• Tidak ada hasil yang ditemukan

2- ТАҚЫРЫП. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХИ ТИПТЕРІНІҢ ПАЙДА

8.1 Адами болмыстың мәнділігі

Қорыта келе, Абайдың «толық адам» ілімінің пайда болуы қазақ қоғамының дамуы барысында қалыптасқан, ұзаққа созылған дағдарыстан шығу жолын қарастырудың аса қажеттілігі нəтижесінде туған заңды құбылыс екенін ескеру қажет. Абайдың философиялық ой-толғауларына шолу жасау барысында көп ауыртпалық пен қиындықты басынан кешірген, бірақ бұл қиындықтарға мойымаған қазақ халқының даналығына тағы бір рет көзіміз жетеді. Ізгі өнегелерін сақтаған халық мəңгі жасайды, ал өнегелілігін жоғалтқан халық құриды деген анық, əрі дана пікірді мойындаймыз.

ПЫСЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Адам өмірі жəне оның құндылығы мен өзіндік ерекшелігі.

2. Адамзат – əлемдік қауым.

3. Адамның табиғаты, мəні, тағдыры.

4. Философиядағы адам мəселесі.

5. «Адам», «жеке адам», «даралық», «кісі» ұғымдарының диалектикасы.

6. Адамның руханилығы. Адамның табиғи, əлеуметтік-психологиялық жəне рухани себептел уі.

8-ТАҚЫРЫП. ӨМІРДІҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ

Тақырыптың мақсаты: Адам өмірінің экзистенциалдық мәселелеріне философиялық талдау беру

рух өздеріне өзгеше өмір сүру формасын іздейді. Тəннен айырылғанымен, олар объективтік мазмұндарын жоймайды. Керісінше, олар мəңгілік мазмұнға ие болып, шексіз шындықпен бірігіп кетеді. Алайда, олардың қандай да формада өмір сүретіні – бізге (адамдарға) жұмбақ. Адамдардың кеудесінен жан «ұшып»

шыққаннан кейін, рух, «аруақ» күйіне көшеді деп болжамдар жасайды»

(Абайдың дүниетанымы мен философиясы / ред. Ә. Нысанбаев. – Алматы: Ғылым, 1995. – 184 б.). Ғылыми əдебиетте «Мен» деп өзімен-өзін бірегейлендіре алатын жəне өз əрекеттерінің субъектісін айтады. Мендік сезімнен ажыраған субъект адамдық кейіптен де алыстайды. Мысалы ғалымдар «персонсыздандыру»

немесе «Менді жоғалту» жағдайында адамдар өздерінің кім екендігін білмейтін қалыпқа түседі дейді (Мейли Р. Различное аспекты Я // Психология личности.

Тексты. – М.: МГУ, 1982. – С. 132-141).

«Мен» ұғымын алғашқы енгізгендердің бірі жəне прагматизмнің негізін салушы У. Джемс өзіндік сана тұрғысынан Мен жəне тұлғаны айыра білу керек дейді. Ұғымның кең мағынасында тұлғаға оның тек өзі емес, сонымен қатар

«менікі» деп атай алатын барлық нəрселері жатады (тəні, жаны, рухы, үйі, əйелі, балалары, достары т.т.). Мені үшін ол бар қайраты мен күшін аямайды

(Джемс У. Личность // Психология личности. Тексты. – М.: МГУ, 1982. – С. 61-70).

Егер дəстүрлі адам туралы ғылымда Меннің жан мен тəннен тұратындығына көбірек назар аударылса, онда У. Джемс тұлғаның үш элементіне жататындары деп денелік, əлеуметтік жəне рухани тұлғаны өтеп өтеді. Тұлғаның денелік аймағына оның тəні ғана емес, оған қоса киетін киімі, тұрмыстық заттары т.т. жатады. Алайда, тұлға ұғымы жоғарыдағы жіктеудің екінші жəне үшінші деңгейлерімен тікелей қатысты. Қазақ тіліндегі əдебиетте тұлғаны орыстың «личность» атауының калькасы ретінде қолдану тəжірибесі кең таралған, тұлға қазақ тілі констекстінде елі мен жерінің қорғаушысы, басқаларға «сүйеніш болатын адам» мағынасында қолданылады. Яғни тұлға болу əрбір адамның қолынан келе бермейді, ол ерекше əдепті адамдарға ғана тəн. Оны мысалы, Жамбылдың мынандай сөздерінен: «Батыр тұлға бола алмай, Елдің түгі жығылды, Үш бөлінді көп дулат», немесе «Қамбар батыр»

