• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ЗАҢ ҰҒЫМДАРЫНЫҢ РӨЛІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ЗАҢ ҰҒЫМДАРЫНЫҢ РӨЛІ"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

№ 1 (92) 2013

235

технологии, на разработке и внедрении планов мероприятий по управлению отходами производства и потребления, основным назначением которых будет снижение образования отходов и их переработка.

С целью поощрения предприятий к утилизации и переработке отходов планируется разработать механизмы стимулирования предприятий к утилизации и переработке отходов и продолжить работы по переработке и утилизации промышленных отходов, в т.ч. и опасных.

В отношении коммунальных отходов предлагается усилить ответственность местных органов власти за организацию эффективной системы раздельного сбора, сортировки, утилизации, переработ- ки и их экологически безопасного удаления.

Реализация этих мероприятий позволит увеличить долю переработки отходов к их образованию к 2014 году до 21,9 %.

В рамках отраслевой программы «Жасыл даму» в Казахстане будет создан национальный центр по управлению отходами производства и потребления. Основными задачами национального центра по управлению отходами производства и потребления будут реализация природоохранных мероприятий, развитие ниши предпринимательства в сфере охраны окружающей среды, внедрение экологических инноваций, создание заводов по производству технологических комплексов и экологического обо- рудования. Планируется, что центр «Жасыл даму», используя средства Национального фонда, будет участвовать в со финансировании различных проектов, что значительно увеличит их привлекатель- ность для международных доноров. Средства, полученные в виде экологических платежей и штрафов, предлагается направлять непосредственно в Национальный фонд республики. Затем в виде целевых трансфертов они будут направляться в центр «Жасыл даму», откуда в дальнейшем будут направлены на реализацию проектов. Программа по созданию центра включена в Перечень предлагаемых го- спрограмм в рамках реализации стратегического плана развития республики до 2020 года[3].

Таким образом, принципы законодательства об отходах производства и потребления должны на- прямую исходить из основных направлений государственной политики в области охраны окружа- ющей среды на современном этапе и получить отражение в самостоятельной статье Закона РК «Об отходах производства и потребления», объективная необходимость принятия которого у нас в стране давно назрела.

ЛИТЕРАТУРА

1. Нургалиева Е.Н., Бухарбаева С.А. Принципы трудового права. -Алматы, 2004. -С.10-11.

2. Динамика развития интеграционных процессов в государствах СНГ и перспективы формирования единого экономического пространства / Под ред. Ашимбаева М.С. -Алматы, 2004. – 195 с.

3. Отчет по программе 001 «Обеспечение деятельности уполномоченного органа в области охраны окружа- ющей среды» на тему: «Подготовка доклада Республики Казахстан «О контроле за трансграничной перевозкой опасных отходов и их удалением за 2010 год и обзора по отходам, признаваемым опасными в Республике Казах- стан». -Астана, 2011.

Поступила в редакцию 10.11.2012.

Е.Н. НҰСҚАБАЕВ

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ЗАҢ ҰҒЫМДАРЫНЫҢ РӨЛІ

In clause the legal and legal bases of legal culture of village youth are considered. In this connection also structure of such concepts, as «right», «rule of law», «the normative act», «law». And as a regulating role the right of various sheres of life of a society.

Құқықтық мәдениет – бұл қоғам мүшелері қабылдап, мойындаған әрі құқық нормалары заң актілерінің баптарында ресмиленген құқықтық ережелердің, әлеуметтік нормалардың, әдеп, ғұрып, дәстүр қағидаларының мазмұнына сәйкес келетін әрбір адамның құқықтық санасының, көзқарасының, ой-пікірлері мен пайым-түсініктерінің, сенімдері мен әрекеттерінің жиынтығы. Басқашалап айтқанда, құқықтық мәдениеттің адамдардың, әртүрлі әлеуметтік топтардың бойында қалыптасып, орнығуы олардың бойында құқықтық тәртіптіліктің, құқықтық нормалардың, сондай-ақ, ең бастысы әлеуметтік жауапкершіліктің жиынтығы ретіндегі заңды құқықтық мінез-құлықтың қалыптасқандығын білдіреді.

