• Tidak ada hasil yang ditemukan

Басылымдарды дайындау кезінде этикалық мәселелермен шектесетін сұрақтар туындайды, олар:

- жарияланымның авторлығын анықтау;

- жариялау орнын таңдау;

- зерттелетін мәселе бойынша барлық ғылыми фактілер мен ұсынымдарды жариялаудың толықтығы;

- жұмысты қаржыландыруды жүзеге асырған әріптестер мен ұйымдарға алғыс білдіру;

- зерттеу міндеттері мен нақты материалдарға талдау және интерпретациялау әдістерінің барабарлығы;

- мәтіндік және иллюстрациялық деректерді ұсыну стилі мен нысаны,

33 олардың жеткіліктілігі;

- жарияланымның көмекші аппаратын ресімдеудің дұрыстығы мен толықтығы.

Жарияланымдарға авторлық ету. Ғылыми этикада «құрметті»

авторлыққа және авторлар тізімін қалыптастыру кезінде жарияланымды жасауға қосқан нақты үлесінен басқа, олардың қандай да бір басқа дәлелдерін назарға алуға жол берілмейді. Этикалық нормаларға сәйкес авторлар тізімінде бірінші орынды, әдетте, жарияланымның нағыз көшбасшысы идея авторы немесе жұмыстың көп бөлігін орындаған қызметкер алады. Бұдан әрі авторлардың тізімі жарияланымға қосқан үлесінің азаю тәртібімен жүргізіле береді. Әдетте, соңғы болып осы ғылыми жұмысқа жетекшілік еткен және зерттеулер жүргізу үшін «қаражат көзін» тапқан топ жетекшісінің аты-жөні тұрады. Авторлардың аты-жөні алфавиттік ретпен орналастыру дұрыс емес, өйткені бұл осы жұмысқа өз үлестерін қосқан бірлескен авторлардың әрқайсысының үлесін дұрыс бағаламау болып табылады. Авторлардың кезектілігін анықтауда әрбір автордың үлесі мен жауапкершілігі аясын (идея, бастапқы деректер, математикалық өңдеу, қолжазбаны дайындау және т.б.) ескерген абзал. Авторлардың мұндай үлесі мақаланың әр бөлімінде (кіріспе мәтінінде, зерттеу материалдары мен әдістерін сипаттайтын бөлімдерде) болуы мүмкін. Барлық тең құқылы авторлар міндетті түрде мақаланың жариялануына өз келісімдерін беруі тиіс. Мысалы, журнал редакциясына жіберілетін мақаланың соңғы бетіне барлық авторлар қол қоюы керек.

Мақаланы жариялау орнын таңдау. Егер ірі ғылыми жаңалық жасалса, жариялау орнын таңдау мәселесі ерекше маңызды болып табылады. Егер ғылыми нәтижелер осындай мәселелер бойынша жұмыс жасайтын мамандарға қолжетімді көздерде немесе журналдарда жарияланса, онда бұл жақсы нәтиже береді. Ал, егер мұндай маңызды жаңалық туралы жарияланымның сипаттамасы конференция материалдарының 100 данадан ғана тұратын жинағында таралса, онда бұл мәліметтің таралуына кері әсерін тигізеді. Егер ғылымға елеулі үлес қосуына үміткер нәтижелерді сол бағыттағы емес басылымдарда жарияласа, онда болашақта оның басымдылығын дәлелдеуде мәселелер тууы мүмкін. Беделді басылымдардың редакциялары қолжазба (мақала) басылымның бағытына және деңгейіне сәйкес келетінін мұқият тексереді.

Барлық фактілер мен ұсынымдарға толық жауап беру. Мақаланың авторлары ұсынылған нәтижелердің ғылыми растығы үшін толық жауап береді. Рецензияланған (сын-пікір берілген) мақалалар үшін жауапкершіліктің жартысы сол сын-пікірді берген рецензентке түседі, бірақ авторлардың жауапкершілігі мұнымен азайып қалмайды. Сұрақтың нәтижелерін растайтын кез келген деректерді жарияланымның авторлары беруі тиіс. Бұл авторлардың жеке мәліметтеріне де, басқа зерттеушілердің нақты мәліметтері мен қорытындыларына да қатысты. Сондықтан жұмысты жазу кезінде әдебиеттермен егжей-тегжейлі және терең танысу қажет.

34

Жарыққа шығарылатын барлық фактілер мен нәтижелерге толық жауап беруде кездесетін қателіктерді болдырмау үшін:

- мақаланы жазар алдында осы зерттеу мәселесі бойынша ақпараттың барынша кең ауқымын мұқият талдау;

- мәселені зерделеу кезінде дереккөздердің дұрыстығын бағалау, нәтижелердің шынайылық және нақты негізділік деңгейін, әдістемелік және интерпретациялық қателердің болуын анықтау;

- өз деректерін іріктеу, талдау және түсіндіру кезінде «сәтсіз»

эксперименттердің нәтижелерін мұқият талдау;

- мақаланы жазу кезінде, мәселені тұжырымдау және нәтижелерді талқылау кезінде осы мақаланың нәтижелеріне қайшы келетін нәтижелері мен қорытындылары бар әдеби деректерді керексіз тастамау да қажет.

