• Tidak ada hasil yang ditemukan

2- ТАҚЫРЫП. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХИ ТИПТЕРІНІҢ ПАЙДА

4.1. Болмыс философиясы

«Онтология» термині грек тілінде екі сөз тіркесінен тұрады: «оntos» болмыс, «1оgos» ілім. Демек, онтология грек тілінен аударғанда болмыс туралы ілім дегенді білдіреді. Философияда бұл термин XVII ғасырдан бастап қолданылады, бірақ оның сол кезге дейінгі де тарихы бар. Екі жарым мың жыл бойы философтар əлемдегі адамның орны туралы ой толғап келді, соның нəтижесінде философияда осындай ерекше сала қалыптасты. Онтологияда

«болу» деген қасиетке ие болатын барлық нəрселер мəнін ашуға негізделетін болмыс мəселесінің сұрақтары қарастырылады. Онтологияның негізгі категориясы «болмыс» болып табылады.

Философияның қалыптасуы да онтологияның пайда болуы мен дамуына арқау болған негіздермен байланысты. Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасыңдағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы болып табылады. Болмыс батыстық рефлексияда базалық категория деп саналады, өйткені ол заттардьщ мəнін бейнелейді. Бұл мəнділік «болудың» сипаттамасы болып табылады. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мəселелерді шешу барысында ой толғауды ең алдымен «барды», «болуды» түсіндіруден бастайды жəне бұл ойлаудың негізгі азығы болып табылады. Дүниеге келгеннен кейін адамды мынадай сұрақтар мазалайды: «Қоршаған орта нені білдіреді?», «Оның шығу тегі қалай?», «Әлем мен адам болмысының шеткі түпнегізі не?».

Болмыс туралы ең өткір сұрақтар құдайдың құдіреттілігіне күмəн келтіріліп, ортодоксальды ақыл-ойдың дағдарысы тұсында қойылады. Әлдебір бір құдайлар пантеонының бар екендігіне, өмірде орын алған экзистенциалдық дағдарыстық ахуалды тоқтатуда олардың үстемдігі мен құдіретіне күмəн келтірілетін əлеуметтік катаклизмдер мен əлеуметтік сілкіністер тұсында ортодокстар арасында скепсис күшейе түседі. Қорғаны кұдайлар мен қалыптасқан нормалар болған өмірлік тіреуден айрылу, тұрақтылығына ғасырлар бойы адамдар сеніп келген этикалык құндылықтардың салыстырмалығы мен субьективтілігі сенімсіздік пен үрей ұялатып, ғасырлар бойы қалыптасқан байырғы көзқарастардың жойылуына əкеледі.

Қалыптасқан экзистенциалды тығырықтан шығу жолын болмысты рационалды түрде негіздей отырып, оның шынайылығына сенімділік білдіретін философия көрсетеді. Болмысты рационалды негіздей отырып, философия осыған дейін өмір сүріп келген мифтік-діни тəжірибеге философиялық рефлексия жасай отырып, дүниетанымдық мəселелермен айналысады. Осы уақытқа дейін пайымдалмай келген болмыс осы жерде орны бар мəнділік ретінде зерделене бастайды. Болмыс мəселесі – бұл өз бастауын адамзат

баласының қоршаған орта туралы діни иллюзиялардан (сағымдардан) бас тартқан кезінен алатын философиялық рефлексиялардың бірі. Философияның қалыптасқан кезінен бастап адам қоршаған орта туралы иллюзиялық- мистикалық көзқарас шеңберінен шығып, оның мəнділігіне алғаш рет үңіле бастайды. Дамыған теориялық рефлексия арқасында адам нақты əлем туралы, өзі туралы, өзінің нақты жағдайы мен мақсаты, өзінің əлемдегі нақты рационалдық үстемдігінің мүмкіндіктері мен шектері туралы шындыққа жақын көзқарас қалыптастырады.

Философия арқасында адам өз құдіретінің жана формасына ие болады. Бұл көзқарас бастапқыда адамға қуанышты əсер етті, кейінірек əлемге деген астамшыл қатынасты қалыптастырса, ал XX ғасырдың соңына қарай адам ол қатынасын жоғалтып, негативті бағалауға көшті. Бірақ бұның келешегіне қарамастан, бастапқыдағы ақыл-ой құдіретіне деген сенім мен сүйеніш адамға рухани еркіндік пен белсенді əрекет сыйлады. Әлемге деген мүндай белсенді əрекеттік жəне рационалды қатынас болмыстағы белгілі бір тұрақты жəне қажетті нақтылық туралы ойға бүтіндей негізделді. Бүл ой əлемде белгілі бір зандылықтың, тəртіптілік пен үйлесімділіктің бар екендігі туралы идеямен тығыз байланысты болды жəне философияның көмегімен негізделді. Ал адамның тұрақты жəне реттілікпен өмір сүруіне кепілдік беретіндей нəрсе, əрине, ақыл-ой болып табылады.

