2- ТАҚЫРЫП. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХИ ТИПТЕРІНІҢ ПАЙДА
6.1. Ғылым философиясы
6-ТАҚЫРЫП. ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКА ФИЛОСОФИЯСЫ
Тақырыптың мақсаты: Ғылым мен техника мәселелеріне философиялық талдау беру
үрдісі нəтижесінде қазіргі кезде ғылымда 15 мыңнан астам ғылыми пəн бар.
Әрине, осыған байланысты адамзаттың өзін қоршаған табиғат пен қоғам туралы білімінің тереңдігі мен дəлдігі де елеулі түрде өскен. Осымен қатар ғылымның əртүрлі салаларының жəне ғалымдардың арасындағы байланыс пен өзара түсіністіктің де əлсірегендігін мойындау керек. Тіпті кейбір жағдайларда, бір ғылымның əртүрлі салаларында жұмыс істейтін ғалымдар екінші бір саланың зерттеу əдістері мен нəтижелері жайлы мүлдем бейхабар болады.
Абырой болғанда қазіргі кезде ғылымның өзі дүниені тек пəндік сипатта зерттеуге қарсы əдістер мен құралдар қалыптастырып, шығарып отыр. Ғылыми салалардың арасындағы байланысқа деген бұл жаңа көзқарас интегративті немесе пәнаралық деген атқа ие болды.
Егер қазіргі заман адамы ешқашан ғылым саласында еңбек етпеген болса, оның ғылыми қағидаларды (концепцияларды), қаншалықты білуі қажет?
Ғылым – тек білімнің, фактілердің жəне т.б. жиынтығы ғана емес ол сондай ақ, қоғамның мəдени-əлеуметтік маңызды құбылыстарының бірі. Яғни ғылым дегеніміз бұл:
1) мəдениеттің бір саласы;
2) дүниетанымдық əдістің бірі;
3) адамды жəне табиғатты қайта өңдеуші өндіргіш күш;
4) арнаулы институт (институт түсінігіне тек жоғары оқу орны емес, сонымен қатар ғылыми қауымдастықтар, академиялар, лабораториялар, журналдар жəне т.б, кіргізіледі).
Ал егерде біз ғылым мен өнерді салыстыратын болсақ, көрсетілгеннен бөлек жағдайды көреміз. Ғылым – қоршаған ортаны зерттеп білу үдерісіндегі көптеген адамдардың өз тəжірибелерін жинақтап, оларды түсіндіруге бағытталған өзара үйлесімді, жүйелі іс-əрекеттерінің нəтижесі. Ал өнер болса жекелеген адамның жан-тəнінің белгілі бір жағдайын суреттеп, нақты бір сезімдерді оятуға бағытталған белгілі бір адамның интуитивтік əрекеттері.
Ғылым философиясы тарихи өзгеретін əлеуметтік-мəдени астарда қарастырылатын жəне олардың тарихи дамуында алынған ғылыми білімдерді өндіргіш қызмет ретінде жалпы заңдылықтарды жəне ғылыми танымның тенденцияларын таныстырады. Екі мықты ағым – ғылым тарихы мен философиясы – біртұтас жəне бөлінбес. Олар дамудың ұзақ əрі күрделі жолынан өтті. Ғылым тарихы тек философиялық тұжырымдарға эмпирикалық негіз болып қана қоймайды, сонымен қатар, өзінің ары қарай дамуына анағұрлым тиімді жолды таңдап алады. Ғылым философиясының эвристикалық потенциалды білім дамуындағы белгілі бір гипотезалар мен жобаларды жасауға, бастауға, ғылым дамуының жаңа бағыттарын алдын ала айтуға, оның нəтижелерін интерпретациялауға тиіс. Тарихилық қағидаты ғылым философиясының назар аударарлық орталығында тұрады. Ол ғылыми бағдарламалар мен физикалық шынайылық зерттеулерінің қалыптасу үдерісін ашуға мүмкіндік береді, оның түсіну жолдарын түзетеді. Сондықтан да, ғылым, өз түсініктерінің нақтылығы мен айқындылығына, олардың өзара байланыстарын қалыптастыруға, олардың теориялық жүйелердің логикалық нəтижелі жəне тұтас болуына ұмтылады.