Алғыс. Ғылыми жұмыстың орындалуы мен мақаланың шығуына еңбек сіңірген авторлардың тізімі әрдайым титулдық беттегі тізіммен шектеліп қала бермейді. Әдетте, авторлардың тізіміне қосылмаған, бірақ алғыс білдіру керек тұлғалар қатарына кеңес берген, жарияланбаған мәліметтер берген, зерттеулер жүргізу кезінде техникалық жұмыстарды орындаған, ғылыми жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз еткен, қолжазбаларды оқу кезінде сыни ескертулер айтқан және т.б. адамдар жатады. Сонымен қатар қандай да бір қор немесе ұйым зерттеу жұмыстарын қаржылық қолдауға көмек берсе, онда оларға алғыс білдіру сілтеме түрінде келтірілуі мүмкін.

Тапсырмалар

1-тапсырма. Мына амалдардың қайсысы плагиат, қайсысы плагиат емес екендігін дәлелдеңіз.

Амалдар Плагиат Плагиат

емес 1 Біреудің ойын қолданған кезде сілтеме бермеу.

2 Мақаладан бірнеше сөйлемді көшіріп алып, сілтеме жасамау.

3 Жалпыға ортақ пікірлерді қолданғанда сілтеме бермеу. Мысалы: Қазақстандағы құрғақшылық – мемлекеттік деңгейдегі мәселе.

4 Өз зерттеуіңіздің нәтижесін баяндау.

5 Автордың мақаласынан тікелей ойларын сол күйінде алу және оған сілтеме беру, бірақ тырнақша белгісін қолданбау.

6 Курстасыңыздың дипломдық жобасының бір азат жолын сілтеме жасамай қолдану.

2-тапсырма. Кестедегі әрекеттердің дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.

35

Әрекеттер Дұрыс Бұрыс

1 Мен бір жұмысты екі түрлі пәнге тапсыра аламын.

2 Мен курстас досымның дипломдық жобасын қолдана аламын.

3 Мен интернеттен алынған ақпараттарды, олардың қайдан алынғанын көрсетпей-ақ, дипломдық жобамда қолдана аламын.

4 Мен осы кезге дейін жарияланған мақаламның атауын (тақырыбын) өзгертіп, басқа бір журналға жариялай аламын.

5 Мен біреуге дипломдық жобамды тексертіп, түзетулер енгізе аламын.

3-тапсырма. Қосымша материалдарды пайдалана отырып, мәтінді кеңейтіңіз.

«Этика», «мораль», «адамгершілік» – бастапқы мәнде әртүрлі сөздер болғанымен, бір терминдік ұғымдар. Уақыт өте келе бәрі өзгерді, мәдениет дамыды. Этика – білім, ғылым саласының басты тармағы, мораль – сол салаларды оқытатын пән болып табылады...

4-тапсырма. Берілген кестедегі әдеп мәселелерінің дұрыс немесе бұрыс екенін анықтап, ойыңызды дәлелдеңіз.

Әдеп мәселелері Дұрыс Бұрыс

1 Оқытушы өз студенттерін зерттеуге қатысуға мәжбүрлей алады.

2 Зерттеуге қатысудан кез келген уақытта бас тартуға болады.

3 Зерттеуге қатысушы зерттеу жобасына байланысты шағымдана алмайды.

4 Зерттеу жүргізілмес бұрын этика комиссиясынан рұқсат алып, зерттеу департаментіне хабарлау керек.

5 Егер зерттеуге достарыңызды, курстастарыңызды немесе оқытушыларыңызды қатыстыратын болсаңыз, олардан ақпараттандырылған келісім алу қажет.

5-тапсырма. Өзіңізді этикалық комиссия мүшесі ретінде санап, төмендегі зерттеу үшін берілген ұсыныс бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріңіз.

Асқар студенттердің емтиханға дайындық кезінде классикалық әуендер тыңдауы оларға оң әсерін тигізеді деп есептейді. Ол студенттердің бір тобына

36

емтиханға дайындалу барысында классикалық әуендерді тыңдауды, ал екінші тобына тыңдамау жөнінде ескерту жасауды жоспарлап отыр. Олардың емтиханнан алған балы тәуелді айнымалы ретінде қарастырылатын болады.

1. Мұндай ұсынысты бекіту үшін зерттеушіден қандай қосымша ақпарат сұрайтын едіңіз?

