ЕКІНШІ ТІЛ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ КОМПОНЕНТТЕРДІҢ ОРНЫ
Ә.Е. Ағманова, М.Қ. Рахимбекова
(Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ., Қазақстан)
Бір үлкен шаңыраққа айналған бұл әлемде ұлтаралық, мәдениаралық қатынастар күннен күнге шекарасын одан әрі кеңейтіп, нығаю үстінде. Осы әлемдік маштабтағы үрдістен қалмай, оған ӛзінің де үлесін қосам дегендер, елінің болашағын ойлайтын азаматтар әртүрлі тілдерді жан-жақты меңгеруде.
Бірақ ӛзге ұлтпен тіл табысып, жақсы қарым-қатынаста болу үшін сол елдің тек қана тілін меңгеру жеткіліксіз екені атқа таңба салғандай. Сонымен қатар, сол елдің тарихын, ұлттық-мәдени ерекшеліктерін, менталитетін, құндылықтар жүйесін, бір сӛзбен айтсақ, мәдениетін білген абзал болар.
Осындай заманауи талаптарға сәйкес қазіргі таңда ӛзге ұлт ӛкілдерінің екінші тілді меңгеру барысында мәдениетаралық құзіреттілігіне айрықша назар аударылуда. Екінші тілді меңгеру мәселесі, әсіресе орыс-қазақ екітілдігі, қазақстандық лингвисттардың еңбектерінде жан-жақты зерттелген.
Атап айтатын болсақ, еліміздің белгілі ғалымы Б. Хасанұлы ӛзінің зерттеулерінде қазақ және орыс тілдерінің қолданылуының заңдамаларын, заманауи тілдік жағдайдағы туған тілдің мәселелерін т.б. ӛзекті мәселелерін қозғаса, тағы бір қазақстандық лингвистика саласының алпауыты Э.Д. Сулейменова қазақ және орыс тілдерінің дамуының негізгі үрдістері, екі тілді тұлға мен оның креативтік және педагогикалық тұрғыдан дамуы туралы айтып ӛткен. Әртүрлі деңгейдегі интерференция мәселесі М.М. Копыленко, З.К. Ахметжанова, М.К. Исаева, М.Т. Тезекбаева және К.М. Байболсынованың
«Интерференция в русской речи казахов» атты коллективтік монографиясында орын алған. Г.С. Суюнованың ғылыми жұмыстары қазақ-билингвтарының араласатын қоғамына байланысты кодтық алмасу мәселесін қарастырған болса, ал Г.Д. Алдабергенова тұлғаның интеллектуалдық, этнопсихологилық және этномәдениеттік дамуындағы екі тілділіктің орнын мектеп жастағы билингв және монолингв балалардың мысалында анықтаған.
Мәдениетаралық компетенция мәселелері жӛнінде Н.Н. Васильева, Л.В.
Екшембеева, Ж.А. Нұршаихова, Г.С. Суюнова тағы басқа да ғалымдары ӛз
еңбектерінде сӛз қозғаған. Құзірет, яғни компетенция, дегеніміз «сӛйлеу барысында қолдану мүддесінде тілді үйренген адамның алған білімінің, тілді үйрену барысында қалыптастырған білік-дағдыларының жиынтығы, білімі мен білік-дағдыларын қолдана білу қабілеті» [1, 154 б.], ал коммуникативтік құзірет
«нақты әлеуметтік жағдаятта тілді пайдалану нормаларын білу» дегенді білдіреді [1, 124 б.]. Осыдан келе мәдениетаралық құзірет ол кӛп тілдік қоғамда тек қана меңгеріп жатқан екінші тілдің тілдік заңдарын білумен шектелмейді, сонымен қатар тілді сол елдің мәдениетімен сабақтастырып оқытуды, алған білімін практикада мейлінше дұрыс, объектівті қолдана білуді қарастырады.
Ұлттық мәдениет, мiнез-құлықтың шағылысулары коммуникацияның арқасында ӛрнектеледi. Коммуникацияның нақ сол ауызша және ауызша емес символдары халықты және оның сипаттарын, мәдениеттiн, салт-дәстүрін айқын суреттеп береді.
