• Tidak ada hasil yang ditemukan

WWW.ENU

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "WWW.ENU"

Copied!
6
0
0

Teks penuh

(1)

СМАҒҦЛ ЕЛУБАЙДЫҢ «АҚ БОЗ ҤЙ» РОМАНЫ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СТИЛЬДІК ҚЫЗМЕТІ

Тәуекелова А.

2-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент С.Ғ.Қанапина

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Қостанай қаласы Қазақ тілі қазынасындағы тұрақты тіркестердің релеванттық қасиетін айқындау, қазақ фразеологизмдерін іштей саралап бӛлу, сондай-ақ фразеологиялық мағынаның қалыптасуы, фразеологизмнің құрам сипаты және компоненттердің байланысу түрлері, фразеологизмдердің стильдік ерекшеліктері, фразеологизмдердің сӛзден және мақал-мәтелдерден айырмашылығы мен оларға ұқсас тұстары, фразеологизмдердің грамматикалық сипаты, бірнеше фразеологизмдердің жасалуына арқау болатын ұйытқы сӛздер, фразеологиялық калька сияқты фразеологияның кӛкейтесті мәселелерін қазақ тіл білімінің күн тәртібіне қойып, қазақ фразеологиясының бағыт-бағдарын саралаған, осы саланың дербес пәнге айналуының негізін қалаған ғалым академик І.Кеңесбаев болды. Оның ХХ ғасырдың 40 жылдары жарық кӛрген «Қазақ тілінің тиянақты сөз таптары» (Докторлық диссертация, Алматы, 1944), «Қазақ тілінің идиомдары мен фразалары туралы» (Халық мұғалімі, 1946), «К вопросу об экспрессивно-стилистических функциях фразеологизмов» (Тезисы докладов конференции «Развитие стилистических систем литературных языков народов СССР». Ашхабад, 1966) сияқты еңбектерінен кейін-ақ қазақ фразеологиясын зерттеу айрықша қолға алынды. А.Ысқақов, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Ә.Т.Қайдаров, Р.Сыздықова тәрізді қазақ тіл білімінің кӛрнекті ӛкілдері қазақ фразеологиясының дербес пән болып қалыптасу, даму жолында кӛптеген мәселелерді ғылыми тұрғыдан шешуге ат салысты.

Бүгінгі қазақ фразеологиясында зерттеудің үш түрлі бағыты орын алып отырғаны байқалады. Біріншісі – қазақ фразеологизмдерін таза тілдік тұрғыдан бір тіл аясында зерттеу. Бұл бағытта қазақ тіл білімінде кӛптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Әсіресе фразеологизмдерді лексикографиялық ӛңдеуден ӛткізудегі І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» (Алматы, 1977), Ә.Қайдаровтың «Мың әсерлі де бейнелі орамдар» (Астана, 2003) сияқты еңбектерін, фразеологизмдердің сыртқы және ішкі құрылымындағы дыбыстық, мағыналық, семантикалық, әуезділік үйлесімін, т.б. архитектоникасын талдап ашып берудегі С.Сәтенованың «Қазақ тіліндегі қостағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты» (Алматы, 1997) атты зерттеуін, фразеологизмдердің варианттарын кӛрсету, синонимддік қатарын анықтаудағы Г.Смағұлованың «Фразеологизмдердің варианттылығы»

(Алматы, 1996), «Мағыналас фразеологизмдердің ҧлттық-мәдени

(2)

аспектілері» (Алматы, 1998) тәрізді еңбектерін атап айтуға болады.

Р.Сыздықованың «Сөздер сөйлейді» (Алматы, 1994), Н.Уәлиевтің

«Фразеология және тілдік норма» (Алматы, 1998) сияқты еңбектерде кӛптеген фразеологизмдер этимологиялық тұрғыдан талданып, олардың құрамындағы мағынасы күңгірттенген, тіптен мүлдем белгісізденіп кеткен сӛздердің мән-мағынасы ашылды. Қазақ фразеологизмдері фразеологиялық бірлікті жасауға ұйытқы болатын сӛздер негізінде соматикалық фразеологизмдер, фитофразеологизмдер, сан-мӛлшер фразеологизмдері, зоофразеологизмдер, антропонимдік фразеологизмдер деп семантикалық – мағыналық топтарға, тақырыптарға топтастырып арнайы қарастырылуда.

