• Tidak ada hasil yang ditemukan

Қазақ тіліндегі мағыналық үйлесімділік пен тіркесімділік мәселесі

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Қазақ тіліндегі мағыналық үйлесімділік пен тіркесімділік мәселесі"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

Қазақ тіліндегі мағыналық үйлесімділік пен тіркесімділік мәселесі

Г.О. Сыздықова, ф.ғ.д., доцент Қазақстан, Астана Тіл білімінің қазіргі даму кезеңінде тілдік құбылыстарды формадан мазмұнға қарай зерттеу бағытына баса назар аударылып, соның негізінде тіл бірліктері мен заңдылықтары жаңа ғылыми парадигмада жан-жақты қарастырылып жүргендігі белгілі. Бұл тіл ғылымында жаңа бағыттардың қалыптасуына, тіл деңгейлеріндегі құбылыстардың жаңаша қырларын анықтауға да белгілі бір дәрежеде әсер етпей қоймайды. Сондай ӛзекті мәселелердің бірі – валенттіліктің семантикалық теориясындағы сӛз мағыналарының үйлесімділігі мен тәркесімділігі мәселесі.

Қазақ тіл білімінде сӛз таптарының лексика-семантикалық, грамматикалық сипатына қатысты жалпы және жекелеген теориялық мәселелерімен қатар сӛз таптары қатарындағы сӛздердің мағыналық үйлесімділігі мен тіркесімділігі А.Байтұрсынов, Қ.

Жұбанов, Н. Сауранбаев, Ы. Маманов, М. Оразов, А. Ысқақов, С. Исаев т.б. ғалымдардың еңбектерінде ғылыми тұрғыдан жан-жақты қарастырылып, соның негізінде валенттіліктің семантикалық теориясына қатысты маңызды теориялық тұжырымдар қалыптасты.

Қазақ тілінің дыбыс, сӛз және сӛйлем жүйесін ғылыми негізде қарастырып, тілдің жалпы жүйесінің теориялық негізін салушы А. Байтұрсынұлы сӛз мағыналарының үйлесімділігі туралы: «Қандай құрал болса да, оның жұмсаушысы екі түрлі болмақ. Біреуі – құралдың ішкі-тысқы бӛлшектерінің бәрін біліп, олар қалай бір-біріне үйлесіп, үйлескенінен шығатын тетіктер бір-біріне қалай жалғасып, қалай қызмет ететіндігін біліп отырып жұмсаушы. Екіншісі – олардың бәрін білмей-ақ құралдың жұмсауға керегі бар тысқы бӛлшектері мен тетіктерін кӛріп, жұмсау әдісін үйреніп алып жұмсаушы. Ішкі бӛлшектері мен тетіктерін бұл таныс құралды жұмсап жүріп, онымен кӛп істес болып барып,тәжірибе арқылы таниды»[1, 186] деп жазады. Мұндағы құрал – тіл, жұмсаушы – адам, ішкі-тысқы бӛлшектер – тіл бірліктерінің ішкі мағынасы мен сыртқы формасы, бӛлшектердің үйлесуінен шыққан тетіктер – сӛз тіркесі мен сӛйлем. Ғалымның пайымдауынша, тілдің «тысқы бӛлщектері мен тетіктеріне»қарағанда, «ішкі бӛлшектері мен тетіктері», яғни сӛздің сыртқы грамматикалық формасына қарағанда ішкі мағынасы сол сӛздің тілдің белгілі бір деңгейінде басқа сӛздермен тіркесімділік байланысын анықтау үшін аса қажет. Ал тіл бірліктерінің бір-бірімен байланысуы олардың мағыналық үйлесімділігіне негізделеді. Сӛз басқа сӛздермен мағыналық үйлесімділік болған жағдайда ғана байланысады.

Сӛз мағыналарының үйлесімділігі туралы ғалым Қ. Жұбановтың зерттеулерінде де маңызды тұжырымдар жасалады. «Сӛздер жеке-жеке жүреді, бірақ олар жекелік үшін жасалған емес, басқаға жанасым тауып, үйлесерлік болып жасалған. Ӛз басы атау болуға жаралған сӛзді бүтін дейміз. Бүтін, әрине, бӛлшек емес. Сӛйте тұра олар құрамды бӛлшек болып барып материал болып, тұтас ой туғызатындықтан, жеке сӛздерді үйлесім табушылар тобының бір бөлшегі дейміз. Бұл айтылған бүтіндік пен бӛлшектілік бірінсіз-бірі ӛмір сүре алмайды(семасиология мен лексика бір зат, бірақ ілім ол екеуін бір- бірінен айырып қарайды: лексика – сӛздің денесі болса, семасиология – мағынасы)» [2, 99]

деген тұжырымды негізге алсақ, сӛз мағынасы оның атауыштық қызметімен толық сипатталмайды, бұл жағдайда, яғни сӛздің «тұтас ой туғызуы» оның басқа сӛздермен үйлесімділігі негізінде жүзеге асады. Сӛз атау қызметінде бүтін ретінде танылса, үйлесімділік қызметте бӛлшек болып табылады. Сӛздердің бӛлшектік қызметі олардың екінші сӛзбен тіркесімінде анықталады. Ғалымның «жеке сӛздерді үйлесім табушылар тобының бӛлшегі» деп атауы олардың тіркесімділік қабілетіне қатысты болып келеді. Ал

(2)

сӛздердің мағыналық жағынан үйлесімділік сипатқа ие болуы олардың валенттілік байланысына негіз болады.

Қазақ тіліндегі сӛздердің мағыналық үйлесімділігі мен тіркесімділігінің арақатынасы ғалым Ы.Мамановтың тұжырымдарында да дәйектеледі. Зерттеуші сӛздердің бір-бірімен тіркесуінің «бірінші шарты – сӛздер тіркесуі үшін олардың арасында мағыналық (ұғымдық) үйлесім болу керек. Мысалы, жақсы стол, биік стол, үлкен стол деп айтуға болады. ...екінші шарты – тіркес құрайтын сӛздер арасында мағыналық үйлесім болумен бірге, олар грамматикалық формада қолданылып, жалғаулар арқылы тіркеседі» [3, 422] деп, сӛз мағыналарының үйлесімділігін сӛз тіркесімділігінің ең басты шарттарының бірі ретінде атап кӛрсетеді.

Сӛздердің мағыналық үйлесімділігінің сӛз тіркесіміндегі маңызын түсіндіруде ғалым С.Исаевтың тұжырымдарының да маңызы зор. Ғалым: «Сӛздердің тіркесуі тіркеске енетін сӛздердің семантикасы мен олардың қолданылу, қалыптасу дәстүріне байланысты.

Ӛзара мағыналық байланыста айтыла алатын сӛздер ғана синтаксистік байланыста, белгілі сӛз тіркесінің құрамында айтыла алады» [4, 77] деп, сӛздердің арасындағы мағыналық байланысты, яғни мағына үйлесімділігін синтаксистік сӛз тіркестерінен жоғары қояды.

Соның негізінде сӛздердің синтаксистік тіркесімділігі мен лексикалық тіркесімділігінің аражігін нақтылап, сӛздердің мағыналық үйлесімділігінің синтаксистік тіркесімділікке қарағанда лексикалық тіркесімділік үшін шартты екендігін атап кӛрсетеді. Бұл орайда ғалым К. Ахановтың «...сӛздердің бір-бірімен грамматикалық тұрғыдан тіркесу қабілеті мол болғанымен, олар лексикалық тұрғыдан тіркесу мүмкіндігі болған жағдайда ғана бір-бірімен тіркесіп, сӛз тіркесін жасай алады» [5, 388] деген пікірі де осы тұжырыммен сабақтасып, лексикалық тіркесімділік үшін мағыналық үйлесімділіктің

шарттылығы нақтылана түседі.

Сӛздердің лексикалық мағыналары бір-бірімен мағыналық жағынан үйлесу үшін шындық болмыстағы тоқтаусыз жүріп жатқан үздіксіз процестер де динамикалық сипаттағы үйлесімділікке сай жүруі қажет болады [6,105]. Заттар мен құбылыстардың, қимыл-қозғалыстардың ӛзара ықпалдасуы негізінде туған әртүрлі қатынастар адам санасында үйлесімділікке негізделген жүйелі процестер арқылы орнығады. Зерттеуші Ғ.Хасанов шұбатылған сӛзінің басқа лексемалармен лексикалық тіркесімділігін (мысалы, шұбатылған ащы шектей, шұбатылған түтін, шұбатылған көш, шұбатылған адамдар т.б.) талдай келіп, «сӛз мағыналарының үйлесуі негізінде заттық және ұғымдық деп аталатын мағынаның құрамдас бӛліктерінің басты болатындығын» [6, 105] анықтайды.

Лексикалық мағынаның құрамдас бӛліктерінің арасындағы байланыс арқылы сӛздер мағыналық жағынан үйлесімділік сипатқа ие болады. Шындық ӛмірдегі зат, құбылыс, қимыл-әрекетке тән басты белгілер адам санасында ұғым арқылы жинақталып, қорытылады. Заттың, құбылыстың негізгі, жалпы белгілері ұғым болып, тек сӛз арқылы қалыптаса алады. Ұғым тілдегі сӛздердің негізінде туады, сол арқылы жарыққа шығады.

Тіл білімінің семасиологиялық бағыттарындағы зерттеулерде «үйлесімділік»

сӛздердің мағыналық құрамындағы компоненттерінің семантикалық жағынан үйлесуі ретінде қарастырылады. Мағыналарының арасында ӛзара үйлесімділік болған жағдайда ғана, сӛздер тіркесімділік қатарда байланысады.

Жалпы сӛз мағыналарының үйлесімділігі мен олардың тіркесімділігі арасындағы қарым-қатынас тіркесімділіктің тілдік болмысын кеңінен анықтауға мүмкіндік береді.

Контексте басқа бір сӛзбен тіркесімге түсуі сӛзді семантикалық сипаты тұрғысынан айқындайды. Сӛздер, лексикалық бірлік ретінде, тіркесімділік сипатына қарай жекелеген мағыналарының ұқсастығы негізінде топтастырылса, ұғымдық мағынасының ортақтығына қарай контексте негізгі мағынадан басқа сипатта да қолданылуы ықтимал.

Сӛздердің тіркесімділігіне тілдің ішкі факторларымен қатар сыртқы факторлар да әсер етеді. Мәселен, сӛз мағынасының ӛзгеруі, дамуы, жаңа қолданыстық сипатқа ие болуы оның тіркесімділік аясын кеңейтеді. Ал белгілі бір сӛздің мұндай ӛзгерісі тілден тысқары себептерге байланысты болатындығы белгілі.

(3)

Тіркесімділік – аса кең ұғым. Сӛздердің тіркесімділігі лексикалық, семантикалық және грамматикалық факторлар арқылы анықталып, соның негізінде бірнеше түрлерге бӛлінеді. Атап айтсақ, семантикалық тіркесімділік, лексикалық тіркесімділік және морфосинтаксистік тіркесімділік. Морфосинтаксистік тіркесімділік сӛздің қай сӛз табынан болуына және оның грамматикалық формаларына байланысты болса, семантикалық тіркесімділік ӛзара байланысатын сӛздер мағынасында ортақ семаның (синтагмема) болуымен, ал лексикалық тіркесімділік лексемалар арасында пайда болады.

