• Tidak ada hasil yang ditemukan

Article is devoted to the operating international legislation, regulating legal relationship in the field of tourism

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Article is devoted to the operating international legislation, regulating legal relationship in the field of tourism"

Copied!
7
0
0

Teks penuh

(1)

Рахметова Ә.М., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

«Халықаралық құқық» мамандығының 2 курс магистранты

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ӘМБЕБАП ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР1

Статья посвящена международным договорам, регламентирующего правоотношения в области туристической деятельности.

Ключевые слова: всемирная туристская организация, международная конвенция, регулирование туризма.

Article is devoted to the operating international legislation, regulating legal relationship in the field of tourism. The international legal experience is of great importance effective legal regulation of tourism.

Keynotes: world tourism organization, regulation of tourism, international convention.

Дамушы халықаралық туристік қызмет мемлекеттерден түрлі халықаралық жиналыстарда талқылау пәні болатын көптеген мәселелерді шешуді талап етеді, ал оларды шешу тұрғысы конференция актілерінде, халықаралық шарттарда, декларацияларда бекітіледі. Халықаралық туристік қызмет саласындағы мемлекеттердің жағдайларын реттейтін актілердің негізгі санаттары болып халықаралық ұйымдардың резолюциялары мен халықаралық шарттар табылады. Олардың қабылдау тәртібі бойынша, реттейтін сұрақтардың шеңбері бойынша айырмашылықтары бар.

Халықаралық шартта, кейбір жағдайлардан басқа халықаралық ұйымдардың резолюцияларынан қарағанда, әрқашан да заңдық міндетті сипатты иеленеді.

Осы кезде жағдайлар сипаты мемлекеттердің ынтымақтастығының деңгейіне байланысты айрықшаланады.

Әмбебап деңгейде тиісті салада 1982 ж. Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ Конвенциясына ұқсас халықаралық туризм саласындағы нормаларды кодификациялайтын халықаралық шарттар жоқ. Әмбебап халықаралық шарттар сұрақтардың тек тар шеңберін ғана реттейді.

Туризм жөніндегі алғашқы әмбебап халықаралық шарттардың бірі болып 1954 жылы Кедендік ресмилендірулер жөніндегі бас конференциясында қабылданған Жеке жол тасымалдау құралдарын уақытша кіргізу туралы Конвенция, Туристер үшін кедендік жеңілдіктер туралы Конвенция және туризмге жататын мәлімдеу құжаттарын және материалын кіргізуге қатысты Туристер үшін кедендік жеңілдіктер туралы Конвенцияға Қосымша Хаттама болды. Оларда туристтің жеке пайдалану және тұтыну заттарын кіргізу үшін бірнеше жеңілдіктер қарастырылған, кейбіреулер үшін

1 Ғылыми жетекші – з.ғ.к. Орманова А.Ш.

(2)

сандық шектеулер орнатумен бұл заттардың тізімі берілген (папиростар, шарап, әтір және т.б.). Транзит үшін сыйлықтарды бажсыз кіргізу үшін бағалық шектеу және келген елде иелікке алынған сыйлықтар үшін шектеулер орнатылған, олар туристің өзінде немесе оның өзімен бірге жүретін жүгінде болады және сауда мақсаттары үшін арналмаған деген шартпен. «Турист» терминінің анықтамасын бекіту, мысалға, келуші елге айына бір реттен көп рет кіретін туристке қатысты әрекет ететін жеңілдіктерді қолдану үшін шектеулерді енгізуге мүмкіндік берді. Шетелдік туристерге келуші елдің аумағына жеке жол тасымалдау құралдарына халықаралық туризм мақсатында олармен уақытша кіргізу кезінде кедендік баждар мен кедендік алымдарды төлеуден босату жөніндегі жеңілдіктер таралған. Кіргізуді оңайлату үшін уақытша кіргізуді құжаттарын берудің тәртібі, сондай-ақ осы құжаттардың үлгісі әзірленген. Аталған Қосымша Хаттама ескерту құжаттары мен материалдарын бажсыз кіргізу туралы ережелерден тұрады. Бұл мына шарттарды орындау кезінде жүзеге асырылады: олар ресми туристік мекемемен жіберіледі, олар жіберушінің аккредитацияланған өкілінің жауапкершілігімен кіргізіледі, олар 25% кем емес жеке коммерциялық жарнамадан тұрады, ал бастысы – олар кері шығарылуы керек; яғни олардың негізгі міндеті – басқа елдің өмірімен, мәдениетімен, тұрмысымен, тарихымен танысу, туристерді тарту. Қосымша хаттама 1950 ж. Білім беру, ғылыми және мәдени сипаттағы материалдарды енгізу туралы Келісіммен және 1976 ж. осы Келісімнің Хаттамасымен келісілген. Осы шарттарға сәйкес мемлекеттер тегін жіберілетін және таратылатын жариялауларды енгізу үшін шетелдік валютаны немесе қажетті лицензияларды беруге, осы басылымдарға енгізу сәтінде немесе салдарында ішкі салықтар немесе басқа алымдар салмауға міндеттенді [1].

