ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КӚҢІЛ-КҤЙ ЕТІСТІКТЕРІ Амандықов О.
2-курс студенті
Ғылыми жетекшісі:ф.ғ.д., доцент Г.О. Сыздықова
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы Қазақ тіл білімінде етістіктің лексика-семантикалық топтары жайында Н.Т.Сауранбаев, Ы.Е.Маманов. А.С.Аманжолов, Ә. Болғанбаев, М.Оразов, А.Ысқақов, Н.Оралбай, А. Қалыбаева т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан- жақты қарастырылады.
Қазақ тілінде етістіктерді мағыналық жағынан топтастыруда түрліше кӛзқарастар бар. Мәселен, «Қазіргі қазақ тілі» (1962) атты еңбекте етістіктер мағынасына қарай тӛмендегідей жеті топқа жіктелген:
1. Қимыл-әрекет мәнді етістіктер(қаз, байла, ақта);
2. Қимыл объектісі белгісіз мәнді етістіктер(жүгір, жығыл, қозғал);
3. Қалып-күйі етістікттері(тыңда, аңда, жыла );
4. Дерексіз мәнді етістіктер(ұйымдастыр, құрастыр, баянда, көбейт);
5. Еліктеуіш мәнді етістіктер(қаңқылда, гүрілде, шырылда);
6. Қалыптасу мәнді етістіктер(қоздады, боталады, өс, үлкею);
7. Көмекшілік қызмет мәніндегі етістіктер(еді, емес, де, деп) т.б.[1]
Ал ғалым Ы.Е. Маманов: «етістіктерді мағыналық ерекшеліктеріне қарай топтастырып бӛлу ӛте қиын, тіптен мүмкін де емес, дегенмен оларды мағынасы жағынан басты ерекшеліктеріне қарай мынадай бірнеше топқа бӛлуге болады» деп 8 топқа бӛлген:1) Іс-әрекеттік қимылды білдіретін етістіктер:жазу, сызу, көтеру, шашу т.б;2) Қозғалыс қимылын білдіретін етісіктер: еңбектену, домалау, қозғалу т.б.;3) Қалып-күй процесін білдіретін етістіктер: ауыру, ұйықтау, тұру, тынығу т.б.;4) Көңіл-күйін білдіретін етістіктер: қайғыру, ренжу, қызғану, ашулану т.б,;5) Сапалық белгінің өзгеру процесін білдіретін етістіктер: ұзару, қысқару, сарғаю, жұқару т.б.; 6) Еліктеу, бейнелеу етістіктері: жымыңдау, қылмыңдау, гүрсілдеу, бұртию т.б.; 7) Туу, өсу қимылын білдіретін етістіктер: балалау, жұмыртқалау, күшіктеу, қоздау т.б.; 8) Субъективтік реңді етістіктер.
Бұлар сөйлеушінің қимылға субъективтік қозқарасын көрсетеді: азсыну, көпсіну, ұлықсыну, білгішсіну т.б.[2]
Зерттеуші А.Хасенова да етістіктерді әр жақты қарап, түбір етістік дейтін межеге сыйғызуға келетін сӛздерді іс-әрекет, амал, қалып процесінің динамикасын білдіруі жағынан тӛмендегіше бірнеше лексика-семантикалық топқа жіктеп кӛрсеткен. Олар: 1) объектімен тікелей байланысты іс- әрекетті білдіретін етістіктер; 2) субъекті қозғалысын, беталысын, бағытын білдіретін етістіктер; 3) субъектінің қалып, сапалық өзгеру процесімен байланысты айтылатын етістіктер; 4) бейнелеу етістіктері;
5) ішкі объектілі салт етістіктер; 6) көмекші етістіктер.
Бұл топтастырулардың ішінде кӛңіл-күй етістіктері ғалымдар Ы.
Маманов, А.Османова т.б. ғалымдардың пікірлерінде жеке мағыналық топ ретінде қарастырылады. Етістіктердің лексико–грамматикалық топтары туралы еңбектердің кӛпшілігінде кӛңіл-күй етістіктері қалып-сапа етістіктерінің құрамында қаралады.
