• Tidak ada hasil yang ditemukan

ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ӘДЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ӘДЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ӘДЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР Кадиркулов Абай Қайнар

Университетінің Заң факультетінің магистранты

Ғылыми жетекшісі – з.ғ.д., профессор Қайыржанова С.Е.

Қазақ әдет-ғҧрып қҧқығы – жазылмаған қҧқық, ол қҧқықтық дәстҥрлер жиынтығы болып табылады. Қазақ әдет-ғҧрып қҧқығы ғасырлар бойы қалыптасты және ӛзінің даму тарихы барысында бірқатар кезеңдерден ӛтті, оған басқа қҧқықтық жҥйелер, мысалы мҧсылман қҧқықтық жҥйесі, Ресей империялық заңдары, кӛршілес монғол-ойрат заңдары кӛп әсер етті. Егер қазақ әдет-ғҧрып қҧқығының даму тарихын қарасақ, ол ӛзінің тҥп-

(2)

тамырымен ӛткен ғасырлар қойнауына кетеді. Қазақ әдет-ғҧрып қҧқығы нормаларының ӛзге де әлеуметтік нормалармен қатар пайда болып, дамуы, қалыптасуы сонау сақ, ҥйсін, ғҧн дәуірінен басталады. Қазақ әдет-ғҧрып қҧқығы XX ғасырға дейін, дәлірек айтсақ, 1917 жылға дейін қолданылып келді. Қазақ әдет-ғҧрып қҧқығының қайнар кӛздері болып қҧқықтық дәстҥрлер, қазақ әдет-ғҧрып қҧқығының кодификациясы, билердің соттық прецеденттері, ереже, шариғат нормалары есептеледі. Қандай да болмасын формада кӛрініс тапқанына қарамастан тәжірибеге қарап, қазіргі заманғы демократиялық тҥрдегі қоғамды авторитарлы, тоқырауда қалған қоғамнан қателеспестен ажырата аламыз. Бірақ ӛзін демократиялық деп жариялаған қоғам, ӛзін жалпыхалықтық деп жариялаған мемлекет шын мәнінде ӛз атына сай ма, жоқ па деген мәселе маңызды болып табылады. Мәселен, әдет- ғҧрып қҧқығы демократиялық қағидаларға негізделе отырып, ӛзінің кӛптеген нақты байланыстары мен заңдылықтарының демократиялылығымен сипатталады, бірақ әрқашан мемлекеттік идеологияға сәйкес келмейді. Бір жағынан, әдет-ғҧрып қҧқығы шын мәнінде халықтық болып табылады, дәлірек айтқанда, демократиялық қҧқықтық жҥйенің дамуының бастапқы стадиясы қызметін атқарады. Екінші жағынан - әдет-ғҧрып қҧқығын нақты бір тарихи кезеңдегі рухани, қҧқықтық мәдениеттің тҧтастығы, ӛзара байланыстылығы мен сабақтастығы ретінде қарастыруға болады. Мҧндай тҧтастықтағы заңдылықтарды дҧрыс бағаламау жалпы алғандағы қҧқықтық мәдениетке тӛмен баға беруге соқтырады. /1/

Еліміздің тарихында, әсіресе Кеңес ӛкіметі дәуірінде әдет-ғҧрып қҧқығы мемлекет және қҧқық тарихы саласында да, мәдениеттану саласында да, қҧқық философиясы саласында да қарастырылған жоқ. Бірақ ӛзге қҧқықтық жҥйелерде де мҧндай тҥсініктемелер тҥпкілікті сипатта болған жоқ. Әдет-ғҧрып қҧқығы мәселелері жӛнінде пікір-талас әдетте нақты мәселелерге қатысты болатын немесе саяси бағыттағы ой-пікірлерге және нақты эмпирикалық тәжірибеге байланысты болды.

