• Tidak ada hasil yang ditemukan

Кенттелу-урбандалу динамикасының иммитациялық моделі

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Membagikan "Кенттелу-урбандалу динамикасының иммитациялық моделі"

Copied!
7
0
0

Teks penuh

(1)

КЕНТТЕЛУ-УРБАНДАЛУ ДИНАМИКАСЫНЫҢ ИММИТАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛІ

(Астана қаласы мысалында) А.Қ. Болысбек

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: [email protected]

Әлем дамуының негізгі басымдылығы қазіргі таңда мемлекеттердің кенттелу мен урбандалу дамулары және олардың экономикалық кӛрсеткіштерінің қарқынды ӛзгерісіне тәуелді болып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «... жаһандық он сын қатерлер қатарында жаһандық демографиялық теңгерімсіздік пен үшінші индустриялды революция алып отыр», - деп атады [1]. Осы сын қатарлердің алдын алуда елбасы ұзақ мерзімдік стратегиясында халықтың экономикалық белсенділігін арттыру, әлеуметтік тұрмыстық жағдайының жоғарылату, адам капиталының жақсаруы мен ғылыми- техникалық, инновациялық дамыған, тұрақты үнемді экономиканы негізгі бағыт ретінде қарастырды. Аталған басымдылықты бағыттарды дамыту үшін еліміздің тұрғын ауылдары үшін кенттену, ал үлкен қалалары үшін тиімді урбандалу, яғни мегаполисқа айналдыру саясатын ұстану керек. Бұл еліміздің әлемдік деңгейде бәсекелестігін күрт арттыратыны айқын. Сондықтан, кенттену-урбандалу динамикасының алдағы, мәселен 40-50 жылдардағы өзгерісінің иммитациялық моделі жоғарыда аталған стратегиялар мен бағдарламаларды іске асыруда дұрыс шешім қабылдауға кепілдік беретіні айқын.

Бұл ретте, иммитациялық модельдеу үлгісі ретінде Ресейдің «Экс Джей Технолоджис» компаниясы құрған “Anylogic” бағдарламасы таңдалды.

Яғни “Anylogic” бұл кез-келген дискреттік оқиғалы, жүйелік динамикалық және агенттік бағдарланған үдерістердің иммитациялық моделін жасауға бірден-бір тиімді соңғы үлгідегі жаңа буынды объекті бағдарланған IT технологиялы қолданбалы бағдарлама [2]. Ал жұмыстағы міндеттерді жүзеге асыру үшін осы аталған бағдарлама ортасында құрылған «Urban Dynamics Agent Based» иммитациялық моделі негізге алынды [3].

(2)

Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық модернизациялаудың ӛзекті сұрақтарының бірі Қазақстан Республикасының жаңа астанасы – Астана қаласының урбандалу динамикасы және оның келешектегі ӛзгерісі. Мәселен, 2012 жылғы 1 қаңтарға қала тұрғындары 742,9 мың, ал тұрғындардың тығыздығы – 1 шаршы км-ге шаққанда 1029,0 адамды құрады. Сондай-ақ, Астана қаласы тұрғындарының кӛші-қоны арасындағы айырым 31135 адамды кӛрсетті.

Астана қаласында пәтерақы мен жолақыларының жоғары болуынан тұрмысы орта тұрғындардың ұзақ уақыт қоныстануына мүмкіндігінің аз болуы тӛменгі кӛрсеткішті кӛрсетудің негізгі себебіне айналып отыр. Табиғи ӛсімнің серпіні 14 654 адамды құрайды, тӛменгі қарқынмен демографиялық ӛсімнің жылжуы қаланың географиялық тиімсіз орналасуына байланысты жалпы ӛлімнің 40%-ы қан айналымы жүйесі ауруларымен ауыратын адамдарды құрап отыр [6]. Сондай-ақ, қалада статистикалық мәліметтер бойынша 511 ӛнеркәсіп бар және ӛндірісінің кӛлемі 177,4 млрд теңге. Кӛлік жалпы түрлері бойынша жүк тасымалдау және жүк айналымы 5 826,6 км, ал жалпы 97,2 млн тонна.

Қала тұрғындарының динамикалық ӛзгерісі болашақта толық инновациялы модернизацияланған орталық болуына байланысты халықаралық симпозиумдар, конференциялар, саммиттер, семинарлар, тренингтер ӛткізіліліп, 2020 жылға дейін осы факторлар негізінде біршама жоғарлайтыны айдан анық.

(3)

Ескертпе: нәтижелер «Экс Джей Технолоджис» компаниясының ресми сайтынан алынған [3].

