• Tidak ada hasil yang ditemukan

«ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІН ӨЗГЕ МАМАНДЫҚТАРҒА ОҚЫТУ САПАСЫ ЖӨНІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "«ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІН ӨЗГЕ МАМАНДЫҚТАРҒА ОҚЫТУ САПАСЫ ЖӨНІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

Алтынбасов Б.Ӛ., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы меңгерушісінің міндетін

атқарпушы, з.ғ.к.

«ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІН ӚЗГЕ МАМАНДЫҚТАРҒА ОҚЫТУ САПАСЫ ЖӚНІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР

Қазақстан Республикасы ӛзін егеменді және тәуелсіз ел ретінде жариялағалы бері 20 жылға жуық уақыт болыпты. Осы уақыттың ішінде қазақ елінің дербестігін, ӛзіндік ерекшелігін, тілі мен мәдениетін дамытуда біршама жұмыстар жүргізілді. Алайда мемлекеттік тіл мәселесі күн тәртібіндегі сұрақ болып қала беруде. Мемлекеттік тіл мәселесі президенттің жолдауларында, үкіметтің бағдарламаларында, уәкілетті органдардың жұмыс жоспарларында кӛрініс табуда. Білім және ғылым министрлігі тарапынан барлық білім беру деңгейлерінде мемлекеттік тілдегі оқу және оқу әдістемелік құралдардың қорын молайту жӛнінде жұмыстар жүргізілуде.

Мұндай жұмыстардың кӛрінісі Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ кӛлемінде де жүргізіліп жатқанына біз куә болып жүрміз.

Мемлекеттік тілдің білім саласындағы жағдайы, соның ішінде мемлекеттік тілде сабақ жүргізу мәселесіне тоқталатын болсақ бірқатар мәселелер анықталады. Бұл сұраққа келгенде мемлекеттік тілдегі оқулықтардың жетіспеушілігі, олардың теориялық тұрғыдан нашар болуы, ғылыми терминдердің қазақшаға қате аударылуы және ӛзге де мәселелер кӛтеріледі. Қысқасы алуан түрлі мәселелер бар.

Біздің қарастырып отырған сұрағымызға нақты кӛшетін болсақ, яғни заңтану мамандығынан ӛзге мамандықтарға «Құқық негіздері» пәнін мемлекеттік тілде оқыту сапасы жӛнінде келесідей жағдай байқалады:

1) «Құқық негіздері» пәні университет бойынша 12 факультетте, яғни жалпы алғанда 2699 студентке оқылады. Соның ішінде 1580 студент мемлекетттік тілде білім алады, 1119 студент орыс тілінде білім алады.

2) пәнді барлық факультеттерге екі кафедраның оқытушы- профессорлық құрамы жүргізеді және толығымен қамтамасыз етіп отыр.

3) оқулықтар мен оқу құралдары толық қамтылған, оқу-әдістемелік кешендер жасалынған, емтихан тесттері Білімді бағалау және аттестаттау бӛліміне ӛткізілген.

Бүгінгі таңда студенттер интернет, бұқаралық ақпарат құралдары, оқулықтар және ӛзге де кӛздерден ақпарат алуда. Яғни қазіргі студенттердің білім алып, ӛзінің білімін тереңдетуге мүмкіндіктері кӛп. Сондықтан да, оқытушының дәріс кезінде берген материалдары студенттерге аз болуы, ӛзектілігі жоқ немесе қызықты емес болуы мүмкін. Сондай-ақ бүгінгі студенттерді жай, дәстүрлі оқу процесі қызықтырмауы мүмкін. Мұндай жағдайдан шығудың жолы ретінде білім беруде инновациялық әдістерді қолдану табылады. 21 ғасырда білім беруде инновациялық әдістерді қолдану педагогтың басты құралы ретінде танылады.

