• Tidak ada hasil yang ditemukan

View of The history of researching ceramic products of the medieval settlement Kastek

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "View of The history of researching ceramic products of the medieval settlement Kastek"

Copied!
17
0
0

Teks penuh

(1)

Ортағасырлық Қастек қаласы керамикасының зерттелу тарихы

Абылай К. Төлегенова Сакен З. Раздыковб

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Корреспонденция үшін автор E-mail:

а[email protected]

б[email protected]

аhttps://orcid.org/0000-0003-4096-4739

бhttps://orcid.org/0000-0002-8992-4191 DOI: 10.32523/2616-7255-2022-138-1-109-125

Аңдатпа. Мақалада Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қастек ауылынан 2,5 км оңтүстікке Суық төбе тауының етегінде орналасқан ортағасырлық Қастек қаласы- на жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының кезеңдері мен табылған қыш бұй- ымдардың зерттелу тарихы қарастырылып, ғылыми айналымға енгізіледі. Ортағасы- рлық қала аумағына қазба жұмыстары кешенді түрде 2011 жылдан бастап 2020 жылға дейін жүргізілді. Жыл сайын жүргізілген қазба жұмыстары барысында көптеген қыш бұйымдардың түрлері табылып, сол арқылы ортағасырлық қаланың қыр-сыры ашылды.

Қыш бұйымдар ортағасырлық қалалар мен қоныстардың мәдени қабатын мерзімдеу- дегі басты дерек болып табылады. Сонымен қатар, қыш бұйымдар жасау өндірісі мен оның өнімі қолөнер кәсібінің жоғары шеберлігін анықтайды. Табылған қыш бұйымдар 2 кезең бойынша: VII–Х ғасырдың басы; X–XIII ғасырдың басы болып анықталады. Қыш бұйымдарды дайындауда жергілікті шикізат – табиғи қоспалар (саз, дала шпаттары, кварц) қолданылған. Ортағасырлық Қастек қаласынан табылған қыш бұйымдар жиын- тығы өте жақсы сақталғандықтан, оларды топтауға, пайдалану ерекшеліктеріне бай- ланысты жіктеуге, түрлері мен пішіндерге бөлуге мүмкіндік береді.

Жинақталған қыш бұйымдар тобын зерттеуде салыстармалы-талдау әдісін қолдану зерттеу мақаласының мақсатына жетуге мүмкіндік береді. Жалпы ортағасырлық Қастек қаласының керамикасына байланысты кешенді зерттеу жұмысын жүргізген археолог А.А. Нұржанов болып табылады. Зерттеу жұмыстарының жүргізілгеніне 10 жылдан астам уақыт болса да қаладан табылған керамикаларға байланысты көптеген ғылыми мақалалар жарық көрді. Осы ғылыми мақалалардағы керамикаларға қатысты мәліметтер аталған зерттеу мақаласына арқау болып, оның зерттелу деңгейі мен си- паттық жағдайы талқыланып отыр. Қыш бұйымдар қалаларды зерттеудегі көптеген сұрақтарға жауап беретін бірден бір дереккөз болып табылады. Сол себепті, қыш бұй- ымдарды зерттеу өте маңызды және өзекті мәселе болып қала бермек. Ортағасырлық Қастек қаласына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының барысы, табылған қыш бұйымдардың түрлері мен суреті оқырмандарға ұсынылып отыр.

Түйін сөздер: Орта ғасыр; Қастек; археология; керамика; қазба; сауда; қолөнер; оғыздар;

қарлұқтар; Нұржанов.

(2)

1. Кіріспе.

Зерттеу жұмысы жүргізілген ортағасырлық Қастек қаласы – Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қастек ауылынан 2,5 км солтүстікке қарай Жетіжол тау жотасының етегіндегі Суық Төбе тауының төменді бөлігінде орналасқан. Географиялық координаты: С.Ш.

43.082784; В.Д. 75.9855098 [1, 119 б.]. Алматы қаласына ең жақын орналасқан ортағасырлық қала болып табылады (Алматы қаласынан 90 км қашықтықта).

Қаланың географиялық орналасуы бойынша шаруашылық жүргізуге әрі саяси байланыстар жасауға өте қолайлы болған. Шаруашылықтың дамығандығын қала аумағындағы ирригациялық және жер телімдерінің орналасуы бойынша білуге болады. Қаланың жоғарғы жағында орналасқан Қастек асуы арқылы Шу алқабына жетуге болады [2].

Қаланың орталық бөлігі жер бетінен биік, төртбұрышты формада орналасқан. Қаланың жалпы аумағы – 5 га. С-О – 210 м, Ш-Б – 150 м.

Қала аумағы биіктігі 4 м бекініспен қоршалған.

Қаланы төрт жағынан 14 ірі мұнара қоршап жатыр: солтүстік және оңтүстік жағында – 6, шығыс бөлігінде – 3, ал батыс бөлігінде – 5 мұнараның орна сақталған [3, 48 б.].

Мұнараның барлығы дерлік бұзылған, олар жер бетінде көрініп жатыр. Қаланың

қазба жұмыстары жүргізілетін бөлігі биік, жер бетінен біршама анық көрініп жатыр.

Бекініс қабырғасымен қоршалған бөлігінің қалыңдығы 15 м, биіктігі 4 м болып анық байқалады. Қалаға кіреберіс жерінде бір- біріне қарама-қарсы бағытта жол бойында төселген тастардың бір бағытта және реттілікпен орналасуына қарай кіру қақпасы (тас төселген) орналасқан деп болжанды.

Қақпаның ұзындығы – 10 метр (2-суретті қараңыз).

Орталық бөліктің ортасынан солтүстіктен оңтүстік бағытында өткен көшенің ізі, соған орай солтүстік және оңтүстік қабырға жалдарының ортасынан сай болып жатқан қақпа орындары байқалады. Солтүстігіндегі сайдың ені 6 м болса, оңтүстігіндегі жалдың ортасындағы жазық келген ені 20 м сайдың орта тұсында кішігірім дөң жатыр [4, 21 б.].

Қаланың орталық бөлігінің үш жағын (солтүстік, оңтүстік және батыс) ор қоршап жатса, шығысы өзен жағындағы құлама беткейге жалғасады. Солтүстік және оңтүстік жағындағы ор жазық бар. Оның ені 5-20 м, тереңдігі 0,5- 1 м болса, батысындағы ордың ені 10-20 м, тереңдігі 1-2 м. Қаланың егіндікке айналмаған бөлігінде қиранды құрылыстың білінер-білінбес қабырғалары сақталған [5, 90 б.].

Ортағасырлық қаланың аумағы – 30 га құрайды. Оның 5 га жері цитадель мен шахристанға тиесілі, ал 25 га жер жеке

Сурет 1. Қаланың орналасқан аумағы, 2019 жыл (А. Нұржанов бойынша)

(3)

меншікке өтіп кеткен. 2020 жылға дейін жүргізілген қазба жұмыстарының көлемі – 8000 шаршы метр. Бұл он жыл бойы жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесі.

Жалпы, ортағасырлық Қастек қаласы Қазақстан аумағында соңғы жылдары үздіксіз түрде қазба жұмыстары жалғасып келе жатқан археологиялық ескерткіш. 600 жылдық тарихы бар бұл қалада орта ғасырда Батыс Түрік пен Қарлұқ қағанаттарының және Қарахан мемлекетінің негізгі тұрғындары мекендеген. Бұл қазба барысында VII ғасырдың екінші жартысы – X ғасырдың бірінші жартысына жататын екі түркілік қабат пен X екінші жартысы және XIII ғасырдың бірінші жартысына тән қарахан кезеңіне жататын үш құрылыс қабаты анықталды [6, 192-193 б.].

Қала атауына байланысты да көптеген деректер кездеседі. Олардың ішінде Қастек асуына қатысты мәліметтер Әмір Темір жорығы суреттелген ХV ғасырдағы жазба деректерде кездеседі. 1375 жылы Темір әскері Қара-Қасман (Қастек) асуы арқылы Іле өңірінен Атбашыға өткені тарихтан мәлім [7, 81 б.].

1390 жылы Әмір Темір әскері Ертіске қашқан Камар ад-Диннің соңына түсіп, Ташкенттен Ыстықкөлге, одан Көктөбе тауы және Арджаты (Ұзын асу) тауы арқылы Алмалыққа (Алмату), Іле мен Қаратал

өзендері арқылы Ертіске барғандығын топономист ғалым Е. Қойшыбаев өз еңбегінде атап өткен [8, 78 б.]. Осындай жазба деректер мен археологиялық зерттеулердің мәліметтері Іле бойынан Шу өңіріне Қастек асуы арқылы өтетін бағыттың үлкен маңызға айналып, ұзақ уақыт тұрғанын білдіреді. Ол кезде осы күнгі Қордай асуынан асқан тас жол болмаған [9, 239 б.]. Ал қаланың тарихи атауына қатысты деректерде Арджату тау өткелі Урунг Арджыға сәйкес келуі мүмкін. «Урунг» атауын түркі тілдерінен аударғанда «ұзын» дегенді білдіретін «Узунмен» салыстыруға болады.

Ал «Ардж» атауы зерттеушілердің пікірінше, түркі өнеріне сәйкес келеді және «тау асуы»,

«тау» деп аударылады [10, 53 б.]. Содан кейін ортағасырлық «Урунг-Ардж» топонимін

«ұзақ тау асуы» деп түсіну керек, бұл жазбаша дереккөздердің мәліметтеріне сәйкес келеді.

Осылайша, «Қастек» атауы «Урунг-Ардж»

қаласымен теңестірілді.

Жалпы бұл ортағасырлық қала атауына байланысты бір ғана нұсқа. Болашақта қала атауына байланысты тағы да деректерді талдау арқылы тыңғылықты зерттеу жүргізуді қажет етеді. Жинақталып, ғылыми негіз алған деректер ғылыми айналымға енгізіледі.

Жер жаннаты деп есептелетін өлкені тереңірек зерттеген Р. Аболиннің ғылыми

Сурет 2. Ортағасырлық Қастек қаласы. Қаланың қазба жұмыстары жүргізілген бөлігі.

Аэрофотосуреті. 2020 жыл (А. Нұржанов бойынша)

(4)

зерттеулері бойынша Жетісу Шу-Балқаш бассейндерін қамтиды, оның теңіз деңгейінен орташа биіктігі 300-400 м, біршама төмен жері – Шу сағасы. Іле өзенінің оңтүстігінен Іле Алатауы басталады. Шу өзенінің оң жағасы мен Іле өзенінің төменгі ағысын жиектеген құм аралығының батыс жағы, жекелеген бөліктері Құлжабасы, Хантау, Қозыбасы деген атауларға ие Шу-Іле тауы деп аталады. Оларда көлікке ыңғайлы көптеген асулар бар. Қордай асуы арқылы Іле мен Шу өңірлерін жалғастырып жатқан жол өтеді. Тағы бір жол Қастек асуы арқылы Іле өңірін Ыстық көл қазаншұңқыры және Шу өңірімен жалғастырады [11, 60 б.].

Қазіргі таңда ортағасырлық Қастек қаласында қазба жұмыстары тоқтаған.

Сол себепті де қаладан табылған қыш бұйымдардың толық сипаттамасын жасап ұсыну мүмкін емес. Десе де, табылған және зерттелген қыш бұйымдар коллекциясының фрагменттер саны көп болмаса да, олардың пішіні мен сақталуы жағынан ерекшеліктері бойынша қызықты мәліметтер береді.

Мақалада жарияланып отырған мәліметтер осы кезге дейін жарыққа шықпаған зерттеу нәтижелеріне негізделген.

2. Зерттеу әдістері.

Ортағасырлық Қастек қаласының қыш бұйымдарының технологиялық-қызметтік белгілеріне байланысты жіктеуде және жинақталған керамикаларды сипаттауда отандық археологтардың еңбектерін негізге ала отырып жасап шықтық. Олардың қатарында К.М. Байпақов, О.В. Кузнецова, А.А. Нұржанов, Д.Ә. Талеев, Е.Ш. Ақымбек т.б. зерттеушілердің еңбектеріндегі қыш бұйымдардың түрлері, сипаттамасы мен қолдану аясына қатысты толық мәліметтер бере аламыз.

Ортағасырлық Қастек қаласының керамикасына қатысты зерттеулердің тарихы 2011 жылдан басталады. Кешенді түрде жүргізіле бастаған қазба жұмыстарының барысында табылған қыш бұйымдарға қатысты мәліметтер осы жылы жарық көре бастады. Міне, осы уақыттан бастап қазбадан табылған құнды керамикалық бұйымдар

ғылыми мақала түрінде А.А. Нұржановтың еңбектерінде қарастырылды.