Әдет-ғҧрып қҧқығы кӛптеген әдебиеттерде ӛзіне ҧқсас тҥсініктермен қатар қолданылады, мысалы әдет-ғҧрып қҧқығы дәстҥр ҧғымымен теңестіріледі. Бірақ әдет- ғҧрып қҧқығы әрқашан ӛз бастауын дәстҥрлерден алмайды. Әдет-ғҧрып қҧқығы – мазмҧны мен даму деңгейі, адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастары белгілі бір әлеуметтік топтың немесе қоғамның сана-сезімінің кӛрінісі ретінде қарастыруға болатын тҧтастықтағы ҧғым. Әдет-ғҧрып қҧқығы терминінің ӛзінің кӛпқырлылығы мен кӛп мағыналылығы оны қолдануда және зерттеуде елеулі қиындықтар тудырады./2/

Әдет-ғҧрып қҧқығында адамдардың ӛзара қарым-қатынастарының қҧрылымы нақты анықталған. Ол қҧрылым қазіргі заманғы қҧқықта да бар. Бҧл қҧқықтық дамудағы сабақтастықты анықтауға негіз болады. Әдет-ғҧрып қҧқығында қҧқықтар мен міндеттер ҧғымы бӛлінбеген, олардан жауапкершілік ҧғымы да бӛлінбеген кҥйде еді. Бірақ жеке тҧлғаның қҧқығы қауымның (рудың, тайпаның, қоғамның) қҧқығынан бӛлінбеген, ал жауапкершілік қоғамнан аластатушылық сипатта болды, яғни Кеңес дәуіріндегі зерттеушілер арасында әдет-ғҧрып қҧқығында дамыған қҧқықтағыдай (қазіргі замандағыдай) мәмілегерлік шешімге келу жоқ деген қате пікір орын алған. Сондықтан әдет-ғҧрып қҧқығын алғашқы қауымдық, ерте кездегі, кӛне сипаттағы деп, т.б. атайды. Бҧл тҧрғыдан алып қарағанда, әдет- ғҧрып қҧқығы деп әртҥрлі негіздер бойынша (біріккен еңбектің, кҥнделікті ӛмірдің, туыстықтың, кӛршілестіктің, ортақ этникалық бірліктің, т.б.) біріккен адамдар арасында топтық негізде қалыптасқан әрекеттердің жиынтығы тҥсініледі. Зерттеулерге қарағанда, бҧл қҧқықтар келісімнің негізінде, яғни олардың қажеттілігіне сенімнің негізінде қалыптасады. Ол ережелерді орындау ерікті тҥрде болады, бірақ оған қоғам, ру, тайпа қадағалау жасайды және орындалмаса әртҥрлі сипаттағы шаралар қолданады.

Әртҥрлі нақты факторлардың әсер етуі, әдет-ғҧрып қҧқығының жазылмаған сипатта болуы, әрі бҧл жӛніндегі деректердің әртҥрлілігі әдет-ғҧрып қҧқығы мәселелерін қарастыруда қиындықтар тудырады. Бірақ бірқатар ортақ белгілердің: ортақ территорияның, тілдің, тарихи тәжірибенің, іс жҥргізу әдістерінің болуы әдет-ғҧрып қҧқығын ҧлттық мәдениеттің бӛлігі ретінде қарастыруға негіз болады.

(3)

Әдет-ғҧрып қҧқығына тӛмен баға берудің бірқатар себептерін атап айтуға болады: а) саяси себеп, дәлірек айтқанда Ресей империясының отарлау саясатының жҥргізген негізгі бағыттары, Кеңес ӛкіметі дәуірінің ҧстанған саясаты қазақ әдет-ғҧрып қҧқығына жоғары баға беруге кедергі болды. Дегенмен де, қазақ әдет-ғҧрып қҧқығы ӛзінің ӛміршеңдігімен сипатталатындығын естен шығармау қажет. Отарлаушылық саясаттың ықпалына қарамастан, кӛптеген орыс, шетел зерттеушілері, саяхатшылары мен патша тапсырмасымен келген орыс чиновниктері (А.И. Левшин, А. Янушкевич, И. Крафт, Д. Андре, т.б.) қазақ қҧқығының басты қағидаларының демократиялық сипатта болғандығын атап айтқан еді; б) қҧқық – мемлекеттің емес, қоғамның туындысы болып табылады және осы қағиданы ескермеген заңгерлердің әдет-ғҧрып қҧқығына деген теріс кӛзқарасының болуы оған тӛмен баға беруге себеп болды; в) Кеңес ӛкіметі дәуірінде әдет-ғҧрып қҧқығын зерттеуші-ғалымдардың ӛздері репрессияға ҧшырап, еңбектері жойылғаны белгілі. Осының ӛзі әдет-ғҧрып қҧқығына оңды баға беруге кедергі болды. Сондықтанда қазақ әдет-ғҧрып қҧқығын зерттеуді кеңейту, әрі тереңдету қазіргі кҥннің ӛзекті мәселесі болып табылады.