эпосындағы: «Бөтен туған бала едің, Жұртқа тұлға болғандай, Сол себепті сені тежеймін» анық көруге болады. Сол себепті азаматтық əр адамның имандылық, əлеуметтік сапа-қасиеттерін білдіретін болса, пенде болу көптің бірі болу ғана болса, тұлға болу дегеніміз елден ерекше болуды, қатардан алға бөлініп шығуды қажет етеді (Оспанов С. «Азамат» ұғымын жаңғырту және оны өзіндік ғылыми тұғырына көтеру // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 1997. - № 9-10. – 4-8 бб.).

Тұлғаның моральдық оппозициясына «пенде» жатады. Әдетте бұл ұғым діни мағынада да қолданылады. Жалпы алғанда «пенде» түсінігі «көптің бірі»,

«жаратылыстың нəтижесі» дегенді білдіреді. Ол күнаға жиі батады,

«пендешілік» жасайды. Абай жазғандай:

Төңкеріліп құбылған жұрт бір сағым, Шынға шыдап қосалмас ынтымағын.

Көптің аузын күзетсең, күн көрмейсің.

Өзіңді өзің түзет, кел, шырағым.

Ақылды қара қылып қырыққа бөлмек.

Әр нəрсеге өзіндей баға бермек, Таразы да, қазы да өз бойында,

Наданның сүйенгені көппен дүрмек (230 б.).

Жоғарыда келтірілгендей, «пенде» – қатардағы «тірі жан», көптің бірі болып «жарық дүниеде өмір сүруші», «жаратушының құлдарының бірі». Ал

«домалақ, жұмыр басты пенде» дегенде көпшіліктің бірі есебінде, ел санатында жүруді айтады. «Пенденің» осындай «орташыл», «көпшілдеу» ерекшеліктерінің

«басым» екендігін ескертіп, жоғарыда сот үкіміне кесілген, қамауға алынған қазақтың заң тілінде «азамат» түсінігіне «пенде» деген атаудың сəйкес емесін айтып, оған тек «бодан» деген нақтылы, оның жағдайына жайма-сай атау сөзді ұсынамыз. Ал «адамның пендешілігі» деп, сотқа тартыла қоймайтын күнəні, біле тұра жасаған қателіктерді, имантаразылықты бұзуды, басқаға қастандық ойлау сияқты нəрселерді ғана айтуға болады» (Оспанов С. «Азамат» ұғымын жаңғырту және оны өзіндік ғылыми тұғырына көтеру // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 1997.

- № 9-10. – 4-8 бб.).

Мен жəне тұлғаның айырмашылығын олардың ғылым саласының зерттеу объектісіне айналу бағытымен де ажыратуға болады. Мысалы, американдық мəдени антропологияның негізін қалаушылардың бірі – М. Мид Меннің қалыптасуында қарым-қатынас шешуші рөл атқарады деген түйінге келеді.

Қарым-қатынаста «Айна – Мен» деп аталатын құрылымды байқауға болады.

Қазақ ғалымы Қ. Әбішів те осындай тұжырымға келеді: «Әрбір басқа адамға, сол адамның барлық өзіндік өзгешілігіне бағытталған қатынас, екінші жағынан сол кісі арқылы оның өзіне қайта оралып, оның өзіндік болмысын айқындайды, бекітеді. Басқаның басқа болмысы меннің өзгеше болмысының айнасы, əрі куəсі. Басқаның өзгеше болмысына меннің өзіндік қатынасы оның өзгешілігін де, менің өзімдігімді де айқындайды. Сол сияқты басқаның маған қатынасы да осылай. Адамдар арасындағы қатынастар бір бағытта емес, олардың бəрі де өз иесіне оралып жататын рефлексиялық байланыстарға жатады. Оның сана дəрежесіндегі мазмұны – əр адамның өзін өзгелер арқылы айғақтауы. Әрбір адамның «мені» осы қатынастарда айқындалады, бекиді, немесе бекімейді.

