• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚЫТАЙДЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ҤРДІСІ: ҚАУІП ӘЛДЕ МҤМКІНДІК

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚЫТАЙДЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ҤРДІСІ: ҚАУІП ӘЛДЕ МҤМКІНДІК"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

ҼОЖ 330.34 (510) «20»

ҚЫТАЙДЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ҤРДІСІ: ҚАУІП ӘЛДЕ МҤМКІНДІК?

Тайбасарова А.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана Ғылыми жетекшісі – Қ.Ғ.Даркенов

Қытайдың экономикалық даму үрдісі қазіргі кезеңде кең кҿлемде зерттеу объектісіне айналды. Себебі, Қытай Халық Республикасының экономикасы соңғы 30 жылда қарқынды ҿсіп келеді. Қытайдың ҿткізу рыногы ұлғаюда, ҽлемде қытайлық тауарлар үлесі жыл сайын артуда, ішкі жҽне сыртқы инвистициялар кҿлемі ҿсуде. Қытай 2010 жылы ҽлемде номиналды жалпы ішкі ҿнім бойынша АҚШ-нан кейінгі 2 орынды иемдеді. 2009 жылы ЖІҾ $5,02 трлн.-ға тең болса, 2010 жылғы кҿрсеткіштер бойынша сҽуір-маусым айларында Қытай Жапониядан басып озды [1].

Бүгінгі таңда Қытай – ХХІ ғасырдың басындағы ҿнеркҽсіптік ҿндірістің кҿлемі бойынша ҽлемдегі бірінші индустриалдық держава, сонымен қатар ғарыштық жҽне ядролық держава – ол кҿмір, темір, марганец, мырыш, вольфрам рудаларын ҿндіру бойынша лидерлік позиция ұстануда. Сонымен қатар, ҚХР-ның территориясында мұнай, газ, аз кездесетін металдар (молибден, ванадий, сүрме) жҽне уран үлкен маштабта ҿндірілуде. Қытай ҿндірістік продукция – кокс, чугун, алюмений, цинк, никель, телевизор, радиоқабылдағыштар, ұялы телефондар, кіржуғыш жҽне тігін машиналары, велосипед, мотоцикл, сағат, фотоаппарат, тыңайтқыштар, мақта жҽне жібек маталар, цемент, аяқ- киім, ет, астық, күріш, картоп, алма, табак, кҿкҿністер бойынша ҽлемдегі ең үлкен ҿндіруші ел болып табылады; қой, шошқа, құс, жылқы жҽне ешкі саны бойынша, сонымен қатар балық аулаудан ҽлемде бірінші орынды иемденеді. Қытай – ҽлемдегі ең үлкен машина ҿндіруші ел болып табылады (2010 жылы – 18 млн.) [2]. Қытай шығаратын жыл сайынға автомобиль мҿлшері бұрынғы лидерлер – АҚШ пен Жапонияның шығаратын автомобильдар санынын (қоса есептеп салыстырғанда) артық болып келеді. Қытай экономикасының қарқынды дамуы (1992 жылы - 14,2%; 1998 жылы - 7,8% ) - экстенсивті сипатқа ие.1995 жылы басқарушылар Қытай экономикасының ҿсу мҿлшерін 8-9 %-дай ұстап тұруға шешім қабылдады. Бірақ ҿндірістің интенсификациясы кҿптеген кері ҽсерін тигізеді: бүгінгі таңда Қытайдағы ауылдық мекендердегі жұмыссыздық деңгейі шын мҽнінде ресми кҿрсеткіштерден 2 есе артық болып келеді (4,6 %); Қытай эмиграцияны қолдайды; Қытайдағы кедейшілік деңгейі ҿте жоғары – 128 000 000 адам [3].

Құрылымдық ҿзгерістерге бейімделу жҽне ҿз экономикасын тұрақты ұстап тұру үшін Қытай ҿзінің білім жүйесін дамытып, студенттерді шетелде, ҽсіресе АҚШ пен Жапонияда оқытуды қамтамасыз етуде, технологияның импортын қолдайды. Бүгінгі

202

(2)

таңда Қытайда 384 млн.-нан астам адам ғаламторды жҽне 487,3 млн. адам ұялы телефондарды қолдануда. Қытайдың кҿптеген қалаларында ұлттық индустриалды- технолоиялық саябақтар бар.

