Қазіргі заманғы қҧқықты, соның ішінде халықаралық қҧқықты қҧрудағы ҧлттық аспектілер мен ҧлттық мемлекеттік мәселелер ӛздерін
әлемдік аренада енді бекіткен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қызығушылығын тудырады. Ӛркениет– географиялық ҧғым емес, ол қалғандарды «ӛркениеттенбеген», яғни «екінші сорттыларға»
жатқызатын қандай да бір «таңдалған» халықтарға тиесілі емес.
Халықтар «иерархиясын», ҧлттық қҧқықтық мәдениеттерді тану ҧлтшылдық, шовинизм, фашизм ҥшін негіз болып табылады. Сонымен қатар, ҧлттық ерекшеліктерді, тіпті «Жаңа тарихи ортақтық - Кеңес халқын» қҧруға талаптанған Кеңес Одағы кезіндегідей жақсы оймен де ескермеуге болмайды.
Қҧқықты қҧрудың ҧлттық аспектілерінің ерекшеліктері кӛптеген қазіргі заманғы қҧқықтық жҥйелер генезисінде, интеграцияланған процестер ерекшелігінде, планеталық қҧқықтың қҧрылуының ерекшеліктеріндегі кӛптеген жайттарды тҥсіндіріп бере алады, Л.Н.Гумилев ескергендей, жеке этностар бір-бірінен оқшауланбаған,
«антропосфера мозаика тҥрінде болады, ал оны этносфера деп атаған дҧрыс» /1,544 б./. Философ және тарихшы Л.П.Карсавин адам тарихын
«кӛпбірлік» терминімен сипаттайды. Ал Н.А.Бердяевтың ҧқсас термині бар – «моноплюрализм». 1990 жылдардың ортасында Г.Н.Манов мемлекеттік ӛркениеттік сипаттарына, қҧқықтың ҧлттық ерекшеліктеріне назар аудара отырып, бҧқаралық билік аппаратымен бірге мемлекеттің ел ретінде де кӛрінетіндігі туралы жазған. Дамыған жағдайдағы ел – бҧл әрқашан белгілі бір ӛркениет /2/. Халықаралық Сот мҥшесі және оның бҧрынғы тӛрағасы Т.О.Элайас «ӛркениет» және
«қҧқықтық жҥйе» ҧғымдары қазіргі замандағы қҧқықтық идеялардың әртҥрлілігі тәрізді саяси ойлау мен қоғамдық әрекеттердің әр тҥрлі бейнелерінің ӛкілдігін білдіреді деп тҥсіндіреді. Оның ойынша, бҧл терминдерді «мәдениеттер» сӛзімен алмастыруға болады /3,24 б./.
Жоғарыда айтылған ғалымдардың барлығы жалпы адамзаттық жинақталған-бірдей болмайды дегенді білдірді, ол әділеттік, парыз, жауапкершілік, тәртіп тәрізді қоғамның барлық әлеуметтік реттеушілерінің негізі болып табылатын қҧндылықтарды сақтаудың ең тиімді нысаны - ҧлттық нысан ретінде ӛмір сҥреді. Ҧлттық қҧқықтық жҥйелер ғасырлап дамитын, әр халықта әр тҥрлі болатын мемлекеттік- қҧқықтық қҧбылыстардың, қҧқықтық практиканың негізінде пайда болады.
Қҧқық қазіргі заманғы мемлекеттердің ӛмірінде қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде рӛл атқарады. Бірақ қҧқықтың мағынасы әр елде әртҥрлі. Нормативті қҧқықтық актілерде бекітілген қҧқық пен шын мәнісінде сол мемлекеттің ӛзінде жҥзеге асып жатқан қҧқықтың арасында, басқа да жағдаяттардан бӛлек, қҧқықты тҥсіну мен
жҥзеге асырудың этникалық факторлары жатыр және олар ҧлттық қҧқықтың ерекшелігін қҧрайды. Ҧлттық қҧқық пен сол мемлекеттің тҧрғындарын қҧрайтын ҧлттардың мәдениеттері ҧлттық-мемлекеттік ерекшеліктің анықталуында аз рӛл атқармайды. Екінші дҥниежҥзілік соғыстан кейін африкалық халықтардың кӛбісі тәуелсіздігін алғаннан соң, жаңа ҧлттар ӛздерінің еуропалық қағидаларға сҥйенген мемлекеттілігі мен қҧқықтарын модернизациялану тенденциясын кӛрсете бастайды. Дәстҥрлі салттардың орнына жаңа заңнама ауыстырылды. Дегенмен 80%-дан 90%-ға дейін тҧрғындар ескі дәстҥрлерге сҥйеніп ӛмір сҥре берді /4,61б./. Олар жаңа заңнамамен мҥлдем таныспаған және ҥлкен қалаларда жҥзеге асырылатын заңдар мен институттар жайлы ештеңе білмейді. Қҧқық африкалық қоғамдардың әлеуметтік ҧйымдастырылуының орталық қағидасы болып келмейді.