Мәдениетаралық компетенция екінші тілді меңгеру барысында үлкен рӛл артқарады. Оның қалыптасуы шеттілдік кодты меңгеру мен тұлғаның қоғамға әлеуметтік-мәдени тұрғыдан сіңісуіне тікелей байланысты. Мәдениетаралық компетенция белгілі бір қоғамда жағдай, тақырыпқа байланысты дұрыс, сәйкесінше қабылданатын сӛйлеу мәдениеті ретінде қарастырылады.
Ата жұртына оралған студент-оралмандардың орыс тілін меңгеру мәселесіне келгенде бүл аспектінің маңыздылығы арта түседі, себебі қазақстандық студенттерден олардың айырмашылығы кӛбісінің орыс тілін мүлдем білмеуі, сонымен қатар орыс тілін меңгергенде студент-оралмандар тек жаңа тілдік жүйемен танысып қана қоймай, сондай-ақ оларға бейтаныс мәдениетпен бетпе-бет кездескенде белгілі бір қиындықтарға кез болады.
Мәдениетаралық қарым-қатынастың нәтижесі ретінде болжауға келетін түсініспеушіліктер болуы мүмкін. Бұл мәселе оқушыда тілдік және мәдениетаралық компетенцияларды сабақтастыра қалыптастыруды кӛздеген лингвоәдістемелік міндеттердің шешімін талап етеді. Осы міндеттер екінші тілді меңгеру барысында ұлттық мәдениеттің заңдылықтары мен сӛйлеу әрекетінің этномәдениеттік стереотиптерінің қалыптасуын қарастырады [2, 12 б.].
Мәдениетаралық коммуникациялық нормалар байланысының зерттеуі, кроссмәдениетті нормалар, этикеттi нормалар, ауызша және ауызша емес аралық мәдениеттi коммуникациялық бiрлiктер қарастырылып жатқан ұлттың мiнез-құлығының анық айырмашылығын кӛрсетеді. Аутмәдениетті нормаларының мiнез-құлықтары шет тiлін және мәдениетін оқып жүргендерге
елтану білімінің және мәдениетаралық компетенцияның құрылу факторының бай қайнар кӛзі болып табылады.
Осыған сәйкес екінші тілді меңгеру барысында оқыту процессінде мәдениетаралық компоненттердің қолданылуы ӛзекті болып табылады. Бұл мәселе кӛптеген атақты ғалымдардың еңбектерінде зиялы орын алған. Мысалы, ресейлік лингвистердің айтулары бойынша, мәдениетаралық коммуникация процессінде кездесетін мәселелердің кӛбі үйреніп жатқан тілдің ұлттық-мәдени ерекшелігі бар компоненттер туралы білімнің аздығы, сонымен қатар, олардың мән-мағынасын түсінбеу себепкер болады екен.
Белгілі лингвистер И.Ю. Морковина және Ю.А. Сорокин орыс тілін екінші тіл ретінде оқытатын мамандарға оқу барысында мәдениеттің тӛмендегідей ұлттық ерекшелігі бар компоненттерді қарастыруға ұсынады:
- дәстүр, соның ішінде белгілі бір этникалық топтың әдет-ғұрыпын;
- қарастырылып жатқан қоғамның тұрмыстық мәдениетін;
- күнделікті мінез-құлқын, яғни нақты бір қоғамда бекітілген қарым- қатынас және мінез-құлық әдетінің нормалары (осының ішіне коммуникацияның ауызша емес (вербалды емес) және паравербалды құралдары жатады);
- белгілі бір қауымдастықтың мәдениетін ұстанушы мен қоршаған ортаның кӛзқарастарының соқтығысуының нәтижесінде пайда болған ерекше образдық ассоцияцияларды қамтып кӛрсететін әлемнің ұлттық бейнесі;
- коммуникация қатысушыларының «ұлттық мінезі» және оның
«жұмбақтылығы»;
- халықтың мәдени дәстүрлерін баяндайтын кӛркем әдеби шығармалар [3, 89 б.].
Осы жерде кӛркем әдеби шығармалардың негізгі қоғамдық міндеттеріне тоқталып кетсек дұрыс болар, себебі шет тілі сабағында орынды қолданылған әдеби шығармалардың мәтіні оқытушыны игеріліп жатқан тілдің тек грамматикалық, морфологиялық және тағы да басқа тілдік формалармен таныстырып қоймай, сонымен қатар, сол ұлттың мәдениетімен, оның салт- дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, тұрмыстық мәдениетімен де таныстырады.
