ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Студенттер мен жас ғалымдардың
«Ғылым және білім - 2014»
атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ
СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ
IX Международной научной конференции студентов и молодых ученых
«Наука и образование - 2014»
PROCEEDINGS
of the IX International Scientific Conference for students and young scholars
«Science and education - 2014»
2014 жыл 11 сәуір
Астана
УДК 001(063) ББК 72
Ғ 96
Ғ 96
«Ғылым және білім – 2014» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІХ Халықаралық ғылыми конференциясы = ІХ Международная научная конференция студентов и молодых ученых «Наука и образование - 2014» = The IX International Scientific Conference for students and young scholars «Science and education - 2014».
– Астана: http://www.enu.kz/ru/nauka/nauka-i-obrazovanie/, 2014. – 5830 стр.
(қазақша, орысша, ағылшынша).
ISBN 978-9965-31-610-4
Жинаққа студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша баяндамалары енгізілген.
The proceedings are the papers of students, undergraduates, doctoral students and young researchers on topical issues of natural and technical sciences and humanities.
В сборник вошли доклады студентов, магистрантов, докторантов и молодых ученых по актуальным вопросам естественно-технических и гуманитарных наук.
УДК 001(063) ББК 72
ISBN 978-9965-31-610-4 © Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті, 2014
5120
әлеуметпен жаңа ӛмірінің қалыптасу мақсатымен тұлғаның жеке дара сана реттеуші ақаулықтардың жойылуы. Сонымен қоса, автор сотталушыға сырттай ықпал ету жолымен оған жасаған қылмысына ӛкінуге, кӛндіруге, ӛз кінәсін мойындатуға, ӛзін-ӛзі айыптау, ар-ұятына басу арқылы түзету мүмкін еместігін кӛрсетеді [9, 447 б.].
Тағы бір Ресейдің ғалымы В. Поздняковтың пікірінше, сотталушының позитивтік тәртібін бағалау критериясы болып, оның әлеуметтену процесі деп бағалайды.
В. Поздняков сотталушының позитивті тәртібін бағалаудың мынандай жүйесін кӛрсетеді:
1. сотталушының адамгершілігі, ӛмірлік ұстанымы;
2. сотталушының құқықтық түсінігінің кӛрсеткіші;
3. сотталушының ӛзін-ӛзі кемелдендіру кӛрсеткіші;
4. сотталушының еңбек ету белсенділігі;
5. сотталушының сыртқы ортамен әлеуметтік пайдалы байланысы [10, 34 б.].
Қорытындылай келсек, сотталушының түзелуі оның мінез-құлқына, жасаған қылмыстың дәрежесіне және сол қылмысқа қатыстылығына, жасайтын жұмысқа қатынасына, ӛзінің ӛндірістік квалификациясының ӛсуіне, қоғамдық ӛмірге белсенділігіне және т.с.с. мәліметтерге сүйенеді.
Біздің ойымызша, сотталушының түзелуіне үлкен септігін тигізетін оның сыртқы ортамен әлеуметтік пайдалы байланысың болуы. Қазіргі уақытта қарастырылып отырған жазаны ӛтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату тақырыбы қылмыстық-атқару құқығындағы жазадан босатудың аса маңызды шарты, материалдық негізі болып табылады. Бұл - ӛзінің мазмұнына байланысты жазаны ӛтеу сатысындағы жазаның түрі. Жазаның қалған ӛтелмеген бӛлігі сотталушыға сынақ мерзімі және оның түзелуіне маңызды ынта болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Уголовное право Республики Казахстан. Учебник. Под ред. Е.А. Онгарбаева. – Астана 2003г.
2. ҚР Қылмыстық-атқару кодексі. Алматы, ЮРИСТ, 2013ж.
3. «Жазаны ӛтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаның ӛтелмеген бӛлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 10 Нормативтік қаулысы.
4. Е. Алауханов. Қылмыстық құқық (жалпы бӛлім)., Оқулық. Алматы, ҚР Құқықтық сараптама және халықаралық ғылыми зерттеу орталығы, 2009ж.
5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Алматы, ЮРИСТ, 2013ж.
6. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодесіне түсінік – Алматы: Норма-К, 2004ж.
