Адам қҧқығына, оның мазмҧнына, қорғалуына және бҧрынғы Кеңес Одағы республикаларының аумағында қамтамасыз етілуіне деген қатынастардың ӛзгеруі ХХғасырдың 80-90 жылдардағы саяси, экономикалық, әлеуметтік ӛзгерістердің нәтижесінде болды. 1977 жылғы КСРО және 1978 жылғы ҚазақКСР Конституцияларында адам
қҧқығы ҥлкен кӛлемде жарияланды; КСРО1966 жылғы азаматтық және саяси қҧқықтар туралы және экономикалық, әлеуметтік және мәдени қҧқықтар туралы Халықаралық Пактлерді ратификациялады. Бірақ социалистік қҧрылыс кезінде адам қҧқықтары тек белгілі бір дәрежеде, тоталитарлық режим сҧраныстарына жауап беретін болса ғана жҥзеге асуы мҥмкін. Ал іс жҥзінде бҧл қҧжаттарда кӛрсетілген қҧқықтар мен бостандықтардың шектелуіне алып келді. Жеке адамға тҧлға болуға, дербес қоғамдық және саяси бірлік болу қҧқығы берілмеді. Оны кеңестік адамдардың барлығы тҥсіне берген жоқ, оған қоса «адам қҧқығы» деген ҧғымда қандай мән бар екенін ҧға алмады. Сондықтан да 1970 жылдың қарашасында А.Д.Сахаров, В.Н.Чалидзе және А.Н.Твердохлебов Адам қҧқығы және қҧқықтық ағарту туралы Комитет қҧрды. Оның негізгі міндеті ел басшылығымен сҧхбат жасау, адам қҧқығы мәселелерін ашық талқылау болды. Бірақ ол кезде мҧндай сҧқбат жҥргізу мҥмкін емес болатын.
Кеңес Одағы ыдыраған соң жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында, соның ішінде ең соңғылардың бірі болып тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан Республикасының алдында ҧлттық мемлекеттілікті қамтамасыз етудің кең ауқымды мәселелері пайда болды. Оған қоса мемлекет тәуелсіздігін сақтау және нығайту, адамзат тарихында болмаған социализмнен капитализмге, тоталитарлық режимнен либералдыққа ӛту жағдайында қоғамдық ӛмірді тҥпкілікті ӛзгерту, әлемдік кеңістікке интеграциялану мәселелері де болды.
Осы орайда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің ең басты мәселелерінің бірі жариялау мен оны нақты саяси және заңнамалық дәрежеде бекіту болды. Адам және азамат қҧқықтары мен бостандықтарының идеологиялық мазмҧны адамзаттың ӛмір сҥруіне қҧқықтық, моральдық тҧрғыдан келумен алмасты. Саяси ӛзгерістермен қатар қҧқықтық идеология да ӛзгере бастады. Онда адамды ең ҥлкен қҧндылық ретінде бекіту туралы және бҧл әлемдегі барлық сандық және бағалы, моральдық тҥсініктердің бәрі адаммен байланысты деп тҧжырымдалды.
Әлем объективті тҥрде ӛмір сҥреді, бірақ адам санасы болмаса оны ешкім бағаламайды, оның еш мәнісі жоқ. Ал қазіргі таңда адамзатта басқа формадағы материяның бар болуы туралы нақты дәлелдемелері болмағандықтан, барлық әлем, барлық кеңістік және оны тҥсіну антропоцентрлік болып табылады.
Бҧл ойдың дәлелдемесі ретінде Р.Тагор және А.Эйнштейн сияқты ғҧламалардың осы аспект бойынша толық бірдей пікірге келуі табылады, олардың танымның шынайы табиғаты туралы әңгімесі 1931 жылы болды. Оған қоса ҥнді ойшылы Р.Тагор ҧсынған «Дҥниенің
адамзат Тҧжырымдамасын» А.Эйнштейн қолдады. Бҧл тҧжырымдамаға сәйкес әлем шындығы адам санасына байланысты. Мәңгілік әлемге тек қана адамның мәнін қамтыған Мәңгілік (Жоғары, Әмбебап) Адам ғана жете алады /43/. Бҧл кӛзқарасты қазіргі ғалымдар да қолдайды.
Мысалы, И.И.Лукашук қауымдастықтың қазіргі қҧқығының негізгі сипаттарының бірі ретінде гомоцентризмді санайды, ол алдыңғы қатарға адам қҧқықтары мен мҥдделерін қою деген сӛз /44, 15-33б/.
Т.Н.Нешатаеваның ойы бойынша қҧқықтың табиғи субъектісі – адам.
