ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Студенттер мен жас ғалымдардың
«Ғылым және білім - 2014»
атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ
СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ
IX Международной научной конференции студентов и молодых ученых
«Наука и образование - 2014»
PROCEEDINGS
of the IX International Scientific Conference for students and young scholars
«Science and education - 2014»
2014 жыл 11 сәуір
Астана
УДК 001(063) ББК 72
Ғ 96
Ғ 96
«Ғылым және білім – 2014» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІХ Халықаралық ғылыми конференциясы = ІХ Международная научная конференция студентов и молодых ученых «Наука и образование - 2014» = The IX International Scientific Conference for students and young scholars «Science and education - 2014».
– Астана: http://www.enu.kz/ru/nauka/nauka-i-obrazovanie/, 2014. – 5830 стр.
(қазақша, орысша, ағылшынша).
ISBN 978-9965-31-610-4
Жинаққа студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша баяндамалары енгізілген.
The proceedings are the papers of students, undergraduates, doctoral students and young researchers on topical issues of natural and technical sciences and humanities.
В сборник вошли доклады студентов, магистрантов, докторантов и молодых ученых по актуальным вопросам естественно-технических и гуманитарных наук.
УДК 001(063) ББК 72
ISBN 978-9965-31-610-4 © Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті, 2014
3114
УДК 004.65
ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫН ҚҦРУДА МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ҚОЛДАНУ Убаева Жанар Қартбайқызы
Батыс Қазақстан Инженерлік-Гуманитарлық Университетінің магистранты, Орал, Қазақстан Ғылыми жетекшісі - ф.-м.ғ.к., аға оқытушы Е. Қҧрманғалиев
Білім беру жҥйесін тҧтастай ақпараттандыру оның барлық компоненттеріне қатысты.
Білім беру жҥйесінің қҧрамдас компоненттерінің бірі – білімді бақылау жҥйесі. Бақылау жҧмысының кең тараған тҥрі – тест әдісі болып табылады. Тест білім алушының білімін, іскерлігі мен дағдысын тексеретін немесе оның білімінің белгілі бір сапалық қасиеті бар- жоғын тексеретін стандартталған тапсырмалар жиынтығы. Тестілеу әдісінің кеңінен таралуына, тестілеу нәтижелерін мейлінше тез және сапалы тҥрде ӛңдеп шығаруға компьютерлердің ҥлкен септігі тиері сӛзсіз. Оқыту программаларын тез әрі тиянақты қҧрастыруға мҥмкіндік беретін программалау жҥйесі оқу ҥрдісінде білімді бағалауда компьютерлерді кеңінен қолдануға жол ашады.
Сондықтан да компьютерді қолдану бақылауды ҧйымдастырудағы ең қолайлы әдіс болып табылады. Оқушылардың білім деңгейін арнайы тестілерді қолдану арқылы бақылауға болады. Сынақ әдісі арқылы адамның меңгерген білім деңгейі зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы тҥрде қорытындыланады. Қазіргі кҥнде компьютерлік тест әдісі кеңінен қолданылады. Жалпы, тест дегеніміз - ғылыми ӛлшемдер негізінде сыналған әр тҥрлі мақсатта педагогикалық ӛлшеулер жҥргізуге қолданылатын, қысқаша стандартталған, сынау уақыты шектелген тапсырмалар жиыны. Ондай стандартталған тапсырмалар сынақтан ӛтіп отырған адамның білімін, білім –білік дағдылары туралы белгілі бір деңгейде тексеруге мҥмкіндік береді. Басқа бақылау әдістерімен салыстырғанда тестілеу әдісі бойынша әлдеқайда шынайы нәтижелер алуға болады. Себебі тестілеу нәтижесі сандық бағдарланып бекітілген тҧрақтылармен салыстырылады. Бҧл әдіс бақылау нәтижелерін объективті тҥрде әрі сенімді әрі сәйкестендірілген кҥйде ӛлшеп, анықтауға мҥмкіндік береді [1].
Тестілеу қиын жҥйенің ашық кӛрсетілген белгілеріне ие. Тестілеу – қҧрылымдық жҥйеге сәйкестендірілген қысқа сҧрақтар мен тапсырмалар жҥйесі, жауап іздеуді уақыт бойынша шектеу және оқушылардың сандық әрі сапалық жеке айырмашылығын белгілеуге, оқушы мен оқытушы жетістігін айқындайтын жҥйе. Тестілеу сынақтамалық тапсырмалардан тҧрады – оқулық сҧрақтары, міндеттер, мәселелік жағдайлар.
Тестілеу әдісінің кеңінен таралуына, тестілеу нәтижелерін мейлінше тез және сапалы тҥрде ӛңдеп шығаруға компьютерлердің ҥлкен септігі тиері сӛзсіз.
Тестілеуде компьютерді қолдану оқушылардың білім деңгейін сырттан бақылауды, олардың ӛзін-ӛзі бақылауын қамтамасыз ету мақсатында қолданылады және бҧл технология оқушы жауабын таңдау принципіне немесе ӛте қысқа да нҧсқа жауаптар алу принципіне негізделген[2].
