ӘОЖ 339.924
ҚАЗІРГІ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҼЛЕМНІҢ ДАМУ ҤРДІСІ Жаңабай Алтынгҥл Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университетінің 2 курс студенті
Ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., доцент Даркенов Қ.Ғ.
Екінші дҥниежҥзілік соғыстан кейін әлемде ҥлкен ӛзгерістер болды. Әлемдік шаруашылықты 8 тҥрлі сипаттамамен жҥзеге асыруға болады. Олар:
1) Қазіргі заманның динамизациясы. ҒТП-тің әлемдік экономикалық жҥйеге ықпалы.
2) Постиндустриализация. Жаңа экономика. Қоғамның ақпараттануы.
3) Саяси-әлеуметтік ҥрдістердің дамуы. 150 елдің тәуелсіздігін алуы. Нарықтық экономикаға ӛту.
4) Жаһандану – интернационализацияның жаңа деңгейі.
5) Адами фактор. Ресурстарды тиімді пайдалану. Қоршаған ортаны қорғауға ерекше назар бӛлу.
6) Экономикалық ӛмірдің ҧйымдасуындағы ӛзгерістер: ірі және кіші бизнестің ашылуы.
7) Криминализацияның халықаралық деңгейге кӛтерілуі.
8) Ҥйлестіру (унификация) – дифференциация тҥсініктерінің жайылуы.
1) ХХ ғасырдың 50 жылдарында ЖІӚ жыл сайын 1,2%-ға ӛсіп отырған. Ал екінші дҥниежҥзілік соғыстан кейін ЖІӚ 2-3 есе ӛсіп отырды. Мысалы, 1950-1990 жж. әлемдік ЖІӚ 5 есе ӛсті. (БҦҦ эксперттерінің санауы бойынша), ал Ресей экономикалық анализ институтының санаулары бойынша, әлемдік ЖІӚ 1954-1995 жж. 5,9 есе ӛскен.
52
Мысал ретінде: 1900 жылы ЖІӚ-нің жалпы кӛлемі 0,6 трлн.-ды қҧрды;1986 жылы ЖІӚ-нің жалпы кӛлемі 15 трлн-ға дейін жетті; 2003 жылдың ЖІӚ-нің жалпы кӛлемі 39 трлн- ға дейін ӛсті.сонда 1900 жылмен салыстырғанда, ЖІӚ-нің жалпы кӛлемі 103 жылдың ішінде 69 есе ӛсті.
АҚШ жан басына шаққандағы ЖІӚ 1975 жылы 7341$-ды қҧраса, 1999 жылы 34107$- ға дейін жетті, ал 2000 жылы 35000$-дан жоғары кӛтерілді.
Дамыған елдердегі ЖІӚ 70ж. 7000-8000$ болса, 80-90 жж. 15000-20000$-ға дейін ӛсті. XVIII-XIX ғасырларда барлығымызға белгілі «ӛндіріс революциясы» ӛтті, яғни қол еңбегінен машина еңбегіне ӛту ҥрдісі басталды. Осы уақыттан бастап, ғылымның қоғамдағы рӛлі асып тҥсті. Бҥкіл әлемде осы салада 6млн-нан астам ғылыми жҧмысшылар бар, және ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жҧмыстарға бӛлінетін қаржат жылдан-жылға ӛсіп келеді. Дҥние
жҥзінде 5 ең дамыған елдердің ҒЗТКЖ-ға (ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жҧмыстарға) капиталының мӛлшері дҥниежҥзілік ҒЗТКЖ-ға салынатын капиталының 85%
қҧрайды. Бҧл елдер – АҚШ, ЕО қҧрамына кіретін алып елдер және Жапония.
1953 жылы АҚШ-ның ҒЗТКЖ-ға салынған капиталының дҥниежҥзілік ҒЗТКЖ-ға салынатын капиталының 22%-ын қҧрады, 1977 жылы ол кӛрсеткіш 53%-ға ӛсті, ал 80-90 жж.
