«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ 1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСІ КЕЗІНДЕ
Апталықтың күні кешеге дейін қараланып келуінің ендігі бір себебі, осы 1916 жылғы патша жарлығына қатысты көзқарасына байланысты болды. Бір назар аударарлығы, халқымыздың тарихында ерекше із қалдырған осынау оқиға тұсында ұлттық демократиялық интеллегенцияның бұған дейінгі алауыздықтан арылып, бір жолды таңдауы қоғамдық ой- сананың едәуір ілгерілегендігін айқындап берген еді. Ол заманына қарай амалын қарастырудан туған жол болатын. Көзі ашық, көкірегі ояу қазақ зиялылары «білекті бірді, білімді мыңды жығатын» кез келіп жеткенін жақсы түсінді. Сондықтан, мұздай қаруланған патша әскеріне қарсы ашық шайқасқа шығу халықты орынсыз шығынға ұшыратып, қырғын келтіретінін алдын ала сезіп-біліп, күрестің басқаша тәсілін тандаған болатын. Ол әдістің негізгі белгісі ұлттық саяси тұтастық және негізгі мақсаттар үшін, яғни ел теңдігі мен бостандығы жолында саналы, ұйымдасқан әрекетке көшу екендігін халыққа түсіндіріп жеткізу мұраты еді. Осы жолда қалың қазақ елінің ұлттық санасын ояту арқылы сауатын арттыру міндетін бірінші кезекте алдарына тартыпты. Апталықтың 1917 жылғы 212-санында жарияланған «Тарихи жыл» деген публицистикалық мақаласында М.Дулатовтың: «Қазақ баласы енді оянбасаң, мәңгіге шейін ұйқың ашылмай, қараңғыда, құлдықта, тістегеннің аузында, ұстанғанның қолында кеткенің», - деп жазуы сол жайынан сыр тарқатады.
1916 жылғы патша жарлығының зорлық-зомбылығына қатысты, оның халқымыздың тарихынан алатын орнын анықтау мақсатында жазылған ең алғашқы туынды болып табылатын осы мақаласында М.Дулатов көтерілістің жылнамасын жасауға ниет танытады. Қалам қайраткерінің оны халқымыз бастан кешірген тарихи кезеңдермен, атап айтқанда, «қазақ қалмақтың жауласқан заманы; ақтабан шұбырынды; Ресейге бағынған шағымыз; Кенесары заманы; Қоқан заманы; 1868-інші жылғы жаңа заңның
шығуы» секілді тарихи оқиғалармен тең қойып қарастыруы - оған ерекше маңыз беріп отырғандығының айғағы. Туындының құндылығы да сонда.
Сонымен бірге ғасырлық мәнге ие осынау оқиғаның шынайы шежіресі, алғашқы әсермен ақ қағазға түсірілген қысқаша тарихы болуы да оның бағасын арттыра түсері анық. Мақаламен танысу арқылы төтеннен туған патша жарлығының тып-тыныш отырған елге кенеттен өрт тигендей әсер еткендігін, қаншама зардап-залал алып келгендігін бейне бір оқиға ортасында болғандай көз алдыңыздан өткізесіз: «айдап өргізіп, иіріп жусатып күнелткен төрт түлік малына қатерлі он екі жылда бір айналып, көбінесе тегін кетпейтін сұм қоянды (қоян жылын С.Қ.) аман өткізіп, өткен жаз қазақ байдың баласы пейілі кеңіп, байға жарлы теңеліп, жайлауында жадырап, өзінше өзінен бақытты жұртты білмей, рахат ғұмыр өткізіп, тып- тыныш қатқанында өрттен шошып оянғандай бір күйге ұшырады. Халқын бір уыс қылды, кең дүниесін тарылтты, жүрегіне найзадай тиді», - деген жолдар қаламы үшқыр, ойы жүйрік журналистің әрі өткір пікірлі публицистің шығармашылық шеберханасының шоқтығы биік екендігін тайға таңба басқандай айқын танытады.
Бұдан Ресей патшалығының қоластындағы «бұратана» жұрттардан қара жұмысқа жігіттер алу жөніндегі «25 июнь» жарлығының төтеннен туып, жорта асықтырылып, халықтың апшысын қуыра, жанын ышқынтып, қысымшылықпен орнына келтірілмек болғанын байқаймыз. Десек те, қазақтан солдат алу мәселесі ел үшін жаңалық емес-тұғын. «Қазақ» газеті бұл турасында содан үш жыл бұрын мәселе көтеріп, әсіресе бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына байланысты 1914-1915 жылдары жеріне жеткізе жазып, оқырман талқысына салып келген болатын.
Әскер тақырыбында «Қазақта» жарық көрген тырнақ алды туынды
«Қазақтан солдат ала ма?» атты Қыр баласы - Ә.Бөкейханов жазған мақала болып табылады. Ол апталықтың 1913 жылғы 13-санында басылып шыққан.
Мұнда публицист жер мәселесіне әскер мөселесін қосып шатастырып, қараңғылық қармауындағы қалың елін алдап-арбап, құрған қақпанына
түсіру әрекетіндегі отаршыл озбыр саясаттың бет пердесін түріп, әшкерелейді. Соған көндігіп, мойнына қамыт кигізіліп жатқанымен шаруасы жоқ көнбіс жұртының іс-әрекетіне реніш білдіреді: «Қала болып жер кестіріп алсақ, солдат алмайсың ба?» деп сұрап, төрелер «солдат алынбайды» деп бір жапырақ қағаз берсе, бейшара қазақтар жаудан мал айырғандай қуанады. «Солдат алмаймын, - дейді ғой, - солдат алмаса болды» деп тоғытқан қойша ұйытқып барса қайтпасқа кіріп кеп кетеді», - деп жазып, халқының басындағы ауыр жайды қынжыла баяндайды. Тек сынап-мінеп қана қоюмен шектелмей, тығырықтан шығар жолды іздестіргенде, озбырлыққа қарсы күресте заңды қару ету керектігін алға тартады: «Қазақтан солдат алынбасын деген закон бар, войнский уставтың 42-інші статьясында жазған: «Түркістан һәм Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай қазақтары солдаттықтан азат (Свод законов Российской империи, т.ІУ, изд. 1897)» деп 1834 жылы Ақмола аға сұлтаны - Сұлтан Қоңырқұлжа Құдайменде баласы Петерборға барған. Сонда Қоңырқұлжа айтқан: «Патша солдат алады деп, қазақ халқы қорқып уайымдайды», сол себептен қазақтың корқыныш жұмысын ашып бер деп сұраған соң, правительство Қоңырқүлжаға қағаз берген: «Қазақтан бұл күнде солдат алынбайды, келер уақытта да қазақ халқы солдаттан азат. Осы қалпымен жүрсе де, егін, сауда қып, өз еркімен кент қалыбына түссе де деген» деп мәселенің заң жолы бойынша қалай шешілгендігінен нақты дәлелдер келтіреді. Сөйтіп, осы заңдар күшін жоймайынша, қазақтан солдат алынбайтындығын, сондықтан оны жер кестіріп алу т.б. мәселелермен шатастыруға болмайтындығын кеңес етеді. Мақала тек мазмұны жағынан ғана емес, сонымен бірге жазылу стилі тұрғысынан да құнды. Мұндағы басты ерекшелік ой ықшам және нақты дәлелдермен оқырман назарына ұсынылады. Әсіресе, зандардан үзінділер келтіріліп, олардың қайдан алынғандығына сілтемелер жасалынып отырылуы туындының ғылыми құндылығын арттыра түсері даусыз. Осы қырынан келгеңде мақаланы ғылыми стильде жазылған төлтума туындылардың қатарына жатқызсақ, қателеспейміз.