(2)

Инновация, инновациялық әдістер, инновацияның ӛндірісте, ӛнеркәсіпте, білімде, ғылымда кеңінен қолдану қажеттігі жӛнінде мемлекеттік бағдарламаларда, уәкілетті органдардың жоспарларында кеңінен кӛрініс табуда.

Ендігі кезде осы инновация сӛзінінің мағынасына, оның педагогикалық салада қолдануы қандай жағдайда екендігіне тоқталып кӛрелік.

Инновация латын сӛзінен аударғанда жаңалық енгізу деген мағынаны білдіреді екен. Яғни инновация жаңаны игеру және енгізу үрдісін білдіреді.

Білім берудің инновациялық әдісі дегеніміз оқытушы мен студент арасындағы ӛзара байланыстың жаңа тәсілдерін қамтитын, оқу барысында тиісті материалдарды игеру үшін тәжірибе жүзіндегі белгілі бір жаңалықтар енгізетін оқыту әдістері. Білім беру әдістері білім берудің мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, қағидаларын ӛмірге енгізуге мүмкіндік беретін идеяларды жүзеге асыру механизмі болып табылады1.

Білім беру барысында қолданылатын әдістер қоғамның замануи талаптарына және білімнің даму тенденциясына сай болуы қажет. Білім беру үрдісінің нәтижелі болуы әдістердің қаншалықты дұрыс және орынды қолданылуына байланысты.

Экономикадағы инновация түсінігін ХХ ғ. 30-жж. австриялық ғалым Й. Шумпетер, ХХ ғ. 40- жж. неміс ғалымы, социолог В. Зомбарт, сонымен қатар экономист В. Метчерлих енгізді.

Білімдегі инноватика түсінігі ХХ ғ. 50- жж. пайда болды, отандық педагогикада оған 70-жж. соңында назар аударыла бастады.

Дәстүрлі түрде оқыту қайталанатын жағдайлардағы қызмет ережелерін меңгеруге бағытталған. Ал инновациялық білім беру болашақтың белгісіз, жаңа жағдайларындағы әрекеттерге дайындайды.

Инновациялар қоғам дамуының қазіргі заманғы деңгейін сипаттайды.

Оның негізінде ақпарат жатыр. Ал ақпараттық тәсілге сүйенетін болсақ, ақпараттың басты үш қасиеті бар, олар: жаңашылдық, жылдам дамушылық және алуантүрлілік.

Осылайша осы үш қасиет жалпы қоғамды да, соның ішінде әлеуметтік институт ретіндегі білімді де сипаттай алады.

Жаңа ақпараттық және педагогикалық технологиялардың, білім беру әдістерінің негізінде оқытушының рӛлін түбегейлі ӛзгертуге болады, бұл ретте ол тек студентке білім беруші ғана емес, соған қоса студенттің дербес шығармашылық жұмысын ынталандырушы, жетекші ретінде әрекет етеді.

Қазақстандағы қазіргі заманғы білім беру нарығының дамуы мен ақпараттық технологиялар кезеңінің талаптарын ескеретін болсақ, білім беру процесі тәжірибеде сынақтан ӛткен директивалық сипатқа қоса, инновациялық, интерактивті сипатты иеленуі тиіс.

Инновациялық білім берудің ерекшеліктері:

(3)

Біріншіден, қазіргі заман – инновациялар, жаңалықтар және ӛзгерістер уақыты. Күн сайын біз жаңа тауармен және ӛніммен, жаңа біліммен, жаңа идеялармен танысамыз. Оқыту процесі мен оқыту әдістері осыған сәйкес келуі тиіс.

Екіншіден, оқытудың инновациялық әдістерін ұстану, оларды тұрақты түрде пайдалану студенттердің ойлану қабілетінің жаңалықтарға қарай икемделуіне, олардың озық жұмыс істеуге дағдылануына мүмкіндік береді, себебі бұл қасиеттер инновациялық оқытудың ерекшеліктері болып табылады.