7. Балтабаев К.Ж. Проблемы реформирование уголовного законодательства Республики Казахстан // Қылмыстық саясатты ізгілендірудің ӛзекті мәселелері: профессор Ӛ.С.
Жекебаевтың 85-жасқа толы меретойына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары (25 ақпан 2012 жылы) – Астана, 2012.
8. Энциклопедия уголовного права. Т.10. Освобождение от уголовной ответственности и наказания – Издание профессора Малинина – СПб ГКА, СПб., 2008г.
9. Еникеев М.И. Общая и юридическая психология: Учебник. М.,1996г.
10. Поздняков В. Еще раз о критериях // Ведомости уголовно-исполнительной системы. №2, 2005г.
УДК 343.8
ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІҢ ҚҦҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ Мақаш Жәнібек Уалиханҧлы
5121
Қарағанды «Болашақ» университеті магистрант
Кеңес жылдарында осы күнге дейін әрекеттенетін ерікті халық жасақ- тары ӛте кең тараған. Басында жасақтар ішкі істер органдарына құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде елді мекендердің кӛшелерін патрульдеу, бұқаралық шаралар ӛткізетін жерлерде болу арқылы кӛмек кӛрсететін азаматтардың қоғамдық бірлестігі ретінде құрылған. Олар ұйымдасудың едәуір жоғары деңгейімен ерекше, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуының басқа түрлерінің жүйесінде маңызы басымдылық болған. Алайда «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заң қабылданған уақыттан бері жасақтар мәртебесі ғалымдардың пікір таласының тақырыбына айналды. Полиция қызметіндегі субъектілерін жіктей отырып К.С. Бельский ішкі істер органдарының патрульдік-күзеттік қызметі, полицияның учаскелік ӛкілдерінің қызметімен бірге жасақтарды жалпы полицияның қатарына қояды. Ю.П. Соловей жасақтарды жеке азаматтармен, жеке меншік детективтер және күзеттермен қатар полиция қызметінің жеке меншік субъектілеріне жатқызады.
В.П. Сальников жасақты азаматтардың ерікті ӛзін-ӛзі басқаратын коммерциялық емес, еркін түрде ӛз ризалығының және ортақ мақсатты орындауға арналған мүдделері, бірлігінің негізінде құрылған, қоғамдық тәртіпті қорғауға бұқараның қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қоғамдық бірлестік, - дейді.
Біздің ойымызша, қазіргі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған жасақтар – бұл ішкі істер органдарына кӛмек кӛрсететін құқық қорғау бағытындағы азаматтар бірлестіктері.
Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жасақтары Германияда, Израильде, Канадада, Швецияда, Жапонияда, Ұлыбританияда, Польшада, Австралияда, Латын Америкасы елдерінде қайта туа бастады. Олардың құрамының ӛкілеттілігі құқықтық тәртіп ұйымдарын қолдау үшін қаржы жинауды ұйымдастырудан, құқықтық тәртіпті бұзушылық туралы хабарлаудан бастап, полиция қызметкерлерімен бірге кӛшелерді патрульдеуге дейін жайылады. АҚШ-та, мысалы, бұндай бірлестік Crime Stoppors, Израильде «Мишмар эзрахи», аударғанда - «Азаматтық гвардия», Ұлыбританияда «Қауымдағы тәртіпті сақтау офицерлері» деп аталады. Олар полиция келгенше ұрлық жасауда күдіктілерді ұстауға, үй жануарларының иелеріне сүйіктілерінен кейін тазалық ұстамағаны үшін және басқа тәртіп бұзушылыққа айыппұл салуға құқықты [1, 69 б.]..
Кӛңіл аударарлық нәрсе – аталған елдердің кӛпшілігінде жасақтар әдеттегідей тұрмыс жағдайында тұрады. Онымен бірге, кӛшедегі қылмыстың және басқа тӛтенше жағдайлардың күрт ӛсуіне байланысты, ӛкімет ұйымдары құрған жасақтар мекемелері де кездеседі.