Бҧл жағдайда, ҧлттық қҧқықтық жҥйе сол халық ҥшін әлемнің қҧқықтық ҥлгісі деп айтуға болады. Сондай-ақ бҧрын оқшауланған ӛркениеттер байланысының кеңею процесі ҥздіксіз жҥріп жатқанын, соның нәтижесінде қазір ҧлттық мәдениеттерінің айрықша белгілерін сақтай отырып біртіндеп біртҧтас жаһандық ӛркениет қҧрылып келе жатқанын есте сақтауымыз керек. Алайда қоғамға ҧзақ уақыт бойы ӛмір сҥруге, жаңаруға, дамудың ӛзіндік жолдарын табуға кӛмектесетін бейімдеушілік (адаптациялық) мҥмкіндіктер болып табылады. А. Дж.
Тойнбидің айтуынша, мәдениеттік элементтердің реинтеграциясы арқылы ортақ мәдениет нысанын қҧру тенденциясы тек механикалық қосылуға емес, сонымен қатар жаңа біртҧтастықтың пайда болуына әкеп соғады, ӛйткені мәдениетке ӛзін ӛзі жаңартуға ҧмтылу тән, қоғам ӛзіне әсер етуші кҥшті ассимиляциялайды.
ТМД елдерінде ӛздерінің тарихи, ҧлттық, қҧқықтық дамуының әртҥрлілігіне қарамастан ӛздерінің қҧқықтық дамуының негізі ретінде біртҧтас кеңестік қҧқықтық жҥйеге ие, бірақ оған дейін еуразиялық кеңістікте ӛмір сҥрген халықтардың сан ғасырлық ортақ қҧқықтық мәдениеті болған. Бҧл жайт, Дж. Гинзбургстың Ресейдің қҧқықтық жҥйесі мол тәжірибеге негізделіп, КСРО дейінгі қҧқықтық жҥйелердің дәстҥрін ескереді деуіне негіз болды/5, 108-113б./. Рене Давид кеңестік қҧқықтық мәдениетті романо-германдыққа ҧқсас деп есептеді, бірақ сонда да ол қҧқықтыққа жатпайтынын атап кетеді. Қазіргі заманғы кӛптеген зерттеушілер де осы кӛзқараспен келіседі. Мысалы, В. Розин ресейлік және қазақстандық мәдениеттің қҧқықтыққа жататынына кҥманданады /6, 78 б./.
Қазіргі заманғы саяси-қҧқықтық мәдениеттің басқа классификацияларында да жаңалық және біз кҥткен мағынадағы
«ӛркениеттілік» (жаңа тәуелсіз мемлекеттерге қҧрмет, шыдамдылық және т.б.) кездеспейді. Г.Алмандтың танымал классификациясы саяси мәдениеттің мынадай иерархиясын ҧсынады: ең алдыңғысына ағылшын-американдық, онан соң қҧрлықтық- еуропалық, кейіннен Шығыстың артта қалған авторитарлы мәдениеті тізімді аяқтайды /7, 180б./.
Ал біз жекелеген бӛліктер (тек халықаралық қҧқық субъектілері) біртҧтасты қҧрайтын емес, керісінше біртҧтас (адамзат ӛркениеті) 200- ге жуық әртҥрлі, бір-біріне мҥлдем ҧқсамайтын ҧлттық қҧқықтың жҥйесінің мозаикасы тҥрінде болған адамзат ӛркениет бірлігін ҧсынамыз. Ӛзіндік ерекшеліктер жекеліктердің айырмашылығынан да, біртҧтастықтың қайталанбастығынан да кӛрінеді. Гегель жазған:
«мҥшелер мен органдар анатомның қолында ғана жай бӛлшектер болады, бірақ ол онда тірі денелермен емес, ӛліктермен жҧмыс жасайды»/8/. Адамзат ӛркениетінің ―тірі денесі‖ ортақ мақтаныш болып табылады, оған халықтардың әрқайсысы ӛздерінің қайталанбас және қоғамдық қатынасты реттейтін, қҧқықтың жалған идеология әсеріне ҧшыраған анықтамаларына сай келе бермейтін ҧлттық қҧқығын енгізді. КСРО кезіндегі маркстік-лениндік дәстҥрлі кӛзқарас, қҧқық таптар мен жеке меншіктің пайда болып кезеңінде туындады дейді.
Бҧған қарсы шығуға болады, ӛйткені алғашқы адамдар homo sapiens 40000 жыл бҧрын пайда болады. Қазіргі заманғы ғалымдардың айтуынша жер бетінде алғашқы организм 4,25 миллиард жыл бҧрын пайда болады, ал фотосинтездердің механизімінің пайда болғанына 4- 3,5 миллиард жыл болды. Адам тектестер (адамдар десек те болады) бірнеше миллиард жыл бҧрын пайда болған. Қазіргі заманғы танымал зерттеушілер кӛпжылдық зерттеулерін қорытындылай келе, тіріні ҧйымдастырудың жекеден жоғары нысандары ӛмір сияқты ӛте ертеде пайда болған, сонымен қатар мемлекеттік қҧқықтық қатынастар да адамзат пайда болып, қоғамның дамып келе жатқан кезінен бастап ӛмір сҥрген /9, 240 б./.
