• Tidak ada hasil yang ditemukan

Сот билігі туралы халықаралық құқық пен Қазақстан заңнамасының арақатынасы

КСРО қҧлағаннан кейін жаңа пайда болған нарықтық қатынастар әркімнің ӛз мҥдделерін соттық қорғау қҧқығы, тәуелсіз, ең алдымен мемлекеттен тәуелсіз және объективті сот талқылауын жҥзеге асыратын сот тӛрелігі механизмін талап етті. Осы мақсатпен барлық ТМД мен Балтық елдерінде 1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында соттық қҧқықтық реформа басталды. Посткеңестік елдердің кӛпшілігінде соттық қҧқықық реформаның негізгі бағыттары олар қабылдаған әр тҥрлі актілерде, заңдарда, Президент жарлықтарында, бағдарламалар мен тҧжырымдамаларда бекітілген.

Ресей Федерациясында 1991 жылы 24 қазандағы Жоғары Кеңестің Қаулысымен Ресей Кеңестік Социалистік Федерациясындағы сот реформасы туралы Тҧжырымдама қабылданды.

1992 жылы 23 сәуірдегі Беларусь Республикасы Жоғары Сотының Қаулысымен Беларусь Республикасындағы соттық қҧқықтық реформаның Тҧжырымдамасы қабылданды.

1995 жылы 19 маусымда Украинада «Украинада қҧқықтық реформаны жҥзеге асыру бойынша шаралар туралы» Президент Жарлығы қабылданды.

Ӛзбекстанда тәуелсіздік жылдары қҧқықтық мемлекет қҧрудың маңызды бӛлігі болып табылатын соттық қҧқықтық жҥйені қалыптастырудың мҥлдем жаңа тҧжырымдамасы енгізілді.

Қырғызстанда 1997 жылы 6 қаңтардағы «Қырғыз Республикасында сот жҥйесінің қызметін қамтамасыз ету шаралары туралы» Президент Жарлығына сәйкес соттық қҧқықтық реформаны жҥзеге асыру

басталды.

1994 жылы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысымен Қазақстан Республикасындағы қҧқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

Біздің ойымызша, халықаралық қҧқық талаптарына сәйкес келетін және шетелдік тәжірибе жетістіктерін ескерген соттық қҧқықтық реформаның басталу кезеңін тәуелсіздіктің ҥшінші жылында арнайы қҧжаттың қабылдануынан бастап есептеу дҧрыс емес. Себебі, соттық реформа негіздері ертерек, еліміздің тәуелсіздігін қалыптастырған қҧжаттарда, біздің тәуелсіздігімізді жариялаған қҧжаттарда, 1993 жылғы алғашқы Конституцияда бекітіліп, 1995 жылғы Конституцияда дамытылды. Бҧл қҧжаттар соттық қҧқықтық реформаны дамытудың негізгі бағыттарын ғана анықтап қойған жоқ, сонымен бірге, жаңа материалдық және іс жҥргізушілік нормалардың пайда болуына, тіпті посткеңестік кеңістіктің жаңа экономикалық, әлеуметтік және саяси шындықтарына бейімделген заңдық ойлаудың жаңа типінің қалыптасуына әсер етті.

Осыған байланысты халықаралық қҧқық нормаларының қҧжаттар мен нормативтік қҧқықтық актілерге имплементациялануының екі деңгейін бӛліп кӛрстеуге болады: а) қҧқықтық реформаның дамуының негізгі бағыттарын анықтаған және б) Қазақстан Республикасында сот билігі туралы қазіргі заңнаманы қалыптастырған:

бірінші деңгей – бҧл 1990 жылы 25 қазанда КазКСР Жоғары Кеңесі қабылдаған «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияның ережелері;

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі қабылдаған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңының нормалары;

Қазақстанның бҥкіл қҧқықтық жҥйесінің қалыптасуына әсерін тигізген халықаралық қҧқықтың жалпыға танымал қағидалары мен нормаларына негізделген 1993 жылғы және 1995 жылғы Конституциялар нормалары;

екінші деңгей – сот билігін реформалауға тікелей қатысты ҧлттық бағдарламалар, тҧжырымдамалар, мазмҧны бойынша тиісті халықаралық қҧқық қҧжаттарына сай келетін екі Конституция мен тәуелсіздік туралы акті ережелерін дамыту ҥшін қабылданған нормативтік қҧқықтық актілер;