Қазақ фразеологиясындағы үстем болып отырған екінші бағыт – қазақ тілінің фразеологиялық бірліктерін орыс, ағылшын, неміс сияқты болмыс бітімі, құрылымы бӛтен тілдердің фразеологизмдерімен салғастыра зерттеу ісі. М.Х.Абилғалиева, М.А.Сыздықова, М.А.Жақсыбаева, т.б. зерттеулерінде тіларалық фразеологиялық сәйкестіктерді айқындау, интернационалдық фразеологиялық қорды анықтау, салғастырылушы тілдер фразеологиясындағы ұқсас тұстар мен ӛзіндік ерекшеліктерді саралау және ұқсастықты тудырушы факторларды айқындау мәселелері кӛрініс тапты. Бұл орайда Г.Сағидолданың қазақ және монғол фразеологизмдерін тіл аралық деңгейде салыстырған «Поэтикалық фразеологизмдердің этномәдени мазмҧны» (Алматы, 2003) атты еңбегін түркі-монғол салыстырмалы фразеологиясын қалыптастырудағы алғашқы бастама ретінде атап айтуға болады.

Қазақ фразеологиясындағы үшінші бағыт – фразеологиялық бірліктерді когнитивтік, этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық, психолингвистикалық аспектіде қарастыру бағыты. Бұл бағыт фразеологизмдерді ұлттың дүниетанымдық, мәдени, тарихи, материалдық құндылықтарымен сабақтастыра зерттеуге айрықша мән береді. Академик Ә.Т.Қайдар, Ж.Манкеева, С.Сәтенова, Б.Ақбердиева, Қ.Ғабитханұлы, Ш.Сейітова, С.Жапақов сияқты тілші мамандардың зерттеулері белгілі бір этногенетикалық қауымдастықтың ақиқат турасындағы таным-түсінігін, ментальді әлемін, ғасырлар бойы үзіліссіз жалғасқан ұжымдық тәжірибесін, рухани және материалдық мәдениетін тілі арқылы танып білуде аса маңызды.

Қазақ фразеологизмдерін когнитивтік, лингвомәдениеттанымдық, этнолингвистикалық, этнопсихолингвистикалық аспектіде зерттеуге бағыттылған үшінші бағыт – ХХІ ғасыр ғылымының басты парадигмасы – антропоцентризмнің жемісі, жаңа ғасыр талап етіп отырған ғылыми интеграцияның нәтижесі [1; 57-60].

Ғалым Ш.Сейітова ӛзінің 2009 жылы қорғаған «Қазақ этнонимдерінің тарихи-лингвомәдени жҥйесі» атты докторлық диссертациясында орта жүздегі алты арыс ел – арғын, керей, уақ, қыпшақ, қоңырат, найман, яғни Шығыс Қазақстан аймағында қоныстанған осы ру – тайпаға қатысты қалыптасқан атаулар мен тұрақты тіркестердің тарихи – тілдік табиғатын, уәждену ерекшелігін қарастырады [2; 4].

(3)

Ғалым Р.Үрімова ӛзінің 2009 жылы қорғаған «Қазақ тілінің аймақтық мақал-мәтелдері мен фразеологизмдерінің этноқҧрылымдық сипаты»

кандидаттық диссертациясының «Қазақ тілінің аймақтық мақал-мәтелдері мен фразеологизмдері» атты тарауының «Қазақ тілінің аймақтық мақал- мәтелдері мен фразеологизмдерінің зерттелу жайы» деп аталатын бӛлімінде диалектілік фразеологизмдердің зерттелуі жайында айтып ӛтеді.