Сондықтан да қҧқық пен мемлекеттікті сол халықтың тарихи кезеңіне байланысты, халық ӛмірінің сол кезеңдегі ерекшелігіне қарай қарастыру қажет, оны қазіргі заманғы қажеттіліктермен салыстырып, белгілі бір аспектілердің, тіпті бҧл елде бҧрын мемлекеттілік пен қҧқық болғанын немесе жоқтығын айыптауға болмайды.
Зерттеушілердің басым кӛпшілігі неолитикалық революцияға, бірінші еңбек бӛлінісіне (жер шаруашылығы мен мал шаруашылығы
бӛлінісіне) екінші еңбек бӛлінісіне (шеберлік пен жер шаруашылығы бӛлінісіне) ҥшінші еңбек бӛлінісіне (сауда мен шеберліктің бӛлінісіне) тоқталады, олардың айтуынша ӛркениет жер шаруашылығына негізделіп дамыған. Бірақ, тарихта мемлекеттілік пен қҧқық алғашқы кезде кӛшпелі қоғамда белсенді дамыған. Бҧрынғы кӛшпенділер кезіңде шеберлік пен сауданы белсенді дамытып, Қытайдан Византияға дейінгі ӛркениеттің жетістіктерін қабылдап, бҧл жерде мемлекеттік қҧрылыс тәжірибесін аккумуляциялаған.
С.З.Зимановтың айтуынша, ‖қҧқық- ол тәртіп, оның жҥйесі, оның табиғи және адами негіздер зерттеу‖/10/. Ӛз кезегінде «табиғи және адами негіздер» этностың ерекшелігін, мемлекет пен қҧқықтың ерекшелігін қҧрайды. Кӛршілес болып, бір мемлекетте бірге ҧзақ уақыт бойы тҧруы қҧқықтың белгілі бір типін туғызатын этностарға осы негіздер кӛбінесе тән.
Тарихи қҧбылыстар бола тҧра мемлекет және қҧқық даму кезеңінде кӛптеген ӛзгешіліктерге ҧшырайды. Осыдан кӛптеген ӛткен және қазіргі қҧқықтық жҥйелердің болуы, Л.С.Явичтің айтуынша, ―жер шарындағы мемлекеттердің, мәдениеттердің, халықтардың, аймақтардың, этникалық және ҧлттың ерекшеліктердің, әлеуметтік, саяси қҧрылымдардың, отбасылардың, мәдениет пен дәстҥрдің, тіл мен ӛнердің, экологиялық және демографиялық ӛмір сҥру негіздерінің арасында қандай айырмашылықтар болса, қҧқықтық жҥйелердің арасында да сондай айырмашылықтар болады‖ /11, 40б./. Ӛте дҧрыс жинақталған атақты ғалымның бҧл ойы, біздің ойымызша, адамзат қҧрған кез келген мемлекеттілік пен қҧқықтың нысанын (онда ҧзақ уақыт бойы құқықтық әдет-ғұрып орын алған) тҥсінуде негіз болады.
Қҧқықтық әдет-ғҧрып-ҧзақ уақыт бойы пайдаланудың арқасында пайда болған тәртіп ережесі, ол нормативтік актілер сияқты реттелмеген, бірақ мемлекет мойындаған. Әдет-ғҧрып- ҧзақ уақыт бойы қоғамдық тәжірибенің арқасында дамыған, сондай-ақ жалпы моральді, халықтың рухани байлығын, кей жағдайларда кемшілігін ( мысалы, жыныстар теңсіздігі сияқты) кӛрсетеді. Сондықтан мемлекет әдет- ғҧрыптарға әртҥрлі қарайды: кейбіреулері нақты заңмен тыйым салады, мысалы, кеңес ӛкіметінің алғашқы жылдарында кӛп әйел алушылыққа, қалыңмалға тыйым салынды. Кейбір жағдайларда әдет-ғҧрып мемлекеттің ҥнсіз келісімімен қала береді немесе позитивтік қҧқыққа айналады. Мысалы: Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі 3- бабының 3-тармағына сәйкес азаматтық қатынастар, егер олар Қазақстан Республикасының аумағында жҥзеге асырылатын азаматтық заңнамаға қайшы келмесе, әдет-ғҧрыптармен, соның ішінде іскерлік
әдет-ғҧрыптармен реттелуі мҥмкін. Әдет-ғҧрыпты орындау ішкі міндеттілікпен (жеке сана) және қоғамдық міндеттілікпен (қоғамдық сана) қамтамасыз етіледі.