Сот тӛрелігін жҥзеге асыруға қатысты халықаралық стандарттарды қамтыған, олардың қағидалары елдің Конституциясы мен қолданыстағы заңнамасында кӛрініс тапқан негізгі қҧжаттар жҥйесіне мыналар кіреді:

Біріккен Ҧлттар Ҧйымының Жарғысы (1945 жылы 26 маусымда қабылданып, 1945 жылы 24 қазанда кҥшіне енген);

Адам қҧқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясы (1948 жылы 10 желтоқсанда БҦҦ Бас Ассамблеясының 217А (ІІІ) қарарымен қабылданған);

Азаматтық және саяси қҧқықтар туралы Халықаралық Пакт (1966 жылы 16 желтоқсанда БҦҦ Бас Ассамблеясының 21 сессиясында қабылданған)

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени қҧқықтар туралы Халықаралық Пакт (1966 жылы 16 желтоқсанда БҦҦ Бас Ассамблеясының 21 сессиясында қабылданған)

1985 жылы БҦҦ Бас Ассамблеясы мақҧлдаған соттардың тәуелсіздігі туралы Біріккен Ҧлттар Ҧйымының негізгі қағидалары;

Біріккен Ҧлттар Ҧйымының Жарғысында адамның негізгі қҧқықтары мен бостандықтарын ешқандай бӛлусіз сыйлау мен кӛтермелеудегі халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету мен әділдікті сақтау ҥшін барлық жағдайларды жасауға шешім қабылданды.

Адам қҧқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясының ережелерінде заң алдындағы теңдік, кінәсіздік презумпциясы, әркімнің заңға сәйкес қҧрылған қҧзіретті, тәуелсіз, әділ сотта әділ және жариялы тҥрде ісі сотта қаралуға қҧқығы. Бҧл ережелер Азаматтық және саяси қҧқықтар туралы Халықаралық Пактіде және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени қҧқықтар туралы Халықаралық Пактіде бекітілді, оларда адам қҧқықтарына, соның ішінде дәлелсіз ҧстау негізінде сотталмау қҧқығына кепілдік беріледі. Пактілерді ратификациялау туралы заң жобалары 2005 жылы 21 маусымда Парламентке келіп тҥсті, мемлекет басшысы оларды басымдыққа ие деп жариялады.

Сот билігінің біртектес стандарттарының қалыптасуында маңызды рӛлді БҦҦ бӛліктерінің бірі Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің қызметі атқарады. Бҧл орган адамның негізгі қҧқықтары мен бостандықтарын сыйлау мен кӛтермелеу мақсатында барлығына арналған ҧсыныстар беруге, ӛз қҧзіретіне кіретін мәселелер бойынша конвенция жобаларын БҦҦ Бас Ассамблеясына енгізу ҥшін дайындауға, Ҧйымда бекітілген ережелерге сәйкес ӛз қҧзіретіне кіретін мәселелер бойынша конференциялар шақыруға ӛкілетті.

Мәселелерді жедел шешуді қамтамасыз ету ҥшін Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің қҧрылымында кӛмекші органдар қҧрылды, солардың ішінде 1950 жылы қҧрылған Қылмыстылықтың алдын алу және қҧқықбҧзушылармен қатынас бойынша сарапшылар Комитеті бар. 1971 жылы ол Қылмыстылықтың алдын алу және онымен кҥрес бойынша Комитет деп аталды, ал 1993 жылы Қылмыстылықтың

алдын алу және қылмыстық сот тӛрелігі бойынша Комиссия қҧрылды. Бҧл Комиссия Экономикалық және Әлеуметтік Кеңеске қылмыстылықпен тиімді кҥресу мен қҧқықбҧзушыларға неғҧрлым ізгі кӛзқарасқа бағытталған ҧсыныстар мен кеңестер ҧсынады. Бас Ассамблея бҧл органға бес жылда бір рет Қылмыстылықтың алдын алу және қҧқықбҧзушылармен қатынас бойынша БҦҦ Конгресін ӛткізуді тапсырды. Бҧдан басқа бҧл Комиссия қылмыстылықтың алдын алу және қылмыстық әділсот бойынша БҦҦ бағдарламаларын іске асырылуын бақылайды, аймақтық институттардың шараларын ҥйлестіруге кӛмектеседі.

БҦҦ Конгрестері қылмыстылықтың алдын алу және қылмыстық әділсот бойынша халықаралық ережелер, стандарттар дайындауда маңызды рӛл атқарады.

