• Tidak ada hasil yang ditemukan

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БАҒЫТЫНДА АРНАЙЫ КУРСТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БАҒЫТЫНДА АРНАЙЫ КУРСТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ»

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БАҒЫТЫНДА АРНАЙЫ КУРСТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Сыздыкбаева Б. М. Нурахметова А.К.

№37 мектеп –гимназиясы, Семей қаласы. Толеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп, Астана қаласы.

Бағдарлы оқыту - оқушылардың қызығушылық бағытындағы қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте ие болуға тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқыту. Ұсынылып отырған мақалада бағдарлы оқытудың жаратылыстану - математикалық бағытындағы арнайы курста аналитикалық химияны бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың іс - шараларының жұмыс жоспарлары берілген. Тандау курстары бойынша бағдарлама және оқушылардың 12 баллдық бағалау жүйесінде тәжірибе негізінде жасалған жұмыстар үлгісі оқушының жеке бағалау ведомосі мен бағалау мониторингісін қолдану оқушының жеке даму траекториясын анықтауға мүмкіндік береді.

11сынып Аналитикалық химия Барлығы 17 сағат

Жалпы орта білім беретін жаратылыстану - математикалық бағдарлы мектепке арналған таңдап оқытылатын курс бағдарламасы.

Түсініктеме.

Аналитикалық химия - бұл заттардың химиялық, фазалық құрамын, бізді қоршаған бұйымдар және материалдардың құрамына кіретін молекулалардың құрылымдық, кеңістік құрылысын аңықтайтын әдістер туралы ғылым.

Сонымен қатар, аналитикалық химияның мақсаты-анализдің, аналитикалық әдістердің теориялық негіздерін жан - жақты және кеңінен зерттеу, әр түрлі ортада элементтер мен олардың қосылыстарының болу формаларын, агрегаттық күйін оқып үйрену, координациялық қосылыстардың тұрақтылығын және құрылысын, құрамын аңықтау, заттардың термиялық, магниттік сипаттамаларын зерттеу. Аналитикалық химияның теориялық негізін жаратылыстанудың іргелі заңдары құрайды, олар : заттың массасы және энергия сақталу заңы; зат құрамының тұрақтылығы; әрекетесуші массалар және эквиваленттер заңы; Д.И.

Менделеевтің периодтық заңы; А.М. Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы. Бұл арнайы бағдарламаның мақсаты-оқушыларды арнайы аналитикалық химиянын барлық деңгейінің мазмұнымен таныстыру.

Сандық, сапалық анализ, қышқылдық - негіздік титрлеу әдістері, тотығу - тотықсыздану әдістері, потенциометрия, йодометрия және оларды

(2)

«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ»

практикада қолдануға мысалдарды оқытуда білімді тереңдетіп, элементтермен қосылыстардың қасиеттері ӛзгеруінің жалпы заңдылықтарын аңықтау және оқытудың политехникалық бағытын күшейту.

Бағдарламаның бұлай құрылуы оқытудың мақсаты мен қойылған міндеттерге жетуге мүмкіндік береді. Бағдарламадағы зертханалық жұмыстар университеттің зертханасында ӛткізіледі. Біраз дағдыланғаннан кейін оқушылар оқулықтар мен оқу құралына сүйене жұмыс істей береді.

Аналитикалық химияның барлық деңгейінің мазмұны туралы оқушыларға ұғым қалыптастыруға үлкен ықпал етеді. Оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылығы мен шығармашылық қабілетін дамыту болашақта кәсіптік білім беру мекемелеріне бағытала отырып, мамандық тандауға кӛмектеседі.

Теориялық бӛлімінде оқылатын тақырыптар:

І тарау. Анализдің негізгі принциптері -1 сағат

Аналитикалық химия міндеттері. Аналитикалық химия даму кезендері.

Д.И. Менделеевтің периодтық заң және физико-химиялық әдістері туралы ұғым.

ІІ тарау. Ерітіндідегі реакциялардың жалпы сипатамасы-2 сағат

Химиялық жүйелер туралы ұғым. Реакцияның жүру жағадайы.

Термодинамикалық тепе - тендік.

ІІІ тарау. Қышқылдар мен негіздердің иондық теориясы-3 сағат

Қышқылдар мен негіздердің протоллитік теориясы. Буфер ерітінділер.

Тұздар гидролизі.

IV тарау. Сапалық анализ туралы ұғым-2 сағат

Сапалық анализдің негізгі принциптері. Тамшылық әдіс.