Жоғарыда келтірілген анықтама мазмұнынан көрініп тұрғандай, құқықтық мәдениет адамдардың

(2)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

236

құқықтық тұрғыдан біліктіліктерінің көрінуінің ең жоғарғы жиынтық көрінісі түрінде мазмұндала от- ырып, олардың бойларында қалыптасқан әрі олар үшін аксиомалық ақиқаттылыққа айналған құқықтық және моральдық-этикалық жоғары деңгейдегі адами жағымды қадір-қасиеттердің жиынтығын біл- діреді. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда құқықтық мәдениеттің міндетінің де, қоғамда атқаратын қызметінің де мәні қоғам мүшелерінің заңды құқықтық мінез-құлықтарын реттеп отыру. Адамдардың бір-біріне сыйластықпен, құрметпен қарауларына, өзара қарым-қатынаста биік адамгершілік қадір-қасиеттер аясында сұхбаттасуларына, қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қатаң ұстануларына мұрындық болу. Қоғамда тәртіп пен тыныштықтың сақталуына, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұйтқылық жасау.

Қоғамда қаншалықты адам құқығы қорғалып, ол мәртебеленсе, соншалықты құқықтық мәдениеттің де деңгейі жоғары болады. Сондықтанда болар, құқықтық мәдениеттілік құқықтық тұрғыдан білімділік пен биік моральдық-этикалық жағымды қасиеттерді өз бойына жинақтаумен қатар, адам- нан «адам құқығы», «адам қауіпсіздігі», «гуманизм», «бостандық», «тәртіптілік», «заңдылық», т.с.с. мазмұндары терең әрі биік адамгершілік қадір-қасиеттерге толы ұғым-түсініктердің мән- мағыналарын түсініп, ұғынуды талап етеді. Құқықтық мәдениеттіліктің ең жоғарғы көрінісі басқа адамдарға сүйіспеншіліктен, оларға құрметпен әрі сыйластықпен қараудан, өзара қарым-қатынаста әдептілік сақтаудан, басқалардың құқықтары мен бостандықтарын бағалай білуден, заңдылықты қатаң сақтаудан білінеді. Құқықтық мәдениеттіліктің ең негізгі көрсеткіші- құқықтық білімділік, биік моральдық-адамгершілік жағымды қадір-қасиеттерді бойға сіңдіру, тәртіптілік пен заңдылықты үнемі сақтауға дайын болу.

Құқықтық мәдениеттің қоғамда атқаратын негізгі міндеті мен қызметінің ең негізгісі бұл қоғамдық қарым-қатынастарды (оның ішіне адамдар арасындағы қарым-қатынастар да кіреді) реттеп отыру, яғни заңның үстемдігін әрі оның қатаң сақталуын қамтамасыз ету.

Бұл түсінікті де. Себебі азаматтардың құқықтық мәртебелерінің сақталуы, құқықтары мен бостандықтары өз бастауларын әрі түп тамырларын қоғамдық өмірден, қоғамда орнығып, қалыптасқан қоғамдық қарым-қатынастардан алады. Құқық бар-жоғы өмірде бар және әбден орнығып қалыптасқан жағдайларды бекітеді және олардың қатаң сақталуын талап етеді. Десек те, мемлекет пен құқық арасындағы шынайы байланыстың мән-мағынасын жете ұқпағандықтарынан адамдардың санасын- да олардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекет қана қорғай алады деген бір жақты ұғым қалыптасқан. Осыдан келіп, олар қоғамда және өздерінің өмірі мен қызметінде заңның атқаратын рөліне, үстемдігіне соншалықты мән бере бермейді. Сондықтанда болар, құқықтық мәдениетті сіңдіру ең алдымен адамдарға олардың өздерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге тиісті заң актілерінің құқықтық нормаларының мән-мағыналарын түсіндіріп, ұғындырудан басталады.

Себебі қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалармен (мораль, адамгершілік, өнеге, әдет-ғұрыптар, діни нормалар, қоғамдық ұйымдар нормалары, т.т.) қатар құқықтық нормалармен де реттеледі.

Құқық (нормативтік мәнінде) – бұл қоғамдық тұрақтылықты сақтауға, әр түрлі өмір салаларындағы (әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, өндірістік, тұрмыстық, т.т.) тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет билігін құру мен қызмет пәрменділігін анықтауға бағытталған, мемлекет танитын жалпыға міндетті мінез-құлық (нормалар) жүйесі [1, 62].

Заң – ең жоғарғы күші бар нормативті акт.

Құқық нормасы – мемлекет органы, немесе оның мақұлдауымен қабылданған немесе бекітілген жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі [2, 100].

Құқық бұзушылық – бұл қоғамға қауіпті, заң жауапкершілігін тудыратын, деликтоқабілеттілігі бар кінәлі адамның құқыққа қайшы іс-әрекеті (әрекетсіздігі) [3, 203].