Қазақтан әскер алу мәселесі бұдан кейін де «Қазақ»
шығарушыларының назарынан тыс қалмаған. Халықты толғандырып отырған жайға қатысты әркез көңіл аударып, мәселенің алдын алу міндетінде болғандықтары байқалады. Мәселен, апталықтың 1914 жылғы 60-санында жарияланған «Қазақтан солдат алына ма?» деген мақаласында М.Дулатов қала болып отырған кейбір қазақ ауылдарынан әскерге адам алынып жатқандығынан нақты деректер келтіре отырып, оның заңсыздық екендігін ашына жазады: «1912-ші жылы Павлодар абақтысы арқылы Өскемен қаласындағы дисциплинарная ротаға бір топ жазалы солдаттар айдалып өтті, солардың ішінде бір қазақ солдат бар екен, сонымен танысып сөйлестім. Бұл Тобол губерниясында крестияндыққа жазылып, қала болған Атығай Сәрсембай деген қазақтың баласы. ...Егер Закон бойынша қазақтан солдат алынбайтыны анық болса, бұл істеп отырғандары жолсыз екендігі онан да анық болмай ма? ...Біздің қазақтың жолдыға да, жолсызға да тырп етпей, мойынсынып отыратыны осыдан да көрініп тұр емес пе?» - деп шындықтың шымылдығын түре, өз құқығын өзі қорғай алмай жүргендердің жігерсіздігін айыптайды, намысын қайрайды.
«Газеталардан» деген тұрақты айдармен басылым басқармасы атынан апталықтың 1915 жылғы 153-санында жарияланған «Қазақтан солдат алу»
деген бас мақаладан осынау көкейкесті мәселенің жылдан-жылға ушығып келе жатқандығын көреміз. Мұнда орыстың «Русское слово», «Биржовые ведомости», «Утро России», «Новое время» газеттерінде жарық көрген мақалалар негізілде қазақтан солдат алу мәселесіне патшалық әкімшіліктің қызығушылық таныта бастағандығы алғаш рет ауызға алынады. Бұл мәселе думада да сөз болып жатқандығы айтылып, депутаты болмаған себепті ондай хабарлар қазақ жұртының құлагына жетпей жүргендігі баяндалады.
Газеттің келесі санында «Қазақтан солдат алу туралы» деген проблемалық мақала жарық көрген. Онда «бұратана» елдерден әскерге адам алу мәселесін переселен мекемесінің бастығы Глинко да қолдап отырғандығынан мәлімет келтіріледі. Ұзынқүлақтан естулері бойынша,
өкімет дайындап жатқан қазақтан солдат алу туралы заң жобасы мемлекеттік негізгі заңның 87-бабы бойынша қабылдануы мүмкін екендігі тілге тиек етіліп, оған мынадай түсініктеме беріледі: «Бұл 87-інші деген статья - мемлекеттік негізгі заңның статьясы. Ол статьяда айтылған: «Дума тарап кеткен кезеңде қалыптан тысқары керегі болып, тәртіп шығару керек болса, ол туралы закон жобасын министрліктер төте патшаның өзіне жолдауға ықтиярлы» деп. Бірақ бұл сияқты тәртіптер Г.Дума жиналғаннан кейін екі айдың ішінде Г.Думада қаралуға тапсырылмаса, яки Г.Дума мен Г.Совет қабыл етпесе, закон күшінен айрылады деген».
Мақалада сонымен бірге қазақтан солдат алу мәселесіне мұсылман депутаттары мен мұсылмап газеталары да теріс қарамайтындығы айтылады.
Олардың мұндай мақсатты көздеп отырғандары егер қазақтан солдат алынса, үкімет бермей отырған депутаттықты, муфтилікті, земствоны және жер тандауын өздеріне берер әрі әскерге алынған жігіттер жер көріп, мәдениет жоғарылауына жол ашылар деген игі тілектен екендігі түсіндіріледі. Бірақ соғыс кезінде олардың айтқандарының бірі де келмейтіндігі, ол қазаққа пайда емес, залал келтіретіндігі былайша дәлелденеді: «Бірден осы соғыс тұсында қазақтан солдат алғанын қуаттау - зор ұлығу. «Уақыт» газетасы айтады: «Үйден өрт шыққан кезде әйнек сынғанына қарамайды» деп. Ол рас. Бірақ қазақтан солдат жинау соғыс үшін елден тері-терсек, темір, шойын, мыс жинаудай деп ойлау да жарамайды.
Қазақтан солдат шықса, бесіктегі баладан бастап, тоқсандағы шалға дейін алынсын демес. Пәлендей деп жас мөлшері көрсетілер. Ол жастың дәл анығын білдірерлік метірке қайда? Қазақтың жасын білу - нағыз былықпа іс.
Рас, қазақта посемейной список дегені бар екені. Ондағы жастың бірі де дұрыс емес. Ауылнайлар кімнің неше жаста екенін сұрамастан сыртынан жаза салады. Өйткені оның жасына қарап тұрған қазақ арасында бұрын жұмыс жоқ. Ауылнай һәм болоснойлардың жазуынша өз партиясы болса, 20 жастағы 40-та болып шығуы, қарсы партия болса, 40 жастағы 20-да болып шығуы оп-оңай».