Әдет-ғҧрыптар адамдар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуші ретінде бізге кӛне заманнан белгілі. Мемлекеттік билік тарапынан мақҧлданған әдет-ғҧрыптар қҧқықтық мәнге ие болатын және осыдан кейін әдет немесе заң деп аталатын. Сонымен қатар, қазақ әдет-ғҧрып қҧқығында жол, жора, жарғы терминдері де қолданылды. Қазақ Хандығының басқарушылары ҥнемі қазақ әдет-ғҧрып қҧқығының кодификациясын жасап отырған. Олардың ішінде XVІ ғасырдың басында жасалған ―Қасым ханның Қасқа жолы,‖

―Есім ханның Ескі жолы,‖ Тәуке ханның ―Жеті Жарғысы‖ атты заң жинақтары белгілі. Бҧл топқа қазақ әдет-ғҧрып қҧқығының кейінгі, XІX ғасырдағы қайнар кӛзі болып табылатын

―Ережелерді‖ де жатқызуға болады. Қазақ әдет-ғҧрып қҧқығының бҧл жинақтары жайында қысқаша айтып ӛтетін болсақ.

―Қасым ханның Қасқа жолы‖ – Қасым хан (1511-1523) хандық қҧрған тҧста халыққа және билерге сҥйеніп, бҧрынғы заңға ӛзгерістер енгізіп, дамытып, қабылданған қҧқықтық нормалардың жиынтығы. Бҧл қҧқықтық актінің тҥпнҧсқасы бізге жетпеген, бірақ кӛптеген зерттеуші-ғалымдардың пікірінше ол бес бӛлімнен қҧралған:

1) Мҥлік заңы (мал-мҥлік, жер-су дауларына байланысты бӛлім);

2) Қылмыс заңы;

3) Әскери заң;

4) Елшілік заң;

5) Жҧртшылық заңы.

―Есім ханның Ескі жолы‖ – Есім хан (1598-1645 жж.) Қасым шығарған заңдарға толықтырулар мен ӛзгерістер енгізіп, ―Есім ханның Ескі жолы‖ деп аталған заң жинағын жасады. Қазақ тарихындағы бҧл заң жинағының да тҥпнҧсқасы бізге жеткен жоқ.

Бізге тҥгел болмаса да келіп жеткен қазақ әдет-ғҧрып қҧқығының ірі жинақтарының бірі – Тәуке ханның ―Жеті Жарғы‖ заңы. Бірақ бізге бҧл заң жинағының XІX ғасырда Г.

Спасский мен А.И. Левшин жазып қалдырған кейбір фрагменттері ғана жеткен. Дегенмен де, XVІІІ-XІX ғасырлардағы қазақ қоғамында қолданылған қҧқықтық нормалардың анализі кейбір зерттеушілерге ―Жеті Жарғы‖ жеті бӛлімнен қҧралған деген негіз береді. Олар:

1) Жер дауы;

2) Жесір дауы;

3) Неке-отбасы қатынастарын реттейтін қҧқықтық нормалар;

4) Сотта іс жҥргізу тәртібін реттейтін қҧқықтық нормалар;

5) Әскери іс және мемлекетті басқару саласындағы қҧқықтық нормалар;

6) Айып тӛлеуді кӛздейтін қылмыстық қҧқық нормалары;

7) Құн тӛлеуді кӛздейтін қылмыстық қҧқық нормалары.

―Жеті Жарғы‖ заң жинағын жасауға қазақтың атақты Тӛле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. қатысқандығы тарихтан белгілі. ―Жеті Жарғы‖ адам қҧқықтарын қорғаудағы ерекше қҧқықтық қҧжат болып табылғандығында дау жоқ.

