2- ТАҚЫРЫП. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХИ ТИПТЕРІНІҢ ПАЙДА
7.3. Абайдың «Толық адам» ілімі
əлеуметтік ортаның үлкен ықпал етері сөзсіз. Бірақ тұлғаның бағдары мен қылығы да сол деңгейде адамның ішкі, рухани əлеміне бағынышты. Адамның бойындағы интелектуалдық-адамгершілік жəне ерікті қасиеттері неғұрлым айшықты көрінген сайын, оның өмірлік бағдарлары жалпыадамзаттық құндылықтармен сəйкес келеді, тұлғаның өзінің де маңызы артып, бұл құндылықтардың бекітілуі мен дамуына өздерінің оң ықпалдарымен əсер етеді.
Бұл тұрғыда ол өзінің рухы, еркіндігі, шығармашылығы мен қайырымдылығы жақтарымен сипатталады.
Тұлғаның ерік-жігері мен рухының күштілігі, оның адамгершілік қайырымдылығы мен тазылығы тек нақты практикалық əрекетте жəне белгілі бір əлеуметтік жағдайларда ғана бекітіліп, іске асады. Дəл сондай жағдайда ғана, яғни іс нақты қылыққа жеткенде ғана тұлға болудың, еркін болудың, адал, принципиалды болудың жəне т.б. қиын да ауыр екендігі аңғарылады. Өйткені, егер индивид өзін шын тұлға деп есептеп, соған ұмтылса, ол өзінің тек ақыл- ойында ғана емес, ең алдымен қылықтарында да жауапкершілікті болуы тиіс.
Тұлғаның еркіндік жағынан сипаттамасы, сөзсіз қажет. Еркіндік – бұл тұлғаның атрибуты. Бірақ жауапкершіліксіз еркіндік – бұл шектен тыс бей-берекетсіздік.
Сондықтан жауапкершіліктің тұлға атрибуты ретіндегі маңызы бір де кем емес, кейде ерікті болғаннан жауапкершілікті болу қиынырақ.
Сонымен, тұлға болу қиын. Нағыз тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігі үнемі шығармашылықты, көңіл-күйдегі уайым-қайғыны талап етеді. Тұлға неғұрлым жоғары жəне маңызды болған сайын, оның өзінің жəне өзгерлердің алдындағы жауапкершілік деңгейі де жоғары.
келген анықтаманың өзі қажеттілікке орай қолға алынған заттың тек бір ғана немесе бірнеше қырларын көрсете алады. Ал барлық затта қырларының саны шексіз. Бұл, бірақ анықтаманың қажеті жоқ деген емес. Алайда ол барлық анықтаманың шартты əрі заттың мəнін түгелдей бере алмайтындығын білдіреді» (Лосев А.Ф. Родина // Литературная газета. – 1999. – 24/01. – 6 б.).
Біз А.Ф. Лосевтің осы бір нақты əрі өте нəзіктікпен түсіндірген түйінімен келісе отырып, бұл қазақ ойшылының философиялық тұрғысын анықтауда біз кездестірген қиындықтарды толық бейнелеп береді деп ойлаймыз. Абайдың адамды түсінуі оның философиялық көзқарастарынан ажыратып алғысыз дей тұрсақ та, ойшыл адам мəселесінің философиялық қырына өзінің негізгі назарын аударды деп айта аламыз, оның бүкіл шығармашылығының өн бойы
«толық адам» – өз мəніндегі, иманды, үндестікке толы адам туралы терең ой- толғамдарға толы, ал оның басты мақсаты – Адам болу үшін неге жақын, неден қашық жүру керек екендігін үйрету, жақсылық пен жамандықтың ақиқаттық болмысын ашып беру еді. Абай өз рулас ағайындарына, қазаққа арнап, былай деген: «Екі ауыз сөздің басын қосарлық не ақылы жоқ, не ғылымы жоқ бола тұра, өзімдікін жөн қыламын деп, құр «ой, тəңір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам?».