«Мен» əрбір адамның адамдық кеңістікте бөлектенген, уақытта шектелген тəні ғана емес, сол тəн иесі субъектінің басқа да сондай субъектілермен қатынастарының түйіні. Ол – іс-əрекеттік, қоғамдық байланыстар, рухани сабақтастықтар. Әрбір осындай сабақтастық біршама оқшауланған, өзіндік дербес түйіні бар» (Әбішев Қ. Философия. – Алматы: Ақыл кітабы, 1998. – 266 б. ).

М. Мид мəселені күрделілеу қояды. Адам өзі туралы тек басқаға қарап қана қоймай, онымен қарым-қатынасқа түсу арқылы өзінде Мендік сезім қалыптастырады. Осындай жағдайдың айшықты үлгісіне ойын жатады. Ойында адам өзіне маңызды партнерді саналы таңдайды жəне ол үшін де маңызды болғысы келеді. М. Мид Менді екі бөлікке бөледі. Қазақ тілінде баламаларды қалыптаспағандықтан ағылшынша «J» жəне «me» деп ала берейік. «J» – Меннің шығармашыл, белсенді жағы, ол қоршаған орта талабына жауап беруге дайын,

«me» осы Меннің бақылаушы тетігі, жоғарыдағы «J» жауабын əлеуметтік нормалармен сəйкестендіруші, ол көбінесе символикалық сипатта болады»

(Социальная психология. – М.: МГУ, 1980. – 416 с. ).

Жоғарыда келтірілген қағидалар ХХ ғасырдың маңызды шарттары болып табылады. Келесі маңыздығы ұғым – Мен-субъект. Адам өз өмірін өзі жасайды, субъект болғанда ғана адам бола алады. Өйткені адам дүниеге жіберілген жоба ғана емес (Сартр). Әрекет ету барысында Мен басқа Мендердің бар екендігіне көзі жетеді жəне өз əрекетін басқалармен үйлесімді етуге ұмтылады. Басқаны елеу жəне онымен есептесу альтруизмнің бір көрінісі болып табылады. Өйткені осының нəтижесінде «біз» деген құрылым қалыптасады Мен жəне Басқаның қарым-қатынасы түбегейлі əлеуметтік қатынас болып табылады.

Әлеуметтік тұтастықта Басқа маған жат емес, ол – басқа-Мен. Мен жəне Басқа бұл дүниеде өздерінше тіршілік ететін субъектілер болып табылады. Егер Батыста Мен Басқадан жоғары қойылса, Шығыста бұл қатынас керісінше болып келеді. Жапондықтарда «сен» демей, «менің көз алдымдағы керемет адам» деген тіркес қалыптасқан. Мен жəне Сен əлеуметтік феномен болып табылады жəне тағы бір адамдық аксиоманы ескеру қажет: қауым, қоғам, коллектив дегендердің негізінде Мен жəне басқа Мендердің дара қатынасы жатыр. Кері жағдайда біз адамсыздандырылған болыл шығамыз.

«Мен – Басқа» оппозициясының мəнісі сұхбат (диалог) қатынасы тұрғысынан да қарастырылуы мүмкін. Бұл мəселе М. Бубер, М. Бахтин т.б.

шығармашылығында терең зерделенген. М. Бахтин «өзім үшін Мен» жəне

«біреу үшін Менді» ажыратып, олардың арасындағы сұхбатқа үлкен көңіл бөлді: Адам ешқашан біртұтастықты өз басынан ғана таба алмайды. Мəселе мұнда біреудің біреуден тəуелділігінде емес, мəселе адамның амбивалентті, бинарлы болмысында. Адам əрқащан басқалармен қарым-қатынаста болғысы келеді, өзінің жалғыздығынан шошиды, олай болса, жеке адам, жалғыз басты адам өз-өзіне жеткіліксіз. Сол жетіспеушіліктің, жоқтың орнын толтыру үшін басқа адам керек. «Мен басқаларға тығыламын, басқалар үшін басқа болуға тырысамын, басқалардың əлеміне басқа ретінде кіремін, сөйтіп өзімнің өмірдегі жалғыздығымның ауыртпашылығынан кетуді қалаймын» (Бахтин М. Эстетика словесного творчества. – М.: Искуство, 1986. – 444 с.).

