• Tidak ada hasil yang ditemukan

Халықаралық шарттардың нормаларын тікелей пайдалану қажеттілігі туралы көптеген елдердің мамандары мәлімдейді. 2002 жылы 18-20 тамызда қоршаған орта бойынша БҰҰ Бағдарламасы (ЮНЕП) аясында Йоханнесбургте (Оңтүстік Африка) құқықты тұрақты дамыту және рөлі бойынша жаһандық Симпозиумы өтті, оның жұмысына әлемнің 60-тан астам мемлекетінің сот билігі жүйесі өкілдері, сонымен қатар Қазақстаннан да өкілдер қатысты. Симпозиум қатысушылары құқықтың рөлі мен тұрақты дамуы туралы Йоханнесбург қағидалары деп аталатын Судьялардың Бүкіләлемдік Симпозиумының қорытынды құжатын қабылдады. Бұл құжат заңдарды қолдану және орындау арқылы құқықтың тұрақты дамуы мақсатына жетуге бағытталған. Құжатта «... ұлттық, аймақтық және жаһандық деңгейде сот процесіне үлесін қосатын сот органдарының мүшелері мен тұлғалар халықаралық және ұлттық құқықтың сақталуын, жүзеге асырылуын және қолданылуын қамтамасыз етуге көмектесетін басты әріптес болып табылады. ...судьялар ұлттық заңнамадан басымдыққа ие халықаралық шарттардың тікелей қоданылуының міндеттілігін және олардың барлық жерде орындалуын назарға алуы тиіс» /43/.

Халықаралық құқық нормаларын қолдануын өткір және анық түрде ұлттық соттардың қызметінен көруге болады және бұл қазіргі құқықтың дамуының оңды жағымен байланысты, себебі, адамдар сотқа қорғау органы ретінде жүгіне бастады. Мысалы, 2003 жылы республика соттарына миллион істер мен шағымдар түсті, бұл 2002 жылмен салыстырғанда 27,8% көп. Ал 2004 жылы республика соттарына миллионнан астам іс пен шағым түскен, бұл 2000 жылға қарағанда екі есеге көп. Соның ішінде азаматтық істер 3 есе көп (2000 жылы – 322 679, 2001 жылы – 417 730, 2004 жылы – 430 609) /31/.

Сот қызметінде белсенділіктің осыған ұқсас арту процесі нарықтық экономиканың негізін құрған ТМД барлық мемлекеттерінде байқалады. Сол үшін оларда ұлттық соттардың халықаралық құқықтық нормаларын қолдану мәселесі кең ауқымда талқылануда.

Бірақ бұл мәселе дамыған демократиялық елдерде де өзекті.

Американдық ғалым Дж.Гинзбург бүгінгі күні демократияға бет бұрған көп елдерге үлгі болып отырған американдық конституциялық жүйедегі билікті бөлу және оның үш тармағының теңдігі доктринасы

биліктің үш тармағының бір біріне еркін таңу мүмкіндігінен айырады деп айтады. Бірақ олардың арасындағы халықаралық аспектідегі келіспеушілік болған жағдайда судьялар Конституция елдің сыртқы саясатын жүзеге асыру бойынша басты жауапкершілікті атқарушы билікке артып отырғандығын сезіне отырып, «бұл салада президент және оның аппаратының керемет білімі және тәжірибесі бар, ол әрине, халықаралық құқықтың практиканы да қамтиды» деп мойындайды /44, 86б/. Ары қарай Дж.Гинзбург мынадай қорытындыға келді: барлық жағдайларды шешуде өздерінің жеке қорытынды шығару құқықтары барына қарамастан соттар атқарушы билікке жүгінеді.

Американдық ғалым көбіне саяси-құқықтық сипаты бар мемлекетаралық қатынастар туралы ой қозғайды және бұл жерде соттардың атқарушы билік дайындаған сыртқы саясат қағидаларымен ортақтығы туралы әңгіме болуда, ал бұл посткеңестік елдерге тән.

Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттардың халықаралық құқық нормаларын қолдануын сөз еткенде Ресей Федерациясының тәжірибесі қызық көрінеді. Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттардың халықаралық құқықты дұрыс және біртекті қолдануын қамтамасыз ету мақсатында 2003 жылы 10 қазанда Жоғары Сот Пленумының «Халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидалары мен нормаларын және Ресей Федерациясының халықаралық шарттарын жалпы юрисдикция соттарының қолдануы туралы»

Қаулысы қабылданды. Қаулыда Ресей Федерациясының халықаралық шарттары халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидалары мен нормалары бірге мемлекеттің құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болады деп жазылған. Сонымен қатар, Ресей Федерациясы құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігіне Ресей бұрынғы КСРО-ның мұрагері ретінде мойнына халықаралық құқықтар мен міндеттемелер алған КСРО халықаралық шарттары жатады.

РФ Жоғарғы Сотының Пленумы адам құқықтары мен негізгі бостандықтары саласында негізгі рөл халықаралық шарттарда деп атаған. Сондықтан мемлекетішілік деңгейде халықаралық құқық ережелерін жүзеге асырумен байланысты сот қызметін болашақта жетілдіру керек. Пленум түсінік береді, соның ішінде: «Ресей Федерациясында халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидалар мен нормаларына сай және Ресей Федерациясының Конституциясына сәйкес адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беріледі және мойындалады. Ресей Федерациясы Конституциясының 46-бабының 1-бөлігіне сәйкес әркімге құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауға кепілдік беріледі. Осыдан анықтасақ, адамдар құқықтар мен бостандықтары жалпыға танылған қағидалар мен халықаралық құқықтық нормаларына сәйкес, сонымен қатар, РФ

халықаралық шарттары бойынша Ресей Федерациясының юрисдикциясында тікелей іске асырылады. Олар заңның мағынасын, мазмұнын және қолданылуын, заң шығарушы және атқарушы биліктің қызметін, жергілікті өзін-өзі басқаруды айқындайды және сот төрелігімен қамтамасыз етіледі.

Халықаралық құқық нормаларын қолдану мәселесіне заңгер ғалымдар да араласа бастады. Г.В.Игнатенко Ресей заңнамасында халықаралық шарттардың тікелей қолданылуы туралы нақты нормалардың жоқтығын атап көрсетті. Осы мәселені дамытас отырып, Т.К. Нешатаева (РФ Жоғары Арбитраждық Сотының судьясы) РФ соттарының халықаралық құқық қағидаларына қатысты әрекеті оның жалпыға танымал қағидаларына сәйкес еместігін айтса, П.А.Лаптев (Еуропадағы адам құқықтары бойынша соттағы РФ өкілі) «біздегі сот төрелігінің кемшілігі» ақылға қонымды мезгіл қағидасының бұзылуы деп тұжырымдады /45/.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі С.Ф.Бычкова «халықаралық құқықтық норма ұлттық заңнама нормасы сияқты халықаралық құқық субъектісінің міндетті тәртібінің үлгісі болып табылады және іске асыу тетігінсіз оны жүзеге асыру халықаралық құқықтық актінің мәтініндегі жай сөз болып қалады.

Халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын іске асырудың шынайы тәжірибесіне адам құқықтары мен бостандықтарын бұзуды шектейтін тұлғалық одақтастықтың мүмкіншіліктері байланысты болады», - деді.

Беларусь зерттеушісі Л.В.Павлованың ойынша, халықаралық жария құқық саласындағы көптеген шарттар ұлттық құқықтық салада тікелей қолдануға жарамайды. Егер мұндай қасиет дәлдігіне, нақтылығына және мемлекетішілік реттеуге бағытталуына байланысты халықаралық жеке құқық нормаларына тән болса, ал халықаралық жария құқығының нормаларына көп жағдайда жалпылық, абстрактілі нысан тән, бұл оларды халықаралық ынтамақтастықта ғана қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан, егер халықаралық құқықты ұлттық құқық жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде немесе оның ережелерінің ұлттық заң нормаларымен қайшылығы кезінде басымдығын жариялап, ұлттық имплементациялық тетік халықаралық шартқа сілтеме жасаса, бұл соттың оған нақты жағдайда жүгінуі тиіс дегенді білдірмейді.

