• Tidak ada hasil yang ditemukan

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы №3 (82) 2011

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Membagikan "Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы №3 (82) 2011"

Copied!
4
0
0

Teks penuh

(1)

70 71

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы №3 (82) 2011

2. Бусыгина И.С. «Дидактические условия повышения эффективности усвоения студентами истopико- педагогических знаний» Дисс... канд. пед. наук. Екатеринбург, 1998. - 125 с.

3. Закирова И.А. Региональный компонент гуманизации образования в высшей технической школе.

Дисс... канд. пед. наук. Казань, 1998. -125 с.

4. Бим И.Л. Методика обучения иностранным языкам, как наука и теория школьного учебника. – М.:

Русский язык, 1977. -С.198.

5. Тамбовкина Т.Ю. О некоторых принципах построения интегрированного курса «Иностранный язык и регионоведение» // Иностранные языки в школе, 1996. -№5.

Поступила в редакцию 12.02.2011.

Г.З. ТАЖИТОВА

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ӨЗІНДІК ЖҰМЫС АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

This article reviews the issues students’ development of creative abilities in the process of individual work. This will help to form students’ professional skills and new creative ideas.

Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлау ісін қайта қарау, оның мазмұны мен құрылымын өзгертуді ғана талап етпей, сонымен қоса оның бүкіл бағдар бағытын түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Себебі, қай саладан болса да өз мамандығының шебері, өздігінен ізденуге мүмкіндігі бар, шығармашылық қабілеті жоғары маман даярлау мәселесі қазіргі заманның басты талабына айналды.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «...білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» атап көрсетілген [1]. Осы тұрғыдан келгенде, кәсіптік білім берудің негізгі мақсаты - жаңа қоғамға лайықты сапалы да, саналы тұлға, өз мамандығын сүйетін, оның кез келген сұрағына жауап бере алатын және әрі қарай дамытатын маман даярлау.

Студенттердің шығармашылық қабілетін дамытудың жолдарының бірі – білім беру үрдісінде олардың өзіндік жұмыстарын күшейту. Сол себептен де шығармашылық қабілетті дамытуда өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруды негізгі мәселелерінің бірі ретінде қарауға тура келді. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру арқылы олардың дербес жұмыс істеу дағдыларын арттыруға, оның нәтижесінде өз ой-пікірін құрастырып, әр іске шығармашылықпен қарауға жағдай туады.

Өзіндік жұмыс үнемі оқытушының жол сілтеуімен, басшылық жасауымен ғана орындалып қана қоймай, соңғы кездегі тиімді жаңа технологиялар тұрғысынан алғанда бүгінгі студенттің, ертеңгі маманның жеке тұлғалық және шығармашылық қабілетін қалыптастыратындай деңгейге көтерілуі оның түрлерін, ұйымдастырылу жолдарын, қолданылатын әдістерді, олардың беретін нәтижесін педагогикалық тұрғыда теориялық және практикалық тұстарын жан-жақты зерттеуді және зерттеу нәтижелерін тәжірибеде қолдануды керек етеді.

Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында білім берудің кредиттік жүйеге көшуімен байланысты студенттердің шығармашылық әрекетін, білімді өздігінен ізденіс арқылы табудың жолын, жалпы педагогикалық принциптерді басшылыққа алу біліктіліктерін көтеру мәселесі қойылып отырғандықтан, білім беруді ұйымдастырушы-оқытушы мен білім алушы-студенттер арасындағы қарым-қатынас дәрежесі мүлдем басқаша жаңа деңгейге көтерілді. Осының негізінде оқыту әдістері мен оқу әрекеттері түрленіп, өзіндік жұмыстың құрылымы да, мазмұны да, оны ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық мақсаты да кешенді түрде өзгеріске ұшырады.

Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Кейбір адамдар білім игеруде, іс-әрекетті меңгеруде, оны белгілі үлгіде жүзеге асыруда жоғары іскерлік көрсетеді. Ал басқа адамдар жаңа туынды жасауға жақын тұрады. Бірақ репродуктивті әрекеттің қандай түрінің де шығармашылық элементі болады, ал шығармашылық әрекетке репродуктивтік қызметтің қатысы болады. Тіпті өте дарынды адамдардың өздері де өмір жолын біреуге еліктеуден, үйренгеннен, тек тәжірибеге ие болғаннан кейін ғана шығармашылық қабілетін дамытқаны белгілі.

