ҼОЖ 327:553.982.2
МҦНАЙДЫҢ ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСАТТАҒЫ МАҢЫЗЫ Советхан М., [email protected]
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана Ғылыми жетекшісі – Қ.Ғ.Даркенов
197
«Қара алтынның» ҽлемдік геосаясаттығы орыны XX ғасырдың дүниежүзілік соғыстарында-ақ айқындалып басты мҽселе ретінде орныққан болатын. Дҽл сол кезден британдық жҽне американдық компаниялар Араб түбегі, Мексика жҽне т.б. аймақтардағы мұнай кен орындарын игере бастады [1, с.1]. Осыған орай мұнай ҿз орнын мемлекеттер арасындағы геосаясатта ұлғайта түсті.
1939 жылы қарашада кеңес-фин соғысы кезінде ағылшындар Кеңес Одағының Бакуда орналасқан мұнай кен орындарын бомбалауда кҿздеген болатын. Себебі, гитлерлік Германия Кеңес Одағын энергетикалық ресурстан оқшаулау, оған қолын жеткізбеу жолын ұстанды. Кейіннен Гитлерлік Вермахтта осы аумақты ҿз кҿздеген мақсатында ұстағанын білеміз. Сонымен қоса, жапондық ҽскердің Перл-Харбор мен Сингапур аймақтарына шабуылдарын дҽлел етіпте алуға болады.
Қазіргі жаһандану ҽлемінде мұнай мен геосаясаттың арасында да жаһандануы, яғни ара қатынасы ұлғая түсуде [1, с.3]. Бұған дҽлел ретінде ҽлемдегі энергия тұтынудың кҿбеюімен, мұнайға деген сұраныстың ұлғаюынан байқайға болады. Ал егер мұнайға сұраныстың кҿбеюі мемлекеттегі мұнайға байланысты геосаясатының туындауына жол ашады.
Мұнайға алтернативті энергия кҿздерін қарастырар болсақ оған – табиғи газ, ядролық энергетика, басқа да табиғи дҽстүрлі емес энергия кҿздері (жел, күн сҽулесі, су, геотермалды энергиялар) жҽне биожанармайлар [2, с.2]. Бірақ бұл энергия кҿздерінің мұнаймен салыстырғанда энергиямен қамтамасыз ету шкаласы тҿмен. Қазіргі таңда мұнай 40% ҽлемдік энергетиканы қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қоса, мұнайға деген сұраныс тек 2030 жылдардан кейін ғана айқын байқалмақ.
Мұнай сонымен қатар мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздіктегі маңызды фактор болып есептеледі [1, с.2]. Мұнай қоры кҿп жҽне мұнай ҿндірісі мемлекет кей жағдайларда мұнайды ҿзінің сыртқы саясаттағы қаруына да айналдырып алуыда мүмкіншілдік.
Сонымен, бұл мезетте ең осал мемлекеттер болып мұнай импорттаушы мемлекеттер болып қалмақ. Батыстық сараптамашылары НАТО-ға кіретін мемлекеттердің энергияға тҽуелділігі бойынша сараптама жүргізген болатын. Сараптамаға сҽйкес: 1) тҽуелділігі тҿмен мемлекеттер: Канада, Дания, Норвегия, Нидерланды жҽне Ұлыбритания. 2) аралық мемлекеттер: Франция, Германия, Словения, Бельгия, Италия, Португалия, Чехия, Польша, Румыния, Исландия, Албания. 3) тҽуелді мемлекеттер: Словакия, Эстония, Латвия, Литва, Болгария, Венгрия, Люксембург, Хорватия жҽне Түркия. АҚШ бұл тарапта ҿзінің энергетикалық потенциалымен жҽне ҽлемнің кез келген аймағынан энергия алуға мүмкіншілігі бар мемлекет болған соң «Басқаша жағдай» деген категориямен қарастырылған [3, с. 1]. Жоғарда, кҿрсетілгендер бойынша Шығыс Еуропа мемлекеттерінің энергияға тҽуелділігі ҿсіп, табиғи ресурстарға бай мемлекеттерге отын- энергетикалық тҽуелділікке түсіріп отыр. Нақтырақ Таяу Шығыс, Каспий маңы жҽне геосаясаттағы алып Ресейдің де ықпалы арта түсуде. Ал қазіргі таңда АҚШ-тың мұнайға деген геосаяси сұранысын Ирак, Иран, Ливия, Судан қанағаттандырып отыр жҽне басқа да мемлекеттердегі жағдайларды да қарастыруға болады. Мұнда тек АҚШ ғана емес ҽскери потенциалы жоғары мемлекеттердің осы арада ҿз септіктері бар.