Барлық қалған субъектілер – бҧл тҧрғыдан қҧқықтық фикция, қҧқық жасаған және қҧқықтан тыс бола алмайтындар. Мҧндай субъектілерге мемлекеттер де, ҧлттар да, әлемдік ҧйымдар да жатады /45,70б./.
Антропоцентризм теориясын қолдай отырып, адам қҧқығы дегеніміз – әрбір халықтың ҧлттық ерекшелікке қҧқығының, елдің егемендікке қҧқығының, барлық адамзаттың тек жердегі ғана емес, оған қоса ғарыштағы да бейбітшілік пен қауіпсіздікке қҧқығының негізгі, органикалық бӛлігі болып табылатын санат деп санаймыз.
Сондықтан да адамзат ғарыштағы адамның қызметі туралы бірнеше халықаралық қҧжаттар қабылдады. Кӛпетеген елдер осы шарттарға қосылды, олардың қатарында Қазақстан да бар. Ол 1997 жылы 15 мамырдағы №108-І Заңымен 1975 жылы 14 қаңтарда Нью-Йоркте қабылданған ғарыштық кеңістікке жіберілетін объектілерді тіркеу туралы Конвенциясына қосылды. 1997 жылы 15 мамырдағы №105-І Заңымен 1979 жылы 18 желтоқсанда қабылданған Ай мен басқа аспан денелеріндегі мемлекеттердің қызметі туралы Келісімге қосылды; 1997 жылы 15 мамырдағы №107-І Заңымен 1972 жылы 29 наурызда Мәскеу, Лондон және Вашингтон қалаларында қабылданған ғарыш объектілері келтірген залалдары ҥшін жауапкершілік туралы халықаралық Конвенцияға қосылды.
Қазіргі заман тарихында адам қҧқығын қорғау мен сыйлау ережесі Екінші дҥниежҥзілік соғыс аяқталысымен БҦҦ Жарғысына енгізілді.
Содан кейін 1948 жылы 10 желтоқсанда «Адам қҧқығы туралы жалпы Декларацияда» адам қҧқықтары жайлы мәлімделді. Ол 1966 жылы 16 желтоқсанда қабылданған Адам қҧқығы туралы Халықаралық Пактілердің мәтініне негіз болды. Бҧл қҧжаттың кӛлемі мен маңыздылығын атаған В.А.Карташкин «Адам қҧқығы туралы жалпы Декларациясы» 100-ден астам елдің Конституциясын жасауға ҥлгі болды дейді. Оның нормалары мен ережелері Негізгі заңдарда бекітілген және оның әсерімен жасалған. Оған қоса белгілі бір себептерге байланысты адам қҧқықтары туралы Пактілерге қосылмаған елдер, оның ережелеріне бағынады, себебі олардың ҥлкен бӛлігі jus
cogens, яғни барлық елдер ҥшін міндетті нормалар. Ғалымның пікірі бойынша адам қҧқығы халықаралық қҧқықтың жаңа саласы ретінде дамуда, оған мыналар тән: 1) оның қалыптасуы жағынан басқа қҧқық салаларының алдында келе жатуы; 2) қабылданған нормаларды орындаудың әмбебап халықаралық және аймақтық бақылау механизмдер санының ӛсуі; 3) қҧқықтың басқа да институттарына ӛзгерушілік әсері (егемендік, қолсҧқпаушылық және т.б.) /46/.
БҦҦ Жарғысының 1-бабы бойынша бҧл ҧйым келесі мақсаттарды кӛздедйді:
1. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау...;
2. Ҧлттар теңдігі мен ӛзін-ӛзі анықтау қағидасы негізінде ҧлттар арасындағы достық қатынастарды нығайту...;
3. Адамның ҧлты, жынысы, тілі мен дініне қарамастан адам қҧқықтарына және негізгі бостандықтарын сыйлауды дамыту мен кӛтермелеудегі...халықаралық ынтымақтастықты жҥзеге асыру
Бҧдан кӛретініміз, БҦҦ Жарғысын жасаушылардың ойынша, бҧл ҧйымның негізгі, маңызды мақсаттарын, яғни Жер бетінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен мемлекеттер егемендігіне кепілдік берілгеннен кейін ғана жеке тҧлғаның қҧқықтары мен бостандықтары нәтижелі болмақ.