Ал, ғылым тарихының ролі мен маңызына келер болсақ, келесі мəселелерді бөліп қарастыруға болады. Біріншіден, əр түрлі табиғи салалар мен əлеуметтік əлемдегі ізденулерді ынталандырады; екіншіден, білім дамуының кең көлемді ауқымына ие; үшіншіден, білімге қол жеткізу жолдары, əр түрлі объектілерді игеру формалары мен тəсілдері туралы ақпаратты шоғырландырады;
төртіншіден, зерттеушілердің назарын болашағы жоқ, тығырыққа тірелер жағдайларға аудара отырып, ғылым адасулар мен қателіктерге алып келетін ойлар мен гипотезалардың пайда болу мүмкіндігінен сақтандырады.
Табиғатты тану жолдары мен логикасын пайда болу процесін, іргетасты деректердің, ғылым теориялары мен əдістерінің өзгертілуін, объективті шынайылықты танудағы орны мен рөлін зерттей отырып, ғылым тарихы зерттеушінің ойлау мəдениетін байытады, қазіргі заманға ғылымның теориялық негіздерін қалыптастырып, нақты жаңа мəселелердің қойылуына негіз болады.
Ғылым мен техниканың тарихы табиғи əлемнің заңдары мен нормаларының қалыптасуына, оның дамуының объективті логикасына маңызды құрал ретінде əрекет етеді.
Кейде ғылыми білім өзге білім салаларымен салыстырғанда өзінің жоғары дəлділігімен ерекшеленеді деп айтылады. Бұл рас болғанымен шешуші рөл атқармайды. Бүгінгі күні техникада ғана емес, қоғамдық басқару жүйесінде де математикалық есептеулер, статистикалық мəліметтер, бүге-шүгесіне дейін дəл есептелген жоспарлар мен бағдарламалар қолданылады. Дəлдік нақтылыққа қатынастың белгілі бір тəсілі ретінде күнделікті өмірге де енді:
темір жол жəне авиация кестелері дəл болып табылады, ол мемлекет қызметкерлеріне де, станоктағы жұмысшыға да, бухгалтерге жəне дəрігерге де қажет. Fылыми таным абстрактылы ұғымдармен жұмыс жасаса, көркемдік таным нақты тірі адамды бейнелі, көрнекілік тұрғыда қарастырады деген пікір қалыптасқан. Бұл тұжырым белгілі мөлшерде əділ болғанымен, ол да ғылыми танымның ерекшелігін көрсете алмайды.
Бір жағынан күрделі ғылыми абстракциялар құрастырумен айналысатын ғалымға көрнекі бейнелерге, аналогия мен метафораларға жиі жүгінуге тура келсе, екінші жағынан суретшілер (сұңғатшылар, мүсіншілер, жазушылар, сазгерлер жəне т.б.) өз шығармашылықтарында дəл, логикалық, кіршіксіз ұғымдарға, пікірлер мен əдістерге сүйеніп отырады. Мұны, мысалы, Шостаковичтің бірқатар симфонияларының бағдарламаларын оның музыкалық мəтінімен салыстырғанда айқын аңғаруға болады. Дəл, ұғымдарда бейнеленген білімдер көптеген ірі жазушылардың шығармаларының негізін құрайды (Пушкин, Толстой, Салтыков-Щедрин, Чехов, Паустовский, Булгаков жəне т.б.). Бұл ұғымдық жəне бейнелік танымдардың бірін-бірі теріске шығармайтындығын көрсетеді. Олар əртүрлі "дозаларда" ғылыми шығармашылықта да, көркемдік шығармашылықта да кездеседі. Олар сонымен қатар, əдеттік, кəдімгі санаға да тəн. Бұл тұрғыда философ-неопозитивистердің ғылыми білімнің ерекшелігін оның эмпирикалығымен, яғни ғылымның бүкіл мазмұнын бақылаулар мен эксперименттерді сипаттау арқылы ғана анықтайтын пікірімен келісуге болмайды. Бұл туралы кейінірек сөз болады.