«Шығармашылық» ұғымының мазмұны «шығару», «іздену», «жаңаны ойлап табу» деген мағынаны білдіреді. Ол, жаңалық ашатын адамның әрекетінен, адамның мақсатқа бағытталған қызметіндегі ізденімпаздығы мен белсенділігінен, табандылығы мен жігерінен құралып, ақыл-ойы мен сезімінің, креативтілігінің бірегейлігінен туындайды.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде шығармашылық проблемасы шығармашылық қабілет пен ақыл-ойдың өзара әрекеттестігі тұрғысынан қарастырылып, дербес фактор немесе дивергенттік ойлаумен тікелей байланысты іс-әрекет түрінде көрсетіледі. Осыған орай, «шығармашылық қабілет» туралы айтқан кезде «шығармашылық іс-әрекет», «шығармашылық орта», «шығармашылық қызығушылық»,

«шығармашыл қиял» ұғымдары қоса айтылады. Сондай-ақ, ес, ойлау, елестету ұғымдары шығармашылық

әрекеттің алғышарттары ретінде сипатталады. «Шығармашыл ойлау» жаңа идеяларды туындатуға бағытталады, оның нәтижесінде қандай да мәселе, проблеманың соны, қайталанбас шешімі табылып, не бұрыннан бар шешімнің жетілген әдісі жүзеге келеді. Шығармашыл ойлау барысында танымдық іс әрекеттің төркін, мән мағынасына, құнына, мақсатына сай жаңа ой пікір құрылымдары пайда болады. Бұл арада іске асатын жаңалықтың екі түрін айыра білу қажет:

1) Жалпы болмыс заңдылықтарына бейімделген, ғылымда бұрын болмаған объективті жаңалық;

2) Нақты тұлға ой өрісінен бастау алған субъективті жаңалық:

Шығармашыл ойдың дамуына көптеген факторлар кедергі келтіреді. Олар:

1) Шектен тыс сыншылдық 2) Шешім іздеудегі асығыстық 3) Ішкі шек қоюшылық

4) Регидшілік ескі білімдерді қолдануға әуесқойшылық

5) Конформизм сырт көзге мазақ болу қаупінен туған тартыншақтық

Шығармашылық іс-әрекет шығармашылық ортада орындалады және оның орындалу нәтижелілігін шығармашылық қабілеттер анықтайды, шығармашылық ортада тұлғаның шығармашылық қызығушылығы, белсенділігі, танымдық ізденімпаздығы артып, шығармашылық қабілеті дамиды.

Әдетте, шығармашылық қабілеттің дамуы мектеп жасында анық көрініс береді. Мектеп жасы, яғни оқушылық кезең – психофизиологиялық функциялардың жан-жақты даму кезеңі. Бұл кезеңде, оқушылардың қоршаған орта құбылыстарына баға беруге көзқарасы қалыптасып дағдыланады, өзгелерге сын айта білу деңгейіне көтеріледі, танымдық қызығушылығы, зерттеушілік-ізденімпаздық белсенділігі артады, шығармашылық іс-әрекетке қабілеттілігі туындайды.

Жоғары оқу орындарында студенттерді шығармашылыққа баулуда олардың бойында болашақ маманның шығармашылық қасиеттерінің болуына көп көңіл бөлеміз.

Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығына өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйін, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін нығайтып, өмірде өз орнын табуға көмектеседі.

Шығармашылық - бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі [1].

Шығармашылық - төмендегідей ерекшеліктермен сипатталатын адам әрекеті:

- шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы;

- әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;

- шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;

- шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;

- нәтиженің жаңалығы, соңылығы.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жеке тұлғаның қалыптасып, дамуы үшін жаңа талаптарды қажет етеді. Уақыт табандылығының қажеттілігі, адамзаттың шығармашылық қабілеттерінің дамуында, кез келген қызмет саласындағы мақсаттардың дәстүрден тыс жолдарын іздеу, қоғамның әрбір мүшесінің зиялылық мүмкіндігін арттырумен қатар, барынша шығармашылық белсенділігін оятып, оның дамуына алып келеді.

Бұл салада зерттеу жүргізген бірқатар психологтар «шығармашылықты алған білімінің шегінен шығу, жеңу» деп анықтап отыр. Оқушылардың шығармашылығы, шығармашылық белсенділігі, шығармашылық қабілеті және оның дамуы психология, философия, педагогика зерттеулерінде аса күрделі мәселелер болып табылады. Сондықтан «шығармашылық белсенділік» түсінігін анықтауды «шығармашылық»,

«креативтілік», «шығармашылық процесс» және «шығармашылық қабілет» терминдерін қарастыруды ұсынады. Шығармашылық табиғатының мәселелерін сипаттау барысында шығармашылықтың бұрын бекітілген, қалыптасқан түсініктерін атап өткен дұрыс деп есептейміз. «Шығармашылық» кең мағынада

«іс-әркеттің белгілі бір жаңа сапасының туындауы және ешқашан бұрын қайталанбаған» деген мағынаны білдіреді. Ол дамудың адамзат үшін сипатталатын және «диалектикалық процестің жоғарғы сатысын көрсететін» өзіндік түрін ұсынады.