Осылайша, адамзат тарихындағы ең қанды соғыстан кейін қабылданған бҧл қҧжатта, бір жағынан жеке адам қҧқықтары 3-ші орында тҧр деуге де болады. 2000 жылы БҦҦ қызметі туралы жылдық баяндамасында Кофи А.Аннан «ХХІ ғасыр қарсаңында барлық елдер мен халықтар ҥшін тҧрақты бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау БҦҦ- ның жарты ғасыр бҧрын ҧйым жаңа қҧрылған кездегідей ең маңызды мақсаттарының бірі болып қалып отыр» деді /47/. Тек 1975 жылы Хельсинки Қорытынды Актісінде ғана адам қҧқығын қорғау халықаралық-қҧқықтық дербес қағидаларының бірі болды, яғни барлық мемлекеттер: а) кез келген мемлекеттің аумағындағы адам қҧқықтары мен бостандықтарын сыйлауы тиіс; ә) адамның саяси, азаматтық, экономикалық, әлеуметтік қҧқықтарын қандай да бір кемсітушіліксіз іс жҥзінде орындауы тиіс; б) жалпы адам қҧқықтары мен бостандықтарын сыйлауға ат салысу, адам қҧқықтары бойынша барлық халықаралық міндеттемелерді орындауы тиіс. Бҧл қағиданың мәні қҧқықтары мен бостандықтары бҧзылған немесе шектелген жағдайда жеке тҧлға қазіргі халықаралық қҧқықтың қорғау объектісі болып отыр деген сӛз.
Мҧның да ӛз логикасы бар. Себебі кез келген тарихи уақыт аралығында адам қҧқығы саласындағы қҧндылықтар ӛзгеріп отырады.
Ал ол ӛз алдына жоғарыда аталып ӛткендей ҥш негізгі тығыз байланы-
сты бӛліктерден қҧралады (адамзат қауіпсіздігі, мемлекет дербестігі, жеке тҧлғаның қҧқықтары мен бостандықтары). Оған қоса жеке тҧлғаның қҧқықтары мен бостандықтары әрқашан бірінші кезекте бола бермейді, кӛптеген жағдайларда шектелген тҥрде кӛрсетіледі, мысалы, мемлекетке әскери және басқа да қауіп тӛнсе, адам қҧқықтары конституцияға сәйкес белгілі мӛлшерде шектеледі, бірақ заң шығарушы мҧны уақытша әрекет деп тҥсіндіреді.
Мемлекет ҥшін қиын кездерде адам қҧқығы объективті тҥрде шектеледі. Мысалы, халықаралық тәжірибеде ең тӛменгі жҧмыссыздық деңгейі (жҧмыссыздарды әлеуметтік қорғалуы қалыпты жҥйеде) 10%.
Елдердің тәжірибесі реформалар кезінде ол әдетте 15-20%-ға дейін кӛтерілетіндігін кӛрсетеді, бірақ ол 3-5 жылдан аспайды. Қазақстан Республикасында бҧл кӛрсеткіш 1995-1999 жылдар аралығында 40%-ға (жасырын жҧмыссыздықты қосқанда) дейін ӛсті, бҧл еңбек нарығындағы апаттық жағдайды, адамның табиғи қҧқықтарының қатарына жататын еңбек ету қҧқығының ӛрескел бҧзылуын кӛрсетеді.
Бірақ дәл осы жылдары егемендік нығайып, мемлекеттің халықаралық аренада бекітілуі жҥрді, ҧлттық қҧқықтық жҥйе орнатылды.
Қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуының қиын кезеңінде 1993 жылғы Конституция терең талқыланып жатқанда Жоғары Кеңес сессиясында Жоғары Кеңес депутаты А.Кекілбаев: «Ҧлттардың ӛзін-ӛзі анықтауға қҧқығы болмайынша жеке тҧлға қҧқығын қамтамасыз ету мҥмкін емес, себебі халқы қуғындағы адам еркіндік бола алмайды» - деді /49/. Тӛрт жылдан кейін, 1997 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев тікелей былай деді: «Бҧған дейінгі кезеңнің негізгі мәні жеке дара мемлекет ретінде басталған ӛтпелі кезеңде орнығу болды». Ол кезде басым мақсат болып жаңа тәуелсіз мемлекетті қҧру, оның егемендікке деген қҧқығын халықаралық деңгейде дәлелдеу, барлық саяси, экономикалық және қҧқықтық жҥйені бҧрын болмаған, жаңа дәрежеге кӛтеру табылды. Бҧл кезде жеке тҧлға қҧқықтары екінші орынға қойылады, себебі мемлекеттік егемендігін қҧруға басым кӛңіл бӛлінді, тіпті адамдар оны сақтау ҥшін ӛз ӛмірлерін беруге дайын болды.