Ҧлттық қҧқықтық әдет-ғҧрып пен халықаралық әдет-ғҧрыпты салыстырсақ, халықаралық әдет-ғҧрып - ол елдер арасындағы қатынастарының тәжірибесінің арқасында қҧрылған тәртіп ережелері.
Онда мемлекеттер ӛздерінің келісімін бере отырып белгілі бір шешімге келеді. Әдет-ғҧрыптық норма шарттық нормаға қарағанда халықаралық қҧқықтың нормалар жҥйесіне ақырын кіреді және мемлекеттер тәжірибесінде қолданбай қоюына байланысты ақырын кҥшін жояды.
Кәдімгі қҧқықтың әдет-ғҧрыптық тҥрлеріне – халықаралық теңіз қҧқығы, халықаралық елшілік қҧқығы, халықаралық шарт қҧқығы жатады. Халықаралық қҧқықтық әдет-ғҧрып мемлекеттердің ҧқсас заңдарды қабылдауынан да пайда болады. Кейде халықаралық әдет- ғҧрыптық қҧқық анықтамасы ―халықаралық әдет-ғҧрыптық заң ‖ деп те кездеседі /12, 45б./.
А.И.Талалаевтің пікірінше «халықаралық қҧқықтық әдет-ғҧрып - ол мемлекеттердің ҧзақ уақыт бойы, тоқтаусыз қайталанатын тәжірибелерінің нәтижесі және оның заңды кҥшіне ену мерзімін анықтау мҥмкін емес» /13, 172б./. Зерттеушінің ойынша халықаралық келісімнің екі нысаны ретінде халықаралық шарт пен халықаралық әдет-ғҧрып ғана халықаралық қҧқықтың қайнар кӛздері бола алады.
Онымен келісе отырып, Г.И. Тункин жазады: ―жалпы халықаралық қҧқықтың нормалары мен қағидаларының қҧрылу процесін аяқтайтын нысандар тізімін халықаралық шарт пен халықаралық әдет-ғҧрып бітіреді‖ /14, 106б./.
Дипломаттар мен саясаткерлер ӛздерінің сӛздерінде мынадай сӛз тіркесін жиі айтады: «халықаралық қҧқық нормалары мен мҧндай міндеттерді ӛркениетті шешудің әлемдік тәжірибесі негізінде...». Бҧл жерде «әлемдік тәжірибе» қайталанатын, ҧқсайтын халықаралық қҧқықтық әдет-ғҧрыптың пайда болуына қайнар кӛз, негіз болады және бҧл кейін бекітілген халықаралық қҧқықтық норма мәртебесіне ие болуы мҥмкін.
Паралелль халықаралық шарттардан таралатын шарттық нормалардың жинақталуы мемлекеттердің жалпыға міндетті әдет- ғҧрыптық қҧқықтық норма ретінде мойындауынан жалпы шарттық практика тууына алып келуі мҥмкін. Барлық мемлекеттерге міндетті халықаралық қҧқық негізінен әдет-ғҧрыптық нормалардан тҧрады.
Әдет-ғҧрыптық нормалар жалпыға танымал мәртебесіне ие болу ҥшін мемлекеттердің кӛпшілігімен мойындалуы тиіс.
БҦҦ Халықаралық Соты Статутының 38 бабына сәйкес, халықаралық қҧқықтық практикаға сай халықаралық қҧқықтың әдет- ғҧрыптық нормасы мен шарттық нормасы халықаралық қҧқық жҥйесінің қызмет етуінің негізін қҧра отырып, бірдей заңдық кҥшке, бірдей қҧқықтық мәртебеге ие.
Бҧл шарттық норма әдет-ғҧрыптық норманы жоя алады дегенді білдіреді, ал әдет-ғҧрыптық норма халықаралық қҧқықтың шарттық нормасын ӛзгерте және тоқтата алады. Бірақ бҧл ереже әлемнің барлық мемлекеттерінде таралмаған. Б. Л. Зимненко халықаралық қҧқықтың нормаларын қолданумен байланысты АҚШ-тың соттық тәжірибесін зерттей келе, әдет-ғҧрыптық қҧқықтық нормалар нормативті иерархияда ең соңғы орын алатынын атап кетеді. Халықаралық қҧқықтың әдет-ғҧрыптық нормасы мен мемлекетішілік нормативтік акт арасында коллизия туындаған жағдайда, сот осы актіде белгіленген норманы қолданады. 1996-1998 жыл аралығындағы баспаға шыққан сот тәжірибесінде АҚШ соты халықаралық әдет-ғҧрыптық қҧқықтың нормасына сілтеме жасаған бірде бір іс жоқ.Кӛптеген мемлекеттердің заң шығарушылық және сот тәжірибесі әдет-ғҧрыптық халықаралық қҧқық нормасы мен заңның арасында коллизия туындаса, олар әдет- ғҧрыптық халықаралық нормаға сҥйенеді /15/.
