1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЕВРАЗИЙСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМ. Л.Н. ГУМИЛЕВА
ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ ФАКУЛЬТЕТ СОЦИАЛЬНЫХ НАУК
«ПРОФЕССОР С. М. ЖАҚЫПОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ» АТТЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ
МАТЕРИАЛЫ
РЕСПУБЛИКАНСКОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ «ПРОФЕССОР С. М. ДЖАКУПОВ И РАЗВИТИЕ ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ НАУКИ В КАЗАХСТАНЕ»
28 апреля 2015 года
АСТАНА - 2015
2 УДК 159.9 (091) (574)
Редакционная коллегия Шалгынбаева К.К. – доктор педагогических наук, профессор Ерментаева А.Р. – доктор психологических наук, профессор Бекова Ж.К. – кандидат психологических наук, доцент Мандыкаева А.Р. - кандидат психологических наук, доцент Байсарина С.С. - кандидат педагогических наук, доцент
«Профессор С.М. Джакупов и развитие психологической науки в Казахстане»: Сб. статей Республиканской научно – теоретической конференции ( г.Астана 28 апреля 2015г.)
– Астана: ЕНУ им.Л.Н. Гумилева, 2015. – 219 с.
ISBN 978-601-7429-81-2
В настоящий сборник включены материалы Республиканской научно – теоретической конференции«Профессор С.М. Джакупов и развитие психологической науки в Казахстане»
(г.Астана 28 апреля 2015г.). – 243 стр.
Материалы предназначены для молодых ученых, преподавателей, студентов, магистрантов, докторантов.
ISBN 978-601-7429-81-2
© ЕНУ имени Л.Н. Гумилева, 2015
96
МЕКТЕП МҰҒАЛІМІНІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ӨНЕРІН МЕҢГЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Жақаева Айгүл Жұмағалиқызы
Алматы обл. Панфилов ауданы Ж.Бусақов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығының бастауыш сынып мұғалімі
Қарым-қатынас өнері - өте көне және қиын, бірақ бұл өте қарапайымнан басталады.
М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты ғылыми мәнді, публицистикалық еңбегінде:
«...Дүниеде теңіз терең емес, адамның жаны терең. ...Қазақтың қаны бір, жаны бір, жол басшысы - мұғалім», - деп ерекше еаскере отырып: «Алты алаштың баласы бас қосса , Қадірлі орын мұғалімдікі» деп өте жоғары баға берді (1).
Педагог пен оқушылардың арақатынасы әрқашан көптеген күтпеген жайларға толы. Үнемі болатын рухани өсім, мінездің қалыптаса бастауы (мектеп жастағы байсалдылықтан жасөспірім жасындағы күрт өзгерістерге дейін), көңіл-күйдегі ауытқулар (өзін еркін сезінуден ызаланғанға дайін) лезде талдауға келмейтіндіктен ұстазға бір қарағанда оқушылармен жақсы қарым-қатынасы өзін тыныштандыруға мүмкіндік бермейді, себебі нақты әр жағдайда педагог қарым-қатынаста тура бағытты табуы керек.
Педагог пен оқушы қарым-қатынасы өз алдына бір-бірімен байланысқан және өзара шартты тізбек болып, түрлі формалар мен жағдайларда жүзеге асады. Бұл тізбекте мұғалім ерекше роль атқарады.
Кез келген пән тәрбиеге негіз бола алады, бірақ сабақ мазмұнының есте қаларлықтай мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасына ұласуы үшін үнемі сабақ берудің сапасын арттырып отыру керек. Пәнді меңгеру барысында мұғаліммен тіл табысу үрдісі ортақ бір негізде қарым-қатынас мүддесіне байланысты болады.
Педагогика мамандығына талдау жасағанда, мектептегі кәсіби қатынас мәдениетінің төмен екенін көрсетеді. Мұнда ең аз дегенде 3 себеп айтуға болады:
Мұғалім оқу-тәрбие процесінде қарым-қатынасқа көп көңіл бөлмейді және оны ұйымдастыруды ойламайды.