Зерттеуші С.А. Кузнецов «щығармашыл» түсінігін «шығармашылық» сөзіне қолданып, шығармашылық процесс, суретшінің шығармашылық жолы деп есептейді [2]. Мысалы, қабілетті адамның шығармашылық ойлауымен, шығармашылық жоспарымен, шығармашылық қабілетімен бір нәрсені жасап шығаруы деп есептейді. Сонымен қатар, өз бетінше жаңа бір нәрсені ерекше жасап шығару шығармашылық күш, шығармашылық зиялылық деген ұғымдар туындайды. «Шығару» етістігін біріншіден жасап шығару, шығармашылық процестегі материалдық және рухани байлық (тілді, мәдениетті дамыту (шығару), әдемілікті жасау (шығару) деп айтуға болады. Екіншіден ғажайып, кереметті жасау, зұлымдық, қайырымдылық жасау болып табылады. Басқаша айтқанда «шығармашылық» түсінігі «шығару» жеке шығармашылық, ғылыми, көркем, әдеби шығармашылық деген етістікті білдіреді. Көрнекті психолог Л.С. Выготский шығармашылықты «таңдалған несібе емес, шығармашылық – адамзат болмысының бар болуының қажетті шарттары» деп қарастырады [3]. Адамзат іс-әрекетіндегі екі түрлі іс-әрекетті

(2)

72 73

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы №3 (82) 2011

анықтауға болады. Егер адам бұрын өңделген әдістердің барлығын қайталаса, бұрын қолданылған тәжірибе – ол репродуктивтік іс-әрекет, ал нәтижесінде алдындағы шарттарды қанағаттандырмайтын бұрын қайталанбаған әрекеттерді – шығармашылық, креативті іс-әрекет деп анықтауға болады. Алдыңғы тәжірибенің адам үшін үлкен мәні бар. Ондай іс-әрекеттерсіз қоршаған ортаға икемделе алмайтын еді. Біздің миымыз бұрынғы тәжірибелерді сақтауға қабілетті, бұл оның шектеулі негізі. Күшті немесе қайталайтын қоздырғыштар мида ізін қалдырады, соған байланысты адам репродуктивтік іс-әрекеттерді орындауға қабілетті. Орындаушы іс-әрекеттерінен басқа адамзат жаңа бейне құратын қиыстырушы және шығармашылық іс-әрекеттерді орындауға қабілетті болады.

Шығармашылық процестің негізгі мәні оның мақсатқа ұмтылушылығын және саналылығын анықтау болып табылады. Шығармашылық процесс – жеке тұлғаның шығармашылық қабілетінің сипатына және темпераментіне, сонымен қатар, оның ойлау бағытына, мәдениетіне, білім деңгейі және тәжірибесіне байланысты жүзеге асады. Шығармашылық терең, сыни тұрғыда ойлануды талап етеді. Ол әлеуметтік өмірмен тығыз байланысты. Қоғамдық өмір мен оның түрлі қырлары шығармашылықтың элементтері үшін қажетті қосымша эмоциялық қозғау болып табылады. Шығармашылық түрде ойлау түрлі күрделі тапсырмаларды орындау сәттерінде және оның шешілуіне бағытталған ойлау процестерінің нәтижесінде өзінің бастауын алады.

Жоғары оқу орындарында студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытудың негізгі факторы болып олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, оларға кәсіптік білім беруде болашақ мамандықтарына байланысты қабілеттерін де дамыту аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Шығармашылық қызығушылықты қалыптастырудың қазіргі тұжырымдамасы жаңа парадигмаға сүйенеді, ол әр жеке тұлғаның ынтасы; әр жеке тұлғаның даму мүмкіндіктерінің, оның ішінде оның шығармашылық өзін-өзін дамытуды қажетсінуінен; ішкі еркіндігінің басылымдылығы – сыртқы шығармашылық өзін-өзі дамытудың табиғатын танымдық қызығушылықтың ықпалдастырылған сипаттамасы ретінде түсінуден тұрады.Жеке тұлғаның шығармашылық қызығушылығы – бұл ішкі процесс, адамның орта әсеріне белгілі бір жауап беру тәсілі, өзіндік қарама-қайшылықтар әсерінен және қоршаған ортаға, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде өзінің субъективті қарым-қатынастарын есепке алу негізінде өзін саналы түрде жетілдіруге ұмтылысы.Шығармашылық қызығушылықтың жетекші функцияларына талаптанушылық, танымдық, реттеушілік, рефлексиялық, белсенді өзара қарым-қатынас т.б. жатқызылады. Олар өзін-өзі дамытудың бағыттылығы мен артуын, тұлғалық компоненттердің деңгейін және олардың сабақтастығын айқындайды, адамға өзін жетілдіруге орай дербес әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру - субъект-субъектілік бағдардың шығармашылық әрекетінің ерекше түрі, ол бір жағынан “өзіндік” процестердің “өзін-өзі тану, өзін-өзі айқындау, өзін-өзі басқару, өзін-өзі таныту” қарқынын күшейту мен тиімділігін арттыруға, екінші жағынан, педагог олардың шешімін табу барысында субъектілік бағыт ұстанатындай, тұрақты түрде күрделеніп отыратын проблемалық шығармашылық міндеттердегі қарама-қайшылықтарды шешуге бағытталады.

Шығармашылық қызығушылық – жеке тұлғаның жаңа жағдайда өзекті мәселенің шешімін табуға танымдық бағдары негізінде, психологиялық сапаларын дамыта отырып, білімдік-рухани құндылықтарға жетуге ұмтылысымен сипаталатын және шығармашылық қабілетті дамытуға жетелейтін танымдық сапасы.

