€
dr.H. rvMtrJrEB ATbTHAAfbI BYPA3I4fl YJITTbIK YHI4BEPCI4TETI>
KeA(
EPEXE
BE
(<JI
A Y Ke
Xarraua''Ife;1
<<43>> // 20 d"bK.
<(JI.H. IYMI{JIEB ATbIH/IAf bI EYPA3I4fl YJITTbIK YHI4BEPCI{TETI> KeA(
oKbrTyrrrbr-3EPTTEvrrrrcr/3EPTTEvIIIICI TyPAJIbI
EPE}ITE E EYy 2.93-rg-22
Acrana 2022
TI>>
IMEH
«Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
КеАҚ
Е Р Е Ж Е
БЕКІТІЛДІ
«Л.Н. ГУМИЛЕВ
АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
КеАҚ ҒЫЛЫМИ
КЕҢЕСІНІҢ ШЕШІМІМЕН Хаттама № ____
«___» ________ 20___ ж.
«Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ
ОҚЫТУШЫ-ЗЕРТТЕУШІСІ/ЗЕРТТЕУШІСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Е ЕҰУ 2.93-KV-22
Астана 2022
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»
КеАҚ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» КеАҚ оқытушы-зерттеуші және
зерттеуші туралы ережесі
Издание: второе
Е ЕНУ 2.93-KV-22 Стр. 2 из 18
АЛҒЫ СӨЗ 1.ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ: Ғылым бөлімі
2. ЕНГІЗІЛДІ: Ғылым және коммерцияландыру бөлімі
3. ҚҰРАСТЫРҒАНДАР:
Сейпишева А.Ю. – ғылым бөлімінің эксперті.
Тащанова А.М. – ғылым бөлімінің бас маманы.
4. АЛҒАШ РЕТ БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ: №1 хаттама, «31» тамыз 2022 ж.
5. БАСЫЛЫМ: екінші
6. Құжатты қайта қарау МЕРЗІМДІЛІГІ: қажет болған жағдайда.
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»
КеАҚ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» КеАҚ оқытушы-зерттеуші және
зерттеуші туралы ережесі
Издание: второе
Е ЕНУ 2.93-KV-22 Стр. 3 из 18
Мақсат
1.1 Бұл «КеАҚ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» Оқытушы-зерттеушісі, зерттеушісі туралы ережесі» (бұдан әрі – Ереже) университет қызметкерлерінің аталған санаттарының біліктілік талаптарының тізбесін және қызметін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
2. Нормативтік сілтемелер
2.1 Ереже келесі құжаттар негізінде құрастырылды:
– ҚР Президентінің 2018 жылдың 15 ақпанындағы №636 Бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары;
– ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа жолдауы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы»
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726 қаулысымен бекітілген «Сапалы білім» «Білімді ұлт» ұлттық жобасы;
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №727 қаулысымен бекітілген «Цифрландыру, ғылым және инновациялар арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы;
– «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпанындағы №407-IV Заңы;
– «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазанындағы №381-V Заңы;
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырындағы
№336 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы;
– «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының даму бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 қыркүйегіндегі №715 қаулысымен бекітілген 2022 - 2026 жылдарға арналған;
– «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Университет) профессорлық-оқытушылар құрамы лауазымдарының біліктілік сипаттамасы;
– ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамының оқу жүктемесін жоспарлау туралы ереже.
3. Жалпы ережелер
3.1 Оқытушы-зерттеуші – ғылымның кез келген саласы бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын және ғылыми және (немесе) ғылыми- техникалық қызмет нәтижелерін (бұдан әрі – ҒҒТҚН) алатын, тиісті лауазымның талаптарына сәйкес келетін және университеттің профессорлық- оқытушылар құрамы лауазымдарының біліктілік сипаттамасы мен осы
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»
КеАҚ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» КеАҚ оқытушы-зерттеуші және
зерттеуші туралы ережесі
Издание: второе
Е ЕНУ 2.93-KV-22 Стр. 4 из 18
Ережеге сәйкес қосымша біліктілік талаптары және педагогикалық қызметті белгіленген норма шегінде жүзеге асыратын ғалым.
Зерттеуші – осы Ережеге сәйкес ғылыми зерттеулермен, инновацияларды әзірлеумен және енгізумен, сонымен қатар ғылымның кез келген саласында алынған нәтижеден университетке түсетін пайданы ескере отырып міндетті түрде ҒҒТҚН коммерцияландырумен айналысатын және университеттің ғылыми қызметкерлері лауазымының Біліктілік талаптары мен қосымша біліктілік талаптарына сәйкес келетін ғалым.
Оқытушы-зерттеуші мен зерттеуші университеттің штатына ашық конкурс негізінде қабылданады.
3.2 Оқытушы-зерттеуші, зерттеуші лауазымын енгізудің мақсаты – зерттеу университетін жоғары сапалы кадрлармен қамтамасыз ету, университет ғылымын дамыту және ҒҒТҚН коммерцияландыру үшін жағдай жасау.