Бұдан алаш азаматтарының аурудың алдын алу қамында болғандықтарын көреміз. Бұл мақала 1915 жылдың 22-қазанында жарық көріпті. Бірақ, соған қарамастан, осында көтерілген мәселенің арада бір жыл өтпей-ақ шындыққа айналуы «Қазақ» қаламгерлерінің көрегендік болмысын айқындап берсе керек.
Әскерге шақыру жөніндегі әртүрлі алыпқашпа сөз 1916 жылдың басына қарай қазақ елі құлағын түрген ең көкейкесті мәселелердің біріне айналады. Соған байланысты «Қазақ» газеті орыс және татар басылымдарының хабар-ошар, пікірлерін жариялап отырумен шектелмей, ендігі жерде оның қаншалықты рас-өтірігін айқындап, анық-қанығына жету мақсатын да алдарына тартады. Әсіресс, төртінші дума ашылу қарсаңында оның қажеттілігі еселеп арта түскен. Соған байланысты мәселенің мән жайына қанып, жұрттың өтініш-тілегін депутатгарға жеткізу мақсатында арнайы топтың Петербургке аттанғандығы газеттің 1916 жылғы 168- нөмірінде былайша хабарландырылады: «Бүгін, 9-ыншы февральде Г.Дума ашылады. ...Хүкімет Думаның бұл мәжілісіне соғысқа қатысы бар бірсыпыра закон жобасын кіргізбекші. Бұлардыц ішінде қазақтан солдат алу жобасы болуы да ықтимал. Қазақтан солдат алады деген сыбыс күзден бері естіліп келеді. Қазақтан қазір, осы соғыс үстінде, солдат алу мүмкін еместігі, қазақ халқы қамсыз жатқандығы, анық жасын білерлік метірке жоқтығы һөм басқа себептері де газетімізде кезінде жазылған еді. Думада өзімізден депутат жоқтығы, солдаттық мәселесі секілді зор мәселені қатесіз шешетін, қазақ жайын білетін депутаттардың кемдігі де айтылған еді. Бірақ газет жүзінде ғана жазылған сөз, айтылған тілек тиісті орындарға өздігінен жетпейтіндігі белгілі. Бұл тілектерге ие болып, жалпы жұрт қара көрсетіп, қам қылғандығы корінбейді. Тағдырға тапсырылып, жай жатқан түрі бар.
Солдаттық туралы қазақ халқының пікірін, тілегін хүкіметке, Думаға жеткізу үшін олармен сөйлесіп, жай-жапсарды түсіндіру үшін әр облыстан бірер өкіл баруы тиіс еді. Бұл істі қалың қазақтан күту қашпаған қашардың уызына қарағандай болатын болған соң, Дума ашылуға қарсы, Самардан
Әлихан Бөкейханов, Орынбордан Ахмет Байтұрсынов, Ақтөбе уезінен Нысанғали Бегімтаев 3-інші февральда Петроградқа жүріп кетті».
Бұдан кейін газеттің төрт нөмерінде қатар бас мақала орнына Петроград хаттары жарық көрген. Апталықтың «Бас жазушысы» қаламынан туған бұл хаттарда халықтың құлағын елеңдетіп тұрған солдаттық мәселесі егжей-тегжейлі зерттелініп, анық-қанығы күн құрғатпай қалың оқырмандар назарына ұсынылып отырылады. «Солдат алар ма?» деп атаған алғашқы хатында көрнекті қалам қайраткері күзден бергі қазақтан әскер алу жөнінде заң жобасы жасалынып жатыр деген алыпқашпа сөздің шындыққа жанаспайтындығын хабарлайды. Ол 1914 жылдың шілде айында, соғыс басталардың нақ алдында соғыс министрі тарапынан Министрлер Кеңесіне ұсынылған анықтамадан (докладная записка) туындап жүргеніне тоқталады.
Бірақ, ол анықтама керісінше мақсатта, яғни қазақтан солдат алмау жөніндс болғандығын, соған келтірілген көп дәлелдердің ішінде қазақ казарма тұрмысына шыдамайтындығы айтылғандығын жазады. Әйтсе де, қауіп сейілгенін көңілге тоқ санап, қол қусырып қарап отыруға болмайтындығын, түбінде заң шығуы ықтималдығын дума депутаттарының аузынан шыққан сөздермен тарқата баяндай келіп, алдын ала соның қам-қаракетінде болу керектігін оқырмандар назарына ұсынады.
Қалған Петроград хаттары енді не істеу керек деген сауалға жауап беруге арналған. Мәселен, «не істеуге?» деген екінші хатында А.Байтұрсынов соғыс кезінде бұрынды-соңды әскерге шақырылмай келген жұрттардан солдат алу дұрыс еместігі, онымен мүлде келісуге болмайтындығы жөнінде мәселе көтереді. Ал соғыстан кейін алам десе, оған қарсылық таныту олжа әпермейді, Одан гөрі, қалай және қандай әскерге алатындығы турасында талас туғызған пайдалы деп түйін түйеді. Сөйтіп, әскердің түрлерімен таныстырып, соның қайсысы оңтайлы екендігін көпшілік талқысына салады. Үш түрлі әскердің: жаяу әскер, ковалерист және атты қазақ болудың бірін тандағанда, соңғысының ел тұрмысына жақындығын тарата талдай келіп, «түбінде әйтеуір әскерліктен
құтылмайтын болған соң, казак (секілді әскер - С.Қ.) болуды қаламайтын қазақ жоқ шығар десек, адаса қоймаспыз», - деп басылым басқармасының пікірін ашық білдіреді. Оның себебін «солдаттың (жаяу әскердің) жүрісі жаяу, тұрысы казармада, кавалеристің жүрісі атты, тұрысы казармада, казактың жүрісі атты, тұрысы үйінде» болуынан тарқата түсіндіріп береді.
«Өгізді қойшы - өлген қойшы, түйелі қойшы - тұрған қойшы, жаяу қойшы - жатқан қойшы, атты қойшы - екпіні қатты қойшы» екеңдігін, сондықтан да атты казак болудың пайдалылығын, ал атты ковалерист болуға казарма ауасы қазаққа жақпайтындығын, ол көкірек ауруына душар ететіндігін кұрғақ сөзбен емес, белгілі ғалымдардың пікірлерімен дәлелдеп, ұстанған жолдарының дұрыстығына айқын көз жеткізуге тырысады.