Ғалым А.Нұржанова ӛзінің 2010 жылы қорғаған «Дҥниенің қарабайыр бейнесі: фразеологиялық фрагменттің соматикалық коды» деп аталатын кандидаттық диссертациясында қазақ тіліндегі соматикалық фразеологизмдерді «тіл және адам» проблематикасы тұрғысынан ӛзектей отырып, олардың мазмұн межесін қазақ этносының дүние бейнесінде бекіген әлем туралы білімінің, ӛмірлік іс – тәжірибесінің соматикалық коды тұрғысынан зерттейді және «қарабайыр» санада орын тепкен «адам және оның дене мүшелері» туралы кӛне ұғым-түсініктердің тілдік кӛрінісін айқындайды [3; 5].

Ғалым Г.Смағұлова қазақ фразеологизмдерін мынадай стильдік қабаттарға бӛлген:

1.Кітаби фразеологизмдер;

2.Бейтарап (стильаралық) фразеологизмдер;

3. Ауызекі сӛйлеу тіліндегі фразеологизмдер;

4. Қарапайым сӛйлеу тіліндегі фразеологизмдер;

5. Дӛрекі сӛйлеу тіліндегі фразеологизмдер[4;184].

Ғалым Р.Авакова фразеологизмдерді ішкі формаларының туындау кӛздеріне байланысты шартты түрде тӛмендегідей топтастырады:

Адамның анатомиялық атаулары (соматизмдер) мен қимыл қозғалыстарына байланысты туған фразеологизмдер;

Жануарлар (зооморфтық фразеологизмдер) әлемі;

Ӛсімдіктер (флора) әлемі;

Табиғат құбылыстары;

Ӛлшем бірлік (метеорология);

Сандық (нумеративтік) фразеологизмдер;

Түр-түстік және сындық;

Алғыс және қарғыс мәнді;

Мифтік және діни;

Тарихи кезеңдермен және тұлғалармен байланысты туған фразеологизмдер және т.б. [6; 68].

Жазушы С. Елубайдың «Ақ боз үй» шығармасындағы фразеологизмдердің қолданыс ерекшелігіне тоқталар болсақ, фразеологизмдердің мынадай түрлері кездеседі:

Кітаби фразеологизмдер – сӛйлеу тіліне салыстырмалы-салтанаттылық реңк беріп, кӛбіне әдеби тілде кӛрсетіледі. Мысалы: тағдыр дауылы, жаралы жүрек, от шашу [5; 213].

Шығарма тіліндегі кітаби фразеологизмдер:

(4)

Шегеніңжүрегі дауаламайды [8; 20]. Жҥрегі дауаламады – батылы бармады, қаймықты, тайсалды [ҚТФС, 278].

Екіленіп кетті [8; 26]. Екіленіп кетті, сөйледі – Еліріп, ӛршелене сӛйледі, асқақтап кетті [ҚТФС, 204].

Жеңеше, бір ашуыңызды беріңіз! [8; 31]. Ашуыңды бер – Ӛкпеңді, ашуыңды маған қи [ҚТФС, 93].

Ағасының кейпін кӛз қиығымен шолып еді, оның да меселі түсіп«салы суға кетіп»отырғаны байқалды [8; 34]. Салы суға кетті – Еңсесі түсті, мойнына су құйылды, түңілді [ҚТФС, 600].

Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер дегеніміз – күнделікті тұрмыс тіршілігіміздегі, сӛйлеу тілінің диалог формасында кӛркем әдебиетте еркін қолданылатын тұрақты тіркестер. Мысалы: іші ӛртену, қаны қайнау, кӛзден бұлбұл ұшу, жыны келу, айызын қандыру [5; 212].

Шығармада қолданыс тапқан ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер мынадай:

Сілесі қатып шаршаған алты-жеті кісі аздасын бастарына қоржындарын жастады да, киімшең қалпымен қисая кетті [8; 4]. Сілесі қатты – Әбден шаршап болдырды, қажыды [ҚТФС, 648].

Ақыры шыдамады, талағытарс айрылды [8; 5]. Талағытарс айырылды – Бұлан - талан боп, ашуланды. [ҚТФС, 658].