2011 жылы А.А. Нұржанов пен Е.Ш.

Ақымбектің «Средневековое городище Кастек-1» мақаласы жарық көрді. Мақалада қаланың орналасуы, алғашқы археологиялық қазба жұмыстырының барысы мен қыш бұйымдарға сипаттамалар беріледі. Сонымен қатар, қыш бұйымдарды төмендегідей топтарға: асүйлік, асханалық, шаруашылық- тұрмыстық деп бөліп қарастырып, оның жасалу технологиясына байланысты саны жағынан көп кездесетін, жасалуында құрамына саз балшыққа айтарлықтай мөлшерде құм, майда қиыршық тас қосылып сапалы жасалатын асүйлік ыдыстар, саз балшыққа аз мөлшерде құм қосып немесе қоспай жасалған асханалық ыдыстар, шаруашылық және тұрмыстық ыдыстар деп жекелеген топтарға жатқызып қарастыру, олардың қолданыс аясына қарай да жасалынуы мен пішіндері туралы көп мәліметтер береді [12, 83 б.].

2013 жылы А. Нұржановтың «Находка культового сосуда на городище Кастек в 2013 году» [13, 153-157 б.] атты мақаласы жарық көрді. Мақалада, қазба жұмыстары барысында табылған діни салт-жоралғыларды орындауда қолданылатын ыдыстың атқаратын қызметіне қатысты мәліметтер беріледі және ұқсастығы бойынша Көк-Мардан (VIII-IX ғғ.) [14, 208 б.] және Күйік-Кескен қала [15, 35 б.]

ортағасырлық қалалардан табылған қыш бұйымдармен салыстырылады.

2017 жылы А. Нұржановтың «Культовый сосуд карлуков-несторианцев из городища Кастек» [16, 153-157 б.] атты мақаласы жарық көрді. Мақалада, қала тұрғындарының діни дүниетанымы туралы түсінік алуға ерекше мүмкіндік беретін зооморфтық белгілері бар қыш ыдыс туралы мәліметтер береді.

Мақалада, табылған қыш ыдыста бейнеленген крест пен жыланның бейнесінің Жетісудың отырықшы тұрғындарының арасында несториандық сенімнің болғандығы және оның өңірдегі халықтардың мәдени дамуына белгілі бір ықпалының болғаны сипатталады.

2018 жылы А. Нұржановтың «К вопросу о семиотике пространства средневекового городища Кастек: функциональный анализ

(5)

артефактов» [17, 192 б.] атты мақаласы жарық көрді. Мақалада, қазба жұмыстары барысында табылған артефактілерде Жетісудағы ортағасырлық түркілердің қалалық мәдениетіне тән кейбір салттық және күнделікті тәжірибелер қайта жаңғыртылды.

Артефактілерді қызметі бойынша талдау түркілердің қалалық мәдениетінің тұрмыстық объектісі және қасиетті өнер туындысы ретінде бірдей болатындығын дәлелдейді.

Зерттеу жұмысында қарастырылатын зооморфты керамикаларға қатысты мәліметтер А. Нұржановтың «Керамика с зооморфными и антропоморфными признаками с городища Кастек-1» мақаласына негізделген. Ғалым аталған мақаласында 2011- 2019 жж. жүргізілген зерттеулер барысында толықтырылған VIII-IX ғғ. және X-XI ғғ. тән ғұрыптық қыш бұйымдарға сипаттама бере келе, антропоморфты белгілі бар ернеуіне құлақ бейнеленген қыш бұйымды; жылан бейнесі бар құмыраны; рәсімдік мақсатта қолданылған құмыраны ерекше атап көрсетеді [18, 7 б.].

2021 жылы А. Нұржанов Г.А. Терноваямен бірге жарық көрген «Находка керамического сосуда с росписью на городище Кастек-1 в 2019 г.» атты ғылыми мақаласында ортағасырлық Қастек қаласынан археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған сыртында суреттері бар ерекше ыдыс туралы жазылған.

2019 жылы табылған қыш ыдыс қазбаның солтүстік-батыс бөлігіндегі №32 тұрғын- жайдан анықталды. Ерекше сипаттағы мұндай ыдыс суқұйғыш немесе мургоб деп аталды және сауда жолдарының осы өңірден бірнеше тармағының өтуіне байланысты Жетісу жерінде VIII-IХ ғғ. пайда болды. Мақалада, ыдыстың сыртындағы суреттердің (жазу) безендірілуінің семантикасы анықталады [19, 9 б.]. Сонымен қатар, Іле өңіріндегі ортағасырлық қалалардың типологиясына қатысты О.В. Кузнецованың Өрнек [20] пен Шелек [21] қалаларының керамикасына қатысты мақалалары зерттеу мақаласының теориялық бөлімінде қолданылды. Сонымен қатар, Жақсылық, Алматы, Талғар және Қаялық қалаларының қыш бұйымдарына жүргізілген зерттеулер барысында алынған

мәліметтерден олардың негізгі шикізаты жергілікті жерден дайындалған және типологиясы бойынша ұқсас. Бұл орта ғасырда әрбір қалада өзіндік қыш шеберханасының болғандығын білдіреді.

Зерттеу мақаласында соңғы жылдары археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған артефактілерге талдау жасалынды және жаңа табылымдар ғылыми айналымға енгізіледі.

3. Талқылау.

Ұлы Жібек жолының дамуымен VII ғасырдың соңында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан территориясында қалалардың пайда болу процесі белсенді түрде жүрді.

Керуен жолының бойында стратегиялық маңызды нүктелерде орналасқан бұл қалалар қолөнер мен сауда орталықтарына айналды.

Сонымен қатар, қалалар аумағында кәсіпшілік, егіншілік пен мал шаруашылығының үйлесімді даму процесі де қатар жүрді. Археологиялық деректерде сипатталғандай, Жетісу өңірінде урбанизациялық процестердің басталған кезеңі VII-X ғғ. сәйкес келсе, ХІ ғ. – ХІІІ ғ.

басында қалалық мәдениеттің гүлденген кезеңі болды [22, 7 б.].

VIII ғасырда солтүстік-шығыс Жетісуда қалалардың қалыптасуы процесі бояу жүрді, аталған аумақта қалалар мен қоныстардың сандық мөлшері аз болды. Ал Х ғасырдың басында Орта Азия аумағындағы мемлекеттердің гүлденуі, саяси-экономикалық жағынан көрші аумақтарға ықпалы барысында Шығыс Түркістан мен Жетісу аумағы Қарахан мемлекеттінің аумағына енді.