Шарт ережесінің мазмұндық жарамсыздығы оны қолдануға жатпайтындай етеді.

Бұл жерде зерттеушінің айтқаны дұрыс екенін мойындаған жөн.

Өкінішке орай, бүгінде халықаралық құқық нормаларына жүгіну – сот тәжірибесінде соншалықты кең таралған емес.

Мұның объективті себептерімен қоса субъективті себептері де бар.

Объективті себептерге бұрынғы антикалық «заңда көрсетілгеннен басқа қылмыс жоқ» қағидасын ұстанған Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы мен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодекстерін жатқызуға болады.

Сондықтан тиісті нормативтік құқықтық актілерде көрсетілгендей ҚР қылмыстық заңнамасы мен ҚР әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының тиісті Кодекстерінен тұрады.

Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті қарастыратын басқа заңдар Кодекске енгізілгеннен кейін ғана қолданылуға жатады. Бұл талап халықаралық құқық нормаларына да қатысты. Қылмыстық сот өндірісі мен қылмыстық құқықтың материалды нормаларына қатысты халықаралық құқық нормаларын тікелей қолдануға болмайды. Тек тиісті нормалар іс жүзінде ұлттық құқыққа имплементацияланғаннан кейін ғана қолданылуға жатады.

Қалған құқық салаларында құқық қолдану практикасы негізделетін тиісті құқық нормалары жоқ болса, белгілі француз компаративисі Р.Давидтің ойынша, істі құқық қағидаларына сүйене отырып шешуге болады. Себебі, құқықтың жалпы қағидалары «белгілі бір кезең мен белгілі бір сәттегі әділеттілік талаптарына бағынады»/48/.

Сондықтан халықаралық құқықтың нормаларын кәсіби судьялармен қатар алқа билері де білуі қажет. Халықаралық құқықтың жалпы танымал қағидалары мен нормаларын тікелей қолдануға келмесе де, сот істі қараған кезде олар маңызды рөл атқарады.

Мысалы, 1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 25 бабында былай делінген: сот, прокурор, тергеуші, анықтаушы дәлелдемелерді іс бойынша жинақталған дәлелдерге негізделген өздерінің ішкі сенімдеріне сүйеніп, заң мен арын басшылыққа ала отырып бағалауы тиіс. Сот пен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің ішкі сезімі оның білімі мен мәдениетіне, және әділеттілікке ұмтылысын қалыптастырады.

Қазақстанда Жоғары сот органының халықаралық-құқықтық құжаттарға жүгінуі практикасын көрсетуге болады. Сотқа дейінгі істі жүргізу кезінде адам құқықтары мен бостандықтарының орындалуын қамтамасыз етуде маңызды орынды «Азаматтық, қылмыстық, отбасы істері бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы»

1993 жылғы Минск Конвенциясы (ТМД-ның 12 мемлекеті қатысушысы) мен және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек мәселелерін реттейтін екіжақты халықаралық шарттар алады.

2001 жылы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының қылмыстық істер бойынша алқасы Павлодар облыстық

сотының 2001 жылы 11 шілдедегі үкіміне қатысты айыпталушы В.В.

Желябин қадағалау тәртібімен шағымын қарастырды. Осыған дейін бірнеше рет сотталған (сонымен қатар Ресей Федерациясының сотымен сотталған) айыпталушы (Қазақстан азаматы) қасақана адам өлтіргені үшін ҚР ҚК 96 бабының 2 тармағы «н» тармақшасы бойынша 16 жылға бас бостандығынан, ҚР ҚК 175 бабының 1 тармағы бойынша 2 жылға бас бостандығынан айрылған. ҚР ҚК 58 бабы 3 тармағы бойынша жазаларды ішінара қосу жолымен 17 жылға бас бостандығынан айырып, ерекше режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеу ұйғарылған. ҚР ҚК 60-бабына сәйкес оған Челябинск облыстық сотының 1989 жылы 12 шілдеде шығарылған үкімі бойынша өтелмеген жазасы ішінара қосылып, 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қоса жүктелген. Соның нәтижесінде 18 жылға бас бостандығынан айырылып, ерекше режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеуге үкім шығарылған.