Туризмнің кедендік сұрақтарын шешетін келесі шарт болып 1973 ж.

Кедендік рәсімдерді оңайлату және үндестіру (келістіру) жөніндегі Халықаралық конвенция (Киото Конвенциясы) болды. Ол «Р.З»

Қосымшасынан тұрады. Бұл Қосымша саяхаттанушыларға (туристерге) қатысты кедендік ресмилендірулерді оңайлатуға қатысты. Оның шарттары мемлекеттің осы аумағына кіру кезінде және шығу кезінде осы елде тұратын және тұрмайтын саяхаттанушыларға қатысты қолданылады. Олар үшін жүкте кедендік декларацияның бірыңғайландырылған нысаны қабылданды. ДТҰ2 пікірі бойынша, тұтастай Киото Конвенциясының «Р.З» Қосымшасы туристермен орындалатын ресмилендірулерге толық сәйкес келеді, алайда туризмді дамыту мақсатымен ресмилендірулерді жеңілдету және жеңілдіктерді жоғарлату жөніндегі қосымша шаралар, мысалға, «Р.З»

Қосымшасының §21 және 28 мазмұндалатын кедендік босатуды 50 АҚШ долларынан бастап 100 АҚШ долларына көтеру қажет. Осы «Р.З»

Қосымшасын қабылдауға байланысты ДТҰ туристер үшін кедендік жеңілдіктер туралы Конвенцияны қайта қарау жөніндегі жұмысты жүргізу мақсатқа лайықты деп таныды.

2 Дүниежүзілік туристік ұйым

(3)

Егер ынтымақтастықтың бастапқы сатыларында мемлекеттер кедендік, төлқұжаттық-визалық ресмилендірулер туралы сұрақтарды шешу жолымен жүрсе, онда қазіргі кезде ДТҰ мемлекеттер алдына, көбіне, Туристік саяхаттарды, жол жүрулерді және келулерді оңайлату жөніндегі Будапешт конвенциясына қол қою жолымен тұтастай туристік ресмилендірулердің мәселелер кешенін шешу міндетін қоятынын атап өткен жөн. Бірінші қадам болып оның ережесін Туризм жөніндегі Гаага декларациясына қосу болды. Ол саяхатты оңайлату қағидаларын анықтайды, мемлекеттерге туристік жол жүрулерді оңайлату міндетін және келудің ұйымдастырылған сұрақтарын жүктейді. Бірақ сонымен бірге,

«Конвенцияның бірде бір ережесі Уағдаласушы Тарапқа ол құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін қажетті деп санайтын уақытша шараларды қабылдауға қарсы келеді деп талқыланбауы керек. Уақытша шараларды енгізу туралы басқа тараптар жылдам хабардар болуы керек» делінген [2].

Туристік қызметтерді сату саласындағы халықаралық ынтымақтастық Уругвай раунды нәтижелерін бойынша жасалынған Қызметтерді сату жөніндегі Бас келісіммен реттеледі. ҚСБК негізгі ережелері көбінде ТСБК еске түсіреді, ал дәлірек айтқанда: ұлттық режим туралы, көбірек қолайлылық режимі туралы, жариялылық туралы және басқалары. ТСБК мен ҚСБК үшін ортақ дауларды реттеу жүйенің көмегімен даулы жағдайларды шешу ұқсас. ТСБК-де «тауар» санатының анықтамасы жоқтай, ҚСБК-де де қызметтерге де анықтама берілген. ҚСБК-де шарттардың екі түрі бар. Бір жағынан, бұл бір бөлігі қызметтердің барлық салаларына қатысты, ал екінші бөлігі тек белгілі бір салаларына қатысты болатын жалпы міндеттемелер (мысалы, ХІ-б. «Төлемдер мен аударымдар»). Бұл жалпы міндеттемелер ҚСБК-ні шеңберлі келісім ретінде айтуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, ҚСБК-ге Келісімнің әрбір қатысушысы үшін арнайы шарттық шарттар болып табылатын нақты міндеттемелер енгізілген. Нақты міндеттемелердің тізімдері ҚСБК-нің ажырамас бөлігі болып табылады, оларды Келісімнің әрбір қатысушысы енгізеді. Туристік сектор бойынша ХХ-б. негізінде міндеттемелердің көбірек саны қабылданды. Дәл міндеттемелердің екінші тобында ҚСБК-нің иілгіштігі туындайды. Біріншіден, мүше-мемлекеттер өздері олар мінддеттемелерді қабылдайтын қызметтер секторларын немесе субсекторларын таңдайды; бір сектордың аз бөлігін ішінара қамтуы мүмкін.