1985 жылы 26 тамыз бен 6 қыркҥйегі аралығында Миланда ӛткен қылмыстылықтың алдын алу және қҧқықбҧзушылармен қатынас бойынша БҦҦ Жетінші Конгресі «Сот органдарының тәуелсіздігіне қатысты негізгі қағидаларды» (ары қарай Негізгі қағидалар – А.Е.) қабылдады. Және әр елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағдайы мен дәстҥрін ескере отырып, ҧлттық, аймақтық, аймақаралық деңгейде шараларды қабылдап, жҥзеге асыру ҥшін оларды қолдануға кеңес берді.

Негізгі қағидаларда, соның ішінде «Сот органдарының тәуелсіздігі»

атты тарауда сот органдарының тәуелсіздігіне мемлекет кепілдік беретіні және ол ел конституциясында немесе заңдарында бекітілетіндігі айтылған. Барлық мемлекеттік және басқа да мекемелер сот органдарының тәуелсіздігін сыйлауы қажет. Сот органдары ӛздеріне берілген істерді әділ, фактілер мен заңдар негізінде, ешқандай шектеусіз, заңсыз әсерсіз, мәжбҥрлеусіз, кҥш кӛрсетусіз, тікелей немесе жанама және себепсіз араласусыз шешеді.

Негізгі қағидалар сот тӛрелігін асыру процесіне заңсыз, санкцияланбаған араласуға, соттар шығарған шешімдерді заңсыз қайта қарауға тыйым салады. Бірақ бҧл қағида заңға сәйкес сот шешімдерін қайта қарауға, сот органдары шығарған ҥкімдерді жеңілдетуге кедергі келтірмеуі тиіс.

Негізгі қағидалар биліктің қалған тармақтарынан сот органдарының ӛздерінің функцияларын тиісті жҥзеге асыруына жағдай жасайтын қажетті қҧралдарды беруді талап етеді.

Судьяларға ӛз мҥдделерін қорғау ҥшін, кәсіби дайындығын арттыру ҥшін және соттық тәуелсіздікті сақтау ҥшін соттар ассоциациясын немесе басқа да ҧйымдар қҧруға, оларға мҥше болуға қҧқық берілді.

Негізгі қағидалардың мына ережесі маңызды сияқты: «Сот органдары сот сипатындағы барлық сҧрақтар бойынша қҧзіретке ие және ӛздеріне берілген істің ӛз қҧзіретіне жататындығын шешудің айрықша қҧқығына ие». Бҧл барлық деңгейдегі соттардың қҧзіретіне лауазымдарына қарамастан осы мемлекеттің барлық азаматтарына қатысты істерді, шетелдік жеке және заңды тҧлғалар қатысқан істерді енгізу мҥмкіндігін, сондай –ақ, республика таныған халықаралық шарттар мен халықаралық қҧқықтың жалпыға танымал нормаларын және қағидаларын қолдану мҥмкіндігін қарастырады.

Бҧған қатысты Қ.Х.Халиков ӛте дҧрыс жазған: «соттар ӛздеріне берілген бӛлікте (аудан, қала, облыс) ӛз қҧзіретінің шегінде биліктің тікелей ӛкілі болып табылады. Бҧл маңызды ережені бҥкіл қазақстандық сот ӛндірісінің теориялық негізі ретінде мойындау және іс жҥзінде жҥзеге асыру ӛте қажет. Соттардың мемлекеттік билік органдары жҥйесіндегі орны олардың барлық басқа билік органдарынан тәуелсіздігімен және тек қана заңға бағынатындығымен анықталады. Осы конституциялық ереженің ӛзі ғана сот жҥйесінің кез келген деңгейіндегі, сот билігін жҥзеге асыратын сотты биліктің жоғары органының тікелей ӛкілі ретінде тануға жеткілікті»/27/.

Негізгі қағидалар мҥше мемлекеттерге сот органдарының тәуелсіздігін қамтамасыз ету мен нығайтуға қатысты міндеттерді шешуге кӛмектесу ҥшін қабылданды. Қағидалар негізінен кәсіби судьялар ҥшін қабылданған, бірақ қажет болған жағдайларда кәсіби емес судьяларға да, біздің жағдайымызда билер мен алқа билерге де тең қолданылады.

Негізгі қағидалар сот лауазымына алынған тҧлғалардан ең алдымен

«жоғары моральдық қасиеттер мен қабілеттер және де қҧқық саласында тиісті дайындық пен біліктілікке ие болуды» талап етеді. Соттардың лауазымы бойынша ӛрлеуі де объективтік факторлар, соның ішінде қабілеті, моральдық қасиеті және тәжірибесі негізінде жҥзеге асырылуы тиіс.