Қазақстан Республикасының Жоғары Соты үкімнің күшін жойып, істі қайта қарауға жіберді. Себебі Павлодар облыстық соты Желябинға ҚР ҚК 60 бабы бойынша жаза тағайындау кезінде 1997 жылы 28 наурызда Мәскеу қаласында қол қойылып, 1997 жылы 28 наурызда күшіне енген «Азаматтық, қылмыстық, отбасы істері бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы» 1993 жылы 22 қаңтардағы Минск Конвенциясының 76-бабы ескерілмеген. Бұл бапта оған қатысушы мемлекеттер тек арнайы жағдайларда ғана басқа мемлекеттің сот үкімдерін мойындайтындығы жазылған. Сол себепті Ресей Федерациясының Челябинск облыстық сотының үкімі бойынша тағайындалған үкімді қосуын Қазақстан Республикасының Жоғары Соты қате деп анықтаған.

Ресейде де Минск конвенциясының нормаларын соттар қолданады, оған 1999 жылы 29 сәуірде Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының сот алқасының анықтамасы мысал бола алады. Бұл анықтама Ресей азаматы Сайдовпен бірге Қазақстан аумағында қылмыс жасап, кейін Ресейдің Иркутск облысы аумағында қолға түскен Қазақстан азаматы Жагупаровтың ісіне қатысты шығарылған. Ресей Федерациясы

Жоғары Соты Жагупаров пен Сайдовтың ісін 1999 жылы 5 наурызда Иркутск облыстық сотының судьясы қайта тергеу жүргізу үшін Иркутск облысының прокуратурасына жібергенін анықтады.

Судья қаулыда былай деп көрсетті: «Минскде ТМД мемдекет басшыларының Кеңесі бекіткен «Азаматтық, қылмыстық, отбасы істері бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы»

Конвенцияға сәйкес, Қазақстан аумағында жасаған қылмысы үшін Қазақстан Республикасының азаматы Ресей сотымен сотталмауы тиіс». Иркутск облыстық прокуратурасының орынбасары жеке

наразылығымен судьяның шығарған үкімінің жойып, істі жаңа сот қарауына жіберу туралы мәселе қойды. Оның пайымдауынша, 1998 жылы 17 шілдедегі Иркутск облыстық сотының анықтамасындағы барлық талаптар орындалды, істі қайта қарауға негіз жоқ.

1999 жылы 29 сәуірде Ресей Федерациясы Жоғары Сотының қылмыстық істер бойынша алқасы шағымды қанағаттандырып, 1999 жылы 5 наурыздағы Иркутск облыстық соты судьясының қаулысының күшін жойды. Істі қайта сотта қарауға жіберді. Мұны былай деп негіздеді: «Қазақстан азаматы Жагупаров Ресей Федерациясының азаматы Саидовпен бірге Қазақстан аумағында қылмыс жасап, екеуі Ресей аумағында ұсталған және Иркутск қаласының тергеу изоляторында отырды. Қолданыстағы заңға сәйкес Саидов («Азаматтық, қылмыстық, отбасы істері бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы» Минск Конвенциясы 57 бабының 1-тармағы «а»тармақшасы бойынша) Қазақстанға берілуі мүмкін емес, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы Ресей Федерациясының Бас прокуратурасына Жагупаров пен Саидовты қылмыстық қудалау туралы тапсырма берді. Сол себепті Иркутск облыстық прокуратурасы тергеу жүргізді.

Минск Конвенциясының 77-бабына сәйкес « егер бірнеше қылмыстарды жасағаны үшін бір немесе адамдар тобы айыпталса және іс екі немесе одан да көп келіскен тараптардың соттарында қаралуға жатса, оны соңғы тергеу әрекеттері жүргізген тараптың соты қарауға құзіретті. Бұл кезде іс келіскен тараптың сот өндірісі туралы заңнамасына сәйкес қаралады». Сондықтан іс Иркутск облыстық сотында қаралуы тиіс».

