«ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ» ГАЗЕТІ
№6, қыркүйек, 2009 ж.
Геном және қоршаған ортаның өзара байланысы мен генетикалық токсикологияға арналған дәстүрлі 15-ші Александр Холландер курсына сіздердің келулеріңізді үлкен ілтипатпен қарсы алу мен үшін зор абырой. Бұл аса маңызды ғылыми оқиға Қазақстанда бірінші рет өткізіліп отыр. Мен 15- ші халықаралық курстарды өткізу мүмкіндігіне Ортаазиялық аймақта орналасқан ірі және жылдам дамып келе жатқан білім және ғылым орталықтарының бірі, Қазақстан Республикасының жаңа елордасы Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ие болғанына өте қуаныштымын.
Қазір Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасындағы алдыңғы қатарлы ғылым және білім беру мекемелерінің қатарында тұр.
Университетіміздің негізгі міндеті студенттерге уакыт талабына сай және бәсекеге қабілетті білім беру және ғылымның әртүрлі салаларында алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылады. Университетіміз мемлекеттің жоғары деңгейде дамуына өз үлесін қосып, экономиканың барлық салаларында қызмет жасайтын жоғары білікті мамандар дайындап келеді.
Студенттер және жас ғалымдарға өздерінің зерттейтін пәндері бойынша лекциялар оқып, семинарлар өткізу үшін арнайы шақыруымызды қабыл алған халықаралық ғылыми қоғамдастарға танымал болған мамандарға шын жүректен алғысымызды айтамыз. Сонымен қатар осы курсты өткізуді қолдағаны үшін қоршаған ортаға көп ықпал жасаймыз.
Ортаның мутагенезі бойынша Халықаралық Қоғамдар Ассоциациясының Холландер комитетіне алғысымызды білдіреміз. Сіздердің ынта-жігерлеріңіздің, сіздердің ғылыми жаңалықтарыңыздың және өздеріңіздің ең соңғы ғылыми нәтижелеріңізбен бөлісетіндеріңіздің арқасында курстың жемісті өтетініне күмән келтірмеймін.
Курстың ұйымдастыру комитеті атынан біздің курсқа қатысушылардың осындай аса маңызды ғылыми жиынға қатысқаны үшін тағы да алғыс білдіреміз. Біз қызықты лекциялардың, пайдалы сөзталастар мен талқылаулардың және лекциялардағы жемісті жұмыстардың куәсі боламыз деп сенемін. Сонымен қатар осы курстар профессорлар мен студенттердің арасында творчествалық және конструктивті өзара байланыс құрылуына бұрын-соңды болмаған мүмкіндік беруге тиіс.
Еуразия ұлттық университетінің қабырғасында өтетін 15-ші халықаралық Александр Холландер курстары ең жоғары деңгейде қызықты және тәжірибе жүзінде лайықты болатынына сенемін.