3.3 Мақсатқа жету міндеттері:
– оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми әлеуетін нығайту;
– университетке үздік ғылыми кадрларды тарту және оларды ынталандыру;
– іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін және ҒҒТҚН коммерцияландыруды арттыру,;
– ғылыми-зерттеу этикасы мен академиялық мәдениеті жоғары бәсекеге қабілетті ғылыми ортаны қалыптастыру.
3.4 Оқытушы-зерттеуші ізденуші ғылыми жұмысының бағытына сәйкес кафедра штатына қабылданады. Оқытушы-зерттеушінің оқу жүктемесі университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы педагогикалық жүктемесінің бір штаттық бірлігінің белгіленген көлемінің 50%-ына жоспарланады. Оқытушы-зерттеушінің жеке жүктемесін қалыптастыру кезінде кредиттер көлемінің кемінде 50%-ы магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына және/немесе докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысына бөлінуі тиіс екенін ескеру қажет.
3.5 Зерттеуші талапкердің ғылыми жұмысының бағытына сәйкес келетін университеттің ғылыми бөліміне (ҒЗИ, ҒЗО, ҒЗЗ, Құзыретті орталықтар) толық штаттық негізде қабылданады.
3.6 Конкурсқа азаматтығы мен жасына қарамастан университеттің штаттағы қызметкерлері де, сыртқы білім-ғылым және/немесе өндірістік ұйымдардың қызметкерлері де қатыса алады.
4. Оқытушы-зерттеуші, зерттеушінің біліктілігіне қойылатын жалпы және қосымша талаптар:
4.1 Оқытушы-зерттеуші қызметінің бос лауазымына орналасу үшін КеАҚ
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»
КеАҚ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» КеАҚ оқытушы-зерттеуші және
зерттеуші туралы ережесі
Издание: второе
Е ЕНУ 2.93-KV-22 Стр. 5 из 18
«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» профессор, қауымдастырылған профессор (доцент), аға оқытушы лауазымдарын атқаратын профессорлық-оқытушылық құрам лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуі керек.
4.2 «Оқытушы-зерттеуші» санатын беруге қойылатын қосымша талаптар:
Профессор лауазымындағы үміткерлер үшін
– ағымдағы кезеңде бір немесе бірнеше гранттық, бағдарламалық- мақсаттық, келісімшарттық қаржыландыру негізіндегі ғылыми жобалардың жетекшілік/қосалқы жетекшілік. Штаттағы қызметкерлер үшін жетекшілік/қосалқы жетекшілік Университет атынан жүзеге асырылатын ғылыми жоба бойынша есептелуі мүмкін.
Жаратылыстану ғылымдары, техника және технологиялар, медицина және денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы салалар үшін:
– соңғы 3 жылда Web of Science ақпараттық базасына сәйкес 1-ші (бірінші), 2-ші (екінші) квартильге кіретін журналдарда немесе Scopus базасы бойынша CiteScore 50-ден кем емес процентилі бар журналдарда кемінде 5 (бес) мақаланың және (немесе) шолудың болуы;
– дәйексөз индексі – соңғы 5 жылдағы Хирш индексі (өзіндік дәйексөздерді қоспағанда) кемінде 5 (бес).
Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер саласындағы салалар үшін:
– соңғы 3 жылда Web of Science ақпараттық базасына сәйкес 1-ші (бірінші), 2-ші (екінші), 3-ші (үшінші) квартильге кіретін журналдарда немесе Scopus базасы бойынша CiteScore 35-тен кем емес процентилі бар журналдарда кемінде 3 (үш) мақаланың және (немесе) шолудың және сол кезеңдегі аккредиттелген ғылыми ұйымның Ғылыми немесе ғылыми- техникалық кеңесінің ұсынысы бойынша өтініш берушінің жеке үлесімен кемінде 6 баспа парақ монографиясының болуы;
– дәйексөз индексі – соңғы 5 жылдағы Хирш индексі (өзіндік сілтемені қоспағанда) кемінде 4 (төрт) болуы.
Қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымындағы үміткерлер үшін:
– ағымдағы кезеңде бір немесе бірнеше гранттық, бағдарламалық- мақсаттық, келісімшарттық қаржыландыру негізіндегі ғылыми жобалардың жетекшілік/қосалқы жетекшілік. Штаттағы қызметкерлер үшін жетекшілік/қосалқы жетекшілік Университет атынан жүзеге асырылатын ғылыми жоба бойынша есептелуі мүмкін;
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»
КеАҚ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» КеАҚ оқытушы-зерттеуші және
зерттеуші туралы ережесі
Издание: второе
Е ЕНУ 2.93-KV-22 Стр. 6 из 18
Жаратылыстану ғылымдары, техника және технологиялар, медицина және денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы салалар үшін:
– соңғы 3 жылда Web of Science ақпараттық базасына сәйкес 1-ші (бірінші), 2-ші (екінші), 3-ші (үшінші) квартильге кіретін журналдарда немесе Scopus базасы бойынша CiteScore 35-тен кем емес процентилі бар журналдарда кемінде 5 (бес) жарияланымның болуы;
– дәйексөз индексі – соңғы 5 жылдағы Хирш индексі (өзіндік дәйексөздерді қоспағанда) кемінде 4 (төрт);
Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер саласындағы салалар үшін:
– соңғы 3 жылда Web of Science ақпараттық базасына сәйкес 1-ші (бірінші), 2-ші (екінші), 3-ші (үшінші) квартильге кіретін журналдарда немесе Scopus базасы бойынша CiteScore 35-тен кем емес процентилі бар журналдарда кемінде 3 (үш) мақала және (немесе) шолудың болуы;
– дәйексөз индексі – соңғы 5 жылдағы Хирш индексі (өзіндік дәйексөзді қоспағанда) кемінде 3 (үш).
Аға оқытушы лауазымындағы үміткерлер үшін:
Жаратылыстану ғылымдары, техника және технологиялар, медицина және денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және ветеринария салалар үшін:
– ағымдағы кезеңде бір немесе бірнеше гранттық, бағдарламалық- мақсаттық, келісімшарттық қаржыландыру негізіндегі ғылыми жобалардың жетекшілік/қосалқы жетекшілік немесе орындаушы. Штаттағы қызметкерлер үшін жетекшілік/қосалқы жетекшілік немесе орындаушы Университет атынан жүзеге асырылатын ғылыми жоба бойынша есептелуі мүмкін;
– соңғы 3 жылда Web of Science ақпараттық базасына сәйкес 1-ші (бірінші), 2-ші (екінші), 3-ші (үшінші) квартильге кіретін журналдарда немесе Scopus базасы бойынша CiteScore 25-тен кем емес процентилі бар журналдарда кемінде 5 (бес) мақала және (немесе) шолудың болуы;
– дәйексөз индексі – соңғы 5 жылдағы Хирш индексі (өзіндік дәйексөзді қоспағанда) кемінде 3 (үш).
4.3 Зерттеуші ғылыми қызметкердің бос лауазымына орналасу үшін өтініш беруші КеАҚ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» ғылыми қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келу керек.
«Зерттеуші» санатын беруге қойылатын қосымша талаптар:
Өтініш беруші «Зерттеуші» лауазымына өтініш беру үшін қосымша талаптарға сай немесе төмендегі тізім бойынша иегер болуы керек:
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»
КеАҚ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» КеАҚ оқытушы-зерттеуші және
зерттеуші туралы ережесі
Издание: второе
Е ЕНУ 2.93-KV-22 Стр. 7 из 18
– АҚШ, Еуропалық Одақтың немесе Жапонияның Патенттік ведомствосы, Халықаралық патенттік ұйым, Қазақстан Республикасының Патенттік ведомствосы берген өнертабысқа жарамды патенттер;
– инновациялық идеясы бар коммерциялық тұрғыдан тиімді және бизнес құрылымдармен бірлескен қаржыландыруы бар стартап-компаниялар болуы;
– университетке табыс тарту арқылы практикалық нәтижені міндетті түрде әрі қарай растаумен шағын өндіріске дайын инновациялық өнім немесе ғылыми-зерттеу қызметінің басқа нәтижелері;
– бір немесе бірнеше ғылыми жобалардың ағымдағы кезеңіне жетекшілік/қосалқы жетекшілік: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Ғылым қорының, QazInnovations гранттық, бағдарламалық- мақсатты қаржыландыру, коммерцияландыруға бағытталған «Өнімді инновацияларды ынталандыру» және тағы басқа гранттық жобалар.
– ағымдағы кезеңде гранттық, бағдарламалық-мақсатты, келісімшарттық қаржыландыру негізіндегі бір немесе бірнеше ғылыми жобаларды жүзеге асыруға жетекшілік ету немесе қатысу. Штаттағы қызметкерлер үшін жетекшілік/қосалқы жетекшілік Университет атынан жүзеге асырылатын ғылыми жоба бойынша есептелуі мүмкін.
4.4 Web of Science (оның ішінде – Science Citation Index Expanded, Social Science Citation Index, Arts and Humanities Citation Index или Russian Science Citation Index) және Scopus дерекқоры бойынша журналдардағы мақала немесе шолулар негізінде Article (Мақала), Review (Шолу), Early Access (ерте қолжетімділік) немесе Article in Press (баспадағы мақала) түріндегі осы базалар бойынша индекстелетін (берілген) жарияланымдар есептеледі. Web of Science дерекқорындағы журнал квартилі және Scopus деректер базасындағы CiteScore процентилі жарияланған жылы немесе конкурсқа қатысуға өтінім беру кезінде соңғы көрсеткіші есепке алынады.