Халықаралық қҧқықта қҧқықтық әдет-ғҧрыпқа кӛбірек кӛңіл бӛлінеді. Халықаралық әдет-ғҧрыптың мҧрагері ретінде қабылданып, оның функциясын алған халықаралық шарт нормалары қазіргі кезде халықаралық қҧқықтың жалпы қайнар кӛзі болып саналады.
Халықаралық қҧқықтық әдет-ғҧрыптық нормалар мен халықаралық қҧқықтың қағидалары ӛзара тығыз байланысты. Халықаралық міндеттерді адал орындау қағидасы негізінде әдет-ғҧрыптық «pacta sunt servanda» (шарттар орындалу керек) жатыр. БҦҦ Жарғысының 2-ші бабында БҦҦ мҥшелері ӛзіне жҥктелген міндеттерді орындау керек деп айтылған. Бҧл қағида 1969 жылдың 23 маусымында қабылданған халықаралық шарт қҧқығы туралы Вена Конвенциясында, 1970 жылғы халықаралық қҧқық қағидалары туралы Декларацияда, 1975 жылғы Хельсинск Қорытынды Актісінде бекітілген. Бҧл қағиданың мазмҧны келесідей, барлық мемлекеттер БҦҦ Жарғысында бекітілген міндеттерді, сонымен қатар олар жасасқан халықаралық шарттарды орындауы керек. Ӛздерінің егемендік қҧқықтарын жҥзеге асыра келе, мемлекеттер ӛздеріне жҥктеген халықаралық міндеттерге сай әрекет етеді.
Қазақстанның белгілі ғалымдары (Т.М.Культелеев, С.Л.Фукс, С.З.Зиманов, С.С.Сартаев, З.Ж.Кенжалиев және т.б.) қазақтық әдет-
ғҧрыптық қҧқық мысалында әдет-ғҧрыптық қҧқық шартында ӛмір сҥрген бҥкіл этностар, суперэтностар және мемлекетер әлемдік ӛркениеттік органикалық бӛлігі болғандығын айтып кеткен.
М.А.Қҧл Мҧхамед, қазақ тіліндегі қҧқықтың тҥрлі атауларын зерттей келе, «жол» термині, кӛшіп қонып жҥрген қазақ халқының психологиясына қолданылатын қҧқық тҥсінігін білдіргенін дәлелдеген.
«Ақ жол», «Ата жолы» сӛздерін қолдану арқылы қазақ халқының психологиясы ӛзінің қҧқықтық жҥйесінің ерекшеліктерін кӛрсеткен.
Біріншіден, қазақ қҧқығының басты қайнар кӛзі ҧрпақтан-ҧрпаққа берілген әдет-ғҧрыптар болған. Сондықтан қҧқық (ақ жол) әдет-ғҧрып ретінде танылған. Екіншіден, қазақ қҧқығының ерекше қайнар кӛзі болып би (сот) преценденті-ҥлгі болған. Бҧл «жол кӛрсету», «жол сілтеу» мағынасында кӛрсетілген.
Қазақ қҧқығының дамуында сот прецеденті ерекше орын алған.
Ҥшіншіден, мемлекеттік бекітулер де қазақ қҧқығының қайнар кӛзі болған. Бҧл «қасқа жол», «жолға қою», «жолға салу» тҥсінігінде кӛрініс тапқан. Мысалы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», сондықтан қҧқық бҧл жалпы келісімге келетін жол, ол жол бекітілген қҧқық нормаларында емес, ол бір ҧрпақпен ғана емес, адамзат айналасында ӛндірілген жалпы этникалық, аймақтық, ӛркениетаралық нормалық қҧқықтың мағынасында және жалпы белгілеуінде. Бҧл кӛбіне «еріктердің келісуі», бірақ руаралық, халықаралық қҧқықта да мемлекетаралық «еріктердің келісуі» болады.
Қазіргі қазақ заң ғылымында әдет-ғҧрыптық қҧқықтың мәселелері ғана емес, сонымен қатар әдет-ғҧрыптық қҧқықтың қазіргі позитивтік және халықаралық қҧқықтың байланысы қарастырылады. 1999 жылы С.Ф.Ударцевтың жетекшілігінде К.А.Әлімжан «Әдет-ғҧрыптық қҧқық қҧқық нысаны ретінде» атты тақырыпта заң ғылымдарының кандидаттығына диссертация қорғады. Осы еңбекте дҧрыс белгіленгендей, ҧлттық қҧқықтық жҥйедегі әдет-ғҧрыптық нормалардың заңды функционалдығы маңызды, ӛйткені әдет-ғҧрыптық нормалар кең таралған және халықаралық қҧқық қатынасында ҥлкен рӛлге ие. К.Исаковтың «Мемлекет және қҧқық: Қазақстан Республикасындағы әдет ғҧрыптар, қазіргі заман және болашақ» атты жҧмысында қолданыстағы заңнама ҥшін қарапайым қҧқық мәнін қарастырып кеткен.