Осылайша, бұл кезеңде бірнеше қалалар мен қоныстар гүлденіп, қалалар орталықтарға айналды. Аталған мәліметтер зерттеуші Т.В.

Савельеваның монографиясында көрініс тауып, сонымен қатар еңбекте орта ғасыр дәуіріндегі қалалық мәдениетке сипаттама бере келе, өңірдегі қалалардың Ұлы Жібек жолы бойындағы халықаралық сауда мен ақша айналымының орталығы болған Жетісу аумағында орналасқан ортағасырлық қалаларға археологиялық тұрғыдан жүргізілген зерттеулер нәтижелерін келтіре

(6)

келе, олардың шектес және алыс мәдени орталықтармен байланысын сипаттайды [23, 79 б.].

Халықаралық сауда мен қолөнердің дамуы қалалардың қарқынды дамуына септігін тигізді. VI-VIII ғғ. Ұлы Жібек жолының тармақтары Қазақстан аумағын Қытай, Шығыс Түркістан, Орта Азия, Орта және Таяу Шығыспен байланыстырды. Зерттелген аймақ ежелден егіншілік мәдениетімен байланысты болған [22, 7 б.].

Солтүстік-шығыс Жетісу қалаларының тұрпаттамалық мәселесін К.М. Байпақов қала орындарының төрт түрге бөлінетінін дәлелдеп көрсетті: қала (қала түріндегі қоныс); ауылдық қоныс; қала-баспана; керуен сарай (рабад) [14, 58 б.]. Дамудың осындай бір жолы Қастек қала орнынан да байқалады. Мұндағы жерден күзгі-қысқы жайылымның орнында қолмен суландыру жүйесі арқылы суарған 3-тен 5 га- ға дейінгі алаң аумағын алып жатқан әуелде бекініссіз қоныс қалыптасқандығы байқалады [24, 59 б.].

VІІ-ІХ ғғ. аралығында солтүстік арқылы өткен керуен жолы тармағы қарқынды дамыды. «Синьташу» жазбалары бойынша Қытайдан шыққан бұл жол Ақсудан Беделі асуы арқылы Ыстықкөлге өткен. Осы жерден жол бірнеше тармаққа (үш тармаққа) бөлінген. Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауымен солтүстік-шығысқа беттеген бір тармағы Кеген асуы арқылы Іле өзенінің жағалауына өтіп, солтүстікке қарай кетеді. Екінші, негізгі тармақ Ыстыққөлден батысқа қарай Суяб қаласы арқылы Шу өзенін жағалай отырып Навакент, Баласағұн, Аспара, Меркі, Құлан, Таразға соғып, Сайрам мен Отырар бағытына кеткен. Көп көңіл бөлінбей жүрген үшінші бағыт Ыстықкөлдің батыс шетіндегі қазіргі Тоқмақ қаласының маңында болған Суябтан солтүстік-шығысқа бұрылып, 60 шақырым келетін тау арасындағы жолмен Қастек шатқалынан шығып, Жетісу қалаларына (Алматы, Талхир, Қойлық, Лаван т.б.) өткен.

Шамасы бұл сауда жолы жергілікті маңызға ие болғандықтан болар көп ескеріле бермейді.

Дегенмен, осы тармақтың Түрік қағанаты иеліктерінің ішкі сауда-экономикалық қатынасында аса маңызды рөл атқарғандығы

анық. Соңғы жылдарғы археологиялық зерттеулер осы айтқанымызды растайтын материалдар беруде [25, 93 б.].

Ортағасырлық қалалардан табылған қыш бұйымдарды зерттеу, қала өмірінен көптеген тың деректерді алуға мүмкіндік береді. Сол себепті қалалардан табылған керамикаларды зерттеу археология ғылымының маңызды саласы ретінде дамып келеді. Ортағасырлық Қастек қаласына жүргізілген зерттеулер барысында алынған мәліметтер үлкен қызығушылық тудырады.

Кешенді түрде жүргізілген қазба жұмыстарының басталғанына он жылға жуық уақыт болса да қаланың әлеуметтік- экономикалық өмірінен хабардар беретін көптеген тұрғын үйлер, қолөнер орталығы, қорғаныс және суландыру жүйесіне қатысты көптеген мәліметтер алынды. Оның баламалануы бойынша жазбаша деректерге негізделген өзіндік тұшымды пікірлер ұсынылды.

Алғашқыда Абай атындағы Ұлттық педагогика университеті студенттерін археологиялық тәжірибеден өткізу мақсатында басталған қазба жұмыстары ескерткіштің маңыздылығына қарай тұрақты зерттеу нысанына айналды. Ортағасырлық Қастек қаласының қазба жұмыстарына келетін болсақ, бұл қалаға бұрын кешенді түрде қазба жұмыстары жүргізілмеген.

2010 жылы ортағасырлық қала аумағына археолог Д. Байқонақов, Д. Талеев аздаған қазба жұмыстарын жүргізеді. Бұл кезде Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті,

«тарих» мамандығының 1-курс студенттері археологиялық тағылымдамадан өтуге байланысты қазба жүргізілді. Қазба жұмыстары кезінде VIII-IX ғғ. жататын үйлердің орны анықталды. Қазба көлемі 5×5 м [25, 93 б.].

Далалық зерттеу жұмыстары орталық бөліктің оңтүстік-батыс бұрышының ішкі жағы мен мұнарасының сыртында жүргізілді. Орталық бөліктің оңтүстік-батыс бұрышынан көлемі 8х6 м қазба белгіленіп, ол шым қабатынан тазартылғаннан соң, оның шығысындағы 8х2,7 м бөлігі ғана төмен қарай 1,1-1,3 м-ге тереңдетілді [26, 268 б.].

(7)

Қалаға жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарын «Жетісу археологиялық экспедициясы» ашып, зерттеген [23, 40-41 б.].

Ал 2013, 2015-2020 жылдары қала аумағында А.Х. Марғұлан атындағы археология институтымен бірге үлкен көлемде қазба жұмыстары жүргізілген болатын.