Өтініш берген кезде Scopus дерекқорындағы индекстеу әртүрлі талапбұзушылықтар үшін (https://www.elsevier.com/solutions/scopus/how- scopus-works/content бетіндегі «Discontinued Sources from Scopus» файлы) тоқтатылған журналдарда жарияланған мақалалар мен шолулар ескерілмейді.
Web of Science Derwent Innovations Index дерекқорына енгізілген шетелдік патенттер халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы жарияланымдар ретінде есептеледі.
4.5 Сыртқы ғылыми, білім беру және/немесе өнеркәсіптік ұйымдардың қызметкерлері (сыртқы өтінім берушілер) үшін гранттық, бағдарламалық-
мақсатты, келісімшарттық қаржыландыру ғылыми жобаларын Оқытушы-зерттеуші, зерттеуші лауазымына қабылдау туралы комиссияның
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»
КеАҚ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» КеАҚ оқытушы-зерттеуші және
зерттеуші туралы ережесі
Издание: второе
Е ЕНУ 2.93-KV-22 Стр. 8 из 18
шешімі шыққаннан кейін 1 ай мерзімде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне ауыстыру міндетті шарт болып табылады.
4.6 Оқытушы-зерттеуші/зерттеуші лауазымына үміткер конкурсқа қатысу кезінде атқарған лауазымынан төмен лауазымға сәйкес келетін критерийлер бойынша конкурсқа қатыса алмайды.
5. Оқытушы-зерттеуші, зерттеушіні іріктеу конкурсын өткізу тәртібі 5.1 Алдағы оқу жылына Оқытушы-зерттеуші, зерттеуші бос лауазымына орналасуға конкурс бойынша дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын Ғылым және коммерцияландыру департаментінің Ғылым секторы жүзеге асырады. Осы мақсаттар үшін Ғылым секторы:
– университеттің ресми интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарының ашық баспасөз беттерінде ашық конкурстың басталғаны және талапкерлерге қойылатын біліктілік талаптары туралы ақпаратты жариялайды;
– қызметтік ақпарат арқылы факультеттер мен ғылыми-зерттеу бөлімдеріне оқытушы-зерттеуші, зерттеуші бос лауазымына алдағы конкурс туралы хабарлайды;
– үміткерлерден өтініштер мен біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қабылдайды;
– үміткерлердің барлық біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді және материалдарды Оқытушы-зерттеуші, зерттеуші лауазымдарына орналасуға үміткер кандидаттардың өтініштерін қарау үшін комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) береді.
5.2 Оқытушы-зерттеуші/зерттеуші лауазымына үміткерлер бос лауазымға орналасуға өтінімді және осы Ереженің 4.2, 4.3. тармақтарда көрсетілген талаптарды растайтын құжаттарды ұсынады. Өтінімге көрсетілген лауазымға конкурстық іріктеу кезінде ескерілетін оқытушы-зерттеушінің/зерттеушінің алдағы оқу жылына арналған Жұмыс жоспары қоса берілуі тиіс (1.2- қосымша).
5.3 Ғылым секторы осы Ереженің 4.2-тармағында көрсетілген критерийге сәйкестігін растайтын құжаттарды тексеру үшін Web of Science және Scopus халықаралық библиометриялық деректер базалары пайдаланылады.
5.4 Ғылым секторы оқытушы-зерттеуші, зерттеуші лауазымдарына орналасуға үміткер кандидаттардың өтініштерін қарау үшін Комиссия құру туралы Басқарма төрағасы – университет ректорының бұйрығының жобасын дайындайды, оның құрамына: Басқарма мүшесі – Ғылым, коммерцияландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректор, Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры, академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, Қаржы департаментінің директоры,
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»
КеАҚ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» КеАҚ оқытушы-зерттеуші және
зерттеуші туралы ережесі
Издание: второе
Е ЕНУ 2.93-KV-22 Стр. 9 из 18
Стратегиялық даму департаментінің директоры, Қызметкерлерді басқармасының бастығы, ғылым секторының қызметкерлері, сонымен қатар университеттің жетекші ғалымдары қатысады.
5.5 Комиссия ұсынылған құжаттарды Осы Ереженің 4.2, 4.3.
тармақтарына сәйкестігін, КеАҚ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» оқытушы-профессорлар құрамы лауазымының Кәсіби сипаттамасына сәйкестігін қарастырады және ашық дауыс беру арқылы жалпы шешім қабылдайды. Шешім Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.
Шешім қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. «Қарсы» және
«Қарсы емес» дауыстарының саны тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
5.6 Комиссия шешімі штаттық кестені бекітуге ұсыну үшін академиялық мәселелер жөніндегі департаментке және бекітілген кандидатураларды оқытушы-зерттеуші, зерттеуші лауазымдарына ауыстыру және еңбек шартын жасау туралы Басқарма төрағасы-университет ректорының бұйрығын дайындау үшін Қызметкерлер басқармасына беріледі.