Судьялыққа ҥміткерлердің моральдық қасиеттері туралы Қазақстан Республикасы судьяларының ІV съезінде (Астана қаласы, 2005 жыл 3 маусым. ) Мемлекет басшысы да айтқан: «...соттардың ӛнегелілік және этикалық бейнесіне талапты кҥшейту қажет. Сот болып қызмет атқару шенеуік, әсіресе заңгер карьерасының жоғары шегі, сондықтан біздің мемлекетімізде соттардың мәртебесінің осындай қағидасын бекітуіміз қажет»/28/.

Қылмыстылықтың алдын алу және қҧқықбҧзушылармен қатынас бойынша БҦҦ Жетінші Конгресі осы қағидалар туралы тҥсінік пен

ҧлттық соттардағы істердің фактілі жағдайының арасында сәйкеспеушіліктер жиі болатынын айтты. Сондықтан халықаралық қауымдастық Негізгі қағидаларды бекіткен соң да бірнеше рет сот билігі саласында басқа қҧжаттарды дайындап, талқылауға жҥгінді.

Соның ішінде, 1989 жылы 24 мамырда Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің 1989/60 қарарымен «Сот органдары тәуелсіздігінің негізгі қағидаларын жҥзеге асырудың процедурасы» қабылданды. Бҧған сәйкес барлық мҥше мемлекеттер ӛздерінің сот жҥйелерінде конституциялық процесі мен мемлекетішілік тәжірибеге сәйкес сот органдары тәуелсіздігінің негізгі қағидаларын қабылдап, жҥзеге асырады. Негізгі қағидалар барлық соттарға, тиісті жағдайларда кәсіби заңгер емес соттарға қатысты да қолданылады.

Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің 1989/60 қарарының V бӛліміне сәйкес мҥше мемлекеттер 1988 жылдан бастап, әр бес жыл сайын Бас Хатшыға Негізгі қағидаларды жҥзеге асыру барысы туралы ақпарат береді. Соның ішінде, қағидалардың таратылуы, ҧлттық заңнамаға енгізілуі, ҧлттық деңгейде оларды жҥзеге асыру кезінде туындаған проблемалар мен қиындықтар, халықаралық қауымдастық тарапынан қажет кӛмектер туралы ақпарат берілуі тиіс.

Қылмыстылықтың алдын алу және онымен кҥрес бойынша Комитет Бас Ассамблеяға және Экономикалық және Әлеуметтік Кеңеске негізгі қағидаларды жҥзеге асырудың осы процедурасын орындаумен байланысты қызметті жҥргізуге, соның ішінде мерзімді баяндамаларды ҧсынуға кӛмектеседі. Осы мақсатпен Комитет Негізгі қағидаларды жҥзеге асырумен байланысты қиындықтар мен кемшіліктерді, олардың себептерін анықтайды. Қажет болған жағдайларда Комитет Ассамблеяға және Кеңеске және адам қҧқықтары мәселесімен айналысатын БҦҦ кез келген тиісті органына Негізгі қағидаларды тиімді жҥзеге асыру ҥшін қажет кейінгі шараларға қатысты ҧсыныстар бере алады.

Біздің жас егеменді мемлекетіміз егеменділікті бекіткен алғашқы қҧжаттарда-ақ ӛзінің халықаралық қҧқықтың жалпыға танымал қағидаларын ҧстанатындығын жариялады. 1993 жылғы Конституцияның «Конституциялық қҧрылым негіздері» атты І бӛлімінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бӛлу қағидасы жарияланды.

Қазақстан Республикасында ең жоғары қҧндылық болып адам, оның ӛмірі, бостандығы және ажырымас қҧқықтары танылатындығы және республика ӛз қызметін азамат пен қоғамның мҥддесі ҥшін атқаратындығы айтылды.

Бірақ 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы сот билігі туралы халықаралық қҧқықтың барлық дерлік ережелерін қамтығанымен, іс жҥзінде сот реформасы тым ақырын жҥріп жатты және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Бҧл сол кездегі экономикалық қиындықтармен байланысты болды, себебі кез келген жаңа мемлекеттік қҧрылыс, соның ішінде сот билігіндегі қҧрылыс кӛп мӛлшерде қаржылық шығындарды қажет етеді. Енді бір себеп, сол кездегі Қазақстандағы сот билігі біртҧтас болған жоқ, ол Конституциялық Сотқа, Жоғары Сотқа, Жоғары арбитраждық сотқа және тӛменгі соттарға тиесілі болды. Ал Қазақстанның саяси, экономикалық және қҧқықтық қалыптасуының кҥрделілігі барлық кҥшті мемлекет дамуының басым бағыттарына, соның ішінде сот тӛрелігіне аударуды талап етті. Сондықтан бҧл Конституция ӛтпелі Негізгі Заң рӛлін атқарды және бҧл оның жағымды тарихи мәнін мҥлдем жоғалтпайды.