Екіншіден, міндеттемелер алынған қызметтер бойынша мемлекеттер ұлттық нарыққа қол жеткізудің деңгейін анықтайтын шектеулерді және олар кепілдендіретін ұлттық режим сипатын орнатуы мүмкін. Үшіншіден, мемлекеттер міндеттемелерді қызметтерді көрсетудің тек кейбір әдістерімен ғана шектеуі мүмкін; олар сондай-ақ өздеріне алынған міндеттемелерінен бас тартуы және оларды қайтадан қабылдауы мүмкін. Төртіншіден, кейбір сауда серіктестеріне көбірек қолайлы режимді қамтамасыз ету үшін мемлекеттер кері жағдайда барлық қызметтерге қолданбалы болып табылатын көбірек қолайлы ұлттық режимінен ерекшеліктерді белгілеуі мүмкін (10 жыл ұзақтыққа дейін). Осылай, Иордания тізімінде шетелдік турагенттіктер өздерінің турларын Иорданияда тек жергілікті қызмет көрсетуші арқылы

(4)

жүзеге асырылатыны көрсетілген; туристік қызмет көрсетуші ұйымдардағы шетелдік капиталдың үлесі 50% көп болмауы керек, ал мұндай ұйымдардың директоры болып тек Иордания азаматы бола алады [3].

1999 жылы дамушы елдер Туризм жөніндегі қосымшалар жобасын ұсынды. Оны қабылдау қажеттілігін дамушы елдер бірнеше жағдайлармен түсіндірді. Біріншіден, олардың ойынша, қазіргі бар келісімдер туризм сияқты күрделі кешенді барабар реттеуге мүмкіндік бермейді. Екіншіден, прогресшіл ырықтандыруды бақылауға және туризмге қатысты міндеттемелерді және олармен байланысты қызметтерді қабылдауға, соның ішінде ҚСБК-нің «Дамушы елдердің өсіп келе жатқан тілектестігі» атты IV- б. мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік жоқ. Туризмде шектеу шаралары кең таралғандықтан, олардың реттелуі дамушы елдерге бұл шараларды ішкі туристік нарықты қорғау мақсатында қолдануға мүмкіндік беруші еді.

Осыған ұқсас шаралар ТСБК-де қарастырылған, бірақ туризмге бұл ережелер қолданылынбайды. Туризм жөніндегі қосымша атты ұсынылған жоба сегіз тараудан, сондай-ақ туристік топқа кіретін қызметтер тізімінен тұрды. Онда бәсекеге қабілеттіліктің мақсаттары, ұғымдары, кепілдіктері, туристік қызметтердің тұтынушыларын қорғау туралы ережелер, ақпаратқа кіру тәртібі, әуекөлік және қауіпсіздік, әуеинфрақұрылымға кіру сұрақтары тіркеледі, туризмнің тұрақты дамуы жөніндегі ынтымақтастық және басқа халықаралық ұйымдармен қатынасының сұрақтары қозғалды. Қызметтерді сату жөніндегі кеңестің сессиясында жобаны талқылау кезінде дамыған елдер көрсетілген қосымшаға қарсы бірнеше негізді қарсылықтарды атап өтті. Біріншіден, Қосымшаның басқа қалықаралық ұйымдардың құзыретіне жататын және Дүниежүзілік сауда ұйымының басқа органдарының талқылау аясына жататын сұрақтарды қозғамауы керек екені аталынды. Мысалы, Бразилия Қосымшаның өзінің қажеттілігіне күмәнданды, себебі дамушы елдердің туризм саласындағы мүдделерін Дүниежүзілік сауда ұйымы емес, ЮНКТАД қарастырады. Екіншіден, әуекөлігі жеке реттеудің объектісі болуы керек екені расталынған. Үшіншіден, туристік қызметтердің шеңберін анықтау кезінде қолданылған кең тұрғысы сынға ұшырады.