Хатта көтерілген екінші мәселе халықтың тілек-ұсынысын дума депутаттарына дер кезінде жеткізіп тұру жолдарын іздестіруге саяды. Бірер адамның өтініші халық тілегі болып шықпайтындығы, оның заңдық күші болу үшін «жұрт ортасынан сходпен сайлап, думаға жіберген депутаттардың аузынан шығуы», я болмаса, «жұрт аузынан сходта приговорға жазылып барған сөз» болуға тиістігі тәптіштеп түсіндіріледі. Сол себепті күнілгері қам-қаракетін жеп, қазақтан солдат алу туралы заң жобасының дума табалдырығын аттамай тұрып-ақ өз өтініш-тілектерінің депутаттар колында болуын халқына уағыз етеді. «Қолымыздан келетін жағымен тілегімізді Думаға жеткізіп қалу - қазақ біткенге қажет іс. Мұны калғып-мүлгіп отырып өткізіп алып, қамтама калған қазақтар балаларының һәм онан кейінгі ұрпақтарының казармада шіріп, азып-тозуына себепкер болып, көрінде тыныш жата алмас, талай күрсініп, күңіренер», - деген жолдар кім-кімді де толғандырмай тұрмайды. Халқым деп соққан жүректен шыққан сөз жүрек төрінен орын иемденеді.
Осы хатында Ахаң бұған дейін де «Қазақ» газеті бетінде бір емес, бірнеше рет көтерілген метірке түзету мәселесіне қайыра соғып, оны толық шешпей тұрып, қазақтан солдат алынуы барып түрған әділетсіздік болатындығын құлаққағыс етеді: «Қазақтан әскер алудың алдында метірке
түзелуі тиіс. Метірке түзету жұмысы духовные собраниедей (муфтиліктей) қиянатсыз істейтін мекемеге тапсырылмаса, қиянатқа үйреніп қалған мекемелерге тапсырудан қолайсыз шатақ істер шығып, халық ылаңға түсуі ықтимал», - деп үлкен қауіптің алдын алуға, жұрттың әділетсіздік қүрбанына айналмауына амал қарастырады.
Сонымен, қаһарлы патша әмірі шығар күн де жақындай бастады.
«Қазақ» газетін шығарушылар күн көзін торлай бастаған қара бұлттың түсі суық екендігін күнілгері сезіп-біліп, алдағы дауылдан халықтың қамсыз қалмауын сақтандыру жолында жан аямай қызмет еткендігін көреміз. Олар халық басына үйірілген қара бұлтты дауылға айналдырмай, қалай да саяси жолмен бетін қайтару қамында қолдарынан келгенінше күресіп бақты Бірақ, амал не, патша үкіметінің қазақ елінен әскерге адам алу не алмау мәселесін халықтың өзімен ақылдаспай-ақ шешуді ұйғарып, оны шұғыл түрде жүзеге асыруға көшуі отаршыл озбыр саясаттың тағы да бет пердесін айқара түріп, әлем алдында әшкерелеп берген болатын.
Бұратана халықтардан майдан жұмысына адам алу туралы 1916 жылы 25 маусымдағы патша жарлығы ел күтпеген тосын оқиға болды. Ол жөнінен кейіннен сол бір суық хабарды елге жеткізу міндетін мойнына алған ардақты алаш азаматы М.Дулатов былайша есіне түсіреді: «1916 жылғы маусым жарлығы шыққан кезде Орынборда едім. Ахмет Байтұрсынұлы сол жаз Торғай уезіндегі санақ қызметіне кетіп, «Қазақ» газетін мен басқарып тұрдым. ...Бір күні төбеден түскен жайдың оғындай июнь жарлығы сарт ете түсті. Бұл жарлықтың бізге жайдың оғындай көрінуі қазақ еліне оның әсері қандай болатындығын сезгендігімізден еді. Бұл жарлықтың қазақ арасына қалай тарайтыны, қазақ елі не күйге ұшырайтыны көз алдымызға елестей қалды. ...«Казақ» басқармасына қазақ жерінің тұс-тұсынан телеграммалар, хаттар жауа бастады. Ол кезде «Қазақ» газетін қазақ елінің көбі көз- құлағындай көретін. Сондықтан құр телеграм беру, хат жазумен ғана қойған жоқ, жан-жақтан саулап ел адамдары Орынборға ағыла бастады. Елде не болып жатқанын, хатқа, телеграмға жазуға болмайтын сөздерді солар әкеліп
отырды. Қазақ даласы күңіренді».
Осындай халықтың арқасына аяздай батқан қаралы хабар — патша жарлығының ойламаған жерден тосыннан жариялануының өзіндік себептері де жоқ емес-тін. Бұл туралы «Қазақтың» көрнекті қаламгерлері сол бір сұрапыл заманда үн қата қоймағанмен, кейіннен, ақпан төңкерісі жеңіске жетіп, ел тізгіні қолдарына тиген уақытта көкіректерінде қатталған, көңілге түйген ойларын ортаға салмай қалмаған. Апталықтың 1918 жылғы 258 санында жарық көрген «Орынбор, 1-ші қаңтар» деген бас мақаладан біраз жайдың сырына қанамыз.
300 жылдан астам уақыт Ресей секілді алып мемлекетті жұмса - жұдырығында, ашса - алақанында ұстап келген Романовтар тұқымының тақтан түсуі бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан болды. Патшалық монархия өзі қазған орға өзі құлады. Ол соғысқа билігімді күшейтем, байлығымды молайтам деп кірсе де, күн өте келе ол үміті ақталмайтынына көзі жете бастады. «Суға кеткен тал қармайды» дегендей, сасқан тұсы да осы кез боллды. «Зор соғыстың салмағы да зор. Оны көтеруге көп күш керек. Жайшлықта керек қылмайтын халық күшін, халық ісін керек қыла бастады. ...(Оны) земстволар қолға алып, хүкімет далада қалып қоятын болды. Мұны көріп, тіпті керексіз болып, босқа қалармын деген хүкіметке қауіп кіре бастады. ...(Сол себепті) соғысты тоқтатпақ ниетке кірісті. Бірақ соғысты тоқтату да оңай бола қоймады. Соғыс басталған жылы, август ішінде Англия,Франция һәм Россия араларында жасалған, онан кейін Жапония мен Италия да қол қойған уағда бойынша, аталған патшалықтардың ешқайсысы жаумен бөлініп шығып бітім жасамасқа тиіс, ішінен бүліншілік шыққан патша ғана одақтарынан бөлек өз бетімен бітім.