1994 жылы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасындағы қҧқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасы негізінен сол кезде қолданыста болған 1993 жылғы Конституция мен халықаралық қҧқық нормаларына негізделді. Осы қҧжаттарға сәйкес Бағдарламада адам қҧқықтары мен бостандықтарының басымдығы, демократиялық қоғам мен қҧқықтық мемлекет қҧру шешімі жарияланды және «заңдық жҥйені идеологиялық және саяси ҧрандарды жамылған кеңестік тоталитаризмнен қалған ақаулардан, социалистік қҧқықтың, соттың және қҧқық қорғау органдарының репрессивтік сипатынан тазалауды» міндеті қойылды.

Жаңа іс жҥргізушілік заңнама адам қҧқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиісті халықаралық актілерін ескере отырып, қҧқық қорғау органдарының назарын іс жҥргізудің жарыспалылығы, ар ождан мен намысты сыйлау, кінәсіздік презумпциясы, сот тӛрелігінің кез келген сатысында кәсіби заңи кӛмек пен қорғануға қҧқық қағидаларын қамтамасыз етуге аударуы, сонымен қатар сот тӛрелігін іс жҥргізудің шектен тыс формальдылығынан айырып, тиімділігін арттыруы тиіс болды.

Сонымен бірге, сот тӛрелігін айыптау функцияларының элементтерінен айыру, сот қаулыларының заңдылығы мен негізділігін тексерудің апелляциялық тәртібін енгізу міндеттері шешілді. Сот жҥйесінің тиімділігін арттыру және соттардың тәуелсіздігін, кәсіпқойлығын, мамандандырылуын толық қамтамасыз ету мақсатында соттар ҧйымдасып нығайтылды және оларды жалпы және арбитраждық және тағы басқаларға бӛлуден бас тартылды.

Нәтижесінде 1994 жылдан бастап сот реформасы барысында елде кәсіби сот тӛрелігінің біртұтас қҧрылымы қҧрылды, ол Жоғары Сот пен жергілікті соттарды қамтыды. Судьялардың ауыстырылмайтындығы қағидасы бекітілді және соттар корпусының материалдық жағдайы жақсара бастады. Д-р Рольф Книпер айтқандай, Қазақстанда 2001 жылы 1 қаңтардағы редакциямен «Соттар мен судьялардың қҧқықтық мәртебесі туралы» Заңының жасалуымен соттық қҧқықтық реформа бір нәтижеге жетті. Яғни, біртҧтас сот ӛндірісі қҧрылды және ескі мемлекеттік арбитраждық соттар жойылды, сот жҥйесінің аясында палаталар бойынша мамандандырылуы қалыптасты. Бҧл жеткілікті мӛлшерде прогрессивті реформа, тіпті бҧдан Ресей Федерация мен Германия да ҥлгі алуына болады /29/.

Қҧқықтық реформа аясында қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жҥрді. Осы мақсаттар ҥшін 2002 жылы 21 желтоқсанда қылмыстық, қылмыстық іс жҥргізу және қылмыстық атқару кодекстеріне ӛзгертулер мен толықтырулар туралы Заң қабылданды. Заң кейбір пайдақорлық қылмыстарды орташа дәрежедегі қылмыстар санатына кӛшірді және бҧл соттарға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды кең қолдануға мҥмкіндік берді. Жеңіл дәрежедегі қылмыстардың барлығына және орташа дәрежедегі қылмыстардың кӛпшілігіне бас бостандығын шектеу жазасын тағайындау мҥмкіндігі берілді. Қылмыстық қудалауды тоқтату негіздерін кеңейтіп, оған айыпталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты сияқты негіздерді қосты. Бір сӛзбен, соттық реформаны жҥзеге асыру бӛлігінде кӛптеген шаралар іске асырылды және кӛптеген халықаралық ҧйымдар мен тәуелсіз сарапшылар тарапынан оң бағаланды /30/. Қылмыстық ізгілендіру саясатына ҧстанып, соттар да жаза ретінде бас бостандығынан айыруды аз қолдана бастады. Бас бостандығынан айырылғандардың ҥлесі 2000 жылғы 51 пайыздан ӛткен жылы 45 пайызға тӛмендеді ( 2000 ж.- 50,8%, 2001 ж.- 47,2%, 2004 ж. – 45,4%).