Оқу процесінде студенттердің шығармашылық сипаттағы тапсырмаларын жүйелі түрде ұйымдастыру және оны болашақтағы кәсіби бағдарымен сабақтастыра зерттеу оқытушының педагогикалық құзіреттілігіне де байланысты. Өз пәнін жетік меңгерген және оның мазмұнын жаңа біліммен үнемі толықтыра отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуі, өз болмысын терең зерделей отырып, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына өзінің қолтаңбасын қалдыруына, рухани тұрғыда терең түсінуі мұғалімнің ішкі құндылық бағдарына байланысты.

Cтуденттің шығармашыл тұлғасын қарастыру оның көптеген сапалық қасиеттерінен тұрады:

1) Тұлғаның жалпы белсенділігін сипаттайтын қасиеттерін жігерлілік, табандылық, инициативтік, шешім қабылдаушылық, мақсатқа бағыттаушылық, өздігінен жұмыс істей алуы, қажырлылық, оптимизм, сенімділік, тұрақты қызығушылық дамыту тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.

2)Білім алуға қатысты қасиеттер жауапкершілік, ұқыптылық, қызығушылық, еңбексүйгіштік, орындаушылық, байыптылық, ұйымдастырушылық, продуктивтілік, ізденімпаздық және т.б. әрбір шығармашыл тұлғаның бойында табылады.

3) Тұлғаның ақыл ойына қатысты қасиеттер тұлғаның ойлауының кең, сыни тұрғыда, логикалық болуы, ой батылдығы, даму интеллектісі мен деңгейі, эрудиция, интуиция, оқуға қабілеттілігін дамыту шығармашыл тұлғаның ойлау қабілеттерін дамытудағы ең маңызды мәселелердің бірі.

Оқытудың кредиттік жүйесінде ең тиімді және жоғарғы тиімді сабақ берудің бір түрі студенттің өз бетімен жұмыс жасауын ұйымдастыру болып табылады. Ол қазіргі заманғы білім беруде үлкен орын алады, себебі әр студент өз бетінше оқу әрекетінде білім алады, өз бетінше жүмыс істейді.

Жеке өз бетінше жүмыс жүргізуді - оқытушының студенттің белсенді әрекетін үйымдастыру, ол алға қойылған мақсатты арнайы берілген уақыт ішінде орындау, білімді іздеу, оларды түсіну, бекіту, шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру деп түсінеді.

Дидактикалық құбылыс ретінде өз бетімен жұмыс, бір жағынан, оқу жұмысы, яғни студенттің

орындайтын әрекетінің объектісі, екінші жағынан - сәйкес жұмысты туғызатын форма: білімі, ойлау қабілеті, оқу жұмысын орындау кезінде туатын шығармашылық ой.

Демек, өз бетімен жұмыс мынандай белгілері бар оқыту құралы:

- әрбір нақты жағдайдағы меңгеру нақты дидактикалық мақсат пен міндетке сай;

- студенттердің оқытудың әрбір кезеңінде оның білмеуден білуіне қозға- лысын, білімдерін, дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруды, танымдық міндеттердің белгілі бір тобын шешу қажетті көлемде және білім деңгейін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

- студенттерге өздерінің білімін жүйелі толықтыру мен ғылыми және қо- ғамдық ақпаратты жаңа танымдық міндеттерді шешуде пайдалану іскерлігін үнемі жетілдіруге психологиялық тұрғыдан бағдар беріледі;

- оқыту үрдісінде білім алушының жеке танымдық әрекетіне басшылық етудің маңызды қүралы болып табылады.

Практик-ғалымдар мен психологтардың зерттеулері студенттердің оқу мүмкіндіктеріне сай өзіндік әрекетінің төрт деңгейін шартты түрде бөліп көрсетеді:

1. Студенттердің үлгі бойынша көшірме әрекеттері, объектілер мен құбылыстарды сәйкестердіру, оларды белгілі үлгілермен салыстыру арқылы тани білу. Осы деңгейде студенттер өзіндік әрекетке даярланады.

2. Есте сақтау деңгейінде оқып-үйреніліп отырған объектінің түрлі қасиеттері туралы ақпараттарды қайталау үшін жүргізілетін репродуктивті әрекет.

3. Таныс үлгіден тыс, индуктивті және дедуктивті тұжырымдарды талап ететін міндеттерді шешу үшін алынған білімдерін өз бетінше қолданатын продуктивті әрекет.

4. Білімдері мүлдем жаңа жағдаятта, шешім қабылдаудың жаңа бағдарламаларын жасауда, болжамдық ойлауда қолданылатын өзіндік әрекет.

Бұл деңгейлер шартты бөлінгенмен, шын мәнінде практикада бар. Әрине, әрбір шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқытушының ең жоғары дәрежедегі бағдарламасы неғұрлым көп баланы дербестіктің төртінші деңгейіне жеткізу. Бірақ оған жол алудың үш деңгейі арқылы өтетінін есте сақтау керек. Соған сәйкес оқытушының сабақтағы студенттердің өзіндік жүмысын ұйымдастырудағы әрекет бағдарламасы құрылады. Оқушылардың сабақтағы өзіндік жүмыстарын ұйымдастыруға белгілі бір талаптар қойылады.