Кӛңіл–күй етістіктерінің семантикалық ерекшеліктеріне қарай мынадай кіші топтарға бӛлуге болады: 1)Таңдану; 2) қуану, шаттану;3) қайғыру; 4) ренжу, қапа болу т.б.
Бұл топқа жататын етістіктер адамның түрлі психологиялық күйіне, атап айтқанда, оқиғаларды ойша білу, кӛру, есту, бір нәрсенің дәмін тату, сезу тәрізді кӛру, сезім органдары арқылы қабылданатын амалдарды білдіреді.
Мысалы: қуану-шаттану-мәз болу, азаптану-қиналу, сену-нану, сескену- шошу-қорқу, қорқу-имену-қаймығу-жүрексіну, сезу-білу-түйсіну, көру- қарау-байқау т.б.
Кӛңіл-күй етістіктерінің қатарында сезіну, сезімді білдіру етістіктері де жалпы түркі тіл білімінде әлі де жан-жақты зерттеле қойған жоқ. Бұл орайда А.А. Юлдашевтің «Глаголы чувствительного восприятия в тюркских языках»
деген мақаласын ғана атап кӛрсетуге болады, бірақ автор бұл лексика- семантикалық топтың кӛлемін ӛте кең түсініп, эмоционалдық мәнді етістіктерді де (глаголы восприятия и внутреннего переживания) қосып, үндіеуропа тіл біліміндегі дәстүрді қолдайды. Ғалым А.А. Юлдашев барлық сезу етістіктерін емес, тек ӛте жиі қолданылатын, мағынасы жағынан жалпы сезіну мәнді білдіретін «сезу, көру, есту, таң қалу, ғашық болу, көңіл бөлу, ашулану» сияқты етістіктерді алып, оларды екі топқа бӛліп кӛрсетеді.
Сезімді білдіретін синонимдес етістіктер – мәндес етістіктердің ішіндегі ең кең мағыналық тобы. Ондай етістіктердің мағыналық қырлары контексте анық кӛрінеді. Мысалы: «тілеу-сұрау-өтіну» қатарындағы етістіктер «тілеу, сұрау, өтіну, жалбарыну, жалыну» мағынасында жұмсалса, сол қатардың ішінен «сұрау» сӛзі тілеу, талап ету мағынасында қолданылады. Ӛзара мәндес осы синонимдес етістіктермен белгілі бір заттарды тәртіппен қиюластырып, текшелеп, бірінің үстіне бірін жию мағынасын беретін
«қалау», ӛзіне ұнағанын сайлап алу деген ұғым білдіретін «таңдау» тәрізді етістіктер сайлап алу, тілеп алу, қалап алу, сұрап алу, талап ету тәрізді мағыналарында синонимдік қатар түзеді.
Ал енді бір жағдайда бұл сӛздер «қалау, талап ету» мағынасында қолданылып, «сұрау-тілеу-ӛтіну» сӛздерімен синонимдік қатар түзеді.
Мысалы: «Жігітек сҥйінші тілеп, кісі шаптырап жатты». «Ербол бұған бұрынғы тілегін қайта айтып: «Әйтеуір қай жерде тәжім ету керек, қай уақытта тымақты кӛзден алып, кең отыруға болады, бәрін ӛзің айтып бер! – деп өтініп тұр». «Барған сайын, Абай бойын кең салып, айтуға, шапшаң айтуға оңай тӛселіп барады. Ендігі айтысты ӛзі де тілегендей».
«Әбіш...Кӛп тіленіп сұрайды соны айтып, Мен шыдаймын есітіп мұны қайтып?» «...Ҥндеме, сұрап алам деп отыр деймісің? Кӛптің ішінен талғап кеп, әдей қалап тіледі» (М.Әуезов). Берілген сӛйлемдердегі «қалау,
тілеу» мәндес лексемалары бірін-бірі айқындап, адамның сол затқа деген сезімін, қызығушылығын айқындай түседі. Мысалы: «Таңдау ӛзіңде болсын, қалағаныңды ал, бірақ артынан бізге кінә қоймайтын бол, жарқыным.