Кӛркем әдеби шығармалардың басты үш міндеті бар: эстетикалық, әлеуметтік-коммуникативтік және ақпараттық. Осылардың әрбіреуі маңызды рӛл атқарады, бірақ екінші тілді меңгеру тұрғысынан соңғы екеуі басты орын алады.
Ақпараттық функция бейтаныс әлемнің шекарасын айқара ашады, мемлекеттің мәдениетімен, қалыптасқан нормалар мен ӛзін-ӛзі ұстау ережелерімен, әдет-ғұрпымен т.б. таныстырады.
Атақты әдеби ескерткіштер ұлттың бірігуіне және ұлттың дербес мемлекет болып танылуына ықпал етеді. Сонымен қатар, түрлі ұлттық топтарды бір мәдениетке кіріктіреді. Демек, әдеби шығармалардың әлеуметтік–
коммуникативтік функциясының мәні ұлттың бірігуіне үлесін қосу болып табылады.
Оқушы белгілі ақын-жазушылардың әдеби шығармаларымен және олардың жазылуына әсер еткен тарихи шарттарымен таныса отыра, сол халықпен және оның мәдениетімен іштей үндеседі, қарым-қатынас орнатады.
Себебі оқушы мен басқа ұлт ӛкілдерінің арасында екі жаққа да мағынасы түсінікті символдар, элементтер пайда болуы мәдениетаралық коммуникацияның толықтай, еш кедергісіз, тосқауылсыз орнығуының негізгі шарты болып табылады. Тұлғаның тілдік, мәдени және коммуникативті компетенцияларының дамытуында оқу барысында орынды қолданылған мәтіндер және оларға ұтымды келістірілген тапсырмалар маңызды рӛл атқарады.
Мәтіндегі ұлттық ерекшеліктері бар мәдени компоненттер үйреніп жатқан тілді қолданатын ұлттың ӛзіндік әлемін, яғни ұлттық мінез-құлқын, менталитетін одан да терең түсініп білуге кӛмектеседі. Осынын бәрін мәдениаралық қарым-қатынас барысында ескерсек, онда дұрыс және табысты коммуникация орналастыра аламыз. Осындай мақсатта кӛркем әдеби шығармалардың мәтінімен қатар халықтың тек ӛзіне ғана тән мінез-құлықты, әдет-ғұрыпты, ұлттық мерекелерді және де тағы басқа ерекшеліктерді қарастырылып жатқан тілдегі мақал-мәтелдерден де аңғаруға болады.
Мақал-мәтелдер – әр халықтың ӛз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, ӛзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің ӛзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы, психологиясы жӛніндегі жасалған қорытынды, тұжырымдардың түйіні, ӛмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та кӛркем кӛрінісі, фразеологиялық оралымдардың ӛнделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері [4].
Орыс халқының мінез-құлқын, ұлттық мәдениетін келесі мақал- мәтелдерден кӛруге болады:
- «Семь раз отмерь – один раз отрежь» мақалдың тура баламасы «Жеті рет өлшеп, бір рет кес’, яғни қандай да шаруа тындырмасан да жақсылап ойланып істеген дұрыс.
- «Не выносить сор из избы», яғни кӛрінгенге отбасылық мәселелерді айтпау.
- «На одном бревне здания не построишь» бұл жерде бірлік, ынтымақтастық әрқашанда керек дегенді білдіреді.
- «Не все коту масленица», негізгі мағынасы «Өмір тек жақсы нәрселерге ғана толы емес, сонымен қатар қиын шақтар болады’. Сонымен қатар осы мақалда орыс халқының ұлттық мерекесі айтылған. Масленица деген қандай мейрам? Диқандық кәсіппен айналысатын халықтар арасында кӛктемде келетін егіс жұмыстарына арналған неше түрлі әдет-ғұрып мерекелері атап ӛтіледі. Қар мен аязы кӛп қысты қуып, керісінше ұйқысынан жаңа оянған табиғат әлеміне жарық пен жылу әкелуші гүл кӛктемді қарсы алу, Еуропа халықтарына христиан күнтүзбесіне сәйкес қыспен қоштасу ауыз бекітудің алдында жүреді.