Мұғалім практикалық жұмысында адамның психикасына көз жұма қарайды.
Әр мұғалім өзінің ортадағы кәсіби мәдениетінің жоғарылауына мән бермейді.
3 мәселеде мынандай педагогикалық ситуацияда кездеседі:
- Сабақта материалдарды қандай мөлшерде және қалай жеткізу;
- Уақытылы оқу бағдарламасын орындау;
- Қайталауға және сабақты қорытындылауға қандай материалдар беру;
Мұғалім сабақты жүргізу барысында көп сөйлемейтін балалардың сенімділігін арттыру, белсенді балалардың белсенділігін түсірмеуді жоспарлайды.
Сабақ және сабақтан тыс сынып сағатын ұйымдастыру барысында мұғалім өз жоспарын балалар еркін сезінетіндей етіп жазу керек. Олар «қорқыныш» және
«сенімсіздікті» сезінбеуі керек.
Уақытты үнемдеу үшін мұғалім тез сөйлейді. Оқушылар мұны үлгі ретінде қабылдап, үлгеруге міндетті деп ойлайды, бірақ көбі үлгере алмайды. Ал сынып белсенділерімен мұғалім көп сөйлесіп, үлгермегендері қалып қояды. Нәтижесінде «элита»
бір плюсте, екіншісінде – инерттік топ пайда болады, оқушылар арасында қарама- қайшылық туады.
Қарым-қатынас стилінің приоритетін мұғалім таңдауы тиіс.
Мұғалімнің көптеген тәжірибесінің нәтижелері оқушылар мен ата-аналар және ұжымдағы қарым-қатынастың жетістігіне байланысты.
Ұжымда кәсіби тәртіпті елемеуі;
Оқушыларды тыңдауға және орындауға үйрету;
Мұндай сөйлесу стилі оқушы мен мұғалім арасында қақтығысқа алып келеді.
97
Қарым-қатынас стиліне психологиялық мінездер әсер етеді. Осыны барлығымыз білеміз, бірақ практика жүзінде қолданбаймыз.
Мұғалім мен оқушылар арасында дұрыс хабар бермеу және сенімсіздік, кейбір жағдайда оқушылардың дұрыс түсінбеуі әсер етеді.
Ата-аналар жиналысын оқушылармен бірге өткізуде өзара түсінбеушілікке алып келеді. Себебі, мұғалім ата-аналардың өз баласының тәртіпсіздігін қалай қабылдайтынын білмейді. Осындай жиналыстан кейін бала мен мұғалім, ата-ананың арасында сонымен қатар жанұяда алауыздық тууы мүмкін.
Мұғалім қарым-қатынасы сыртқы көзқараспен адамды танып білуіне байланысты, ал бұл өз кезегінде психикамен байланысты. Кәсіби қызметтің негізі – адамның санасына және тәрбиесіне әсер етуге негізделген. Себебі мұғалімдік қарым-қатынас белгілі бір мәселені нақты шешуге бағытталған: тыңдау, түсіну, үйрету, ақыл беру, қадағалау, сендіу, түсіндіру, қатесін түзеу.
«Отырыңдар және тыңдаңдар» деген қарым-қатынас процесі дұрыс емес. Бұл диалогтың формальды түріне жатады.
Тең дәрежеде сөйлесу ғана жетістікке әкеледі. Мұнда мұғалім мен оқушы арасында теңдік, бірдей ойлау, бірін-бірі түсінуге көмектеседі. Осы диалогтағы мұғалімнің ролі қарым-қатынас нәтижесінде дәрежесі төмендейді.
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуы көптеген шарттарға байланысты. Бұл шарттар қарым-қатынастың қалыптасуына өте қажет.