Ҧлттық әдет-ғҧрыптық қҧқықтың позитивтік ҧлттық қҧқық пен халықаралық шарттық және әдет-ғҧрыптық қҧқықтың дамуындағы рӛлін білу мақсатында қазақтың әдет-ғҧрыптық қҧқығы мен халықаралық әдет-ғҧрыптық қҧқықтың кейбір элементтерін
салыстыруға болатын сияқты. Ӛйткені заң ғылымдарында заңгерлер мен халықтың ауыз әдебиеті мамандарының кҥшімен «фольклор қҧқығы» немесе «халықтар қҧқығы» ҧғымдары қалыптасып келеді. Бҧл терминдер бір біріне ҧқсас болғанымен, екінші ҧғым ӛзінің мазмҧны бойынша кӛлемдірек. Посткеңестік кеңістікте «халықтар қҧқығы»
мәселесімен ӛзбек ғалымы Р.А.Тузмухамедов жемісті айналысып жҥр, оның «Адам және халықтар қҧқығының сӛздігі» атты еңбегін
«Халықаралық қатынастар» баспасы шығарған.
Ондаған мемлекеттерден елуден астам автордың еңбектерінен ҥзінді жарияланған екі томдық кітаптың жарық кӛруіне арналған талдама мақалада /17/, Р.А.Тузмухамедов бҧл проблемамен халықаралық қҧқықтың беделді ғалымдары Ян Броунли (Англия), Ричард Фолк (АҚШ), Мохаммед Беджауи (Алжир), Джеймс Кроуфорд (Австралия) және т.б. айналысады деп кӛрсеткен. Бҧл жерде ғалымдар фольклорлық қҧқық тҥп тамыры жаппай сауатсыздық заманына кететін ауызша (жазылмаған) қҧқық болғанына қарамастан, бҥгінгі кҥндері де арамызда бар деп айтады. Айрықша кӛңілді ғалымдар халықаралық әдет-ғҧрыптық қҧқыққа бӛледі.
Халықаралық әдет-ғҧрыптық қҧқық пен ҧлттық әдет-ғҧрыптық қҧқықтың арасында ортақ ештеңе жоқ деп санайтын ғалымдар да бар.
Мысалы В.И.Менжинский мен Г.М.Даниленко осылай ойлайды.
Мҧндай ой қҧқықтың қалыптасуы туралы дәстҥрлі пікір алдымен мемлекетішілік қҧқықтың пайда болғанын, ал мемлекетаралық қатынастар даму нәтижесінде халықаралық қҧқық пайда болғанын мойындаудан туды деп ойлаймыз.
Біздің ойымызша, бҧл посткеңестік жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қазіргі даму жолын кӛрсетеді. Ерте заманда Қазақстан аумағында кӛшпелі халықтар қҧқығының қалыптасуы руаралық қатынастар сатысында басталған. Мысалы, қазіргі қазақ халқы автохтондық тҥркі халқының басқа тҥрік, монғол, парсы, араб, финдік угор, славян этностарының араласуы нәтижесінде пайда болған. Бҧл қазақтардың бҥгінгі кҥні ӛзінің шығу тегін, жеті атасын, руын білуінің бір себебі болып табылады. Ӛз руы туралы білу – бҧл ХV ғасырдың соңынан қазақ этносына дейін ата бабалары әр тҥрлі руаралық, тайпааралық байланыстардың (туыстық қатынастар, ынтымақтастық, сауда, жалпы мемлекеттілікке шиеленістер және т.б.) эволюциясынан ӛткен адамның ежелгі шығу тегі туралы ақпарат.
Біздіңше, ежелгі қоғамның ең алғашқы бірлігі және қҧқықтың абсолютті басым субъектісі болып адамдардың мығым бірлестігі – ру табылған. Жаңа рулар пайда болуы немесе ҥлкен рулар бӛлінуі,
туысқандардың бір бӛлігі дербес шаруашылық және нәтижесінде рулық бірлікке бӛлінуі нәтижесінде бәсекелес рулар қалыптасты. Бәсекелестік жат рулардың арасында ғана емес, туыстас рулар арасында да қатты жҥріп отырды, олар тіпті ӛлімге дейін баратын. Сондықтан олар ортақ жҥріс тҧрыс ережелерін қалыптастырды, әйтпесе қантӛгіс соғыстарға ҧрынатын еді. Солай, қазақ халқының қҧқығы ең алдымен руаралық, тайпааралық ретінде, яғни протохалықаралық ретінде пайда болды.