Соны кӛріп, әшейінде асқар таудай кӛсемсіп жүретін Пахрадиннің кішірейгенің кӛріп, жан баласынан ығып кӛрмеген Әзбергенннің жҥні жығылып жүр[8; 6]. Жҥні жығылды – Беті қайтқан, еңсесі түскен [ҚТФС, 277].

Қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер:

Әдеби тіл нормасына сай келмейтін мағынасы дӛрекі фразеологизмдерді қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер дейміз.

Алайда, бұл тұрақты тіркестер әдеби тіл нормасын бұзғанмен, тілімізде әсіресе кӛркем әдебиетте кейіпкер тілінде кездеседі. Осы фразеологизмдер арқылы кез келген жазушы кейіпкердің бейнесін ашу үшін, соның ой-ӛрісін, әлеуметтік жағдайын, ӛскен ортасын кӛрсету мақсатында қолданылады [5;

184].

Шығармадағы қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер көрінісі мынадай:

Ішің кепсін, ӛтірік... Қолыңды кім байлап жүр... Шын сағынсаң... [8; 14].

Ішің кепкір – ( қарғыс) Мес болғыр, қаталап қалғыр деген мағынада [ҚТФС, 795].

Бағы бар екен боқмұрынбалаңның! Жәй қолыңды! – деп алдымен ӛзі елеуреп ербеңдеп қолын кӛтерді [8; 38]. Боқмҧрынбала – Түкке түсінбейтін, мұрнының боғын сүртпеген [ҚТФС, 158].

«Қағынды келгір!» - деп сықсыңдасқан жас әел үндері естіліп, ішке біреуді итермелеп кіргізіп [8; 87 ]. Қағынды келгір! - Қарғыс. Кӛбінесе балаларға айтылады [ҚТФС, 391].

(5)

Шығарма тілінде соматикалық атаулар негізінде жасалған фразеологизмдер де кездеседі:

Көз. Жалғыз Әзбергенің ғана көзі ілінбеді[8; 5]. Көзі ілмеді – ұйқы кӛрмеді, ұйықтамады [ҚТФС, 340].

Пахраддин сәл ығысып бұған көз қиығын тастады [8; 5]. Көз қиығын тастады – кӛзінің ұшымен қарады, қарап қойды [ҚТФС, 330].

Шәріптің де шапыраш көзі алақандай болды [8; 52]. Көзі алақандай – не істерін білмей қатты састы, үрейі қашты [ҚТФС, 332].

Хансұлу шапшаң қозғалып,сыртқа шықса ауыл ортасыда лаулап жанған отқа көзі түсті [8; 55]. Көзі тҥсті – Назары ауды [ҚТФС, 339].

Балқия қыстығып көз жасынтөкті [8; 61]. Көз жасынтөкті – Мұң-зарға батып, ағыл-тегіл жылады [ҚТФС, 329].

Қабақ.

Қабағы қарс жабылып,түн ӛлкесіне бұ да қарады [8; 5]. Жара бұлттай қабағы қарс жабылып, сүйретіліп тұрды орнынан [8; 7]. Қабағы қарс жабылды – Ызаланды, ызалы ашуға мінді [ҚТФС, 386].

Бурыл тарта бастаған сақал-мұртын жел қозғап, келбетті келген саналы жүзі түнеріп, шалбарланып, қабақ шытып біраз ой сабылтып тұрды Пахраддин [8; 42]. Қабақ шытысты – Жүз шайысты, ұрысты, ренжісті [ҚТФС, 389].

Дәу апа, сонда: «Әп, бәрекелді, міне енді ұялмай елге де баратын болдық!» деп қабағы жадырапорнынан түрегелген екен дейді [8; 107].

Қабағы жадырады ( жарқылдады) Ашық-жарқындық байқалды,кӛңілі жадырады [ҚТФС, 386].

