• Tidak ada hasil yang ditemukan

Қ саяси институттар жүйесінде: теория және практика» атты

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Қ саяси институттар жүйесінде: теория және практика» атты"

Copied!
2
0
0

Teks penuh

(1)

«БАҚ саяси институттар жүйесінде: теория және практика» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда сөйлеген сөзі

2010 жыл 18 маусым. Астана қаласы.

Құрметті ғылыми-теориялық конференцияға қатысушылар! Тәуелсіз елімізде жүргізіліп жатқан демократиялық өзгерістер арнасында ахуалды және қажетті тақырыпқа өткізіліп отырған Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысушыларды ғылыми жиынның ашылуымен құттықтаймын.

БАҚ-ты қоғамда заң шығарушы, атқарушы және сот билігімен қатар

«төртінші билік» деп атайды. Соңғы жүзжылдықта БАҚ-тың саяси процестерді жүзеге асыратын маңызды құралдардың бірі ретінде қоғамның саяси өміріне тікелей араласуы байқалады. БАҚ көмегімен елімізде және бүкіл әлемде болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарды қабылдап, түсінеміз.

БАҚ-тың негізгі қызметі халықтың әртүрлі топтары арасына үздіксіз саяси, идеологиялық, мәдени ақпарат тарату болып табылады. Сондықтан БАҚ қоғамдық сананың қалыптасуы, қызмет етуі мен дамуына тікелей әсерін тигізеді.

Қоғам өмірінің барлық саласы түбегейлі өзгерістерге толы қазіргі Қазақстан үшін ғылыми-теориялық конференцияда талқыланып отырған мәселе жалпы теориялық болсын, саяси және қолданбалы жағынан да көлемі кең, маңызды мәселе.

Конференция жалпы журналистер қауымдастығы мен осы оқу орнында білім алушы журналистердің жаңа толқынының кәсіби шеберлігімен қатар, саяси қырағылығын, саяси мәдениетін шыңдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл жиын болашақ журналистердің саясаттану негіздерін меңгеріп, саяси процестер мен оқиғаларды дұрыс түсініп, оны халыққа жеткізуіне өз үлесін қосары сөзсіз.

Барлық деңгейдегі саясаттанушыға саяси өмірдегі шындық пен тәуелсіз Қазақстанымыздың дамуы туралы байламдар жасау үшін бұқаралық ақпарат құралдары қажет. Саясаттанушылар БАҚ арқылы ғана шыңдала түседі.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де журналистика және саясаттану факультетінің ашылуы орынды іс деп санаймын. Факультет aшy туралы ойды алғаш марқұм профессор Ақселеу Сланұлы Сейдімбек көтерген болатын.

Осыған орай ғылыми-теориялық конференция аясында А. Сейдімбек атындағы Ғылым залының ашылуын ғибратты шара деп есептеймін.

Осындай тәрбиелік мәні зор шараны ұйымдастырушылар мен іске асырушыларға өз алғысымды білдіремін.

«Саяси институттар жүйесіндегі БАҚ: теория және практика» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның өткізілуі маңызды және дер кезіндегі шара. Ол жаңа ашылған факультеттің аяғын нық басып, алға жылжуына өз септігін тигізеді деген үміттемін.

Бұқаралык ақпарат кұралдарының қалыптасуы мен дамуы – біздің елімізде сөз бостандығының негізгі бағыт екенін айқындауға байланысты аталмыш мәселенің маңыздылығы екі есе артады.

(2)

Ғылыми-теориялық конференцияда айтылған ойлар, көзқарастар ақпараттық кеңістіктегі практикалық іс-шараға, нақты саясат арнасына айналады деп сенемін.

Біз Сіздерден БАҚ-тың қазіргі қоғамның саяси институттар жүйесінде қызмет етуіне бағытталған тың жаңа идеялар, мағыналы және дәлелді ой- толғамдар күтеміз.

Журналистер күні қарсаңында журналистика және саясаттану факультетінің ұжымын кәсіби мейрамымен құттықтаймын.

Құрметті журналистер қауымы және конференцияға қатысушы барлық ғалымдар мен оқытушыларға бүгінгі талқыланып отырған мәселе бойынша қызу пікірталас пен тың ой-толғаулар және жалпы шығармашылық табыстар тілеймін.

Referensi

Dokumen terkait

Теориялық экономика және экономикалық практика пәнін оқытудың мақсаты студенттерге экономикалық заңдар мен категорияларды таныстыру арқылы экономика ұғымына жалпы эрудиция

35-51 Кәсіби тәжірибесі: 2017 – қазіргі уақытқа дейін – теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасының аға оқытушысы; 2012-2017 – «КАЗГЮУ Университеті» АҚ қазақ және орыс