жасауға ықтиярлы болды. ...Сүйтіп, бітім жасаудың жалғыз-ақ шарасы болды. Ол - мемлекет ішінен бүліншілік шығарып, соның сылтауымен бітім жасау. Соғысты тоқтатуға олай да, былай да жол қарап, Романовтар хүкіметінің ақырында тоқтаған шарасы іштен бүліншілік шығару болды.
Бүліншілік өте зор болып кетсе, басу қиын болар деп ол жағынан да
қорықты. Ептеп шамалы бүліншілік шығару жаһұтымен бұратаналарды соғыс жұмысына алмақ болып, 25-інші июнь жарлығын шығарды. Ол жарлықты жорта асықтырып, жұрттың апшысын қуырып, жанып ышқынтып, қысымшылықпен орнына келтірмек болып, телеграммамен хабарландырды. Оңдағы есептері бұратаналар соғыс жұмысынан қорқып, жарлыққа көнбейміз, адамдарын бермейміз деп бунт шығарып, бүліншілік жасар деген еді». Басылым басқармасының мұндай тұжырымы шындыққа жанаспайды дей алмаймыз.
Міне, мәселенің түп мәні. Саяси шолу осылай жазылса керек-ті.
Ойы орамды, тілі жатық, пікірі дәлелді Көтеріліп отырған мәселе қанша күрделі болса да, қысқа да нұсқа әрі көңілге қонымды түрде берілген.
Бұл білікгілікті, сондай-ақ шеберлікті де ауадай қажет етеді. Осының бәрі тоғыса келе үлкен тәжірибе мектебін алдымызға тартады.
Әлгіндегідей суық оймен суыт жүргізілген солақай саясат салдарынан
«жұрт сеңдей соғылған, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылып, «әне келеді, міне келеді» деп өлім жазасына бұйырылған үкімнің орнына келуін күткен тұтқындай болып тұрған» алмағайып уақытта халыққа жол-жөн көрсету сол кезде шын мәнінде қазақтың қамқоршысына айналған «Қазақ»
газеті басқармасына жеңіл соқпағандығы түсінікті. «Өз емірімізде басымызға тумаған ұлы дағдарысқа ұшырадық, - деп жазады ол жөніңде кейіннен М.Дулатов: - Қайтпек керек? Не істейміз? Елге не айтамыз? Біздің басшылығымыз қандай болмақ керек? Елдің ризалықпен көнгісі келмейтіні, балаларын бергісі келмейтіні, «соғыс», «солдат» деген сөздерден өлердей қорқатыны, патша үкіметіне сенімі жоқтығы белгілі. «Көнбе, берме» дейміз бе? Оның түбі не болады? Немізге сеніп, «көнбе» дейміз? Көнбейтін күшіміз қайда? ...Міне, біздің басымызды даң қылған, миымызды ашытқан, дағдарысқа қалдырған сұраулар осылар еді. Қайткенде де бізге бұл жолдың біріне түспеске болмады. Ол кезде 1916 жыл еді. Жиһан соғысының қызып тұрған шағы еді. Ресейдің таяқ жеп, халқының шаруашылығы күйзеліп, патша үкіметіне наразылық күннен-күнге күшейіп, саяси партиялардың
төңкерістен үміт етіп те тұрған шағы еді. Бірақ, ондай төңкеріс қашан болады, қалай болады? Ондай төңкеріс бола қалғанда қазақ жұрты көнбей, қарысып отырып, соған аман-есен жете ала ма? Бұған біздің көзіміз жетпеді.
Төңкеріс жолында қазақ жұрты құрбан болып-ақ кетсін деуге дәтіміз шадамады. Сондықтаң біз екінші жолды қаладық, көну керек дедік»1.
Басылым басқармасы осы шешімін газеттің 1916 жылғы 8-шілдеде жарық көрген бас мақаласы арқылы дүйім жұртқа жария етеді. Бұл күні кешеге дейін зерттеушілер «...қазақ буржуазияшыл ұлтшылдарының газеті («Қазақ» - С.Қ.) өзін ұлтын сатқан орган ретінде көрсетті. ...Ол халықты патшаның указын орындауға, патша ағзамының алдында құрдай жорғалап, қазақтарды дереу шақыру пункітіне келуге үндеді»1 деп, оңды-солды айыптауға негіз болған әйгілі мақала болатын. Ендеше, апталық жарияланымдарын тарата талдай отырып, қаншалықты патша «сойылын соққандығын» айқындамасқа амалымыз қалмайды.
«Соғыс», «солдат» деген сөздерден онсыз да үрейі ұшып, берекесі қашып тұрған жұртқа қара жұмысқа алу жөніндегі жарлықтың келіп шүйлігуі жағдайды тіпті ушықтыра түскенін айтпаса да түсінікті. Осындай қысқа күнде қырық түрлі хабар тарап, елді сеңдей сапырыстырған уақытта көзсіз көбелектей отқа ұмтылған жұртты тыныштандырып, сабырлылыққа шақыру қалайша «өз ұлтын сатқандық» болып шығады? «Малым - жанымның, жаным - арымның садақасы» деп білетін халық үшін әсіресе ауыр тигені қара жұмысқа алады деген сөз болды. Газеттің жоғарыдағы 188- санындағы бас мақалада бұл жайлы, оның ел намысына тиетіндігі туралы былайша ашық жазылады: «мынадай қырғын соғыста мал шығынынан тартынбай, әскерлікке алам десе де, ақылдасып барудан тайынбастай болып жүрген қазақ халқы бүгін қара жұмысқа алатын жарлық шыққанға дағдарып, таңырқап қалдық.
______________________________
1 Дулатов М. Он алтының ойраны //Еңбекші қазақ, 1926, 145.
1 Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі (1860-1958) – Алматы: Мектеп, 1981, 51-б.
Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару- жарақ асынып, мемлекет қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануды кемшілік санаймыз».