Үшіншіден, оқытудың инновациялық әдістері дегеніміз оқытудың белсенді әдістері, ал Х.Е. Майхнердің педагогикалық эксперименталдық мәліметтері олардың оқу процесіндегі артықшылығын растайды. Студенттер естерінде сақтайды:

- оқығандарының 10 %;

- естігендерінің 20 %;

- кӛргендерінің 30 %;

- естігені мен кӛргендерінің 50 %;

- соған қоса ақпаратты белсенді түрде қабылдау кезінде олар ӛздері айтқанның 80 %, ӛздері жасағанның 90 % есінде сақтап қалады.

Инновациялық оқытудың ерекшеліктері болып табылады:

- алға қарай ұмтыла отырып жұмыс істеу, дамудың алдын алу,

- болашаққа ұмтылу;

- тұрақты түрде қозғалыста болу, яғни жүйенің, соның ішінде адамның ӛзінің түрлі қасиеттерді иеленуі;

- міндетті түрде шығармашылық элементтерінің болуы;

- қатынастардың серіктестік түрінде болуы: ынтымақтастық, ортақ шығармашылық, ӛзара кӛмек және т.б.

Бүгінгі таңдағы педагогика ғылымында инновациялық әдістердің түрі кӛп. Соның ішінде біздің жағдайда қолдануға тиімді деп танитын әдістерге шартты түрде мыналарды жатқызуға болады:

1. Фундаменталистік әдіс қарастырылып отырған мәселені шешуде ғылыми немесе ӛзге де қалыптасқан негіздерге сүйенуді кӛздейді. Бұл студенттердің тақырыптың мәнін түсінудегі сенімділігін арттырады, олардың ойларын орныққан күшті идеялармен байланыстыруға және жетілдіруге кӛмектеседі.

2. «Сократтық диалог» әдісі кезінде оқытушы мен студенттер түрлі позицияны ұстанып, ӛз позициясын дәлелдеуге тырысады. Сабақ барысында оқытушы сұрақ қойып, студенттерге жауап беруге мүмкіндік береді. Яғни студенттің жеке ойлану, ізденуіне жағдай жасалады.

3. «Сұрақ-жауап» әдісі кезінде топ екі командаға бӛлініп, нақты бір тақырыпқа қатысты бір біріне сұрақтар қояды. Жауап болмаған жағдайда ӛздері жауап береді. Сұрақтың жауабы дұрыс емес болған жағдайда

(4)

оқытушы араласады. Нәтижесі командалардың жинаған баллдары арқылы анықталады.

4. Мозаика әдісі (А.Ронзон, Гонсалес).

- Қатысушыларды топтарға бӛлу;

- Тақырып бӛліктерге бӛлінеді (әдетте 6 бӛлікке) және әрбір топ ӛз бӛлігі бойынша маманға айналады.

- «Мозаиканың бӛлігін» талқылау;

- Барлық мәселелерді біріктіру.

5. Конструктивтік ережелер әдісі. Зерттеу оқытушы кӛрсеткен алгоритм бойынша жүргізіледі, ол мәтіннің түріне және алға қойылған міндетке байланысты болады.

Сонымен қатар сабақ барысында кӛрінеу заттар пайдалану, интерактивті тақта пайдалану, сол арқылы тікелей интернетке немесе «Заң»

базасына кіру, слайдтар кӛрсету және ӛзге де тәсілдер қолдануға болады.

Бірақ ол аудиториялардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне байланысты болып табылады. Ӛкінішке орай бүгінгі таңда мұндай мүмкіндіктер тек арнайы кабинеттер, зертханаларда ғана бар.

Құқық негіздері пәнін оқытудың әдіснамасын анықтаудан бұрын біз оның қандай деңгейде оқытылатынын анықтап алуымыз қажет. Оның екі түрі бар:

1. Барлық мамандықтарға ортақ мемлекет пен құқықты жалпылама оқыту, яғни жалпы білім беру пәні ретінде.