5.7 Оқытушы-зерттеуші, зерттеушімен еңбек шарты бір оқу жылына жасалады, бірінші жұмыс жылының қорытындысы бойынша университет комиссиясының оң шешімінен кейін екі оқу жылына ұзартылуы мүмкін.
6. Оқытушы-зерттеушінің, зерттеушінің міндеттері
6.1 Оқытушы-зерттеуші Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қызметкерлері Лауазымдардың кәсіби сипаттамасында және атқаратын қызметіне сәйкес профессор, қауымдастырылған профессор (доцент), аға оқытушының лауазымдық нұсқаулығында көрсетілген жалпы міндеттерді атқарады.
Зерттеуші атқаратын қызметіне сәйкес БҒҚ, ЖҒҚ, АҒҚ лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген жалпы міндеттерді атқарады.
6.2 Оқытушы-зерттеуші, зерттеуші Басқарма мүшесі – Ғылым, коммерцияландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректорымен келісілген және Басқарма төрағасы – ректор бекіткен оқытушы-зерттеушінің, зерттеушінің алдағы оқу жылына арналған жеке жұмыс жоспарын орындайды.
Оқытушы-зерттеушінің, зерттеушінің жеке жұмыс жоспарында 1-қосымшада көрсетілген жұмыстың негізгі бөлігі қамтылуы тиіс.
6.3 Жоспарды жүзеге асыру кезінде оқытушы-зерттеуші үшін міндетті компонент:
– міндетті түрде аффилиация (серіктес) ретінде университеттің ресми атауы «L.N. Gumilyov Eurasian National University» көрсетілген жалғыз автор, корреспонденция үшін авторы немес алғашқы автор ретінде JCR базасының алғашқы екі квартиліне кіретін (Q1-Q2) Web of Science халықаралық ғылыми
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»
КеАҚ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» КеАҚ оқытушы-зерттеуші және
зерттеуші туралы ережесі
Издание: второе
Е ЕНУ 2.93-KV-22 Стр. 10 из 18
басылымдарындағы, немес көрсеткіші 50 процентильден кем емес Scopus базасында индекстелетін басылымдарда жылына кемінде 2 мақала (article, review) жариялау.
– университетке бір немесе бірнеше ғылыми жобаларды тарту: гранттық, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасы, халықаралық жоба (жетекші/бірлескен/жоба жетекшісі ретінде), немесе ғылыми және аналитикалық қызмет саласындағы қызмет көрсету туралы келісім, немесе Лицензиялық келісімшарт және (немесе) зияткерлік меншік объектісіне айрықша құқық беретін келісімшарт және (немесе) контрактілі зерттеулерге ҒҒТҚН/ келісімшарт арқылы ЕҰУ-ға құны кемінде 5 млн.теңге кіріс келтіретін шарт жасау.
Жоспарды жүзеге асыру кезінде зерттеуші үшін міндетті компонент:
міндетті түрде аффилиация (серіктес) ретінде университеттің ресми атауы «L.N. Gumilyov Eurasian National University» көрсетілген жалғыз автор, корреспонденция үшін авторы немес алғашқы автор ретінде JCR базасының алғашқы екі квартиліне кіретін (Q1-Q2) Web of Science халықаралық ғылыми басылымдарындағы, немес көрсеткіші 50 процентильден кем емес Scopus базасында индекстелетін басылымдарда жылына кемінде 1 мақала (article, review) жариялау.
– ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыру, университетке табыс тарту арқылы практикалық нәтижені міндетті түрде әрі қарай растаумен Стартап құру және енгізу;
– лицензиялық келісімшарт және (немесе) зияткерлік меншік объектісіне айрықша құқықтарды басқаға беру келісімшарт және (немесе) ҒҒТҚН/контрактілі зерттеулерге арналған келісімшарт жасасу жолымен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де тәсілдер арқылы жасалған өнімдер/ қызметтер шығару (трансферлеу).
– бір немесе бірнеше ғылыми жобалардың ағымдағы кезеңіне жетекшілік/бірлескен жетекшілік: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым қоры, QazInnovations гранттық, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру, коммерцияландыруға бағытталған
«Өнімді инновацияларды ынталандыру» және басқа гранттық жобалар.
Штаттағы қызметкерлер үшін жетекшілік/қосалқы жетекшілік Университет атынан жүзеге асырылатын ғылыми жоба бойынша есептелуі мүмкін.
– халықаралық ұйымдарға және патенттік ведомстволарға кемінде бір (1) патентке өтінім беру;
– кәсіпорынның (шаруашылық құрылымының) бірінші басшысы бекіткен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін өндіріске енгізу (пайдалану) актісі.