2001 жылға қарай жобаның басқа нұсқасы дайындалды. Ол негізгі ескертпелерді есепке алды, алайда тұтастай оның құрылымы бұрынғыдай болып қалды. Жаңа жобада көбірек даулы анықтамаларды қалыптастыру кезінде 1994 ж. Туризм статистикасы жөніндегі БҰҰ және ДТҰ Ұсынымдары, 2004 ж. Туристік есеп-сатиллиттің құрылымы жөніндегі Әдістемелік ұсынымдар, 1999 ж. Туризмнің жаһандық әдеп кодексі пайдаланылды. Барабар шараларды қабылдауды талап ететін тұтынушының құқықтары тізімін тіркеудің орнына, 1985 ж. «Тұтынушыны қорғау» атты № 39/248 БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясын орындауға сілтеме жасалынды. Туризмнің тұрақты дамуы жөніндегі міндеттемелер нақтыланды, мысалы, тең құқылыжәне бәсекеге қабілетті сауда шарттарындағы қажеттіліктерді мойындаудың орнына Қосымшаны жүзеге асыру жолымен осы шарттарды кепілдендіруге міндеттеме қосылды. Қосымша шарттарының бөлігі (тұрақты даму жөніндегі ынтымақтастық туралы, басқа халықаралық

(5)

ұйымдармен өзара қатынасы туралы) туристік қызметтерге Қосымшаның телекоммуникациялар жөніндегі келісілген шарттарының бейімделуі болып табылады. Туризм жөніндегі Қосымша ДТҰ, ЮНКТАД қолдау тапты.

Тұтастай ҚСБК-ге сәйкес қалыптасқан туристік қызметтерді сатуды реттеу қағидалары мен сипаты мемлекеттердің жеке аймақтық интеграциялық бірлестіктер шеңберінде де қолданылады, сондай-ақ қызметтерді сатуды ырықтандыру сұрақтары жөніндегі басқа келісімдерді жасау кезінде есепке алынады. Егер ырықтандыру туралы шарттарға қатысты ҚСБК-де арнайы ұйғарымдар болса («Экономикалық интеграция»), онда кедендік одақтарды және еркін сауда аймақтарын құру ДТҰ мүше- мемлекеттерімен ТСБК XXIV-бабын талқылау жөніндегі келісімді есепке ала отырып әрекет ететін «Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнің XXIV- бабына сәйкес жүзеге асырылады. Алайда тиісті ТСБК-де интеграциялық топтар шеңберінде сауданы тауарлармен ырықтандыру туралы сөз қозғалуда, алайда ҚСБК-де интеграциялық топтар шеңберіндегі қызметтерді сату режимі туралы арнайы ережелері жоқ. Осылайша, бұл сұрақ жалпы ережелер ретінде әрекет ететін ТСБК нормаларының реттелуіне жатады, егер бұл ҚСБК ережелеріне қарсы келмесе. ТСБК мен ҚСБК арақатынасы туралы сұрақты зерттей отырып, Д.Карро және П.Жюйар былай деп атаған: «ҚСБК нормалары мен халықаралық сауда ретінде қарастырылатын ТСБК-94 ережелері арасындағы коллизия кезінде басымдылық ҚСБК-нің арнайы нормаларында болады. ҚСБК-де «ТСБК режимін» қызметтер саласына тарату ретінде жай ойластырылған, тіпті егер олардың арасында көптеген белгілер мен ұқсастықтар болса да. Қызметтер секторын (әсіресе туристік) ырықтандырудың жоғарырақ деңгейі ЕО және Солтүстікамерикандық еркін сауда қауымдастығы шеңберінде қол жеткізілді. 1996 ж. 14 тамызда СЕСҚ мүше-мемлекеттері Сауда туралы хаттамаға қол қойды. Онда Дүниежүзілік сауда ұйымының жүйесіне, оның келісімдеріне – ТСБК және ҚСБК-не қосылатын еркін сауда аймағын құру үшін механизмін сегіз-он екі жыл ішінде құруға келісті. Бірақ егер тауарларды сату бөлігінде мемлекет жеткілікті түрде нақты жағдайларды бекітсе, онда қызметтерді сатуды ырықтандыру бөлігінде мемлекеттер тек ең жалпы түрде елдердің ұлттық экономикасын дамыту үшін оның маңыздылығын мойындайды және ҚСБК шарттарына сәйкес тиісті шараларды қабылдау ниеттерін растады. ҚСБК қағидаларының негізінде 1995 ж. Қызметтер жөніндегі Негіздемелік келісім АСЕАН жасалынған. Ұштастырудың Анд жүйесінен тұратын Анд қауымдастығында 1999 ж. 25 мамырдағы Анд қауымдастығы Комиссиясының 463 Шешімі әрекет етеді. Бұл Шешім ҚСБК-ге ұқсас туристік қызметтерді жеткізудің төрт әдісін қарастыра отырып, әрбір мүше- мемлекет ткез келген мүше-мемлекеттің уристік қызметтергіне және туристік қызметтерді жеткізушілеріне қызметтерді кез келген әдіспен жеткізу кезіндегі өзінің нарығына және ұлттық режимге еркін кіруге рұқсат беретінін белгіледі.