Шындығында, білімнің формасы түріндегі жəне оның өзге формалардан
артықшылығы, ғылымның теориялық білімдер жүйесі түрінде өмір сүруінде.
Fылыми білімнің ең жетілген формасы теория болып табылады.
Жалпы білім беруде ғылым тарихы мен философиясы пəнінің басты мақсаты тек жаңа білімге ие болу ғана емес, сонымен қатар бүкіл əлем ғылымында қоршаған əлем туралы қалыптасқан түсініктер мен ойлаудың ғылыми, рационалды ойлау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, нысана жас маманда эрудицияны дамытып, қоршаған дүниеге, жалпы мəдениетке деген концептуалды көзқарасты, жалпы мəдениетті жəне білгірлікті қалыптастыру.
Ғылым көпқырлы, көпастарлы əлеуметтік феномен ретінде біздің өмірлік қызметіміздің барлық салаларына белсенді түрде енеді. «Ғылым» түсінігінің мағынасын ашу үшін, оның даму барысын қадағалау үшін ғылым мен қоғам, ғылым мен мəдениет арасындағы байланыстардың кең жүйелері негізінде, сол ғылымның өзін нақты тарихи саралау арқылы жүзеге асыруға болады. Ғылым мəдени-тарихи тұтастықпен тығыз қарым-қатынаста дамиды. Құбылысты шынайы түсініп, ой-толғамнан өткізу үшін, оның түп тамырын жəне даму тарихын білу қажет.
Антикадағы, Орта ғасырлардағы, Қайта Өрлеу дəуіріндегі, Жаңа замандағы ғылым алынған білімдердің тереңдігі жəне мазмұнымен қатар, мəселені қоюымен, зерттеу əдістерімен, дəлелдеу жəне негіздеу тəсілдерімен, ғылымның мəнін, мақсат, міндеттерін түсіну барысымен ерекшеленеді. Бір жағынан, ғылыми білімдердің дамуы əлеуметтік-тарихи қажеттіліктерімен анықталады, екінші жағынан – жаңа ойлардың, түсініктердің, теориялардың пайда болуы танымның ішкі қозғалыс заңдарының жəне оның логикасының негізінде жүзеге асады.
Негізгі заңдылықтарды ашу жаңа ойлар, ерекше ғылыми нəтижелерді алудың кілті ғылыми зерттеудің табиғатын дұрыс түсінуде болып табылады.
Танымның қарама-қайшылықты мəні оның мынадай астарларының бірлігі мен өзара бір-біріне енуінде көрініс табады, мəселен, теориялық жəне эмпирикалық, формальдық жəне мазмұндық, нақты жəне нақты емес, өлшенетін жəне өлшенбейтін іргетасы (фундаменталды) жəне қолданбалы.
Қазіргі заманның адамы бұл дүниеге келіп о дүниелік болғанына дейін сырттай қарағанда бір бірімен мүлдем байланысы жоқ екі əлемде – шынайы (табиғи) сондай ақ жасанды техно-психоəлеуметтік ортада өмір сүретіндігі белгілі. Бұл жерде, техно- жəне психоəлеуметтік ортаның табиғи ортаға қарағанда басым болатындығын атап көрсету керек.