Қазақстан Республикасында халықаралық құқықты қолданған тағы бір сот прецедентіне төмендегі істі мысалға алуға болады. 2003 жылы 22-23 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының қылмыстық істер бойынша алқасы ШҚО сотының 2002 жылы 13 желтоқсандағы үкіміне апелляциялық шағым түсіруіне байланысты ашық сот отырысында қылмыстық істі қарады. Бұл үкім бойынша Ресей Федерациясының азаматы, бұрын 3 рет сотталған Н.А.Трудоношин 2002 жылы 31 қаңтарда қылмыстық топтың мүшесі ретінде ШҚО Бородулихин ауданы Романовка селосының жанындағы «Семей- Жаңаалтай» трассасында қару қолдану арқылы Қазақстан азаматтарын, дәлірек айтсақ, валюта айырбастаумен айналысатын М.М.Оразғұловты, Е.К.Молтабаевты, Г.С.Мурзинаны, Ж.М.Қантаеваны қасақана өлтіргені үшін және Д.У.Сабденбековты қасақана өлтірмекші болғаны үшін, сондай-ақ олардың 5160000 теңге көлемінде ақша соммасын иеленіп алғаны үшін кінәлі деп табылып, 22 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

2003 жылы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының қылмыстық істер бойынша алқасы шығарған №2а-80-03 қаулысымен Шығыс Қазақстан облыстық сотының 2002 жылы 13 желтоқсандағы үкімінің күші жойылып, істі қайта қарауға жіберді. Себебі сотталушы Ресей аумағында ұсталған және Қазақстан құқық қорғау органдары азаматын ұстап берген мемлекеттің келісімінсіз оны қылмыстық жауапкершілікке тартқан. Бұл Минск конвенциясына (1993 жылы 22 қаңтардағы («Азаматтық, қылмыстық, отбасы істері бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы» Минск Конвенциясы (28.03.97ж. өзгертілген) (ары қарай Минск Конвенциясы - А.Е) қайшы келді. Тергеу барысында Ресейлік те, Қазақстандық та тарап аса ауыр қылмыс жасағанын дәлелдейтін көптеген дәлелдер жинағанымен, олар жарамсыз болып танылды, ал бұл өз кезегінде Н.А.Трудоношин қатысқан істің барлық сот өндірісін жарамсыз деп тануға әкелетін еді. Дегенмен, қылмыстық іс материалдарында жақта көптеген қарсы дәлелдемелер жиналып, барлығы ісіне байланысты жарамсыз болып танылды. Тек бір жағдайды ескере отырып, қылмыстық іс материалдарында Н.А.Трудоношинге тағылған айыпты дәлелдейтін басқа да дәлелдемелер болуына байланысты, және оларды жарамсыз еуге негіз жоқ болғандықтан, алқа қылмыстық істі тоқтату мүмкін емес деп санады.

Минск Конвенциясының 6, 72, 80 баптары бойынша Қазақстан мен Ресей қылмыстық іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру жолымен, соның ішінде екінші мемлекеттің аумағында қылмыс жасады дегенге күдікті өз азаматтарына қатысты қылмыстық қудалауды жүзеге асыру жолымен бір-біріне құқықтық көмек көрсетуі тиіс екенін ескере отырып, сондай-ақ, Минск Конвенциясының 57 бабын ескере отырып, Жоғары Сот алқасы істі Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына қосымша тергеуді ұйымдастыру үшін жіберуді жөн көрді, қосымша тергеу кезінде ҚР ҚІЖК 527-бабының, Минск Конвенциясының 73 бабының талаптары орындалсын деп шешті.

Қазақстан Республикасы Жоғары Соты алқасының бұл қаулысы сот тәжірибесінде халықаралық-құқықтық нормалар қолданылатындығын куәландырады, ал бұл - құқықтық мемлекет құрудың маңызды шарттарының бірі.

Қазақстан Республикасы Жоғары Соты азаматтық істер бойынша алқасының 2002 жылдың бірінші жартыжылдығындағы аппеляциялық және қадағалау тәжірибесінің нәтижелері туралы анықтамада /49/

көптеген істер жеке шағымдар бойынша қарастырылғанын көреміз.