2011 жылдан бастап қала аумағының қазылған бөлігінен табылған артефактілердің 90%-ы керамика болса, қалған пайызды сүйектен, темірден, шыныдан жасалған бұйымдар құрайды. Қаладан табылған ең алғашқы табылымдар туралы ғылыми мақала 2011 жылы жарияланды [12, 80-87 б.]. Онда алғаш рет қала туралы деректерге шолу жасай отырып, қазба жұмыстары барысында табылған қыш бұйымдардың түрлері, сипаттамасы және жасалу технологиясына жалпылама шолу жасалады. Оның үстіне, ортағасырлық қала өміріндегі көзе өндірісі мен оның барысы, яғни көзе жасау технологиясы туралы жазылған еңбектер жоқ деп есептеуге болады. Сондықтан да ондаған жылдар зерттелу тарихы бар ортағасырлық Қастек қаласы туралы жарияланған еңбектердегі керамикаға қатысты тұстарын саралап қарастырып отырмыз.

Зерттеп отырған аумақтағы ортағасырлық қоғамның экономика негіздерін, әлемнің басқа бөліктеріндегі тәрізді, халықтың көпшілік бөлігі айналысқан ауыл шаруашылығы құрады. Халықтың басым көпшілігі қаладан тысқары жерлерде тұрғанына қарамастан, қалалар осы экономикалық құрылымға байланысты басты рөлде болды. Қалалардың осы ерекше рөлге ие болуы, олардың қолөнер мен сауданың орталығына айналуына байланысты еді.

Қала халқының көпшілігі қолөнер өндірісімен және тауар айналымымен шұғылданды. Қала өмірі өндірушілердің экономикалық әр алуандығына негізделген.

Археологиялық және жазба деректердегі мәліметтерге қарайтын болсақ: қолөнерлік істің құрылымын қайта жаңғырту қалалардағы қолөнер өндірісінің бір түрінен бастап ондаған түрімен айналысуға дейін өскенін көруге болады. «Қала құрылысы»

тобына жататын қолөнер өндірісінің маңызды

саласы, басқа қалалардағы тәрізді: қыш ыдыс өндірісі, темірді өңдеу, әйнек өндірісі, т.б.

болды [27, 49 б.].

Қаладан шыққан бай материалдық мәдениеттің жетістіктері ортағасырлық қаланың Ұлы Жібек жолының бойында орналасып, қалалық мәдениеттің дамыған орталығы болған. Мұнда қалалар мен дала, егіншілік пен мал шаруашылығы бірыңғай саяси, шаруашылық-экономикалық және әлеуметтік-мәдени кешенде дамыды [28].

Іле мен Шу өңірлеріндегі қалалық мәдениеттің қалыптасу үдерісі мен жағдайы Орта Азия мен Шығыс Түркістанның ортағасырлық тарихы ортақ болғанымен, урбанизациялық сипаты жағынан осы ауқымды аймақтың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарынан ерекшеленеді. VIIІ ғасырда Іле өңірі егіншілік пен қалалық мәдениеттің гүлденген алқабына айналады. Сонымен қатар, ортағасырлық қалалардың құрылымы да тізбектеліп құрылу үдерісінің шынайы жағдайына байланысты бірыңғай болмады [27, 52 б.].

Керамика өндірісі ортағасырлық қоғамдағы экономикалық құрылымда маңызды орын алды. Қолөнерші-қыш жасаушылар ас үйге арналған ыдыстарды, ұнтақ және сұйық заттарды тасымалдауға және сақтауға арналған ыдыстарды, тандырды, дастарханды, май шамдарды, су құбырларын т.б. жасаумен айналысты. Тұрмыста қыш өнімдерінің таралу көрсеткіші жағынан теңдесі жоқ еді. Қыш өндірісінің өзіне тән мамандандырылған еңбек құралдарына, шикізатқа, технологиялық әдістерге, тәжірибеге негізделген білімге және кәсіби шеберлікке негізделген ерекше еңбекті ұйымдастыру түрі бар. Қыш өндірісімен және қолөнермен айналысудың басты шарты арнаулы шеберхананың болуы еді.

Ортағасырлық қалаларға археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында қыш жасайтын шеберханалар бірнеше мәрте табылды. Зерттеу нәтижелері археолог К.М.

Байпаковтың ғылыми мақаласында ішінара жарияланды [29]. Мысалы, XIII ғасырдың екінші жартысы мен – ХIV ғасырдың екінші жартысында Отырарда қыш шеберханалары классикалық түрге ие болды. Отырардағы қыш

(8)

шеберханалар аумағына жүргізілген зерттеу жұмыстары кезінде шеберханалардың тұрғын үй жанында жеке құрылыс етіп салынғандығы дәлел болады. Осындай шеберханалардың бірінің аумағы 157 м2 [29, 25 б.].

Керамика жасайтын шеберханалардың қызықты қалдықтары Талғар қалашығынан да табылды, олар бірнеше өндірістік құрылымдардан тұрады. Қазба орнының оңтүстік-батыс бұрыштық мұнарасының ішкі қамал қабырғаларының оңтүстік және батыс бөліктерінде қыш күйдіретін пеш табылып және тазартылды. Пештің астыңғы бөлігі бұзылған. Оның от жағатын камерасы сақталған. Тазарту барысында от жағатын камерадан саңылаулары бар ошақтың бөліктері, үйдіретін камераның аузын жабатын қақпақтың сынықтары алынды [27, 69 б.].

Қазба жұмыстары жүргізілетін бөліктің үстінен көп мөлшерде қыш бұйымдардың сынықтары табылды. Олар негізінен асханалық және шаруашылық мақсатта қолданылған ыдыстар: құмыра, табақ, кесе, құм (хум), құмша, тегене, қазан, қазан қақпақтары. Мұндай ыдыстармен ұқсастық Шу-Талас өңірлеріндегі ортағасырлық қалалардан да табылды. Зерттеуші Т.Н.

Сенигованың «Средневековый Тараз» атты монографиясында жасалу техникасына қарай 3 топқа бөлінетін және Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қалаларында кездесетін құмыралар, қазандар, сыртында жылан бейнеленген және жазуы бар құмыраларды жазады [30, 149 б.].

Қазба жұмыстары барысында қаланың осы бөлігі екі құрылыс қабаттан тұратындығы анықталды. Бірінші құрылыс қабатының тапталған табаны 0,6-0,8 м тереңдіктен шықты.

Бірақ тұрғын үй құрылысы қалдығының қиранды орындары жоқ болғанымен, еденге орналастырылған тандыр ошақтардың үгінді қалдықтары, күл, қыш бұйымдардың сынықтары мен табанынан төменгі қабатты тесіп өткен шұңқыр шықты. Қазбаның орта тұсынан шыққан шұңқырдың диаметрі 0,85 м, тереңдігі 1,1 м [5, 91 б.].