6.4 Оқытушы-зерттеуші, зерттеуші оқу жылы ішінде университеттің Ғылыми-техникалық кеңесіне (қысқы кезеңде) және университеттің Ғылыми
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»
КеАҚ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» КеАҚ оқытушы-зерттеуші және
зерттеуші туралы ережесі
Издание: второе
Е ЕНУ 2.93-KV-22 Стр. 11 из 18
кеңесіне (жазғы кезеңде) атқарған жұмыстары туралы есеп береді. Есеп осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес ресімделеді және университеттің Ғылыми- техникалық немесе Ғылыми кеңесінің шешімімен қанағаттанарлық/қанағаттанарлықсыз деп танылады.
7. Оқытушы-зерттеушінің, зерттеушінің жауапкершілігі
7.1. Оқытушы-зерттеуші мен зерттеуші өз бетінше іс-әрекет пен жұмысты ұйымдастыруға жауапты.
7.2 Университеттің Ғылыми-техникалық кеңесі немесе Ғылыми кеңесі оқытушы-зерттеушінің, зерттеушінің жұмысын қанағаттанарлықсыз деп таныса (жұмыс жоспарының орындалмауы немесе толық орындалмауы), оқытушы-зерттеуші, зерттеуші еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзуға және оқытушы-зерттеуші, зерттеуші лауазымынан босатуға әкелетін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және университеттің тәртіптік және материалдық жауапкершілік туралы ішкі нормативтік құжаттары бойынша жауапқа тартылады.
7.3 Осы Ереже талаптарының сақталуын бақылауды Басқарма мүшесі – ғылым, коммерцияландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректор жүзеге асырады.
7.4 Үш жылдық оқу мерзімін сәтті аяқтаған оқытушы-зерттеуші, зерттеуші Университетте штаттық профессорлық-оқытушылық құрамда немесе ғылыми қызметкер ретінде толық жүктемемен кемінде үш жыл жұмыс істеуі керек.
7.5 Ғылыми-зерттеу, ғылыми-тәжірибелік, басқа да ғылыми қызмет бойынша міндеттерін орындамаған оқытушы-зерттеуші, зерттеуші келесі 3 (үш) жыл ішінде оқытушы-зерттеуші, зерттеуші лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберілмейді. Стартаптарды іске қосу, инновацияларды әзірлеу және енгізу, техниканы/технологияны қолдау барысындағы практикалық нәтижелерді университет есебінен қоса қаржыландыру жағдайында енгізілген қаражатты толық қайтару сәйкесінше жүзеге асырылады.
8. Университеттің жауапкершілігі
8.1 Оқытушы-зерттеушілердің, зерттеушілердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуін қамтамасыз ету мақсатында Университет олардың жұмыс істеуі үшін ең қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді:
– Университеттің ақпараттық-білім беру цифрлық ресурстарына және кітапхана қорларына еркін қол жеткізу;
– университеттің қолданыстағы зертханалық жабдықтарына тегін және шектеусіз қол жеткізу;
– өзге қаладан келген және шетелдік оқытушы-зерттеушілерге,
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»
КеАҚ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» КеАҚ оқытушы-зерттеуші және
зерттеуші туралы ережесі
Издание: второе
Е ЕНУ 2.93-KV-22 Стр. 12 из 18
зерттеушілерге университет жатақханасында тұру;
– функционалдық міндеттерін толық орындау үшін қажетті техникалық құрал-жабдықтары бар жұмыс орны;
– ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу үшін зертханаға жоспарлы кіру.
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»
КеАҚ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» КеАҚ оқытушы-зерттеуші және
зерттеуші туралы ережесі
Издание: второе
Е ЕНУ 2.93-KV-22 Стр. 13 из 18
Қазақ тіліндегі ережеге 1-Қосымша
«БЕКІТЕМІН»
КеАҚ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»
Басқарма төрағасы-Ректор Е.Б. Сыдықов
« __» ___________2023 ж.
_________ оқу жылына ОҚЫТУШЫ-ЗЕРТТЕУШІНІҢ
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
__________________________________
(Т.А.Ә.)