BP (British Petroleum) компаниясының «Statistical Review of World Energy» деген жазбаларына сүйенсек ҽлемдегі мұнай қоры тек 1258 млрд баррельді құрайды. Осыған сҽйкес мұнай қоры асырып айтқанда 40 жылға жетеді [4, с. 2]. Бірақ бұл деректер меніңше жылдан жылға ҿзгеруде себебі: жылда бізге таныс емес мұнай кен орындары табылуда жҽне нақты қорды дҽлірек зерттеу қиын. Осыған орай егер мұнай шынында 40 жылда тауысылатын болса, соңында Ванганың болжамындай мұнайға деген соғыс туындамай ма деген сұрақ мазалайды. Ал мұнай қорының азаюы энергетикалық тапшылық пен мемлекеттер арасындағы шиеленіске, алауыздыққа да апаруы мүмкін.
Мұнай қоры бойынша ҽлемде алғашқы орында 2010 жылы Жер шарының 23%
орынды ҽлемдік қордың 10%-ымен Ирак иемдегеннен болатын [4, с.1]. 2012 жылы алғашқы орынға Венесуэла шықты, екінші орынды Канада, сосын бірақ 2010 жылдың алғашқысы Сауд Арабиясына тиесілі болды. Осыған сҽйкес кейінгі Венесуэладағы болған жағдайлар еске түседі. Бҽріміз білетіндей АҚШ пен Батыс ҽлемін ұнатпайтын Венесэула президенті Уго Чавестің қайтыс болуы. Мүмкін бұл да астыртын жатқан мұнай геосаясаттындағы астыртын қадам шығар? Бірақ бұл жай тұжырым бірақ ойға салсақ бұл мұнай геосаясатының құрбаны да болуы мүмкін. Бұл АҚШ пен батыс ҽлемінің стратегиялық мүдделік қадамынан туған іс болуы мүмкін деген саясаткерлер арасында пікір бар екені де белгілі.
АҚШ жҽне Ұлыбритания ҽскерлерінің Иракқа басып кіруі Саддам Хусейннің режимінің құлауымен ғана шектелген жоқ, мемлекет экономикасын тығырыққа тіреп, бейбіт тұрғындарының арасында да қырылуына алып келді.
Осыған сҽйкес Ирактағы жағдай тек аталған мемлекеттің ғана емес, толық араб ҽлеміне ҿз зардабын тигізді. Кейбір араб елдерінің Саддам Хусейн режиміне қаншалықты болсын негативті кҿзқараста болғанымен, атап айтқанда «алты араб монархиялары», араб ҽлеміндегі халық Ирактағы ҽскери іс-ҽрекетті ҿздеріне ауыр соққы болды деп қана қоймай, ҿздеріне білдірген кемсіту деп қабыл алды. Соғысқа дейін араб мемлекеттері арасында Иракқа байланысты ауызбіршілік байқалмаған. Нақты үш топ қалыптасты: «радикалдар» - Сирия, Ливия, Судан, бұл мемлекеттер АҚШ-ның Ирактың ішкі ісіне араласуына қарсы болды, «центристтер» - Египет пен Иорданияның ұстанымы бойынша Бағдаттың БҰҰ-ның резолюцияларына мойын
сұнуға шақырған, жҽне Парсы шығанағының араб монархиялары немесе «мұнайлы алтылық» - Сауд Арабиясы, Кувейт, БАҼ, Катар, Бахрейн, Оман Саддам Хусейн режимін ауыстыруды қолдады.
Ирактағы болған соғыстың қорытындысы араб елдеріндегі күш конфигурацияларын ҿзгертті. Қазіргі таңда «радикалды» мемлекеттердің жағдайы белгілі болып та қалды. Ливияда азамат соғысы болып, Каддафи режимі Хусейн режиміндей құлатылып, елде хаосты орнатты. Ал Суданға келер болсақ, дінаралық қақтығыстардың ҽсерінен мемлекет қақ екіге бҿлініп кетті. Сирияны айтатын болсақ онда жағдайы мүшкіл емес елде азамат соғысы басталып, ҽлі де жалғасуда. Бҽрінен қызығы бұл ұқсастық па алде біреуге қарсы шыққан үшін жаза ма; түсінксіз. Бірақ менің пайымдауымша бұл АҚШ пен батыс елдерінің сыртқы саясаттағы іс-ҽрекеттері болып табылады. Оған дҽлелдеме ретінде АҚШ-тың стратегиялық іс-ҽрекеті мен рҿлін анықтайтын нақты үш құжатты кҿрсетуге болады.