Соған қарамастан бҧл жаза тҥрін ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағандарға қолдану тәжірибесі кҥшейтілді. Бҥгінгі кҥні мҧндай қымыс жасағандардың ҥштен екісі бас бостандығынан айыруға сотталады (2000ж. – 64,9%, 2001 ж. – 59,2%, 2004 ж. – 73,1%). Ақтау ҥкімі шығарылғандар саны екі есеге артты (2000 ж. - 201, 2001 ж. - 199 адам, 2004 ж. - 348 адам), бҧл соттың азаматтардың қҧқықтарын нақты қорғаудың институты ретінде бекітілгенін куәландырады. Жылына соттар орташа есеппен екі жҥзден астам адамды ақтайды /31/.

Заңнаманы ізгілендірумен қатар, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға қатаң жаза қолдану, ал алғашқы рет жеңіл және орташа

ауырлықтағы қылмыс жасағандар тҧлғаларға ізгілік танытудың дифференцияланған жолдары қарастырылуда. Соның нәтижесінде бас бостандығынан айыруға сотталғандар ҥлесі 2000 жылы 34 мың болса, 2004 жылы 19 мыңға тӛмендеді деді Қ.А.Мәми. Тҥрме зерттеулеріХалықаралық Орталығының мәліметтері бойынша 100 мың адамға шаққанда тҥрмеде отырғандар саны бойынша 2000 жылы біздің республикамыз әлемде тӛртінші орыннан он екінші орынға жылжыды/32/. Мҧны әлемдік қауымдастық қолдауда.

Сот билігі саласындағы ҧлттық заңнаманың қалыптасуына еуропа қҧқығы да әсер етеді. Посткеңестік республикалар ішінен ҥш прибалтика, ҥш кавказ республикалары, Молдова, Ресей және Украина Адам қҧқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропа Конвенциясының қатысушысы болып табылады. Олар Конвенция ережелеріне сәйкес Адам қҧқықтары бойынша Еуропалық Соттың арыздарды қарайтын юрисдикциясын мойындады.

Қазақстан жоғары да аталған мемлекеттер сияқты Еуропалық Одаққа да, Еуропа Кеңесіне де кірмейтініне қарамастан, 1992 жылдан ЕҚЫҦ (қҧрлықтық Еуропаның, Кавказ, Орта Азия мен Солтҥстік Американың 50-ден астам мемлекетін біріктіретін) мҥшесі және оның осы беделді ҧйымға тӛраға болуы туралы келіссӛздер жҥріліп жатыр.

Еуропа елдерінің лидерлері бҧл мәселені оң шешудегі талап ретінде ең алдымен адам қҧқықтары саласындағы ҧлттық заңнаманы еуропа елдері мойындаған стандарттарға сәйкестендіруді қоюда.

Осы жерден қазақстандық заңнамаға Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропа Конвенциясы (Рим, 1950 жыл 4 қараша) сияқты қҧжаттардың нормаларын ескеру талабы қойылады (ары қарай -АҚЕК-А.Е.).

АҚЕК қатысушылары ӛз юрисдикциясына жататын кез келген адамға қҧқықтары мен бостандықтарын, ӛмір сҥруге қҧқығын, қинауға тыйым салуды, қҧлдыққа және мәжбҥрлі еңбекке тыйым салуды, бостандық пен жеке басының тиіспеушілігіне, әділ сот талқылауына қҧқықты, тек заң негізінде жазалауды және т.б. қамтамасыз етуге келісті. «Әділ сот талқылауына қҧқық» деген 6 бапта мынадай маңызды норма берілген: «кез келген адам заң негізінде қҧрылған, тәуелсіз және әділ сотта ақылға қонымды мерзім ішінде әділ және жариялы сот талқылауына қҧқылы».