Мұнда арыз берушілер өздерінің іс жүргізушілік құқықтарының бұзылғандығын, азаматтық іс жүргізу заңнамасы мен халықаралық шарттардың нормалары дұрыс қолданылмағанын көрсетеді. Мысалы,

2002 жылы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Маңғыстау облыстық сотының 2002 жылы 1 наурыздағы анықтамасының күшін жойды. Бұл анықтама «Вагенборг Қазақстан Б.В.» компаниясының Маңғыстау облысы бойынша және Түпқорған ауданы бойынша Салық комитетіне талап арызын кейін қайтару туралы болған.

Талап арызды қайтара отырып, облыстық сот талапкер соттың кейбір нұсқауларын, соның ішінде бас компанияның Тронинг Тауар- Өндіріс Палатасында (Нидерланды) тіркелгенін дәлелдейтін құжатты консульдық заңдастыру туралы талабын орындамағанын көрсеткен.

Бірақ Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдығы 1961 жылғы Гаага Конвенциясының қатысушылары болып табылады, ал бұл конвенция шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру туралы талапты жоққа шығарады. Конвенцияның 2 бабына сәйкес әрбір келіскен тарап конвенция тарайтын және осы аумаққа ұсынылған құжаттарды заңдастыру туралы талаптан босатады. Конвенцияның 3 бабына сәйкес құжатқа қол қойған тұлғаның қолының растығын куәландыру үшін немесе мөрдің растығын куәландыру үшін осы мемлекеттің құзіретті органының апостилін қоюды талап етуге ғана рұқсат етіледі. Қарастырылып отырған жағдайда облыстық сот АІЖК 424 бабында көрсетілген консулдық заңдастыру туралы ереже заңда немесе халықаралық шартта өзгеше көзделмесе ғана қолданылатындығын ескермеген. Халықаралық шартта консулдық заңдастырудан босату көзделгендіктен Жоғары Сот талап арызды бұл негізбен қайтару негізсіз болған деп шешті.

Құжаттарды заңдастырумен байланысты келесі жағдайда 2002 жылы 22 қаңтарда Жоғары Сот Алматы қалалық сотының 2001 жылы 4 желтоқсандағы талап арызды қараусыз қалдыру туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы анықтамасын өзгеріссіз қалдырды. Бұл ЖАҚ «Сина» бірлескен кәсіпорынына «Сиеменс Санаи Ве Тиджарет Аноним Ширкети» деген түрік компаниясының атынан

«Регата» Консалтинг фирмасы» деген ЖШС-тің 300 мың АҚШ доллары көлеміндегі қарызын қайтару, моральдық залалды және сот шығындарын өтеу туралы талап арызы болатын.

Жауапкер өтінішін талапкердің Түркияда мүддесін қорғау үшін берілген сенімхаты заңдастырылмаған және онда апостиль жоқ деп негіздеді. Бірақ АІЖК 424 бабында көрсетілген консулдық заңдастыру туралы ереже заңда немесе халықаралық шартта өзгеше көзделмесе ғана қолданылады. Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы қатысушылары болып табылатын 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага Конвенциясының 2 бабына сәйкес әрбір келіскен тарап конвенция

тарайтын және осы аумаққа ұсынылған құжаттарды заңдастыру туралы талаптан босатады.

Сонымен қатар, Жоғары Сот өзінің қаулысында мынаны нақтылайды, Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы 1995 жылы 13 маусымдағы шарттың 8 бабына сәйкес тараптардың бірінің құзіретті органдары жасаған және бекіткен құжаттары, егер оларға тиісті қол қойылып, ресми мөрмен рәсімделген болса, екінші тараптың соттарында қолдану үшін заңдастырылудан босатылады. «Регата» Консалтинг фирмасы» ЖШС берген сенімхатта тиісті қол қойылып, Түрік Республикасының нотариусы, яғни ресми құжатты бекітетін функцияны жүзеге асыруға құзіретті тұлғасы куәландырған. Сол себепті Алматы облыстық сотының сенімхатты заңдастырудың қажеттігі жоқ деген қорытындысын Жоғары Сот дұрыс деп шешті.

Жоғары Сот 2002 жылы 14 наурызда Маңғыстау облыстық сотының 2001 жылы 26 желтоқсандағы анықтамасының күшін жойды.