Өзіндік жұмыс студенттің оқи алу мүмкіндіктеріне сәйкес, ал олардың күрделілігінің дәрежесі дербестіктің бір деңгейінен екінші деңгейіне біртіндеп көшу ұстанымын толық сақтайды. Оқу үрдісінде өзіндік жұмыстың, оның ішінде үй жұмысының нәтижелері, тұжырымдары пайдаланылады. Өзіндік жұмыстың түрлері үйлеседі және жұмыстың барысының басқарылуы іске асады.

Өзіндік жұмыстың мақсаты - танымдық қабілеттерді, шешім қабылдау белсенділігін, шығармашылық ойлауды дамыту. Сондықтан тапсырмаларды іріктей отырып, оның тек үлгі бойынша орындалатын түрін мейлінше азайту керек. Жұмыс мазмұны, оны орындау формасы оқушылардың қызығушылығын тудыруы қажет, жұмысты орындауда аяғына дейін жеткізуге олардың ынтасы болуы керек.

Студенттердің өзіндік жұмысы – болашақ мамандарды даярлауда және білім сапасын арттыруда өте маңызды болып табылады. Өзіндік жұмыс студенттің үздіксіз білім жинақтау мен дербес танымдық іс қызмет дағдыларын қалыптастырып жетілдіреді. Оның мақсаты – студенттің танымдық қабілеттерін, шешім қабылдау белсенділігін арттыру және шығармашылық ойлауын дамыту. Өзіндік жұмыстың студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытудағы маңызы ерекше. Шығармашылық қабілеттің дамуы біртіндеп жүреді, бірақ бірқалыпты емес. Оның дамуындағы алғашқы кезең іс-әрекет талаптарына табиғи қасиеттерді бейімдеу болып табылады. Шығармашылық қабілетті дамытудың екінші кезеңі оқу әрекетіне шығармашылық элементтерді енгізумен, мәселені қоюмен және шешімді өздігінен іздестірумен сипатталады. Қазіргі кезде әдіскер ғалымдар түрлі эксперименттің негізінде шығармашылық ойлау үдерісінің кезеңдік дамуын айқындауда. Шығармашылық үдерістің әр кезеңінде оқушының бойында түрлі сапалық қасиеттер қалыптасады.

Демек, оқытушы оқыту үдерісінде студенттердің шығармашылық қабілетін дамытуда, біріншіден, тұлғаның жеке қасиеттерін ескере отырып, студент тұлғасын сипаттай білуі қажет, екіншіден, өзі ұйымдастырған шығармашылық әрекеттің студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту үдерісі мен оның нәтижесіне әсер ететін мынадай маңызды факторларын білуі және ескеруі қажет.

Біз зерттеу барысында педагогикалық, дидактикалық ұстанымдарды ескере отырып, студенттердің шығармашылық қабілетін дамытуда олардың теориядан практикалық әрекетке көшуін қамтамасыз ететін төмендегі ұстанымдарды негізге алдық:

- жалпыдидактикалық – ғылымилық, жүйелілік, саналық, түсініктілік, теорияны тәжірибемен байланыстыру, проблемалық, және т.б.;

- ізгіліктік - іс-әрекеттің сана мен мінез-құлық бірлігін қалыптастыруға бағыттылығы;

- дамытушылық - педагогикалық үдерістегі іс-әрекеттерді оқушылар тұлғасын дамытудың көкейкесті қажеттілігін ескере отырып ұйымдастыру;

- жеке тұлғалық - педагогикалық үдерістің жеке тұлғаға бағыттылығы мен құзіреттілікке бағдарланған түрде ұйымдастырылуы;

(3)

74 75

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы №3 (82) 2011

- вариативтілік - шығармашылық қабілетті жетілдіруге бағытталған демократиялық сапалы білім алудың әрбір студент үшін қол жетерлік болуы;

- жекедаралық – әрбір студенттің дамуында оның дара ерекшелігін ескеру;

- үздіксіздік - білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастық, үздіксіздік пен нақтылықтың ескерілуі, студент тұлғасы мен ұжымның дамуындағы жаңа құрылымды үздіксіз бақылау;

- сәйкестік немесе үйлесімділік - оқыту үдерісінде қолданылатын технологиялар мен мазмұнның сәйкестігі.

Ағылшын тілінен өзіндік жұмыс жүргізу шет тіліне оқытудың негізгі мақсаттары, яғни сөйлеу қызметінің түрлері оқу, жазу, сөйлеу және тыңдап түсінуге үйретуді етеді, оның негізгі мақсаттары: лингвистикалық (тілдік және сөйлеу), тақырыптық, әлеуметтік мәдениет, оқу дағдыларын қалыптастыру. Ағылшын тілін оқытуда өзіндік жұмыс жүргізуде студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту белсенділікті қамтамасыз етеді.