Заңдылық мемлекет органдарының, лауазым иелерінің, қоғамдық бірлестіктердің, азаматтардың заңдардың, басқа да рәсімді актілердің талабын мүлтіксіз орындауы [1, 62].

Құқықтық тәртіп дегеніміз – бұл заңдылықтың сақталуы құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың нақтылы жағдайы [4, 232].

Осы жоғарыда анықтамалары берілген, сондай-ақ, олардан басқалай да құқыққа қатысты ұғым- түсініктердің мағыналары мен қоғамда атқаратын қызметтерінің мәнін түсіну адамдардың құқықтық мәдениетінің мазмұнын құрайды.

Демек, адамның бойына құқықтық сананы сіңдірмейінше, оның бойында құқықтық мәдениет қалыптаспайды. Ал, құқықтық мәдениеттіліксіз құқықтың мәнін ұғынып, түсіну, құқық нормаларының талаптарын мүлтіксіз орындау, қоғамдық тәртіпті сақтау, заңдылықты бұзбау, заң құзырлығына сенім, тәртіптілік, биік адамгершілік, адалдық, жауапкершілік сияқты қасиеттер адам бойында тұрақтамайды.

Нәтижесінде ол жаманшылыққа үйірленеді. Құқық бұзушылыққа етін үйретеді. Оның дәлеліне мына төмендегі мәліметтер мысал бола алады.

(3)

№ 1 (92) 2013

237

Түркістан қаласы бойынша жас азаматтар тарапынан жасалған қылмыстар жайлы жинақталған статистикалық мәліметтерде олар тарапынан 2010 жылы 24 қылмыстық іс қозғалса, 2011 жылы олар жасаған қылмыс саны 53-ке жеткен. Ал, биылғы жылдың алғашқы 3 айында 30 жасқа дейінгі азамат- тар 25 рет бөтеннің мүлкін ұрлау үстінде ұсталса, қарақшылық шабуыл жасау – 5, тонау – 11, алаяқтық – 1, анайы түрде зорлау – 1, құжаттар бүлдіру – 1, бұзақылық – 6, біреудің мүлкін бүлдірум – 1, орта дене жарақатын салу бойынша – 1, өзінше билік ету бойынша – 1 факті тіркелген. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, жастар Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінде кездесетін баптардың барлық түрлері бойынша қылмыс істеген, оның ішінде ауыр қылмыс жасаушылар баршылық.

Бұл тек бір елді мекенде тұратын жас азаматтар тарапынан жасалып, құқық қорғау органдарында тіркелген қылмыстық істер. Ал, ашылмай қалып, тіркелмегендері қаншама. Оларды кім біліпті. Дерек көздеріне қарағанда өткен жылы республика бойынша әр түрлі қылмыстық әрекеттерге барған 19327 жас ұсталып, солардың 14546 тіркеуге алынған. Осы көрсеткішті 360 күнге шағыңыз, бұл республика бойынша жастар тарапынан күн сайын жүздеген заң бұзушылық орын алады деген сөз.

Демек, құқықтық мәдениеттің адам бойында бала жастан қалыптасып, оның санасында тұрақтанып қалуы үшін қабылданатын заңдар, ондағы құқықтық нормалар қоғамдық өмірді, ондағы алуан түрлі қарым-қатынастарды реттеулерге ықпал етуші, қалыптастырушы күші ретінде көрінуі тиіс. Ал ол қоғамдық өмірден алшақ, жалпылама жасақталса, өзінің құндылығын жоғалтады. Керексіз нәрсеге айналады.

Демек, кез келген заң қоғам өмірінен алшақ тұрмауы тиіс. Ондағы жүріп жатқан қарым-қатынастар мен үдерістерді, құбылыстар мен қатынастарды, мінез-құлықты реттеулерге құлықты, құқықтық мәдениеттің үстемдік етуіне барлық мүмкіндіктерді тудыруы қажет. Өйткені, адамдардың басым көпшілігі қоғамдық өмірдің, адамдар арасындағы күрделі қарым-қатынастарды реттеуші заңдардағы құқықтық нормалар екендігін түсіне бермейді, реттеушілікті мәдениеттен, салт-дәстүрден жан- жағындағылардан іздестіреді. Себебі, олар заңмен, құқықтық нормативтік актілермен көбіне көп істес болмақ түгілі, таныста бола бермейді. Осыдан келіп адамдардың бойында заңды құқықтың мінез- құлықтың қалыптасуы, құқықтық мәдениеттің тұрақтануы біршама қиындықтарға ұрындырады.