Мен жəне Сеннің арасындағы сұхбат мəселесін қазақстандық мəдениеттанушы А. Құлсариева жан-жақты қарастырған. Автордың ойы бойынша, адамның мəдени болмысы сұхбаттың қажеттілігімен сипатталады. Ал сұхбат тек «Мен» жəне «Басқа» арасында ғана мүмкін. Бірін-бірі бағалау мүмкіншілігі, немесе «құндылық» қарым-қатынас тек «Мен» жəне «Сен»,

«Мен» жəне «Басқа» болған тұста ғана кездеседі. Өйткені, мен өзімді-өзім принципиалды түрде бағалай алмаймын. «Мен» өзімді бағалы сезінемін, өйткені маған біреу қуанады, мен біреуге қажетпін. Осылайша, əлемдегі əрбір адам өзіне деген басқаның эмоционалдық (сезімге толы көңіл-күйі) қатынасын байқайды. «Мен» - «Сен» əлемі — құндылықтар əлемі, өйткені құндылық тəуелсіз қос сананың кездесуінен туындайды» (Құлсариева А. Қазіргі заман мәдениеті. Алматы, 2008. – 130 б.).

Постмодернизмде адамдық қатынастарды «интимдендіру» жəне стандартты «орташа адамнан» арылу маңыздылығы алға қойылады. М. Бахтин мен Ю. Лотман концепцияларында Мен тек Басқаға баға беріп қана қоймай, сол Басқаның Мен туралы бағасын ескеру қажеттілігі айтылады.

«Біз» жəне «мен», тұтастық ретіндегі, жанды тұтастық ретіндегі қоғам мен тұлға қоғамдық болмыста, біз білетіндей, екі тəуелсіз, бір-біріне қарама-қарсы тұрған инстанция ретінде əр қайсысы абсолютті маңыздылыққа ұмтылып, өзін абсолютті бастау деп түсінеді. Әрбір жеке тұлға да, «мен» де өзін абсолютті бастау ретінде сезінеді. Бұл сана адамның жануарлық эмпирикалық стихиясының көрінісі ретіндегі тұрпайы эгоизммен тең емес; «мен» өзінің терең қабаттарында ол бас тарта алмайтын жəне бастартуға тиісті де емес жалғыз əлде-бір қайталанбайтын жоғары құндылық, əлде-бір қасиеттілік бар екенін түсінеді. Ынтымақтастық бастауы кез-келген индивидуальды бостандықты өзін кемсіту, өзінің болмысына төнген қауіп ретінде қабылдайды;

бостандық бастауы қоғамдық бірліктің кез-келген бағындырушылық талабын өзін жойып жіберу ретінде сезінеді. Істің мəнісі мұнда екі бастау да қоғамдық болмыс үшін қажет болғандықтан бір бастаудың екіншісін кесітуі немесе жойып жіберуі арқылы салтанат құруында болып тұрған жоқ, өйткені «біз»

жəне «мен» бірлігін бір-бірінсіз көзге елестету қиын болғандықтан, қарсыластар өз ара ажырамас түйінмен байланысқан.

Біз адам арасындағы кез-келген, тіпті утилитарлық қатынастың негізінде - ол салқын келісімді қатынастар болсын немесе біреулердің екіншілерге мəжбүрлеп билік етуі болсын – адамдардың бастапқы ішкі бірлігі, адамның адамға деген тікелей сенімі мен құрметінің бастауы, ішкі жақындықты сезіну, сайып келгенде «біздің» бастапқы бірлігінен тамыр алған интуитивті өзара түсіністік жатады. Сонымен, адамгершіліктің ұлы принципі жақыныңды жақсы көру, басқа адамнан жекеленген, азда болса жай формада «жақын», «өзіңе ұқсасты» көру, оны интуитивті формада «сен», яғни өзіңе тең, бара-бар жан ретінде қабылдау, оның тағдырын өз тағдырыңмен байланысты деп жан ашырлықпен қарау, оны рухани өмірдің иесі ретінде табиғаты жағынан маған жақын тұлға деп санау - бұл принцип, қоғамды онсыз көз алдыңа елестете алмайтын, оның мызғымайтын жəне мəңгілік негізі. Кез-келген жаңа индивидуализм, адам қоғамындағы қажеттілік пен бəсекелестік туралы кез- келген ілім олар нені уағыздамаса да, оларда қаншалықты салыстырмалы ақиқат болса да, қоғамдық байланыс бастауының бұл негізін шетте те де, теріске шығарада алмайды.