Онда В.А.Секретарюктің Ташкент облысы Ангрен қалалық халық сотының 1993 жылы 22 маусымдағы баланы асырауға алимент өндіріп алу туралы шешімін мойындау және мәжбүрлеп орындау туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартылған болатын. Облыстық сот өтінішті қанағаттандырудан бас тартты және өз шешімін жауапкер талапкер көрсеткен мекенжай бойынша Ақтау қаласында өмір сүрмейді, ал сотта басқа мәліметтер жоқ деп негіздеді.

Бірақ Жоғары Соттың пайымдауынша, бұл қатысушылары болып Қазақстан мен Өзбекстан Республикалары табылатын 1993 жылы 22 қаңтардағы «Азаматтық, қылмыстық, отбасы істері бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы» Минск Конвенциясының 54 бабына қайшы келеді. Осы бапқа сәйкес мойындау туралы өтінішті қарайтын сот тек конвенция талаптарының сақталғанын ғана анықтауы тиіс, егер ол сақталған болса, онда басқа мемлекетке тиесілі сот актісін мойындау және мәжбүрлі орындау туралы шешім шығаруы тиіс.

Шешімді мойындап, орындаудан бас тартудың негіздері Конвенцияның 55 бабында қарастырылған. Жауапкердің тұрғылықты мекенжайы анықтамау бұл негіздер қатарында көрсетілмеген. Осылай облыстық сот халықаралық құқық нормаларына қарамастан, өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан деп Жоғары Сот анықтайды.

ТМД мемлекет басшылары қол қойған «Азаматтық, қылмыстық, отбасы істері бойынша құқықтық көмек туралы» Конвенцияның жаңа редакциясы (Кишинев Конвенциясы, 2002 жылы 7 қазан) ратификацияланған соң, ТМД елдері азаматтарының құқықтарын қорғау бұдан былай бұрынғыдан да тиімді болады. Бұл Конвенция

1993 жылы 22 қаңтардағы «Азаматтық, қылмыстық, отбасы істері бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы» Минск Конвенциясы қарағанда кең мәселелерді реттейді.

Құқықтық көмек көрсету тек халықаралық шарттармен ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдық актілерімен, Қазақстан Республикасының Әділет министрі 1998 жылғы 8 қаңтарда

№13 бұйрығымен бекіткен «Қазақстан Республикасының соттары мен Әділет органдары құқықтық көмек көрсету тәртібі туралы және шет мемлекеттердің осындай органдарына құқықтық көмек көрсету туралы өтініш жасау тәртібі туралы» Нұсқаулығымен, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 1997 жылы 17 маусымдағы

«Прокуратураның халықаралық шарттардың орындалуын және шетел азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарының қамтамасыз етілуін қадағалау бойынша өкілеттігі туралы» №20 бұйрығымен реттеледі.

2002-2004 жылдары республика соттары істі қарау кезінде ҚІЖК 55 тарауының ережелерін қолданған істер саны бойынша статистикалық мәліметтер қылмыстық іс жүргізетін органдардың шет мемлекеттің қылмыстық істер бойынша құзіретті органдарымен және лауазымды тұлғаларымен өзара байланысу тәртібі туралы негізгі ережелерді (ҚІЖК 55 тарауы) қолданудың соттық тәжірибесіне Шолуда берілген. Сонымен, республикалық соттарға 2002-2004 жылдары «Қылмыстық іс жүргізетін органдардың шет мемлекеттің қылмыстық істер бойынша құзіретті органдарымен және лауазымды тұлғаларымен өзара байланысу тәртібі туралы негізгі ережелер» атты ҚІЖК 55 тарауы қолданылған 158 қылмыстық іс түскен. Олардың ішінде ҚР азаматтарына қатысты-110, шетелдік азаматтарға қатысты- 41, азаматтығы жоқтарға қатысты-2 тапсырма бар. 2002-2004 жылдар қазақстандық соттар шет мемлекеттерге мынадай тапсырмалар жіберді: қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында беру туралы- 97; экстрадиция, қамауға алу-18; қылмыстық қудалауды жалғастыру- 12; сотталғаннан жауап алу -6; істі сырттай қарауға келісім-8; куәгерді уақытша беру-1; үкімді орындау үшін-13; куәгерден, жәбірленушіден жауап алу-7.