Қазіргі кезде адамның санасына оның психоəлеуметтік ортасында орын алып отырған алуан түрлі жалған ғылыми, діни, мистикалық көзқарастар əсер етуде. Әрине, шынайы ғылым мен білім бұл жалған ілімдермен сиысуы мүмкін емес жəне ғылыми дүние танымды елемей бұрмалау аса қауіпті əлеуметтік жəне жекелеген зардаптарға душар етуі мүмкін. Бұл қауіп саяси билік, дін жəне жалған ғылым одақтасқан жағдайда бірнеше есе күшейуі мүмкін. Оған мысал ретінде инквизиция, діни фундаментализм мен фанатизм, фашизм, кибернетика мен генетиканы қудалау жəне т.б. келтіруге əбден болады.
Ғылымның дамуы нəтижесінде біздің өміріміз бір ғана ұрпақ ішінде елеулі өзгерістерге ұшырап отыр. Қоршаған орта туралы ақпараттың ағымы бірнеше жыл ішінде еселеп көбеюде. Адам болса бұл ақпарат ағымын жеткілікті деңгейде қабылдап үлгере алмау үстінде. Оның себебі, қоғам дамуы барысындағы мүлдем жаңа ғылыми пəндердің пайда болып, осыған қоса олардың тармақтанып, салаларға бөлінуінде. Ғылымның салаларға бөліну үрдісі нəтижесінде қазіргі кезде ғылымда 15 мыңнан астам ғылыми пəн бар.
Әрине, осыған байланысты адамзаттың өзін қоршаған табиғат пен қоғам туралы білімінің тереңдігі мен дəлдігі де елеулі түрде өскен. Осымен қатар ғылымның əртүрлі салаларының жəне ғалымдардың арасындағы байланыс пен өзара түсіністіктің де əлсірегендігін мойындау керек. Тіпті кейбір жағдайларда, бір ғылымның əртүрлі салаларында жұмыс істейтін ғалымдар екінші бір саланың зерттеу əдістері мен нəтижелері жайлы мүлдем бейхабар болады.
Абырой болғанда қазіргі кезде ғылымның өзі дүниені тек пəндік сипатта зерттеуге қарсы əдістер мен құралдар қалыптастырып, шығарып отыр. Ғылыми салалардың арасындағы байланысқа деген бұл жаңа көзқарас интегративті немесе пәнаралық деген атқа ие болды.
Егер қазіргі заман адамы ешқашан ғылым саласында еңбек етпеген болса, оның ғылыми қағидаларды (концепцияларды), қаншалықты білуі қажет? Ғылым - тек білімнің, фактілердің жəне т.б. жиынтығы ғана емес ол сондай ақ, қоғамның мəдени-əлеуметтік маңызды құбылыстарының бірі. Яғни ғылым дегеніміз бұл:
1) мəдениеттің бір саласы;
2) дүниетанымдық əдістің бірі;
3) адамды жəне табиғатты қайта өңдеуші өндіргіш күш;
4) арнаулы институт (институт түсінігіне тек жоғары оқу орны емес, сонымен қатар ғылыми қауымдастықтар, академиялар, лабораториялар, журналдар жəне т.б, кіргізіледі).
Ал егерде біз ғылым мен өнерді салыстыратын болсақ, көрсетілгеннен бөлек жағдайды көреміз. Ғылым - қоршаған ортаны зерттеп білу процесіндегі көптеген адамдардың өз тəжірибелерін жинақтап, оларды түсіндіруге бағытталған өзара үйлесімді, жүйелі іс-əрекеттерінің нəтижесі. Ал өнер болса жекелеген адамның жан – тəнінің белгілі бір жағдайын суреттеп, нақты бір сезімдерді оятуға бағытталған белгілі бір адамның интуитивтік əрекеттері.