Қазба жұмыстары Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының бас ғылыми қызметкері, «Жетісу археологиялық

экспедициясының» жетекшісі, археолог А.Ә.

Нұржановтың басшылығымен жүргізілген болатын. Осы уақытқа дейін жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған бай жәдігерлер мен алынған құнды мағлұматтар туралы 30-ға жуық ғылыми мақала жарық көрді. Қаланы археологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары әлі де өз жалғасын табуда. Осы уақытқа дейін жүргізілген қазба жұмыстары цитадельде жүргізілді. Бұл қаланың негізгі шаруашылық жүргізу аумағы еді. Сол себепті қаладан қыш бұйымдардың көп әрі алуан түрлерінің табылуы оның маңызды шаруашылық жүргізу аумағының болғандығын білдіреді.

2019 жылы Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының ғалымдары мен тарих факультетінің студенттерімен (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – Т.А.) бірге қазба VII ғасырдың аяғы (шамамен 660 – шы жылдар) дейінгі төменгі мәдени қабатына жетті [31].

2020 жылғы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде 64 үйдің орны анықталды (2-сурет қараңыз). Жалпы, ортағасырлық қалаларда үйлер салынуы сол үйдің тұрғынының әлеуметтік жағдайы мен оның байлығына байланысты болды.

Соған қарай үйлердің орналасу жоспары да келесідей сипатта болды: салтанатты зал, жатын бөлме, азық-түлік қоймасы, қызметші мен күзет бөлмелері және тұрмыстық қажеттілікке арналған аула [5, 90 б.].

Табылған керамика бұйымдары мен олардың сыртқы безендірілуіне және басқа жәдігерлердің табылуына байланысты қала тұрғындары арасында христиан, буддизм және ислам дінінің кең таралғанды туралы мәліметтерге көз жеткізілген [16, 17 б.].

Қаладан табылған мұндай бұйымдардан VIII- IX ғғ. Жетісу өңірінің тұрғындары арасында киелі салт-жоралары мен діни түсініктерінің жоғары болғандығын көрсетеді.

Табылған қыш бұйымдардың негізгі сипаттамасы туралы мәліметтер 2011 жылдан бері жарияланып келеді. Жарияланған ғылыми мақалаларда қаладан табылған және түрлі мақсатта (тұрмыста, діни жоралғыларда)

(9)

қолданылуына қарай ыдыстарды жекелеген түрлері бойынша талдап жазылған.

Жинақталған мәліметтерге сүйене отырып, барлық қыш бұйымдарды екі топқа бөлеміз.

Бірінші топқа – VIII ғасырдың аяғы – Х ғасырдың басын қамтитын кезеңдегі бұйымдар жатқызылады. Оларға қазандар, құмыралар және хумдар жатқызылады. Бұл ыдыстарды жасауда жергілікті шикізат – табиғи қоспалы – дала шпаты, кварц, қоңыр әк пен слюдасы көп мөлшерлі қатты саз пайдаланылған [5, 100 б.]. Ал дайын өнімді күйдіру үшін ұсақ гранит тасы, қабыс, сабан қолданылған. Бұл кезеңде құмыра жасаудың қолмен жапсыру әдісі қолданылған. Қыш бұйымдардың екінші кезеңі Х-ХІІІ ғасырлардың басында шарықта жасалынған ыдыстар жатқызылады. Бұл кезеңде де тұрмыстың барлық түріне қажетті ыдыстар, сырты сырланған және хумдар да жасалынып, қолданысқа енгізілді.

Қарахан кезеңіне тән мұндай қыш бұйымдар өзінің сыртқы ою-өрнегінің әсемдігімен, салмағы жеңіл әрі жұқа және сапалы болып дайындалуымен ерекшеленді.

Бұл кезеңдегі қыш бұйымдар кешені жақсы зерттелген.

Х-ХІІІ ғ. жататын Жетісу мен Іле алқабындағы ортағасырлық қалалық мәдениетті зерттеудің мықты маманы және керамика кешендерін зерттеуде тәжірибесі мол археолог К.М. Байпаков аталған аумақтағы қыш бұйымдарды кешенді түрде зерттеді. Зерттеуші осы өңірдегі керамика өндірісіне қатысты еңбегінде Х ғ. басынан бастап ХІІІ ғ. екінші онжылдығында тұрақты пішімдегі қыш бұйымдар жасау ұзақ уақытқа созылды. Әсіресе, Талғар, Қаялық секілді ірі қалалардан табылған қыш бұйымдардың ішінде импорттық керамикалардың үлесі басым болды [32, 224 б.]. Ал зерттеуші Т.Н.

Сенигова Жетісу өңірінен табылған қыш бұйымдардың типологиясы мен сыртқы пішімдеріне ұқсас ыдыстардың Талас өңірінен табылғандығын жазады [30, 147 б.].

Зерттеуші аталған монографиясында Тараз қаласының қыш бұйымдарының ішінде тәрелкелер мен тостағандардың сыртында сирек кездесетін ою-өрнектерді қарастыра келе, «олардың сырты түссіз немесе жасыл

глузурмен жабылған; кей жағдайларда қоңыр, қызғылт, жасыл түстермен сурет салынып, гравюрамен толықтырылады.

Сәндік мотивтердің сюжеті бойынша үлгіні төрт топқа бөлуге болады: сызықты- геометриялық, өсімдік, эпиграфиялық және зооморфты. Әр ою-өрнек ерекше жасалады, бірақ өрнектерді ажырату өте қиын, өйткені олардың көпшілігі әртүрлі комбинацияларда берілген» [30, 155-156 б.],-деп сипатталады. Ал археолог К.М. Байпаков Сырдария өңіріндегі ортағасырлық қалалардағы керамика өндірісінің даму деңгейіне сипаттама бере келе, IX-X ғасырларда аталған өңірде керамика өндірісі жаңа даму сатысына өтті. Қолмен жапсырмаланып жасалатын ыдыстардың мөлшері айтарлықтай азайып, құмыралар, қазандар, стөлдер мен қақпақтар алдыңғы қатарға шыға бастады. Бұл уақыт аралығында Орталық Азия қалаларының әсерімен глазурьленген ыдыстар пайда болып, тарала басталды. Өрнекті безендіру ретінде өсімдік бейнелерін, геометриялық фигураларды, стильді араб әріптерін, зооморфты және антроморфты бейнелер қолданылған. X-XII ғасырлардағы Отырар керамикасында штампталған керамика өндірісі байқалады.