(4)

Қазақ әдет-ғҧрып қҧқығы билер сотының практикасымен толықтырылып отырды.

Прецеденттік қҧқық – зерттеудің қызығушылық тудыратын объектілерінің бірі болып табылады, ол нақты іс бойынша бидің шығарған шешімі және ол бҧдан былай ҧқсас істерді шешуде басшылыққа алынды. Қазақта ауыр дауларды оңай шешкен билер болды. Ол туралы қазақта ―Ердің қҧнын екі ауыз сӛзбен шешкен‖ деп билер жайында айтылған фольклорлық деректер кӛп. Әсіресе мҧндай шешімдерді Майқы би, Едіге би, Тӛле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. билердің практикасынан кӛп кездестіруге болады. Тіпті атақты билердің биліктері (ҥкімдері) ҧқсас істерді қарағанда міндетті басшылыққа алынып отыратын болған. Билер соты практикасының мҧндай сот прецеденті әдет-ғҧрып қҧқығының бастауларының біріне айналды. Оған, мысалы ―Тапқан қуанады, таныған алады,‖ ―Қанжыға тон сақтайды, тон жан сақтайды,‖ ―Тҧсау ат сақтайды, ат ер сақтайды, ер ел сақтайды,‖ ―Қара халыққа хан ие, қара жерге халық ие,‖ ―Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ,‖ т.б. сӛздері кӛптеген билердің даулы істі шешкенде қолданып, кейінгі билерге ӛсиет ретінде қалдыруын ерекше атап айтуға болады.

Қазақ әдет-ғҧрып қҧқығы ҥнемі қалыптасып, дамып отырды. Барлық әдет-ғҧрыптар қҧқықтың маңызды қайнар кӛзі болып табылатын билер сотының практикасымен (бидің билігі) толықтырылып, ӛзгертіліп отырды. Билердің шешімдері XІX ғасырдың екінші жартысына дейін ауызша сипатта болды. Олар кӛбінесе фольклорлық деректерден кӛрініс тапты. XІX ғасырдың екінші жартысынан бастап билердің ҥкім-шешімдерінің қысқаша мазмҧны жазылған кітаптар енгізілген еді. Билер сотының ҥкімдері кейде жазбаша қҧжат тҥрінде жеке ресімделетін.

Қазақ даласындағы соттық прецеденттерге билер алқалы тҥрде қатысатын. Билер шешімімен қабылданған ҥкімдер билер сотының практикасында ҧқсас істерді шешуде басқа билер ҥшін ҥлгі қызметін атқарған. Билер дауға ҥкім айтқан кезде Майқы би, Едіге би, Тӛле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. атақты билердің шешімдеріне сілтеме жасайтын. Мҧның ӛзі қазақ әдет-ғҧрып қҧқығындағы соттық жҥйенің ӛте жоғары деңгейде болғандығының кӛрінісі, себебі даулы істі алқалы тҥрде қарастырған кезде белгілі бір қҧқықбҧзушының кінәлі-кінәсіздігін анықтау оңайырақ. /3/

Істі сотта қарастыру кезінде қазақ әдет-ғҧрып қҧқығы айыпталушының жасын, ақыл- есінің дҧрыстығын ескерген. 1867 жылғы ―Уақытша ережелер‖ жобасы бойынша Батыс Сібірдің бас басқармасының ҧйғарымында: ―Билер қылмыстық істерді қарастыруды екі жағдайда қолға алады:

а) тараптардың шағымы бойынша; б) жеке тҧлғалардың шағымына қарамастан қудалауға жататын қылмыстар мен

қҧқықбҧзушылықтар туралы полициялық және ӛзге де биліктік ӛкілеттіктері бар органдардың хабарлауы бойынша,‖ - делінген.

1893 жылы Тоқмақ тӛтенше билер съезінде бекітілген Ережеде: ―Когда истца нет, и преступление совершено и известно обществу, которое от этого страдает … считать подлежащим наказанию по заявлению должностных лиц о совершенном преступлений,‖ – делінген.