капитал дҥниежҥзілік ҒЗТКЖ-ға салынатын капиталының 60%-на тең болды. Қаражат салудың негізгі салалары 4 болды: авиағарыш, қҧрал-жабдық жасау, электротехника және электроника. Ондағы авиағарыш саласына бӛлінген қаражат 7 есе ӛсті, қҧрал-жабдық жасауға қаражат 147%-ға ӛсті, ал электротехника саласына қаражат 296%-ға дейін жетті.
Онымен бірге телекоммуникация саласы ерекше қарқынмен дамып, ӛзіне деген тәуелділігін орнатты. Осы салаларды дамытуға бӛлінген қаражатты ең кӛп салатын ел АҚШ болды: 60ж.
осы салалаға салынатын дҥниежҥзілік қаражаттың 70% АҚШ-на тиесілі болды, 80 ж. - 50%- ға тҥсті, ал 90 ж. 45%-ға теңесті. Ондағы қаражаттың кӛлемі жағынан тҥсу себебі АҚШ-ның салынған қаражаттың мӛлшерінің азаюы емес, басқа елдердің де осы салаларға капиталының салуы болып табылады. Мысалы, ГФР, Жапония, Франция, Англия, Италия, Канада елдерінің авиағарыш, қҧрал-жабдық жасау, электротехника, электроника, телекоммуникация салаларын дамытуға салынған қаражат мӛлшері 20%-дан 42%-ға дейін ӛсті. Теңдеу қҧрастырсақ, аталмыш салаларға бӛлінетін АҚШ қаржысы = Германияның 5 жылдық қаржысы = Ҧлыбританияның 9 жылдық қаржысы.
Қазіргі кездің экономикасы «софтталған» (ғылымданған) деген атаққа ие болды.
Американ футурологы, Тоффлердің айтуы бойынша, экономика емес ғылымды айқындайтын, ғылым экономиканы айқындайды.
2) Қҧрылымдық революция екі қҧбылыстан тҧрады: 1) постиндутриализация 2) негізгі сектордың алмасуы. І сектор – ауыл шаруашылығы, балық пен аң аулау; ІІ сектор - ӛндіріс пен қҧрылыс салалары, ІІІ сектор – қызмет кӛрсету саласы. ІІІ секторды кейде «терциарлы сектор»
деп атайды. Осы жерде негізгі сектор болып І сектордан ІІ секторға, ІІ сектордан ІІІ секторға ӛтуі байқалады.
Дамыған елдерде І сектордың ықпалы тӛмен:
1960 ж. – 6,5%, 1980 ж. – 4,2%, 2000 ж. – 2,5%-ға дейін тҥсті.
Ал дамыған елдердегі ІІ сектордың - ӛндіріс бӛлігі 27-28%-ды қҧрайды.
Дамушы елдерде І сектор – 20-35%-ды қҧрайды, ІІ сектор 10-25% шикізатты ӛндіру, ал 5-15% сол шикізатты ӛндіру болып табылады. Ӛңдеу ӛндірісінде «3 маяк» тҥсінігі қалыптасқан: отын-энергетика, машина қҧрастыру, химиялық комплекс. Ал ауыл шаруашылық саласында бҥкіл дҥние жҥзінде 1,1 млрд. адам жҧмыс жасайды. Ал ІІІ секторда жҧмыс жасайтын адамдардың саны екінші дҥниежҥзілік соғыстан кейін 2,5 есе ӛсіп, халықтың ¾ кӛлік, байланыс, сауда, ақпараттық қызмет, туризм, мәдениет, ӛнер, медицина салаларындағы жҧмысымен қамтамасыз етеді. ІІІ секторды кейде «ақпараттық сектор» деп те атайды.
53
3) Екінші дҥниежҥзілік соғыстан кейін бҥкіл әлемдегі елдердің ¾-і ӛз тәуелсіздігін алды, бҧл елдерде әлемдегі адамдардың 80%-ы тҧрады. Олардың әлем экономикасына салатын ҥлесі зор.
4) Жаһандану – қазіргі кездегі қоғамның ӛмірінің барлық жақтарын қамтыған интернационализацияның сапалы жаң деңгейі.