Халықаралық бағынбайтын туристік қатынастарды реттеуді бірыңғайландырылған жалғыз әмбебап халықаралық шарт болып Жеке

(6)

құқықты бірыңғайландыру жөніндегі халықаралық институтымен әзірленген Саяхат жасау шарты туралы Конвенция (УНИДРУА) болды. Конвенция мәтінінің қабылдауына 1970 жылы Брюссельде өткен дипломатиялық конференция арналған, және 1976 жылы 24 ақпанда, депозитарийге (Бельгия үкіметі) бесінші ратификациялық грамотаны тапсырғаннан кейін үш айдан соң, күшіне енді. Конвенция кең таралымға ие болған жоқ, бұл оның заңды күшінен енген жылдың өзінде болжанды. Оның қатысушылары болып Аргентина, Бенин, Камерун, Того, Италия табылады. 70-ж. соңында Үкіметтік сарапшылар комитетінде УНИДРУА ұраны ретінде мақсаты болып қонақ үйлік ұйымдар мен олардың клиенттері арасындағы өзара құқықтар мен міндеттерді анықтау табылған халықаралық конвенцияның жобасы қарастырылды, бірақ ол қабылданған жоқ.

Осылайша, туризмді әмбебап халықаралық шарттарда реттеумен байланысты бірнеше мәселелер бар.

Біріншіден, әмбебап деңгейде электрондық сауда сұрақтарын, интернеттің жаһандық желілеріндегі мәмілелер режимі сұрақтарын реттеу халықаралық туристік қызмет үшін де үлкен мағынаға ие. Қазіргі кезде Интернет туристік өнімді іздеу құралы бола тұра, ең алдымен, ақпаратты беру және алмасу қызметін атқарады. Желі арқылы туристік өнімді сату соншама жылдам дамып жатқан жоқ. Алайда уақыт өте туристік өнімді жүзеге асырудың мұндай жүйесі турегенттерге маңызды бәсекені құрайды, себебі тұтынушылар мен туристік қызметтерді өндірушілерді тікелей байланыстыруға мүмкіндік береді. Халықаралық туристік қызмет Интернет желісі арқылы кез келген басқа коммерциялық қызмет ұшырайтын мәселелерге ұшырайды (қолданылатын құқықты анықтау, тұтынушылар құқығын қорғау мәселесі және басқалары), және осы қызметтің нәтижесі болып адамдардың шекара арқылы орын ауыстыруы табылады деген фактінің өзі оларды шиеленістіреді.

Екіншіден, талап етуші әмбебап реттеу мәселесі болып туристік ресмилендірулерді оңайлату табылады. Осы бағыттағы тиімдірек қадамдар аймақтық және екі жақты деңгейде іске кіріссе де, әлемдік қауымдастықтың міндеті – халықаралық стандарттарды орнату.

Жаһандық деңгейде ғарыштық туристік қызмет, тұтастай секс- туризммен күресу, төтенше туризмнен жалпы мәдени мұраны қорғау реттелінуі керек. Бұл өзінің шешімін талап ететін мәселелердің толық тізімі емес. Бір бөлігі қазір бар құқықтық құралдарды бейімдеу жолымен шешілуі мүмкін, ал басқа бөлігі – арнайы халықаралық шарттарды әзірлеуді талап етеді.

Әдебиет тізімі:

1. ЮНЕСКО Халықаралық нормативтық актілері., М, 1993 ж. – 595-596 б.

(7)

2. Маринин М.М., Сенин В.С., Хорошилов А.В. Туристские формальности: Учебное пособие для вузов. – М., Моск.эконом.-стат.ин-т. – 1995. – 66 б.

3. Дюмулен И.И. Всемирная торговая организация. – М., ТПП РФ. – 1997. – 201 б.

Referensi

Dokumen terkait

Изучение антимикробной активности лечебно-профилактической зубной пасты на основе СО2-экстрактов бадана толстолистного и верблюжьей колючки ...77 Дербисбекова У.Б., Датхаев У.М.,

Олар: - Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы әдеп кодексі, әдеп жөніндегі