ҚІЖК 523-бабына сәйкес тергеу ісінің өндірісі туралы тапсырма Бас прокурор арқылы жіберіледі, ал сот әрекеттері Әділет министрі арқылы, немесе оның орынбасарлары арқылы, немесе басқада өкілетті лауазымды тұлғалар арқылы өтеді, олар қажет жағдайларда Сыртқы Істер Министрлігінің делдалдығына жүгіне алады. Шолу көрсетіп отырғандай, құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша қатынастар тәртібін реттейтін заң нормаларының бұзылуы көбінесе, кейбір соттар аталған органдар мен лауазымды тұлғаларға жүгінбестен,

халықаралық шарттар талаптарын бұзып, тапсырманы тікелей шет мемлекетке, оның қылмыстық іс жүргізетін органдарына жіберуінің салдарынан болады. Және судьялар іс жүргізу әрекеттерінің өндірісі туралы тапсырмаларды кейде дұрыс рәсімдемейді, бұл соттардың өтініштерін, тіпті кейде қылмыстық істерді толық рәсімдеу үшін кейін қайтаруға негіз болады. Ал ол істі қараудағы кедергілерді көбейтеді.

Мысалы, КазКСР ҚК 88 бабының 2 тармағы бойынша айыпталушы Кулумбетовтың қылмыстық ісі қылмыстық қудалау органдары мен соттың халықаралық шарт талаптарын сақтамауы салдарынан Ақтөбе облыстық сотының өндірісінде 9 жылдан астам болған. Бұл кедергілер мен шет мемлекеттердің тапсырмаларды орындау мерзімінің ұзаққа созылуына субъективті себептер болатынын куәландырады. Ондай себептерге қылмыстық қудалау органдары мен соттың тапсырманы тиісті рәсімдемеуі, халықаралық ынтымақтастық тәртібін реттейтін заң нормасын білмеуі жатады.

Сонымен халықаралық шарттардың нормалары мен ұлттық заңнамаларды дұрыс қолдануды істі дұрыс шешуге әкеледі. Мысалы, Павлодар облыстық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 96 бабының 2 тармағының «ж», «з»- тармақшалары, 175 бабының 2 тармағының « а,б,г,д» тармақшалары бойынша айыпталған Пономаренко, Новолодский және Сорокинге қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта сотталушы Пономаренко мен оның қорғаушысы оның бұл қылмыстарды жасамағанын, себебі, бұл қылмыстар орын алған уақытта Пономаренконың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде, яғни Мәскеу қаласында болғанын мәлімдеді. Және соған негіз ретінде өз алибиін дәлелдейтін тиісті құжаттарды сотқа ұсынды. Сот айыпталушы Пономаренко мен оның қорғаушысының келтірген дәлелдері мен алибиін тексеру мақсатында Минск конвенциясына сәйкес Ресейдің тиісті аймақтарында бірнеше қылмыстық іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге тапсырма дайындап, оны сот құрамы бекітті.

Содан кейін ҚР ҚІЖК 523 бабына және Минск Конвенциясына сәйкес Бас Прокуратураға бұл тапсырманы қолдап, Ресей Федерациясының құзіретті органдарына жіберу үшін жіберілді.

Нәтижесінде Павлодар облыстық сотына орындалған тапсырмалар бойынша мәліметтер түсті. Және 2004 жылы 11 наурызда сот шет мемлекет аумағында алынған дәлелдемелердің жарамдылығы қағидасын ескере отырып ( ҚР ҚІЖК 522-б) алынған мәліметтер бойынша істі қарап, үкім шығарды. Павлодар облыстық сотының 2004 жылы 11 наурыздағы үкімімен Пономаренко ҚР ҚК 96-бабының 1- тармағының «а», «б» тармақшалары, 175-бабының 2 тармағы, 58 бабы бойынша дүние мүлкін тәркілеумен қоса қатаң режимдегі түзеу