Мәселен, 2005 жылдың қарашасында Париж маңындағы Аньер-сюр-Сен мекенінің тұрғындары нәсілдік келіспеушілігінен туған тәртіпсіздікке байланысты полиция күштері жеңе алмай отырған мүлікті түнгі ӛрттен қорғау мақсатымен жасақ құрады. Қала мэрі ерікті жасақтарға телефондар, бейне камераларын, ӛрт сӛндіргіштерді, тағы басқа, алға қойылған мақсатты орындауға қажет техникалық құралдарды беріп, «азаматтық кезекшілік комитетінің»
құрғанын жариялады. Қырғыз республикасында 2005 жылдың наурызында Бішкек қаласындағы президент сайлауына байланысты туған дүкендерді тонау және кӛпшілік тәртіпсіздігімен күресу үшін жасақтар құрылған. Сол уақыттағы басқарушы партияның басшысы, «күш құрылымдардың тоқсан пайызы азғындаған кезде қоғамдық кауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ел қорғауды азаматтардың ӛздерінен басқа ешкім жасай алмайды» дегенді айтып, тұрғын халықтың бастамасын қолдады.
Айтылғандарға байланысты, біздің пікірімізше, жасақтарды екіге бӛлу қажет:
1) тӛтенше жағдайда құрылған шұғыл (тӛтенше) жасақтар;
2) қалыпты жағдайда әрекетенетін әдеттегі (дәстүрлі) жасақтар.
Біріншілер - тӛтенше жағдайда ӛте қысқа мерзімде құрылған азаматтар бірлестіктері.
Олар тӛтенше жағдай тәртібін қамтамасыз етуді, қалыптағы тұрмыс пен істі бұрынғы қалпына
5122
жылдам келтіруді, кӛпшілік тәртіпсіздігіне тосқауыл қоюды мақсат қылған азаматтардың бірлестіктері [2, 27 б.]..
Біздің ойлауымызша, олардың қызмет етуінің шарты – Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы № 387 «Тӛтенше жағдай туралы» заңының негізінде тӛтенше жағдай кіргізу негізінде жүзеге асырылады. Тӛтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, тӛтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның және басқа да мемлекеттiк органдардың күштерi мен құралдары пайдаланылады. Тӛтенше жасақтардың мүшелерінің әкімшілік-құқықтық мәртебесі бӛлек диссертациялық зерттеудің тақырыбы болуы ықтимал. Оның мазмұны әдеттегі жасақтар мүшелерінің әкімшіл-құқықтық мәртебесінің мазмұнынан әлдеқайда ерекшеленеді. Мысалы, тӛтенше жағдай туғанда құқық қорғау органдары кӛптеген тұрғындар кӛмегіне мұқтаж болады, осы себеппен бұрын сотталған немесе ҚР азаматтығы жоқ, т.б. адамдар жасақтар қатарына алынуы мүмкін.
Жүргізіліп отырған зерттеудің шеңберінде әдеттегі, құқықтық тәртіпті қалыпты жағдайда қамтамасыз ету мақсатымен құрылатын жасақтар мәртебесіне кӛңіл аударылады. Біздің түсінігімізде бұндай жасақтардың табиғаты тұрғын халықтың ӛзін-ӛзі ұйымдастыру түрі бола отырып, мемлекеттік және қоғамдық институттардың белгілеріне иеленген жергілікті ӛзін-ӛзі басқарудан шығады. Жергілікті ӛзін-ӛзі басқарудың ең маңызды рӛлі мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның мүдделері бірігуінде, оның басты мағынасы – «жеке алынған әр адамның деңгейінде жеке адам мен азаматтың құқығы және еркін мемлекет пен қоғамның мүдделерімен үйлестіру» [3, 52 б.]..
Жергілікті ӛзін-ӛзі басқару тұрғын халықтың қатарына қоғамдық тәртіпті қорғау жататын, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге арналған іс-әрекеттері деп түсінеміз.
Жасақтар – негізгі жұмысынан бос уақытында, мемлекеттік немесе муниципалдық ұйымның лауазымды қызметкерінің мәртебесіне иеленбей отырып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар. Сондықтан, жасақтар, тамырын жергілікті ӛзін-ӛзі басқарудан ала отырып, дербес азаматтар бірлестігі болады, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуының ұйымдастыру-құқықтық түрлеріне жатады. Жасақтар жергілікті ӛзін-ӛзі басқару шешімімен құрылады, Ереже немесе Жарғы негізінде қызмет етеді.