2. Мамандықтың ерекшелігіне сйкес оқыту, яғни нақты бір мамандық саласында кездесетін қоғамдық қатынастардың құқықтық негіздеріне бейімдеп жүргізу.

Бірінші жағдайда, құқық негіздерін барлық мамандықтарға ортақ бір типтік және жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес оқыту. Мұндай жағдайда пәнді оқытуға келесідей сипат тән:

- біріншіден, пән мамандықтың ерекшелігін ескермейді, ал тек мемлекет пен құқық туралы жалпы білім берумен шектеледі;

- екіншіден, пән ӛзінің мазмұны бойынша орта мектептің жоғары сыныптарында ӛтетін «Құқық негіздері» пәнін қайталайды;

- үшіншіден, пәннің мазмұны түрлі құқық салаларын қамтиды, ал бір құқық саласын бір сағаттық дәріс кӛлемінде біліп шығу мүмкін емес (заңгерлер бір құқық саласын бір семестр немесе бір жыл оқиды, тіпті екі жыл оқитын құқық салалары бар). Осы жағдай бірқатар мәселелер туындатады. Себебі оқытушының ӛзіне студент үшін қандай сұрақ жеңіл немесе ауыр екендігін анықтау қиынға соғады.

Екініші жағдайда, құқық негіздері пәнінің мамандықтың ерекшелігіне негізделуі басшылыққа алынады. Логикалық тұрғыдан қарайтын болсақ құқық негіздері нақты бір мамандықтың ерекшелігіне сәйкес, сол саладағы қатынастардың құқықтық табиғатын біліп, түсінуге бағытталуы қажет.

Мысалы, әлеуметтік ғылымдар факультетінде, болашақ педагогтарға білім саласындағы қатынастардың құқықтық тұрғыдан қалай реттелетініне

(5)

тоқталуымыз қажет. Нәтижесінде, болашақ педагог оқытушы мен білім алушының құқықтары мен міндеттері, осы саладағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстың құрамы, ол үшін жауапкершіліктің түрлері, автролық құқық пен плагиаттың түсінігі және ӛзге де педагогикалық қатынастарды құқықтық тұрғыдан түсінетін болады. Нәтижесінде, болашақ маманның біліктілігі артып, құқықтық санасы қалыптасатыны сӛзсіз.

Жоғарыда айтылған екі жағдайды басшылыққа ала отырып, пәннің мақсатын анықтаған кезде ғана біз «Құқық негіздері» пәнін, оның типтік және жұмыс оқу бағдарламасын жасап, пәннің мазмұнын анықтаймыз.

Осыдан кейін ғана бұл пәнді қаншалықты деңгейде тереңдетіп жүргізу қажеттігі анықталады және қандай инновациялық оқыту әдістерін қолдану тиімді екендігі белгілі болады.

Әрине, жағдайды осы қалпында қалдырып, қолда бар жұмыс бағдарламасына сәйкес жұмыс жасай беруге болады. Оның үстіне орын алып отырған жағдай оқытушыға да, студентке де ыңғайлы болып отыр. Себебі, ортақ бағдарлама болғандықтан «Құқық негіздерін» жүргізетін оқытушылар бір материалмен барлық мамандықтарға сабақ жүргізе береді. Ал студенттер ортақ материалдармен дайындалып, ортақ тесттерді пайдаланып, емтиханға дайындалады. Бүгінгі таңда «Құқық негіздері» пәнінен дайындалатын тесттер кафедраның барлық оқытушыларымен ортақ жасалады және оның саны да кӛп (500-ге жуық тест). Ол сұрақтарға студент емес оқытушының ӛзі дұрыс жауап беруі екі талай. Тесттердің бірнеше оқытушының бірлесіп дайындайтығын ескеретін болсақ, оның сапалық және құпиялық жағына кепіл беру ӛте қиын. Жыл сайын сапалы тест жасап, оның құпиялығын бақылап отыру әзірше мүмкін болмай отыр. Ондай жұмыс күшін жұмсауды оқытушылардан талап ету, оны қадағалап отыру механизмі формальды сипатқа ие.