Олай болса, қоғамдық өмірде, адамдар арасындағы қарым-қатынаста заңдылықтың үнемі сақталуын орайластыру үшін заң мен өмірлік үдерістердің бір-бірінен алшақ кетпей, бір-бірімен қиюласа, бір- біріне кіріге байланысып, үндесіп жатуына айрықша назар аударылуы керек. Заң баптарының өмірлік үрдістерден алшақ жатуы адамдардың бойында құқықтық нигилизмді тудыруы мүмкін.

Демек, қоғамда заң үстемдігінің сақталуының, қала берді, заңның адамдардың бойында құқықтық мәдениеттің қалыптасуына тигізетін ықпалы зор.

Құқықтық мәдениет бұл кез келген жағдайда:

– құқықтық сананың, құқықтық ойлау мен сезімнің жоғары деңгейде көрінуі;

– құқықтың қызметін білу мен түсіну;

– өз әрекеттерін заң талаптарына сәйкестендіру әдеті;

– құқықтық заңды мінез-құлық пен белсенділік, т.б.

Құқықтық мәдениеттің аталған сипаттамаларының әрқайсысы бір-бірімен байланыса келе тұлғалық деңгейде де, ал жалпылама өмір тұрғысынан да біртұтас қызмет атқарады. Осы түсінік негізінде ру- хани және практикалық іс-әрекет үдерісінде заңдылықтың сақталуы құқықтық мәдениет деңгейінің жоғарылығын білдіреді [4, 209].

Мұндағы негізгі де тұғырлы тұжырым бұл - құқықтың өзі және құқықтық нормативтік актілердің жоғары деңгейде жазылғандығы. Осының өзі-ақ заңдар ойдан шығарылған деген, мысалы, «теріс»

пікірді терістейді. Заң қоғамдық қатынастарды реттеу құралы ретінде әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптық реттеулердің әзірге ең өтімдісі, әмбебабы. Құқықтық заңдарды жасақтау қазіргі өркениеттің аса маңызды жеңісі. Ерте ме, кеш пе әйтеуір бір шақта әлеуметтік өмір өзінің ең жемісті сәтіне көтеріледі. Ол өз кезегінде қоғамның өркениеттілігін білдіретін туындысы бола тұрып, әлеумет өмірді байытумен қатар, өзін дүниеге әкелген әлеуметтік құрылыстың дамуына да септігін тигізеді.

Бұл орайда аса мән беретін тұс: заңды әрекетте оның қалтықсыз дұрыстығына сенім білдірілуі әрі осы арнада құқықтық мәдениеттің қалыптасуына мүмкіндік тудырылуы болса керек.

Құқықтық іс-әрекет тәсілдері мен формалары ішіндегі құқықтық мәдениеттілікті тудыра- тын құндылықтар қатарында ең алдымен заңдылықтың сақталуы мен құқықтық жауапкершіліктің нығыздалуын мысал етіп келтіруге болады. Оларсыз құқықтық тәртіптің сақталуын талап ету қисынсыз. Заң арқасында нақты іс-әрекеттік үдерістерді үйлестіруге ұмтылыс жасалады. Құқықтық мәдениет деңгейі жөнінде көптеген көрнекі мысалдыр келтіруге болады. Олар заңдарды қабылдауға байланысты парламент қызметтері, өкіметтік биліктер арасындағы дау-дамайды шешу тәртібі, қылмыстық немесе азаматтық әділет сотын орындау және т.б. [1, 73].

(4)