ХХІ ғасыр басында Жаңа Тәуелсіз Мемлекеттердің мемлекеттілігі даусыз факт ретінде болды, сондықтан бҧл мемлекеттер ҥшін Адам қҧқықтары туралы Халықаралық Билльде кӛрсетілген адам қҧқықтарын толық жҥзеге асыру мәселесі туды. Адам қҧқықтары туралы Халықаралық Билльге бес қҧжат жатады: Адам қҧқығы туралы Жалпы Декларациясы (1948 жылы 10 желтоқсанда Бас Ассамблеяның 217А (ІІІ) қарарымен қабылданып жарияланған); Экономикалық, әлеуметтік
және мәдени қҧқықтар туралы Халықаралық Пакт (1966 жылы 16 желтоқсанда Бас Ассамблея 2200 А(ІІІ) қарарымен қабылданып, қол қою мен ратификациялауға, қосылуға ашылған); Азаматтық және саяси қҧқықтар туралы Халықаралық Пакт және оған Факультативті Хаттама (1966 жылы 16 желтоқсанда Бас Ассамблея 2200 А (ХХІ) қарарымен қабылданып, қол қою мен ратификациялауға, қосылуға ашылған);
Азаматтық және саяси қҧқықтар туралы Халықаралық Пактіге ӛлім жазасын алып тастауға бағытталған Екінші Факультативті Хаттама (1989 жылы 15 желтоқсанда 82 пленарлық отырыста қабылданған).
Егер мемлекет осы барлық халықаралық қҧжаттарды ресми мақҧлдап, ҧлттық заңнамаларды осыларға сәйкестендірсе ғана адам қҧқықтары туралы билль тиімді жҧмыс істейтін болады. Бҧл қҧжаттардың мәні, мемлекет бҧрыннан келе жатқан мемлекет пен азаматтың мемлекетішілік қатынастарына қоғамдық қарым қатынастың ҥшінші бір маңызды субъектісі – халықаралық қауымдастық қосылуына саналы тҥрде келеді. Мысалы, Бірінші Факультативті Хаттама бойынша, азамат ӛз мемлекетінің заңсыз іс әрекеттеріне қатысты шағымдана алады. Мҧндай шағымдар ӛте кӛп, ол тек дамушы елдердің азаматтарынан ғана емес, сонымен қатар, демократиялық салт дәстҥрі тҧрақты қалыптасқан елдердің азаматтары да шағымдануда.
2003 жылы 17 қарашадағы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша біздің мемлекетіміз осы Пактілерге қосылды, бірақ ТМД елдері ішінен осы қҧжаттарды ратификацияламаған жалғыз ғана ел болып қалып отыр. Қазақстан адам қҧқығын қорғау аясындағы басқа да қҧжаттарға бҧрыннан қол қойып, қосылғанына қарамастан, бҧл біздің еліміздің әлемдік аренадағы қҧқықтық мемлекет қҧрудағы имиджін бекітуге, біздің азаматтарымыздың еркіндігі мен қҧқығын қамтамасыз етуге еш септігін тигізбейді. Олардың қатарында бала қҧқығы туралы, әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы, қинауға, жазаның басқа да қатыгез және адами емес, намысты қорлайтын тҥрлеріне қарсы халықаралық конвенциялар бар. Біздің мемлекетіміз сонымен қатар, геноцидтің алдын алу және жазалау туралы;
босқындардың мәртебесі туралы; Женева гуманитарлық конвенциялары мен олардың Факультативті хаттамаларына қосылған.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары И.И.Рогов Президент Жарлығына қатысты тҥсініктемесінде былай деді: «Қазақстан Халықаралық пактілерді ратификациялау кезінде оларға ескертпе, нақты айтсақ, еңбек етуге қатысты адам қҧқықтары, бейбіт шерулерге қатысуға қатысты адам қҧқықтары (ҚР Заңдары бойынша мемлекеттік қызметкерлер бейбіт
шерулерге қатысуға қҧқығы жоқ) қарастырылған баптарға жасамақшы.
Сонымен бірге, әрбір 18 жасқа толған тҧлғаны ӛлім жазасына кесу туралы АҚШ ескертпесіне қарсылық білдіреді, ӛйткені Қазақстанда әйелдер ӛлім жазасына кесілмейді. Егер біз ӛз қарсылығымызды білдірмесек, онда олар АҚШ аумағында қылмыс жасаса, оларға бҧл қылмыстық жаза тарайды/50/. Шынында да И.И.Рогов, Қазақстанда объективті себептерге байланысты кҥші болмайтын (еңбек ету қҧқығы) немесе басқа мемлекеттің заңнамасына қарағанда, мысалы Америка Қҧрама Штаттарға қарағанда (кейбір штаттарда әйелдерді ӛлім жазасына кесу қарастырылған) қазақстандық заңнаманың ізгілік сипаты бар баптарды дәл атап кӛрсеткен.