Адам қҧқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау жӛніндегі Еуропа Конвенциясында «қылмыстық істі жасады деп кҥдік келтірілген әр адам заң тәртібімен оның кінәлілігі дәлелденбегенше, кінәлі болып саналмайды» делінген негізгі ереже бекітілді. Сонымен қоса, осы

Конвенция қылмыстық іс жасады деп жауапқа тартылған әр адамның қҧқықтарын нақтылады: ӛзіне тҥсінікті тілде ӛзінің не ҥшін айыпталғандығын білуге; ӛзін қорғалуға дайындалу ҥшін жеткілікті уақыт пен мҥмкіншілікке ие болуға; ӛзін ӛзі қорғауға немесе адвокат кӛмегіне жҥгінуге; адвокат жалдауға мҥмкіндігі, қаржысы болмаса, сот тӛрелігі талап еткен жағдайда тегін қорғаушы кӛмегін алуға; ӛзіне қарсы айғақ беріп жатқан куәлардан жауап алуға немесе осы куәлардан жауап алынуына қҧқылы, осылармен бірдей жағдайда мҧның пайдасына куәлік беретін куәларды шақыру және олардан жауап алуға қҧқылы; егер ол сот ісі жҥргізіліп жатқан тілді білмесе немесе осы тілде сӛйлемесе, аудармашының тегін кӛмегіне қҧқылы.

1995 жылы 30 тамызда бҥкілхалықтық референдумда қабылданған 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституцияның VII тараудың 75 бабында халықаралық қҧқықтың жалпыға танымал нормасын бекітіліп,

«Қазақстан Республикасында сот тӛрелігін тек қана соттар атқарады»

жазылды. 1993 жылғы Конституцияға қарағанда біртҧтас сот жҥйесі қарастырылған: Республика соттары болып заңға сәйкес қҧрылған Республиканың Жоғары Соты мен жергілікті соттары табылады. Басқа ешқандай, соның ішінде арнайы және тӛтенше соттар қҧруға жол берілмейді.

1995 жылы 20 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының соттары және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заң кҥші бар Жарлығының 4 бабы бойынша Республика сот жҥйесінің бiрлiгi:

1) сот тӛрелiгiнің конституциялық принциптерiмен;

2) сот билiгiн барлық соттар ҥшiн сот iсiн жҥргiзудiң заңдарда белгiленген бiрыңғай нысандары арқылы жҥзеге асырумен;

3) соттардың қолданыстағы қҧқықты қолдануымен;

4) заңдарда судьялардың бiрыңғай мәртебесiн баянды етумен;

5) заңды кҥшiне енген сот актiлерiн Қазақстан Республикасының бҥкiл аумағында орындаудың мiндеттiлiгiмен;

6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырумен қамтамасыз етiледi.

Жаңалық болған және кейін 1997-жылы конституциялық бекітілген ереже «заңда кӛзделген жағдайларда» алқа билерінің қатысуымен қылмыстық сот ӛндірісін жҥргізу болды.

Конституция сот билігінің басқа билік тармақтарынан тәуелсіздігіне жетудің басты шартын бекітті, яғни, 80-бап бойынша соттарды қаржыландыру, судьяларды тҧрғын ҥймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебiнен жҥргiзiледi.

Конституцияның бҧл ережесі «Қазақстан Республикасының сот жҥйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңда одан ары дамытылып, нақтыланды.

«Судьялардың мәртебесі туралы» Заң туралы Еуропалық Хартияны Еуропалық Кеңес 1998 жылы 10 шілдеде Лиссабонда (Португалия) қабылдаған (ары қарай «Судьялардың мәртебесі туралы» Хартия – А.Е.), мәтінде берілген ережеге сәйкес «барлық еуропалық мемлекеттерге арналған ресми қҧжат» болып табылады. Бҧл қҧжат демократиялық мемлекеттерде қҧқықтың ҥстемдігін және тҧлғаның еркіндігін қорғау ҥшін қажетті соттардың тәуелсіздігінің дамуына ықпал жасауға арналған, сонымен бірге негізгі міндеті – тек еуропа мемлекеттеріне ҧсыныс беруші заңнамалық акт ретінде емес, басқа да ӛздерінің сот билігі туралы заңнамасын еуропалық заңнамамен ҥйлестіру қажет деп шешкен мемлекеттер ҥшін де кеңес береді.

Сондықтан, бҧл қҧжат Қазақстан ҥшін маңызды.

Кез келген соттарды таңдауға, қызметке тағайындауға, қызметтегі кӛтерілуге немесе сот лауазымында болудың аяқталуына байланысты шешімдерге қатысты Заң атқарушысы және заң шығару билігіне тәуелсіз органның араласуын қарастырады, ол органның отырыстарына қатысушылардың жартысынан кӛп бӛлігі соттың ӛте кең ӛкілдігін кепілдейтін дәл осындай жолмен таңдалынған соттар болып табылады.