Жедел (тӛтенше) және әдеттегі жасақтардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы олардың мақсаттырымен анықталады. Жедел (тӛ- тенше) жасақтар мүшелерінің ӛкілеттіліктері тӛтенше жағдайлармен байланысты, жеке тексеру ӛндірісінің, бұқаралық құқықтық тәртіпті бұзушылықты тоқтату үшін басқа шаралар құжаттарын тексеру, құқығын енгізуі қажет, жедел (тӛтенше) жасақтарды құру «Тӛтенше жағдай туралы» заңда кӛрсетілген шараларға қатысты.
Тӛтенше жағдай кезiнде қолданылатын шаралар және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарын шектеу, оларға қосымша мiндеттер жүктеу тӛтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайлар туындатқан шектерде жүзеге асырылуға тиiс [4, 52 б.].
Олардың жұмысында оң мақсатқа жету үшін, нақты айтсақ, ішкі істер органдарына жәрдем беру үшін, арнайы құқықтардың шамасы жеткілікті: азаматтардан құрылған қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқық бұзушылықты тоқтатуды талап ету; милиция қызметкерлеріне мас күйде, ӛз бетімен жүре немесе жӛн таба алмай жүргендерді медициналық сауықтыруға немесе ішкі істер кезекші бӛлімшелеріне жеткізуге кӛмек ету; құқық бұзушылыққа тосқауыл қою мақсатымен құқық бұзушылық немесе қылмыс күдігін туғызған адамдарды жасақтар штабтарының кеңселеріне, тәртіп қорғаудың қоғамдық орындарына, ішкі істер органдарына істің жайын анықтау үшін жӛнелту.
Жасақтың арнайы міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады: алдын ала жұмыста және құқық бұзушылықпен күресте ынта кӛрсету міндетті, заң бекіткен құқық бұзушылықтың алдын алу және оған тосқауыл қою құқықтарын пайдалану және қолдану, азаматтармен араласқанда
5123
сыпайылық пен қарапайымдылық кӛрсету, құқықтық білімін әрдайым кӛтеріп отыру, дене күшін жетілдіру [5, 68 б.]..
Жасақтардың негізгі ісі – тұрғылықты жердің кӛшелерінде патрульдік жасау. Бірақ бұл істе шектен тыс шұғылдану халықтың құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысу ынтасы жойылуына әкеледі. Мысалы, 2006 жылдың басынан Ресейдің Иркутск қаласында жасақтардың саны үштен бірге қысқарды, Омск облысының бірнеше ауданында жасақтар жұмыстарын тоқтатты. Мұндай мысалдар, басқа да аймақтарда да орын алады. Тарап кеткен жасақтардың мүшелерінің айтуы бойынша, олардың белсенділігінің тӛмендеуінің себебі – орындалып жүрген істерінің қажеттілігі сезімінің жойылғаны. Полиция қызметкерлері, ӛз күшіне сене отырып, жасақтардан кӛмек сұрамайды, ал патрульде жайдан жүру азаматтарды жалықтырады. Құқық бұзушылық қатері тӛнгенде патрульдік қызмет жасау басқаша. Мәселен, Омск қаласында студенттік жасақтар мүшелері Жаңа жыл қарсаңында аграрлық университет саяжайындағы шыршаларды шабуға кедергі жасау мақсатымен әрдайым патруль маршрутына шығады.
Біздің пікірімізше, жасақтар іс-әрекетін тек патрульдік жасаумен шектеу қолайсыз, жасақшылардың күштерін бұқаралық шаралар ӛткізген кезде құқықтық тәртіпті қорғауда, құқық бұзушылықтың алдын алуда қолдану қажет.
Жасақшылар құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқанда байланыс пен ӛзін қорғау құралдарына иелену керек. Бұқаралық шаралар ӛткізгенде олар, құқық бұзушылар істерінің фото және бейнекӛріністерін жасап, ӛте маңызды кӛмек кӛрсетеді. Бұл үшін жасақшыларға арнайы аппаратура қажет.
Ішкі істер органдары жасақтар ісінің жалпы координациясын атқарып отырады.
Әдеттегідей, жасақтармен әрекеттесуді ұйымдастыру қоғамдық қауіпсіздік полициясы бастығының немесе полицияның учаскелік қызметкерлеріне жатады, бірақ басқа да тәжірибе кездеседі. Мысалы, Ресейдің Ломоносов қаласындағы ішкі істер бӛлімінің қалалық бӛлімшесінде құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдармен әрекеттесу инспекторы деген арнайы қызмет орны енгізілген .
Құқықтық тәртіпті қорғау жӛніндегі жасақтардың белгілі бір құрылымы бар. Қатардағы жасақтардың ісіне жасақтар штабының бастығы жетекшілік жасайды. Оның кең тараған ӛкілдігіне мыналар жатады:
- жасаққа қабылдау немесе оның құрамынан шығару;
- жасақшылардың санын есепке алып отыру, - жасақшылардың кезекшілігінің кестесін бекіту;
- кезекшілікке шығудың табельдік есебін жүргізіп отыру;
- жасақ жұмысын жоспарлау;
- жасақшыларға нұсқау беру, олардың жұмысын бақылау;
- жұмыс қорытындыларын талдап, жасақтардың ісін жақсарту бойынша жергілікті ӛзін- ӛзі басқару ұйымдарына ұсыныстар жасау;
- ішкі істер органдарымен бірге жасақ мүшелерін оқытуды ұйымдастыру мен жүргізу;
- жасақшыларды марапатқа ұсыну;
- жасақтардың мемлекеттік биліктің, жергілікті ӛзін-ӛзі басқару ұйымдарымен әрекеттесуін ұйымдастыру.
Сонымен, жасақтар – азаматтардың құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуының ұйымдастыру-құқықтық түрлерінің бірі. Жасақтар құрылатын жағдайлар мен қойған мақсаттарға байланысты оларды шұғыл (тӛтенше) және әдеттегі түрлеріне бӛлуге болады.
Шұғыл (тӛтенше) жасақтар – шұғыл жағдайларда қысқа мерзім ішінде қалыптасатын, тӛтенше жағдай режимін камтамасыз ететін, қалыпты тіршілік әрекетін жедел орнына келтіретін, кӛпшілік тәртіпсіздігін жоятын, іс-әрекеттерін тӛтенше жағдайды тоқтатқан мезетте доғаратын азаматтар бірлестігі.
5124
Әдеттегі жасақтар – ішкі істер органдарына жәрдем беретін, жергілікті ӛзін-ӛзі басқару ұйымдары құратын, ереже немесе жарғы негізінде әрекеттенетін, ӛзінің жеке құрылымы бар азаматтар бірлестігі.
Азаматтардың құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуының тағы бір түрі ішкі істер органдарында штаттан тыс қызмет атқару болып табылады.
Шетелдерде азаматтардың құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуының ұқсас түрі бар. Штаттан тыс полиция қызметкерінің құқықтық мәртебесі әр түрлі болады. Мысалы, Ұлыбританияда арнайы полицияның қызметшілері 1964 жылғы Полиция туралы заң бекіткен міндеттерді жұмыстан бос уақытында атқарады. «Арнайы констебльдер» аталатын еркімен тіленген жасақшылар елдің барлық полиция құрылымдарында бар, қызмет атқарған кезде оларға кадрлық полиция қызметкерінің құқығы беріледі, басты түрде демонстрациялар, митингтер кезінде, кӛпшіліктің құқық бұзушылығын тоқтатқанда жағдайды бақылау үшін колданылады. Арнайы полицияға Ұлыбританияның кез келген азаматы орналаса алады. Ресми орналасу ішкі істер министрінің жарлығымен хатталады. Әдеттегідей, Ұлыбританияның арнайы полициясына 3 жыл мерзімге орналасады, ықыласы бойынша бұл мерзім созылуы да мүмкін.
АҚШ-та кӛмекші полиция қызметтер атқарады. Оның мүшелері кезек уақытында кадрлік полиция кызметкерлердікіндей құқықтарға иеленеді. Кӛмекші полицияның ерекшеліктерінің бірі – оның тӛтенше жағдайлардағы және азаматтық қорғаныс шараларының шеңберіндегі істер үшін алдын ала тағайындалуы.