2. Зерттеу жұмысының пайдасы мен зияны қандай болуы мүмкін?

3. Этикалық комиссия мүшесі ретінде бұл зерттеу ұсынысын қалай бағалар едіңіз?

Бақылау сұрақтары:

1. Ғылыми қауымдастық этикасының негізгі принциптері қандай?

2. «Ғылыми этика» деген ұғымды қалай түсінесіз?

3. Ғылыми шығармашылық бостандығының мәні неде?

4. Ғылыми этика нормалары қандай?

5. Ғылыми этиканың бұзылуы қандай жағдайда байқалады?

6. Авторлық құқық дегеніміз не және ол қандай жағдайларда бұзылады?

7. Жарияланымдарды дайындау кезіндегі ғылыми этика нормалары қандай?

Біліміңізді тексеріңіз!

1.Ғылыми этика дегеніміз не?

а) ғалымдар арасындағы моральдық реттеу ерекшелігін зерттейтін пән b) өндіріс саласындағы моральдық реттеу ерекшелігін зерттейтін пән с) ғылыми саладағы моральдық реттеу ерекшелігін зерттейтін пән

d) студенттер арасындағы моральдық реттеу ерекшелігін зерттейтін пән е) техника саласындағы моральдық реттеу ерекшелігін зерттейтін пән 2. Фундаменталды ғылыми зерттеулердің нәтижелерінде зияткерлік меншік құқығы болмайды, себебі олар бүкіл адамзатқа тиесілі, тіпті автор да ғылыми нәтижелерді пайдалануға тыйым сала алмайды, тек материалды пайдаланған адам авторлық сілтеме ғана жасайтындығы қай нұсқаға жатады?

а) ғылыми шығармашылық бостандығы b) ұйымдастырылған скептицизм

с) ғылыми білімнің жаңалығы d) ақиқаттың өзіндік бағалылығы

е) ғылыми жетістіктердің жалпыға бірдей болуы немесе ашықтығы 3. Авторлық құқықтың бұзылуына не жатады?

а) зерттеу әдістері мен идеяларды ұрлау b) сілтеме жасау

37 с) төл сөзді қолдану

d) парафраз жасау е) қорытынды жасау

4. Ғылымда біреудің сөзін немесе ойын, пікірін өз сөзі ретінде қолдану қалай аталады?

а) дереккөз b) плагиат с) дәйексөз d) сілтеме е) плагиат емес

5. Әрбір 10-20 жыл сайын ғылыми білімнің барлық көлемі жаңартылып, бүгінгі күндегі ғылыми нәтиже болып табылатын материалдар ескірген күйде қалып, жаңа ғылыми нәтижелермен алмастырылатындығы қай нұсқаға жатады?

а) ғылыми шығармашылық бостандығы

b) ғылыми жетістіктердің жалпыға бірдей болуы немесе ашықтығы с) ғылыми білімнің жаңалығы

d) ақиқаттың өзіндік бағалылығы е) ұйымдастырылған скептицизм

6. Мақаланың авторлары ұсынылған нәтижелердің ғылыми растығы үшін ... .

а) біреуі ғана жауап береді b) барлығы толық жауап береді с) ешкім жауап бермейді

d) жартысы жауап берсе болады

е) ешқайсысы жауап беруге міндетті емес

7. Этикалық нормаларға сәйкес авторлар тізімінде бірінші орында кімнің аты-жөні жазылады?

а) идея авторы

b) орташа үлес қосқан автор с) еш үлесі жоқ адам

d) тапсырманың аз бөлігін орындаған қызметкер е) топ жетекшісі

8. Авторлық мәтіндерді рұқсатсыз пайдалану (плагиат), зерттеу әдістері мен идеяларды ұрлау, мазмұнның бұрмалану әрекеті қалай аталады?

а) ғылыми этика принциптері

b) өзгенің жұмысына пайда келтіру с) шынайы мәлімдеме

38 d) авторлық құқықтың қорғалуы е) авторлық құқықтың бұзылуы

9. Ғылыми этиканың принциптері қалай бұзылуы мүмкін?

а) ғылыми жұмыстарды ұқыпты қолданудан b)ғылыми зерттеулерді орынды қолданудан с)ғылыми негіздемелерді дұрыс қолданудан d)ғылыми әдістерді ұқыпсыз қолданудан

е) жұмыс нәтижелерін міндетті түрде жариялаудан

10. Ғылыми этиканы бұзғаны үшін бірлескен жауапкершілік нәтижесі қандай болуы мүмкін?

а) ғылыми әдістерді қолдану құқығы b)ғылыми білімнің жаңалығы

с)жалған жарияланымдардағы авторлық

d)ғылыми жетістіктердің жалпыға бірдей болуы

е) жұмыс нәтижелерін міндетті түрде жариялау авторлығы 4 Ғылым және ғылыми зерттеу әдістері