Осы орайда теориялық талдау мен студенттердің ағылшын тілін меңгеруде шығармашылық қабілеттерін өзіндік жұмыс арқылы дамытудың педагогикалық шарттарын анықтап алып, зерттеу мәселеміздің шешу жолдарын іздестіру міндеттерін қойдық. Жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқытуда студенттердің шығармашылық қабілеттерін өзіндік жұмыс арқылы дамытудың педагогикалық шарттарын төмендегідей анықтауға мүмкіндік тудырды:

1)жоғары оқу орындарында студенттерді даярлау барысында шығармашылық қабілеттерді арттыруда олардың қызығушылықтарын ескере отырып, өзіндік жұмысты жүзеге асыру;

2) ағылшын тілін үйретуде өзіндік жұмыстың мүмкіндіктерін студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуда тиімді қолдану;

3) ағылшын тілінен өзіндік жұмыс арқылы шығармашылық қабілетті дамыту жағдайын үлгілеу және түрлі әдіс тәсілдерді ұсыну;

Жоғарыда айтылған теориялық материалдарды негізге ұстанып, зерттеу жұмысымыздың барысында ұсынған педагогикалық шарттардың негізінде біз өзіндік жұмысты қолдану арқылы студенттердің тіл меңгерудегі іс-әрекетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. (1-сурет).

1-суретте көрсетілгендей, біз ұсынып отырған құрылымдық модель бойынша өзіндік жұмыс арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуды басқару мотивациялық, мазмұндық, функционалды педагогикалық, инновациялық технологиялық, рефлексиялық-бағалау компоненттеріне негізделген.

Мотивациялық компонент – студенттердің өзіндік жұмыс арқылы тіл меңгеру іс-әрекетке ұмтылуы, қажеттігі, өздігімен білім алудағы танымдық қызығушылығы, ынтасы, өзіндік тапсырмаларды орындауда жаңаша оқу жолдарын табуға деген ынтасы, ағылшын тілін меңгеруде өзіндік жұмысты орындаудағы шығармашылық қызығушылығы, кәсіби білім алуда жаңадан ой туындатып, ағылшын тілінде еркін сөйлеуге деген ынтасы мен ұмтылысы.

Мазмұндық компонент - өзін шығармашылық қызметтің субъектісі ретінде тануы, жеке тұлғалық ерекшеліктері мен өзін-өзі шығармашылық дамытудың тәсілдерін білуі, шығармашылық іс-әрекетті іске асыру біліктілігінің болуы, шығармашылық жұмыстарға талаптануы және оны ұйымдастыра білуі, пәндік ғылыми білімдерінің және қажетті жағдайда қолдану мүмкіндігінің болуы.

Функциональды-педагогикалық компонент оқытушыдан студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін және түпкі мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін көптеген міндеттермен функцияларды орындауды талап етеді.

Инновациялық - технологиялық компонент оқытушының студенттердің шығармашылық потенциялын көтеру үшін қазіргі заманға сай дидактикалық әдістер мен тәсілдерді, техника мен технологияны қолдануын талап етеді.

Олардың ішінде ерекше орын алатындар интенсивтік, проблемалық, интерактивтік, дамыта, коммуникативтік оқыту, компьютерлік оқыту, жобалау әдісі және тағы басқалары.

Рефлексиялық-бағалау компоненті – шығармашылық іс-әрекетке талдау жасай білуі, жетістіктері мен сәтсіздіктерін себептерін анықтай білу, жауапкершілік сезімінің және жолдастық көмек, ізденімпаздық іс-әрекетке даярлығының тұрақтылығы, шығармашылық ой-өрісінің белсенділігі мен рефлексиялық бағытының қалыптасуы, жоғары танымдық қызығушылық негізінде шығармашылық бағыттылығының тұрақтылығы.

Шығармашылық қабілетті дамыту студенттердің қажетті теориялық білімі, біліктіліктер мен дағдылардың болғанында ғана мүмкін болады және әрі қарай дамиды. Олар:

• Қолдану (теориялық білімдерін практикада қолдана алса, бір пәннен алған білімдерін басқа пәннен алған білімдерімен өзара байланыстырып кешенді түрде қолдана алса)

• Ойлау (шығармашыл ойлап, өзінің ойларына еркіндік бере алса, анық және логикалық тұрғыда ойлай алса; сыни ойлау)

• Шешім (проблемаларды тауып, шеше алса; шешімнің жаңа жолдарын тапса; жаңа ситуацияда жөн таба алса;)

• Түсіну (оқу материалының мағынасын шығармашылық бағытта түсіне алса; оқу материалынан ең бастысын атап көрсетсе;)

1-сурет. Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту моделі.