Ҥкіметтің 2005 жылы 21 маусымдағы №598 және 2005 жылы 25 маусымдағы №625 Қаулылары бойынша Парламентке «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени қҧқықтар туралы Халықаралық Пактіні ратификациялау туралы» заң жобасын ескертпесіз және «Азаматтық және саяси қҧқықтар туралы Халықаралық Пактіні ратификациялау туралы» заң жобасын ҚР Бас Прокуроратурасы тарапынан ҧсынылған ескертпемен енгізді. Шарттың ешбір бабын алып тастамайтын, керісінше, толықтыратын ескертпеде былай делінген: «Халықаралық Пакттің 9-бабының 3 тармағын мойындай отырып, Қазақстан Республикасы мынаны ескертеді, ҧлттық заңнамаға сәйкес кез келген тҧлғаның қамауға алынғаны жӛнінде шҧғыл прокурор хабардар болуы тиіс. Сот немесе прокурор қамауға алған әрбір тҧлғаның ӛзінің қамауға алынуы немесе ҧсталуы бойынша сотқа шағымдану қҧқығы бар». Ал 9- баптың 3 тармағы мынадай нормалардан тҧрады: «Қамауға алынған немесе қылмыстық айыптау бойынша ҧсталған әрбір адам судьяның, немесе заң бойынша сот билігін іске асыруға қҧқығы бар және ақылға қонымды уақыт ішінде істі сотты қарауға немесе босатуға қҧзіреті бар басқа лауазымды адамның алдына жедел жеткізілуі тиіс. Сотта ісінің қаралуын кҥтіп отырған адамдарды тҧтқында ҧстау жалпыға бірдей тәртіп болып саналмауы тиіс, бірақ босату – сотқа келу, сотта ісінің қарауына қай сатысына болмасын келу, керек жағдайда ҥкім орындалу кезіне келу кепілдігі берілсе ғана жҥзеге асырылады».
Осылайша, азаматтық және саяси қҧқықтар туралы Халықаралық Пакт осы бабының нормалары мен енгізіліп отырған ескертпе Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабының 2-тармағына сәйкес келеді: «Заңда кӛзделген реттерде ғана және тек қана соттың немесе прокурордың санкциясымен тҧтқындауға және қамауда ҧстауға болады, тҧтқындалған адамға шағымдану қҧқығы берiледi.
Прокурорды санкциясынсыз адамды жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ҧстауға болады».
Халықаралық Пактілерді ратификациялау бҧл барлық ҧлттық заңнаманы адам қҧқығы саласындағы негізгі халықаралық қҧжаттарға сәйкестендіру бойынша маңызды жҧмыстың басталғаны туралы айтып тҧр. Осыған байланысты, заңнамашылар кӛптеген объективтілік қиындықтарға тап болатыны сӛзсіз Біздің ойымызша, Қазақстанға ӛз азаматтарына еңбек ету қҧқықтарына кепілдік беру мҥмкін болмайды, ал адамның экономикалық және әлеуметтік қҧқықтарының ішіндегі ең маңыздысы адамның еңбек ету қҧқығы болып отыр. Алайда, халықаралық қҧқықта, мысалы, 1948 жылғы Адам қҧқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясының 23-бабында еңбек ету қҧқығы еңбек еркіндігі туралы қҧқықпен ҥйлескен. Бҧл ережелер 1993 жылғы Конституцияның 19-бабында да бекітілген болатын, онда былай делінген: «Республика азаматының еңбек ету қҧқығы бар және ол әркімнің еркіне, қабілетіне, арнайы дайындығына сай еркін ӛндіруші ретінде немесе еңбек шартына байланысты еркін еңбек ету мҥмкіндігіне ие болудан тҧрады». 1995 жылғы Конституцияның 24- бабының 1-тармағында халықаралық қҧқықтың екі бӛліктен тҧратын нормасының бір бӛлігі ғана – еңбек еркіндігіне, мамандық және қызмет тҥрін еркін таңдауға қҧқық қарастырылған. Нәтижесінде конституциялық норма еңбекке деген еркіндікті ғана емес, сонымен қатар, еңбектен де бас тарту еркіндігін бекітеді. Бҧл халықаралық қҧқық нормалары талаптарынан және мемлекет адамның негізгі қҧқықтарын – адамның еңбек ету қҧқықтарын, яғни тҧлғаның және оның отбасының лайықты ӛмірі, қорыта келгенде, қоғам тҧрақтылығы мен мемлекеттің ӛркендеуі тәуелді болатын адам қҧқықтарын қамтамасыз етуден бас тартты деген сӛз.