Белгілі бір құбылыс, әрекет ӛздігінен пайда болмайды, олардың пайда болуы мен қалыптасуының, дамуының ӛзіндік себебі, дәлелі болады. Ғылымда мұндай құбылыс уәждеме (мотивация) ұғымымен түсіндіріледі. Сӛздердің бір-бірімен тіркесім құрап, ӛзара мағыналық байланысқа түсуінің ӛзіндік уәждемесінің болуы немесе болмауы олардың мағыналық жағынан үйлесуі немесе үйлеспеуімен байланысты. Сӛз мағыналарының үйлесімділігі олардың тіркесімділік құрамдағы мағынасына да әсер етеді. Мысалы: суық, ызғарлы, қаһарлы,боранды сын есімдері тура мағынасында жыл мезгілдері атауларының ішінде тек қыс сӛзімен ғана мағыналық жағынан байланысып, тіркесім құрайды.

Тіркесімділік құрамындағы сӛздердің семантикалық құрылымындағы ортақ семалар олардың ӛзара байланысып, тіркесім жасауына негіз болып тұр.

Белгілі бір сӛздің сӛз табы ретіндегі семантикалық белгісі оның сӛз тіркесі құрамындағы екінші бір сӛзбен арадағы лексикалық қарым-қатынасы негізінде анықталады. Сӛздердің сӛйлем ішінде жүйелі түрде синтетикалық тәсілдермен байланысып, ӛзара лексикалық және грамматикалық қарым-қатынаста болу негізі де олардың тіркесімділігімен тікелей байланысты.

Жалпы, тіркесімділік сӛздерге ғана тән емес, сӛз құрамындағы морфемалар мен фонемалар да ӛзара үйлесімділігі негізінде тіркеседі. Тілдің белгілі бір деңгейіндегі тіл бірліктерінің тіркесімділігі сол деңгейдегі белгілі бір заңдылықтармен жүзеге асады.

Мысалы: Сырт бітімі бұрынғысынан да жарасымды (Б.Н.) деген сӛйлемдегі сӛздердің, сӛз құрамындағы морфемалар мен фонемалардың тіркесуі белгілі бір тілдік заңдылыққа бағытталады. Сондықтан тіркесімділік қасиеті тек жекелеген сӛздерге ғана емес, сол сӛзді құраушы морфемаларға, дыбыстарға да тән, яғни фонема мен фонема, морфема мен морфема, сӛз бен сӛз арасында болып, олардың әрқайсысы сол тілдік деңгейдің заңдылықтары бойынша жүйеленеді. Мәселен, фонемалар деңгейіндегі тіркесімділік фонемалық белгілердің үйлесу-үйлеспеуінен кӛрініп, үйлеспейтін белгілері бар фонемалар тіркескенде, олар комбинаторлық ӛзгеріске ұшырайды. Мысалы:басшы (башшы),сенбі (сембі),он күн (оңгүн) т.б.

Ғалым С.Исаев «тіркесімділік – сӛздердің тек грамматикалық (синтаксистік) қызметі ғана емес, лексикамен, сӛздердің ішкі мағына сыйымдылығымен, семасиологиямен тығыз байланысты. Сӛздердің ішкі мағына сыйымдылығына қарай олардың тіркесімділігі артып я кеміп отырады. Тегінде, сӛздердің ішкі мағыналық шеңбері, кӛлемі тіркес арқылы ашылып, содан кӛрінеді. Осы жағынан сӛздердің тіркесімділігі лексика-грамматикалық категория тұрғысынан зерттелуі тиіс. Синтаксистік (грамматикалық) ӛрісі мен семантикалық сыйымдылығын салыстыра отырып, соған сәйкес қарағанда ғана сӛздердің тіркесімділік сыры толық ашылмақ» [7, 140] деп, сӛз тіркесімділігі мәселесінің тек грамматикалық тұрғыдан ғана емес, семантикалық, оның ішінде мағыналық үйлесімділігі тұрғысынан да зерттелуі қажеттігіне назар аударады.

