МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕҢ БАСТЫ ҚҦНДЫЛЫҒЫМЫЗ Молжигит А. С., [email protected]
Семей мемлекеттік медициналық университеті, Семей Ғылыми жетекшісі - А.Е Темиржанова
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі. Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғы шарты бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, табиғи жҽне табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық ҿмірдің ҽ р алуан саласында қызмет етуі жҽне ауызша ҽ рі жазбаша тҥ рде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің қҧрылым-жҥйесі жетілген, сҿздік қоры мол, лексика-фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба жҽне ауызша дҽстҥ рі бар ҧлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мҥмкіндік береді. Мемлекеттік тіл – сол мемлекетте тҧ ратын барлық халыққа ортақ, кҥнделікті тҧрмыста, қоғамның барлық салаларында, тҧ рмыс-тіршілігінде, рухани-мҽдениетінде, іс-қағаздарында, халықаралық қатынаста кеңінен қолданылатын тіл. Мемлекеттік тіл ҽрбір ҧ лттың мҽдениеті мен рухани болмысының негізгі тірегі, тҥп қазығы, ҧлттың ҿзіндік бейнесін айқындайтын, рухани келбетін кҿрсететін тҿлқҧжаты, ҧлттың табиғи даралығын анықтайтын айнасы.
Осы тҧста елбасы н.назарбаевтың «қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тҧжырымдамасы қазақстандағы тіл саясатының бҥгіні мен болашағын айқындайды. бҧған қазақстан республикасы конституциясының 7-бабында, қазақстан республикасы «тіл туралы» заңының 4-бабында: «қазақстан республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі», деп анық кҿрсетуі, сондай-ақ қазақстан республикасы президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы жарлығымен бекітілген тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясындағы атқарылған жҧмыстар жҽне 28 қаңтар 2011 жылғы қазақстан республикасының президенті н.ҽ.назарбаевтың «болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты қазақстан халқына жолдауы нақты дҽ лел бола алады. президент жолдауында 2020 жылға дейінгі еліміздің ҽлеуметтік-экономикалық дамуының нақты жоспарын айқындап берді. бҧл жоспар қазақстанның ҽлемдік дағдарыстың қашан аяқталуын кҥтпей, ҿзіндік даму стратегиясын белгіледі. президентіміз н.ҽ.назарбаевтың тек экономиканы ғана емес, сонымен қатар ғылым мен білім, денсаулық сақтау салаларын барынша дамытуға кҿп кҿңіл бҿлгендігі ерекше аталып ҿтілді. президент жолдауында
«біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу» деп мемлекеттік тілге ҥ лкен кҿңіл бҿлу туралы назар аударды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ҽ.Назарбаев «Қазақстан - 2050»
стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында тіл туралы мҽ селеге тоқтала келе, «Қазақ қазақпен қазақша сҿйлессін» деген қағидатты тағы да қайталап айтты. «Тҽуелсіздігін алған тҧста еліміздегі қазақтың саны 6,8 миллион немесе 41% болса, қазір 11 миллионға жетіп, 65%-дан асты. Қазақтың саны 4 миллионға артты. Егер ҽрбір қазақ ана тілінде сҿйлеуге ҧмтылса, тіліміз ҽлдеқашан Ата Заңымыздағы мҽртебесіне лайық орнын иеленер еді. Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен ҿзімізден бастауымыз керектігі ҧмыт қалады. Ҧлттық мҥддеге қызмет ету ҥшін ҽркім ҿзгені емес, алдымен ҿзін қамшылауы тиіс. Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сҿйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге деген кҿзқарас, шындап келгенде, елге деген кҿзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мҽніндегі мемлекеттік тіл мҽ ртебесіне кҿ терілгенде біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз», - деді Президент. Сонымен қатар осы жолдауда мемлекет басшысының айтуынша, тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат қоғамымызды одан ҽрі ҧйыстыра тҥ сетін басты фактор болуға тиіс. Сондықтан алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту
20
жҿніндегі кешенді шараларды жҥзеге асыру табандылықпен жалғасады. «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне кӛшіру үшін дайындыққа осы бастан кірісуіміз керек. Бҧл – ҧлт болып шешуге тиіс принципті мҽ селе. Бір кезде тарих бедерінде біз мҧндай қадамды жасағанбыз», – деді Елбасы. Сонымен қатар, Елбасы терминология мҽселесінде де қолға алар істердің ҽ лі баршылық екенін айтты.