Абайдың өз шығармаларындағы негізгі ұстанған философиялық қағидасы – бұл "Адам бол!" деген үндеуі – ол ойшыл-ақынның шығармашылығының өзегіне айналды. Абай үңдеуінің философиялық мəні – адамның өмірдегі міндеті мен рөлін жоғары бағалау. Адам – ақын көзқарасында ақыл-ойдың, адамшылықтың, еңбексүйгіштіктің жəне білімділіктің, достық пен махаббаттың түгелдей көрініс табуы, жинақталуы. Ай мен күн – аспан əлемінің əшекейі, орман мен жемістер – таудың əшекейі, ал жердің сəні – адам. Абай үлкен мақтанышпен: «Адам деген даңқым бар!», – деп жар салады.
Абай Құнанбаев қазақтардың кенжелеп қалуы мен өмірдің барлық кемшіліктерін байлардың мал шаруашылығындағы шарасыздығымен, жалқаулығымен де байланыстырды. «Мұның бəрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан», – деп жазды ол, «өзге егін, сауда, өнер, ғылым – солар секілді нəрселерге салынса, бұлай болмас еді». (Абай (ИбраҺим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. ІІ-том. – Алматы, Жазушы, 2005. – 336 б., 91).
Абай адамның рақымды болуы оның құдай тағаланың көрінен қо- рыққандығына байланысты емес, оның өз қылықтары үшін ар алдында, ақыл- ойы, өзін қоршаған адамдар алдында жауапкершілігін сезінуімен деп есептейді.
Абайдың философиялық тұжырымдамаларында «еңбек» ұғымының айрықша орны бар, өйткені қазақтың ойшыл-ақынының еңбектің адам өміріндегі мəні туралы айтылмайтын шығармасы жоқ деп əсірелеусіз айта аламыз. Еңбек əрекетін Абай адамның рухани, ақыл-ойының калыптасуының негізі деп есептеді: «Ақыл, ғылым – бұлар – кəсиби» (Абай (ИбраҺим) Құнанбаев.
Шығармаларының екі томдық толық жинағы. ІІ-том. – Алматы, Жазушы, 2005. – 336 б.). Ол сонымен қатар, еңбек адам жанын түлетеді, ал еңбектен алыс жүретін жалқауларда жаман əдеттерге бейімділіктер көп кездесетінін келтіреді.
«Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік,
ұятсыздық, кедейлік – бəрі осыдан шығады», – деп жазады ол «Ғақлиясында»
(Абай (ИбраҺим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. ІІ-том. – Алматы, Жазушы, 2005. – 336 б., 142).
Еңбек, халық атына еңбек ету – адамның мінез-құлқы мен іс-əре-кеттерінің өлшемі, ең жоғарғы игілікті іс деп сенеді ойшыл. Халыққа қызмет ету идеясы, өз мүддесінен халық мүддесінің басымдылығы Абай шығармашылығының арқауы болып өтті.
Адамның қалыптасу процесінде тəрбиенің, қоршаған ортаның рөліне үлкен мəн бере отырып, Абай өзін-өзі тəрбиелеумен айналысудың қажеттілігі туралы ойды баса айтады. Адам өз-өзіне басқаша көзбен қарауға, өзіндік талдау, өзіндік баға беру, өзіндік бақылау қажеттілігі туралы есте сақтауға тиіс.
«Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мəртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса, айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?» – деген тоқтамға келеді қазақ ойшылы (Абай (ИбраҺим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы.
ІІ-том. – Алматы, Жазушы, 2005. – 336 б., 103).
Жоғарыда тоқталып өткендей, Абайда адамды қандай да бір əрекеттер жасауға итермелейтін қажеттіліктерді қанағаттандырудан туатын жағдайлар деп атап кеттік. Бірақ қажеттіліктерді қанағаттандырудың да шегі бар, оның өз мөлшері бар деп есептейді ойшыл: «əрбір жақсы нəрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса – жарамайды. Өлшеуін білмек – бір үлкен керек іс... Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл нəрселердің бəрінің де өлшеуі бар»
(Абай (ИбраҺим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. ІІ-том. – Алматы, Жазушы, 2005. – 336 б., 152). Бірақ мөлшерді қалай білеміз? Ұлтты сезіну, арлылық адамды парасаттылық пен асып-таспаудың жолында ұстап тұрады дегенге тоқталады Абай. Бұл жерде біз белгілі орыс философы Вл. Соловьев пен Абайдың ұлт туралы ой-пікірлерінің соншалық күтпеген үңдестігіне таңданушылықпен назар аударғымыз келеді. Вл. Соловьев ұлт сезімі, ұлт дегеннің өзі жалпы адамдықтың, моралъдық маңызды бірінші элементі деп есептеген, ұлтты мінез-құлықтың айрықша реттеушісі дей келіп, Декарт сөзін былайша келтіреді: «Мен ұяламын, демек, мен өмір сүрудемін». «Ұятты жоғалту», яғни «адамдықты жою» деген байламға келеді орыс философы
(Гулыга А. Владимир Сергеевич Соловьев. Статья // Литературная газета. –М. 1989. – 18 /01, 42).