Халықаралық қҧқықтың тҥп тамыры руаралық, тайпааралық қатынастарды реттеген ережелерден бастау алады деген ой кеңестік заң әдебиеттерінде де кездесті. Халықаралық қҧқық теоретигі В.А.Василенко айтқандай, бізге жеткен, ғылым мақтанышына айналған бҧл қатынастар туралы мәліметтер мемлекеттер пайда болғанға дейін әр тҥрлі рулар мен тайпалар ӛзара соғысып, бір біріне елшіліктер жіберіп, келіссӛздерге тҥсіп, шарттар жасасып, сауда қатынастарын орнатып және белгілі бір ережелеге сәйкес басқа да әрекеттер жасап отырған. Ру ішіндегі және руаралық қатынастарды ҧйымдастырудың әлеуметтік қҧралы ретінде ежелгі «қҧқықтың» қайнар кӛздері болатын ертеден келе жатқан әдет-ғҧрыптық және шарттық ережелер қолданылды. Әрине, ол қазіргі мағынадағы қҧқық болған жоқ.Әр тҥрлі ру-тайпалар бір-бірімен жиі байланысқа тҥсуіне байланысты бҧрынғы кездегі қҧқық руішілік ҧйымды қамтамасыз ететін нормалар, сонымен қатар руаралық, тайпааралық байланыстарды реттейтін нормалар ретінде белгілі /19, 288б./. Келесі зерттеуші В.Э.Грабарь, ежелгі римдіктердің ата-бабаларының мемелекетке дейінгі қоғамдық ҧйымдарды кӛпжылдық дәл зерттеудің негізінде, ӛндіруші кҥштердің дамуының тӛменгі сатыларында олардың деңгейіне сай қоғамаралық немесе тайпааралық қҧқық болған деген шешімге келді.Ол ең алғашқы қҧқық руаралық болды, руаралық шартта рулардың ӛзара тәртіптерінің нормалары кӛрініс тапқан деп жазған /20, 39б./.
Ғалымның пікірі бойынша, протохалықаралық қҧқықтың, яғни
«руаралық» алғаш пайда болуы тек кӛшпелі халыққа ғана тән емес.
Рулар арасында жасап шығарылған тәртіп ережелері сол туысқандық бірлестіктердің ішінен орын алған, егер оларды бҧзған жағдайда бҥкіл руға сол кездегі ең кең тараған санкция кӛршілер тарабынан соғыс қаупі тӛнген. Ру мҥшелерінің тәртіп нормалары бірінші кезекте сыртқы факторларға жауап ретінде қалыптасқан: басқа рулармен кӛршілік қарым-қатынас; географиялық, табиғи-климаттық жағдайлар және т.б.
Біздің ойымызша, тек рулардың тайпаларға, кейін тайпалық бірлестіктерге бірігуінің нәтижесінде протоҧлттық қҧқықтың, басқаша айтқанда «руаралық» қҧқықтың дамуына барлық жағдайлар жасалады.
Осы жағынан қазақ ру-тайпаларының, жҥздердің пайда болу және даму мәселелеріне тоқталу керек. Бҧл мәселелерді кӛптеген қазақ және орыс ғалымдары қозғаған. 19 ғасырдың ортасындағы Ш.Уәлихановтың мақалаларында, 1864 жылғы В.В.Вельяминов-Зерновтың
«Исследовании о касиовских царях и царевичах» атты кҥрделі зерттеулерінде, Ш.Қҧдайбергенов, М.Тынышпаев, А.П.Чулошников, В.В.Востровтың еңбектерінде, қазіргі зерттеуші М.С.Муканов еңбектерінде, қазіргі генеалогиялық және т.б. зерттеулерде қозғалды.
Біздің ойымызша, XV-XIX ғасырларда ҥлкен аумақта тҧрып, бір- бірімен бірігуден гӛрі байланыс ҥзуге мҥмкіндіктері кӛбірек болған қазақ жҥздерінің біртҧтас халық ретінде бірігуі этностардың бірігуіне жақсы мысал бола алады. Туыс тайпалардың біртҧтас халыққа бірігуінің бірегейлігіне халықтардың бірігуіне бағытталған қазақ әдет- ғҧрыптық қҧқығының нормалары себепші болған.
Қазақстанда әр тҥрлі этностар мен ӛркениеттердің қҧқық нормалары және кейбір аспектілерінің араласуы мен тҧрақты ауысуы байқалады.
Соңғы кездері зерттеушілер әр тҥрлі ғасырларда пайда болған діни, сонымен қатар діни емес сипатқа ие тҥркі халықтарының заңдық ескерткіштерін тауып, оларды қазіргі тілге аударуда. Олардың ауқымы кең: билеушілердің заңды актілерінен бастап шаруалардың қолхатына дейін. Қазақ елінің мемлекеттік қҧрылымы мен қҧқық терминологиясының еуропалық әдет-ғҧрыпқа сәйкес келмеуі, тҥркі халқында мемлекет және қҧқық болған жоқ деген сӛз емес. Олар ӛзіндік мемлекет және соған сәйкес қҧқықтық жҥйе қҧрды, олар қазіргі уақытқа дейін тарихи ғана емес, тәжірибе жҥзінде де қызығушылыққа ие.