• Болжау (нәтижелерді болжай алса; ғылыми проблемаға өзіндік зерттеу жұмыстарын жүргізе алса;)

• Сөйлеу (ауызша және жазбаша тілді жақсы меңгерген болса;)

• Бағалау (бағалай және өзін өзі бағалай алса;)

• Талдау (анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, классификация жасай алса;)

• Зерттеу (өзіндік, шығармашыл, ғылыми ізденіс жасай алса)

Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында ең алдымен біз олардың бойындағы жеке қасиеттерінің деңгейлеріне аса көңіл бөлуіміз керек. Шығармашыл тұлғаның бойында қасиеттері, біліктері мен дағдылары, шығармашылық ойлауы, шығармашылық қызығушылығы, шығармашылық қабылдауы болу қажет және біз оларды әрдайым дамытып отыруымыз қажет. Теориялық және практикалық проблемаларды шешу үшін студенттерге арнайы шығармашылық қабілеттер қажет. Бұл қабілеттер белгілі бір проблема туындағаннан бастап шешілгенге дейін кешенді түрде шешуге көмектеседі.

• проблеманы өздігінен тауып, шешім жасау қабілеті;

(4)

76 77

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы №3 (82) 2011

• проблеманы көріп, оны шешудің барлық аспектілерін және кезеңдерін таба білу;

• проблеманы топпен бірге шешуде өзінің қатысу ролін анықтау;

• проблемаға жүйелік талдау жасай алу;

• зерттеудің мақсатын және міндеттерін қоя білу;

• гипотеза шығарып, оны шешу жолдарын табу;

• хаотикалық ситуацияда негізгі мақсат пен міндеттерді таба білу;

• қажетті ақпаратты тауып, оған талдау жасап, жүйелеу және қорытынды шығару;

• стандарттық емес шешім қабылдап, соңғы нәтижеге жету;

• проблема бойынша алған білімдерінен қорытынды жасап, түйін шығару;

• жүргізілген зерттеулерге презентация ұйымдастыра алу;

Шығармашылық қабілеттерді дамытуда шығармашылық ойлауды немесе сыни ойлауды дамыту аса маңызды болып табылады. Бұл белгілі бір проблеманы шешудің жолдарын жаңадан ойластыру немесе жетілдіру.

Шығармашылық ойлаудың негізгі белгілері.

Оригинальдық - шығармашылық ойлаудың өзіне тән болуы, проблеманы шешудің өзгеше болуы, ерекше жауаптар беру қабілеті;

Икемділік - cұрақтарға түрлі жауаптар табу және бірден кірісіп кету қабілеті, бұл қабілет жауаптардың әртүрлі болу деңгейі, неғұрлым көп шешімдердің болу және қолдану мүмкіндіктері немесе шешімдерді өзгертіп, олардан жаңа мүмкіндіктер ашу арқылы анықталады;

Интеграция - бірнеше қарама қарсы шарттарды, принциптер мен пайымдарды ескеру қабілеті;

Сезушілік - проблеманың, құбылыстың немесе оқиғаның аз байқалатын тұстарын ескеру;

Шығармашыл ойлау туралы сөз болғанда сыни тұрғыда ойлау туралы айтпау мүмкін емес. Сыни ойлау студенттердің түрлі саладағы кең көлемдегі және үнемі жаңарып отыратын ақпараттармен жұмыс істей алу дағдыларын, басқалардың ойын ескере отырып өз пікірін анық жеткізу, түрлі ойларды, танымдарды түсіне отырып, өзінің жеке ойын қалыптастыруға, проблемаларды шешуге, өздігінен жұмыс істей алу қабілетін арттыруға, топпен бірге жұмыс істеу және басқалармен қолайлы қарым – қатынас жасай алу қабілеттерін дамытады.

Шығармашылық қабілеттерді дамыту барысында жоғарыда айтылғандарды дамыта алсақ, студенттердің өз ойларын білдіріп, өздіктерінен тұжырымдама жасауына, оның шығармашылыққа бағытталуына, өздігінен білім алып, полимәдениетті дамыған тұлға болуларын жүзеге асыра аламыз.

Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, біз студенттің кәсіби қалыптасуына ықпал жасап, шығармашыл ойлай алатын жан жақты тұлғаны қалыптастырамыз.

Жоғары оқу орындарында ағылшын тілі сабақтарында өзіндік жұмыс арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру моделі студенттерді қажетті біліммен, біліктілікпен және дағдылармен қаруланған өздігінен жаңаша ой туындатып, шығармашылыққа бағытталған тұлғаны қалыптастыра аламыз.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы // Егемен Қазақстан, 1999, 1 маусым.

2.Кузнецов С.А. Интегративный подход к решению основных проблем математического анализа в школе и педагогическом ВУЗе// Интеграция образования 2008 №3 стр 69-74.

3. Выготский Л.С. Педагогическая психология / Под ред. В.В. Давыдова - М.: Педагогика, 1991. – С.480.

4. Маслыко Е.А. Настольная книга преподавателя английского языка. –Минск: Вышейшая школа, 1999.

-350 с.

5. Harmer J. How to teach English. Longman, 2007. -500 р.

6. Hyde S. Grammar and Critical Thinking in a Thematic Writing Activity. –USA, 2007. -150 р.

7. Richard P. How to Prepare Students for a Rapidly Changing World. – USA, 2010. -200 р.

Редакцияға 16.12.2010 қабылданды.