Тоғжан Абайдың кетпеуін қалайды» (М.Әуезов). Бұл мысалдардағы мәндес сӛздер тілеу,қалау, сұрау мағынасында жұмсалынып отыр. Осындағы синонимдес етістіктердің мағыналары контекске байланысты анықталып тұр.
Осы сӛздердің әрқайсысын жеке алсақ, әйтеуір ӛзара синонимдес сӛздер екендігін байқаймыз. Бірақ олардың семантикалық ерекшеліктері контексте анықталады. Мәселен, түбірі бірдей ӛзара мәндес тілеп, тілегендей сӛздерінің контекстегі мағынасына үңіліп қарасақ, «тілеп– сұрап–өтініп»
мағынасынан гӛрі, «тілегендей» сӛзінде қалау мағынасының басымдылығы аңғарылады. Оны аффикстен, контекстен айыруға болады. Бұдан сӛз мағынасын айыруда, яғни қай мағынада қолданылып тұрғанын анықтауда контекстің рӛлі ерекше айқындалады.
Сезім арқылы қабылдау жеке сӛздермен бірге фразеологиялық тіркестерде де кездеседі. Мысалы, «көңілге ауыр алу» деген тіркес ӛкпелеу деген мағынаны білдіреді. «Ауыз тию» тіркесі дәм тату, тамақ ішу т.б.
дегенді де білдіре алады. Мысалы: «Тек шай-пай ауыз тисек болды. Енді дәмді де татпағаны ма шіркіндердің» дегендегі «ауыз тию, дәм тату»
белгілі тұрақталған тіркестер. Мұндағы атау тұлғадағы «дәм» сӛзі «ас»
дегенді ғана білдірсе, «дәм татты» деген тұрақты сӛз тіркесінен айқындала түсіп, «жеу, ішу» мағынасы осы екі сӛздің ортақ тіркесінен келіп шығады.
Кӛңіл-күйді білдіретін кейбір сӛздер әдеттегіше жалпы қолданылатын мағыналарымен бірге, сол кӛңіл-күйді құбылту арқылы тигізетін әсері жағынан ерекшеленіп, семантикалық тұрғыдан да ӛзгешеленеді. Бір синонимдік қатардағы сӛздердің ӛзі бір-бірінен мағыналық реңктері арқылы ерекшеленеді. Мысалы: жылау–еңіреу–боздау–өкіру–зарлау–егілу деген синонимдес етістіктер адамның кӛңіл-күйінің ӛзгеруіне лайық сыртқы әсер жағынан, әрине, бірдей емес, ӛйткені олардың ішінде реніш білдіру, мұңын шағу, шерін тарқату, қайғыны шығару сияқтылар кӛзден жас ағуды әртүрлі дәрежеде білдіреді. Бұларды бір-біріне жақындастырып, бір топқа біріктіріп тұрған мағыналық жақындық екені анық байқалады. Бірақ сӛздердің түр- тұрпаты бірдей болмайтындығы сияқты, олардың мағыналарының да адамның кӛңіл-күйіне ететін әсерлері біркелкі болмайды. Мәселен, «Бала жылайды, шешелер ұрысады». «Әйелдердің бәрі үнсіз жылап, аһұрып, күрсініп отыр» дегендегі баланың жылауына қарағанда, әрине, әйелдердің жылағаны әрі әсерлі, әрі аянышты. Ӛйткені баланың жылауы жай реніштен, кӛңіл толмаудан ғана уақытша пайда болған кӛңілсіздік болса, ал, әйелдердің я үлкен кісілердің белгілі бір оқиғадан, тосыннан жылауы тіптен басқаша әсер етеді, ендеше жылаудың алуан түрлі сыры, сипаты, «мағыналары»
барлығы аңғарылады. Мысалы: «Қалың ел болып, зар еңіреп улап–шулады».