Мұнда өздерінің үш жыл бойғы жазып келген әскер тақырыбындағы қыруар еңбектерінің еш болғандығына наразылықтарын білдірумен қатар, ел намысын жерге таптағанмен бірдей екендігін айтып, айыптау бар. Алайда құрығы ұзын патша әміріне қарсы шығып, опа табар жол жоқ. Өйткені
«қашып жан сақтауға болмайды. Қысқа ақылмен қашатын жігіт болса, елде бүліншілік болады. Бұл күнде соғыс уақыты, тәртіп қатты, қашқындардың артынан қуғыншы отряд шығып, елді һәм артында қалған әке-шешесін, қатын-баласын шулатқаннан, шаруасын күйзелткеннен басқа өнер нәрсе жоқ». Осы себептен де патша жарлығын орындамасқа амалымыз қалмайды деген қалың қазақ еліне түсіндіру шаралары бар. Соны көпшілік қауымға жеткізуді ел ақсақалдары мен жұрт жақсыларынан өтінген тілектері берілген.
Мақала соңында автор: «Жұрт қара жұмысқа алғанын кемшілік көреді екен, олай болса жарлықты орнына келтіріп, адамын жұмысқа жіберіп отырып, ал жарлығыңды орындадық, бірақ бізге бұл лайық емес еді, бізді теңгеріп әскерлік қызметіне ал деп сұрағаны оң болады. Жаяу солдат боламыз дей ме, атты казак боламыз дей ме, ол еркі халықтың өзінде. Бұл туралы біздің пікіріміз халыққа белгілі», - деп әлі де болса, үмітті үзуге болмайтындығын ауызға алып, үркіп тулаған ел-жұртты тыныштандырғысы келеді. Сеңдей сапырылысқан халқына басу айтып, ақылға шақырады.
«Қазақ қаламгерлері патшаның сөзін сөйлеп, сойылын соқты» дегендей айыптаулар осыдан шығарылып, айтылып келген болса керек. Ол әділеттік болып шықпайды.
«Қазақ» газеті қаламгерлерінің 1916 жылғы қанды оқиғалар кезіндегі атқарған қызметтерін төртке бөліп қарастырған жөн. Олар: 1. Патшалық әкімшіліктің бұйрық-жарлықтарынан туындайтын құйтырқы саясатын елге талдап түсіндіріп отыру; 2. Ел ішінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,
халықтың бас амандығы жолында күресу; 3. Жігіттерді қара жұмысқа алу кезінде жіберілген кемшіліктерді, яғни қара басының пайдасын халық қамынан жоғары қойған «ел пысықтарын» әшкерелеп, сынап-мінеу; 4.
Майдан шебіне алынған жұмыскерлердің күйін күйттеп, қам-қаракетін жеу, олардың арасында болып, керек-жарағын түгендесіп, хал-жағдайларын жариялаи тұру.
Апталық тігіңділерін ақтарып отырып, басылым басқармасының осы талап-міндеттер үдесінен шыға алғандығына көз жеткізу көп қиындық келтіре қоймайды. Алдымен, жоғары билік орындарының бұйрық- жарлықтарын қандай мақсатта жариялап отырды деген сауалға жауап іздесек, оның өзіңдік мән-мағынасы да жоқ еместігін байқауға болады. Бөл арқылы патша жарлығының қатаң екендігін, оның жолында әкімшілік ештеңеден тайынбайтындығын танытуға мүмкіншілік туғае еді. Бір ғана мысал, газеттің 1916 жылғы 207-нөміріңде «Торғай облысы Ырғыз һәм Торғай уездерінің бас хакімінің бұйрығы» деген жарияланымды алып қарайық. Мұнда үкім қысқа да нұсқа: бітірудің ең ақырғы срогы - 15-інші январь 1917-інші жыл. 15-інші январьдан кейін шақыруға келмеген еркек жанның бірі қалмай жасын айыру үшін қаралады һәм жасы 19 бен 31 арасында болып, шақыруға келмегендер ауру-сырқауына қарамай, патша жарлығынан бас тартқаны үшін тегіс судқа беріледі» деген бұйрық жай реті келген соң айтыла салған сөз емес, шындығында облыс тұрғындарының басына төнген нәубет болатын. Бұл жөнінде басылым басқармасы атынан жазылған, апталықтың 1917 жылғы 214-санында жарияланған «Военное положение» деген мақалада біраз жайдан сыр тарқатылады. Автор (аты-жөні көрсетілмеген, біздіңше, А.Байтұрсынов) Сенатқа түсірген патша жарлығын қаз-қалпында келтіре отырып, Ырғыз, Торғай және Қостанай уездеріне военное положение орнағанын оқырмандарға хабардар етеді және оның не жарлық екеніне жан-жақты түсініктеме береді.
Осында военное положениенің елге тигізетін зардап-залалының ең үлкені жай соттың әскери сотпен алмасатындығына байланысты екендігі
ауызға алынады: «Қазаннан Ырғыз, Торғай уездеріне баратын военный суд шығайын деп жатқан көрінеді. Военный судтың жай гражданский судтан айырылатын толып жатқан жігі бар. Военный судтың жазасы күшті, ісі шапшаң. Жай судтай следство жасау жоқ. Тергеу, тексеру қысқа. Құрылған жерінен тысқары болса, айғақтарды сұрамасқа ықтиярлы. Жазу-сызу аз.
Хүкімді тез орнына келтіру қажет десе, ол хүкімінің үстінен риза алмасқа ықтиярлы. Военное положение соғыс заңында болған соң, созып отыру жоқ.
Ұмар-жұмар іс бітіру болады. Түркістанда военный суд құрылып, бүліншілік шыққан жерлерінің халқы тергеуде. Талай адамдар жазасын тартып та қойды», - деген жолдар жоғарыдағы Торғай облысы бас хакімінің бұйрығы түбі осылай болып жүрмесін дегенді ескертіп тұрғандай. Кейіннен Ақтөбе қаласында өткен митингіде Торғай облысының вице- губернаторының «Бірде-бір қырғыз (қазақ-С.Қ.) тірі қалмаса да, патша бұйрығы орындалатын болады»1 деген сес көрсетуі ондай қауіптің негізсіз еместігін тайға басқан таңбадай айқын аңғартады.
Бұдан басылым басқармасы жоғарғы билік мекемелерінің бұйрық- жарлықтарын, қарарлары мен сот шешімдерін жариялай отырып, оларды өз қажеттеріне жарату мақсатын көздегендіктерін көреміз. Сол арқылы жұрттың көзін ашып, ненің не екенін түсіндіру, елді елертушілердің сөзіне еріп, арандап қалмауларына жол-жөн көрсету қам-қарекетінде болғандықтары байқалады. Бұл сол кезең жағдайында халықты қырғынға ұшыратпай, аман сақтап қалудың бірден-бір дұрыс жолы болғаны дәлелдеуді тілемейді.