2003 жылдан бастап Қытай ҽлемдегі үшінші ғарыштық державаға айналды. 2010 жылы Ресейден кейінгі 2 орынға шықты (АҚШ-ты озып). Қытай қарулардың барлық түрлерін ҿндіреді – ядролық, термоядролық, су асты қайықтар, баллистикалық ракеталар жҽне т.б..

Қытай экономикасының ҿсуінің тағы бір айқын дҽлелі елдің мұнайды пайдалануы.

1960 жылдан бастап 40 жыл ішінде Қытайдағы мұнайды пайдалану 25 есеге артты [4].

ҚХР-дың Мемлекеттік статистикалық басқару орталығының мҽліметтері бойынша бұл кҿрсеткіш 2005 жылы 300 млн. тоннаға жетті. Бүгінгі таңда Қытайдағы ҿзіндік мұнайды ҿндіру жылына 170 млн. тоннаға тең. Қытайда ресуртық база жоқ, ал бұл елдің импортқа тҽуелділігін арттырады. Экономикалық ҿсімді есептей отыра, Қытай мамандарының айтуы бойынша 2020 жылға қарай мұнайға деген қажеттілік жылына 710 млн. тоннаға тең болады. Сондықтан, Қытайдағы мұнай компаниялары , мысалы Sinopec, мұнайды ҚХР- нан басқа мемлекеттерде ҿндіруді кҿздеуде. Бұл: Ресей, Қазақстан, Африка мемлекеттері жҽне Латын Америкасы [3].

Ал Қытайдағы табиғи газды пайдалану 2005 жылы 50 млрд.куб.м-ге сҽйкес келді.

Болжауларға сүйінсек, бұл кҿрсеткіш 2020 жылы 200 млрд. куб.м-ге дейін артады.

Қытай экономикасының дамуы елдегі бос экономикалық зоналардың болуымен байланысты. Қазіргі кезде ҚХР-да 4 негізгі экономикалық зона ҽрекет етуде - Шэньчжэнь, Чжухай, Шаньтоуб Сямэнь. 14 бос сауда зоналары; 53 жаңа технологиялар зонасы;

шетелде оқып келген мамандар үшін 70-тен аса ғылыми-техникалық зоналар; 38-ден астам ҿнімді қайта ҿндіру зоналары бар [5].

Қытай экономикасының баста ерекшеліктерінің бірі – сыртқы рынокқа тҽуелділігі.

Экспорт мҿлшері бойынша ҚХР дүниежүзінде 1 орында. Экспорт валюттік кірістің 80 %- ын береді. Экспорттық салаларда 20 млн. адамдай жұмыс істейді. Сыртқы рынокқа ҿнеркҽсіптің жҽне ауыл шаруашылығының ҿнімдерінің 20 %-ы шығарылады. Экспорттық жиынтықтың 50 мыңнан астам атаулары бар. ҚХР ҽлемнің 182 мемлекетімен сауда- экономикалық байланыс жүргізуде, олардың 80-імен сауда келісімдері орнатылған.

Қытайдың басты сауда серіктестері капиталлистік мемлекеттер болып табылады – ең алдымен Жапония, АҚШ жҽне Батыс Еуропа елдері, оларға сыртқы сауда айналымының 55 %-ы тиесілі.

Ең басты экспортқа шығарылатын ҿнімдер – киім, ойыншықтар, аяқ-киім, электроника, вело-, мото- жҽне автотехника жҽне т.б.

Қытайдың тоқыма ҿндірісі – ҽлемде 1 орында, сондықтан экспорттық ҿнімдердің арасынан киім жҽне синтетикалық маталар үлкен рҿл атқарады. Ең үлкен ҿндірістік компаниялар – Шанхай, Кантон жҽне Харбинде орналасқан.

2012 жылы импорт пен экспорттың жалпы мҿлшері 3 трлн. 866,76 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл кҿрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 6,2 %-ға артты. Экспорт мҿлшері – 2 трлн. 48,93 млрд. доллар (7,9 %-ға ҿсті), импорт мҿлшері – 1 трлн. 817,83 млрд. доллар (4,3 %-ға ҿсті) [6].

Сонымен, бүгінгі таңда ҚХР – экономикасы жылдам дамып келе жатқан ұлы держава. Бірақ Қытай мемлекетінің болашағы қандай? ҚХР-ның күшеюі ҽлемнің дамуына қалай ҽсер етеді? Бұл басқа елдер үшін мүмкіндік пе, ҽлде қауіп пе? Бұл сұрақтарға жауап табу үшін біз ең алдымен Қытайдың экономикалық дамуының мықты, ҽрі ҽлсіз жақтарын қарастырып, салыстыруымыз қажет.