Мерекенің «Масленица» деп аталу себебі, бір апта бойы ӛте кӛп майлы тағамдар желінеді, әсіресе, майға пісірілген жұқа дӛңгелек құймақтар мол болады.
- «Москва не сразу строилась», бұл мақалдың тарихи тұрғыдан айтылғаны белгілі. Қаншама тарихи күйзелістерден ӛте келе, Мәскеу қаласы қазіргі дәрежесіне жетті.
- «Гость на порог – счастье в дом», бұл жерде орыс халқының қонақжайлылығы туралы айталған.
- «Незванный гость хуже татарина», осы мақалдан орыс халқының шақырусыз келген қонақтарды аса ұнатпайтынын кӛреміз.
- «Один за всех, все за одного» – халықты ынтымақтастық қарым- қатынасқа шақырады.
- «Книга в счастье украшает, а в несчастье утешает», бұл мақалдан халықтың кітап оқуға құмар екенін, кітапты қатты бағалайтынын аңғара аламыз.
- «Родина – мать, умей за нее постоять», туған жерге деген құрмет, сүйіспеншілік жайлы.
Осындай алуан түрлі тақырыптағы орыс халқының мақал-мәтелдерді сараптап түсіну арқылы бұл халықты, оның салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, күнделікті ӛзің ұстау нормаларымен танысамыз, бізге бейтаныс әлемнің шекарасын аттаймыз, мәдениетаралық коммуникацияда орыс халқының ӛкілін тез, еш киындықсыз, ал ең бастысы дұрыс түсінетін боламыз.
Ӛзге тілді игеру барысында «бӛгде» тіл мен оның мәдениетін ӛзінің туған тілі мен мәдениетімен салыстыру қолданылады. Бұл салыстырудың нәтижесінде оқушыға екі ұлттың тек ӛздеріне тән ерекшеліктері айқын кӛрінеді.
Үлкен коммуникативтік тәжірибе «бӛгде» тіл мен оның мәдениетінің айырмашылығын жоққа шығармайды, ал керісінше ӛзінің туған тілі мен мәдениеті сияқты оның тіршілік ету құқығын мойындайды.
В.И. Карасик бойынша екі мәдениетті салыстырғанда, ең алдымен қарым-
ерекшеліктерге, яғни әр ұлттың ӛзіндік құндылықтарына басты назар аударылады.
Мәдени шекараның болуы мәдениетаралық коммуникациясының негізгі себебі. Мәдениералық қарым-қатынасқа түскен әрбір коммуникант ӛзін және әңгімелесушісін «ӛзінікі» vs. «бӛгде» деп қарастырады.
Тоқсан ауыз сӛздің тобықтай бір түйіні. Күннен күнге қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның кӛптілді, кӛпмәдениетті қоғамында, сонымен қатар, басқа елдің азаматтарымен тіл табысып, табысты қарым-қатынаста бола білген адамды толығымен қалыптасқан коммуникативті тұлға ретінде қарастыруға болады. Оқушыдан дәл осындай тұлғаны қалыптастыру – қазіргі білім саласының негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.
Мәдениетаралық коммуникацияда коммуникант ӛзін еркін сезіну үшін ол ӛзімен қарым-қатынасқа түскен ұлт ӛкілінің тілімен қатар мәдениетін, салт- дәстүрін, мінез-құлықтарын білу керек. Сондықтан ӛзге тілді оқыту барысында тілді сол елдің мәдениетімен, ұлттық ерекшеліктері бар компоненттерімен сабақтастырып оқуту нәтижелі кӛрсеткіштерге әкелетіні анық.
Қолданылған әдебиеттер
1. Сулейменова Э.Д. и др. Словарь социолингвистических терминов. – Астана: «Арман-ПВ», 2008. – 392 с.
2. Агманова А.Е. Усвоение второго языка и межкультурный диалог // Диалог славистов в начале ХХI века: Тезисы докладов участников Международного научного симпозиума. – Клуж-Напока, 2011. – С. 11-12.
3. Жибровска А. Роль и место межкультурных компонентов в преподавании русского языка на русской филологии. – Познань, 2010 – 146 с.
4. [Электронный ресурс] Режим доступа: http://kk.wikipedia.org/wiki.