Әлем мен Адам тұрақтылығының кепілі өз-өзіне жеткілікті жəне универсалды абсолюттік ақыл-ой болып табылады. Бұл абсолюттік ақыл-ой əлемдегі тұрақтылықтың, тіреудің жəне реттіліктің негізі ретінде абсолюггік болмыстың бар екендігін айғақтайды. Осы болмысты зерде арқылы пайымдауға мүмкіндік беретіндей абсолюттік ақыл-ой Тұтастық пен Универсалдылықтың кепілі бола алады. Ал ойдағы болмыстың өзі тұтас жəне ажырамас, нағыз жəне мəнділік ретінде қалыптасады. Бірақ осындай сипаттамасыз болмыс та, ақыл- ойдың өзі де жоқ. Абсолюттік ақыл-ой ретіндегі философияның өзі барлық жалпылық туралы рефлексия, Әлем мен Адам, олардың арақатынастарына абстракциялық деңгейде рефлексия жасау. Міне, дəл осындай негіз ақыл-ойды құрылымдауға (конструирование) мүмкіндік береді, яғни болмыс туралы тек оған деген ойша көзқарас арқылы пайымдауға жағдай жасайды. Болмыстың бар екендігі туралы тек рефлексия арқылы, ол туралы абстракциялық ой-толғау арқылы ғана көз жеткізуге болады. Егер абсолюттік ақыл-ой болса, онда ой арқылы болмыстың өзін жете игеруге жəне ол туралы түйіндер жасауға болады.

Болмыс туралы абстракциялық-пайымдық көзқарас оның уақыттан, сезімнен тыс екендігі, оның жойылмайтындығы туралы шарттармен толықтырылады жəне оны тек зерделеу тəсілімен, яғни философиялық рефлексиямен ғана игеруге болады. Демек, болмысты игеру барлық жалпылық деңгейінде мүмкін болады. Жəне адам осы философиялық рефлексиялау қабілеті арқылы осы барлық жалпылықты мойындағандықтан, бұл таза ақыл ретінде адамның əлем туралы көзқарасына оның реттілігі, заңдылығы жəне қажетгілігі туралы идеяны қосады. Құдайдың құдіретіне күмəн келтірген адамдардың ең бастапқыдағы азапты ізденістері, осы абсолютгік бастау идеяларымен байланыстылығы бекерден-бекер болмаса керек. Олар бұл өзіндік универсалдылыққа өзін-өзі

саналы түрде сезіну арқылы, субъективтілікке ие болу арқылы жетті, ал оны бірегейлендіру таза ақыл болып табылады. Ақыл-ойдың болуы мен оның болмысына деген сенімділікке ие болу адамға өзінің болмысында жөне əлем болмысында рухани күш-жігер береді жəне өзін, санасын жəне қоршаған ортаны өзгертуге, əрекет етуіне жағдай жасайды.

Ал өз ойы мен жоспарын, сыртқы құрылымды өзгертудегі өз əрекеті мен актін жүзеге асыру үшін адам əлемге деген көзқарас тəсілі бейнеленетін жəне ондағы адам болмысы анықталатын философиялық онтологияны дайындап шығаруы тиіс. Әлемдегі адам болмысының тəсілі жəне əлемге қатынас типіндегі оның бейнелену тəсілі онтология болып табылады жəне одан бүкіл адам əлемі туындайды. Демек, əлемдегі Адамның позициясы көбіне социомəдени нақтылықты, яғни Адам əлемін пайымдау мен қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Шығыстық мәдениет әлеміндегі адам болмысы.

Шығыс дəстүрлерінде болмыс тақырыбының қалыптасуы шынайы жəне өткінші болмыс тақырыптарымен тығыз байланысты. Болмыстағы шынайылық пен өткіншіліктің ең ертеде түсіндірілуі мен олардың айырмашылығы Ригведа гимндерінде (Насадиясукта) кездеседі. Онда «сат» деп белгіленетін шынайы болмыс хаосты үйлесімділікке, тəртіпке заңды түрде реттейтін əлемдік күш ретінде анықталады.