Мұғалім өзімен қарым-қатынасқа түсетін оқушы, ата-ана, басқа мұғалімдердің психофизиологиялық және әлеуметтік негіздерін ескере отырып, олардың айтылған мәселені қалай қабылдайтынына назар аударуы керек. Әңгіменің мағынасына, сөйлесу әдісіне көңіл қоюы шарт.
Психология ғылымдарының докторы, профессор С.М. Жақыпов бұл процесті тіпті қарапайым стихиялы тәрбиеде ие болатын мақсат жобасы, формасының бағытының анықталуын: біріншіден білу керек, одан нені талап етеді; түсіну керек, оған қалай жету керек және қабылдау керек, бұл білім әрекетінде басшылық ролінде көрінеді. Ал бұл дегеніміздің өзі жеке адамның қарым-қатынасын ұйымдастыру, ол ең алдымен қандай да бір мінез-құлық өлшемдерін талап етпес бұрын, біріншіден берілетін білім туралы хабарлау керек. Бірақ оның алдында бала білімді қабылдауға дайын ба, соған сенімді болу керек, ал егер жоқ болса, онда арнайы дайындауымыз қажет (2).
Осындай жетістікке жету, оның жұмыс барысындағы тәрбиесіне байланысты. Бірақ тәжірибесінің аз болуы, даулы мәселелерді шешуіне әсер етпеуі тиіс. Мұғалім жұмысының басынан жинақы, осындай мәселелерге дайын болуы керек.
Мейірімділік, баптылық, белгілі мөлшерде қатал болуы және т.б. қасиеттері болмаса, оны керек кезінде пайдалана алмаса, мұғалімге қарым-қатынас жасау қиын болады. Бұл қасиеттерді мұғалімнің кәсіби мәдени қасиеттері деп айта алмаймыз, бірақ оларсыз оқушылармен қарым-қатынас жасау қиын. Қарым-қатынасты әрқашан көп факторлы процес ретінде қарастыру керек. Барлық факторларды екі үлкен топқа бөлуге болады: жеке және ұйымдасқан екі топ бір-бірімен тығыз байланысты.
Жеке – оған адамның өзіне тән қасиеті жатады.
Ұйымдасқан қарым-қатынас процесін сипаттайды. Қарым-қатынаста жеке факторларға: сыртқы түрі, киімі, тәжірибесі, білімі, эмоциялық ұстанымы жатады.
Кейбір мұғалімдер өз жұмысына адал қарау керек деп ойлайды. Әр оқушыға жоғары көңіл бөліп, өзінің сабағын жақсы өткізу – ол жетістік.
Жоғарыда айтылғандар маңызды, бірақ психологиялықты ұмытпау керек. Басқа адамның сырт қаруымен байланысты. Сондықтан мұғалім өзінің сырт келбетіне, тазалығына, тыңғылықты, жинақы болуына қарайды. Бірақ сыртқы келбетті жоғары қоюға болмайды.
Адамның сыртқы көрінісі екіге бөлінеді:
98
туылған, генетикалық, яғни бойының ұзындығы, мойнының формасы, көзінің түсі және т.б..
жасалған - шашының жиналуы, мимикасы, дикциясы, жүрісі және т.б..
Кейбір жағдайда сыртқы көрінісі адамның ішкі жан дүниесіне немесе керісінше әсер етуі мүмкін. Мұғалім мұндай адамның мінезінен сақтануы керек. Өзін-өзі танып білуі үшін жинаған білімді сыртқа шығаруы керек. Сондықтан мұғалім өзінің сабағын маңызды, кәсіби дәрежеде реттеуі тиіс. Мұндай жеке тұлғаның мәдениеті адамның өмірге деген көзқарасына байланысты.