«Қазақ» қаламгерлерінің сынықтан сылтау іздеп отырған патша үкіметінің қылышынан қан тамған солақай саясатына қарсы халықты жаппай қырылудан аман сақтап қалу жолындағы күресінің екінші тармағы ел ішіне барып түсіндіру жұмыстарын жүргізумен, газет арқылы үндеулер таратумен жалғасады.
________________________________
1 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитетінің архиві, 75754 іс, 100 п. 1 т.
Осы бағытта қолға алған іс-шаралары халық өкілдерінің басын қосып, осынау ел басына түскен ауыртпалықты жеңілдетуі мүмкін деп күтілген мәжіліс өткізуден басталады. Торғай, Орал, Ақмола, Семей және Жетісу облыстары қазақтарының қатысуымен 9 тамыз күні Орынборда өткен мәжілісті ұйымдастыруға «Қазақтың» бас жазушысы А. Байтұрсынұлының үлкен еңбек сіңіргеніне мына бір дерек дәлел.
«Туркестанские ведомости» газетінің 1916 жылғы 28-шілдедегі санында: «Губернатор Тургайской области пригласил к себе редактора киргизской газеты «Казах» и имел с ним обстоятельную беседу о призыве мусульман ни оборонительные работы. По этому поводу местная киргизская интеллегенция имело общее собрание, в котором участвовали также известные киргизские общественные деятели и представители общественных организации», - деген хабар жарық көрген. Осыған қарап мәжіліс «Қазақ» қаламгерлерінің басшылығымен өткендігін көреміз.
Апталықтың 1916 жылғы 192-санында жарияланған мәлімет бойынша, осы жиында 18 баптан тұратын талап-тілек алдыға тартылған болатын. Олардың негізгілері мыналар: «1.Солтүстік уездеріндегі қазақ жігіттерін келер жаңа жыл - бірінші январьға дейін, оңтүстік уездер халқын 1917 жылғы 15 мартқа дейін алмай кешіктірсе екен. 2. Ең әуелі 19 бен 31 арасындағы жастардың үштен бірі ғана алынса екен. Алғанда 19 жастан бастап алуы тиіс. Өйткені бұл жастағылардың көбі үйленбегендер болады... 3. Бір үйдегі шаруа басқаратын алынатын жастағы бір жігіт қалса екен (егер сол үйдің басқа еркектері 17-де, яки 50-ден аспаған болса). 4. Шаһар медреселерінде оқып жүрген шәкірттер қалсын... Алынған жігіттер отыз кісіден қостас болсын.
Әр қосқа бір переводчик һәм он қосқа бір молда сайлансын...»
Бұдан М.Дулатовтың жоғарыдағы тілге тиек етілген «Он алтының ойраны» деген мақаласында: «... неше түрлі сылтаумен (жарлықтың орындалуын - С.Қ.) соза түсу жағын ескеріп отырдық» деп жазатынындай, мәжілістің сол мақсатта ұйымдастырылғанына көз жеткіземіз. Ел қамын терең ойлаған алаш азаматтарының бұл әрекетінен нәтиже де жоқ емес.
Патшалық әкімшіліктің қазақтан қара жұмысқа алу жүмысын 15 қыркүйекке кейін шегеруі соның жемісі болатын. Торғай облысы губернаторының жоғарыдағы талап-тілекке орай 25 тамызда «Отказать, отсрочка предоставлена только до 15 сентября»,1 - деген шешім шығаруы - соның айқын айғағы.
1916 жылдың шілде айының орта тұсынан бастап бүткіл қазақ даласында өте ауыр жағдай қалыптасты. Бір жағынан, патша жарлығына қарсы халық наразылығы ушыға түссе, екінші жағынан, патша үкіметінің үкімін қайтсек те орнына келтіреміз деп қаһарланған жергілікті билік мекемелері күшке көшуге дайындалып жатты.
Міне, осындай өлкені өрт құшып тұрған аласапыран уақытта, кейіннен алаш ардақтысы М.Тынышбаев дәл басып көрсеткендей, аттөбеліндей көзі ашық қазақ зиялылары екі бірдей оттың ортасында қалды. Біріншіден, патшалық әкімшілік оларға көтерілісті ұйымдастырушылар ретінде сезіктене қарап, бақылауды, қысым корсетуді күшейте түссе, екіншіден, қарапайым халық та олардың патша әміріне қарсы ашық күреске шыққан көтерілісшілерді қолдамауын кері түсініп, түрлі өсек-аяңға бой алдыра бастайды.
Лай суда балық аулауды әбден әдеттеніп алған ел ішіндегі орта бұзар пайдакүнемдерге керегі дс осы болатын. Олар онсыз да жалындап тұрған отты одан сайын құшырлана көсей түсіп, бүлінген елден бүлдіргі таппаққа әрекеттеніп баққан Газеттің 1917 жылғы 239-нөмірінде жарияланған «Қазақ баспаханасы» деген мақаласында М.Дулатовтың: «жәбірді жаудан көргеніміз жок, жақыннан көрдік. Ағайынның шағымымен абақтыға жатқан ақынның (А.Б.) айтқаны бар:
_______________________________
1 Сапаргалиев Г. Карательная политика царизма в Казахстане (1905-1917). Алма-Ата: Наука, 1966, 91-стр.
1
«Еш нәрсе емес абақтыға жапқаны, Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған қиын осылардың бәрінен Өз аулымның иттері үріп жатқаны».
Бізге ең қиыны, жанымызға батқаны жаудың жақыннан шыққаны болды. Ол күндері біз көрген қорлығымызды халыққа жариялап шыға алмайтын едік. Күзетші-тыңшы көп еді. Біз жетім едік, жалғыз едік.
Жолдасымыз жоқ еді. Халыққа көрініп, қызмет етейін деген азаматтар ақшаға ар-иманын сатқан жүзіқаралардан қаймығып, жарыққа шыға алмайтын еді», - деп жазуы сол жайынан сыр тарқатады.