______________________ факультеті
№ Жұмыс түры
Атауы Орындалу уақыты Профессор Қауымдастырылғ ан профессор Аға оқытушы
1. JCR базасының Web of Science халықаралық ғылыми басылымдарындағы алғашқы екі квартиліне кіретін (Q1-Q2) ғылыми жарияланымдар
+ + +
2. Scopus халықаралық ғылыми басылымдарындағы көрсеткіші 50 процентильден кем емес ғылыми жарияланым (article, review)
+ + +
3. Springer Nature, Elsevier, Wolters Kluwer, Taylor&Francis, Wiley Blackwell, SAGE, BRILL, IEEE, Emerald, KARGER, OXFORD University Press, BENTHAM SCIENCE INDERSCIENCE PUBLISHERS, CAMBRIDGE University Press, CRC Press, DeGruyter, Edward Elgar Publishing, John Wiley & Sons, McGraw Hill, Palgrave Macmillan, Peter Lang, Prentice Hall, Routledge, Sage Publications немесе Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education немесе US News Best Global Universities Rankings топ-100 бас рейтингісіне кіретін ЖЖООКББ (Жоғары және (немесе)
+ +
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»
КеАҚ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» КеАҚ оқытушы-зерттеуші және
зерттеуші туралы ережесі
Издание: второе
Е ЕНУ 2.93-KV-22 Стр. 14 из 18
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру) ұйымдарының баспаларында ғылыми монографиялар жариялау
4. Есепті кезеңде 2 реттен кем емес жас ғалымдарға арналған «Ғылыми зерттеу әдіснамасы»/ «Академиялық жазба» ғылыми семинарын ұйымдастыру және өткізу
+ + +
5. Білім алушылар арасында (магистранттар, докторанттар) ғылыми-зерттеу тобын қалыптастыру
+ + +
6. Постдокторанқа ғылыми жетекшілік
+ +
7. Құқық иесі «Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ»
КеАҚ болып табылатын зияткерлік меншікке Патент алу
+
8. Келісімшарт жасау және жүзеге асыру:
- ғылыми-білім беру кластері бойынша бірлескен зерттеу жүргізу үшін шетелдік серіктес жоолармен және ғылыми ұйымдармен;
- жаһандық және өңірлік әсері бар кластер бойынша бірлескен зерттеу жүргізу үшін ұлттық зерттеу институттарымен /зертханалармен /орталықтармен
+
9. Жобаны басқару: гранттық қаржыландыру, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ҒҒТҚН коммерцияландыру, Халықаралық жоба немесе өтеулі негізде ғылыми және (немесе) талдамалық қызмет саласында қызметтер көрсетуге шарт жасасу арқылы бизнес пен өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық проблемаларын шешуде ҒЗЖ орындау.
+ + +
10. Ғылыми-зерттеу бөлімін құру/зертхана ашу
+
Оқытушы-зерттеуші Келісілді:
Басқарма мүшесі – ғылым, коммерциаландыру және интернационалдандыру бойынша
проректор Т.А.Ә Факультет деканы Т.А.Ә Ғылым департаментінің директоры Т.А.Ә
Қазақ тіліндегі ережеге
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»
КеАҚ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» КеАҚ оқытушы-зерттеуші және
зерттеуші туралы ережесі
Издание: второе
Е ЕНУ 2.93-KV-22 Стр. 15 из 18
1-Қосымша
«БЕКІТЕМІН»
КеАҚ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»
Басқарма төрағасы-Ректор Е.Б. Сыдықов
« __» ___________2023 ж.
_________ оқу жылына
ЗЕРТТЕУШІНІҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
________________
(Т.А.Ә.)
______________________ факультеті
№ Жұмыс түрі Атауы Орындалу
уақыты
1. JCR базасының Web of Science халықаралық ғылыми басылымдарындағы алғашқы екі квартиліне кіретін (Q1- Q2) ғылыми жарияланымдар
2. Scopus халықаралық ғылыми басылымдарындағы көрсеткіші 50 процентильден кем емес ғылыми жарияланым (article, review)
3. Білім алушылар арасында ғылыми-зерттеу тобын қалыптастыру (магистранттар, докторанттар), оларды міндетті түрде ғылыми жобаларға қатыстыру
4. Постдокторанттарға ғылыми жетекшілік
5. Құқықиеленуші «Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ» КеАҚ болатын Зияткерлік меншікке Патент алу
6. Өндірістің (бизнес-құрылымның) бірінші басшысы растаған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізу (пайдалану) актісі
7. Университетке кіріс тарту арқылы міндетті алдағы практикалық нәтижесін растайтын «Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ» КеАҚ қатысуымен Стартап-компаниялар құру 8. Лицензиялық келісімшарт және (немесе) зияткерлік меншік
объектісіне айрықша құқық беретін келісімшарт және (немесе) контрактілі зерттеулерге ҒҒТҚН/ келісімшарт немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»
КеАҚ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» КеАҚ оқытушы-зерттеуші және
зерттеуші туралы ережесі
Издание: второе
Е ЕНУ 2.93-KV-22 Стр. 16 из 18
қарастырылатын өзге тәсілдер арқылы ЕҰУ-ға құны кемінде 5 млн.теңге кіріс келтіретін коммерцияландыру 9. Келісімшарт жасау және жүзеге асыру:
- ғылыми-білім беру кластері бойынша бірлескен зерттеу жүргізу үшін шетелдік серіктес жоолармен және ғылыми ұйымдармен;
- жаһандық және өңірлік әсері бар кластер бойынша бірлескен зерттеу жүргізу үшін ұлттық зерттеу институттарымен /зертханалармен /орталықтармен
10. Жобаны басқару: гранттық қаржыландыру, бағдарламалық- нысаналы қаржыландыру, ҒҒТҚН коммерцияландыру, Халықаралық жоба немесе өтеулі негізде ғылыми және (немесе) талдамалық қызмет саласында қызметтер көрсетуге шарт жасасу арқылы бизнес пен өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық проблемаларын шешуде ҒЗЖ орындау.