1. «2015 жылға дейінгі ҽлемде болар жағдайлардың дамуы» туралы АҚШ-тың барлау бойынша Ұлттық кеңесінің баяндамасы. Құжат бойынша осы кезеңге дейін АҚШ энергетикалық дағдарысқа тап болатыны айтылған. Оған себеп – энергоресурстардың АҚШ-тан тыс басқа мемлекеттердіңде кҿп пайдалануы, атап айтқанда Қытайда, Үндістан мен Еуропа елдерінде. Баяндамада жасалған сараптама бойынша, 2015 жылға таман Таяу Шығыс мұнайының 4/5-і Шығыс Азияға импортталатыны дҽлелденген. АҚШ экономикасын шетелдік мұнай импортына тҽуелділігін қысқартуды кеңес берілген.
Сараптамашылар ұсынуы бойынша күндік мұнай импортын 11 млн баррельден 5-6 млн баррельге дейін қысқарту ұсыныс білдірілген.
2. Джордж Буштың энергетикалық программасы. Ол бойынша 2040 жылға дейін күніне 23 млн баррельге дейін ҿсіру туралы жоспар құрылған. Мұндай масштабты жоспарлар ҽлемнің барлық аймағынан энергетикалық ресурстардың жаңа кен орындарын тауып, оларға қатаң қадағалау орнатуды міндеттелген.
3. АҚШ Ұлттық қауіпсіздігінің жаңа стратегиясы. Дағдарыс алдындағы экономиканың жағдайын жақсартып, тығырықтың алдын алу. Ол үшін Вашингтон бұл мҽселелерді шешу үшін ҽскери күш қолданып, ҽлемнің ресурсқа бай
аймақтарын бақылауда ұстап, мұнай бағасыныңда ҿзіне ыңғайлы болуын қадағалау міндеттелді [5].
Бұл нақты құжаттырға сенер болсақ, нақты қорытынды ретінде АҚШ-тың Иракқа қатысты агрессиялық іс-ҽрекетін алдын ала жоспарлап, кейіннен елді толықтай ҿз қол астына алған болатын. Оған қоса Иракта бар ядролық қарудың да тыбылмауы АҚШ пен Батыс елдерінің бұл іс-ҽрекетін қасақана мұнай үшін жҽне энергетикалық табыс кҿзі ретінде мемлекетті ойрандап, ҿздерінің ойындағыларын жүзеге асырды деп айтсақ болады.
Енді Ливияға келер болсақ, алғышарттары ретінде Ливияның 2007 жылдың қарашасынан бастап «ресурстар бойынша ұлтшылдық» позициясын жүзеге асыруы,
«ливия ұлтшылдығының» айқын мағынасын ашты: оның негізі Каддафидің саясатын
«ливиялық үкімет пен оның кҿмірсутек қорларына үлестерін қатаң бақылауға»
бағытталғанын кҿрсетті [6].
Бұл саясат бойынша, Каддафи елдің экономикасын жақсарту мақсатында қайта құрып, батыс елдері компанияларының пайда үлес салмағын азайту болды деп есепеймін.
Осылай солтүстік американ жҽне еуропа компаниялары Ливиямен ҿзіне қолайсыз келісімдерге мҽжбүр болды [6].
Екінші наразылық 2009 жылы қаңтар айында Каддафидің Джорджтаун университетіндегі (АҚШ) мҽлімдемесін алуға болады.
Каддафи мемлекеттегі газ жҽне мұнай саласын толық дерлік ұлттық қылатындығын мҽлімдеп, батыс елдеріне сес кҿрсеткен болатын. Бұған қоса елде батыстық емес халықаралық компаниялардың да кҿбеюін байқатты. Сарапшылар пікірінше, Ливия АҚШ тан жалпы батыс ҽлемінен алыстай, оқшаулана бастады. Мүмкін жылдам ҿзгеріске түсіп жатқан халықаралық жағдай ҽсер еткен болар. АҚШ-тың, батыс елдер саясатын одан да тереңірек түсіне бастады ма деген де ой келеді.