Бірақ жалпылай алғанда, керамиканың негізгі бөлігі шығырда дайындалды [33, 127 б.].

Табылған қыш бұйымдардың құрамына қатысты зерттеулерде саз балшыққа дала шпаты мен ұсақ тастар және органикалық заттар қосылған. Қыш бұйымдарды жасауға қажетті шикізат Шелек, Еңбекші және Қастек қаласынан табылған бұйымдарда ұқсастық бары байқалады. Шикізат қыш бұйымдардың ас үйлік және тұрмыстық-шаруашылық түрлеріне байланысты келесідей сипатта массалық үлесі бойынша қолданылған.

Асүйлік ыдыстарды дайындауда:

Балшық+Құм+Органикалық заттар Саз+Органика.

Құмның саз балшықтағы үлесі 5-10 пайызды құрайды. Ал органикалық зат ретінде ұсақталған өсімдік тамырлары қолданылды.

Асханалық ыдыстарды дайындауда:

Балшық+Органикалық заттар.

Балшық+Құм+Органикалық заттар.

(10)

Балшық+Шамот (отқа сөзімді саз)+

Органикалық заттар.

Балшық құрамында құм мен шамоттың үлесі 5-10 пайыз мөлшерінде болды. Негізінен органикалық зат ретінде туралған шөп пен кей жағдайда көң қолданылды.

Шаруашылық-тұрмыстық ыдыстарды дайындауда:

Балшық+Құм+органикалық заттар.

Балшық+Саз+құм+органикалық заттар.

Құм мен ұсақ тастардың қосындысы 5-15 пайыз мөлшерінде болды. Органикалық зат ретінде ұнтақталған өсімдік бөліктері мен көң пайдаланылды [20, 81 б.].

Жалпы, ортағасырлық Шелек, Еңбекші, Қастек, Талғар т.б. Іле алқабындағы қалалардан табылған қыш бұйымдардың типологиясы мен жасау технологиясында көптеген ұқсастықтар бар. Іле алқабы мен Солтүстік-шығыс Жетісудағы қалалардың керамикасына одан әрі салыстырмалы талдау (техникалық-технологиялық және типологиялық зерттеу негізінде) жүргізу тұтастай алғанда осы өңірдің қыш қолөнерінің неғұрлым егжей-тегжейлі және нақтыланған даму тарихын қадағалауға болатын жаңа деректерді анықтауға мүмкіндік береді.

Қала аумағынан табылған қыш бұйымдарды зерттеу және нәтижелерін жариялау бойынша ең алғашқы еңбектің қатарына А. Нұржановтың ғылыми мақалаларын жатқызамыз. Олардың ішінде тұрмыста қолданылатын қыш бұйымдардан

бөлек діни рәсімдерді орындау мақсатында қолданылған зооморфтық белгілері бар қыш ыдыстарға қатысты да зерттеулер бар.

Х-ХІ ғғ. жататын мұндай ыдыстар 2013, 2019 жылдары жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Бұл ыдыстардың атқаратын қызметі бір болғанымен, сыртқы безендірілуі әр түрлі [18, 7 б.].

2013 жылғы табылымның ерекшелігі оны тек құрбандық ыдысы ретінде ғана қолданған (3-сурет) [18, 10 б.].

2019 жылы табылған ыдыс та діни рәсімдерді орындау кезінде қолданылған.

Бүтін күйінде табылған бұл ыдыста тек салттық мақсатта ғана қолданылған [18, 10 б.] (4-сурет). Сыртқы безендірілуі өте жақсы сақталған. Сырты сызықты толқын тәрізді өрнекпен безендірілген.

Қала аумағында Х-ХІ ғғ. жататын құрбандық орны анықталған және табылған құмыра сырты безендірілуі мен жасалу технологиясына байланысты ерекшеленді.

Құмыра – мағыналық және қызметтік (функционалдық) жағынан мағыналық мәнге ие (4-суретті қараңыз). Е. Смағұлов мұндай сипаттағы қыш бұйымдарды V ғасыр және X-XI ғасырда өмір сүрген халықтар арасында табынушылық мақсатта қолданылғанын жаза келе, автор мұндай заттардың табылуын

«материалдық мәдениеттегі жаңа құбылыс»

деп санайды [15, с. 35].

Біздің пайымдауымызша, зооморфты белгілері бар құмыралар тек жерлеу Cурет 3. Қастек қаласынан табылған құрбандық ыдысы, 2013 жыл.

(11)

немесе діни жоралғыларды орындауда ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде де қолданылуы мүмкін деген тұжырымға келеміз.

Ортағасырлық Қастек қаласында 2019 жылғы қазба жұмыстары барысында нысанның солтүстік-батыс бөлігіндегі №32 тұрғын үйден ІХ-Х ғғ. жататын оюланып, боялған ыдыс табылды. Сандық көрсеткіші – 1. Сыртқы формасы шар тәрізді, түбі тегіс (5-сурет).

Ыдыстың сыртына сүт түстес ангоб жағылған, ал оның сыртынан қоңыр қызыл бояумен жазуы бар кескін салынған. Кескіннің астында бір-біріне параллель оюланған үш жолақ өтеді. Ыдыстың сурет салынған бөлігінің диаметрі – 10 см құрайды [19, 9 б.].

Сирек кездесетін қыш бұйымға жататын бұл ыдыстың сыртқы формасы мен безендірілуі ерекше. Сыртында жазуы бар керамиканың мерзімделуі Жетісу тұрғындарының арасында христиан дінінің дамуымен байланысты – VIII ғасырдың соңы және IX ғасырдың басына сәйкес келеді.

Бұл ыдыстың ерекшелігі сыртқы өрнегінің безендірілуі: онда қоңыр түспен 3 крест тәрізді фигуралар, жылан бейнесі салынған.

Жылан бейнесі бар ерекше мәнге ие болған мұндай ыдыстар Тараз қаласының маңынан да табылды. Табылған қыш бұйымның тұтқасында жылан бейнеленген. «Историко- археологические очерки Центрального Тянь- Шаня и Памиро-Алая» еңбегінің авторы А.Н.