Бӛлшектеу анализі.

V тарау. Мӛлшерлік анализ-2 сағат

Аналитикалық таразы. Аналитикалық таразыда жұмыс істеу ережелері.

Мӛлшерлік анализдегі есептеу ережелері.

VI тарау. Гравиметриалық анализ-2 сағат

Гравиметриалық анализ әдістерінің жіктелуі. Тұндыру әдісі. Ӛлшеу.

Еріту. Сүзу.

VII тарау. Титриметриялық анализ-5 сағат

Титрленген ертінді дайындау. Титриметриялық анализдегі есептеулер.

Қышқылдық-негіздік титрлеу. Потенциометриялық титрлеу. Йодометрия.

Cарамандық сабақтар:

1 Тұнбаға түсу әдістері.

2 Кӛлемдік анализ. Титрлеу ережелері.

3 Стандартты ертінділер дайындау.

4 Қышқылдық - негіздік титрлеу.

5 Тотығу - тотықсыздану әдісімен титрлеу [1-3].

Жасыратыны жоқ, мектептің химия курсы ғылым мен техниканың дамуынан әлде қайда арытта қалып келеді. Осыған орай сабаққа іріктеп алынған жаңалықтарды сабақты қиындатпай қонымды етіп ендіріп отыру

(3)

«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ»

мұғалімнің басты міңдеті. Мұғалімнің негізгі мақсаты оқушыларды бағдарлама бойынша біліммен, химия теориясымен, заңдармен, ұғымдармен, қаруландырып отыру, қазіргідей ғылыми түсінік беру, сабақта оқылатын материалдарды ӛндіріс пен ӛмір тәжірибесі мен тығыз байланыс болуын кӛздейді. Оқушылар химиялық реакциялар мен байқау тәжербиелер арқылы ғана емес, ӛндірістік жағдайлармен таныстырылып отырады. Бүгінгі оқушыларды еңбекке тәрбиелеу - химия сабағындағы еңбекпен ұштасып, кәсіптік бағдарға бейімделіп-құрылуға тиіс. Бейімдік оқытуға кӛшу келесі негізгі мақсаттарды кӛздейді:

 Жалпы толық білім беру бағдарламасының жеке пәндерін терең зерттеуді қамтамасыз ету;

 Оқушылардың жеке білім беру бағдарламасын құрудың кең және икемді мүмкіндіктері бар;

 Жоғарғы сынып оқушылардың оқытудың мазмұнын дифференциялауға жағдай жасау;

 Әр түрлі топтағы оқушылардың қабілеті, жеке бейімділіктері, қажетіліктеріне сәйкес толыққанды білім алуға тепе - тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

 Оқушылардың әлеуметтену мүмкіндіктерін кеңейту, жалпы және кәсіби білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, мектеп түлектерін жоғарғы кәсіби білім бағдарламасын меңгеруге дайындау.

Осылайша, жоғарғы сынып оқушыларының, жеке мүмкіншіліктер мен қажетіліктерін ескере отырып, жоғарғы оқу орынға даярлайтын бейімдік дифференция, қазіргі мектептердегі оқытудың сапасын кӛтеру мәселесін шеше алады.

Бағалау – оқытудың сапасын ӛлшеу процессі болса, баға-ӛлшеу нәтижесі.

Таңдау курстарында баға қойылмайды, дегенмен курс барысында оқушының іс-әрекетін бағалау қажетілігінің туатындығы анық. Олай болса, біз ӛз тәжербиемізде таңдау курстары бойынша тӛменділігіндей бағалау жүйесін еңгіздік. Оқушының оқу курсы бойынша даярлық мүмкіндігін үш деңгейде 12 баллдық жүйеде бағаладық.

оқушының пәндік қабілеттілігінің І деңгейі ( базалық 1-4 ұпай)

Оқу пәні бойынша ақпараты хабарлы болу дәрежедегі деңгейде болу.

оқушының пәндік қабілеттілігінің ІІ деңгейі (алгоритімдік 5-8 ұпай) Оқу пәні бойынша пәндік сауатылық дәрежедегі деңгейі.

оқушының пәндік қабілеттілігінің ІІІ деңгейі (шығармашылық 9-12 ұпай) Оқу пәні бойынша оқушының ерекше ізденістік шығармашылық дәрежедегі деңгейі.

Әр деңгейдің тапсырмаларын орындағанына сәйкес ұпай беріледі.

