• Tidak ada hasil yang ditemukan

68 - тәжірибені өткізу реті;

- факторлардың өзгеру ретін анықтау;

- факторлардың өзгеру жүрісін, болашақ тәжірибелік нүктелер арасындағы интервалды анықтау;

- өлшеу құралдарын негіздеу;

- тәжірибенің жүргізілуін сипаттау;

- тәжірибе нәтижелерін таңдау және өңдеу тәсілдерін негіздеу.

Тәжірибенің жоспар бағдарламасын жасау кезінде әрқашанда оны жеңілдетуге ұмтылу керек. Оған алдын ала талдау және бір параметрді әртүрлі техникалық құралдармен өлшеу нәтижелерін, сонымен қатар алынған нәтижелерді өңдеу әдісін салыстыру арқылы қол жеткізуге болады.

6.3 Озық ғылыми тәжірибе

69 талаптарымен ұштасады.

Бірінші белгісі қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озық студенттер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, ғылыми үдерісті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.

Озық тәжірибенің екінші белгісі – ғылыми қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Ғылыми «өнім» – студенттердің білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.

Оқытушы сабақтарын дұрыс бағалап, студенттердің білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:

- студенттердің бағдарламадағы оқыту материалын меңгеруі;

- өз беттерімен білім ала білуі;

- білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде колдануы;

- студенттердің жалпы дамуы.

Білім сапасы студенттердің байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді.

Студенттердің тәртібі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс- тұрысынан байқалады.

Озық тәжірибенің үшінші белгісі – оқу, тәрбие тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін оқытушылар мен студенттердің өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Студенттерге шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озық тәжірибе деп есептелмейді.

Жаңалық – озат ғылыми тәжірибенің төртінші белгісі. Ғылыми озық тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады.

Сондықтан әрбір оқытушы еліміздегі жаңашыл оқытушылардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтер мен психологтердің ғылыми еңбектерін терең зерттеп, өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.

Студент озық ғылыми идеяларды және жаңашыл ғылыми тәжірибесін игеру үшін оларды өзінің ғылыми жүйесінің құрамдас бөлігі етеді, жетілдіріп дамытады. Оларға өзінің шығармашылық ойының элементін енгізеді. Озық идеяларды және ғылыми тәжірибені енгізу мен таратудың түсінікті формалары ауызша және баспасөз арқылы насихатталады.

Тәжірибенің математикалық теориясын қолдану белгілі бір түрде жоспарлау кезінде-ақ тәжірибелік зерттеу көлемін жақсартуға және олардың дәлдігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Тәжірибені дайындаудың негізгі сатысы оның мақсатымен есебін анықтау болып табылады. Нақты бір тәжірибе үшін есеп көлемі өте көп болмауы қажет (3-4 немесе максимал 8-10).

Сонымен қатар аппарат және машина, басқа да қондырғылар жинағын негіздеу қажет. Осыған байланысты экспериментатор елде шығарылатын өлшеуіш аппаратурасымен жақсы таныс болуы керек (жыл сайын шығатын

70

каталогтер көмегімен). Басқа жағдайларда қондырғы, стенд, тақырыпты өрістету үшін машиналар, құралдарды құру қажеттілігі туады. Бұл кезде құралдарды және басқа да құрал-жабдықтарды құрастыру мен өндіру теориялық есеппен және практикалық пайымдаумен мұқият негізделуі қажет.

Өлшеу әдістері өлшеудің әдіс тәсілдерін зерттейтін метрология арнайы ғылымының заңдарына негізделуі керек. Бір үрдісті тәжірибелік зерттеу кезінде құралдағы қайталанатын есептер, ереже бойынша бірдей болмайды.

Ауытқулар әртүрлі себептермен түсіндіріледі, зерттелетін дене қасиетінің біртексіздігі (материал, құрылысы және т.б.), құралдардың және оның кластарының дәлдігінің жетілмегендігі, экспериментатордың субъективті ерекшеліктері және т.б. Тәжірибеге әсер ететін кездейсоқ факторлар көп болған сайын, өлшеу кезінде алынатын сандардың айырмашылығы көп, яғни жеке өлшемдердің орташа мәнінен ауытқуы көп болады. Бұл қайта өлшеуді қажет етеді, сәйкесінше олардың минимал мөлшерін білу керек. Өлшеудің қажетті минимал мөлшері ретінде берілген тәжірибеде дәлдіктің берілген деңгейін қанағаттандыратын, өлшенетін шаманың орнықты орташа мәнін қамтамасыз ететін өлшем мөлшері алынады.

