• Tidak ada hasil yang ditemukan

10.2 Ғылыми мақала

10.2.1 Ғылыми мақаланың құрылымы

Ғылыми мақаланың құрылымы мынадай бөліктерден тұрады:

- тақырыбы;

- аңдатпа;

- тірек сөздер;

- кіріспе;

- әдебиеттерге шолу;

- негізгі бөлім (әдіснамасы, нәтижелері);

- тұжырымдар мен зерттеулерден күтілетін нәтижелер;

- қорытынды.

Тақырыбы – негізгі мәтіннің құрылымдық бөлігін (бөлім, тарау, параграф, тармақ, тармақша т.б.) таңбалау.

Мақаланың тақырыбына қойылатын негізгі талап – қысқалық және анықтық. Тақырып мағыналы, мәнерлі, мақала мазмұнын ашатын болуы керек. Мақала жазғандағыдай, тақырып қоюда да ғылыми стильді қатаң

126

ұстану қажет. Тақырыпта мақаланың мәнін ашатын кейбір тірек сөздер болуы керек.

Ғылыми мақала белгілі бір ғылыми журналдардың жекелеген нөмірлерінде немесе жинақтарда жарияланатын, қойылған талаптарға сәйкес ресімделген, аяқталған авторлық жұмыс болып табылады. Ғылыми мақаланың көлемі, әдетте, 0,3-1 баспа табақты (5-16 бетті) құрайды.

Мақаланың қолжазбасында жұмыстың толық атауы (тақырыбы), автордың аты-жөні, аңдатпасы, пайдаланылған әдебиеттер тізімі болуы керек.

Ғылыми мақаланың мынадай қарапайым құрылымы болады:

- кіріспе (ғылыми мәселенің қойылуы, өзектілігі, маңыздылығы, ғылымның белгілі бір саласының дамуы үшін қосатын үлесі).

- автордың соңғы уақыттағы мәселе бойынша сүйенетін негізгі зерттеулері, мақала арналып отырған шешілмеген мәселелерді бөліп көрсету;

- мақаланың мақсаты мен міндеттерінің қойылуы. Мақала мақсаты тақырып бойынша негізгі жарияланымдарға шолу жасап, ғылыми мәселенің қойылысынан келіп шығады;

- жеке зерттеу мазмұнын баяндау мақаланың негізгі бөлігі болып табылады. Онда ғылыми зерттеудің негізгі ережелері мен нәтижелері, жеке идеялары, пікірлері, ғылыми деректер, эксперимент бағдарламасы, алынған нәтижелерді талдау, негізгі тұжырымдарды жүзеге асыруға автордың қосқан үлесі т.б. баяндалады;

- автордың негізгі пайымдауы сипатталатын қорытынды, тұжырымдар мен ұсынымдардың берілуі, олардың теория мен практика үшін маңызы, қоғамдық маңызы мен болашағы.

Ғылыми мақала жазу кезінде белгілі бір ережелерді ұстанамыз:

- мақаланың тақырыбы, оның негізгі ойы мен идеясын айқындап тұруы керек;

- тақырыптан кейін автордың аты-жөні жазылады, қажет болғанда автор туралы басқа да мәліметтер беріледі. Мысалы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс орны, е-mаіl;

- инициалдар автор тегінің алдына қойылады;

- ғылыми есеп беру стилінен аулақ болған жөн;

- риторикалық сұрақтарды қоймаған дұрыс, негізінен хабарлы сөйлемді қолданған абзал;

- ережелер мен пікірлерді санамалаған кезде сандармен мәтінді толтырмау қажет;

- белгілі ғалымдардың пікірлеріне сілтемелер мақаланың басында беріліп, негізгі көлем автордың жеке ой-пікіріне арналғаны дұрыс;

- мақала нақты тұжырымдармен және ұсынымдармен аяқталуы керек, мақала соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.

Мақала жазу барысында ойыңызды анық көрсетіп, мақаланың логикалық құрылымын анағұрлым көрнекі қылу үшін төмендегідей түрлі қыстырма сөздер мен фразаларды қолдануға болады:

127 Біріншіден, ... ... ... .

Екіншіден, ... ... ... . Үшіншіден, ... ... ... . Ең алдымен, ... ... ... . Сонымен бірге ... ... ... . Сондай-ақ ... ... ... . Бұдан әрі ... ... ... .

Жоғарыда айтылғандарды ескере келе, ... ... ... . ... ... ... сәйкес

Осылайша ... ... ... . Осы ретте ... ... ... . Осыған сәйкес ... ... ... . Дегенмен ... ... ... . Алайда ... ... ... .

Бір жағынан ... ... ... . Жалпы алғанда ... ... ... . Сондықтан ... ... ... . Қорыта келе, ... ... ... .

Ойымызды (сөзімізді) қорытындылай келе, ... ... ... .