Тәртіп қорғаудың қоғамдық орындары мамандырылған қоғамдық үйлестіру үлгісіндегі аралас басқару қызметті құрылымдар болып табылады. Бұлардың қызметінде құқық бұзушылықтың алдын алу – іс-әрекеттерінің тепе-тең түрлерінің бірі ретінде қарастырылады.
Бүгінгі күнде тәртіпті қорғаудың қоғамдық орындарының қызмет атқаруының құқықтық негізін аймақтық нормативті және жергілікті ӛзін-ӛзі басқару ұйымдарының актілері құрайды.
Тәртіп қорғаудың қоғамдық орындарының іс-әрекеттерінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:
- қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету, азаматтардың жеке қауіпсіздігі, олардың мүліктерін қорғау;
- кәмелетке жетпеген адамдардың панасыздық пен бақылаусыздығын алдын алу, олардың қоғамдық орындарындағы тәртібін бақылау, кәмелетке жетпегендердің мәдениетін бос уақытын тұру мекендерінде ұйымдастыру;
- тұрғын зоналарындағы тұрғын үйлер мен басқа объектілерінің ӛрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- тұрғын үйлер мен маңындағы жерді пайдалану, дұрыс ұстау тәртібін сақтау;
- тұрғын зоналарында жол жүрісін ұйымдастыру;
- тұрғын зоналарында кӛріктендіру, кӛріктендіру және егіс объектілерін қорғау ережелерін сақтау;
- жер пайдалануды бақылау;
- аймақтың санитарлық жағдайын қамтамасыз ету;
- жануарларды дұрыстап ұстауды ұйымдастыру.
Тәртіп қорғаудың қоғамдық орындарының ӛкілеттілігі тек оған тіркелген жер шеңберінде қолданылады. Жұмыс жүргізу үшін тәртіп қорғаудың қоғамдық орны қол астында аймақтың оперативтік картасы мен қызмет кӛрсететін аймақтың тӛлқұжаты, кәсіпорындар, мекемелер, рұқсат беру жүйесінің объектілерінің тізімі, жұмыс жоспарлары, қауым кеңесі отырысының хаттамалары, азаматтар қабылдау журналы, бекіну орнындағы кезегінің кестесі болуы қажет.
Аймақтық оперативтік картасында күзет орнының дислокациясы мен патрульдік жасау маршруты, саяжайлар, стадиондар, сауда орындары, т.б. белгіленген, ал қызмет кӛрсететін аймақтың тӛлқұжатында шағын ауданының сипаттамасы беріледі және оперативтік жағдайдың
5125 талдауының кӛрсеткіштері келтіріледі.
Тәртіп қорғаудың қоғамдық орындары келесі ӛкілдерден қалыптасады.:
ішкі істер органдарынан, кӛпшілігінде ол милицияның учаскелік ӛкілі; аймақтық қоғамдық ӛзін-ӛзі басқарудың ұйымдарынан; жасақтар мен жеке меншік тұрғын үй иелерінен, т.б..
Қоғамдық орынның жетекшілігінің қызметін тәртіпті қорғаудың қоғамдық орнының кеңесі атқарады. Кеңестің сан жағы мен персоналдық құрамын тәртіп қорғаудың қоғамдық орны құрылған жердің жергілікті ӛзін-ӛзі басқару ұйымының басшысы бекітеді.
Кеңес мыналарға құқықты:
- тәртіп қорғаудың қоғамдық орнына азаматтарды тарту;
- тәртіп қорғаудың қоғамдық орнының мүшелеріне тапсырма беру, олардың орындалуы туралы есеп тыңдау;
- қоғамдық тәртіпті нығайту жайында ұсыныстар жасап, оларды құқық қорғау органдарына, жергілікті ӛзін-ӛзі басқару ұйымдарына беріп отыру;
- құқық қорғау органдарына орын алған құқық бұзушылық туралы мәліметтер мен материалдарды оны жасаған адамдарды Ресей Федерациясының заң шығарушылығына сәйкес жауапкершілікке тарту;
- тұрғын халыққа тәртіп қорғаудың қоғамдық орнының ісі туралы ақпарат жеткізу.
Кеңестердің міндетіне халықты қабылдауды ұйымдастыру және олар жүргізетін мәселелерді қарастыру. Кеңестер ӛз отырыстарына лауазымды қызметкерлерді, мамандарды қарастырып отырған мәселелелер бойынша пікірлесу үшін шақырады.