Абай «Ғақлияның» отыз алтыншы сөзінде осы ұғымды толық талдай келіп:
«Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы…» (Абай (ИбраҺим) Құнанбаев.
Шығармаларының екі томдық толық жинағы. ІІ-том. – Алматы, Жазушы, 2005. – 336 б.) – дейді. «Ғақлияның» он төртінші сөзінде қазақ ойшылы былайша ой қорытады: «ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын бір тексермей кеткен кісі, тəуір жігіт түгіл, əуелі адам ба өзі?» (Абай (ИбраҺим) Құнанбаев.
Шығармаларының екі томдық толық жинағы. ІІ-том. – Алматы, Жазушы, 2005.
– 336 б., 102). Екі ойшылдың идеяларындағы мұндай айқын үндестіктің,
философиялық идеялардың мұндай жаңғырығын түсіндіру қиын. Абайдың Вл.
Соловьев еңбектерімен таныс болды деген ұйғарымға келуге болады, өйткені олар Ресейде көптеген журналдарда жарияланған, кеңінен танымал болды, ал Абай бай кітап қорымен əйгілі Семей кітапханасының тұрақты оқырманы болғаны жұртшылыққа белгілі. Ж. Аймауытұлы «Абай» журналында жарияланған мақаласында, қазақ ағартушысының философиялық қағидаларына байланысты былай деп жазады: «Шеберлікті меңгер», оқы, еңбек ет, тəрбиелі бол, адам бол, шамаңды парықтай біл деп Абай табаңдылықпен қайталайды. Ол халқыньң қамын ойлады, адамдық атына қызмет етуге, адамды туысындай сүюге шақырды». Ж. Аймауытұлы сондай-ақ Абайға «дананың көрегендігі, ізгілікке құштарлық, əділдік, шыншылдық» тəн деп тұжырымдап, ол өмір бойы
«жаңылыс басқандарды дұрыс жолға бағыттауға ұмтылды», – дейді (Аймауытов Ж. Журнал туралы // «Абай». 1918. – № 1).
Біздің көзқарасымызда жазушы Абайдың философияның негізгі өсиеттерін талғампаздықпен өте дəл айқындады, оның өн бойында адамға деген гуманистік идеялар тұнып жатқан болатын. Абай ғұмыр бойына адамдық идеяларын ұсынды, ол адамды шыққан тегіне, қоғамдағы дəрежесіне, ақсүйектігі мен байлығына қарап бағаламауға; адамның адамдарға жасаған жақсылығына, оны рухани дүииесіне қарап бағалауға үңдеді, рухани қасиеттер – адам өміріндегі басты нəрсе деп есептеді. Нұрлы ақыл мен ойлы жүрек адамды бастап жүруге тиіс, сонда ғана оның еңбегі мағыналы, ауқаттылығы орынды. Ол адамның ішкі əлемі əрқашан даму үстінде болатынын байқап, өзінің негізгі философиялық принципі «Адам бол!» дегенді имандылықтың жетілуі тұрғысынан түсінді.
Басқа да ағартушылар секілді Абай да қоғамның жақсаруына имандылықты жетілдіру жолымен қол жеткізуге болады деп, ал оның жоғарғы міндетін халық игілігіне жарауға ұмтылу деп білді.
Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен əлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Оны біржақты бағалауға, бір бояумен көрсету мүмкін емес. Дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын деуге болады. Біріншіден, сыртқы дүниенің қисынды тұтастығын, өмір сүретіндігін қуаттайды. Мысалы, қырық үшінші қара сөзінде адам «... Көзбенен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады», – дейді. Бұл сипатта Абайдың философиясы болмыстың мəнін адамның игеруімен (немесе оны құрайтын заттардың, құбылыстардың, жағдайлардың, деңгейлердің, үдерістердің жəне т.б. мəнділігімен), адамның əлемге қатынасының мəнін жəне ондағы адамның мəнділік орнын танумен айналасады.
Абай көптеген өлеңдерінде, отыз сегізінші сөзінде жан-жануарларды, адамды, тіпті, машина, фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды.
«Мен» жəне «менікі» деген философиялық мəселені қарастырып, өзіндік тұжырымға келеді. Ақынның ойынша «мен» – ақын, жан, «менікі» – адам тəні. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ əуел бастан, «менікі» өлсе өлсін, оған бекі»
деп, тəн өлгенімен жан өлмейді деген қорытындыға келеді. Абай таным туралы
құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын қуаттың аты – ақыл дейді.
Көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен диалектикалық тұжырымдардың бейнесін көруге болады. «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деген өлеңінде:
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, Тағдыр жоқ, өткен өмір қайта келмек , – деп, отыз жетінші қара сөзінде:
Дүние — үлкен көл, Заман – соққан жел,
Алдыңғы толқын – ағалар,
Артқы толқын – інілер (Абай (ИбраҺим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. ІІ-том. – Алматы, Жазушы, 2005. – 336 б., 123) ,–
деп, дүниенің өзгерісте, дамуда екенін болжайды. Мұнымен бірге əр нəрсенің өлшеуі бар, өлшеуін білмек – бір үлкен керек іс деген пікір айтады. Өлеңдер мен қара сөздеріне зер салып қарасақ, көптеген философиялық мəселелерді қарастырып, өзіндік ой-пікір, тұжырым жасағанын байқаймыз.
Шығармаларының басым көпшілігінде өмір, өмірдегі адамның орны, оның мақсаты, мұң-мұқтажы туралы ой шертіледі. Ендеше, философияның негізгі мəселелері Абай шығармаларында кеңінен талқыланады деуге болады.
Ұлы ақын да Шоқан, Ыбырай сияқты қазақ халқының шырғалаңнан құтылар жолы – білім игеру, кəсіпті дамыту, аянбай еңбек ету деп біледі.
Әсіресе, еңбекті дəріптейді:
Еңбек етсең ерінбей Тояды қарның, тіленбей...
немесе,
Бақпен асқан патшадан, Мимен асқан қара артық.
Сақалан сатқан кəріден,
Еңбегін сатқан бала артық (Абай (ИбраҺим) Құнанбаев.
Шығармаларының екі томдық толық жинағы. ІІ-том. – Алматы, Жазушы, 2005. – 336 б. ), – деген сөздерде қанша философиялық тұжырым, ой жатыр. Аянбай еңбек етудің арқасында ғана адам дұрыс тұрмыс құра алады, ағайын-туысқа шапағаты тиіп, құрметке бөленеді деп тұжырымдайды. Абайша, сену үшін алдымен түсіну қажет. Оның бұл ойлары Пьер Абеляр, əл-Фарабиге жақын. Абай адам мəселесін оның қайшылыққа толы қоғамдық болмысының аясында қарастырады. Осыдан келіп адамның əлеуметтік белсенділігі, шығармашылық мүмкінділігінің шексіздігі туралы идея туады. Ал Адам – өз тағдырының қожасы жəне құрушысы. Адам тіршілігінің бірегейлігі, жердегі тіршілігінің құндылығы əр адам жанының қайталанбас сонылығы идеялары – Абай тұжырымдамасындағы негізгі идеялар. Өз шығармаларында ол адамға мейірбандық көрсету, сұлулыққа ұмтылу – жоғары имандылық қасиетінің белгісі, көрінісі деп айтудан жалықпайды.