Ғылыми әдебиетте Ережелердің пайда болу дәуірі жайлы екі тҥрлі кӛзқарастың орын алғандығын белгілі заңгер-ғалым З.Ж. Кенжалиев орынды ескертеді. Ол: ―…

зерттеушілердің бір тобы: Т.М. Кҥлтелеев, Ғ.С. Сапарғалиев, Н. Ӛсеров, т.б. болжам- пікірінше ережелер кӛшпелі қазақ қоғамына ежелден тән қҧбылыс. Сахара жҧртының қҧқықтық ӛмірінің ҧзына бойғы тарихында Ережелердің алатын орны бӛлек. Ережелердің даму эволюциясы кӛшпелілердің қҧқықтық мәдениеті тарихының кішігірім бейнесін береді

… десе, зерттеушілердің екінші тобы: С.З. Зиманов, С.С. Сартаев, С. Созақбаев, Ш. Ан- дабеков, т.б. Ережелер XІX ғасырдың ортасында ғана пайда болған дейді. Яғни бҧл Ережелер қазақтар Ресей империясының отары болған дәуірінің туындысы мен кӛрінісі,‖ – деп тҧжырымдайтынын айтады /4/. Қолда бар Ережелерге қарасақ, оларды екі топтан, бірі кӛлемді, екіншісі кішігірім кӛлемде, мәселелер шешілуінің кӛп-аздығына байланысты екендігін кӛреміз. Кӛлемді Ережелер қоғамдағы кӛкейкесті мәселелерді (жер, қҧн, барымта,

(5)

жесір, мал-мҥлік) қамтыса, ал кіші-гірім Ережелер бірлі-жарым мәселелерді (салауат, мал ҧрлығы, т.б.) қамтыған. Ережелердің кейбірі (Тоқмақ Ережесі, Шар Ережесі) 100-ден кӛп баптардан тҧрса, кейбірі санаулы ғана баптарды қамтыған. Демек, Ережелер қазақ қоғамында билер кеңесінің ықпалына, әрі таралу ауқымына қарай қабылданып отырған деген қорытындыға келуге болады.

Қазақ әдет-ғҧрып қҧқығына Ресей империясының заңдары да, әсіресе Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін, дәлірек айтсақ, отарлау саясатын жҥзеге асыру барысында Ресей империясының жҥргізген реформаларын енгізу кезінде кӛп әсер етті. /7/

Ереже бойынша қазақтың ӛз жерлері қазақтардың қоғамдық пайдалануына беріледі деп кӛрсетілді, қазақтар кӛшіп-қонғанда әдет-ғҧрып қҧқығы қағидаларын басшылыққа алды. ―Ереже‖ бойынша қыстаулар, егер онда ҥй-жай, қора-қопсы болса қазақтардың жеке меншігінде бола алады деп кӛрсетілді (1868 ж. Ереженің 217-параграфы). Жеке меншікке кҥзгі жайылымдар, шабындықтар, суғарымдар да беріле бастады. /5/

Міндеттемелік қҧқыққа да ӛзгерістер енді. Міндеттемелік қҧқықта толығымен Ресей империясының заңдары қолданылды. Жерді жалға беру енді 1867-1868 жылдардағы Ережелер бойынша ауылдық, болыстық қауымдар орыс ӛкілдері болып табылатын ӛнеркәсіпшілерге, кӛпестерге ӛздеріне тиесілі жерлерін 30 жылға дейін жалға бере алды.

Келісім қағаз жҥзінде жасалды. Қазақтардың ӛз арасында қыстауларды, жайылымдарды жалға беру туралы келісімдер жасалып жатты. Тӛлем ақы ретінде мал пайдаланылды.