Ғылымның тарихы мен философиясы тығыз байланысты. Ғылым философиясы тарихи өзгеретін əлеуметтік-мəдени астарда қарастырылатын жəне олардың тарихи дамуында алынған ғылыми білімдерді өндіргіш қызмет ретінде жалпы заңдылықтарды жəне ғылыми танымның тенденцияларын таныстырады. Екі мықты ағым – ғылым тарихы мен философиясы – біртұтас жəне бөлінбес. Олар дамудың ұзақ əрі күрделі жолынан өтті. Ғылым тарихы тек философиялық тұжырымдарға эмпирикалық негіз болып қана қоймайды, сонымен қатар, өзінің ары қарай дамуына анағұрлым тиімді жолды таңдап алады. Ғылым философиясының эвристикалық потенциалды білім дамуындағы белгілі бір гипотезалар мен жобаларды жасауға, бастауға, ғылым дамуының жаңа бағыттарын алдын ала айтуға, оның нəтижелерін интерпретациялауға тиіс.
Тарихилық принципі ғылым философиясының назар аударарлық орталығында тұрады. Ол ғылыми бағдарламалар мен физикалық шынайылық зерттеулерінің қалыптасу процесін ашуға мүмкіндік береді, оның түсіну жолдарын түзетеді.
Сондықтан да, ғылым, өз түсініктерінің нақтылығы мен айқындылығына, олардың өзара байланыстарын қалыптастыруға, олардың теориялық жүйелердің логикалық нəтижелі жəне тұтас болуына ұмтылады.
Ал, ғылым тарихының ролі мен маңызына келер болсақ, келесі мəселелерді бөліп қарастыруға болады. Біріншіден, əр түрлі табиғи салалар мен əлеуметтік əлемдегі ізденулерді ынталандырады; екіншіден, білім дамуының кең көлемді ауқымына ие; үшіншіден, білімге қол жеткізу жолдары, əр түрлі объектілерді игеру формалары мен тəсілдері туралы ақпаратты шоғырландырады;
төртіншіден, зерттеушілердің назарын болашағы жоқ, тығырыққа тірелер жағдайларға аудара отырып, ғылым адасулар мен қателіктерге алып келетін ойлар мен гипотезалардың пайда болу мүмкіндігінен сақтандырады.
Табиғатты тану жолдары мен логикасын пайда болу процесін, іргетасты деректердің, ғылым теориялары мен əдістерінің өзгертілуін, объективті шынайылықты танудағы орны мен ролін зерттей отырып, ғылым тарихы зерттеушінің ойлау мəдениетін байытады, қазіргі заманға ғылымның теориялық негіздерін қалыптастырып, нақты жаңа мəселелердің қойылуына негіз болады.
Ғылым мен техниканың тарихы табиғи əлемнің заңдары мен нормаларының қалыптасуына, оның дамуының объективті логикасына маңызды құрал ретінде əрекет етеді.
6.2. Техника философиясы батыс философиясының бір бағыты ретінде Философия тарихында адамзат өркениеттерін, тарихты зерттеуде, талдауда əртүрлі тəсілдер, принциптер, критерийлер қолданылады. Олардың қатарына экономикалық, географиялық, биологиялық, діни, гуманистік детерминизмдерді жатқызуға болады. Олардың арасында қазіргі қоғам өміріндегі бүгінгі өзгерістерді неғұрлым толық бейнелейтіні технологиялық детерминизм болып табылады. Технологиялық детерминизм – бұл қоғамдық дамудағы техниканың анықтаушы рөлі туралы көзқарастардың, постулаттардың біріккен жиынтығы. Шындығында да қазіргі өмірде теника мен технологияның маңызы жəне рөлі орасан зор.
“Адаммен бетпе-бет келген бұл мəселенің маңыздылығы сонша, - деп жазады К.Ясперс, – қазіргі уақытта техника біздің ахуалымызды түсінудің басты мəселесіне айналды. Қазіргі техниканың өмірдің барлық салаларына енгізілуін жəне оның біздің өмір сүруіміздің барлық қырларына тигізген салдарын қайта бағалау мүмкін емес. Мұны түсінбей жəне ойлау барысында дəстүрлі тарихи таңбаларды қолдана отырып біздің қазіргі жəне өткен өміріміздің арасында салыстыру жүргізу мүмкін емес. Өткен мен біздің заман арасында параллель жүргізу үшін міндетті түрде қазіргі техникамен байланысты орын алған радикалды өзгерістерді ескеру қажет” (Смысл и назначение истории, М., 1991, 113 б.).