Адамдардың əр түрлілігі жайлы айта келіп, Абай əр адамның өмірде өз орнын табуының маңыздылығын атап көрсетеді. Адамның өз орнын, өзін
табуына жол сілтеу, бағыт беру – ағартушының, бұқараны тəрбиелеушінің бірінші міндеті осы деп біледі. Осыдан келіп «Адам бол!» деген Абай философиясының негізгі принципінің мағынасы мен мəні ашыла түседі: əр адам өзінің шығармашылық мүмкінділігін іске асырып, өзін жетілдіре алады жəне жетілдіруі тиіс.
Абай – ұлы гуманист. Ол құдай идеясын адамнан жоғары сырт күш деп қабылдайды. Өлмес жан туралы, мəңгілік, шексіздік жайлы ой қозғағанмен, бұл ұғымдар діни мағынада емес, əл-Фараби секілді игі істер мен ойдың əлеумет жадындағы мəнгіліктілігі деген түсінікте келтіріледі.
Абай əредік «мен» жəне «менікі» деп адамның рухани дүниесіне тəн тіршілігін, биологиялық болмысын қарама-қарсы қояды. Әйтсе де бұл қарама- қарсылықты жан мен тəн дуализміне дейін өрбіте қоймайды. Осылайша Абай адам мəселесін этикалық, қоғамдық-саяси, т.б. қырларда ғана қарастырып қоймай, толық философиялық дəрежеде ұғынуға ұмтылғанын атап өтуіміз қажет.
Абайдың «толық адам» мəдени типінің ділдік ерекшеліктерін айқындау үшін шығыстық, батыстық жəне толық адами дүниетанымдар мен дүниелік қатынастардың ерекшеліктерін кестелік тəсілмен келтірейік:
Шығыстық адам Батыстық адам Толық адам Микрокосм Макрокосм Жарық дүние Виртуалдық Рационалдық Адамгершілік Интросубъект Субъект-объект Субъект-объект
Біртұтас дүние Өзгермелік дүние Адамдандырылатын дүние Психология Технология Экология
Мистика Ғылым Этика
Тұйық қоғам Ашық қоғам Сұхбаттастық қоғам Өзін тану Табиғатты тану Адам болу
Дін Философия Мәдениет
Тағдыр Белсенділік Қарым-қатынас Идеализм Материализм Синкретизм
Поэзия Проза Эпос
Егіншілік Урбанистік Отбасылық
Өз халқын шын пейілімен сүйген Абайға жалаң ұлтшылдық, шовинизм, діни төзімсіздік жат. Ол өз халқын бір орында тұрып қалмауға, тұйықталмауға, рухани байлықтарын əр халықтың, соның ішінде орыс халқының жетістіктерімен байытуға шақырды. Абайдың өмірі, шығармалары терең адамгершілік мағынаға ие жəне ағартушылық-тəрбиелік мəні жағынан баға жетпес құнды дүние. Абай өмір сүрген көшпелі əлеуметіндегі еркіндік, ашықтық, кеңпейілділік, қонақжайлылық сияқты құндылықтар келесі тұлғаландырылған адами типтердің жиыннан ерекшеленіп шығуымен түсіндіріледі: батыр, ақын, жырау, сал, сері, бақсы, би жəне т.б. 2020 жылы 10-тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде «Абай – рухани реформатор» деп аталған мақаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мынадай бағдарлық ой айтады: «Абай халықты той тойлауға емес, еңбек етуге, рухани кемелденуге
шақырды. Абайдың ұлағаты əлі күнге дейін маңызын да, құндылығын да жоғалтқан жоқ. Сондықтан біз оның терең ойларына, келешектің келбетіне үңілген көрегендігіне таңырқаудан жалыққан емеспіз. Абай ілімі бүгінгі бірқатар бағыттарға орайлас келеді. Біз Абайды ХІХ ғасырда өмір сүріп, ХХІ ғасырдың сөзін сөйлеген данышпан ретінде əлемге танытуымыз керек.
Сонымен қатар оны ұлттық сананы жаңғыртуға зор ықпал еткен рухани реформатор ретінде дəріптеуге міндеттіміз. Сондай-ақ Абайдың «толық адам»
ілімі жан-жақты əрі терең зерттелуге тиіс» (Тоқаев Қасым-Жомарт. Абай – рухани реформатор // https://egemen.kz/article/244790-qasym-zhomart-toqaev-abay-rukhani- reformator. Egemen Qazaqstan. 10.2020).
