• Tidak ada hasil yang ditemukan

PDF www.enu

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "PDF www.enu"

Copied!
3
0
0

Teks penuh

(1)

http://www.enu.kz ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ

ЖАҒДАЙЫ

Иргебаева Н.М.

Абай атындағы ҚазҰПУ http://www.enu.kz

Мемлекеттің басты байлығы интеллектуалды, яғни ойлы, ақылды, түрлі кедергілерді барынша ешкімнің дамуына кедергі келтірмейтіндей етіп шешуге мүмкіндігі бар азаматтары.Интеллектуалды ұлт деп танылудағы басты құрылымдардың бір саласы рухани бағытта жүйелі жұмыс атқарып отырған білім беру ұйымдары. Білім беру ұйымдарында білім алу арқылы жастардың рухани байлығының молайып, саясат, экономика, әлеуметтік мәселелерді аңғару, әлемдік аренадағы мемлекеттің бет бейнесі туралы түсніктер, яғни дүниетану кӛкжиегі кеңейеді. Жоғары оқу орнында оқу уақыты жастық шақтың екінші кезеңімен және ержету шағының бірінші кезеңіне сәйкес келеді. Бұл кезеңде жеке бой сызықтарының ( бұл процесс Ананьев Б. Г., Дмитриев А. В. Кон И. С. Лисовский Т. И. және басқалардың жұмыстарында талданған) дамуының күрделілігімен ерекшеленеді/1,/. Тұлғаның ӛнегелі дамуының сипатты белгісі мінез – құлықтың қалыптасуына әсер ететін себептердің кӛптігі. Бұл кезеңде білім алушылардыңтәуекелшілдігіне мотивінің үнемі сәйкес келе бермеуі, ӛзінің жасаған ісін алдын ала болжап кӛре алмауы басым болатыны, яғни албыртығы байқалады.

Әлемнің екінші ұстазы әл-Фарабидің мәнін жоймаған: «Адамның дене мүшелері хақында», «Аристотель мен Галенге қарсы айтылған дау хақында», «Аристотель мен Галеннің арасындағы дәнекер», «Түс кӛру туралы сӛз»т.б.трактаттарындамедициналық психологиянының кейбір жақтары талданған.әл-Фараби: адам нәтижелі еңбек етіп, дұрыс дем алып, жақсы ӛмір сүру үшін тән саулығына ерекше назар аудару қажеттігі, «тәнді емдеуӛмірді ұзартатын болса, жанды емдеу онан да жақсы нәтижеге жеткізуі тиіс» деп,организмнің физиологиялық әрекетіне тәннің, дененің жеке мүшелерінің атқаратын қызметіне, әсіресе жүйке саласының әрекетіне ерекше мән берген. Ол тән мен жанның әрекеті үшін аяқ пен қолдын, бірлескен қызметін айтумен қатар бүкіл организмді басқаруда жүрек негізгі рӛл атқарады, тіпті жан қуаттарының жұмысына да жүрек басшылық етеді дейді. Оның пікірінше, жүрек тіршілік атаулының, денсаулықтың, ӛмір сүрудің негізгі арқауы/2,23б./.

Ғылымда студент ерекшеліктерінің психологиялық, биологиялық, әлеуметтік жақтары қарастырылады. В.Т. Лисовскийдің пікірі бойынша студент: оқуға, ғылымға, мамандыққа;

қоғамдық-саяси істерге (белсенді ӛмірлік ұстанымға);мәдениетке (жоғары руханилыққа); ұжымға (қарым-қатынас жасауға) бағыттылық бойыншасипатталады /3, /. И.А. Зимняя студентте білімнің жоғары деңгейі;жоғары деңгейдегі танымдық мотивация; жоғары деңгейдегі әлеуметтік белсенділік;зияттылық және әлеуметтік кемелденудің үйлесімібайқалатынын жазады /4, /.

Ғылыми зерттеулерде студенттік шақтағы жаңа құрылымдарға мынадай сапалар жатқызылған: Ересектік сезімінің артуы; Ерік– жігердің дамуы; іс–әрекетінде рефлексияға қабілетің артуы; Логикалық ойлауға мән беру; Іс –әрекетінде бейнелік ес– сапаларының қарқынды кӛрінісі; Ақыл– ой әрекетінің жеке дара мәнді сипатының артуы; «Мен» тұжырымдамасының мәнінің артуы; Конформдық мінезге мән беріп, оны ӛз әрекетінде қолдануға мән беру.

Перцепцияға ұмтылыстың басымдығы: Ӛмірдің мағнасын түсінуге талпынысы; Ғылыми ізденіске талпыну; Эмпатия/5,51б/.Әрине, сапалар тізбегі бұдан да кӛп.

(2)

http://www.enu.kz Студентік шақта қарым– қатынастағы эмпатияға ерекше мән беріледі. М.Гаурон эмпатияны ӛз зерттеулерінде: «Басқаларды бейнелеу, түсіну процесіндеді когнитивтік қатынас;

Субектінің эмпатия обектісінің күйзелісін сезінуі, күйзелісті ӛз болмысынан ӛткізудегі эмоциялық қалпы; Субекттің басқаның эмоциялық тәжірибесіне тікелей қатысудағы жігерінің кӛрінісі» деп қарастырады. Ал, В.В.Бойко эмпатияның басты компонентінің критериіне қарай мынадай түрлерге бӛледі: «Басқа адамға қатысын, кӛңілін білдіру ол туралы ақпаратты интенсивті ӛңдеу арқылы іске асатын рационалды эмпатия. Эмоциялық эмпатия, эмоциялық тәжірибе арқылы болатын басқа адамның жағдайын бейнелеу процесі. Интуитивтік эмпатия серіктесі туралы ақпаратты бейсаналық деңгейде талдайтын басқаның интуициясын бейнелеу сапасы»/6, 21 б/.