Ұлыбритания мен Франция Ливияға қарсы ҽскери операцияны басталмай жатып алдын ала ойластырды. Бұған алдымен «Экспресьон» атты газетінің мҽлімдемесінен кҿріге болады. Ондағы мҽлімдеме бойынша, 2010 жылдың желтоқсан айында Англия мен Франция «Оңтүстік мистраль» атты біріккен ҽскери жаттығулар жүргізуді бастаған.
Жаттығулар мақсаты бойынша, одақтастар Жерорта теңізінде орналасақан бір «Оңтүстік жер» деп аталатын диктаторлық мемлекетте шабуылдау керек болатын [6]. Жаттығулар арқасында батыс одақтастары соғысқа деген алдын ала даярлық жүргізіп алған болатын.
Алдын ала айтылғандай Ливиядағы соғысты алдымен Ұлыбритания үкіметі бастаған болатын. 2011 жылдың аяғында-ақ Лондон ҿзінің Ливия аумағына кіруге дайын екенін мҽлімдеген болатын. 2011 жылдың 2 наурызында Sky News-тің хабарлауы бойынша британ үкіметі ҿзінің Ҽскери Ҽуе Күшіндегі «Тайфун» атты корольдік ұшақтарын Кипрға орналастырып, кейін Ливияның ҽуе кеңістігін жабуға ҽрекет ету үшін. Британ премьер- министрі Дэвид Кэмеронның Парламентте Қауымдар палатасы алдында айтқан мҽлімдемесі бойынша, оның қорғаныс штабының басшысы генерал Дэвид Ричардсқа
«Ливияның ҽуе кеңістігін жабу жоспарын» құру туралы бұйрғаны туралы белгілі болды.
Каддафиге қарсы жалғыз соғысудың саяси түрде ыңғайсыз болуы, ағылшындардың шетке ығысып, алдыңғы орынға белсенді Саркозиді қойды. Бұл тұрғыда ағылшындар Ливия мұнай нарығын толық Англия мен Франция арасында бҿліске саларын уҽде еткені болуы тиіс. Оған қоса француздардың Каддафиге деген ҿші бар еді: жақын арадағы Total мұнай компаниясы Каддафидің талабын орындау үшін 500 млн АҚШ долларын құрайтын компесанция тҿлеуге мҽжбүр болған. Сонымен қоса Total кҿмірсутекті ҿндіруде кҿптеген тендерлерді жеңіліп қалған болатын. Осының барлығы ливиялық Джамахирияға ҿз ҿшін алуға бел буған болатын.
Француз газеті Liberation-ның 2011 жылдың 1 қыркүйегіндегі мҽлімдемесі бойынша, ливиялық Ҿтпелі Ұлттық Кеңесінен (ҾҰК) сҽуір айында-ақ Париж тарапынан саяси жҽне ҽскери кҿмек кҿрсетілген жағдайда, Ливия мұнай қорының 35%-ын уҽде еткен болатын.
Басылым қолында ҾҰК басшысы Махмуд Джибрилдің Катар ҽмірі Хамад бен Халиф ҽл Таниге жіберілген хабарламасы түскен болатын. Онда Париж бен Бенгази арасындағы келісім бойынша, егер Франция ливиялық кҿтерілісшілерге толықтай кҿмек беретін жағдайда елдегі мұнайдың 1/3-ін беретіндігі айтылған. Ал бұл таңда Катар ҽмірі екі ел арасындағы делдал қызметін атқарған.
Басты сұраққа жауап айту ғана қалған секілді. Ол сұрақ: Ағылшындарға Ливияға қарсы агрессия не үшін қажет болды? Солтүстік теңіздегі британдық мұнай қоры тез сарқылуда, британ жанармай тоннеліндегі жарық бұлыңғырлануда. Қазіргі таңда Ұлыбритания газдың 40%-ын импорттауда, жақын арада толықтай импорттайтын болады.
Ал ҿзінің кҿмір қорын Маргарет Тэтчер кезінде ақ сарқытып тастаған болатын.
Сондықтан ағылшындар Каддафидің Ливиялық мұнай кен орындарына шетелдік қатысушалардың 50%-дан 20%-ға қысқартуын білгіннен соң қатты қорыққан болатын.