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

238

Заңның шектеулі дербестігінің өзі де оның құқықтық мәдениеттің әртүрлі жағынан барынша түрленіп көріне және ықпал ете білу қабілетінен көрінеді. Заң біріншіден, құқықтық сана бейнесін- де көріне отырып, құқықтық идеяларға нәр береді, құқықтық реттеу проблемаларын шешудің жаңа ұтымды жолдарын айқындауға мұрындық болады. Екіншіден, заң негізінде заңға бағынышты құқықтық нормативтік актілер жария етіледі, құқықтық мәдениет деңгейі жөнінде дерек беруші құқықтық ме- кемелер (институттар) түзіледі. Үшіншіден, заң және заңдық күші бар нормативтік актілер негізінде құқықтық мәдениет стандарттарына сай келетін мінез-құлық және қоғамдық қатынастар жүйесі рет- теледі. Төртіншіден, заң негізінде құқықтық мәдениетті жаппай көпшілікке сіңдіре алатын заңды насихаттау институттары түзіледі немесе қалыптасады. Осылайша, құқықтық мәдениеттіліктің қай ахуалы да, мысалы: 1) психикалық үдерістерді бейнелеуші – интериорлық та; 2) құқықтық нормалар жиынтығы – нормативтік актілер де; 3) іс-қимылдарға итермелеуші мінез-құлық көріністері де; 4) құқықтық әрекеттерді бекімдеуші – обьективтік жағдайларда, қандайы болмасын заңға жүгінеді, не- месе ол тарапынан көрінетін тікелей немесе жанама ықпалға кезігеді [5, 13].

Құқықтық мәдениет те басқа мәдениет түрлері сияқты бағамдалады. Осыған қарап заңның орта деңгейде немесе төменгі деңгейде, немесе жоғары деңгейде құқықтық мәдениетті қалыптастырушы рөлін анықтауға болады. Әлбетте, бағымдама салыстырмалы, мысалы, қоғамдық дамудың белгілі бір кезінде құқықтық құбылыстарға белгілі бір баға қойылса, ал өзге дәуірлер де сондай құқықтық әрекеттерге берілетін теңеулер басқаша болып келеді. Әртүрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялардың, оппозиция өкілдерінің мемлекеттің құқықтық деңгейіне әр түрлі баға беріп жататыны осыдан. Дегенмен, бұл әдетті, дұрыс құбылыс. Өркениет деңгейі барлық әлеуметтік топтарға ортақ құқықтық мәдениет өлшемдерін көрсетіп бере алады. Солардың арасында заң көмегімен адам бойын- да қалыптастыруға болатындары мыналар:

– құқықтық заңды мінез-құлық сезімін қалыптастыру;

– қисынды логикалық ой-сананы меңгерту:

– заңдылықты қатаңдату:

– заң жасақтаудың деңгейін көтеру;

– біліктілігін оқыту және насихаттау арқылы арттыруға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заң үстемдігін мойындауға және заңды өз іс-әрекетінде қолдана білуге үйрету.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы (оқу құралы). -Алматы: Жеті жарғы, 1998.

-192 б.

2. Сапарғалиев Ғ. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. -Алматы: Жеті жарғы, 1995. -208б.

3. Ізімұлы М. Заң терминдерінің түсіндірмелік-этимологиялық сөздігі. -Алматы: Сөздік-Словарь, 1999. -312 б.

4. Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Оқулық. -Алматы: Жеті жарғы, 2003. -464 б.

5. Айменов А. Құқықтық мәдениеттің қалыптасуындағы заңның орны. -Ұлт тағылымы, 2008. -№3. -11-14 б.

Редакцияға 13.10.2012 қабылданды.

Ә. САБЫРОВ

КАСПИЙ ӨҢІРІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ОНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

In this paper, the author considers the topical problem of modern international relations science - the question of explaining of the Caspian region. The region, once owned by only two countries: the Soveit Union and Iran, to date, has a great geo-strategic importance and attracts the attention of such world and regional powers as Russia, USA, China and the EU. This attention is due to the huge hydrocarbon reserves and strategically advantageous position. The regional aspects of maritime security are also considered. In particular, Kazakhstan’s position is analyzed in the work.

Соңғы уақытта шетелдік және отандық ғылыми еңбектерде «Каспий өңірі» - атты дерек жиі кезде- седі. «Каспий өңірі» атты термин бүгінгі күні зерттеушілерді ойландыруда.

Каспий өңірінің құрылуы мен негіздерін қарау қажет. «Өңір» туралы түсінік ғылыми кітаптарда көптеген анықтаулармен негізделген. «Өңір» термині ғылыми қолжазбаларда әр түрлі анықтамалар түрінде де кездеседі [1]. Көптеген жағдайда «Өңір» туралы түсінік әр тараптан, не болмаса көзқарасы

Referensi

Dokumen terkait

ҚР Конституциясына сәйкес ӛзін демократиялық, саяси, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде белгілей отырып, ең жоғарғы құндылығы ретінде адам, оның ӛмірі мен десаулығын, құқықтары

ЕО елдер мен бол ан са си ай л тар а арамастан, Ресей Еуропал Ода пен с ндарл нт ма таст са сат н жал аст ру а ж не... The Indispensable European // The