлттық-мәдени элементке әр халықтың ӛзіне ғана тән бейнелеу образдары жатады. Белгілі бір ғана тілде кездесетін тілдік образдар басқа тілдерде қайталанып келмесе, олар әрқашан ҧлттық болып табылады.
Екі тілдегі фразеологиялық бірліктерді салғастыра талдау барысында олардан ҧлттық дҥниетаным ерекшеліктері мен ҧқсастықтары бар екені анықталды. Тілдік бірлікке тән коннотацияның ҧқсас не сәйкес келуі ҧлттық дҥниетаным деген тҥсінікпен ҧштасады, ал бҧл халықтар туыстығы дҥниетанымының ортақтығына немесе ҧқсастығына әкелуі мҥмкін. Ал ҧлттық дҥниетанымның ерекшелігі, оның тілдегі кӛрінісі тіл иелерінің ӛз даму тарихына, табиғи ортасы, салт-дәстҥрі, тҧрмыс-тіршілік, шаруашылық тҥрлері т.б. жағдайларына байланысты деп білеміз.
Әдебиеттер
1. Б.Н. Ағабекова Aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ҧлттық мәдени сипаты. - Алматы, 2010. -30б.
2. В.Ю. Франк Орысша- қазақша- ағылшынша пәндік тақырыптық сӛздік. – Алматы,
2004.- 200б.
3. І. Кеңесбаев Қазақ тілінің фразеологиялық сӛздігі. –Алматы, 1977. -711б.
4. А.Қ. Қыпшақбаева Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдердің семантикалық парадигмасы. – Қызылорда, 2010. -19б.