Өткінші əлем шынайы болмысты алмастыратын, салыстырмалы түрде ауысып отыратын, көзге көрініп қана тұратын сағым тəрізді нақтылық болып табылады. Шынайы болмыстан өзге шрамандар болымсыздықты да айырады.

«Асат» деп атай отырып, аскеттер оны қиратушы күш ретінде сипаттайды.

«Кена-Упанишадтағы» интеллектуалдық пайымдауларда болмыс сезім мен ақыл-ой арқылы қабылданбайтын, бірақ өз формаларының нақты көрінісі арқылы оның бар екендігін тұжырымдауға болатын – Брахман деп түсіндіріледі. Егер оның формалары болса, онда оның мəні де бар, – деп түйіндейді аскеттер. Ал мəнділік деген не? Бұл сұраққа Удалака былайша жауап береді: «Барлық ... жаратылыстың түбірі Мəнділікте, тұрағы Мəнділікте, сүйеніші Мəнділікте». «Бхагавадгитада» мифтік Кришна Брахман деп аталатын мəнділік түріндегі болмыс туралы айта келіп, шынайы болмыс пен өткінші болмыстың айырмашылығын дəл көрсетеді. Кришна үшін шынайы болмыс – Жоғарғы Брахман – мəңгілікке оранған болмыс. Оның басталуы да, анықталуы да болмайды, оны ешкім туғызбайды, ол бұзылмайды жəне оның мəні бүкіл əлемді жəне одан тыс нəрсені де алып жатыр. Брахман – жалғыз, ол бір мезетте мəнді де мəнсіз, ол мəңгілік жəне шексіз. «Бұл бүкіл əлемнің өн бойын қамтитын нəрсе, ешқашан да бұзылмайды. Тек денелер ғана өткіншінің бейнесі.

Ол болса – мəңгілік. Өлшенбейтін, ол ешқашан да өлмейді».

Брахман түріндегі болмыс туралы идея шрамандардың ең алғаш əлемнің мифологиялық картинасына деген сенімді жоғалтқанда ең алғаш халық алдына шыққандағы рационалдық принципі болды.

Ертедегі Үнді аумағындағы ұлы өзгерістер тұсында, бір мифологиялық түсініктің орнына екіншісі келіп, бірақ өздерінің қүдайларына деген сенімді жоғалтып жəне де жаңа өзге халықтардың əкелген құдіретіне сенбестік білдіріп,

адамның өмір қамына қатысты маңызды мəселелер шешімін таба алмай жатқан кезінде адамзат ақыл-ойының күшіне деген шаманның (бақсының) бойындағы үміт халықтың бойында сенімділік ұялатты. Осылайша Арджуна Кришнаның өткір уəждеріне сене отырып, соғысқа батыл кіріседі. Оның батылдығы мен өжеттілігі, Брахманмен мəңгі байланыс орнатқаны үшін, Атманнан қолдау табады.

Адамға ашылған Ақиқат бойынша ол «Менге» (Атманға) ие бола отырып, өз мүмкіндіктерінің көкжиегін кеңейте түседі, егер өз болмысында үйлесімділік болмысын, табиғи əлем болмысын бұзбай, заңмен, тəртіппен жүрсе Мəнділікпен байланыс орнатуға қабілетті болады. Адам болмысы ол өзінің

«Менге» ие болғанын санасымен сезіну арқылы ашылады, яғни өзіндік

«Меннің» рухани көкжиегін кеңейту арқылы, өзінің əлемге қатыстылығын, əлемнің байланыстарын, құрылымдық элементтерін, формаларын бұзбай əрекет ету мен пайымдалған болмыс арқылы Брахманмен қосылуға болады.

Көрінбейтін Универсум идеясын негіздей отырып, үнді онтологиясы адамның əлемдегі өзіндік позициясын айқындайды. Әлем жетілген жəне əдемі, өзінің құрамдас-құрылымдық элементтерімен өзі туралы кез-келген көзқарастан асып түседі. Сондықтан қайта құруға тырысқан кез-келген белсенді ұмтылыс жүзеге аса қоймайды. Адам көрінбейтін Мəнділіктің əр түрлі құрылымдық түзілімдері мен формаларын ұғынуға қабілетті жəне соның негізінде ол туралы кез-келген логикалық конструкция бір жақты жəне шектеулі екендігін түсіне алады.