Қазіргі компьютерлік қҧралдар мҧғалім мен оқушының шығармашылықпен еңбек етуіне жаңа мҥмкіндіктер береді, олар оқушылардың ӛзіндік жҧмыстарын тиімді ҧйымдастыруға ықпал етеді. Оқыту программаларын тез әрі тиянақты қҧрастыруға мҥмкіндік беретін программалау жҥйесі оқу ҥрдісінде, оқушылардың білімін бағалауда компьютерлерді кеңінен қолдануға жол ашады.
Қазіргі уақытта компьютерлік тесттердің жасалуына және оқу процесінде оның қолданылуына кӛп кӛңіл бӛлінеді. Оқу процесі кҥрделі жҥйе ретінде тӛрт қҧрамдас бӛлімді қамтиды: оқу жоспары, курс мазмҧны және қҧрылымы, оқыту ортасы (педагог, оқыту технологиясы және қҧралы) және білім беру процесін бақылау. Алғашқы екі бӛлім пән бойынша білімнің педагогикалық моделін бейнелейді.
Компьютерлік тесттің негізгі ҧғымдары:
3115
Тестілеу – бҧл білімнің жеке және педагогикалық модельдерінің сәйкестігін бағалау процесі.
Тестілеудің негізгі мақсаты – осы модельдердің ӛзара ҥйлеспеушілігін және олардың ҥйлеспеу деңгейінің бағасын табу. Тестілеу тестік тапсырмалардың белгілі бір жиынынан тҧратын арнайы тесттердің кӛмегімен жҥргізіледі.
Тестік тапсырма – бҧл біркелкі анықталатын жауапты және әрекеттердің белгілі бір алгоритмінің орындалуын талап ететін нақты пәндік облыс бойынша анық және тҥсінікті тапсырмалар.
Тест – оқушы білімінің пән білімінің эксперттік моделімен сәйкестігін бағалауды мҥмкін ететін, ӛзара байланысты тестік тапсырмалардың жиынтығы.
Эквиваленттілік класы – оқушылардың біреуін орындауы басқаларының да орындалуына кепілдік беретін кӛп тестік тапсырмалар.
Тесттік кеңістік – білім моделінің барлық модулі бойынша әртҥрлі кӛптеген тесттік тапсырмалар.
Толық тест – кӛлемі және уақыты бойынша оптимальды толық тест.
Бақылау бойынша эксперттің ең кҥрделі міндеті – білімнің жеке моделі мен педагогикалық моделінің ҥйлесу немесе ҥйлеспеу деңгейін максимальды обьективті бағалауды болдыратын тесттік тапсырмаларды дайындау[3].
Қазіргі кезде тестілеу жҥйелерінде кӛптеген әмбебап арнайы бағдарламалар қолданылады. Тестілеу бағдарламаларының ішінде мәліметтер қоры мен Web технологияларды қолданып жасалынған бағдарламалардың практикалық қҧндылығы жоғары болатындығы белгілі.
Осыған орай біз қҧрған қосымшада MySQL мәліметтер қорын қолданып, PHP тілінде әмбебап тестілеу жҥйесінің бағдарламасы қҧрылған. Қолданбалы бағдарламалық ӛнім PHP- MySQL технологиясы арқылы жасалған клиент-серверлі Web қосымша. Web қосымша Denwer ортасында жасалған. Бағдарламаның басты ерекшелігі бір мезгілде бірнеше адам тест тапсыра алады, яғни клиент-сервер технологиясына негізделген.
Қҧрылған мәліметтер қоры «Sinak» деп сақталған және олар ӛзара байланысқан 6 кестеден тҧрады: top, student, pan, surak, sinak, natizhe. Кестелер арасындағы байланыс схемасының диаграммасы тӛмендегідей:
1-сурет. Мәліметтер қорының диаграммасы
Қосымшада әрбір пән бойынша тест сҧрақтарының базасы, тест тапсырған студенттердің аты-жӛні, факультеті, курсы, мамандығы, жинаған балдары сервердегі мәліметтер қорында сақталады.
Бағдарлама клиенттік және администраторлық (серверлік) бӛлімдерден тҧрады.
Бағдарламаның клиенттік бӛлімі тест тапсырушы студентке арналған. Тест тапсыру ҥшін,
3116
браузерді қосып, адрестік жолдан http://localhost/sinak адресін теріп, жҥктеу керек.
Бағдарламаның басты беті экранға жҥктеледі.
2-сурет. Бағдарламаның басты беті
Тест тапсырып болған әрбір студенттің нәтижесі серверге жазылады және сол адамның клиенттік компьютеріне де шығады. Тест нәтижесінің серверге жазылуы кейін нәтижелерді ведомость тҥрінде жинақтауға мҥмкіндік береді. Тест сҧрақтарының базасы клиенттік компьютерге сервердегі мәліметтер қорынан жҥктеледі. Тест сҧрақтарының базадан таңдалу реті және тест жауаптары нҧсқаларының қҧбылмалы ӛзгеруі «кездейсоқ сандар генераторы»
принципімен жҥзеге асырылады. Бҧл тестілеу процесінің объективті ӛтуіне септігін тигізеді.