Тандау курстарының әрбір тақырыбы бойынша жоғарғы деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы кӛбірек ұпай жинап, жоғарғы деңгейде болуына мүмкіндік туады да, дамыта оқыту принципі жүзеге асырылады [4- 6].

(4)

«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ»

Енді оқушыларды бағалау процесіне келейік: ұпайы әр деңгейдегі тапсырмаларды орындау дәрежесі оқушының жеке ведомосында белгіленеді.

Бірінші кестеде (+) белгіленеді. Жинаған ұпайларын оқушылар сабақ сонында екінші кестеде нүктемен белгілеп отырады. Осы нүктелердің арасын түзу сызықтарымен біртіндеп қосса, график шығады. Ол оқушының даму мониторингісі деп аталады. Оқушынының даму мониторингі, оның жеке басының қабілетіне қарай тақырып бойынша игерген білім сапасының объективті сипатын кӛрсетеді. Осы жағдайда оқушының даму деңгейі, басқалармен емес оның кешегі мен бүгінгі ӛз білім деңгейін салыстыру арқылы аңықталды. Сондықтан, ол оқушылардың табиғи жолмен кәсіптік бағдар және оның қабілетіне сай келетін бағытта білім алуына еркі болып, оны іске асыруына мүмкіндік алады. Оқыту ісі осындай жолға қойылғанда оқушының білімінде іс жүзінде еш қандай алақуалық болмайды. Әдете адам бір нәрсені жақсы меңгерсе, осы сала бойынша ӛз танымын одан ара кеңейте түсуге талпынысын арттыра түсетіні белгілі.

Бағдарлы оқытудың мақсаты жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сатысында оқушыларды даралап оқытуға, оның әлеуметтенуіне және мектептің жоғарғы сатысын орта және жоғарғы кәсіптік білім беру мекемелерімен сабақтасына бығытала отырып :

оқушылардың танымдық қызығушылығы мен шығармашылық қабілетін дамыту.

саралап оқыту негізінде ӛзіндік оқыту іс әрекет дағдыларын қалыптасу міндеттерін шешеді.

Жаратылыстану пәндер бойынша бағдарлы оқыту «Қазақстан Республикасының 2010 жылдарға дейінгі даму жоспарында» кӛрсетілген адамзат дамуын қамтамасыз ететін ұлтық білім беру жүйесін құру және оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру мақсатын жүзеге асыруға септігін тигізері сӛзсіз[7].

Қолданылған әдебиеттер:

1. Құлажанов Қ.С. Аналитикалық химия. – Алматы, 1994.

2. Золотов Ю.А. Очерки аналитической химии. -М.: Химия, 1997.

3. Астафуров В.И. Основа химического анализа. Для учеников 10-11 классов.

– М.: Химия,1977.

4. Бекішев Қ. Оқушыларды қалай олимпиадаға даярлауға болады. – Алматы, 2006.

5. Информ. – методич. журн. Открытая школа № 10, 2006. 3-16 бет.

6. Информ. – методич. журн. Открытая школа №9, 2006. 3-8 бет.

7. Респ. науч-педагог. журн. Қазақстан мектебі № 11,2005. 127 бет.

Referensi

Dokumen terkait

И.А.Артемьев әлеуметтік серіктестік жағдайында орта жалпы және орта кәсібіи білім берудің интеграциясы мәселесін зерттей отырып, Ресей Федерациясындағы әлеуметтік серіктестіктің даму

35 Кейінгі жылдары жалпы орта білім беруді реформалауды қолдауда кӛптеген келелі жұмыста істелінуде: орта мектептерді ком-пьютеризациялау және оқу үрдісіне ақпараттық технологияны

Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп - жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі, яғни мәдени саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған, баланың жеке басының дамуына педагогикалық

Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдерімен әртүрлі құралдарын

Жоғары кәсіби білім беру жүйесіндегі қазіргі өзгерістер болашақ мамандардың жеке және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жалпы және кәсіби құзыреттіліктерді

Мақсаты: Жалпы және кәсіптік аурушаңдықты төмендету бойынша шараларды ұйымдастыру бойынша білімділікті қалыптастыру, алдын алу шараларының нәтижелігін бағалау бойынша дағдыларды

Бҥгінгі кҥні білім беру жҥйесін ақпараттандырудың мақсаты – заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шаттарына сәйкес студенттерді тҧрмыстық қоғамдық және кәсіптік ӛмір салаларына

Мультимедия бағдарламаларын қолдануының негізгі білім саласындағы аймақтары:  Дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістерді қолданатын білім беру орталықтары, оның ішінде әртүрлі обьектілерді