Шектеулі жəне бір жақты көзқарастар əдетте нақты емес, бір белгісіздікке деген сенімді туғызады. Адам болса, философиялық рефлексияның көмегімен Нақтылықтың (көрнекіліктің) не екені туралы білім ала алады жəне ол болмысқа ие болады. Осы Нақтылықты негіздеу – философияның прерогативасы жəне ол адамға тыныштық əкеледі, Мəнділікпен бірігуін, онымен байланысын қамтамасыз етеді.

Индуистік дүниетанымда болмыстың тұтастығы, əр түрлі барлық үдерістер мен заттарды біріктіретін жалпылығы туралы Да идея бар. Бұл идея əлем мен адам өмір сүруінің шеткі түпнегізін іздеуге бағдарлайды. Болмыстың шеткі түпнегізінің субстраттық жəне құрылымдық сипаттамаларының дəйекті дəлелдемелерін іздестіруге ұмтылу адамға бұл дүниенің шынайы болмысына сенуге, өзін осы əлемнің құрамдас элементі ретінде сезінуге негіз болады.

Индуистік дүниетанымдағы мұндай бағдар эзотериялық емес көңіл-күйдегі адамның бұл дүниедегі бар нəрсемен қуануға жəне шаттануға ұмтылуын бейнелейді. Даршандардың дүниетанымынан көрінетін рухани жетістік позициясы тек сезімдік лəззат алуға деген құмарлыққа жəне əлемге деген бір жақты гедонистік көзқарасқа қарсы бағытталғанымен, А. Швейцердің пікірінше, өмірді теріске шығармайды, керісінше, өмірге терең ізгі құрметпен қарайды. Өмірге деген тіршіліктік жəне материалдық мүдде теріске шығарылмайды. Олардың концептуалдық түйіндерінің мəні материалдық əлемде бар затгар мен үдерістердің болмысын жоймау, табиғаттың (Брахманның) бекіткен тəртібін бұзбаумен сипатталады, себебі дхармамен орнатылған үйлесімділік бұзылса, адамның бұл іс-əрекеті қауіпті деп саналады.

Олардың философиялық ой толғаулары мен апологетикасы, сондай-ақ, рухани

болмыс құндылықтарын пайымдаумен жəне сезінумен де байланысты. Бұл рухани болмыс адам болмысына қажетті Карма заңдылығын бұзбай, əлемдегі тепе-тендікті сақтауға мүмкіндік береді. Рухани жетістікке жету, бұл əлемде болуыңның белгілі медитациясын жасау жəне қоғамның, отбасының жүктейтін міндеттері мен функцияларын орындау, даршандардың ойынша, индивидтің күнделікті тіршілігінде жетіспей жататын нəрселердің орнын толтырады. Бүкіл ғаламмен салыстырғанда өзінің бұл дүниеде болуының бір мезеттік екенін сезінген адам əлемнің өзара бір-бірімен тығыз байланыстылығын жəне өзінің жауапсыз болмысы мен бас пайданы ғана көздейтін əрекеті өз ұрпақтары үшін қандай салдар əкелетінін (Калиюта) үғынуы тиіс. Индивидтің болмысы заттар мен үдерістердің жəне ниетті, құштарлықты қанағаттандыруға қажетті тағы басқа нəрселермен байланысты болғандықтан, дхарма, карма, артха – бұл индивидтің соңғы мақсаттарының пайымдық анықтамалары болып табылады.

Рухани болмыс қажеттілігіне бағдар ұстанған үнділік даршандар өмірді негізгі атрибут ретінде санай отырып, оның барұлық құбылыстарын да теріске шығармайды. Бұл олардың субстанционалдық əлем туралы айналысқандықтарынан көрінеді. Олар əлемнің болмыстылығын негіздеп қана қоймай, оның құрылымдылығы мен субстанционалдылығын дəлелдеуге тырысады.

Санкхья, миманса, ньяя, вайшешика секілді индуизм жүйелерінде субстанцияны іздеу мен негіздеуге деген қызығушылық орын алды. Өзге дүниетанымдық бағдарларда Брахман ретінде анықталған жəне белгіленген бұл субстанцияның олар заттай түрін іздеуге ұмтылды. Егер вайшешика субстанцияның он түрін (төртеуі атомдардан түратын физикалық, үшеуі – сезіммен қабылдайтын, екеуі – созылмайтын) айырса, ал санкхья екі бастауды (пуруши жəне пракрити) ғана мойындайды. Чарвактар мен джайналықтар болса, өздерінің субстраттық-заттық концепциясын ұсынады. Чарвактар материалдық əлем нағыз болмысты білдіреді, ол нағыз жəне тұтас деп есептесе, джайндар субстанцияның тұрақтылық, үнемілік жəне созылмайтын қасиеттерін мойындайды. Субстанцияның бар екендігін оның болмысы мен қозғалысы, көп қырлы атрибуттары арқылы аңғаруға болады. Субстанцияны жəне оны құрайтындарды, оның атрибуттарын білу адамға рухани парасаттылыққа жету барысында дұрыс өмір сүруге септігін тигізеді.