Ғылыми мақаланы жазу үлгісі ретінде Д.Қамбаров пен Г.Қашағанованың «АЭжБУ Хабаршысы» журналында 2020 жылдың №4(51) санында жарияланған «Өнеркәсіптік жүйелердегі компьютерлік шабуыл мәселелерін зерттеу» тақырыбындағы мақаласы берілді.

128

129

130

131

132

133

134

135

136 10.3 Тірек сөздер

Тірек (түйін) сөздер дегеніміз – мәтіннің өн бойында кездесетін және басқа түйін сөздермен бірлесе отырып, мәтінді баяндауға ықпал ететін маңызды сөздер. Тірек сөздер негізінен ақпаратты іздестіруге қызмет етеді.

Тірек сөздер жиынтығы аңдатпаға өте жақын. Мысалы, өнеркәсіптік жүйелердегі компьютерлік шабуыл мәселелерін зерттеуге арналған мақалада кибертұрақтылық қағидасы, инвариант қағидасы, өзін-өзі реттеу қағидасы, желілік трафик, мультифракталдық талдау сияқты тірек сөздер пайдаланылса, академиялық оқылым және академиялық жазылым мәселелеріне арналған ғылыми мақалада академиялық сауаттылық, академиялық оқылым, академиялық жазылым, ғылыми мәтін, ғылыми стиль, дағды сияқты тірек сөздер қолданылады.

Осылайша, тірек сөздер мақаланы сипаттауға мүмкіндік беретін қосымша техникалық мәліметтерден тұрады.

Тірек сөздер қандай мақсатта қолданылады?

Тірек сөздер мақалаларды жүйелеу үшін қолданылады. Олар мақаланы тез табуға, ұқсас мақалаларды топтастыруға, жіктеуге көмектеседі.

Тірек сөздер мақаламен танысқан кезде уақыт үнемдеуге де мүмкіндік береді. Олар журналдың белгілі бір айдарында берілген мақаланың тақырыптық бағытын аша алады. Мысалы, «ЖЭС гидрокүл шығару жүйесінде өтетін процестерді зерттеу» тақырыбындағы мақалада әртүрлі тірек сөздердің жиынтығы болуы мүмкін: гидрокүл, гидрокүл шығару жүйесі, физика- химиялық процестер. Бұл мақалада гидрокүл шығару жүйесінде өтетін процестердің классикалық әдісі қарастырылғанын түсінеміз. Осындай тақырыптағы басқа мақалада көмір, күл, қож, пульпа, ГКШ жүйесі, скруббер, сілтілік реагент сияқты тірек сөздер болуы мүмкін. Осы мәселемен айналысушы зерттеуші үшін автордың қазіргі заманғы зерттеу әдістерін қолданғандығын түсіну қиындық тудырмайды.

Мақалада тірек сөздердің қолданылуы оқырманға тақырыбы ұқсас мақалалардың бір-бірінен айырмашылығын түсінуге мүмкіндік береді.

Осылайша, тірек сөздер мақаланың маңызды атрибуты болып табылады, оларды оқырманға түсінікті болуы үшін мақаланың басында аңдатпадан кейін беріледі.

Тірек сөздер жиынтығын қалай дұрыс құру керек?

Тірек сөздер мақаланың барлық терминологиялық қорын қамтуы керек.

Яғни тірек сөздер мақала атауынан, мақала аңдатпасынан, мақала мәтінінің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден терминдер алынады.

Тым көп тірек сөздер пайдаланудан қорықпаңыз. 3-4 сөз мақаланың сипатын көрсетуге жеткіліксіз болады. Дұрысы – мәтіннің көлеміне байланысты 10-15 сөз қолдану. Әрбір қосымша тірек сөз оқырманның мақаланы оқуға деген қызығушылығын тудыруы мүмкін. Негізгі терминдермен қоса күрделі терминдерді де қолданыңыз. Мысалы, электр шығынын оңтайландыруға қатысты мақалада энергия шығыны, оңтайландыру

137

алгоритмі сөздерімен бірге электр энергия шығыны, таратушы электр желілері, энергия шығынын оңтайландырудың эвристикалық алгоритмдері сияқты күрделі терминдерді қолдануға болады, алайда тым күрделі сөздерді қолданбаған жөн. Кейде үш сөзден артық күрделі сөзді бірнеше тірек сөзге бөлуге болады. Мысалы, күн қондырғылары мен түрлі қуаттылықтағы конденсатор банктері дегеннің орнына күн қондырғылары, түрлі қуаттылықтағы конденсатор банктері деп берген дұрыс.

Әрбір тірек сөз – бұл дербес элемент. Тірек сөздерді энергия шығыны және оны оңтайландырудың эвристикалық алгоритмдері деп қолданған дұрыс емес, оның орнына энергия шығыны, шығынды оңтайландырудың эвристикалық алгоритмдері немесе энергия шығынын оңтайландырудың эвристикалық алгоритмдері деген жөн.

Ғылыми мақалаларда тірек сөздер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі.