• Tidak ada hasil yang ditemukan

Бірнеше санның арифметикалық ортасы

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "Бірнеше санның арифметикалық ортасы"

Copied!
2
0
0

Teks penuh

(1)

Автор: Шалкарбаева Гулжайнар Кайруллина Пән: Математика

Сынып: 6-сынып

Бөлім: Статистика. Комбинаторика

Тақырып: Бірнеше санның арифметикалық ортасы

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

6.4.3.1 бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің құлашы, медианасы, модасының анықтамаларын білу;

6.4.3.2 статистикалық санды сипаттамаларды есептеу;  

Сабақтың мақсаты: - сандардың арифметикалық ортасын анықтайды; - деректерді есептер шығаруда қолданады.  

Тілдік мақсаттар: Оқушылар: - осы бөлімге қатысты терминологияны қолданады; - екі немесе одан да көп сандардың арифметикалық ортасын қалай табу керектігін түсіндіреді; - сандық деректердің құлашын, модасын және медианасын есептеуге түсінік береді; Пәнгетән лексика мен терминология: - екі (үш және т.б.) сандардың арифметикалық ортасы; - қатардың құлашы, модасы, медианасы; Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - екі санның арифметикалық ортасын табу үшін ...; - сандық қатардың құлашын табу үшін ... ; - ... саны сандар қатарының модасы болып табылады; - ... саны сандар қатарының медианасы болып табылады, себебі ...;   

Күтілетін нәтиже: - арифметикалық орта - арифметикалық ортаны таба алады; - сандық деректер қатарының құлашын, медианасын, модасын таба алады.  

Бағалау критерийлері: - арифметикалық орта - арифметикалық ортаны таба алады; - сандық деректер қатарының құлашын, медианасын, модасын таба алады.  

Құндылықтарды дарыту:

Топтық және жұппенжұмысжасатаотырыпоқушылардаөзарасыйластық, сенімділік,қарым- қатынастықалыптастыру.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

презентация

Пәнаралық байланыс: физика химия Бастапқы білім: Комбинаторика

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал тудыру. Керемет жақсы төмен Үй тапсырмасын тексеру. «Көршіңді тексер» әдісі Оқушылар бір – бірін тексереді. Өтілген материалды қайталау. «Жедел сұрақтар» әдісі    Сабақтың ортасы Халық шаруашылығындағы қайсыбір шамалардың: егін өнімінің, заттың

бағасының, қозғалыс жылдамдығының және т.с.с. сан мәндері әр түрлі болады. Оларды есептеу статистикалық сипаттамалар бойынша

жүргізіледі. Халық шаруашылығында, тұрмыста кездесетін шамалардың өзгерістерін сипаттауда жиі пайдаланатын статистикалық сипаттамалар:

арифметикалық орта, өзгеріс ауқымы, мода және медиана.

Арифметикалық орта дегеніміз не? Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады. Проблемалық ситуация: Оқушыларға кез келген сандар қатарын құрастырту. Осы қатардың ең кіші санын және ең үлкен санын анықтап, олардың айырмасын; осы қатарда жиі кездесетін санды; осы қатардың ортасында орналасқан санды табу керек. Осы сандардың арифметикалық ортасын табу керек. Осыдан келіп бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің құлашы, медианасы, модасының анықтамаларын шығару.  

(2)

Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар Сабақтың соңы Жұптық жұмыс № 1. Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар: 1) 5, 7,

10, 12, 16; Ш: (5+7+10+12+16)/5=50/5=10. 2) 14, 18, 17, 23; Ш:

(14+18+17+23)/4=72/4=18. 3) 45, 58, 76, 81; Ш:

(45+58+76+81)/4=260/4=65. 4) 3, 6, 12, 10, 9; Ш:

(3+6+12+10+9)/5=40/5=8. № 2. Сандардың өзгеріс ауқымын табыңдар: 1) 1; 2; 5; 7; Ш: 7 – 1 = 6. 2) 3 1/5; 2 1/8; 4/5; 1/5; Ш: 3 1/5- 1/5=3. № 3.

Сандардың модасын табыңдар: 1) 2,1; 3,5; 4,6; 2,1; 0,3; Ш: мода – 2,1. 2) 3/5; 1 1/7; 2 1/3; 3/5; 1; 3/5; Ш: мода – 3/5. 3) 5,1; 7,5; 8,3; 10,2; 20; Ш: мода – жоқ. 4) 6,1; 7,5; 7,5; 5,9; 6,1; Ш: мода – 6,1 және 7,5. Дескриптор: Білім алушы: Бірнеше сандардың арифметикалық ортасын табады; Сандардың өзгеріс ауқымын табады; Сандардың модасын таба алады; Жауабын жазады.  

Рефлексия Рефлексия: «Ақылды үкі» әдісі  

Referensi

Dokumen terkait

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сәйкес 8.1.1.3 даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді негізгі белгілеріне қарай ажырату Сабақтың мақсаты Барлығы:

Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: 1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту 1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау 1.1.4.1

Ең кіші ортақ еселік Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: 5.5.2.2 мәтін есептерді шығаруда ЕҮОБ және ЕКОЕ қолдану; Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: - ортақ бөлгіш, ортақ

Автор: Әйгерім Бәкірова Нұрланқызы Пән: Химия Сынып: 7-сынып Бөлім: Адам ағзасындағы химиялық элементтер Тақырып: Тағам құрамындағы қоректік заттар Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына

Автор: Мырзағали Перизат Сәкенқызы Пән: Қазақ тілі Т1 Сынып: 5-сынып Бөлім: Көлік және жол белгілері Тақырып: көлік түрлері сын есімнің шырайлары Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына

Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: 2.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау; 2.3.6.1 Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін

Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтемеу: 1.3.4.1 мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу 1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен

Автор: ӘШІРБАЕВА ГҮЛАЙНА ҚАНЫБЕКҚЫЗЫ Пән: Математика Сынып: 5-сынып Бөлім: Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану Тақырып: Ондық бөлшектерді көбейту Оқу мақсаттары оқу