Егер чарвактар бұл парасаттылықты бірігуден, адамгершілік пен материалдылық үйлесімділігінен, адамгершілік жəне сезімдік гедонизмге жетуден, өз болмысыңда өзіңді толық айқындаудан көрсе, ал джайндар өлімді болымсыздық ретінде толық қарсы алуды да ұмытпау керек деп санайды, себебі бұл дүниедегі өз болмысың ертелі-кеш болымсызға да айналады. Өлім туралы ұмытпаудың қажеттілігі бұл өмірдің қызықшылығына еніп кеткен адамның кенеттен келген болымсыздық алдында дайын болуынан көрінеді. Индивид өлімді өзінің болмысына тəн емес нəрсе ретінде емес, болымсыздық о баста өзінің болмысына тəн нəрсе ретінде адамгершілік тұрғыда қабылдауға дайын болуы тиіс, өйткені адам болмысының шынайылығы болумен де, болымсыздықта болумен де сипатгалады, бейболмыстың бар екенін «осы болмыста» да сезінумен ерекшеленеді. Материалдылықтың, сезімділіктің өз

орнын бағалай отырып, заттар əлемі мен адамдар əлемінде өз парызын атқара отырып, адам өзінің қалған өмірін ой-толғанысқа, өлімді болмыс пен бейболмыс қатар өмір сүретін мəңгі айналымға өтудің бір кезеңі ретінде қабылдауға арнай отырып, күйбең тіршіліктен бас тартады. Сондықтан, өлімді бейболмысқа өтудің табиғи жолы ретінде ешқандай қорқынышсыз, саналы түрде қарсы алады.

Шығыс аймақтардың философиялық жүйелеріндегі шығыс адамының белсенділігі оның тікелей адамға бағытталғандығымен ерекшеленеді. Адам өзін жəне өз қабілеттерін дамытып жетілдіре отырып, табиғи жүйелердің жетілген формасына дейін көтеріледі жəне адам мен əлем, табиғат заңдылығы мен табиғи ортаның болмысы арасындағы үйлесімділікті сақтай отырып табиғаттың дамуына өз ықпалын тигізеді.

Әлемдегі болмыс бүтіндік, бастапқы тұтастық (сингулярлық ұғымына жақын) ретінде көптеген сансыз объектілерге оның ішінде адамға да əр түрлі əсерлерін тигізеді. Адамның іс-əрекеті мен оның салдарлары, əр түрлі техникалық, технологиялық, шаруашылық ықпалдар ғаламның бүкіл объектілеріне əсер етеді жəне бұл күштер бір-біріне соғылып, сонымен қатар олардың салдарлары да бүкіл ғарыш болмысына бүтіндей ықпал етеді.

Сондықтан да əлемдегі адам болмысы туралы ой толғаған Шығыс философтарының осы мыңжылдық рухани төжірибесінің маңызы жоғары болды. Бұл Даналыққа Батыстық əлем рационалдылығының бірі ретінде ғылым салыстырмалы түрде жас болғандықтан үнемі ден қойып отырды жəне қазіргі кезде де оның құпияларына Батыстық мəдениет зор ықылас білдіруде.

Батыстың мәдениет әлеміндегі адам болмысы.

Антик мəдениетінде ұзақ уақыт бойы адамның əлемнен ажырамас жəне терең байланысы бар екендігі туралы идея мойындалып келді. Бірақ уақыт өте келе сонымен қатар əлемдегі адам болмысының жаңа көзқарасы да қалыптаса бастады.

Адамның əлемдегі орны туралы бұл жаңа көзқарас тек адам болмысының ғана емес, оның жалпылықтағы, универсалдылықтағы болмысында тұрақты негізінің мəселелерін шешудің мүлдем жаңа тəсілімен байланысты болды.

Мұның өзі адамды тек өз өмір қамымен белсенді айналысу ғана емес, барлық бағытта белсенді əрекет етуді интуитивті ұғынуға əкелді. Қойылған мəселеге жауап іздеу оның негізін негіздеуден басталып, кейінірек адамның белсенді əрекетінің өзінің мəні туралы сұраққа жауап ізделе бастады.