Техника мен технология бүгінгі қоғамның жедел дамуының маңызды факторына айналды жəне техника ықпалын тигізбеген адам өмірінің бірде-бір
саласы қалмады. Қазіргі коммуникация құралдарының арқасында мемлекеттің еркі оның ең шалғай аудандарына дейін қамтып, кез-келген уақытта əрбір үйде өзін білдіре алады. Техниканың əсерімен терең процестер орын алады, еңбек өнімділігі өте шапшаң өседі. Оның мазмұны өзгереді. Қоғамның əлеуметтік құрылымы өзгереді. Оның үстіне адам да өзгереді. Қазіргі техника тіпті адамның терең тылсымдық жақтарына да ықпалын тигізеді. Егер ертеректе адамға табиғаттағы да, əлеуметтік саладағы да өмір сүрудің өзгерген жағдайларына бейімделуі үшін жеткілікті дəрежеде уақыт бөлінсе, ал қазір табиғат пен қоғамдағы техника мен технологияның ықпалмен болатын өзгерістердің жылдамдығы сонша, қазіргі адам өмір сүрудің өзгерген жағдайларына бейімделіп үлгіре алмайды жəне əрқашанда таусылмайтын жаңа мəселелердің үнемі туындап отыруына əкеледі. Осыған байланысты қазіргі философияда адам мəселесін зерттеудің техника философиясы түріндегі жаңа қырын қою қажеттілігі туындайды.
Техника философиясы – бүгінгі күні өзінің гүлдену кезеңін бастан кешіп жатқан батыс философиясының қазіргі бағыттарының бірі. Батыста техника философиясының қалыптаса бастауын И.Бекманның есімімен жəне 1777 жылы басылып шыққан оның “Технология бойынша жетекшілік, немесе қолөнерді, фабрикалар мен мануфактураларды тану” деп аталатын еңбегімен байланыстырады. Бірақ көпшіліктің пікірінше, бұл саладағы негіз қалаушы еңбек 1877 жылы жарияланған жəне жүз жылдан кейін Германияда қайта басылып шыққан Э.Капптың “Техника философиясының негізгі белгілері” деп аталатын жұмысы болып саналады.
Техника философиясы—қазіргі əлемдегі техника феноменін философиялық-методологиялық жəне дүниетанымдық тұрғыда зерттеуге негізделген қазіргі философиядағы бүтіндей бір бағыт. Бұл бағыт бастапқыда Батыс Европа мен Солтүстік Америкада, кейінірек 60-80 жылдары Жапонияда кеңінен таралды. Батыстағы қазіргі техника философиясының бастапқы өкілдері қатарына Э.Капп жəне Ф.Дессауэрмен қатар О.Шпенглерді, Ортега-и- Гассетті, Мэмфордты, К.Шиллингті жəне т.б. жатқызуға болады. Бірақ, сонымен қатар техника ұғымы ертедегі ойшылдарда да кездеседі. Мысалы, еңбектің табиғи жəне жасанды органдары арасындағы анология туралы ой Платон мен Аристотельде ұшырасады. Егер Аристотель қолды “құралдың құралы” деп атаса, Гегель де осы идеяны қайталайды. Гегель техника табиғатын түсінуде бірқатар идеялар ұсынады. Гегельдің пікірінше техникалық жабдықтар объекттің табиғатымен анықталады, ал екінші жағынан жабдықтар техникалық құралдар арқылы іске асатын мақсаттың тасымалдаушысы болып табылады. Гегель былай деп жазады: “адам өзінің мақсатында сыртқы табиғатқа бағынышты болғанымен, өзінің құралдары арқылы үстемдікке ие болады”. Антикалық авторлар мен Гегельдің бұл идеяларын Батыстың кейінгі философтары Э.Капп жəне Л.Нуаре жалғастырды. Олардың негізгі идеясы техника феноменін “органопроекция” негізінде түсінумен сипатталады.