Г. К. ТУСУПОВА

ОСОБЕННОСТИ ОСВОЕНИЯ ИНОСТРАННОГО ЯЗЫКА И ОБУЧЕНИЯ ПРОИЗНОШЕНИЮ The article is dedicated to the problem of pronunciation formation of normative foreign language at the bearers of the Kazakh language in Language Higher Education Institute.

Специалистам в области иностранного языка в настоящее время необходимо безукоризненное владение функционально адекватной и коммуникативно-направленной иноязычной речью. Это порождает необходимость использования результатов исследований по контрастивной фонетике и фонологии при обучении произношению иностранного языка в языковых высших учебных заведениях.

В сопоставительной лингвистике существуют два направления: сопоставительное исследование языков в лингвистических и в лингводидактических целях. На сопоставительном исследовании языков в теоретическом аспекте акцентировали свое внимание многие ученые, например: В.Г. Гак, Ю.С. Маслов, Дж.

Буранов. В целях оптимизации обучения неродному языку на основе сопоставительного анализа родного и изучаемого языков выполнены многие труды, представляющие немалый интерес. В этом направлении наиболее известны имена Р. Ладо, Г. Никеля, Ч. Фриза, Л.В. Щербы.

Вопросы, разработанные названными исследователями, не утратили своей актуальности по сей день и получили интенсивное развитие.

Авторами когнитивных моделей являются А. Кнапп-Поттхофф и К. Кнапп [ 1 ], У.К. Юсупов [ 2 ], которые рассматривают перенос единиц и правил родного языка как стратегию преодоления проблем при обучении иностранному языку.

Вопросы обучения иноязычному произношению в казахской аудитории рассматривались Т.Б.

Айтжановым, М.К. Исаевым, в работе “Фонетическая интерференция в русской речи казахов” М.М.

Копыленко и З.К. Ахметжановой. Работа Т.Б. Айтжанова посвящена проблемам обучения французскому произношению в казахской аудитории. В работе М.К. Исаева рассматривается фонетическая интерференция при казахско-английском искусственном двуязычии.

Вопросам, касающимся трудностей произношения учащихся с казахским языком обучения при изучении немецкого языка, посвящены труды А.И. Рабиновича, А.Е. Карлинского. Изыскания этих авторов носили лингвистический характер и не имели целью разработать методику, способствующую преодолению интерференции при обучении навыкам иноязычного произношения.

В настоящее время обучению иностранным языкам уделяется в нашей стране большое внимание, повышаются требования к уровню овладения иностранным языком. В этих условиях вопросы процесса освоения языка становятся более значимыми.

Ориентировочно-подготовительный, стереотипизирующе-ситуатизированный и варьирующее- ситуативный этапы формирования навыка выделяет С.Ф. Шатилов [ 3 ]

Восприятие, запоминание и представленность лексических единиц в лексиконе человека зависят от их звуковой структуры и ритмического оформления. Это показывает, что произносительная компетенция во многом определяет степень коммуникативной компетенции изучающего иностранный язык и играет важную роль в обретении и развитии знаний в области орфографии, морфологии, синтаксиса и лексики.

Результативность процесса освоения грамматических явлений, употребления правил орфографии, овладения лексическими единицами иностранного языка во многом зависит от особенностей функционирования звукового уровня иностранного языка.

Способность адекватного восприятия и воспроизведения единиц иностранного языка является важным при освоении лексических единиц и пополнении лексического минимума в процессе изучения иностранного языка, для достижения цели коммуникативно-направленного обучения.

Субординативный тип билингвизма, когда обучающийся связывает новые лексемы и фонемы со словами и звуками родного языка возникает на начальном этапе изучения иностранного языка.

На данном этапе обучения необходимо преодолеть фонетически обусловленные ошибки и устранить причины, вызывающие интерференцию. Фонетическая обусловленность может быть двух видов: изучающий иностранный язык может не слышать разницы между звуками родного и иностранного языков. Ошибки зависят от сенсорных, перцептивных способностей человека или особенностями артикуляционной базы родного языка. Они также могут быть вызваны чрезмерным стремлением максимального приближения своего произношения произношению носителей языка.

Когнитивные операции, целенаправленно применяемые изучающим язык для узнавания элементов и правил иностранного языка, проверки правильности своих знаний и обретения возможности их дальнейшего применения, направленные на долговременные цели, поддерживающие мотивацию называются стратегиями изучения.

Данные операции могут быть направлены на ближайшие цели, связанные с преодолением разницы между степенью коммуникативных требований и возможностей изучающего на определенном этапе обучения языку. В этом случае их следует понимать как коммуникативные стратегии.

Referensi

Dokumen terkait

инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.. оқыту әдістерін жетілдіру тікелей білім беру жүйесіне

Сондықтан тілдік тұлғаның болмысын зерделеу кешенді талдау негізінде тарихи- мәдени қайнар көздерді, мәтіннің этноұлттық ерекшеліктері мен әлеуметтік сипатын, халықтың философиялық