Бернштам мұндай ыдыстардың Қазақстанның ортағасырлық қалаларында көптеп табылуы туралы: «... исламның енгізілуіне қарамастан, қолөнершінің бұйым жасау өнерінде сурет салу орта ғасырлардың өзінде де өзіндік маңыздылығын сақтап қалды [34, 162 б.],-деген сипаттама береді. Ал зерттеуші М. Пещерева ыдыстың сыртына жыланды бейнелеу мотиві сиқырлы мағынаға ие болған [35, 110 б.]

деген пікірді жазады. Жалпы, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аумағы түрлі мәдениеттер диалогының өзіндік байланыс көпірі болды.

Жетісу – қалалық өркениеттің өзіндік жарқын үлгісі болған түрлі этностар, мәдени дәстүрлер мен діндердің шоғырланған аймағы болды.

Ортағасырлық Қастек қаласының барлық бөлігінен күнделікті өмірге қажетті қыш бұйымдардың көптеген түрлерінің (құмыралар, қазан, тостақ (чаша), кеселер, көзе, көзелік, саптыаяқтар, табақтар т.б.) табылуын ескерсек, қала өзі өмір сүріп тұрғанда көзе өндірісінің ірі орталығы болғандығын көреміз.

Зерттелініп отырған жиынтықтағы заттарға салыстырмалы мерзімдеу жүргізудің нәтижесінде сәйкес, кейбір ыдыс түрлерінің қолданылу шегі едәуір кең, яғни ортағасырлық қалалар өмірінің ерте кезеңіне – VII-X ғғ., шарықта жасалған ыдыстар негізінен Х-ХІІІ ғғ. басында кең таралғандықтан, оның таралуы жапсырылып жасалған ыдыстардай болмады. Дегенмен шарықта дайындалған бұйымдар ортағасырлық кезеңдегі Cурет 4. Қастек қаласынан табылған құрбандық ыдысы, 2019 жыл

(12)

жергілікті өндірістің маңызды элементі болды. Жалпы, қазба жұмыстары кезінде табылған керамикалардың сандық мөлшері аз болғанымен, олардың типологиясы өте ерекше. Ең қызықты табылымдардың ішінде сырты сырланған және суреті бар құмыралар, діни рәсімдерді орындау кезінде христиандық ілімнің белгілері бар ыдыстардың (крест бейнесі) табылуы қаланың өмір сүрген кезеңінде үлкен мәдени, саяси-экономикалық маңызды орталық болғандығын аңғартады.

4. Нәтижелер.

Ортағасырлық Қастек қаласында 2013, 2015- 2020 жылдары жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ең көп табылған әрі жинақталған негізгі материал – қыш бұйымдар болып табылады. Қазба нәтижесінде жинақталған бұйымдардың ішінде тұтас күйінде сақталған және сынған қалдықтары да кездеседі. Олардың ішінде 2018 жылы табылған қыш бұйымдардың жалпы саны – 1870 дана, оның ішінде бүтін күйінде сақталғаны – 42 дана; 2019 жылы табылған қыш бұйымдардың жалпы саны – 784 дана. Аталған бұйымдардың барлығы жинап алынды, олардың жалпы сипаттамасы жасалынды. Қыш бұйымдардың жекелеген түрлері зертханалық талдауға берілді және нәтижелері жарияланатын болады.

5. Қорытынды.

VІI-XIII ғғ. басындағы Қастек қаласының қыш бұйымдары туралы жарияланған ғылыми мақалалардағы керамикалар

жиынтығы деректерін талдау, салыстырмалы мерзімдеу арқылы кешенді зерттеу жүргізудің нәтижесінде оның даму деңгейі жөнінде дәйекті ғылыми мәліметтер алынды. Сарапталған еңбектерге қарағанда шаруашылықтың осы саласы бойынша, яғни керамика өндірісінің дамуы мен барысы туралы кең көлемде тұжырым айтуға мүмкіндік аламыз. Жоғарыда қарастырылған авторлардың еңбектеріндегі Қастек қаласының қыш бұйымдарына қатысты жерлері ашылған нысандар бойынша сипатталады. Өмір сүру уақытына қарай жалпы кезеңдерге бөлініп немесе даму динамикасына қарай өзгерістер мен ерекшеліктері айтылады.

Қастек қаласына археологиялық қазба жұмыстарының басталған кезінен бастап керамикалық табылымдар бойынша жарияланған А.А. Нұржановтың еңбектерінде көңіл бөлген керамикасы және оның ерекшеліктері, олардың атауларын беру осы мақаланың негізгі мақсаты болып есептеледі.

Қаладан табылған қыш бұйымдар туралы зерттеу жұмыстары 10 жылдан астам уақытты қамтыса да жарияланған, ғылыми айналымға енгізілген зерттеу мақалалары біршама санды құрады. Жалпы, қала керамикасының зерттелу тарихына шолу жасау аса маңызды болып табылады. Ол арқылы біз қала халқының тұрмысы, кәсібі мен қолөнерінің қаншалықты деңгейде дамығандығын анықтай алдық.

6. Алғыс

Жұмыс OR11465466 «Этномәдени зерттеулер контекстіндегі Ұлы Дала»

тақырыбындағы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында орындалды.

Әдебиеттер тізімі

1 Нуржанов А.А., Калдыбаева Г.А. Археологические исследования Средневекового города Кастек в Жетысу // «Культура и религия на великом шелковом пути» материалы международной научно-прак- тической конференции посвященной 80-ти летию академика НАН РК К.М. Байпакова. – Алматы, 2020.

– С. 118-134.

2 Азаров А. Золотые века городища Кастек. [Электрон. ресурс]. – 2021. – URL:https://rus.azattyq.

org/a/zolotye-veka-gorodishha-kasteka/30054693.html (қарастырылған күні: 25.10.2021).

3 Нуржанов А.А., Толегенов А.К. Средневековый Кастек на Великом шелковым пути // Средневе- ковая археология Волга-Уралья. Сборник научных трудов к 65-летнему юбилею Ф.Ш. Хузина. – Казань, 2016. – С. 46-53.

Referensi

Dokumen terkait

Шабунинаның 2001 ойы бойынша қалыптасқан жағдайдың негізгі себебі болып: -білім саласында нақты ойластырылған жастар саясатының жоқтығы; -бұқаралық ақпарат хабарларына қоғамдағы

Жамбыл облысы, Жуалы ауданының Оңтҥстік Қазақстан облысының Тҥлкібас ауданына ӛтер жеріндегі, Қҧлан тауының шығыс жақ аймағындағы Шақпақпен байланысты елдімекен Шақпақ елдімекені,