«Мемлекеттік тілді үйрену – міндет, ал оны білу – әрбір қазақстандықтар үшін абырой» деген Елбасымыздың дана сҿ зі бҥгінгі қоғамға, жас ҧрпақққа игі ҽсерін тигізетіні сҿзсіз. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының ҽ рбір азаматы мемлекттік тіл – қазақ тілін ҥйренуді ҿзіне парыз санап, жақсы меңгергені дҧрыс деп санаймыз. Қазақстан жерінде туып, қазақтың тілін, салт-дҽстҥрін, тарихын білмеу, іс-қағаздарын жҥргізе алмау жҽне ҥйренуге тырыспау – қоғамнан тыс қалушылық.
Қазақ тілі заң жҥзінде мемлекеттік тіл болып қабылданғалы бергі уақыт аралығында, ҽрине, аз жҧмыс істелінген жоқ. Алғашқы кезде қазақ тілін ҥйрететін мҧғалімдер мен мемлекеттік тілді оқытатын оқулықтар мен оқу қҧ ралдары да, бағдарламалар да аз болатын.
Қазір, қҧдайға шҥкір, мҧғалімдердің саны да, оқулықтар мен оқу қҧралдарының саны да, тҥрлері де кҿбейді. Ең бастысы, ана тілімізді – мемлекеттік тілді ҥйренушілер саны, тілге деген ілтипат, қҧ рмет артып келеді. Қысқасы, мемлекеттік тіл: біріншіден қазақ халқының салт-дҽстҥрі мен тҧрмысың ҽдет-ғҧрпың мҽдениетің тарихын білуге жол ашты, екіншіден кҿпҧлтты халықтын қарым – қатынасындағы ҿндірістік ҽрі тҧрмыстық қажеттілікті іске асыруға, халықтардын достық қарым-қатынасын кҥшейтудің қҧралына айналды. Демек, Тілге деген қҧрмет – халыққа деген қҧрмет. Тілсіз халықтың, елдің ҿмір сҥруі мҥмкін емес. Ҽлем таныған ел болу ҥ шін тілімізді жоғары кҿтеріп, жҧлдызын биіктетуіміз керек.
Қазіргі заман талабына сай Тіл саясатына ақпараттық технология келді. Интернет желісінде мемлекеттік тілдің порталы қҧ рылды. Оған интернет-сервистің жиырмадан астам тҥрлері орналасты. Портал онлайндық сҿздіктерге, мультимедиалық кешендерге, қашықтан оқыту жҥйесіне, энциклопедияларға, тест жҥйесіне жҽне басқа да тіл ҥйренудің ҽдістемелеріне қол жеткізуге жол ашады.
Мемлекеттік тіл – тҽуелсіздіктің айнасы. Тҽуелсіздік - ең басты қҧндылығымыз.
Тҽуелсіздік алғаннан кейін ғана елімізді ҽ лемнің ҿркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 20 жылдан астам тҽ уелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарыктың қиын ҿткелектерінен аман ҿткізіп келеміз. Осы кезенде Қазақстанды ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген Қазақстан республикасының тҧңғыш президенті Нҧрсҧ лтан Ҽбішҧлы Назарбаев. Тҽуелсіздік кҥні еліміздің барлық азаматтары ҥшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жҥрекжарды қуанышқа толы кҥ нді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандады, кҥтумен ҿ тті.
1991 жыл - еліміздің Қазақстан деген атпен бҥкіл ҽ лемге алғаш қадам басқан жылы.
Қазіргі Қазақстан ҽлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде кҿптеген ірі экономикалық, саяси жҽне ҽлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тҧра, кҿптеген елдерден ҽлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тҧруы, ҧ лттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жҽне экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар.
Бҥгінгі Қазақстан – тек ҿзі орналасқан аймақта ғана емес, бҥкілҽлемдік проблемаларды талқылауда жҽне шешуде ықпалды рҿл атқаратын ел. «Қаз тҧрып, қадам басқан тҽуелсіздік сҽбилік тҧ сауын ҿміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дҽуір жалынын мығым ҧ стап, тізгінін бекем қаға білді» - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бҥгінде барша ҽлем танып отыр.
Тҽуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ҧмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз ҥшін Тҽуелсіздік кҥні – ең қастерлі кҥн.
Еліміз тҽуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде ҽлемге танылды. Елбасының
«Қазақстанның тҽ уелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, ҿзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен ҿз мемлекттілігін қҧруға деген заңды қҧқығы,
21
бҧл даусыз жҽ не саяси фактіге ешкім кҥмҽн келтірмеуі тиіс», - деп атап кҿрсетуінде ҥлкен мағына жатыр.
Қолданған әдебиеттер тізімі
1. Елбасы «Мҽңгілік ел» қақпасын ашты. //Айқын. Республикалық қоғамдық-саяси газет.
17.12.2011. 1-2 бб.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ҽ.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 28 қаңтар 2011 жыл.