Ҽрине, Қытай соңғы 30 жыл аралығында тез арада дамып, бүгінгі таңда ҽлемнің ең мықты ұлы державасына айналды. Бірақ кҿріп отырғанымыздай бұл даму жолында кҿптеген ҽлсіз жақтар бар. Бүгінгі ғалымдардың пікірлері ҽртүрлі болып келеді. Мысалы, «Financial Times» аналитиктері, Ресей ғалымдары, Збигнев Бжезинский, Гидеон Рахман жҽне т.б.

(3)

ҽлемде «Қытай дҽуірі» орнайды. Басқа ғалымдардың - Фарид Закария, «The Times»

эксперттерінің пікірінше, Қытай ҿзінің дамуының шарықтау шегіне жетті, ҽлемде 1- орында қашан да АҚШ болады [7].

Сонымен, ең алдымен, ҚХР-ның дамуының күшті жақтарына назар аударайық.

ҚХР-ның экономикасы соңғы 30 жылда қарқынды ҿсіп келеді. Қытай 2010 жылы ҽлем бойынша номиналды ЖІҾ бойынша 2 орынды иемдеді (АҚШ-тан кейін, 2009 жылы ЖІҾ

$5,02 трлн.-ға тең болды;2010 жылғы кҿрсеткіштер бойынша сҽуі-маусым айларында Қытай Жапонияны озып кетті) [1, с.3].

Экспорт мҿлшері бойынша ҚХР дүниежүзінде 1 орында. ҚХР ҽлемнің 182 мемлекетімен сауда-экономикалық байланыс жүргізуде, олардың 80-мен сауда келісімдері орнатылған.

2012 жылы импорт пен экспорттың жалпы мҿлшері 3 трлн. 866,76 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл кҿрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 6,2 %-ға артты.

Қытай үлкен алтын резервісіне ие. Оған дҽлел ретінде соңғы жаңалықтарды айтуға болады. Bloomberg хабарлағандай, 2012 жылғы қорытындылар бойынша ҚХР-ның халықаралық резервілері $3,3 трлн-ға артты. Ал бұл - Қытай қорының бағасы ҽлемнің бүкіл алтын қорларының бағасынан артық. Bloomberg зерттеулері бойынша Қытай қорының бағасы ҽлемнің бүкіл алтын қорының бағасынан 2004 жылдан бері артуда. 2004- 2012 жылдар аралығында алтын бағасы 263 %-ке артты, дҽл сол уақыт аралығында Қытай резервілері 721 %-ке артты. Резервілердің мҿлшері бойынша Қытай ҽлемде 1 орында, 2 орында- Жапония, 3 орында– Сауд Арабиясы, Ресей, Швейцария [8].

Қытай ҽлемде ең жылдам дамушы ҿндірістік сектор, оның дамуы тікелей шетелдік инвестицияны, арзан жер мен жұмыс күшімен байланысты. Бұл жағдайлар шетелдік кҽсіпорындар санының ұлғаюына, яғни ҿздерінің ҿндірістік операцияларын Қытайға ауыстырып, сондай-ақ шикізат пен қорға сұраныстың «серпілісіне» ықпал етті.

Шетелдік инвестиция мен ҿмір сапасының ҿсімімен елдің сектор қызметі кеңейіп жҽне жақсаруы жалғасуда. Сҿйтіп, ауыл шаруашылығы еңбегінен ҿндіріс пен сектор қызметіне дейін, сондай-ақ ауыл мҽдениетінен қалалыққа ҿткен құрылымдық ҿзгерістер болды [9].