Шығармада зооморфтық фразеологизмдер де кездеседі:

Адамзат ӛміріне жануарлар әлемі ӛте етене таныс, жақындығы ӛркениеттің тарихи дамуы үрдісімен байланысты. Зооморфтық фразеологизмдер дегеніміз – жан-жануарлар атаулары негізінде жасалған фразеологизмдер [6; 80].

Шығарма тілінде кездесетін зооморфтық фразеологизмдер:

Қатқыл жел, шымыр аязды шыбын шаққан құрлы көрер емес [8; 45].

Шыбын шаққан ғҧрлы көрмеді – Түкте сескенбеді, түкте елемеді[ҚТФС, 769].

Сұрап отырғаным – ӛкімет аларын алғаннан кейін ӛзімізді жҥнін жұлғантауықтай бүрсеңдетіп,елден шығарып қаңғытып жібермей ме, асасы, деп отырмын, - деп Пахраддин маңдай тершіп, қозғалақтап кетті [8;

80].

Жҥнін жҧлған тырнадай (тауықтай) – Кейпі жоқ, сиқы кеткен [ҚТФС, 277].

Ат төбеліндей шал-шауқан, кемпір-сампыр болмаса?! [8; 191]. Ат төбеліндей – Азғантай, азғана [ҚТФС, 77].

Кеше осында Мәжекем үйіндегі ерке жеңгемат басын тіреген екен[8;

63].

Ат басын тіреді – Қонақ болып түсті, тоқтады [ҚТФС, 72 ].

(6)

С. Елубайдың «Ақ боз үй» шығармасы тіліндегі қолданыс тапқан фразеологизмдер бір жағынан тіл кӛркемдігінің құралы болса, екіншіден, ой кӛркемдігінің сипаты. Қаламгер тілінің лексикалық байлығының бір қырын әр түрлі фразеологизмдер танытады. С. Елубайдың «Ақ боз үй»

шығармасының тілін талдау барысында 134 фразеологизм қолданыс тапқан, 23 фразеологизм теріліп,талданып, мағыналары ашылды. Ғалым І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сӛздігін» пайдалана отырып әрбір фразеологизм сӛздердің мағынасы ашылып, стильдік қабаттарға бӛлінді.

Пайдаланылған әдебиет

1. Оразбаева Ф.Ш., Сағидолда Г., Қасым Б., Қобыланова А., Есенова Қ., Исабекова Ұ., Қасабек Қ., Балтабаева Ж., Мұхамади Қ., Рахметова Р., Кӛпбаева Ж. Қазіргі қазақ тілі: Оқу құралы. – Алматы: Print-S, 2005. – 535 б.

2. Сейітова Ш.Б. Қазақ этнонимдерінің тарихи-лингвомәдени жүйесі.

ДДА, Алматы, 2009. – 54 б.

3. Үрімова Р.К. Қазақ тілінің аймақтық мақал-мәтелдері мен фразеологизмдерінің этноқұрылымдық сипаты. КДА, Алматы, 2009. – 29 б.

4. Нұржанова А.Б. Дүниенің қарабайыр бейнесі: фразеологиялық фрагменттің соматикалық коды. КДА, Астана, 2010. – 24 б.

5. Смағұлова Г. Қазақ фразеологиясы лингвистикалық парадигмаларда:

монография. – Алматы: Арыс, 2010. – 280 б.

6. Авакова Р.Ә. Фразеология теориясы. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 292 б.

7. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сӛздігі. – Алматы:

ҚазАқпарат, 2007. – 356 б.

8. Елубай С. Ақ боз үй роман-трилогиясы. – Алматы: Атамұра, 2008. – 520 б.

Referensi

Dokumen terkait

Для эффективности обучения навыком аудирования, предусматривается выполнение упражнений на аудирование, с разработанными заданиями для контроля; необходимо указывать , на что следует

3-сыныптың базалық математика оқулығында «3.4.1.1 екі жиынның бірігуі мен қиылысуын Эйлер- Венн диаграммасының көмегімен көрнекі түрде кескіндеу мақсатын жүзеге асыру; 3.4.1.2 сандардың