147 11.2 Баяндама
Баяндама – белгілі бір тақырыпқа ауызша хабарлама жазу. Ол семинар сабағында, ғылыми конференцияда т.б. оқуға арналған еңбек түрі. Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым пәні бойынша студенттердің баяндамалары студенттің өзіндік жұмысы ретінде қабылданады. Ғылыми конференцияда баяндамамен (хабарламамен) сөз сөйлеу курстық жұмыс үшін есепке алынуы мүмкін. Баяндама мәтіні реферат сияқты немесе презентация түрінде ресімделеді және оқытушыға белгіленген мерзімде тапсырылады.
Баяндаманы дайындау кезінде сөз сөйлеуге берілген уақытты ескеру қажет.
Сондықтан баяндаманы таныстырмас бұрын, алдын ала мұқият дауыстап оқып, асықпай алдын ала дайындалу керек. Егер белгіленген уақытта баяндаманы оқып үлгермесеңіз, онда баяндаманы қысқартып, қажет деп таныған бөлімдері мен қорытындыны оқып таныстыру керек. Баяндамалар, әдетте, үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Бірінші бөлімде тақырыптың өзектілігі, теориялық және практикалық құндылығы негізделеді, екінші бөлімде негізгі ғылыми ережелер, үшінші бөлімде қорытындылар мен ұсыныстар жазылады.
148
шығармашылық зерттеу жұмысы. Оны орындау нәтижесінде студент өзінің біліктілігін арттырады. Атап айтқанда:
- тақырып бойынша негізгі теориялық ережелер мен ғылыми мәселелерді біледі;
- күрделі технологиялық үрдістерді ғылыми талдау әдістерін меңгеру деңгейін көрсетеді;
- теориялық талдау және практикалық қорытынды жасау біліктілігін көтереді;
- практикалық тәжірибені оң немесе терістігін саралай алады;
- зерттеу тақырыбы бойынша негізделген ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдай алады.
Дипломдық жобаны орындау келесі кезеңдерден өтеді:
- тақырыпты таңдау;
- әдебиеттерді іздестіру және оқу;
- жоспар құру;
- зерттеу әдістерін анықтау;
- кәсіпорындағы технологиялық үрдістерді зерттеу;
- мәтінмен жұмыс істеу және безендіру жұмыстары.
Бұдан әрі қорғауға дайындық және жұмысты қорғау жүреді. Өз құрылымы бойынша дипломдық жоба келесі элементтерден тұрады:
- мұқаба (сыртқы беті);
- титулдық парағы;
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар (қажет болған жағдайда).
Инженердің бітіру біліктілік жұмысы графиктер, кестелер, сызбалар, плакаттар, сұлбалар және жұмыстың мазмұнын бейнелейтін басқа да материалдармен қоса берілген мәтін түрінде ресімделеді. Бітіру біліктілік жұмысының оңтайлы көлемі 3,5-5 баспа парағы (компьютермен басылған 60- 80 бет, арасы 1 интервалмен басылған). Дайын дипломдық жобаға оның орындаушысы қол қояды және жоспар-кестемен белгіленген мерзімде ғылыми жетекшіге тапсырылады. Оны оқығаннан кейін жетекшісі оған жазбаша түрде пікір береді. Пікірде дипломдық жобаның оң және теріс жақтары көрсетіледі.
Содан кейін дипломдық жоба ғылыми жетекшінің пікірімен бірге кафедра меңгерушісіне беріледі, ол студенттің қорғауға жіберілуі туралы мәселені шешеді, титулдық параққа өз қолдарын қояды.
Дипломдық жоба мынадай жағдайларда:
- жұмыс плагиат болған жағдайда;
- жұмысты жазу барысында басқа да арнайы әдебиетті пайдаланбай, бір монография немесе бір оқу құралы негізінде ғана орындалғанда;
149
- жұмыстың барысында техникалық тәжірибе материалдары жоқ немесе тәжірибелік материал оқулықтан, оқу құралынан, монографиядан немесе ғылыми мақаладан алынғанда;
- жұмыстың мазмұны тақырыпқа сәйкес келмеген кезде немесе тақырып толық ашылмағанда;
- жұмыста көптеген қателер, грамматикалық қателер, дереккөздерге сілтемелер және пайдаланылған әдебиеттер тізімі дұрыс ресімделмеген жағдайда қорғауға жіберілмейді.