Қытай экспорт бойынша ҽлемде 1 орында болғандықтан, бүгінгі таңда Қытай тауарлары кҿптеген елдерде таралуда. Қытай басқа елдің ішкі экономикасына ҿз ҿнімдерін енгізу арқылы сол елдің ішкі рыногын бақылау мүмкіндігіне ие. Сондықтан, басқа елдердің Қытай тауарларына тҽуелділігі артуда. Оған мысал ретінде Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланысты қарастырайық, Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы 2008 жылы 12,24 млрд. АҚШ долларын құрап, 2007 жылмен салыстырғанда ширек ұлғайған (9,2 млрд. долл. АҚШ). Қытайдан Қазақстанға импорт 2008 жылы 31% ҿсіп жҽне 4,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Импорттың тауарлық құрылымы айтарлықтай диверсифицирленген (тауардың 58 тобы импорттың жалпы кҿлемінен шамамен 50% құрайды). Импортталатын ҿнім 99% ҿңделген тауарларды құрайды; 1% - шикі ҿнімді құрайды. Айта кететін жайт, берілген мҽліметтерге сүйенсек, Қытай Қазақстаннан шикізат ҿнімдерін алады - Қазақстаннан Қытайға жеткізілетін ҿңделген ҿнім: 56% металдан бұйымдар (жезді сым, катодтар, цинк, феррохром, құрыш несие), 11% -жанармай, 8% - уран, 14% - тері, 2% - жүн. Ал Қытай Қазақстанға дайын тауарларды экспорттайды (Импортталатын ҿнім 99% ҿңделген тауарларды құрайды; 1% - шикі ҿнімді құрайды) [10].

ҚХР-ы «баға саясатын» қолайлы ұстануда. Қытай тауарларының саны кҿп, сапасы жақсы болғанымен қоса олардың бағасы басқа елдің ҿнімдеріне қарағанда арзан болып келеді. Сондықтан «Қытайда жасалған» деген белгісі бар тауарды ҽлемнің барлық елдерінде кездестіруге болады. Сонымен бірге, бүгінгі таңда Қытай ҽлемдік валюталық қордың жартысына ие. Қытай халқының саны бойынша ҽлемде бірінші орында (1,3 млрд санынан астам). Бұл елдің қарқынды дамуына үлкен пайдасын тигізеді, яғни елде арзан

(4)

жұмыс күші бар. Қытай экономикасы қарқынды даму үстінде – ЖІҾ бірінші жартыжылдықта 11%-дан астам ҿсті.

BNews.kz. – Қытай халық республикасының жалпы ішкі ҿнімі осы жылдың бірінші жартыжылдығында 11,1% пайызды құрап отыр, деп мҽлімдеді ҚХР мемлекеттік статистика басқармасының ресми ҿкілі Шэн Лайюнь. Бұл туралы «Тренд» ақпараттық агенттігі мҽлімдеп отыр [11]. Жалпы ішкі ҿнім биылғы жылдың қаңтар айынан шілде айына дейін 17,28 триллион юаньді құрап отыр. (2,55 триллион доллар).

Елдің білім беру жүйесі де ҿте мықты дамуда. Қытай экономикасының дамуы елдегі бос экономикалық зоналардың болуымен байланысты. Қазіргі кезде ҚХР-да 4 негізгі экономикалық зона ҽрекет етуде - Шэньчжэнь, Чжухай, Шаньтоуб Сямэнь. 14 бос сауда зоналары; 53 жаңа технологиялар зонасы; шетелде оқып келген мамандар үшін 70- тен аса ғылыми-техникалық зоналар; 38-ден астам ҿнімді қайта ҿндіру зоналары бар [12].

Елде тез қарқынды индустриаландыру жүруде.

Сарапшылар пікірінше Қытай дамуының ҽлсіз жақтары да бар. «Nord FX»

компаниясы сарапшыларының айтуы бойынша Қытайдағы кедейшілік деңгейі ҿте жоғары. Кедей саны – 128 000 000 адам [5]. Бүгінгі таңда Қытайдағы ауылдық мекендердегі жұмыссыздық деңгейі шын мҽнінде ресми кҿрсеткіштерден 2 есе артық деген пікір бар (4,6%). Сонымен бірге, Қытай эмиграцияны қолдайды.

Ҿзіміз білетіндей елдің ресурстық базасының болмауы Қытайдың импортқа тҽуелділігін арттыра түседі. Сонымен қатар, қазіргі кезде Қытайдың мұнай, газ жҽне т.б.

шикізаттарды пайдалануы күннен-күнге артуда. Мысалы, 1960 жылдан бастап 40 жыл ішінде Қытайдағы мұнайды пайдалану 25 есеге артты, ҚХР-дың Мемлекеттік статистикалық басқару орталығының мҽліметтері бойынша бұл кҿрсеткіш 2005 жылы 300 млн. тоннаға жетті. Бүгінгі таңда Қытайдағы ҿзіндік мұнайды ҿндіру жылына 170 млн.