Жауаптың генезисі (шығу тегі) адамның табиғаттан бөлініп шығу мүмкіндігін пайымдаудан жəне табиғатқа қатыстьі оның кім екендігі туралы мəселені шешуден келіп шығады. Сұраққа жауап іздестіру мынадай мəселелерді талқылаудан басталады. жазмыш пен тағдыр, жауапкершілік пен парыз тақырыптары, өз орнын белсенді түрде өзгерту мүмкіндігі мен өз болмысының мəнін өзгерту мəселелері. Адам мен табиғаттың байланыстылығы идеясын қабылдап жəне бөлісе отырып, батыстық философтар болмыстың нақтылығы мен шынайылығы мəселесін шешуде ақыл-ойға сенім білдірді.

Ақыл-ойға сенім білдіру болмыс мəселесін шешуде өз нұсқасын (вариантын) ұсынған парменидтік философияда ерекше айқын көрінеді.

Парменидтің пікірінше, нағыз болмыс – бұл əрқашан да бар нəрсе. Ал болмыс əрқашан да тұтас жəне бөлінбейтін болғандықтан, ол туралы ой да бүтін жəне бөлінбейді, оның үстіне оның өз болмысы бар. Нағыз болмыс – бұл ақыл-оймен игерілетін болмыс. Әр алуан түрлердегі бірегейлік, ондағы жалпылық, өзгермелі жөне ағымдағы заттардағы тұрақтылық пен өзгеріссіздік ұғымдарда көріне алады жəне олар туралы оймен тепе-тең. Мəндік мəселесін шешуде жаңа тəсілді Парменид былайша түсіндіреді «Ой жəне ойланатын нəрсенің екеуі де бірдей». Болмыс пен ой тепе-тең. Адамды субъективтілік шеңберінен тысқа шығарып, объективтілік деңгейіне жеткізе алатын жəне оның дəйектілігі мен күмəнсіздігін негіздейтін ой адамға сенімділік береді. Бұл жаңалық эмпирикалық нақтылыққа бағынышты емес ақыл-ойдың дербестігі туралы идея негізделуіне əкелді. Ақыл-ойдың дербестігі идеясы, бір жағынан, Абсолюттік ақыл-ойдың күшіне сенуге мүмкіндік жасады. Бұл сенімділік адамға құрылымға бөлінбейтін, уақытта да, кеңістікте де, өзгерістер үдерісіңде де ұсақталмайтын өз болмысындағы шеткі түпнегізде Тұтастықтың бар екендігі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік берді. Дəл осы Абсолюттік ақыл-ой болмысы тəртіпті қамтамасыз ететін жəне тұрақтылық пен беріктілікті сақтайтын сенімді базистік күш ретінде қоршаған əлем туралы көзқарасты адам бойында қалыптастырады.

Екінші жағынан, Парменид 93-99 жағдайын негіздей отырып, бардың өзі туралы, осы қазір мəндінің бүтіндігі туралы ойды негіздейді. Парменидтің сіңірген еңбегінің маңыздылығы мынада: ол əлемдегі өз əрекетіміз барысында біз күмəн келтіре алмайтын интеллектуалды-идеалдылықтың ерекше болмысы саласын, аймағын алғаш рет ашып жəне оның физикалық табиғи объектілермен бірегейлігі мен айырмашылығы деңгейіндегі болмысы мəселесін көтеріп қана қоймай, нақты-физикалық та, нақты-абстракциялық та объектілердің барлық бірліктерінің жалпылығы болып табылатын мəнділік ретіндегі болмысты абстракциялық-идеалдық деңгейде пайымдайды. Бұл жалпылық – тұтас жəне жалғыз, үздіксіз жəне мəңгі, бірақ ажырамас жəне бүтін: жəне де ол бөлінбейді, өйткені ол барлығында бірдей емес мына жерде ешқандай да артық емес, ана жерде ешқандай да кем емес, сондықтан да үздіксіз ол, бірақ мəнмен толысқан, барлығы да үздіксіз, себебі: мəнділіктер бір-біріне тартылган. Сонымен, Парменидтің ойынша, физикалық заттардың бар екендігіне көз жеткізгеннен кейін жалпылықтың болмысы біртұтас жəне өзі-өзіне тепе-тең ретінде, мəңгі жəне қажетті ретінде, тұрақты жəне өзгеріссіз ретінде, табиғи əлем мен адамның өмір сүруінің кепілі ретінде көрінеді. Адам физикалық нақтылықтың болмысына ғана сеніп қоймай, сонымен қатар, өзімен бірге уақыт кеңістігінде қатар өмір сүретін жəне мəдениетте қалыптасқан, яғни абстракциялық жəне идеалдық объектілер мен құбылыстардьщ барлығына да күмəн келтірмеуі тиіс.