Кафедрада қорғауға ұсынылған дипломдық жоба рецензиялауға жіберіледі. Рецензенттер ретінде басқа ЖОО кафедраларының профессорлары мен оқытушылары, ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлері, халық шаруашылығы мен әртүрлі ұйымдардың жоғары білікті мамандары болуы мүмкін. Дипломдық жобаны ғылыми жетекші жұмыс істейтін кафедра мүшесіне рецензиялауға бермейді. Себебі қызметтік қарым-қатынастардың әсері дипломдық жобаның бағасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Рецензент дипломдық жобаға жазбаша сын-пікір жазады. Сын-пікірде дипломдық жобаның келесідей көрсеткіштері бойынша оң және теріс жақтары көрсетіледі:
- өзектілігі;
- жаңалығы;
- жүргізілген зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы;
- жұмыс жоспарын құрудың дұрыстығы;
- тақырып мәселелерін толық баяндау, әдебиеттік және практикалық материалды пайдалану;
- тақырыпты ашудағы автордың үлестік дәрежесі;
- қорытындылардың негізділігі;
- пікірлердің қисындылығы;
- зерттеу тақырыбы бойынша ұсыныстардың болуы;
- алынған нәтижелердің практикалық маңыздылығы, оларды өндіріске немесе оқу үдерісіне енгізу мүмкіндігі;
- жұмысты ресімдеудің белгіленген ережелерге сәйкестігі;
- дәлсіздіктер, қателер, даулы жағдайлар, жұмыстың мазмұны және оны ресімдеу бойынша ескертулер жасау (олар қамтылған беттерді көрсету керек);
- жұмыстың қойылатын талаптарға сәйкестігі;
- жұмысты қорғауға жіберу туралы қорытынды.
Дипломдық жобаны қорғаушы студент өзінің жетекшісінің пікірімен және рецензенттің сын-пікірімен алдын ала толық танысады. Дипломдық жобаларды қорғауға дипломдық жобаны белгіленген мерзімде ұсынған, жұмысына оң пікірі мен сын-пікірі бар, алдыңғы аттестациялық сынақтардан сәтті өткен студенттер жіберіледі. Жетекшінің немесе рецензенттің теріс пікірі болған жағдайда студентті қорғауға жіберу туралы шешімді бітіруші кафедраның ұсынысы бойынша деканат қабылдайды. Дипломдық жобаны қорғауға дайындала отырып, баяндама (презентация) мәтінін дайындаған
150
жөн. Онда жүргізілген зерттеудің өзектілігін, теориялық және практикалық маңыздылығын негіздеу, оның мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау, оларды шешу әдістерін көрсету, негізгі ережелерді, қорытындылар мен алынған нәтижелерді қысқаша баяндау, жаңа деректерді және өндіріс технологиясын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды және практикалық ұсыныстарды ерекше бөліп көрсету қажет. Төмендегі баяндама жоспарын пайдалану ұсынылады:
- дипломдық жобаның атауы;
- жұмыстың мақсаты;
- жұмыстың негізгі алғышарттары (қандай да бастапқы деректер, ақпарат көздері, табылған патенттер, кәсіпорынның регламенті және т.б.);
- осы жобаға ерекше еңбек қорғау және экология мәселелері;
- қорытынды.
Тапсырмалар
1-тапсырма. Дипломдық жобаның қорытындысында көрсетілуі керек негізгі ойларды тізімдеңіз.
2-тапсырма. Өз тарапыңыздан баяндама жасайтын студентке қандай кеңестер берер едіңіз.
3-тапсырма. Дипломдық жобаны қорғау алдындағы сөзіңіз ретінде 3-4 бет көлемінде баяндама дайындаңыз.