тоннаға тең. Экономикалық ҿсімді есептей отыра, қытай мамандарының айтуы бойынша 2020 жылға қарай мұнайға деген қажеттілік жылына 710 млн. тоннаға тең болады [13].

Қытай экспорты 50%-дан астамы АҚШ пен Жапонияға тҽуелді. Қытайдың АҚШ, Жапония жҽне Батыс Еуропа мемлекеттеріне жеткізілетін экспорттық тауарлары жоғары сапасымен ерекшеленеді. Бұл тауарлар кҿптеген шетелдік корпорациялар шоғырланған теңіздік провинцияларда ҿңдіріледі. Бірақ, Қытайдың басқа елдерге жеткізілетін экспорттық тауарлардың сапасының нашар екендігі кҿп жазылуда. Оның себебі, Қытайда ҽлемдік брендтердің ҿнімін кҿшіру жолымен шығаратын ҿнеркҽсіптер ҿте кҿп таралуы.

Яғни басқа мемлекеттерге жеткізілетін Қытайдың экспорттық тауарларының бағасы мен сапасының сҽйкес келмеуде.

Соңғы жарияланған мҽліметтерге қарағанда Қытай экономикасы 2012 жылдың соңғы ширегінде 7,8 пайыз ҿскен. Бұл мҽлімет оның алдындағы ширекпен салыстырғанда 7,4 пайыз жҽне соңғы 13 жылда іске асқан ең тҿменгі ҿсу мҿлшері болып табылады. Яғни Қытай экономикасының ҿсу қарқыны баяулауда деген пікір осылай туып отыр ма дейміз [14].

«Reuters» хабарлауы бойынша 2011 жылы Қытай инфляциясы 6,5%-ға ҿсті. Тауар бағасының артуы 7,6%, қызмет кҿрсету 3,7%-ға қымбаттады. Сонымен қатар азық-түлік бағасы артты. 2010 жылмен салыстырғанда 14,8 %-ға ҿсті. Жалпы баға деңгейі елде 4,38%-ға артты. Профессор Фрэнк Се Тяньның айтуы бойынша Қытай экономикасы жылына тек 5-6 % ғана ҿседі. Ал Ларри Ланн 2011 жылы Қытай экономикасының ҿсімі тек 2,9%-ды құрады дегенді айтқанымен, оған толықдҽлел жоқ [15].

ҚХР 1979 жылы қабылдаған «бір отбасы-бір бала» саясаты бүгінгі күні ҿзінің жағымсыз жақтарын кҿрсетуде жҽне Қытай экономикасының дамуына ҿз зардабын тигізуде. Себебі Қытай ҽлем бойынша адам саны ең кҿп мемлекет болғанымен, елдегі адамдар қартаюда жҽне еңбекке қабілетті адамдар саны азайып келеді. Бүгінгі таңда Қытайда 1,3 млрд-тан астам адамның ішінде 937 млн адамы еңбеке қабілетті. БҰҰ-ның болжауы бойынша келесі 5 жыл ішінде бұл кҿрсеткіш 24 млн адамға кемиді, ал 65 жас

(5)

адамдар саны бүгінгі 185 млн-нан 487 млн-ға артады. Ал бұл, «Коммерсант ҒМ»

эксперттерінің айтуы бойынша, халықтың қартаюы экономиканың даму қарқынын баяулатады (бүгінгі 7-8%-дан 6%-ға дейін). Тағы қоса кететін жайт «бір отбасы-бір бала»

саясатына сҽйкес ҽр отбасында 1 баланың болуы жастар арасындағы бҽсекелестікті тҿмендетеді, балалар эгоист болып ҿседі. Бұл жағдайдан қорғану үшін елде ғылыми- техникалық прогресс қажет, бірақ бұл индустриалды Қытай үшін ҽзірше ауыр жайт [16].

Қытай мемлекетінің жетекшілері ұзақ уақыт бойына елдің индустриялық жҽне технологиялық негіздерін дамытумен айналысып келді. Алайда осы жақын арада ғана олар ауылдар мен алыс аймақтардың экономикасын кҿтеру үшін жеткілікті шаралар жасай алмағандарын кҿріп-біліп отыр. Ауыл тұрғындары бұл ретте мүлде артта қалған, кейбірі тіпті кедейлікті бастан кешіруде. Сол себепті де жекелеген аймақтарда тұрақсыздық белгілері ҿсіп барады.