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени қҧқықтар туралы Халықаралық Пакт Адам қҧқықтарының Жалпыға бірдей Декларацияның әрбір адам экономикалық, әлеуметтік және мәдени қҧқықтарын да ӛзінің азаматтық және саяси қҧқықтарымен бірдей пайдалана алатындай жағдай туғызғанда ғана ҥрей мен мҧқтаждықтан ада еркін адам ҥлгісі болады деген ережесін бекітеді. Сондықтан, біздің мемлекетімізде де уақыт ӛте келе барлық азаматтардың лайықты ӛмір сҥрулеріне жағдай жасалынады деген ҥміт бар.
ТМД-ның кейбір елдерінде еңбек ету қҧқықтары қарастырылмаған.
Мысалы, Қырғызстан Конституциясының 28-бабының 1-тармағында Қырғыз Республикасы азаматтарының «барлық жағдайларда және нысандарда еңбекті қорғау қҧқығы, қауіпсіздік және тазалық
талаптарына сай еңбек жағдайы қҧқығы, сонымен қатар жҧмыссыздықтан әлеуметтік қорғану қҧқығы» бекітілген.
Ресей Федерациясы Конституциясының 37-бабының 1-тармағында еңбек еркіндігін әрбір тҧлға еңбек қабілетіне қарай жҧмыс істеп, мамандығы мен лауазымын таңдау қҧқығын бекітеді. 7-баптың 1- тармағы Ресей Федерациясын саясаты адамның лайықты ӛмірі және еркін дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға бағытталған әлеуметтік мемлекет екенін ресми жариялайды, ал біздің мемлекетіміздің Конституциясында Қазақстан ӛзін тек әлеуметтік мемлекет ретінде бекітті.
ТМД-ның басқа елдерінің ҧлттық Конституцияларында еңбек ету қҧқығы бекітілген. Мысалы, Тәжікстан Конституциясының 35-бабында әрбір адамның «еңбекке, мамандық таңдауға, жҧмыс, еңбекті қорғау және жҧмыссыздықтан әлеуметтік қорғану» қҧқығы бекітілген.
Ӛзбекстан Республикасының Конституциясы 37-бабында заң бойынша қойылған талаптарға сәйкес әрбір адамның еңбекке, жҧмысты еркін таңдауына, еңбектің әділетті шартына және жҧмыссыздықтан қорғануға қатысты қҧқығы бар.
Бірақ еңбекке қатысты толық қҧқық Беларусь Республикасының Конституциясында бекітілген: « Беларусь Республикасы азаматтарына еңбек ету яғни мамандық таңдауға қҧқығы, лауазымына, қабілетіне, біліміне, кәсіби дайындығына және қоғамдық қажеттілігіне қарай жҧмысы мен айналысатын ісін таңдау қҧқығы, сонымен қатар, қауіпсіз еңбек шартына кепілдеме береді. Мемлекет халықтың толық жҧмыспен қамтылуына жағдай жасайды...».
Сонымен қатар, біздің елімізде 11-бап та іске аспайды, бҧл бапқа сәйкес Пактіге қатысушы мемлекет әр адамның ӛзі және оның отбасы мҥшелерінің жеткілікті тамақтану, киім мен баспананы қамтитын жеткілікті тҧрмыс деңгейінде ӛмір сҥру және тҧрмыс жағдайын ҥнемі жақсарту қҧқығын мойындайды. Бірақ Пактінің 2-бабында да әрбір мемлекет Пактіде кӛрсетілген қҧқықтардың іске асырылуын біртіндеп толық қамтамасыз етеді делінген. Біртіндеп деген сӛз асықпай деген сӛзге ҧласып кетпеуі тиіс, себебі кейбір қҧқықтық қақтығыстар саяси шиеліністерге ӛтіп кетуі мҥмкін.
Мемлекет қызметкерлерінің бейбіт шеруге шығуына тыйым салу, біздің ойымызша, Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің қағидаларының бірі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 3-бабында сәйкес азаматтың қҧқықтары, бостандықтары мен заңды мҥдделері мемлекеттік мҥдде алдында басымдыққа ие; ал дәл осы Заңның 9- бабының 3-тармағында мемлекеттік қызметкерлердің негізгі
міндеттеріне азаматтардың және заңды тҧлғалардың қҧқықтары, бостандықтары мен заңды мҥдделері қорғалу мен сақталуын қамтамасыз ету, заңнамада бекітілген мерзім ішінде азаматтардың арыздарын қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау жатады. Осылайша, «халық қызметшілері» бейбіт шеруге шығудың орнына, қазақстандық заңнама дҧрыс бекіткендей, қоғам мҥддесін қорғауға тҧруы тиіс.