«Судьялардың мәртебесі туралы» Хартияда кӛрсетілгендей соттардың мәртебесі туралы заңның мақсаты біріншіден қҧзіреттілік, кейін – тәуелсіздікті және әділеттілік, оған сотқа ӛздерінің қҧқықтарын қорғау ҥшін жҥгінген әрбір адам заңды тҥрде арқа сҥйейді. Оның ішінде қҧзіреттілік, кейін – тәуелсіздікті және әділеттілік сенімді бҧзуға себеп болатын жағдайлар мен процедуралар болмауы қажет. Осыдан соттардың мәртебесі туралы заңға ең бірінші талап, әрбір еуропалық мемлекеттердегі соттардың мәртебесінің негізгі қағидалары ішкі жоғарғы деңгейлі нормаларда, ал оның ережесі – заңнамалық деңгейдегі нормадан тӛмен емес бекітілкуі қажет. Жоғары деңгейдегі нормалар Қазақстан Республикасының Конституциясында мазмҧндалған, «Сот жҥйесі және судьялардың мәртебесі туралы»

Конституциялық заңнамада сот билігінің мәртебесі мен қызметі туралы терең қарастырылған.

«Судьялардың мәртебесі туралы» Хартияда қҧзіретті сот кадрларын таңдауға ерекше назар аударады, олардың негізгі қасиеті болып қарауына берілген істер бойынша қҧқықтық мәселелерді тәуелсіз, еркін және басқалармен ақылдаспай бағалау мҥмкіндігінің болуы, оларға заңдарды қолдана білуі табылады.

Заң ҥміткерлерге білімдік біліктілікпен немесе тәжірибенің болуымен байланысты талаптарды, соттық міндеттерді нақты орындау қабілетін қарастырады. Сонымен бірге, соттық міндеттерді тиімді орындау ҥшін ҥміткерлерді мемлекеттің есебінен алғашқы оқытуды және ары қарай қайта оқытуды қамтамасыз ету де талап етіледі.

Заңдар соттарға мемлекет есебінен қайта оқуға мҥмкіндік беру арқылы олардың ӛз міндеттерін орындауға қажет кәсіби, сонымен қатар әлуметтік-мәдени эрудицияларын белгілі бір деңгейде ҧстап тҧруға және кеңейтуге кепілдік беруі тиіс.

Сонымен, сот лауазымына таңдау, тағайындау, қызметте кӛтеру немесе соттық міндетін тоқтату туралы шешімдерді «Судьялардың мәртебесі туралы» Хартиясының 1.3 тармағына сәйкес атқарушы және заң шығару билігінен тәуелсіз, қҧрамында жартысынан кӛбі соттар болатын орган қабылдауы тиіс немесе оның ҧсыныстары мен шешімдері берілуі тиіс, немесе қҧптауы тиіс, немесе қорытынды беруі тиіс.

Осы ережеге сәйкес Қазақстанды Жоғары Сот Кеңесі қызмет атқарады, ол Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативті- кеңесші орган болып табылады. Кеңес біршама ӛкілетті қҧрамнан тҧрады: тӛрағадан, Конституциялық Кеңестің тӛрағасынан, Жоғары Сот тӛрағасынан, Бас прокурордан, Әділет министрінен, Парламент Сенатының екі депутатынан, алты судьядан (Жоғары Соттың екі судьясы, облыстық немесе оған теңестірілген соттардың екі судьясы, аудандық немесе оған теңестірілген соттардың екі судьясы), Кеңес хатшысынан және басқа да Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен тҧлғалардан тҧрады. Кеңестің негізгі қызметі – соттардың тәуелсіздігі және қолсҧқпаушылығына кепілдік береді. Сонымен қатар, Кеңес облыстық соттардың судьясы бос лауазымдарына ҥміткерлерді тандайды; байқаудын нәтижесінде облыстық соттардың судьясы бос лауазымдарына қызметке бекіту ҥшін ҥміткерді Қазақстан Республикасы Президентіне ҧсынады; Жоғары Соттың тӛрағасы ҧсынысымен облыстық сот тӛрағасы мен алқа тӛрағасының бос лауазымына ҥміткерлікті қарастырады; облыстық сот тӛрағасы мен алқа тӛрағасының бос лауазымына қызметке бекіту ҥшін ҥміткерді Қазақстан Республикасы Президентіне ҧсынады; Жоғары Соттың тӛрағасы ҧсынысымен Жоғары сот судьясы мен алқа тӛрағасының бос лауазымдарына ҥміткерлікті қарастырады; Жоғары Соттың тӛрағалық қызметіне ҥміткерлікті қарастырады, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына ҧсыну ҥшін Қазақстан Республикасының