Эмпатия барлық адамға тән сапалардың бірі болғанымен адамның жай күйін, күйзелісін сезіну, оған қолдау кӛрсетуге қазақ халқы ерекше мән берген,оны кісіліктің, адмшылықтың белгісі деп есептеген. Студенттік шақ жастардың ӛз ісіне ерекше мән беріп, ойы мен бойын түзеудегі барынша кемел кезі. Студенттің ӛзіне ӛзі талап қойып, ӛз ортасындағы орны мен беделін, кӛшбасшылық сапаларын саралап, ӛмірде ӛз қабілетіне қарай орнын табуға ұмтылудың мәнінің артатын кезі. Ол студенттің осы уақытқа дейінгі жинаған ӛмір тәжірибесі мен алған білімінің, ӛскен ортасының және алдына қойған мақсатының нақтылығына, сезімталдығына,ерік–

жігеріне де байланысты. Осының бәрі студенттің денсаулығына байланысты.2012 жылғы 26 желтоқсандағы«Қазақстан-2050» стратегиялық жолдауда Н.Назарбаев «Ұлт денсаулығы біздің келешек жетістігіміздің негізі» деп кӛрсетті /7/.

Денсаулықтың басты кӛрсеткіштері қан айналымының дұрыс жұмысы мен байланысты организм иммунитетінің күшінде. Бұл жүйке жүйесінің қызметіне ықпал етеді.Жүйке жүйесі организмнің түрлі жағдайда қызметін сақтап қалу үшін үнемі әрекетте,қозуда болады.

Адамың денсаулығына кері әсер ететін жағдайлар: Қалыптасқан күн режимінің болмауы;

Тамақтанудағы кездейсоқтық,немесе мүлде уақыттың болмауы; Түрлі еліктіргіш заттарға құмарлану, салыну; Дененің суық алдыруы (жас кезде білінбегенімен, ұлғая келе бәрінің де әсері байқалады, ӛмірде із түзсіз жоғалатын ешнәрсе болмайды); Ӛмірдегі сан алуан стрестер. Әрине, стрессіз ӛмір жоқ. Бірақ әр адамның стрестің мәні мен мазмұнына қарай әсерленуі әр түрлі сатыда,түрлі мағанада жүруінде.Білім алу инемен құдық қазғандай деген сӛздің мәні ой жұмысының, білім алу процесінің күрделігін білдіреді Бірлескен танымдық іс- әрекетте оқытушы мен білім алушылардыңмотивациялық-фондық, интеллектуалдық - танымдық, эмоциялық-еріктік және коммуникативтік - мінез- құлықтық ерекшеліктері дамып, реттеліп, бақыланады. Соның негізінде тұлға психологиясы бейімделіп, тұрақталып, ӛзгеріп отырады.

Білім беру саласында қызмет істейтін ғалым педагогтардан талап етілетіні-педагогтік этиканы сақтау, оқытушының дара тұлғалық сапаларының үлгі алуға лайықты болуы.

Ӛкінішке қарай билік қолына тигеннен кейін білім алушыға қалай сӛйлесе де ӛзінікін орынды деп есептеу, іс- әрекетіне мән бермеу, ӛзі жеткен биікке одан басқа ешкім жетпейтіндей сезіну иллюзиясы басым болатын жағдайлар ұшырасып жатады.Оқытушылар арасында оқытушының қабілетіне, қарым- қатынас мінез-құлқына, қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін әрекеттер жиі кездеседі. Оқытушы білім алушыларға ақталып, немесе ӛзін ӛзі мақтап жақсы болмайды. Барлық ӛлшем оның іс- әрекеті,қарым-қатынастағы мінез- құлқы, ішкі мәдениеті, басқаны ӛзіндей деп, немесе ӛзінен де жоғары бағалай білуінде.Оқытушының жеке тұлғасы, даралық ерекшеліктері білім алушылар үшін референт деңгейіне жеткенде ғана оқытушыға деген құрмет, оны силау, ұстазым деп санау шынайы мәнінде болады.

«Дені саудың жаны сау», «Жақсы сӛз жарым ырыс» деген халықтың дана мақалдары мен философиялық тұжырымдары білім алушыға да, оқытушыға да әс- ірекетінде ӛзін- ӛзі реттеуші,

(3)

http://www.enu.kz бақылаушы ӛлшем болуы психологиялық денсаулықты мейірім арқылы сақтаудың таптырмас жолдарының біріжәне шарты болып табылады. Бірлескен танымдық іс-әрекеттегі мақсатқа жетудегі әрекетті реттейтін ақылдылық, саналылық. Бұл жұмыстардың жолға қойылуы білім беру ұйымдарындағы психологиялық кеңес беру жұмысын ғылыми негізде жүйелі іске асыру.

Әдебиет

1. Смирнов Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности - М.:Издательский центр «Академия»,2003

2. Жарикбаев К.Б. Психологическая наука в Казахстане (история и этапы развития в ХХ в.) Алматы, 2002

3. ЛисовскийВ.Т. Личность студента – М., 1990.

4. Зимняя И.А. Педагогическая психология М.: «Логос» 2005

5. Педагогика и психология высшей школы /Отв. ред. М.В. Буланова-Топоркова. – М., 2002.

6. БойкоВ.В. Энергия эмоции в общении-www.koob.ru/boyko_v_v/energiya_emociy_boyko

Referensi

Dokumen terkait

Ғалым эколог И.Д.Зверовтың пікірінше, экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты мен мәні – қоршаған ортамен, табиғатпен қарым-қатынастың барлық түрлерінде оқушылардың