Бағдарламаның администраторлық бӛлімі оқытушыға арналған. Ол мәліметтер қорына ӛзгеріс енгізу қҧқығына иә. Бағдарламаның администраторлық бӛлігіне кіру ҥшін http://localhost/sinak/administrator жолын теру керек.
3-сурет. Админстраторлық бӛлімге кіру парағы Админстраторлық бӛлім phpMyAdmin утилитасы арқылы басқарылады.
4-сурет. Мәліметтер қорының кестелері
3117
Мҧнда бағдарламада қолданылатын кестелер мазмҧны кӛрсетілген. Әр кестенің мазмҧнын ашып сәйкес мәліметтерді ӛзгертуге болады: тест сҧрақтарын базаға жҥктеу (surak кестесі), студенттер туралы мәліметтер (student кестесі), пән туралы мәліметтер (pan кестесі), топ туралы мәліметтер (top кестесі), сынақ туралы мәліметтер (sinak кестесі), тест нәтижелері туралы мәліметтер (natizhe кестесі).
Жалпы, бағдарламаның администраторлық бӛлімінде тест сҧрақтарын базаға енгізіп- жоюға, ӛзгертіп-редакциялауға болады. Тест тапсырған топ студенттерінің нәтижесін ведомость тҥрінде шығаруға болады. Ал клиенттік бӛлім тест тапсырушы студентке арналған. Қолданбалы бағдарламаны жоғары оқу орындарында студенттерден рейтинг, емтихан қабылдауға қолдануға болады.
Мақаламызды қортындылай келе, тестілеу жҥйесін қҧруда мәліметтер қорын қолдану барлық жағынан тиімді болатынына кӛз жеткіздік.
Қолданылған әдебиет
1. Тантыбаева Б. С. Тест сҧрақтарын жоғары оқу орнына оқушыларды әзірлеуде және студенттерге дәріс беруде қолданудың тиімді жолдары. «Тестілеу және рейтинг:
Студенттердің білім сапасын кешенді бағалауды жҥзеге асыру жолдары» Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар материалдары. Алматы. 1996.
2. Кузнецов М.В., Симдянов И.В. PHP 5/6. – CПб.: БХВ-Петербург, 2010. – 1024 с.
3. Тантыбаева Б. С. Тест сҧрақтарын жоғары оқу орнына оқушыларды әзірлеуде және студенттерге дәріс беруде қолданудың тиімді жолдары. «Тестілеу және рейтинг:
Студенттердің білім сапасын кешенді бағалауды жҥзеге асыру жолдары» Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар материалдары. Алматы. 2012 ж.
УДК 004.65
ADO.NET ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ «ТОП СТУДЕНТТЕРІ»
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ҚҦРУ Убаев Жигер Қартбайҧлы
Батыс Қазақстан Инженерлік-Гуманитарлық Университетінің магистранты, Орал, Қазақстан Ғылыми жетекшісі - ф.-м.ғ.к., аға оқытушы Е. Қҧрманғалиев
Мәліметтер қорының пайда болуы программалық қамтамасыз ету саласында ең қҧнды жетістіктердің бірі болды. Деректер базасын ҧйымдастыру және пайдалану бағдарламалау технологиясын байытып, бағдарламалау кәсібіне деген кызығушылықтың артуына әсерін тигізді. Деректер қорынсыз қазіргі барлық қаржылық, ӛнеркәсіптік, кӛпшілікке қызмет кӛрсететін ҧйымдардың жҧмысын ҧйымдастыру және басқару қиын десе де болады. Әрбір мекеменің ӛзіндік мәліметтер қоры болады. Мәліметтер қоры қолданушы ҥшін ақпаратпен жҧмыс істеуге мҥмкіндік беретін бағдарлама. Әдетте мҧндай бағдарламаны қосқанда экранда ақпараттар енгізілген кесте пайда болады, қолданушы бҧл кестеден ӛзіне керекті мәліметті ала алады. Егер бағдарламаның мҥмкіндігі кең болса, онда тҧтынушы жаңа ақпараттарды енгізеді немесе керегі жоқ ақпараттарды ӛшіре алады. Ал, бағдарламашы ҥшін мәліметтер қоры – ақпараттар бар файлдар жиыны. Мәліметтер қорын тҧтынушы ҥшін қҧрғанда, бағдарламашы ақпарат файлымен жҧмыс істеуге мҥмкіндік беретін бағдарлама қҧрады. Мәліметтер қорының мҥмкіншілігі ӛте жоғары. Мәліметтер қорынан мәліметті оқып алуға, сҧраныс жасауға, жаңадан мәлімет қосуға болады. Мысалы, орта және жоғары оқу орындарында, банкте, сауда орталықтарында және т.б мекемелерде мәліметтер қоры қолданылады. МҚ-ның кӛмегімен тҧтынушы ӛзіне қажетті ақпараттарды тез және жеңіл таба алады. Мәліметтер қорын жобалауда қолданылатын қазіргі заман талаптарын