Қазақстанда заңнаманы дамытудың, біздің ойымызша, елімізде демократиялық, қҧқықтық мемлекет қҧрудағы конституциялық міндеттерді іске асыруда маңызды рӛл ойнайтын басым бағыттарының бірі – ол сайлау заңнамасын жетілдіру.
«Әрбір аспазшы мемлекетті басқара білуі тиіс» деп айтқан Ленин сӛзін кейбір сыншылар тікелей қабылдап қалып жатыр, десек те, қазір де бҧл сӛздердің астарында не жатқаны бізге тҥсінікті, яғни саяси «ас бӛлме» қай кезде болмасын ҥй шаруашылығындағы адамға арналмағаны заңгер және мемлекет басшысы ретінде В.И.Ленинге де белгілі болды. Сҧрақ мынада, кез келген аспазшы және басқа да азамат сайлау арқылы, бҧқаралық ақпарат кӛздері және басқа да заңды тәсілдер арқылы мемлекеттің саяси ӛміріне араласуға қҧқылы. Ол ҥшін бізге жетілдірілген ҧлттық сайлау заңнамасы қажет, сондықтан әлемдік тәжірибелерге, халықаралық қҧқықтың жалпыға танымал нормаларына кӛңіл бӛлуіміз керек десек те, Э.Б.Мҧхамеджанов атап кӛрсеткендей, Қазақстандағы сайлау туралы қолданыстағы заңнама негізінде халықаралық қҧқықтық актілердің, соның ішінде Адам қҧқықтарының Жалпыға бірдей Декларацияның (1948), Азаматтық және саяси қҧқықтар туралы Халықаралық Пактінің (1966) және Адам қҧқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық Конвенцияның (1952 жылғы №1 хаттама) қағидалары жатыр /51/.
1999 жылы кҥз айындағы Қазақстан Республикасы Парламентіне сайлаудан кейін ЕҚЫҦ атынан бақылаушылардың жетекшісі Г.Балиан былай деп мәлімдеді: «Қазақстан президенттік сайлаудан кейін белгілі бір жетістіктерге жетті, бірақ бҧған қарамастан, ӛтіп жатқан сайлаулар ЕҚЫҦ талаптарына сай келіп жатқан жоқ және Қазақстан халықаралық стандарттарға «сенімсіз қадам» жасап отыр». Саясаттанушы Р.Азимов осыған байланысты былай дейді: «беделді халықаралық ҧйымдардың ҧсыныстарына қҧрметпен қарай отырып, олардың ойы мен кеңестерін тыңдай отырып, Қазақстан демократияға барар жолдағы ӛзінің дамуының ерекшеліктері мен даму ырғағын ӛзі анықтап алуға қҧқығы бар»/52/. Сонда да, ҚР «Сайлау туралы» Заңын дайындау кезінде 1999
жылы сайлаудан кейін ЕҚЫҦ ҧсынған бірнеше кеңестері есепке алынды.
ЕҚЫҦ кеңестері арасында мыналар болды: кез келген жергілікті билік органдарының сайлау процесіне кез келген араласуына қатаң тыйым салу және осындай араласушылыққа қылмыстық санкция қолдану; Орталық сайлау комиссиясының нҧсқаулығына бақылаушылар қҧқығын , дауыс санын санау және қорытындысын шығарудың процедурасын толық айқындайтын тармақтар қосу;
қосымша тізімдерді алып тастау; Бҧл ӛзгертулер мен толықтырулар 1999 жылы 16 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңына (одан ары қарай ҚР
«Сайлау туралы» Заңы) 2004 жылы 14 сәуірдегі ҚР Конституциялық Заңымен енгізілді. ҚР «Сайлау туралы» Заңының 50-бабында сайлау туралы мемлекет заңнамасын бҧзған тҧлға қылмыстық жауапкершілікке келесідей жағдайларда тартылады: сайлау комиссиясының жҧмысына араласса; дауыс беруге кедергі келтірсе;
кандидаттарды, партиялық тізімді тіркеуге қатысты міндеттерді орындауға кедергі келтірсе; дауыс санын санауға және сайлау қорытындысын шығару барысындағы міндеттерді орындауға кедергі келтірсе; кандидатты, саяси партияны сайлау мақсатына ӛзінің қызметтік жағдайын немесе лауазымын пайдаланса; сайлау қҧжаттарын қолдан жасаса; дауыстарды қасақана дҧрыс санамаса; сайлау нәтижесін қасақана жалған шығарса; дауыс беру қҧпиясын бҧзса; республика азаматтарының дауыс беру қҧқығын жҥзеге асыруына зорлау, алдау, қорқыныш кӛрсету, пара беру арқылы кедергі келтірсе;