Осы жағдай ағылшындарды соғысқа, ашық агрессиялық саясат жүргізуге итермелеген секілді. Сонымен қатар, батыс елдерінің экономикалық мүддесі Ливия мұнайында тоғысқан болуы керек.
Шыдамдықтың соңғы шегі Триполидің жаңа ҿзіндік ОПЕК құру идеясы болатын.
Каддафи билігін құлатудағы ағылшындардың қызығушылығы мұнайды сатқаннан пайда тауып, шетел банкілеріне салынған ақша қоры да болатын. Ливияның экс энергетика министрінің растауы бойынша, Каддафи режимі шетелге 200-250 млрд. долл. кҿлімде қаржы шығарған болатын. Бір ғана АҚШ-тың ҿзіне Каддафи 34 млрд. долл. шығарған болатын. Ол қомақты қаржының тек 10-15 млрд. долл. ғана кҿтерілісшілерге қайтарылған.
Қалғаны қайда дейтін болсақ? Олар мҽңгілік американ жҽне еуропа банкілерінде қалады [6].
Айтылған екі режимде батыс елдерінің құрбаны болғаны жайлы толықтай мҽлімдеуге болады. Осының кесірінен елдің жағдайы нашарлап, талай бейбіт халықтың ҿмірін алап кеткен болатын. Осындай жағдайларды біле отырып, еліміздің де осылай құрбан болып кетпей ме деген үрей тудыратын сұрақтар туындатады.
Бұл мҽселе бойынша да елдің қауіпсіздік жүйесін одан ҽрі жетілдіру керек деген идеяларда келеді.
Қазіргі ҽлемдегі мұнайдың маңыздылығы геосаясаттығы негізгі орынды алуда. Тек Таяу Шығыстығы ғана жайттарды ала қоймай басқа Мньянмадағы режимнің ауысуымен АҚШ-тың Қытай құбырларына тосқауыл орнату мақсатымен орныққан режимге жағымпаздық танытуы, Аргентина мен Ұлыбритания арасындағы дауы кҿп Фолкленд аралдарының тұсынан мұнай кен орындарының табылуы, Малидегі Қытай қызығушылығы басталғанымен елдегі кенет соғыстың туындауы, Иранның күшейіп кетпеу мақсатында ҽлем алпауыттары тарапынан қысымы, Сирия аумағынан альтернативті мұнай-газ құбырын жіберу мақсатынан елдегі азамат соғысы, Суданның кеннеттен екіге бҿлінуі, Солтүстік мұзды мұхитындағы мұнайға деген таласты жҽне жоғары да айтылып ҿткен барлығы да мұнай геосаясатына қатысы бар. Сондықтанда мұнай ҽлемнің геосаяси картасында қазіргі таңда ҿте маңызды рҿлді алуда.
Мұнай факторының ҽлемдік саясатта басты орынға шығуы – саясат аренасындағы күштер арасалмағын ҽлі де ҿзгертетіні күмҽнсіз. Ирак пен Ливия орынын келешекте қай мемлекет басуы мүмкін немесе Судандағы жағдай тағы қай аймақта қайталануы мүмкін деген сұрақтар туатыны да анық. «Уго Чавес» жұмбағы да кҿптің кҿкейінде жүретіні жҽне шешілуі де ғажап емес. Ендеше, мұнай факторының ҽлемдік саясаттағы орынын жоққа шығару мүмкін де емес.
Қолданған әдебиеттер тізімі
1. Нефть и геополитика в современном мире (на примере Каспийского региона) http://mir-politika.ru/1328-neft-i-geopolitika-v-sovremennom-mire-na-primere-aspiyskogo- regiona.html
2. Роль нефти в мировой энергетике http://ai.opinion-
planet.com/index.php?option=com_content&view=article&id=233:2012-08-29-23-00- 17&catid=39:crise&Itemid=55
3. Нодари Симония Нефть в мировой политике 10 б.
4. Запасов нефти на Земле осталось на 40 лет http://newfuture.ru/facts/world-oil-reserves-40.html
5. Ивашов Л.Г. Что стоит за планами войны США против Ирака //Журнал теории и практики Евразийства.-2003.-№ 22.
6. Нефтяные войны элиты Туманного Альбиона: неизвестные страницы английской экспансии. Часть 3 http://www.ru.journal-neo.com/node/10695