ХІХ ғасырдың ортасында әлемдік тауар айналымы 15 млрд. $ қҧрады. 1984 жылы 3,8 трлн. $-ға тең болды; 1993 жылы 11,4 трлн.
$-ға дейін ӛсті;
2000 жылы 14 трлн. $-ға жетті. (ХІХ ғасырдмен салыстырғанда 100 жыл ішінде 1000 есеге ӛсті)
Шетелдердің тікелей инвестициясы да ӛсі қарқыны ҥнемі ӛсуде (импорттаушы-мекеге салынатын ақшасы)
1985 жылы = 0,7 трлн. $ 1997 жылы = 3,2 трлн. $ 2000 жылы = 4,5 трлн. $
Инвестициялар тек елдің экономикасы мен ӛнеркәсібін ғана емес, халықты жҧмыспен қамтамасыз етеді: мысалы, АҚШ шекарасынан тыс орналасқан зауыттарда 6 млн. адам жҧмыс істейді. Ал француз, герман мекемелерінде 3 млн.адам жҧмыс жасайды.
Валютаны сату және сатып алуға бағытталған әлем бойынша 26 негізгі әлемдік орталықтар бар. ХХІ ғасырдың басына қарай олардың табысы 1,7 трлн. $-ды қҧрады.
ХХІ ғасырдың басында дҥние жҥзінде ондаған интеграциялық экономикалық топтар қҧрылды: ЕуроОдақ (27 ел), НАФТА (Солтҥстік Америкадағы еркін сауда ассоциациясы) - да АҚШ, Мексика, Канада елдері, МЕРКОСУР ҧйымына Аргентина, Уругвай, Парагвай, Бразилия елдері мҥше.
2005 жылы, 1 қаңтарынан бастап, Жалпыамерикандық аймақ 800 млн.адамды біріктірді.
Жаһандану кемшіліктеріне тоқтай кетсек, жаһандану әлемді екі топқа бӛледі: 1)
«алтын миллиард» 2) кедей елдер. Екі елдің ЖІӚ салыстырғаннан-ақ кӛрінеді. «Алтын миллиард» елдерінің әлемдегі ЖІӚ-нің ҥлесі 84,7%-ды қҧраса, кедей елдердің ҥлесі 1,4%-ға теңеледі.
1996 жылы Давостағы кездесуде дамушы елдер «жаңа жаһанданудың» тек АҚШ ҥшін тиімділігін мәлімдеді. 2000 жылы дҥниежҥзілік экономикалық форумдағы қанатты сӛздердің біреуі еуропалық безнесменінің аузынан шықты: «Осы жаһандану біздің дҥниеміздегі G7, G8-дің жоқ екенін кӛрсетіп, әлемде бір-ақ G1 бар екенің назарымызға ҧсынды». Ондағы G1 – АҚШ. «Financial Times» журналында жаһандану туралы мақаласында барлық экономистер мен финансистердің назарын аудартқан сӛз: «Біз оны қаласақ та, қаламасақ та АҚШ қазіргі әлем ҥшін – информатика әлемі ҥшін Microsoft-ы сияқты болды».
Голланд экономисі, Вертхейм жаһандануды «колония мен держава арасындағы дәстҥрлі қарым-қатынастардың жалғасы» деп атады; ал ҥнді экономика маманы Амин жаһандануды «идеологиялық дискурс» деп атап кетті.
Кӛптеген елдердің ғалымдары жаһанданудың орталықтың позицияларын кҥшейтеді.
Осы орталықтан әлемді 5 монополия арқылы басқаруға болады:
1) жаңа технологиялар;
2) қаржы ағымдарына бақылау;
3) табиғат ресурстарына қол жеткізу және тиімді пайдалану;
4) ақпарат/масс-медиа;
5) бҧқаралық жою қҧралына ие болу.