Оның үстіне, адам Абсолюттік ақыл-ойдың күшіне де сенуі керек, өйткені ол идеалды мəнділіктер əлемін қалыптастыра отырып, оған бақылау да жасай алады, себебі қажеттілікке байланысты құрылған барлық нəрсе бір мезетте жойылып кете алмайды. Адам тудырған барлық нəрсе (іс-əрекетімен болсын, ақыл-ойы арқылы болсын), тіпті өзі жоғалып кеткен жағдайда да бар жəне болады. Әлемде нақты бар нəрсенің бəрі тұрақты жəне мəдениет пен адам əлемінде өзгеріс болса да ол жойылмайды.

Парменидтік болмыс, оның өткір коллизиялық формада қойылуы мен пайымдалуы ақыл-ойдың эмпирикалық-стихиялық деңгейінен абстракциялық деңгейіне белсенді түрде өтуіне негіз болды жəне философиялық, логикалық жəне математикалық ойдың алға дамуына серпін берді.

Хайдеггердің дəл сипаттағанындай, Парменид ілімі батыстық əлемнің тағдырын шешті. Батыстық адамның əлеміне өзі игеруі тиіс трансценденталды болмыс туралы идея, адамның бастапқы өмір сүруінің шарты ретінде бұл дүниенің жетілмегендігі туралы идеялар енгізілді. Сондықтан осы кезден бастап адам əлемді одан ары жетілдіру үшін оны өзгертуі тиіс. Мұндай дүниетанымдық ықпал идеалдық тұрғыда да, кей кездері практикалық тұрғыда да əлемдегі адам болмысын өзгертуге ұмтылған антиктік концепцияларда кездеседі.

Мысалы, киниктер болмыстың бекітілген нормалары мен құндылықтарына қарсы шығып, оларды өткінші деп бағалады. Олар заттардың алдында бас ию, нормаларды сөзсіз қабылдау адамды нағыз болмысынан айырады деп есептеп, нигилистік тұрғыда теріске шьғарады. Киниктердің пікірінше, əлемдегі адам болмысының шынайылығы табиғат заңдарымен сəйкес жүруінде, ал ол үшін рухани адамгершілік тұрғыда өзгеру қажет. Бұл өзгерудің мəні пікір айтудан сақтанумен сипатталады, өйткені қоғамда қабылданған адамгершілік көзқарастар, нормалар мен заңдар – шартты, ал олар туралы білім мен айтылған пікірлер релятивті болып табылады.

Стоиктер мен эпикуршылар əлемдегі адам болмысын практикалық өзгертуден бас тарта отырып, киниктерден өзгеше жолДы ұсынады. Стоиктер – атараксияға жетуді, эпикуршылар лəззатқа берілуді ұсынады. Алайда шынайы болмысты құрастыру əрқашан да батыстық адамның сүйікті мақсаты болып келді жəне батыстық мəдениет дамуының өн бойында ол əр түрлі формаларда көрінді. Әлеуметтік қайта құрулар мақсатында адамның шынайы болмысын құрастыруға тырысқан бұл ұмтылыстар, əсіресе, Жаңғыру дəуіріндегі көптеген утопиялық концепцияларға тəн (Т. Мор, Т. Кампанелла). Карл Мюнцер жерді теңдей бөліп беруді үсынды. Ол революциялық əрекетке практикалық қатысуы арқылы өзінің утопиялық идеалдарын тікелей нақтылыққа айналдыруға тырысты.

Реформация дəуіріндегі бірқатар əлеуметтік-саяси жəне діни- идеологиялық қозғалыстар да адам əлеміне практикалық ықпал етуге ұмтыла отырып, оны жетілдіру мен қайта құру мақсатын көздеді. Бұл, ең алдымен, дін ғұрыптарының сыртқы формаларын өзгертуден жəне феодалдық тəртіптерді модификациялаудан көрінеді. Бұл жаңа қоғамдық формаларға өту құдайға қызмет атқару тəсілдерін қарапайымдандыру мен католиктік шіркеудің абсолюттік ықпалына қарсы шыққан Я. Гус қозғалысынан, католиктік шіркеудің жасырын пиғылына жəне қымбатқа түсетін шіркеулік иерархия шығынын қысқарту мақсатында католиктік христиан дінінің мəдени-ғұрыптық əрекетіне қарсы шыққан М. Лютер қозғалысынан басталды. Кальвинистік қозғалыс католицизмнің культі мен ғұрыптық іс-əрекетін едəуір қарапайымдандырып, ал оның рухани-идеологиялық плюрализмі əр түрлі протестанттық секталардың қалыптасуына ықпал етгі.