Тапсырмалар

1-тапсырма. Зерттеудің теориялық маңыздылығын қандай өлшемдер арқылы анықтайды? Жауабыңызды негіздеңіз.

2-тапсырма. Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығын қандай өлшемдер арқылы анықтайды? Жауабыңызды негіздеңіз.

3-тапсырма. Зерттеу процесінің деңгейлері мен негізгі кезеңдерін көрсетіңіз.

4-тапсырма. Ғылыми зерттеу әдістерін сипаттаңыз.

5-тапсырма. https://www.youtube.com/watch?v=mHQTnijw4iI сілтемесі бойынша Гүлшат Түсіпованың «Теориялық негіздеме бөлімін жазу»

тақырыбындағы вебинарын тыңдап, талқылаңыздар.

Бақылау сұрақтары:

1. Теориялық зерттеудің мақсаты мен міндеттері қандай?

2. Тәжірибелік зерттеу дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

3. Өлшеудің қандай әдістері бар?

4. Зертханалық тәжірибе қалай жүзеге асады?

71

5. Күрделі және қарапайым тәжірибенің айырмашылығы неде?

6. Ғылыми-техникалық мәтіндермен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы не білесіз?

Біліміңізді тексеріңіз!

1. Теориялық зерттеулер жұмыс гипотезасы мен зерттеу нысаны неден басталады және немен аяқталады?

а) үлгілеуден, теорияны қалыптастырумен

b) зерттеу нәтижелерінен, нәтижелерді қалыптастырумен

с) математикалық есептерді шешуден, аналитикалық әдістерді қолданумен

d) қазіргі ғылыми зерттеудің негізгі әдісінен, оны қорытындылаумен е) әртүрлі құралдарды қолданудан, оның жобасын зерттеумен

2. Эксперимент дегеніміз не?

а) қарапайым объектілерді зерттеу b) әртүрлі құрал-жабдықтарды қолдану

с) ғылыми зерттеулердің маңызды құрамдас бөлігі

d) әртүрлі энергияның зерттелетін объектіге әсерін зерттеу е) зерттелетін объектінің моделімен жұмыс жасау

3. Зертханалық жағдайда әртүрлі құралдарды, арнайы модельді қондырғыларды, стенд және жабдықтарды қолдану арқылы жүргізілетін эксперимент қалай аталады?

а) зертханалық b) жаратылысты с) қарапайым d) күрделі е) заттық

4. Табиғи жағдайларда нақты объектілерге орындалатын эксперимент қалай аталады?

а) күрделі b) қарапайым с) заттық

d) жаратылысты е) зертханалық

5. Әртүрлі энергияның зерттелетін объектіге әсерін зерттеу үшін қолданатын эксперимент қалай аталады?

а) энергетикалық b) қалыпты

72 с) модельді

d) бірфакторлы е) көпфакторлы

6. Технологиялық үрдіс элементтерін немесе толық үрдісті (өнім, жабдық, жұмысшылардың қызметі, т.б.) зерттеуге бағытталған эксперимент қалай аталады?

а) әлеуметтік b) технологиялық с) заттық

d) бірфакторлы е) көпфакторлы

7. Арнайы шығарылатын сигналды таңдаумен байланысты және зерттелетін жүйенің шығыны мен кірісін бақылайтын эксперимент қалай аталады?

а) активті b) пассивті с) заттық d) күрделі е) зертханалық

8. Озық тәжірибенің бірінші белгісі а) жаңалық

b) ғылыми қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері

с) тұрақты, жақсы нәтижеге жету үшін құралдарды орнымен жұмсауы d) көкейтестілігі, оның ғылым үшін және тәжірибе үшін құндылығы е) қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі 9. Озық тәжірибенің екінші белгісі

а) ғылыми қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері

b) тұрақты, жақсы нәтижеге жету үшін құралдарды орнымен жұмсауы с) қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі

d) жаңалық

е) көкейтестілігі, оның ғылым үшін және тәжірибе үшін құндылығы 10. Озық тәжірибенің үшінші белгісі

а) қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі b) ғылыми қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері

с) тұрақты, жақсы нәтижеге жету үшін құралдарды орнымен жұмсауы d) көкейтестілігі, оның ғылым үшін және тәжірибе үшін құндылығы е) жаңалық

73 7 Эссе және оның түрлері