Жаһандануға қарсы позицияны кӛптеген экономистер мен финансистер ғана емес ҧстанатын, шіркеу де қарсы. Мысалы, 2004 жылы Венгрияда Еуропа православтық шіркеулерінің халықаралық консультациясы жаһандануға екітҥрлі кӛзқарасын кӛрсетті: олар елдің дамуына еш қарсылығын білдірмейді, алайда қаржылық басшылықтарына қарсы шығады, ӛйткені, олардың ойынша, халықтың және мәдениеттің дәстҥрлері сақталуын
54
қалайды. Рим папасы Йоанн Павел ІІ-нің ойынша, «жаһанданудың қолынан халықты біріктіру ғана емес, халықты бӛлу де келеді».
5) АҚШ-ның халықтың 2/3-сі еңбегі интеллектуалды болып келеді, ал халықтың 85%-
ы 12 сыныпты бітіргендер, және халықтың 50%-нан астамы жоғары білімге ие. Екінші мысал ретінде Ресейді алуға болады, онда халықтың 51%-ы жоғары білімге ие. Алайда сан мен сапаның арақатынасы мында әртҥрлі. Дамушы елдерде 113 млн. бала мектептерге бармайды. Францияда да ондай мәселе туындады, алайда тиімді саясатты жҥргізуден кейін (тегін білім алу): мектепке қатысатын оқушылардың саны 2 есе, орта мектеп оқушыларының саны 10 есе, студенттік аудитория 20 есе ӛскен. АҚШ-да 600-ден астам бизнес-мектептер ашылды.
6) Жак Эсхлен, Франция патронатының мҥшесінің айтуы бойынша: экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешетін негізгі кілт – мекеме. Мҧндағы 3 негізгі мәселе:
дәуірдің ӛзгеруі, экономикалық ортада болып жатқан ӛзгерістер, қоғамды басқарудағы ӛзгерістер. Мекемелердің дамуының тамаша мысалы ретінде АҚШ-ын келтіруге болады.
АҚШ территориясында 18 млн. мекеме бар, оның 13 млн. соңғы 10-жылдлықта ашылды.
Ондағы кіші бизнеспен айналысатын мекемелер ҥлесі - 99%.
7) Әлемдік экономикасының дамуының жақсы жақтары мен жаман жақтары да болады. БҦҦ генералды секретарі, Кофи Аннан «терроризм, нашақорлық сияқты қылмыстардың қоғамға әкелетін зиянының зорлығы» туралы алғаш сӛз айтты. «Қазіргі кездегі жаңа информатикалық технологиялар мен қаруға қол жеткізе алатындығына байланыстыоның ықпалдығы мен қуаттылығы ӛсуде». Осы жерде негізгі тҥсініктер: «қара нарық», «сҧр экономика» (салық органдарынан ӛз шын табысын жасыру). Австрия экономисі, Шнайдердің зерттеулеріне назар аударсақ: дҥние жҥзінің ЖІӚ-і 39 трлн. $ болса, оның 8 трлн. $-ы «кӛлеңке секторына» тиесілі. 1998 жылы Греция «кӛлеңке секторы» ең жоғары кӛрсеткішке ие: 29%, екінші орында Италия – 27,8%, ҥшінші орынды екі ел бӛліп отыр – Италия мен Бельгияның ЖІӚ-нің 23,4%-ы «кӛлеңке секторына»
тиесілі. АҚШ-ң кӛлеңке экономикасында 700 млрд. $-ға бағаланатын тауар жасайды, Италия 300 млрд. $, Ҧлыбритания 190 млрд. $-ға бағаланатын тауар ӛндіреді. Оның барлығы трансҧлттық заңбҧзушылық болып табылады.
8) Осы барлық белгілер барлық елдерге де тән, алайда оның даму/дамымау деңгейлері арқылы олар бір-бірінен ерекшеленеді.
Әдебиеттер
1. Европейская экономическая комиссия: обзор экономического положения Европы.
2002. №1
2. Сергеев П. В. Мировая экономика: Вопросы и ответы. М,. 1998
3. Черников Г.П. Экономика Франции. Традиции и новейшие тенденции. М,. 2002 4. «Эксперт» журналы
5. L‘etate du monde. P,. 2001
6. Черников Г. П., Черникова Д. А. Мировая экономика. М,. 2003 7. «Financial Times» журналы