Сонымен, құқық тәртібін қорғаудың қоғамдық орындары кеңестері мен тәртіпті қорғаудың учаскелік орындарының кеңестері – жергілікті ӛзін-ӛзі басқару ұйымдары құратын, белгілі аймақта құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін азаматтар бірлестігі.
Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысу түрлерінің тұжырымдалған ғылыми топтамасы, диссертациялық зерттеудің авторының пікірінше, келесідей:
құру субъектілеріне байланысты:
- ішкі істер органдары іріктеп жинақтаған (милицияның штаттан тыс қызметкерлері);
- жергілікті ӛзін-ӛзі басқару ұйымдары құратын (жасақтар, тәртіп қорғаудың қоғамдық орындары);
- мемлекеттік емес құқық қорғау құрылымдары құрған (жеке меншік детектив пен күзету құрылымдары);
іс-әрекетінің құқықтық негіздеріне байланысты:
- заң негізінде қызмет жасайтындар (жеке меншік детектив пен күзету құрылымдары);
- құқық тәртібін қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасы азаматтары мен жергілікті ӛзін-ӛзі басқару ұйымдарының нормативтік құқықтық актілері негізінде қатысатындар (құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жасақтары, тәртіп қорғаудың қоғамдық орындары);
- ведомстволық нормативтік құқықтық актінің негізінде қызмет етушілер (милицияның штататан тыс қызметкерлері).
Сонымен, айтылғанның қортындысында келесі тұжырымдар келтіруге болады:
1.Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуының түрі болып Қазастан Республкасы Конституциясында, заңдарда және басқа нормативтік құқықтық актілерде негізделген нормативті құқықтық жағдайлары және қылмыстарды алдын алу мен оларға тосқауыл қою жӛніндегі ішкі істер органдарымен әрекеттесіп атқаратын істердің жиынтығы есептеледі.
2. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы бірқатар дәрежелік белгілерге иеленеді: нормативтік регламенттеу;
орындау саласы – құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету; бағытталғандық – тікелей құқық
5126 бұзушыға; ішкі істер органдарымен тығыз байланыс.
3. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуының түрлері бірнеше негіз бойынша топталады:
Құрылатын субъектілерге байланысты
- ішкі істер органдары құратын (милицияның штаттан тыс қызметкерлері);
- жергілікті ӛзін-ӛзі басқару ұйымдары құратын (жасақтар, тәртіпті қорғаудың қоғамдық орындары);
- мемлекеттік емес құқық қорғау құрылымдары жасаған (жеке мен- меншік пен күзету құрылымдары).
Іс-әрекеттің құқықтық негіздеріне байланысты:
- заң негізінде әрекеттенетіндер (жеке меншік детектив пе күзету құрылымдары);
- құқык тәртібін қамтамасыз етуде Қазақстан Респулкасы азаматтары мен жергілікті ӛзін-ӛзі басқару нормативтік құқықтық актілерінің негізінде қатысатындар (құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жасақтары, тәртіп қорғаудың қоғамдық орындары);
- ведомстволық нормативтік актінің негізінде қызмет етушілер (милицияның штаттан тыс қызметкерлері).
4. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жасақтары – құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатымен құрылған азаматтар бірлестігі. Олар құрылған жағдайларға байланысты және алдарына қойған мақсаттарға байланысты шұғыл (тӛтенше) және әдеттегі жасақтар болып бӛлінеді. Бұл жасақтардың әкімшілік-құқықтық мәртебелерінің елеулі айырмашылықтары болады.
5. Әдеттегі жасақтар тамыры жергілікті ӛзін-ӛзі басқаруда, жергілікті ӛзін-ӛзі басқару ұйымының шешімімен құрылады, бірақ азаматтардың құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысу түрінің ұйымдастыру-құқықтық түрінің дербес мәртебесіне иеленеді.
Полиция қызметкері болмайтын ішкі істер органдарының қатардағы және басқарушы құрамы және тағылымдамашылар сынақтан ӛту мерзімінде ішкі істер органдары мақсаттарын орындау үшін ішкі істер министрі тағайындаған мерзімнен бастап және ретке сәйкес іске тартыла алады. Бұл жағдайда оларға полиция қызметкерлеріне қарастырлған міндеттер мен құқықтар, құқықтық және әлеуметтік қорғалуы кепілдері, сонымен қатар, жауапкершіліктері тарайды.
Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне артылған міндеттерді шешуге жәрдем беруге полицияның штаттан тыс қызметкерлері тартылады. Полицияның штаттан тыс қызметкерлерінің ӛкілеттілігі ішкі істер министрлігінің нормативті актілерімен тағайындалады.
7. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың мәртебесіне құқық қорғау ісінің саласында олардың кәсіби ӛкілеттілігін тағайындайтын құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін келісім-шарт шеңберінен тыс әрекеттерін жасайтын жеке меншік күзет құрылымдарының қызметкерлері иеленеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Бойченко В.В. Взаимодействие полиции и населения: зарубежный опыт. - Волгоград, 2000.
2. Васильева О.М., Веремеенко И.И., Денисов Р.И. Основы взаимодействия милиции и общественности. - М., 1980.
3. Ваулин Э.Д., Котюргин С.И. Общественное мнение и деятельность органов внутренних дел. — Омск, 1976.
4. Веремеенко И.И., ВеробьевВ.Ф. В помощь добровольным народным дружинам. - М., 1985.
5. Викторов Б.А. Милиция и общественность в охране общественного порядка.-М.,
5127 1984.
УДК 343.14(574)
СОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ УГОЛОВНО-ПРОЦЕССУАЛЬНОЙ РЕГЛАМЕНТАЦИИ ДОКАЗЫВАНИЯ
Муксинов С.
магистрант гуманитарно-юридического факультета Университета «Туран-Астана»
Научный руководитель: Г.К. Есдаулетова,
к.ю.н., старший преподаватель кафедры правоведения гуманитарно-юридического факультета Университета «Туран-Астана»
В Концепции правовой политики Республики Казахстан на период с 2010 до 2020 годы определены направления совершенствования уголовно-процессуального права, где приоритетным остаѐтся дальнейшая последовательная реализация основополагающих принципов уголовного судопроизводства, направленных на защиту прав и свобод человека [1;
2.9].
Общепризнанным в уголовном процессе является положение о том, что целью доказывания по уголовным делам является установление объективной истины. Содержание объективной истины в процессе доказывания обусловлено задачами уголовного судопроизводства, направленными на быстрое и полное раскрытие преступлений, изобличение и привлечение к уголовной ответственности виновных лиц, справедливое судебное разбирательство и правильное применение уголовного закона [2, ч.1.ст.8].
Предмет доказывания по уголовным делам закреплен в ст. 117 УПК РК [2]. Данные общие положения дополняются по отдельным категориям уголовных дел. Дополнительные обстоятельства, подлежащие обязательному установлению при расследовании уголовных дел относительно несовершеннолетних лиц, предусмотрены в ст. 481 УПК РК [2].
Статья 506 УПК РК устанавливает обстоятельства, подлежащие доказыванию по делам о применении принудительных мер медицинского характера, ст. 516 УПК РК определяет круг вопросов, разрешаемых судом при принятии решения по данной категории дел. При этом законодатель по непонятным мотивам не выделяет в ст. 506 установления следующих обстоятельств: «представляют ли болезненные психические расстройства лица опасность для него или других лиц либо возможность причинения им иного существенного вреда»,
«нуждается ли лицо в обязательном лечении». Хотя в части 2 ст. 505 УПК РК определено, что
«принудительные меры медицинского характера назначаются лишь в случае, когда болезненные психические расстройства связаны с опасностью для себя или других лиц либо возможностью причинения иного существенного вреда» [2].
В соответствии с особенностями производства по уголовным делам круг обстоятельств, подлежащих обязательному доказыванию, может быть дополнен. Таким образом, в понятие объективной истины входят факты, их правовая оценка, отраженная законодателем в предмете доказывания.
Вместе с тем, необходимо определить, можно ли считать вид и меру наказания составной частью объективной истины, устанавливаемой по уголовному делу. Основным назначением установления объективной истины является принятие законного, обоснованного и справедливого решения по уголовному делу, в том числе и вынесение приговора. Наказание не