Біздің еліміздің және бірқатар ӛзге мемлекеттердің мамандары тҥріктердің мемлекет және қҧқығының пайда болуын айқындайтын қайнар кӛздерді жҥйелі тҥрде зерттеп, аударуда, олардың ішінде ежелгі жазба ескерткіштер (жылнама, дипломатиялық хаттар, жазбалар, эпитафиялар және т.б.), мемлекеттік-қҧқықтық және әлеуметтік ӛмірдің барлық аспектілері кӛрініс табатын халықтың ауызша шығармашылығы бар. Осылардың және жақында жарыққа шыққан, қазақ ғалымдары А.А.Гаркавец және Г.С.Сапарғалиев аударған қыпшақ-армян ескерткіштерінің мазмҧны тҥркі халықтарында қҧқықтың жоғары дамығандығын толық растайды.
А.И.Левшин XVIII жҥзжылдықтың басындағы Тәуке ханның Жарғысын зерттей отырып, біздің заңдастырылған жарғылар мен ерте кездегі еуропа халықтарының жарғыларының ҧқсастығын байқамау мҥмкін еместігін айтады /21, 371б./ және гректерді, римдіктерді,
арабтарды, германдықтарды, еврейлерді, скандинавтықтарды және славяндарды атап кетеді. Бҧл қазақ қҧқығының пайда болуына септігін тигізген ежелгі халықаралық байланыстардың куәсі болып табылады.
IX-XII ғасырларда Орталық Азия және Еуропа халықтарына араб ӛркениеті ҥлкен әсер етті. Б.д. VII ғасырында Исламның жария етілу уақытынан бастап жаңа дін VIII-X ғасырларда Орта Азияға тарады.
Мҧсылмандық мораль мен қҧқықтың әсері айтарлықтай тҧрақты болды.
Ежелгі діни сенімдер және Исламмен қатар б.д. VI-IX ғасырларында Орталық Азияның тҥркі халықтарының арасында, оның артынан Орта Азия мен Қазақстанда ӛзге ӛркениеттер қалыптастырған діни жҥйелер тарала бастады: буддизм, манихейство, христиан және иудаизм.
Идеологиялық, мәдени және қҧқықтық қарсылық және араласу бҥкіл орталық еуразиялық кеңістікте байқалды. Олардың ядросы ҧлы қыпшақ даласы және ежелгі Русь болды. Сӛйтіп X ғасырдың соңында грек епископтары Жаңа Русьте римдік-византиялық ҥлгі бойынша қарақшыларды ӛлтіріп, жазалайтын юстицияны енгізу туралы кеңес берді. Князь Владимир олардың кеңесін қабылдамай, қылмыстарды ақшалай айыппҧлмен –вирамен жазалауды жалғастырды /22/. ―Вира‖
Русь жеріне X-XI ғасырларда нормандық «wahr – geld» ӛлім ҥшін тӛлем сӛзінен енген.
Қазақ әдет-ғҧрыптық қҧқығы да кісі ӛлтіру және қылмыстардың басқа да ауыр тҥрлері ҥшін тӛлем тӛлеу нормаларын қамтиды.
Қылмыстардың материалдық ӛтемі ерте кезден сақталған. Орын толтыру заңымен қатар ӛмір сҥрді. Қылмыстар ҥшін материалдық ӛтемақы мҥмкіндіктерінің қҧқықта бекітілуіне (қҧн, айыппҧл) Қҧран талаптары әсер етті. «Бақара» 2-сҥресінің 173(178) аяттарында: «О, сенімге келгендер! Сендерге кісі ӛлімі ҥшін жаза жазылған:ерікті ҥшін- ерікті, қҧ ҥшін-қҧл, әйел ҥшін-әйел.Ал кімге ол бауырымен кешірілсе, әдет-ғҧрыпқа сәйкес және оның пайдасына орын толтырылады»
(Қҧран, 45б.) Қҧранда қылмыс ҥшін жазаның бір тҥрі қарастырылған:
«ол – Қҧдайдан қайырымдылық. Ал кім бҧдан аттап кетсе, оның жазасы ӛте ауыр» (2-сҥресінің 174 аяты). Ежелгі Рим қҧқығы ӛзінің дамуы барысында қылмыс ҥшін жазаның бір тҥрін ғана талап еткен: «Nemo debit bis puniri, pro uno delicto».
Бҧл қазақ әдет-ғҧрыптық қҧқығы нормаларының алғашқы қайнар кӛздерін анықтау мҥмкін емес жағдайдағы мысалдардың біреуі ғана.
Олар ежелгі қазақ халқының бҥкіл мәдениеті сияқты антикалық және араб әлемінің классикалық ӛркениеттерін байланыстырған кеңістікке қалыптасқан. Бҧл норма кез-келген мысалдан жасалған және тәуелсіз болуы мҥмкін еді және әділ жазаның қолайлы шешімі ретінде де,