Олардың пікірінше техника жасанды орта болып табылады, бірақ ол адам органдарының табиғи материалға проекциясы ретінде көрінеді, яғни
техниканың бүкіл дамуы адамның табиғи еңбек органдарын көшіру арқылы, оларды сыртқы əлемге “проекциялау” арқылы жүзеге асады.
Техника феноменін түсіндіруде өзге, қарама-қарсы позицияны ұстанған философ-неотомист Ф.Дессауэр болды. Ф.Дессауэр Э.Капптың жəне Л.Нуаренің техниканың биологиялық концепциясымен келіспеді. Ол техника табиғат заңдарымен байланысты жəне оның шектерінен тысқары шықпайды деп есептейді. Алайда бұл да еш нəрсені айқындамайды, техниканың автономды да мəні бар. Оның пікірінше техникалық идеялар адамның ақылында пайда болмайды, ол ақылдың көмегімен ауланады. Техникалық идеялар құдайдың ойы, жаратушының құдіретті ақыл-ойының көрінісі.
Техника мəселесі Хайдеггер философиясында негізгі орындардың бірін алады жəне оның көптеген шығармаларында үнемі кездесіп отырады. Бірақ бұл тақырыпқа арналған оның ең маңызды шығармасы “Техника туралы мəселелер”
деп аталады. Бұл жұмысында М.Хайдеггер техниканы пайымдауды жаңа іргетасқа қойды. М.Хайдеггер былай деп жазады: “техниканың мəні белгілі мағынада техникалық емес. Сондықтан да біз ол туралы жəй ғана ойлағанда, оны қолданғанда, оны басқарғанда немесе одан қашқақтағанда техниканың мəніне деген өз қатынасымызды ешқашанда сезіне алмаймыз. Барлық осы жағдайларда, оны қызығушылықпен қолдасақ та, теріске шығарсақ та біз техникаға құлдар секілді ажырамастай таңылғанбыз. Біз техниканы бейтарап нəрсе деп есептеген кезде, оның нағыз тұтқынына айналамыз. Қазіргі кезде кең өріс алған мұндай көзқарас оның мəніне деген мүлде көрсоқырлықты туындатады” (Вопрос о технике // Новая технократическая волна на Западе. М., 1986, 119 б.).
Хайдеггерге дейін техника Ақыл-ой мен Қайырымдылықтың салтанатты шеруі ретінде бағаланып келді. Кейбір жағдайларда техниканың өзіне қарсы шығу емес, оны қолдануға қарсы шығу өзекті сөз болды. Мысалы, О.Шпенглер
“түсті” нəсілдер европалықтардан техниканы тартып алып, оларды үстем жағдайынан айырады жəне түбінде техниканы жояды деп қорықты. Хайдеггер керісінше, техниканың өзін адам үшін үлкен қауіп-қатер деп есептеді.
Техниканы түсіндірудегі Хайдеггердің тағы бір жаңалығы, оған дейін техника адамзат тарихы мен мəдениет дамуының байланысындағы көптеген факторлардың бірі ретінде қарастырылып келсе, ал бұл неміс ойшылының пікірінше техника қазіргі дəуірдің болмысы болып табылады. Жəне Хайдеггерге дейін техника ең алдымен мəдениет философиясы мен тарих философиясының жəне тек кейін ғана антропологияның мəселесі болып келсе, ал М.Хайдеггер онан метафизиканың мəселесін шығарды.
6.3. Техника болмыстың терең қасиеттерін пайымдаудың тәсілі