Ережеде жалға беруші қауым дегенмен іс жҥзінде жалға беру және оның ақысын пайдалану болыстар мен старшындар, билер қолында болды. Тӛлеңгіттер мен қҧлдық институты жойылған соң байлардың малын бағуға кедейленген қазақтар жалданды. Оларды жалшы деп атады. Жалдаушы байлар мен жалшының арасында келісім ауызша жасалды. Еңбекақы мал тҥрінде тӛленді. Жалшының еңбегі ӛте ауыр болды. Неке-отбасы қҧқығына да ӛзгерістер енгізілді. Жесір даулары билер сотының қарауында қала берді. Бірақ билер сотының шешіміне уезд бастығына немесе әскери губернаторға шағым жасауға болатын. 1885 жылғы Семей облысы билерінің Қарамола Ережесінде әдет-ғҧрып заңдарына ӛзгерістер енді. Бҧл билер съезіне Абай Қҧнанбаев қатысқан деген дерек бар. 75-баптан тҧратын бҧл Ереже әдет-ғҧрып қҧқығының барлық салаларын жаңа кезеңге сай етуге әрекет етті. Қылмыстық әдет-ғҧрып қҧқығы ҥлкен ӛзгеріске ҧшырады. Бҧл саладағы алғашқы ӛзгерістер 1822 жылғы ―Сібір қырғыздарының (қазақтарының) Жарғысы‖ бойынша жасалған. 1854 жылғы

―Сібір қырғыздарына (қазақтарына) империяның жалпы заңдарын қолдану туралы‖ заңға сәйкес империя заңдары бойынша қаралатын қылмыстардың қатары кеңейтілді. Талион (―қанға-қан‖) принципі, кісі ӛліміне қҧн тӛлеу жойылды. Бірақ қҧн тӛлеу қазақтар арасында жалғаса берді. Оған дәлел Қарамола Ережесіндегі (1885 ж.) қҧнның қҧрамы туралы 26-бап.

Қарамола Ережесінде ―Әркім ӛзі ҥшін ӛзі кҥйеді. Малы жоқ деген сӛз алынбасын. Бірақ қҧн турасындағы дауларда мал тартады. Ӛлтірісіп серік болғандар‖. (62-бап), ―Кескен адамның малы жоқ болса, айып орнына абақты бҧйырады‖. Бҧл нормалардан қазақтардың бҧрынғы қылмыс ҥшін ру болып ҧжымдық жауапты болудың орнына, әркім ӛзі ҥшін жауапты деген қағиданы кӛреміз. Сондай-ақ абақтыға қамау да бҧрын қазақта болмаған, тек Ресейге қосылғаннан кейін ғана қолданылды. Дегенмен қазақтар ӛз ішіндегі дауларды ӛздері шешуге тырысты. Қарамола Ережесінде: ―Қазақтың ӛз арасында болатын дауларға орыстан яки ноғайдан уәкілдік алып кіріспесін,‖ – делінді (70-бап). /6/

Әдебиеттер:

1. Самоквасов Д.Я. Сборник обычного права Сибирских инородцев. Обычай киргизов. – Варшава, 1876. – С. 268.

2. Баллюзек Л.Ф. Народные обычай, имевшие, а отчасти и ныне имеющие в Малой киргизской орде силу закона // Записки Оренбургского отдела ИРГО. – Казань, 1871. – Вып.

ІІ. – С. 153-154.

3. Гродеков Н. Киргизы и каракиргизы Сыр Даринской области. – Ташкент, 1889. – Т. І. – С.

147.

(6)

4. Маковецкий П.Е. Материалы для изучения юридических обычаев киргизов.

Материальное право. – Омск, 1886. – Вып. І, ІІ. – 254 с.

5. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. – Алматы: Қазақстан, 1998. – С. 156.

6. Материалы по казахскому обычному праву: Сб. Научно-популярное издание / Сост.:

научные сотрудники сектора права АН РК: Т.М. Культелеев, М.Г. Масевич, Г.Б. Шакаев.

– Алматы: ТОО ―Жалын баспасы‖, 1998. – 464 с.

7. Материалы по истории государства и права Казахстана / под ред. Сартаева С.С. – Алматы,

1994. – С. 97.

Referensi

Dokumen terkait

Сондықтан да ертедегі тарихты ашуда түр мен түс және сандық символдарды халықтың дәстүрлері мен наным-сенімдерін зерттеудің басты деректері ретінде қарастыру маңызды болып табылады..

Ҥшінші бҿлімінің алтыншы тарауындағы Ахмет Байтҧрсынҧлының арнайы шақыртуымен оның ҥйіне жиналғандарды баяндауы да тарихилық пен кҿркемдік шешім бірлігі тоғысында жасалғанын аңғарамыз: