• Tidak ada hasil yang ditemukan

какие-либо несоответствия. Таким образом, журналист получит более полную картину происходящего и сбалансировано осветит тему. Кроме того, журналист обязан избегать любых связей, денежных или нет, которые способны повлиять на объективность его материалов. Также, не следует поддаваться искушению запустить «горячую» новость без тщательной проверки. Таким образом, придерживаясь данного алгоритма верификации информации, журналист сумеет проверить любое сообщение. Кроме озвученных шагов к проверке информации, журналист, конечно же, будет вынужден каждый раз осваивать самые различные сферы знаний, начиная от экономической теории, заканчивая знаниями о природных катаклизмах и так далее, и за свою карьеру, сможет до совершенства отточить мастерство фактчекинга.

Следует отметить, что проблема «фейковых новостей» требует разработки комплекса мер, направленных на предупреждение их распространения. Кроме грамотности журналистов требуется повышать и медиаграмотность читательской аудитории, которая все чаще предпочитает получать информацию через социальные сети. Достигнуть этого возможно, при условии увеличения уровня доверия аудитории к СМИ, которое напрямую зависит от качества верификации журналистами информации.

Список использованных источников

1. WhatsApp ограничил пересылки сообщений из-за фейков URL:

https://tengrinews.kz/internet/WhatsApp-ogranichil-peresyilku-soobscheniy-iz-za-feykov- 361754

2. Trump D. Fake News – A Total Political Witch Hunt! URL:

https://twitter.com/realDonaldTrump/status/818990655418617856.

3. Бред Питт умер. Почему не стоит смотреть такую новость в интернете. URL:

http://thejizn.com/2016/09/28/brad-pitt-death-hoax-facebook.

4. В МВД предупредили об ответственности за рассылку ложных сведений о банкротстве Kaspi Bank. URL: https://informburo.kz/novosti/v-mvd-predupredili-ob-otvetstvennosti-za- rassylku-lozhnyh-svedeniy-o-bankrotstve-kaspi-bank.html

5. Фейковая новость подняла капитализацию Twitter на пару миллиардов долларов. URL:

https://meduza.io/news/2015/07/14/feykovaya-novost-podnyalakapitalizatsiyu

6. Казахстанцам по whatsApp сообщают о новой валюте «Алтын». URL:

https://www.zakon.kz/4742863-kazakhstancam-po-whatsapp-soobshhajut-o.html

7. Опровержение рассылки о выводе средств с портала eGov распространило АО "НИТ".

URL: https://informburo.kz/novosti/oproverzhenie-rassylki-o-vyvode-sredstv-s-portala-egov- rasprostranili-v-ao-nit.html

8. В Sinоoil прокомментировали рассылку о бесплатных купонах на бензин. URL:

https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/Sinooil-prokommentirovali-rassyilku-besplatnyih- kuponah-348563/

9. Казахстан вошёл в Топ-20 стран платёжников в бюджет. URL:

https://factcheck.kz/glavnoe/lozh-kazaxstan-voshyol-v-top-10-stran-platelshhikov-v-byudzhet- oon/

10. Отечественная легкая промышленность обеспечивает внутренний спрос не более, чем на 10%. URL: https://factcheck.kz/glavnoe/faktchek-otechestvennaya-lyogkaya-promyshlennost- obespechivaet-vnutrennij-spros-ne-bolee-chem-na-10/

11. В мировом рейтинге преступности Алматы на 12 месте. URL:

https://factcheck.kz/glavnoe/manipulyaciya-v-mirovom-rejtinge-prestupnosti-almaty-na-112- meste/

ФЕЙК АҚПАРАТТЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ПІШІНДЕРІ Қайыргелді Гүлзат Русланқызы

kairgeldina_gulz@mail.ru

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Журналистика және саясаттану факультетінің 1-курс магистранты Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

Ғылыми жетекші: ф.ғ.д, профессор М.Б.Шиндалиева

Жаңа медиа мен азаматтық журналистика дамығалы «фейк» ұғымы танымал болғаны қашан. Ол қазіргі ақпараттық қарсы тұру, мәліметтердің, фактілердің, пайымдаулар мен тұжырымдардың, ашық дезинформацияның және тағы басқа медиакеңістік айналымындағы ақпараттық ағындардың қарқынды дамуы мәселелеріне арналған пікірталас барысында жиі- жиі кездеседі.

Медианың барлық түрлері мен типтері қызметіндегі фейковизацияның таралуы соншалық, бұл журналистика теориясына «постшындық» сияқты терминдерді енгізіп отыр.

Журналист жұмысының басты онтологиялық қағидаттарының бірі – «ақпараттың шынайылығына» - қазіргі жұмыс істеп тұрған БКҚ-тардың нақты кәсіби тәжірибесі көрсеткіштерінің тарапынан қысым түсіп отырғанын, сондай-ақ әр ақпараттың сыни тексерілу қажеттілігі сатысында тұрғанын мойындауымыз керек.

«Фейк ақпарат» — 2017 жылы «жыл сөзі» болған термин. Ол көптеген елдер арасындағы халықаралық қатынастарда шиеленіс туғызды және демократияға қауіп төндірді деп саналады. Англия, Франция және Германия белсенді түрде ақша бөліп, «фейк ақпаратпен» күресу үшін үкіметтік ұйымдар да құрған. Тіпті Германияда жалған жаңалықтарды таратқаныңыз үшін 50 миллион еуроға дейін айыппұл салынады. Ал біздің

отандастарымыздың лексиконында, ағылшын тілінен бастау алатын, танымал «фейк» сөзі кейінірек пайда болды және ол «fake» – алдау, жалған, имитация деген мағына береді.

2018 жылдың қаңтар айында Папа Франциск өзінің пресс-релизінде жалған жаңалықтардың мәнін баяндады: «Олар стереотиптерге, көптеген адамдар үшін ортақ әлеуметтік болжамдарға және эмоцияларды манипуляциялық пайдалануға, әсіресе ашу-ызаға сүйенеді»[1],- дейді. Осы тұста Twitter-ді зерттеген ғалымдар қызықты статистиканы анықтады: жалған жаңалықтар шындыққа қарағанда 70% - ға жоғары ықтималдықпен таралса, шынайы оқиғалар орташа есеппен 1500 қаралым жинайды. Бұл көрсеткіш бұрмаланған ақпарттан алты есе аз.

Шынайы оқиғаларға негізделген жаңалықтармен мыңнан астам адам бөліссе, ал ең танымал фейк ақпарттарды кейде 100 000 пайдаланушыға дейін таратқан. Әлеуметтік желілерде танымалдылыққа ие болған жалған ақпарат арасында: «Папа Франциск Президент лауазымына Трамптың кандидатурасын қолдай отырып, әлемді таңқалдырды», «Викиликс Хиллари Ислам террористеріне қару сатқанын растайды», сондай-ақ, Лас-Вегастағы жаппай кісі өлтіруден кейінгі жалған фотосуреттер мен Трамптың екі баласы бар екендігі туралы сыбыстар болды. Жоғарыда келтірілген мысалдар саяси мазмұнда таралған шоқты ақпараттар болса, күнделікті тұтынып жүрген брендтердің арасындағы бәсекелестік төңірегінде таралатын жалған ақпарттың санына жету мүмкін емес. Coca-соla-ның күдікті құрамы, KFC халал өнімді пайдалануын тоқтатты немесе жеміс-жидектің инфекциялануы, т.б. осы мазмұндағы ақпараттарды есіңізге алыңыз.

Фейк сөзінің журналистиканың ғылыми және теориялық қолданысына ену тарихына келсек, көршілес мемлекетте И.И. Романовскийдің 2004 жылы жарық көрген «Массмедиа.

Терминдер мен ұғымдар сөздігі» кітабында біз тек қана «фейкерлер» терминін кездестіреміз, бұл автордың интерпретациясында «әшкерелеуші, әдепсіз фотофейктарды (әсіресе белгілі, атақты тұлғалардың суреттерін) жеткізушілер» [2;380],- дегенді білдіреді. Сол жылы Л.М.Землянованың «Коммуникативистика және ақпарат құралдары» атты ағылшын-орыс сөздігі шығарылды, онда «fake» термині жоқ. Бірақ, «fake report» сөз тіркесінің аудармасы берілген. Сөздіктің авторы оны «бұрмаланған және өтірік фактілері бар жалған хабар»[3],- деп аударады. Алайда Л.М.Землянова мұндай терминдердің пайда болуын жарнамалық бизнестің БАҚ қызметінің жаңалықтар сегментіне ықпал етуімен байланыстырады.

Н.Омашевтың 2006 жылы жарық көрген «Ақпарат әлемі» кітабында: «Кез келген газеттің ұстанған бағыт-бағдары болады. Өзіндік ерекшеліктеріне қарай өз аудиториясын табады.

Бірақ, жалған сенсация қуып арзан ақпаратқа, тапсырыстағы дүниелерге, мазмұны мәнсіз мақалаларға ешқандай жол бермегені абзал. Әйтпесе, бүгінгі таңда желөкпе басылымдар қаптап кетті. Алған ақпаратты бүге-шігесіне дейін анықтап, нақты түсіндіру газеттің міндеті болып табылуы керек»[4;9], - деп, жаһандану үдерісінің алып келген, жалған ақпараттың тез таралғыштық белгісін айта өткен. Өкініштісі сол, «фейк» ұғымының вербалды таралу ауқымы қазіргі медиа теориялық дискурстарда айтылу тұрғысынан және он екі жыл бұрын болған семантикасын кеңейту тұрғысынан әлдеқайда кеңірек. Жалпы «фейк» терминінің өзі фейк журналистикасына қандай да бір назар аударатын сарапшылардың, ғалымдар мен практиктердің қоғамдық пікірталастарында кеңінен қолданылып жүргенімен, тез таралғыш жалған ақпараттың шырмауына кәсіби мамандардың өзі де түсіп жатады. Кейіннен фейк ақпарат дәстүрлі ақпарат тарату көздерінен жарық көріп жатады, ал бұл адамдардың ойына

«егер теледидардың өзінен жалған ақпарат таратып жатса, Интернет секілді жедел ақпарат таратушы жайлы не ойлауға болады»,- деген пікірге алып келеді.

Фейк біздің көз алдымызда болып жатқан депрофессионализация мен журналистердің біліксіздігінің көрінісі ғана емес, ақпараттық өнімді жасаушы БАҚ қызметкерлеріне қойылатын талаптар мен сұраныстардың да нәтижесі. Әсіресе, мұндай теріс үрдіс тележурналистер тәжірибесінде көрінеді. Ақпаратты визуализациялау – тележурналистиканың негізі болғандықтан, оқиға орнынан суреттің, не видеоның болмауы телекөрермендердің оған деген қызығушылығын төмендетеді, сондай-ақ ақпараттың маңыздылығын автоматты түрде жоққа шығарады. Соның салдарынан жалған фото-видео

беру, ескі кадрларды монтаждап пайдалану, кейіпкерлерді қолдан жасап алу сынды әдістер пайдаланылады. Бұл өз кезегінде БАҚ- қа деген сенімсіздікті тудырады.

Осы уақытқа дейін «фейк» ұғымын, әдетте, визуалды коммуникация саласына жатқызып келді. Сондықтан фейк түрлерінің вариациясы, ұсынған «суретпен» уақыттың, орынның, оқиғаның сипаты мен мазмұнының нақты мән-жайларымен арақатынасы арқылы анықталды. Қазіргі медиатәжірибеде келесі түрлерін ажыратуға болады:

 суреттің шынайылығын арттыру мақсатында тиісті компьютерлік бағдарламаларда өңдеуден өткен жалған суреттер;

 журналистік материалдарда көрсетілген оқиғалар уақыты мен орны бойынша сәйкес келмейтін, пайдаланылған материалдан құрастырылған бейнероликтер;

 әдетте, кез-келген жалған жаңалықтардың бірегей бейнеиллюстрациясы болады;

 әлеуметтік желілердегі жеке парақшалар өзге адамның фотобейнесін пайдалана отырып, басқа адамдардың атынан парақша ашады.

Сондықтан келген ақпаратты өзгеге таратпас бұрын қарапайым нәрселерге мән берген дұрыс:

- Ақпарат қаншалықты сенімді? Фото не видео, аудиода сенімсіздік тудыратын элементтер бар ма? Олардың кез-келгенін қарапайым іздеу жүйелері арқылы тексеруге болады. Жеті рет оқып, бір рет жіберу қажет;

- Әсіресе, whatsapp арқылы таратылған ақпаратқа абай болу қажет. Бұл мессенджерде фейк ақпарат жиі таралады;

- Мәтін күйінде жіберілген ақпаратты мұқият оқу керек. Әдетте, жалған ақпарат қатеге немесе тікелей аудармаға толы болады;

- Кез-келген деректі ресми ақпарат көзімен тексеру қажет. Ол үшін ресми органдардың сайты мен әлеуметтік желілерді бір қарап шығу да жеткілікті;

- Арандатушы контентті оқымаған дұрыс.

Заманауи тәжірибеде де қолданылатын шынайылық критерийлері дәстүрлі және қарапайым. Ең алдымен, кез келген ақпаратты журналист альтернативті ақпарат көздерін пайдалана отырып, жедел түрде қайта тексереді. Сонымен қатар, хабарланатын мәліметтердің тұтынушыға жететін жылдамдығын ескеру қажет. Жалған ақпаратта бір онтологиялық белгі бар, ол оның шындыққа сәйкес емес екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Фейктің имманенттік мәні 1-2 сағаттан бір күнге дейін шектеулі уақыт диапазонында өте жылдам анықталады. Сондықтан, келіп түсетін ақпаратты «жылдамдықтан дәлдігі маңызды» ұстанымы бойынша міндетті тексеру қағидатын ұстанса, жалған ақпаратты табу әлдеқайда оңай болады.

Заманауи журналистика тәжірибесіндегі шынайылық критерийінің зерттеу қағидаты қазіргі уақытта фейк ақпаратты түсіндіру мен оның рөлін зерттеуде қарқын алып, оны ғылыми тұрғыда зерттей бастады. Бұл құбылыстың ғылым айналымында жалғасын табуы өте маңызды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 1. https://ipress.ua/ru/news/ 24 қаңтар, 2018

2. Романовский И.И. Массмедиа. Словарь терминов и понятий. М.: Ресей журналистері одағының баспасы, 2004. – 380 бет.

3. Землянова Л.М. Коммуникативистика и средства информации. Англо-русский толковый словарь концепций и терминов. М.: Моск. баспасы, 2014.

4. Омашев Н. Ақпарат әлемі. 1-том. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы», 2006. – 9 бет.

МЕДИА БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ МЕДИА САУТТЫЛЫҚТЫ ОҚЫТУДЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫ

aidanakaldybekova@gmail.com

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушысы, магистр, Астана, Қазақстан

Қазіргі қоғамда медиасыз өмір сүру мүмкін емес болып, адамзаттың маңызды, әдеттегі және бөлінбес бір бөлшегі ретінде қалыптасты. Медианың күннен күнге емес, сағаттан сағатқа да емес, минуттан минутқа дамып, модернизациялануының куәсіміз.

Медианың эволюцияланғаны соншалық, әр түрін классификациялап, әрқайсысына арнайы мамандықтар, білім бағдарламалар, оқу курстар тіпті жеке-жеке лекциялар мен сабақтар оқытылады. Медианы дәстүрлі және жаңа деп бөліп қарастыруымыз да осы процестің нәтижесі. Осы салада қазіргі таңда медианың функциялары мен қызметтері біраз өзгеріске ұшырап отыр. Мәселен түрлі контенттердің манипуляциялық, агитациялық және радикалды болуы, сонымен қатар ақпараттың жалпы аудиториялық және қолжетімді болып кетуі. Бұл аталған мысалдар тек бірі ғана, басқа да қаншамасы жеткілікті.

Осы мақсатта ғалымдар медианы тұтынушы аудиторияға медиа білім беру қажеттігін және медиа сауатты болуды алға тартады. Алдымен жалпы медиа білім беру дегенімізге келсек, балалар, жасөспірімдер және ересек адамдарды казіргі ақпараттық заманның талаптарына, түрлі ақпаратты қабылдау мен анализдеу қабілетін тудырып, дамыту және адамды оны түсінуге, оның психикаға әсерін білуге үйрету, жаңа техника құралдар мен казіргі акпараттық технологиялар көмегімен қарым-қатынас жасау тәсілдеріне үйрету [1].

Ал, сауаттылық дегенді қарастыра кетсек, тек оқи білу және жаза білу мүмкіндігі. Яғни, классикалық тұрғыда сауаттылық тұжырымдамасы жазбаша мәтіндерді оқу мен түсінуге көп мән береді. Жазбаша белгілерді оқу, түсіну және аудару жалпы айтқанда қарапайым сауаттылық қабілеттерді игеру болып табылады. Алайда бұқаралық комуникацияның пайда болуымен (мысалы, басып шығару, фотосурет, фильм, радио, теледидар, тіпті Интернет), бұл анықтаманың ауқымы кеңейтілді. Адамс және Хамм деректері бойынша сауаттылық анықтамасы сапалы талдау және пайдалану мүмкіндігін қамтып, журналистиканы, кинофильмдерді, суреттерді, радио, теледидарларды және компьютерлік техниканы шебер қолдану барысында ақпарат алмасу. Осыған орай, бұл кеңейтілген анықтама қазіргі уақытта

«медиа сауаттылық» деп нақтыланды [2].

Осы тұста медиа-білім берудің тарихына қысқаша шолу жасау және медианы кеңінен зерттеудің негіздемелерін қарастыру қажет. Медианы зерттеу мәселесі алғаш 1930 жылдарда басталды. 1930-шы жылдары Ф.Р. Ливис пен оның шәкірті Денис Томпсон студенттерді және жалпы қоғамды бұқаралық ақпарат құралдарының теріс әсерінен қорғау қажет деген протекционистік ойды алға тартқан болатын. Букингемнің айтуынша, Левис пен Томпсонның басты мақсаты – ұлттың әдеби мұрасын, тілін, құндылықтарын және денсаулығын сақтап қалу. Осылайша, медиа шынайы өнер және әдебиеттің орнын үстүртін ләззаттармен толтыратын халықты аздырушы ықпал ретінде қарастырылды.

Букингемнің (2003) айтуынша, 1950 жылдардың аяғында және 1960 жылдардың басында Уильямс пен Хоггарт Ливистің «протекционизм» идеологиясына қарсы шықты Себебі, мәдениет осы кезеңнен бастап маңызды артықшылықтарға ие адамның туындылары ретінде қарастырылудан қалды. Яғни, мәдениет абсолютті құндылықтар жиынтығы ретінде емес, керісінше адамдардың өмір сүру шарттары мен формалары ретінде қарастырыла бастады. Осылайша, мәдениет жоғары абсолютті бір нәрседен гөрі, қоғамның күнделікті өмірде орын алатын әртүрлі формалар тұрғысынан зерттеле бастады. Бұл либералды және барлығын қамтитын ұстаным жоғары мәдениет пен көпшілік дәріптейтін мәдениет арасындағы, сондай-ақ өнер мен өмірлік тәжірибе арасындағы айырмашылықтарды сынға алып, академиялық талқыға салды .

Мастермен 1960 жылдары Еуропада танымал (popular) мәдениет формалардың соңынан еруші жаңа ұрпақ мұғалімдер білім беру жүйесіне ақырындап кіре бастағанын алға тартады. Білім беру жүйесіне кіре бастаған бұл мұғалімдер санаты медианы қоғамдық құндылықтарды бұзушы механизмдер ретінде қарастырмаса да, олардың негізгі мақсаттары

медиа-білім беруде протекционистік ұстанымдардан бас тарту емес, керісінше аталмыш ұстанымды өзгертіп, одан сайын дамыту еді. 1960 жылдары фильмдердің қарқын алуымен бірге Еуропа мен Солтүстік Америкаданың білім беру жүйелерінде фильмдерді талдау және бағалау сабақтары еңгізіле бастаған болатын. Дегенмен, медиа-білім беру протекционисттік бағытты ұстануды жалғастыра берді.

1930-шы жылдардың басында медианы зерттеу процессі басталған кезде медиа-білім беру мен медиа сауаттылық түсініктері әлі қалыптаспаған болатын. Дегенмен, теледидар халықаралық маңызға ие бола бастаған уақытта, 1962 жылы Скрин Эдюкэйшн (Screen Education) ұйымдастырған халықаралық конференцияда төмендегідей қорытындыға келген болатын:

Теледидар қазірдің өзінде қарым-қатынастың басты арнасы болғандықтан және ауқымы мен күші күннен күнге арта түсетіндіктен, жастарымыздың бұл жаңа алаңды конструктивті түрде қолдануға үйрету ұстаздардың әрі медиа сарапшыларының жауапкершілігі деп санаймыз (Hodgkinson, 1964, p. 78).

Гудман (2003) 1960-шы жылдардың басында тікелей медиа арқылы медиа-білім беруді емес, таза медиа туралы жалпы білім беруге басымдылық берілгенін атап өтеді.

Студенттерді медиаға, әсіресе жарнамаға және теледидарға қатысты сыни көзқарастарды дамытуға шақырды.

Гудман Вэнс Паккард (Жасырын сендірушілер), Маршалл Маклюэн (Медианы түсіну, Гутенберг галактикасы), Джон Бергер (Көру жолдары) сияқты мәдениет сыншылары дидактикалық құрал ретінде оқу құралдарын пайдаланудың инструменталды әдісінен бас тарту қажет екендігін айтқан болатын.

Осылайша, оқу бағдарламаларында студенттердің телевизияны бұқаралық ақпарат құралы ретінде талдау жасау қабілеттерін дамытуға басты назар аударыла бастады.

1972 жылы Америка Құрама Штаттарының Бас дәрігері жанындағы телевизия және әлеуметтік мінез-құлық жөніндегі консультативтік комитетінің теледидардағы зорлық- зомбылық пен анти-қоғамдық мінез-құлық арасында бір байланыс бар екендігін алға тарқаны медиа сауаттылықтың дамуында маңызды бетбұрыс нүктесі болды. Келесі жылы Форд фонды «Балалар мен теледидар туралы» баяндамасын жасады. Бұл баяндамада:

«Мемлекеттік оқу орындарында бұқаралық ақпарат құралдары туралы кеңейтілген және әрі қарай дамытылған оқыту бағдарламасын еңгізу қажеттілігі туындап отыр.

Бұқаралық ақпарат құралдарының алдында жастардың сауаттылығы - тілдік сауаттылық сияқты білім беру саласындағы басты мәселелердің бірі» делінген.

Осылайша, 1970 жылдары фильмдерді сараптаудан теледидардағы бағдарламаларды сараптауға көшу кезеңі жүзеге асырылған болатын. Мастерменның айтуынша (1997 ж.), теледидар мен газеттерді зерттеу айтарлықтай басқаша дами бастады, тіпті өте күрделі мәселелерге де жол ашқан болатын.

1978 жылы АҚШ бас дәрігерінің баяндамасы мен теледидардағы зорлық- зомбылықтарды зерттеу қажеттілігі туралы үндеуінен кейін АҚШ Конгресінің мемлекеттік кітапханасы және АҚШ-тың Білім басқармасының қолдауымен «Теледидар, кітап және аудитория» атты ұлттық конференция өткізілген болатын.

Конференцияның қорытындысы бойынша АҚШ-та бастауыш, орта және жоғарғы сынып оқушыларына арналған төрт маңызды білім беру жобасын әзірлеу туралы ұсыныстар енгізілді. Келесі жылы АҚШ-тың Білім беру басқармасы балалардың фильмерді, жарнамаларды және т.б. көру барысында критикалық қабілеттерді (critical viewing skills) дамыту мақсатындағы жобаларды қаржыландыра бастады: ортанғы сынып оқушыларына арналған критикалық қабілетті дамытуға жауапты мекеме АҚШ-тың Оқу және ғылыми зерттеулер институты бекітілді; Жоғарғы сынып оқушыларына Нью-Йорктың 13-арнасы;

және ересек азаматтарға Бостон университеті бекітілді.

Ал 1980 жылдардың басында АҚШ-та ғылыми зерттеу институттарының бастамасымен критикалық қабілеттерді дамытуға арналған оқу жоспары әзірленіп, ғалым-

мұғалімдер мен мектептің әкімшілік қызметкерлері рецензент ретінде талған. Жасалған жұмыстың қорытындысы бойынша, аталмыш оқу бағдарламасы оқушылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, оқушылардың критикалық қабілеттерін дамытуда аса маңызды рөл ойнайды деген қорытынды жасаған.

Дегенмен, жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде, рецензенттердің позитивті рейтингісіне қарамастан, мұғалімдердің 46% оқу жоспарын қолдануға ынталы емес екендігі және мектеп әкімшілігі қызметкерлерінің шамамен 41% өз мектептерінде оны жеке пән ретінде еңгізуге ынталы емес екендігі анықталған болатын. Панельдегі мектеп әкімшілігі қызметкерлерінің бірі «Менің ойымша, бұл оқу бағдарламасы жастар үшін жай ғана маңызды емес, өте қажет дүние... бірақ, әріптестерімнің менің пікіріммен келісетініне сенімді емеспін» деп айналада болған жағдайға сипаттама берген.

Жобасының жетекші сарапшысы Донна Ллойд-Колькиннің пікірінше, жасалған мол қаржыландыруға, мұғалімдерді ынталандыру әрекеттеріне, рецензенттердің берген жоғары бағалары мен үлкен қоғамдық қолдауға қарамастан, алдын ала көзделген мақсаттардың өте аз бөлігі ғана шынайы түрде жүзеге асырылды. Дегенмен, мемлекеттік қаражат сол уақытта белсенді болатын қызметті қолдауды жалғастыра берді. Алайда, 1981 жылы жобаны қаржыландыру тоқтатылған уақытта, медиа белсенділік те АҚШ-та тоқтатылған болатын.

Гудман (2003) АҚШ-та медиа-білім беруге деген қызығушылық өте төмен болғанына қарамастан, 1980 жылдары негізгі медианың дамуы халықаралық деңгейде болғанын атап көрсетеді. Осыған негіз ретінде Шотландиядағы Медиа білім беру қауымдастығына, Канаданың Медиа сауаттылық қауымдастығына және Австралияның Медиа оқытушылары сияқты ұйымдардың жұмысына сілтеме береді. Ал 1980 жылдары Ұлыбританияда медиа- білім беру кеңінен қолданысқа еңгізіле бастады. Белгілі бір уақыттан кейін Канадандық медиа сарапшылардың теориялық және тәжірибелік жұмыстары, сондай-ақ Лен Мастерман, Дэвид Букингем және Кэри Базальгет сияқты британдық медиа сауаттылық бойынша маманданған ғалымдары зерттеулері жалпы медиа сауаттылықтың қызметін толығымен өзгерткен болатын.

1992 жылы Аспен институтының медиа сауаттылық бойынша лидерлік форумы барысында Канаданың медиа сауаттылық саласындағы сарапшылары тарыпан бұл аланда нақты мамандар даярлау қажет екендігі атап көрсетілді. Нәтижесінде, Гарвард, Колумбия, Нью-Йорк, Солтүстік Каролина, Нью-Мексико университеттерінде медиа сауаттылық курстары мен медиа сауаттылық оқытушалырын дайындайтын институттар ашыла бастады.

Дегенмен, осы жоба барысында ашылған институттардың бірқатары жақсы жұмыс жасап кетсе де, басым көпшілігі қысқа мерзімде қызметтерін тоқтатып, жабылып қалған болатын.

Екінші жағынан, аталмыш конференцияда мектеп оқытушалыры мен мектеп әкімшілік қызметкерлері қатыспаған болатын. Бұл өз кезегінде медиа-сауаттылықты оқыту мен американдық мектептер арасында байланыстың орын алмағандығын білдіреді.

Канадалық медиа сауаттылық бағдарламасының жетістігі АҚШ аумағында медиа сарапшылардың қызығушылықтарын арттырды. Гарвард Медиа сауаттылық институты 1993 жылы Гарвард университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі жанында Рене Хоббстың басшылығымен құрылған болатын. Канададағы Медиа сауаттылық қауымдастығының президенті Барри Дункан (1993) институттың оқытушыларының бірі болды. Дунканның айтуынша, аталмыш институт Солтүстік Америкадан 85 қатысушыға медиа сауаттылық дәрістерін өткізген. Дәріске қатысушылардың қатарында мектеп мұғалімдері, журналистер мен шіркеу жетекшілерін бар.

1986 жылы Канададағы Онтарио провинциясының Білім министрлігі Медиа білім беру ресурстары жөніндегі нұсқаулықты дайындау үшін Медиа сауаттылық қауымдастығын шақырды. Кейіннен бұл нұсқаулық испан, француз итальян және жапон тілдеріне аударылды. Осы нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, аталмыш қауымдастық Канадада, АҚШ-та, Жапонияда, Еуропада және Латын Америкасында медиа-білім беруді дамыту мақсатында конференциялар ұйымдастырды. Осылайша, 1989 жылы Медиа сауаттылық қауымдастығы Онтариода медиа-білім берудің келешектегі дамуын талқылау үшін think tank,

яғни ғылыми орталығын қалыптастырған болатын. Бұл орталықтың қызметі барысында 1990 және 1992 жылдары Канаданың Гвельфа Университетінде халықаралық медиа-білім беру конференциялары ұйымдастырылды. Медиа сауаттылық орталығы қызметкерлерінің медиа- білім беру жөніндегі маманы Фрэнсис Дэвис айтуынша, белсенді қызметі нәтижесінде Онтариодағы Медиа сауаттылық қауымдастығы медиа-білім беру саласында әлемдік көшбасшы ретінде танылған болатын.

Жалпыға ортақ тұжырымдама жасауға тырысқанымен, медиа сауаттылық ұлттық деңгейдегі мектептерде жүргізілген реформаларға өте аз әсер еткен болатын. Медиа сауаттылықты Ағылшын тілі мұғалімдерінің ұлттық кеңесі сияқты тәрбие-ісі жөніндегі бірлестіктері қолдау көрсеткенімен, көптеген кәсіби білім беру мекемелері тарапынан қолдау таппады. Медиа сауаттылыққа берген анықтамасын ұсыну қажеттілігі туындап отыр:

АҚШ-тың білім беру жөніндегі комиссары Эрнест Л. Бойердің пайымдауынша, бүгінгі қоғамда заманауи адамның оқып жазып білуі жеткілікті еме, жастардың визуалды бейнелерді түсіне білу үшін де сауаттық қажет. Бұл сауаттылық жастарымызға стереотипті анықтау, әлеуметтік клишелерді оқшаулау, фактілер мен маңызды жаңалықтарды пропагандалардан ажырата білу қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді [3].

Бұл анализдер білім беру жүйесінің негізгі қажеттіліктерін көрсетіп отыр. 21 ғасырдың қоғамында адамдардың арасындағы қарым-қатынас және ақпарат алмасу түрі айтарлықтай өзгерген. Мысалы, өткен ғасырдағы әдебиет пен баспа негізделген дәстүрлі оқыту түрі бұдан былай қарым-қатынас және ақпарат алмасудың ескі түрі екендігін және бүгінгі қоғамның сұранысына толық жауап бере алмайтындығын көрсетіп отыр. Нақтырақ айтқанда, ақпарат алмасу өте жылдам және мобильді болған қоғамда медиа сауаттылық мәселесі білім беру бағдарламасына енгізілу қажет екендігі туындап отыр.

Аталмыш ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша күннен күнге өрісі кеңейіп келе жатқан жаңа медиа контексінде медиасауттылықты қалыптастыру, бұл сауаттылықты жаңа медианың мазмұнына бейімдеу және медиа саласындағы оқу бағдарламаларын әртүрлі деңгейдегі білім беру жүйесіне енгізу қажеттілігі туындауда.

Аталмыш қажеттіліктерді ескере отырып, алғашқы рет Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінің жаңа 2019 жылдың білім бағдарламаларына «Медиасауттылық» пәні міндетті және элективті болып енгізілді. Бұл оқу бағдарламасының нәтижесінде білім алған студенттердің медиа және жаңа медиа туралы ғылыми түсінік және сауаттылық қалыптастыра отырып, медиа кеңістігінде өндіріліп және тартылып жатқан түрлі жағымсыз ақпарттарға қарсы белгілі бір иммунитет қалыптастыру күтілуде. Сонымен қатар, бұл медиасауттылық дәрісін шетелдердегі тәжірибе сияқты жалпы оқу бағдарламасының үздіксіз білім беру жүйесіне енгізілу керек.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б.

2. Adams, D., & Hamm, M. (2000). Media literacy: Learning in an electronic age. In Issues, ideas and teaching strategies. Springfield, IL: Charles C. Thomas.

3. Nkana, Sam, "Media Literacy Education : a Case Study of the New Mexico Media Literacy Project" (2010). Dissertations. 229

ЖАСТАР ӘЛЕМІНДЕГІ МЕДИА-КОНТЕНТ Қуандық Жанайым Сүйіндікқызы

kuandykovazhs@gmail.com Жұмагелді Индира Қуанқызы

indira_19.06@mail.ru