1-сурет - «Urban Dynamics Agent Based» моделі мен Астана қаласы статистика мәліметтері негізінде құрылған урбандалу динамикасының

2013 жылғы иммитациялық моделінің нәтижелері

Қарастырылған иммитациялық модель кӛрсеткендей адамның еркін және мобильді болуының негізгі себебі жолақы мен пәтерақы шығындарының тӛмен және еңбекақысының айырмашылығы негізгі себеп болып отыр. Ӛйткені, тұтыну қоржынының бағасының шамасы еңбекақының жоғары не тӛмен болуына, ал пәтерақы мен жолақының бағасы қаланың қандай гоеграфиялық ортада орналасуына тәуелді болып отыр. Мәселен, 2050 жылы тұрғындар қаланың бір ауданынан екінші ауданына аталған себептерге байланысты кӛші-қонуы және соған байланысты тұрмыстық деңгейдің жақсаруы әбден мүмкін.

Модельде урбандалу ӛңірі (мәселен, Астана қаласы болашақта) 5 ауданға бӛлінген. Онда ӛңірдің кенттелу немесе урбандалу динамикасы уақытқа тікелей байланысты ӛзгеретіні айқын. Сондай-ақ, кенттену- урбанбалудың негізгі факторлары ретінде тұрғындардың тығыздығы, ӛнеркәсіптің ӛркендеуі және тұрғындардың ӛзге де әлеуметтік-экономикалық индикаторлары, мәселен, пәтерақы, жолақы және тасмалдау қозғалыс құралдары, қоғамдық кӛліктері қарастырылады. Ал, модельде белсенді объект қаласы ретінде тұрғындар мен ӛнеркәсіптер алынған. Сонымен қатар, әр ӛңірдің ӛз ерекшеліктеріне байланысты ӛмір сүру деңгейі мен экономикалық дамуында абсолютті және салыстырмалы айырмашылықтары болатыны белгілі.

Жаһандық тәжірибе әлеуметтік-экономикалық даму стратегиялар мен бағдарламалар кӛздеген мақсатына жетуі үшін мемлекетте дұрыс жоспарланған урбандалу деңгейі мен оның үйлесімді динамикасы болу керектігін дәлелдеді. Яғни, халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті ел болып қалыптасудың негізгі шарты халықтың икемді урбандалу дәрежесіне тәукелділігінде болып отыр.

(4)

Ескертпе: Бұл нәтижелер «Экс Джей Технолоджис» компаниясының ресми сайтынан алынған [3].

2-сурет - «Urban Dynamics Agent Based» моделі мен Астана қаласы статистика мәліметтері негізінде құрылған урбандалу динамикасының

2020 жылғы иммитациялық моделінің нәтижелері

Себебі, экономиканың негізгі қозғаушы күші адам капиталының, ӛнеркәсіптің, қоғамдық кӛліктің дамыған орталығы қала болып есептеледі.

ҚР 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелi индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi тетiгi Қазақстанды индустрияландыру картасы болып табылады. 2010- 2012 жылдары ішінде жалпы 2,1 трлн. теңге сомасына барлығы 537 жоба іске қосылды, тұрақты жұмыс орнының саны - 57 мыңнан астам [4]. Жобалардың басым бӛлігі қала аумағында шоғырланған. Сондықтан, «Urban Dynamics Agent Based» иммитациялық моделінің ағымдағы 2013 жылдағы кӛрсеткішін мысалға алайық.

Үлгі кӛрсетілгендей урбандалу деңгейі географиялық қолайлыққа байланысты батыс, оңтүстік, орталықта тығызырақ, ал оңтүстік-шығыс пен солтүстік-шығыс аудандарда тиісінше сирек орналасқан. Ал Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайында жалпы халықтың басым шоғырлануы

(5)

оңтүстік, батыс, орталық және сирек қоныстану тиісінше шығыс пен солтүстікте байқалады. Модельде осы уақыт ағымында халықтың тұрмыс деңгейінде айтарлықтай ахуалдар бар. Мұнда ӛнеркәсіп орташа қалыпта динамикалық даму үстінде және мобильді қозғалыстың басым бӛлігі қоғамдық кӛлік болып отыр. Халықтың осы факторларға байланысты кӛші- қоны білінбейді. Және бұл кӛрсеткіштер Қазақстанның қазіргі жағдайымен сәйкес келеді.

Аталған мақсатты ескере отырып келесі соңғы үлгідегі динамикалық өзгерістегі экономикалық үлгілер құрастыратын

«Anylogic» бағдаламасында жасалған молдельдің шетелдің зерттеу орталықтарынан өткен «Urban Dynamics Agent Based» иммитациялық моделінің 2050 жылғы кӛрсеткішіне кӛз жүгіртсек.