Оқытушы-зерттеуші/ зерттеуші Келісілді:
Басқарма мүшесі – ғылым, коммерциаландыру және интернационалдандыру бойынша
проректор Т.А.Ә Факультет деканы Т.А.Ә Даму және инновациялар департаментінің директоры Т.А.Ә
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»
КеАҚ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» КеАҚ оқытушы-зерттеуші және
зерттеуші туралы ережесі
Издание: второе
Е ЕНУ 2.93-KV-22 Стр. 17 из 18
Қазақ тіліндегі ережеге 2-қосымша ___________ оқу жылында
ОҚЫТУШЫ-ЗЕРТТЕУШІ/ЗЕРТТЕУШІ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
_____________________
(Т.А.Ә:)
_____________________ факультеті
№ Жұмыс түрлері Атауы Орындалу мерзімі
1. JCR деректер базасының алғашқы екі квартиліне (Q1-Q2) енгізілген Web of Science халықаралық ғылыми журналдарындағы ғылыми жарияланымдар (мақала, шолу)
Растайтын құжат:
Web of Science дерекқорынан
алынған скриншот 2. Scopus халықаралық ғылыми базасындағы
көрсеткіші 50 процентильден кем емес басылымдарындағы ғылыми жарияланым (article, review)
Растайтын құжат:
Scopus дерекқорынан алынған скриншот 3. Springer Nature, Elsevier, Wolters Kluwer,
Taylor&Francis, Wiley Blackwell, SAGE, BRILL, IEEE, Emerald, KARGER, OXFORD University Press, BENTHAM SCIENCE
INDERSCIENCE PUBLISHERS,
CAMBRIDGE University Press, CRC Press, DeGruyter, Edward Elgar Publishing, John Wiley & Sons, McGraw Hill, Palgrave Macmillan, Peter Lang, Prentice Hall, Routledge, Sage Publications немесе Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education немесе US News Best Global Universities Rankings топ-100 бас рейтингісіне кіретін ЖЖООКББ (Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру) ұйымдарының баспаларында ғылыми монографиялар жариялау
Монографияның мұқаба бетінен скриншот
4. Есепті кезеңде 2 реттен кем емес жас ғалымдарға арналған «Ғылыми зерттеу әдіснамасы»/ «Академиялық жазба» ғылыми семинарын ұйымдастыру және өткізу
Растама құжаттардың көшірмесі
5. Білім алушылар арасында (магистранттар, докторанттар) ғылыми-зерттеу тобын құру
Растама құжаттардың көшірмесі
6. Постдокторанттарға ғылыми жетекшілік ҒжКД ғылыми
қызметкерлерін аттестаттау секторын растайды
7. Құқық иесі «Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ» ҒжКД
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»
КеАҚ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» КеАҚ оқытушы-зерттеуші және
зерттеуші туралы ережесі
Издание: второе
Е ЕНУ 2.93-KV-22 Стр. 18 из 18
КеАҚ болып табылатын зияткерлік меншікке Патент алу
коммерцияландыру офисі растайды 8. Өндірістің (бизнес-құрылымның) бірінші
басшысы растаған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізу (пайдалану) актісі
ҒжКД
коммерцияландыру офисі растайды 9. «Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ» КеАҚ
қатысуымен стартап-компания құру
ҒжКД
коммерцияландыру офисі растайды 10. Лицензиялық келісімшартшарт және
(немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми- техникалық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды беру туралы келісімшарт жасасу
ҒжКД
коммерцияландыру офисі растайды 11. Келісімшарттардың жасалуы және жүзеге
асуы:
- шет елдік ЖОО-серіктестермен және ғылыми ұйымдармен ғылыми-білім беру кластерлері бойынша біріккен зерттеулерді жүзеге асыру;
-ұлттық зерттеу институттары/зертханалары/
орталықтарымен жаһандық және аймақтық импактпен кластерлік біріккен жұмыстар бойынша.
ҒжКД жобаларды басқару секторы растайды
12. Жобаны басқару: гранттық қаржыландыру, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ҒҒТҚН коммерцияландыру, Халықаралық жоба немесе өтеулі негізде ғылыми және (немесе) талдамалық қызмет саласында қызметтер көрсетуге шарт жасасу арқылы бизнес пен өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық проблемаларын шешуде ҒЗЖ орындау.
Келісімшарт көшірмесі
Оқытушы-зерттеуші\зерттеуші __________________ (қолы), күні