Осы бапқа сәйкес, тҧлға Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген әкімшілік және басқа да жауапкершілікке тартылады, егер:
осы Конституциялық Заң талаптарына сәйкес мәліметтерді қасақана бермесе немесе жарияламаса; сайлау комиссиясы ӛкілеттілігі аясында қабылданған шешімдердің орындалмаса; кандидатты, партиялық тізімді, ҧсынылған саяси партиясын тіркемей тҧрып, немесе сайлау кҥні немесе сайлау қарсаңындағы кҥні сайлау алды ҥгіттерін жҥргізсе;
сайлау алды ҥгіттерін жҥргізу қҧқықтарына кедергі келтірсе; кандидат, саяси партия туралы, олардың лауазымы мен абыройына нҧқсан келтіретін жалған ақпарат қасақана таратса; кандидаттардың, саяси партиялардың, бҧқаралық ақпарат қҧралдарының және сайлауды бақылаушылардың сайлау кезіндегі заңды әрекеттеріне кедергі келтірсе;
Әкімшілік қҧқықбҧзушылықтар туралы Кодекс пен Қылмыстық Кодекске сайлау заңнамасын бҧзуды жазалау туралы ӛзгерістер
енгізілді. ҚР Қылмыстық Кодексінің 146-бабына сәйкес республика азаматтарының дауыс беру қҧқығын жҥзеге асыруына кедергі келтіру, сайлау комиссиясының жҧмысына араласу, дауыс беруге кедергі келтіру, кандидаттарды, партиялық тізімді тіркеуге қатысты міндеттерді орындауға кедергі келтіру, дауыс санын санауға және сайлау мен референдум қорытындысын шығару барысындағы міндеттерді орындауға кедергі келтіру әрекеттері ҥшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылатын қатаң жаза қолданылады. Осы шаралар арқылы заң шығарушы біздің еліміздегі сайлау мен референдумның объективті ӛтуіне кепілдеме береді.
Жетілдірілген сайлау заңнамасын әділеттіліктің, ашықтықтың және шыншылдықтың халықаралық талаптарына сәйкестігіне 2004 жылы 19 қыркҥйекте ӛткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттарды сайлау ең бірінші рет сыннан ӛткізді. Ӛткен сайлаудың бағалау ӛте әр тҥрлі болды: сайлау алды кампаниясы мен және сайлау процедурасын толық жоққа шығарудан бастап заңнамаға енгізілген ӛзгерістер мен демократияға қадам басқан біздің еліміздің табыстарын қуана жариялауға дейін. Әсіресе оң баға берген, Қазақстанда іс сапармен болып қайтқан мыңнан астам шетелдік тәуелсіз бақылаушылар болды. ҚР Орталық сайлау комиссиясының ресми хабарламасы бойынша, 2004 жылы 19 қыркҥйекте ӛткен ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттарды сайлау қорытындысы мынадай: республика бойынша сайлаушылар тізімін 8 662 188 адам қҧрады. Олардан дауыс беруге қатысқаны 4 893 204 адам немесе 56,49%. Мәжіліс депутаттығына кандидаттығын ҧсынған адам саны 513. Сайлауға 12 саяси партия қатысты, олардың 4-уі екі сайлау блогы қҧрамында.
Республикада, еліміздің ҥлкен орталықтарында сайлаушылардың ең кӛп даусын жинаған партиялардың алғашқы ҥштігіне кірді:
Республикалық саяси партия «ОТАН» Астанада 53,25% дауыс жинады;
«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы – 16,77%; «АСАР»
Республикалық партиясы - 12,45%. Осы партиялар Алматыда сәйкесінше 41,1%; 23,7; 18,15% дауыс жинады.
Нәтижесінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары болып билік партиясының мҥшелері мен оның жақтастары, сондай-ақ оппозиция мҥшелері болған іс шаралардың қорытындысын талқылай келе, біз біздің еліміз демократия жолымен, халықаралық қҧқықтық нормаларын заңнамада және практикада бекіту жолымен нық қадам басып келе жатыр деп айта аламыз.
Еліміздің алдағы демократиялануында маңызды рӛлді бҧқаралық ақпарат қҧралдары ойнайды. Қазақстанда бҧқаралық ақпарат