• Tidak ada hasil yang ditemukan

Android - repository.enu.kz:8080

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Android - repository.enu.kz:8080"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

664 ӘОЖ 004.451

МОБИЛЬДІ ҚҦРЫЛҒЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚОСЫМШАЛАР ҚҦРУ Рысдаулетова Айжан Абайқызы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтӛбе ӛңірдік мемлекеттік университеті, 5В011100-Информатика мамандығының 4 курс студенті, Ақтӛбе, Қазақстан

Ғылыми жетекшісі –Ерекешева М.М.

Мобильдік қосымша бұл бағдарлама арнайы смартфондар және де басқа мобильдік құрылғыларды қамтамасыз етуге негізделген. Ең алғашқы мобильді құрылғылар телефондағы контактілер тізімін реттеуге және қызметке хабарлама жіберуді/қабылдауды орындады. Ерекшеліктері:

 графикалық және видеоақпараттарды хабарлама арқылы жіберу ұзақтығы шектеусіз

 қосымша қозғалысының ыңғайлылығы

 қосымшада деректер жинау ыңғайлы(орналысқан жері,тілі және тағы басқа)

 интерактивті мүмкіндіктері шексіз

Мобильді қосымша интернеттен жүктеу мобильді қосымша интерактивті процеске қатысушыларды тартып қана қоймай, және жарнама ортасы да бола алады. Мобильді қосымшаларды құруға арналған программалық жабдықтарға тоқталайық.

Мобильді қосымша құру кезінде басты мына операциялық жүйелер қолданылды:

Android, iOS, BlackBerry, HP webOS, Symbian OS, Windows Mobile және т.б. Қазіргі уақытта Android мобильдік қосымшаны әзірлеу, қарқынды дамып келе жатқан бағдарламалардың бірі болып табылады. Android операциялық жүйесі кӛптеген смартфондарда орнатылған, ондай смартфондарға: Samsung, Motorola, Sony, LG, Lenovo және т.б. Қазіргі заманда ӛзекті мәселелердің бірі ғаламтор - бағдарламалары тез дамып жатыр.

Android— ықшамды операциялық жүйе. Ол Linux ядросының негізінде жасалған және коммуникаторлар, планшетті компьютерлерге, санды ойнатқыштарға, қолсағаттарға арнап жасалынған. Алғашында бұны Android Inc. компаниясы жасап жатқанды, кейіннен бұл компанияны Google сатып алды. Содан кейін Google қазіргі кезде осы платформаның дамуына ат салысып жүрген Open Handset Alliance (OHA) альянсын құруға ынта білдірді.

Android Google кітапхана арқылы жасалынған басқару құрылғысымен Java-қолданбалар жасауға мүмкіндік береді. Android Native Development Kit Си және де басқа да бағдарламалау тілінде жазылған қолданбаларды жасай алады.

Android – операциялық жүйесі коммуникаторларға, планшеттарға, цифрлық ойнатқыштарға, цифрлық фоторамкаларға, қолға киетін сағаттарға, нетбук және смартбуктарға, Linux ядросында жасалған операциялық жүйе орнатылған. Бағдарламаларды ӛңдеудегі негізгі тілдердің бірі Java. Бағдарламаны жасау үшін Eclipse ортасын қолданамыз, AndroidSDK мобильдік құрылысы SDK эмуляторы арқылы іске асады. Java объектісіне негізделген тіл. Бірінші орында ол қолданушыға жеңіл әрекеттестікті кӛрсетеді.

Android платформасы үшін қосымшаның бағдарламалау тілі – Java. Бірақ олар классикалық Java VM-де емес, ерекше Dalvik виртуалды машинада жасалынады.

Android үшін әрбір қосымша Dalvik машинасының ішінде бӛлек процессте функцияланады. Жады мен басқару процесстеріне барлық жауапкершілік Android-қа негізделген. ол ресурстарды босату керек болса процесстерді тоқтатады немесе ӛлтіреді.Dalvik пен Android Linux ядросының шыңында орналасқан. Ол драйверлер мен жадыны басқару жұмысын қоса, аппараттық қамтамасыз етумен тӛмеңгі деңгейлі байланыспен айналысады.

Android жүйесінде қосымша құру ретін қарастырайық. Android Project Wizard (Android жобалар мастері) Android қосымшаға керекті файлдардың барлығын құрады. Жаңа жоба құру үшін Eclipse қосамыз және келесі амалдарды жүзеге асырамыз:

(2)

665

1. File-New-Android Project (Файл -Жаңа -Андроид жоба) командасын орындаймыз немесе «а» әрпі бар бума сурет түріндегі андроид жоба құру белгішесін басамыз және Eclipse құрал-саймандар панеліндегі «қосу » таңбасын қосамыз.

2. Жоба атын береміз

3. Жоба сақталатын орынды таңдаймыз.Бұл жоба болғандықтан ауыстырып қосқышты Create new project in workspace күйіне қоямыз.Use default location жалаушасын қоямыз.

4. Жаңа қосымша үшін тұғырнама нұсқасын таңдаймыз.

5. Қосымша атын береміз.Біздің жағдайымызда ICE(Independent education class) деп атаймыз.

6. Java стандарттық пакетінің аттар кеңістігінің талаптарын қанағаттандыратындай пакет атауын береміз.Бұл жобадағы барлық кодтар com.example* атаулар кеңістігінің талаптарына сай келетін болғандықтан com.example.iec атын беруге болады.