Мұғалімнің мәдени қарым-қатынасының нәтижесі оның тек жеке қасиеттеріне (білімі, жаңалықтары және т.б.) ғана байланысты емес. Сонымен қатар операциялық факторлар қарым-қатынастың тууы, контактыеның пайда болуы. Мұғалімнің қарым- қатынасының операциялық құрылымдары, яғни әдістері бұйрық, үлгі (Мен сияқты жаса!), өтініш, бұйыру, мәжбүрлеу, еркелету және т.б..
Көп жағдайда мұғалім бұл әдістерді психология негізінде қарамастан интуитивті түрде пайдаланады. Сізді басқа адамның психологиялық қабылдауын ұмытппау керек және соған байланысты қарым-қатынас әлеуметтік психологиялық механизмнің негізгі түрі мәжбүрлеу болып келеді.
Мәжбүрлеу әлі де психологиялық зерттеуді қажеи еиеді. Мәжбүрлеу бұл өзінің психикалық кейпін басқа адамға жеткізу эмоционалдық тәніне әсерету әдісі. Мәжбүрлеу қарсы айтылған адамның көңілінен, оның қабылдуынан тыс айтылады. Мәжбүрлеу беделді өзін лидер есептейтін адамнан шықса, өз мақсатына жетеді. Мәжбүрлеу қарым- қатынасқа түсуші екі адам бір-біріне толық сенетін кезде ғана мүмкін. Мәжбүрлеу кезінде таныс ситуацияларға, оның шешімдеріне қарап, ойлап айтылуы керек. Мәжбүрлеудің негізі аудиторины немесе бір адамды алдын ала даярлау, сосын керек кезінде қолдану.
Мәжбүрлеу сендірумен тығыз байланысты.
Сендіру – бұл әдіс адамның санасына сендіру мақсатында қолданады. Сендіру әлеуметтік-психологиялық механизмде негізгі ролді атқарады. Сендіру – түсіндіру, жалпылау, аналог және қорытындыдан тұрады. Егер өзіңізге сенімді болмасаңыз, басқа адамды күмәндандыруға болмайды. Сендіру үшін жан-жақты білім керек. Сендіру процесінде адамның сұранысы мен қызығушылығын оның сол кездегі психикалық кейпін ескеруі керек.
Сендіруді бір адамға пайдалану тиімді, себебі оны ден қойып тыңдау керек. Ал көп адамға айтқан кезде тыныштық сақтап, қызығушылықпен тыңдауы керек. Кейде адамды сендіру қиынға соғады. Егер ол адамның белгілі бір мәселеге басқа ой қалыптасса, оны сендіруге тырысыңыз. Басқа оппоненттің әлсіз жерін тацуып, өзіңіз басқа тағы тауып, сендіру керек. Қарым-қатынас процесінде сендіру мен мәжбүрлеумен бірге еліктеу механизмі негізгі роль атқарады.
Еліктеу – негізгі әлеуметтік психологиялық механизмнің түрі. Еліктеу негативті және позитивті факторларға бағытталады. Ол ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Ереже бойынша, белгілі бір оригиналды, соны ұнатып қалған, соған ұқсауға немесе бір топқа еліктеп, оның мүшесі болуға еліктейді. Кейде өзіне көңіл аударту үшін де еліктейді.
Еліктеу адамның жасына, біліміне, тәжірибесіне байланысты дамиды және сыртқы көріністен адамның ігшкі дүниесіне әсер етуі мүмкін.
Қарым-қатынас процесінде жұқтыру қызық рөоль атқарады.
Жұқтыру – бұл белгілі қызметтегі адамдардың интенсивті бірігуі. Ойлар, модаға, көңіл-күйге, талғамға байланысты ауысады. Жұқтыру тек бір уақытта ғана және ұжым арасында болады. Жұқтырудың басталуы да, аяқталуы да кездейсоқ. Сондықтан одан шығып кете алмайтын. Ол үшін белгілі бір мақсат және айқын стимул болуы керек.