Сӛз тіркесімділігінің «сӛздердің мағыналық сыйымдылығына сүйенуі», «сӛздердің ішкі мағына сыйымдылығымен байланыстылығы», «сӛздердің ішкі мағыналық шеңберін, кӛлемін ашуға» негіз болуы тіркесімділік ұғымының валенттілікпен тығыз байланысын кӛрсетеді.

«Сӛздердің бір-бірімен тіркеске түсуінде, сӛз тіркесімділігінің жүзеге асуында сӛздердің лексикалық мағынасы жағынан да сәйкестігінің атқаратын қызметінің орасан зор» [7, 22] екендігін ескерсек, сӛз тіркесімділігі тілдік категория ретінде сӛздердің лексикалық мағынасы жағынан да байланысты болуына негізделеді. Сӛз тіркесімділігі мен

(4)

сӛз семантикасы арасындағы қарым-қатынаста сӛз семантикасы сӛздің тілдік жүйедегі лексика-семантикалық бірлік ретіндегі мағынасы арқылы, тіркесімділік сӛздердің синтагматикалық қатынасы негізінде анықталады. Бұл орайда сӛз тіркесімділігін грамматикамен қатар лексикалық тұрғыдан да қарастыру қажеттілігі туындайды.

Тіркесімділік мәселесін лексикалық жағынан қарастыруда сӛздердің сӛйлемдегі байланысының қалыпты жақтары негізге алынады, ал оның лексикалық бірлік ретіндегі ерекшелігі олардың мағынасына тәуелді болмайды.

Тіл теориясында лексикалық және синтаксистік тіркесімділік ұғымдарының арасындағы айырмашылықтар олардың құрамындағы тілдік бірліктердің грамматикалық байланысымен сипатталады. Сӛздің лексика-грамматикалық категорияның бірлігі ретінде тіл жүйесінде белгілі бір байланысқа түсіп, соның негізінде сӛйлесімде нақты орынға ие болуы синтаксистік тіркесімділік ретінде қарастырылса, осы бірліктің басқа тілдік бірліктермен байланысуы және ол байланыстағы талғампаздық қабілеті лексикалық тіркесімділік ретінде танылады. Осындай ерекшеліктеріне байланысты синтаксистік тіркесімділік сӛздердің грамматикалық топтарына қатысты анықталса, лексикалық тіркесімділік сӛздің жеке семантикалық қасиеттеріне, оның ішінде мағыналық үйлесімділікке негізделіп, сӛздердің тар кӛлемдегі тіркесімінің заңдылықтарымен анықталады.

Сонымен, сӛздер ӛзара мағыналық үйлесімділігі болған жағдайда ғана тіркесімділік сипатқа ие болады. Ал сӛздердің арасындағы ӛзара мағыналық үйлесімділік негізінде пайда болған тіркесімділіктің валенттілікпен байланысы лексикалық және синтаксистік тіркесімділіктердің жалпы валенттілік құбылысымен арақатынасында анықталады.

Әдебиеттер тізімі

1. Байтұрсынұлы А. Тіл – құрал.-А.: Сардар,2009.

2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жӛніндегі зерттеулер.-А.: Ғылым,1999.

3. Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері.-А.: Арыс,2007.

4. Исаев С. Қазақ тілі жайында ойлар.-А., 1997.

5. Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-А.: Санат,1993.

6. Хасанов Ғ. Қазақ тілінің лексикалық синтагматикасы.-А., 2009.

7. Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е. Қазақ тіліндегі сӛз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі.-А.: Санат,1997.

Referensi

Dokumen terkait

Мақалада жазушы ӛмір сҥрген ортадағы оқиғалар мен куә болған жайттар, танымал тҧлғалар ӛмірі, ғылым, әдебиет, мәдениет мәселелері де қарастырылған.. Қарымды қаламгердің тарихи- танымдық