Жалпы алғанда пәннің және оның оқу-әдістемелік кешенінің сапалы және нәтижелі болуы кафедраға байланысты. Сондықтан да барлық мәселе кафедраның қаншалықты тиімді жұмыс жасауына тәуелді болып отыр. Кеңес одағы тұсында кафедра университеттің жүрегі, ең басты құрылымдық бӛлімшесі ретінде саналатын, кафедра оқу процесін ұйымдастырудағы негізгі рӛлді атқарған. Ал реформалық кезеңдер басталғалы бері кафедраның функциясы мен рӛлі екінші орынға түсті. Оқу процесін ұйымдастыру әкімшілік тәртіппен шешілетін болды. Кафедраның жұмысы сапаға емес формалдық талаптарға сәйкес болу талап етілетін болды. Сондай-ақ кафедра құрамының тұрақсыздығы да пәндердің сапалы жүргізілуіне кері әсерін тигізуде.

«Құқық негіздері» пәнін мемлекеттік тілде сапалы оқытудың деңгейін кӛтеру үшін оқытушының педагогикалық шеберлігін кӛтеру, оқытуда инновациялық әдістерді қолдану арқылы шешуге болатындығы айдан анық.

Бірақ мұндай жағдайға жету үшін оқу процесінде, университеттің оқу жұмысын ұйымдастыру жүйесінде бірқатар ӛзгерістер енгізген жӛн.

(6)

«Құқық негіздері» пәнін мемлекеттік тілде оқытудың сапасын кӛтеру мәселесі кешенді түрде шешуді талап етіп. Мұнда келесідей ұсыныстар жасалады:

1. Болон процесінің университеттер үшін кепіл ететін басты қағидасы – университеттердің тәуелсіздігі және автономиялығы қағидасын ұстана отырып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бүгінгі таңдағы саясатын басшылыққа алып, университеттің мәртебесіне, онда оқытылатын мамандықтардың ерекшелігіне байланысты ішкі ережелер, стандарттар нұсқаулықтар, басқа да локальды актілер қабылдау қажет.

2. Білім беру жүйесі күрделі реформаларды басынан кешіріп жатқандығын ескере отырып, университеттің оқу-әдістемелік басқармасы және ӛзге де құрылымдық бӛлімшелері оқу процесін ӛнімді және нәтижелі ету үшін кафедралармен бірлесіп тиімді жолдар іздестіруі қажет. Яғни, оқу- әдістемелік бӛлімі бақылаушы-қадағалаушы функциясын екінші орынға қойып, кафедраға оқу және ғылыми қызметпен айналысуға толық жағдай жасап, формальдылықтан нақты жұмыс жасауға кӛшуі тиіс.

3. Емтиханда қолданылатын тест сұрақтарының студенттердің білімін тексерудегі шынайы құрал болатындай жасау үшін, оқытушы «Құқық негіздері» пәнінен тест жасауда дербес әр факультет бойынша немесе сабақтас мамандықтарды топтастыру арқылы, сол саланың ерекшелігін ескере отырып (200-ден артық емес, яғни кредит санына сәйкес) жасауы қажет. Бұл ӛз кезегінде бүгінгі таңда тест сұрақтарының сапасын және құпиялығын сақтау үшін университет тарапынан жасалып жатқан іс- шараларды нәтижелі етер еді.

Әдебиеттер тізімі:

1. Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения, или Как интересно преподавать: Учебное пособие (второе издание). – Алматы, 2008. – 284 с. (с. 5).

Referensi

Dokumen terkait

Аннотация диссертации на соискание академической степени магистра по специальности 6М071200 – Киберфизические системы в машиностроении Набиева Нургуль Бекеновна Разработка системы