Қаңтар айында ғана Жейанг провинциясындағы бір ауыл тұрғындарының шерулері басты назарға іліккен болатын. Ал енді Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі жариялаған деректерге қарағанда, ҿткен жыл бойына бүкіл ел кҿлемінде 87 мыңдай шерулер, наразылық акциялары, ереуілдер болған екен. Бұл кҿрсеткіш оның алдындағы жылдармен салыстырғанда 7 процентке жоғарылап кеткендігін кҿрсетеді [17].

Ресми «Синьхуа» агенттігі Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің аты аталмаған шенеунігіне сілтеме жасай отырып, Қытай ұзақ мерзімге жалғасатын ҽлеуметтік келеңсіздіктер, тұрақсыздық алдында тұр деген сҿздерін келтірген.

Сонымен, бүгінгі таңда ҚХР – халқы ең кҿп жҽне экономикасы қарқынды дамып келе жатқан ірі держава. Қытай дамуының күшті жҽне ҽлсіз жақтарын талдағанымызбен, Қытай ҽлемдегі ең ірі мемлекеттердің бірі екендігі сҿзсіз. Менің ойымша, Қытай экономикасының болашағы ҿте зор, себебі 30 жыл ішінде осындай дҽрежеге жету тек саясаты мықты, нақты жоспары бар мемлекетке ғана тҽн. Ҽлсіз жақтарына қарамастан болашақта Қытай АҚШ-ты озып ҽлем бойынша 1 орынға шығатыны сҿзсіз. Қытай елінің күшеюі басқа мемлекеттер үшін ҽлемдік дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы болып табылады. Себебі, Қытай басқа елдер халқының қажеттіліктерін қастамасыз ете алады. Ал бұл кҿптеген елдер үшін, ҽсіресе Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік болады. Азиялық, нақтырақ айтсақ Қытай дҽуірі жақында келеді жҽне бұл ҽлемнің даму бағытын ҿзгертеді.

Қолданған әдебиеттер тізімі

1. China Passes Japan to Become No. 2 Economy // NYTimes.com; 15 тамыз 2010 жыл.

2. www.kaznexinvest.kz – ҚХР 3. www.russian.people.com.cn

4. International Monetary Fund Report for Selected Countries and Subjects (англ.).

Архивировано из первоисточника 12 февраля 2012. Проверено 19 июля 2009.

5. ChinaPRO – Деловой журнал про Китай: новости Китая, экономика Китая, бизнес с Китаем, выставки в Китае, доставка из Китая, товары из Китая,.поставки из Китая, производство в К …. Архивировано из первоисточника 20 января 2013. Проверено 19 января 2013.

6. ChinaPro, 06.05.2011

7. Прогнозы для Китая — Prognozoff. Архивировано из первоисточника 20 января 2013.

Проверено 19 января 2013.

8. 10 Reasons Why The Reign Of The Dollar As The World Reserve Currency Is About To Come To An End. Архивировано из первоисточника 20 января 2013. Проверено 19 января 2013.

9. Azattyq.org – Ҽлем, Қытай экономикасы; 1 ақпан 2006 жыл

10. kaznex Қазақстан үшін инвестициялық мүмкіндіктер; 15 сҽуір 2011 жыл

11. www.bnews.kz – Қытай экономикасы қарқынды даму үстінде; 15 шілде 2010 жыл

(6)

12. агентство синьхуа China‘s GDP hits 47.2 trillion yuan in 2011. Архивировано из первоисточника 25 июня 2012.

13. Finance.ua,07.09.2011

14. CIA — The World Factbook — Country Comparison :: National product // CIA; в рейтинге ЦРУ у КНР 3-е место, минус Евросоюз, который не является страной

15. www.ereport.ru – инфляция Китая; 20 шілде 2011 жыл

16. В. А. Волконский «Драма духовной истории: внеэкономические основания экономического кризиса» Раздел «Экономические основания многополярного мира» // М.,

«Наука», 2002

17. www.Vestifinance.ru; 4 наурыз 2013 жыл.

Referensi

Dokumen terkait

Относительное число здоровых носителей золотистого стафилококка среди учащихся Изучение бактерицидных свойств чистотела При посеве на чашки Петри с МПА мясопептонный агар – контроль

ҚАЗАҚСТАНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ Серикбаева Айжан Каскырбаевна [email protected] Академик Е.А.Бӛкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті заң