«Түн аспанын қақ жарып шулап, боздап, зарлап жатқан қыз–қатын, ер–
азамат жаққа қол нұсқады.». «Тап орта тұста басына желек жамылған Бөжейдің бәйбішесі аңырап отыр». «Мәкен қазір Дәрмен құшағын алған
шақта ыстық жастар төгіп үнсіз егіліп жылады». Осылардағы жылаулардың бәрі бірдей емес, біреу кӛзге жас алып, дыбыс шығармай жай ғана ренжиді, енді біреу дауыс шығарып қатты жылайды. Ал «боздау» – зарлап жылауды, қатты, аңырап, қайғырып жылауды аңғартады. «Аңырау, азынау» сӛздерінің мағыналарында да стильдік реңктер бар, жылаудың бұл түрінен дӛрекірек сезіледі. Осы сӛздердің бір–бірінен әртүрлі мағыналық айырмашылықтары байқалады, яғни бір синонимдес қатарға я ұяға жататын сӛздердің біреуіне сыйған мағыналық реңк басқаларына сыймауы мүмкін, бір сӛздің мағынасынан екіншісінің мағынасы сәл тар, я сәл кең болып келгендіктен, олар бір-бірінен мәні жағынан ерекшеленіп отырады. Мысалы:
«күлу–жымию–жарқылдау–жартыңдау–күлімсіреу–жымыңдау» сӛздері семантикасы жағынан бір ұяға жатады, бірақ олар мәні, реңі жағынан бірдей емес, бірі екіншісінен, екіншісі үшіншісінен кең т.б.. Ӛйткені «күлу»
дегеннен контекске қарап қарқылдап, сылқылдап, болмаса ыржақтап, селкілдеп, әлде рахатқа батып, назданып күлгенді бағдарласақ, «жымию»
дегеннен күлкінің сәл ғана нышанын байқаймыз. Сӛйтіп, «күлу» деген сӛзден жоғарыда айтылған кӛңіл-күйдің бәрін түсінуге я аңғаруға болады.
Бұдан күлкінің мағынасы, сол ұяға жататын сӛздердің қайсысынан болса да кең екендігі байқалады. Демек, «күлу» дегенде қуану да, шаттану да, езу тартып, жымию да бар. «Жымию» дегеніміз ақырын езу тартып, жылы шырай білдіріп күлу де болуы мүмкін. «Езу тарту» –күлімсірей салу, жымиып ақырын ғана күлу болуы да мүмкін. «Ыржию» –жай ғана езу тарту,
«жарқылдау» –жырқ-жырқ етіп, әлсін-әлсін күле беру. «Жыртыңдау» - орынсыз ыржақтап күлу. Бұдан жоғарыдағы бір қатарға енетін сӛздердің бір- бірінен семантикалық ӛзгешеліктері, стильдік айырмашылықтары бары байқалады, оны автордың кейіпкерлерін сӛйлетуіне байланысты сӛздің жағымды, жағымсыз мағынада жұмсалуынан да, осы сӛздердің эмоционалдық мәнінен де аңғарылады. Осыған орай, күлу–жымию–езу тарту жағымды, ыржию–жарқылдау жағымсыз мағынада қолданылады.
Мұндай экспресссивтік мән контекстегі сӛздің айтылуына байланысты айтушының құбылысқа қалай қарауы жӛніндегі кӛңіл–күйін, жағымды- жағымсыз бағасын кӛрсетеді. Ондай психологиялық сезіммен ұштасып жататын қосымша мән сӛздің негізгі лексикалық мағынасына қабаттаса үстемеленіп жатады.
Жалпы сезімді белдіретін етістіктер – кӛңіл-күйге әсер ететін психологиялық құбылыс. Кӛңіл-күйді білдіретін синонимдес етістіктерді басқа топтардан бӛліп алып, ӛз алдына жеке қарауға болатын тірек олардың ӛздеріне тән мағыналары және кӛңіл-күйдің құбылуына байланысты іштей сезілетін процестердің нәзіктігі, оның кӛңіл-күйге әсері болып табылады.
Пайдаланылған әдебиет
1. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы,1962.
2. Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. –Алматы: Арыс, 2007.
3. Хасенова А.Х. Етістіктердің лексика-семантикалық топтары//Қазақ тілі грамматикасы. Морфология. –Алматы,1967.
4. Османова А. Синонимдес етістіктердің семантика-стилистикалық қызметі. –Алматы: Ғылым,1991.
5. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің синонимдер сӛздігі. –Алматы: Мектеп, 1975.