4-тапсырма. Дипломдық жоба тақырыбының бір тарауы бойынша 15-20 бет көлемінде реферат әзірлеңіз.
5-тапсырма. https://www.youtube.com/watch?v=NrdGuKexun8 сілтемесі бойынша Гүлшат Түсіпованың «Диссертацияның әдебиетке шолу бөлімін жазу» тақырыбындағы вебинарын тыңдап, талқылаңыздар.
Бақылау сұрақтары:
1. Ғылыми жарияланым бойынша реферат жазудың басты ережелерін атаңыз.
2. Реферат, баяндама, дипломдық жоба жазудың мақсаттарын атаңыз.
Айырмашылықтарын түсіндіріңіз.
3. Рефераттың қандай түрлері бар?
4. Курстық жұмыс пен дипломдық жобаның ұқсастықтары мен өзіндік ерекшеліктерін атаңыз.
5. Дипломдық жоба қандай жағдайларда қорғауға жіберілмейді?
151 Біліміңізді тексеріңіз!
1. Қандай да бір бағытта жазылған дереккөздерге шолу жасай отырып, белгілі бір тақырыпқа арналған шағын жазбаша жұмыс қалай аталатынын белгілеңіз.
а) реферат
b) дипломдық жоба с) монография
d) магистрлік диссертация е) курстық жұмыс
2. Рефераттың түрлерін көрсетіңіз.
а) жақты, жақсыз
b) қайтарымды, қайтарымсыз с) өнімді, өнімсіз
d) тура, жанама е) келісу, келіспеу
3. Өнімсіз реферат нешеге бөлінеді?
а) 6 b) 3 с) 4 d) 5 е) 2
4. Өнімді рефераттың түрлері қандай?
а) реферат-баяндама, реферат-шолу b) реферат-конспект, реферат-түйіндеме с) реферат-тезис, реферат-аңдатпа
d) реферат мазмұны, реферат мақсаты е) реферат құрылымы, реферат стилі
5. Өзекті тақырыптарда немесе тәжірибелік зерттеу жұмыстарының нәтижесі болып табылатын бітіру біліктілік жұмысы.
а) монография b) дипломдық жоба с) курстық жұмыс d) ғылыми баяндама е) ғылыми мақала
6. Өнімсіз рефераттың түрлері қандай?
а) реферат-конспект, реферат-түйіндеме b) реферат-баяндама, реферат-шолу
152 с) реферат-тезис, реферат-аңдатпа d) реферат мазмұны, реферат мақсаты е) реферат құрылымы, реферат стилі
7. Белгілі бір тақырыпқа ауызша хабарлама жазу қалай аталады?
а) курстық жұмыс b) реферат
с) дипломдық жоба
d) магистрлік диссертация е) баяндама
8. Баяндаманың бірінші бөлімінде не жазылатындығын анықтаңыз.
а) тақырыптың өзектілігі, теориялық және практикалық құндылығы b) негізгі ғылыми ережелер
с) қорытындылар мен ұсыныстар d) бастан кешкен қызықты оқиға
е) арманыңыз мен мақсатыңыздың жүзеге асуы үшін жасалған әрекет 9. Баяндаманың екінші бөлімінде не жазылатындығын анықтаңыз.
а) арманыңыз мен мақсатыңыздың жүзеге асуы үшін жасалған әрекет b) тақырыптың өзектілігі, теориялық және практикалық құндылығы с) қорытындылар мен ұсыныстар
d) негізгі ғылыми ережелер е) бастан кешкен қызықты оқиға
10. Баяндаманың үшінші бөлімінде не жазылатындығын анықтаңыз.
а) қорытындылар мен ұсыныстар
b) тақырыптың өзектілігі, теориялық және практикалық құндылығы с) негізгі ғылыми ережелер
d) бастан кешкен қызықты оқиға
е) арманыңыз мен мақсатыңыздың жүзеге асуы үшін жасалған әрекет 12 Сілтеме және оның түрлері