Қазір нақты ӛмірдің ӛзінде әлем елдерінің басым бӛлігі жоғарғы урбандалу ӛңірі ретінде елдің оңтүстіктегі ӛңірлерді таңдайды, соның бірі Канада елі. Жоғарыда қарастырған иммитациялық модельдер негізінде тек қана Астана қаласы емес, Қазақстанның барлық ӛңірлері үшін де жалпылай аламыз. Шынында, ұзақ мерзімдік урбандалу динамикасын анықтайтын иммитациялық модель кӛрсеткен нәтиже бойынша тұрғындардың оңтүстік ӛңірлеріне кӛші-қонуы ықтималдығын ескере отырып, еліміздің болашақтағы кенттену-урбандалу ӛңірлерін белгілеп алуға болады. Мәселен, ол ӛңірлер ретінде Қазақстанның Оңтүстігі, Түркістан, Ордабасынан бастап Жамбыл облысы ӛңірі, сондай-ақ Шу-Талас, Мерке, Рысқұлов аудандары, сонымен қатар, Алматы облысы ӛңірі, Шелек, Алматы, Қаскелең кенттерін алуға болды.

Осы аталған кенттелу-урбандалу мекен-жайлар әрбір 40-50 км сайын тұрғындары 30-40 мың болатын кенттерімен шоғырланып урбандалу үдерістерін дамытуға болады. Себебі, осы ӛңірлерде модельде кӛрсеткендей адамдардың кӛшіп-қонуына ықпал ететін факторлар бар. Яғни, пәтерақы, жолақының тӛмен болуы, әрі халықтың денсаулығы мен табиғи қорлардың құнарлығына байланысты ӛзінің жеке шаруашылықпен айналысуға ӛте тиімді экономикалық аймақ болып есептеледі.

(6)

Ескертпе: Бұл нәтижелер «Экс Джей Технолоджис» компаниясының ресми сайтынан алынған [3].

3-сурет. «Urban Dynamics Agent Based» моделі мен Астана қаласы статистика мәліметтері негізінде құрылған урбандалу динамикасының

2050 жылғы иммитациялық моделінің нәтижелері

Білім, ғылым, кәсіптік біліктілікті қалыптастыратын Жоғарғы оқу орындарының негізгі орталығы, зерттеу ошақтарын осы аймақта шоғырландырып дамытуға болады. Сонымен бірге, бір отбасыда мүмкіндігінше екі-үш адам бастапқы жалақысы жоғары бірақ, пәтерақы мен жолақысы қымбат ауданда (Батыс, Орталық, Солтүстік) вахталық уақыт бойынша жұмыс жасай алуына мүмкіндік бар. Сондықтан, еңбекақының жоғары болуына байланысты жұмысшының табысы ӛзіне және ӛзге аудандағы жанұясын еркін қамтамасыз ете алады және жиі еркін мобильді қозғалыс нәтижесінде қалааралық транспорт тиісінше қол жетімді болады.

Тиімді кенттелу-урбандалу картасын құрастыру арқылы жасалып жатқан мемлекеттік бағдарлама мен стратегиялардың іске асырылып, халықтың әл- ауқатын жоғарлата алатын жаңа жүйенің келуіне қол жеткіземіз.

Әдебиеттер:

1. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауы //Егемен Қазақстан, Астана 12 желтоқсан 2012 ж.

(7)

2. Киселева М. В. К44 Имитационное моделирование систем в среде AnyLogic: учебно- методическое пособие //М.В. Киселѐва. Екатеринбург:

УГТУ - УПИ, 2009. 88 с.

3. Urban Dynamics Agent Based Simulation Model - Multimethod Simulation Software Tool AnyLogic, Ознакомительная версия. URL:

http://www.xjtek.com/anylogic/demo_models/48/

4. Қазақстан Республикасында Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жӛніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын мониторингілеу бойынша есеп. URL:

www.mint.gov.kz

5. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы//

«Президент және Халық, Астана. URL: www.pr-hal.kz

6. Керімханов Г.М. Астана 2011 жылы //Астана қаласының Статистика департаменті, 2012. - 49б. URL: http://www.astana.stat.kz.

Referensi

Dokumen terkait

Сурет 1 – Қазақ халық педагогикасында жеткіншектерді дәстүрлі еңбекке тәрбиелеу моделі Кесте 6 - Қазақ халқының дәстүрлі ауыл шаруашылығы, қолөнер, тұрмыстық еңбектеріндегі ер бала мен