Эффекті белгілі бір жұмысты ұйымдастыру кезінде болады. Мысалы, спорттық ойындар, әр түрлі конкурстар. Бірақ барлық жасөспірдер оған тоғыса бермейді.
Әлеуметтік психологияның бір түрі идентификация.
мехенизм
99
Сәйкестендіру – адамның өзін басқа адаммен сәйкестендіруі. Бұл сәйкес нормаларды, идеяларды, бағаларды реттеуге көмектеседі. Сәйкестендіру еліктеуге ұқсайды. Оның айырмашылығы саналы түрде жасалынуда. Жоғарыда айтылған мәселелерді қорыта келгенде:
мұғалім әрқашан нақты болуы керек мәселені дұрыс шеше білуі тиіс.
Мұғалім қарым-қатынас тактикасын ұйымдастыруы керек. Әдістерді дұрыс пайдалана алуы керек.
өз-өзіңізге сенімді болып «мен оны істей аламын» деген стимулы болуы керек.
өзіңізді еркін сезініңіз.
Керек емес балағат сөздерді айтудан қашық болыңыз.Кешке бүгінгі күнді еске түсіріңіз. Ол сізге болашақты жоспарлауға көмектеседі.
Егер қате жіберсеңіз,оны мойындаудан қашпаңыз.Мәселені даусыз шешуге тырысыңыз.
Педаготың қарым-қатынас жасаудағы қоданылатын сөздрі неше түрлі болып келгнімен,оқушыға әсер етуі жағынан алып қарағанда,оларды негізінен екіге бөлуге болады. Біріншіден, сөйлесудегі сөздердің көбі ақыл, кеңес беру жөнінде айтылады. Ақыл айтып, кеңес берудің өзі оқушының істеген ісін қостамай, қателігін мойындату үшін, керісінше оның ісі ұнамды болған жағдайда, осы баланың өзін сендіру үшін қолданылады.
Екіншіден, кейде балаға осы сияқты сөздер жетпегенде оған қатты талап қойып, қолданылатын сөздер міндетті түрде бұйрық ретінде қолданылады (3).
Қорыта келе, педагог пен оқушының тұлға аралық қарым-қатынасы арқылы адамгершілік жүйесіне тәрбиелеу, мұнда оқушылар бір-бірімен дұрыс қарым-қатынасқа түсуге, сыйласуға, тапсырманың шешімін бірлесе табуға жаттығады.
Қолданылған әдебиет 1. М. Жұмабаев Педагогигка – Алматы: Ана тілі,1992-154 б.
2. С.М. Джакупов Психология познавательной деятельности.Алма-Ата:изд-да КазПИ, 1982.-247 б
3.А.Н.Леонтьев Природа и формирование психические своиства и процессов человека //Вопросы психологи, 1955 - №1.с.-29-32
ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ И ТЕОРЕТИЧЕСКИЙ АНАЛИЗ ПОЛИГРАФОЛОГИЧЕСКОГО МЕТОДА ИССЛЕДОВАНИЯ
Жуматова Нуршат Жуматкызы
Магистрант 2 курса специальности 6М050300 – «Психология», Евразийский Национальный Университет им. Л.Н. Гумилева, Астана, Казахстан.
Научный руководитель – А.Тынышбаева
В настоящее время уделяется большое внимание при выборе кандидатов на новую работу или же на новую должность. Так как не раз доказано, что хороший специалист - это залог грамотной, продуктивной и результативной работы. О профессиональном становлении государство в лице высококвалифицированных специалистов неоднократно говорил в своих посланиях президент Республики Казахстан Назарбаев Н.А. в стратегии
«Казахстан – 2050 - Новый политический курс состоявшегося государство».
При выборе кандидатов на роботу во многих государственных и негосударственных организациях нашей страны учитывается не только диплом о высшем или о среднем образовании, но и результаты психологических тестов, начиная изучением эмоционального состояния «здесь и сейчас» и заканчивая многофакторными личностными тестами.