Бірнеше тарихи паралельдер: көне сақ ойшылы, «əлемдегі жеті данышпанның бірі» Анахарсис, өнегелік жөніндегі антикалық түсіндірмелерге күмəнданушылықпен қарай отырып, оларға көшпелілердің жоғары руханилығын қарсы қояды. Орхон-Енисей жазба мұралары табғаштардан (қытайлардан) өнеге мен жүріс-тұрыс стереотиптерін алудың қауіптілігін ескертеді. Әйгілі, Қорқыт Атаның өзі өмірдің мəнін, əрі адамзаттың мəңгі өмір сүруінің жолын іздейді. Абай атамыз адам болуға шақырады. Осы қысқаша сентенциялардың өзінен-ақ түпкілік руханилықтың толық адамға деген бағыты анық байқалады. Абай ұсынған «толық адам» ілімінің құндылықтары келесілермен айшықталынады:
- білімнің (ақиқат), эстетика (сұлулық) мен этиканың (жақсылық) синкреттілігі;
- бинарлық оппозицияның кең таралуы: өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, дене мен рух, сакральдық пен профандық, лəззат пен өзін-өзі шектеу (аскетшілдік) жəне т.б.;
- философемалар этикалық кеңмəтінде беріледі;
- қоршаған ортамен гармонияда болуы;
- əдеп ұстындарының негіздері ретінде ар мен ұят түсініктері алынады;
- ата-бабалардың маңыздылығы (тектілік);
- өнегелік пен адамгершілік сапаларының сəйкес келуі («кісілік»);
- өнегеліктің геронтологиялық басымдылықтары;
- əйелге деген сыйластық пен кісілерге ізет;
- көшпелілік (номадтық) пен ислами формалардың адамдық
келісімділік ерекшеліктері: («шүлен тарту», «асар», «жылу», «сыбаға», үлкен кісілер мен балаларға деген жауапкершілік);
- дамыған қонақжайлылық институты жəне т.б.
Бұл пəнилік өмірдің шектелуі екендігі бəрімізге белгілі. Былайша пайымдауға болады: адамды өзінің шектеулі шеңберінен шығарып, «өзгеге»
құштарлықпен ұмтылуға мəжбүрлейтін құдіреттің бар екендігін ескерсек, оның жалғыз тəсілі – бұл рухани күш жігер болып табылады. Мұны идеалдық, руханилық, ақыл-ой жəне т.б. атаулармен атауға болады. Осылай зерделеудің нəтижесінен мынадай түйін келіп шығады: Абай философиясындағы «толық адам» дегеніміз адамның өзінің шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін рухани форма.
Қорыта келе, Абайдың «толық адам» ілімінің пайда болуы қазақ қоғамының дамуы барысында қалыптасқан, ұзаққа созылған дағдарыстан шығу жолын қарастырудың аса қажеттілігі нəтижесінде туған заңды құбылыс екенін ескеру қажет. Абайдың философиялық ой-толғауларына шолу жасау барысында көп ауыртпалық пен қиындықты басынан кешірген, бірақ бұл қиындықтарға мойымаған қазақ халқының даналығына тағы бір рет көзіміз жетеді. Ізгі өнегелерін сақтаған халық мəңгі жасайды, ал өнегелілігін жоғалтқан халық құриды деген анық, əрі дана пікірді мойындаймыз.
ПЫСЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Адам өмірі жəне оның құндылығы мен өзіндік ерекшелігі.
2. Адамзат – əлемдік қауым.
3. Адамның табиғаты, мəні, тағдыры.
4. Философиядағы адам мəселесі.
5. «Адам», «жеке адам», «даралық», «кісі» ұғымдарының диалектикасы.
6. Адамның руханилығы. Адамның табиғи, əлеуметтік-психологиялық жəне рухани себептел уі.
8-ТАҚЫРЫП. ӨМІРДІҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ
Тақырыптың мақсаты: Адам өмірінің экзистенциалдық мәселелеріне философиялық талдау беру