7. Create Activity жалаушасына назар аудараңыз. Ол Activity қосу класын құруға болады.

8. Min SDK Version енгізу ӛрісінің мәндерінің дұрыстығына назар аударыңыз.Бұл ӛрісте API-дің минимальды рұқсат етілетін нұсқасын кӛрсетеміз

9. Next батырмасын басамыз.

10. Finish батырмасын басамыз.

Android –Java бағдарламалану интерфейсіне ие Linuxқа негізделген тегін операциялық жүйе. Androi, OpenGL кітапханасын пайдалана отырып, 2D және 3D-графикасын ұстанады, сонымен қатар деректерді SQLite деректер қорында сақтайды.Әр Android-қосымшасы ӛзінің меншікті процесінде қосылады.

Android жүйесінің негізгі мүмкіндіктеріне тоқталайық:

Activity (Белсенділік, Қызмет) — Activity классымен ұсынылған және XML-файл түрінде белгіленген қолдану инерфейсы экранын ұсынады.(белгіленуді бағдарламалау арқылы да жасауға болады, бірақ қазір олай жасамайды). Android-қосымшасы бірнеше формадан тұруы мүмкін және қосымшаларды орындауда ӛзара қосылыса алады.

Intents (Намерения) — асинхрондық хабарлама, бұл дегеніміз басқа қызметтерден функция алу мүмкіншілігін тудырады. Қосымша қызметке тікелей сұраныс жасай алады немесе Android-тан тіркелген қызметтер сұрай алады.Мысалы, қосымша, Internet арқылы деректер алу үшін немесе браузерді қосу үшін сұрауы мүмкін.

Views (Представление, Түр, Басқару элементі, Компонент) —виджеттермен класс құратын қолданыс интерфейсі. Бұлар ӛзімізге таныс басқару элементтері: кнопкалар, мәтін кеңістігі, жалаушалар, қосқыштар және т.б.

Services (Қызметтер) — қолданыс интерфейсын қолданбай фондық талаптарды орындай алады. (мысалы, әуенді ойнату). Олар қолданушыны Android ескерту жүйесі арқылы ескертіп отырады.

Content Provider (Контент-провайдерлері) —қосымшаларға деректерді контент- провайдер арқылы жеткізеді. Сіздің қосымшаңыз басқа қосымшалармен дерек алмаса алады.

Broadcast Receiver (Хабарламаларды кеңінен тарататын қабылдағыштар) — жүйелік хабарламаларды қабылдайды, жүйе жағдайының ӛзгеруіне де әсер ете алады. Қосымша белгілі бір анықталған қабылдағыш ретінде де тіркеле алады, егер ондай хабарлама болған жағдайда ғана қосыла алады.

(3)

666

1-сурет-Android жүйесінің негізгі интерфейстері

Егер сіз ӛзіңіз Android басқармасын пайдалана отырып телефондарға қосымшалар ойлап тапқыңыз келсе, онда сізге жақсылап дайындалып,жұмысқа арналған барлық аспаптарды дайындап алу қажет.

Менің дипломдық жұмысымның қосымшасы «ҰБТ арналған мобильдік қосымша құру» деп аталады. Қосымшаның негізгі мақсаты – ӛз бетінше дайындала отырып, білімін ӛз бетінше тексеруді ұйымдастыру. Тесттік тапсырма деп – нақты пән облысынан анық және түсінікті етіп берілетін сұраққа бір мәнді жауапты немесе нақты (түсінікті) алгоритмді орындауды талап ететін тапсырманы айтады. Тесттің эквиваленттік класы деп оқушының тест тапсырмаларының ішінен бір нұсқасын орындаса алғашқыларын (немесе кейінгілерін) орындауына да мүмкіндік беретін тесттік тапсырмалар жинағын айтады. Білім моделінің барлық модульдері бойынша әртүрлі тесттік тапсырмалар жинағы тесттік кеңістікті құрады.

Ӛзіндік және эксперттік білім модельдері арасындағы сәйкестікті обьективті бағалауға мүмкіндік беретін тесттік кеңістіктің ішкі жиынын толық тест деп атайды. Кӛлемі және уақыты бойынша ұтымды тест тиімді тест болып табылады. Тестілеуді ұйымдастырушының және жүргізушінің негізгі міндеті осы тиімді тестті дайындау.

Орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарындағы түсу емтихандарын біріктіретін, жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау түрлерінің бірі-ұлттық бірыңғай тест.

Қосымшада екі пән таңдап алынды: физика және математика.Пән бойынша тақырып тарауға, бӛлімдерге бӛлінген. Әр тараудан кейін, әр бӛлімнен кейін, әр тақырыптан кейін бақылау жүйесі құрылған. Тапсырмалар мен оқу материалдары оқушының бiлiм деңгейiне сай беру оқыту процесiндегi дараландыру әдiсiн жоғары деңгейде жүзеге асырады,бiлiктiлiк пен дағдыны автоматты түрде бақылау жүйесi оқушының бiлiмiн объективтi түрде бағалауға мүмкіндiк бередi,қайталанбайтын кӛпнұсқалы және ерекше жағдайларға арналған тапсырмалар жүйесi оқушының білім деңгейін арттырады.

Қорыта келгенде айтатыным,заман талабына сәйкес ақпараты таратудың жаңа үрдісі болып отырған планшет пен смартфондар тек қана ойын – сауық кұралы ғана емес оқушылардың білім сапасының деңгейін артуына пайдалы болатынына нақ сенімдімін.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Харди Б. , Филлипс Б. Программирование под Android. Для профессионалов. — СПб.: Питер, 2014. —592 с.: ил. — (Серия «Для профессионалов»).

Referensi

Dokumen terkait

Бұл мәндер бойынша микроконтроллер реле модулімен ауа желдеткішін және су сорғысын басқарады, яғни, топырақ ылғалдылығы датчигінің көрсеткіші қосымша арқылы берілген шекті мәннен кем