Осы мақалада сондай халық қамын өз пайдасына мансұқ еткен жүзіқаралардың кесірінен газет 1916 жылы да әкімшілік орындарының тінту, тексеруіне ұшырағанынан нақты деректер келтіріледі. Оны архив материалдары да жоққа шығармайды. 1916 жылғы 19 шілдеде Орынбор генерал-губернаторының атына Орал губернаторынан телеграмма келіп түскен. Онда ілбішін уезіндегі 6-ауылда 7-шілде күні Қажығалым Аулымбердиев деген молданың басқаруымен өткен мәжілісте қазақтардың соғыс жұмысына адам бермеу жөне үкімет орындарына тізім жасатпау туралы шешім қабылдағаны және сол жиында молданың әскерге адам бермеуге шақырған Бөкейхановтың хатын оқығаны жөнінде ақпар алынғандығы айтылған. Телеграммада сондай-ақ айтылған уездің басқа да ауылдарында болып өткен басқосуларда «Қазақ» газетінің қызметкерлері Байтұрсынов пен Дулатовтың да есімдері айтылып, оларға қазақтың ылғи да кеңес алуға барып тұратындығы көрсетіледі».
Мұндай шағым-арыздың аяқсыз қалмайтындығы айтпаса да түсінікті.
Жоғарыдағы мақалада Орал губернаторының телеграммасына орай 1916 жылы 12 тамызда Орынбор жандарм мекемесінің бастығы полковник Кошинцевтің Орынбор губернаторына берген 8680 нөмірлі құпия анықтамасынан мәліметтер келтіріледі. Онда аты аталған «Қазақ»
қаламгерлеріне тағылған айыпқа қатысты мынадай деректер бар: «1.Орал
губернаторының телеграммасында Байтұрсынов 25-інші июнь жарлығына қарсы қазақты құтыртты дейді. Бірақ ол 23-інші майдан август басына шейін Торғай уезінде мал есебін алып жүрді. Торғай уезінде ондай іс істегені естілмеді. 2...Орал губернаторының телеграммасы бойынша, 30-ыншы июльде Дулатовтың пәтерінде һәм «Қазақ» басқармасында тінту болды.
Бірақ 25-інші июнь жарлығына қарсы қазақты құтыртқандай ешнәрсе табылмады. Ә.Бөкейханов туралы Самар жандарм мекемесіне білдірдім.
Самар жандарм мекемесінің бастығынан хабар алдым, Бөкейхановты сыртынан бақылап жүрміз деген»...
Осылайша әкімшілік мекемелерінің қатаң бақылауында болған
«Қазақ» газеті қаламгерлерінің патша жарлығына қарсы ашық күреске шыққан көтерілісшілерді қолдай қоймауы қарапайым халық тарапынан да түсінбеушілік туғызған. Сол себептен де басылым басқармасына өздерінің ұстаған жолдарын айқындап, көпшілік қауымға дұрыс жеткізіп отыру үшін көптеген хат-хабар, мақалалар мен үндеулер жазып таратуларына тура келеді. Олардың барлығына бірдей тоқталып, талдап, жатпай-ақ Алаш азаматтарының осынау халық басына түскен зар замандағы атқарған қызметтерін «Қазақ жұртына», «Алаштың азаматы» және «Торғай һәм Ырғыз уезінің халқына» деп аталатын үш бірдей үндеу жариялауларынан-ақ толық тануға болады деп білеміз.
Үндеу қоғамның көкейкесті мәселесіне орай көпшіліктің назарын өзіне аудару үшін белгілі бір әлеуметтік топтың немесе жеке тұлғалардың халқына арнауы екендігі белгілі. Қазақ баспасөзінің қалыптасу дәуірінде мүндай әдіс-тәсілдің алғаш рет қажетке жаратылуынан-ақ «Қазақ»
басқармасының, атап айтқанда, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтардың қолдарынан келгенінше халқына адал қызмет етуден аянып қалмағандарына көзіміз жете түседі.
Апталықтың 1916 жылғы 192-нөмірінде жарық көрген «Қазақ жұртына» деген алғашқы үндеулері ел арасында өздерінің аттарын жамылып, жаңсақ пікірмен елді еліртіп жүрген алаяқтардың бет-пердесін
түріп, әшкерелеу мақсатында жазылған. Газет арқылы көпшілік қауымды олардың сөзіне сеніп, арандап қалмауға шақырады. Апталықтың 8-шілдедегі 188-нөмірінде жарияланған патша жарлығына қарсылық қылмай, көну керек деген пікірінің «жеті рет өлшеніп, бір рет пішілген» шешім екендігін былайша шегелеп жеткізеді: «...патша жарлығына қарсылық қылмай орнына келтіру керектігін газетіміз арқылы алты алашқа жариялау жолындамыз.
Біздің мұнан басқа бүгіп отырған сырымыз, ақылымыз жоқ. Хатпен кісі пікірін жұртқа тегіс жая алмайды. Жұртқа тегіс тарайтын неше мың болып жұмасына басылып шығатын газеттегі сөз екендігі әркімге таныс болған шығар. Сондықтан газеттегіден басқаға сенбеңдер һәм көнбе деп біз жазды деген хатқа екі бастан сенбендер. Біз ондай сөзді айтпаймыз».
Ал не себепті көну керек деп отырғандарын газеттің дәл осы нөмірінде жарияланған «Алаштың азаматына» деген екінші бір үндеулерінде жан- жақты ашып көрсетіп, ұстанған жолдарының дұрыстығына оқырман көзін жеткізе түседі. Мұнда талдап-түсіндірудің ұтымды жолы таңдалған. Ол қара жұмысқа жігітгерді бермеуден туатын қиыншылықтар мен патша жарлығына көнуден келетін ауыртпашылықты қатар қойып салыстыру әдіс- тәсілі болатын. Осы арқылы қайсысы дұрыс екендігін оқырманның өз таңдауына қалдырылуы туындының асқан шеберлікпен жазылғандығын танытады.
Сонымен көнгенде келер қиыншылық пен көнбей, қарсыласқаннан туар ауыртпашылықтың қайсысы халыққа жеңілдеу тиеді деген сауалға алаш ардақтыларының берген жауабы мынадай: «Көнгенде, шаруаға кемшілік те келер, барған жігіт қазаға да, бейнетке де ұшырар, бірақ елдің іргесі бұзылмас. Ал көнбегенде, хүкімет құр өкпелеп қана қоймас, күш жұмсар, ол күшті законға сүйеніп істер» дей отырып, оған нақты мысалдар келтіреді. Торғай, Орал облыстарында бірлі-жарым писерлеріне зиян келгенін сылтауратып елге әскер шығарылғанын, көптеген кісілер абақтыға жабылып, әскери сотқа тапсырылғанын, ал Жетісу облысында арыз-шағым айтқандар таяққа жығылып, тұтқындалып, қорлыққа ұшырап отырғанын