Реформация əлемге жаңа қатынас жасайтын тұлғаның жаңа типін қалыптастыруға идеялық негіз дайындай отырып, адамның жаңа əлеуметтік прогресс сатысына шығуына мүмкіндік жасады.

Парменидтің «болмыс» категориясы адамдардың күнделікті, практикалық өмірінде жүзеге асырылып отыратын нақты іс-əрекеттері мен ойларының философиялық тұрғыда түсіндірілуі ғана емес, сонымен қатар ол батыстық адамға тəн дүниетанымдық жəне аксиологиялық принциптерден де бұрын оның нақты өмірлік бағдарлары мен қажеттіліктерін бейнелейтін нақты да айқын экзистенциалдық негіздер болып табылады.

Осылайша Парменид болмыс мəселесін философияның ең басты мəселесі ретінде негіздеп қана қоймай, оның болмыс туралы ілімі метафизика үшін мүмкіндіктер ашты, яғни адамға да, адамзатқа да бағынбайтын материалдық та, материалдық емес те болмыс туралы, табиғи мəнділіктердің соңғы идеалдық себептері туралы жəне ақыры аяғында барлық өмірде бар нəрселер туралы айтуға мүмкіндік беретін ілімге жол ашты. Абсолюттік Рух, Құдай, рухани мəнділіктер мен монадтар туралы ілімдер осы метафизикалық пəнге жатқызылады жəне бұл кейінірек батыстық əлем ойшылдарының көптеген еңбектерінің мазмұнын құрады. Болмыс туралы парменидтік ілім батыстық адам өмірінің мəнділік бағдарларын айқындаумен қатар жалпы əлемдегі адамның нақты өмірінің көкейкестілігін жəне бейма- залығын аша отырып, батыстық əлемде бұл мəселенің шешілуі коллизиясына да ықпалын тигізді.

Жəне бұл болмыстың бұралаң сүрлеуінен де айқын көрінеді.

Адамның əлемде болуға ұмтылуын философтар табиғи əлем мен адамзат əлемі өмір сүруінің белгілі бір тұтас негізін логикалық дəйектеулер тұрғысынан негіздеп қана қойған жоқ жəне сонымен қатар, адамның шығармашылық жəне практикалық əрекеті мүмкіндігінің өзін де негіздеуді мақсат тұтты. Егер шығыс əлемі үшін адамның дүниедегі болмысының тікелей нақтылығы адамның өзінің психофизикалық қабілетін жетілдіру жолымен жəне сол арқылы табиғи əлеммен үйлесімділікке ие болу арқылы жүзеге асса, ал батыстық адам үшін толық үйлесімділікке жетудің пайымдаушылық-медитативті жолы жеткіліксіз.

Барлығына белсенді бағдар ұстанған батыстық индивид өзінің шектеулілігін сезіне, жеңе отырып, өз міндетін мынадай артефакттар тудырудан (жаратудан) көреді: мейлі ол адам əрекетінің кеңістіктік шекарасын кеңейтетін материалдық артефактылар туындысы болсын, мейлі ол абстрактылық үлгілерді қалыптастырудағы ақыл-ой мүмкіншілігін молайтатын интеллектуалдық- рухани жетістіктер болсын, солардың көмегімен адам əлемді көшіріп проекциялауға жəне оның мүмкін болатын қайта құрылымдары үлгілерін жасауға қабілетті болар еді жəне практикалық нəтижелерге ие болар еді.

Осындай талпыныстардың бірі барлық құрамдас бөліктері мен сипаттамалары өзінің тұрақтылығымен, реттілігімен, заңдылығымен жəне байланыстылығымен ерекшеленетін тұрақты мəнділікке ие болмыстың мүмкіндігі туралы жауапты философиялық рефлексиялау мен негіздеу болды.

Осындай үнемі тұрақты жəне элеаттықтардың болмыс ұғымына жақын түсінік ретінде Левкипп пен Демокрит атомды ұсынады. Атомдар пайда болмайды, бұзылмайды жəне өзгермейді. Атомдарға əр түрлі предикаттар тəн жəне олар