Н.УТЕПОВ
БАНКТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫН ЖОСПАРЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Банктік істің даму шегі бойынша стратегиялық жоспарлау жетістіктердің негізгі факторларынын бірі болып табылады. Кейде стратегиялық жоспарлау жылдық бюджеттің құрастырылуы және мақсатты емес, оған жету құралы болып табылады. Негізінен бұл жаңа заңдылық және құқықтық актілерінің пайда болу жағдайында менеджмент қиын және жаңа міндеттерді шешу қажеттілігімен жүйеседі. Бұндай жағдайда банк басқарудың тиімділігін арттыруға қажетті құқықтар алуға бағытталады. Бұл шаралар қажет етілетін нәтижелерге қол жеткізбейді, бірінші бұл тәжірибе қателіктер әдісіне негізделеді. Керісінше, іс-әрекеттер бағдарламасы және банк стратегиясы белгіленген мерзім уақытында қабылданатын өзара байланысқан шешімдерді өңдеуден кейін ғана анықталуы тиіс. Мұндай жағдай және бәсекелес ортада өмір сүру ынтасы банк қызметінің процесінде жаңа бағытты қалыптастырады. Сондықтан, қазіргі уақытта банк дамудың ішкі мүмкіндік тиімділігін ашатын жаңа механизмдер іздейді. Себебі, банктің бәсекеге қабілетттік факторлар жүйесіне оның ішкі бәсекелестік ерекшелігі жатады, бұл бәсекелестік банкіге нарықтағы тұрақтылық жағдайын қамтамасыз ете алады.
Коммерциялық банк несиелік ұйымды дамыту стратегиясы сапасында өзінің мәселелерін шешуді іске асырады. Ең алдымен банк стратегиясы жүйесін құру процесін түсінуге қажетті білім қажет.
Біріншіден, банк ілімі ретінде банктің негізгі стратегиясын анықтау қажет, яғни банктің қызмет бірлік бағытын, болашақтағы мақсатын, нақты қызметі түрлерін, банкің қызметін жоспарлауда мәселелерді шешудегі жүйелі бағытын талдау қажет. Басқаша айтқанда банктің даму стратегиясы әртүрлі болуы мүмкін:
- іскерлік айналымның императивті факторлары, яғни заңдылық және макроэкономикалық орта;
- іскерлік айналымнын диспозитивті факторлары, яғни сыртқы және банктің ішкі толық ортасы.
Екіншіден, даму стратегиясы және жоспарлау қызметтері үздіксіз, себебі, бизнестің жаңа түрлерін жобалау кезінде банк қызметінің сәйкес ортасын ескеру қажет, ал бұл өз кезегінде қызметтердің альтернативті бейнесін көрсетеді.
Үшіншіден, банк дамуының стратегиясын қалыптастыруда қажетті функционалдық қажетті құжаттау (жоспар, іс-әрекет, бағдарламалар, тәртіптер, нұсқаулар) банктің нақты стратегиясын басқаруды өңдеуде бірлік принципті қажет етеді.
принципті қажет етеді.
Бесіншіден, банктің даму стратегиясын басқару және өңдеудің жауапкершілік деңгейінің болуы, ол банктегі қабылданатын шешімге байланысты болуы тиіс.
Банк стратегиясын қалыптастыру жүйесі келесілер болып табылады:
− қалыптастырудың сыртқы жағдайын талдау;
− мақсаттар мен міндеттерді талдау;
− ішкі талдау;
− альтернативті стратегияларды қалыптастыру және бағалау;
− стратегияны таңдау;
− іс-әрекеттер жоспарын өңдеу және оларды өткізу;
− нәтижелерді бағалау.
Банктің даму стратегиясының мақсаттары мен сипатын одан әрі көрсету үшін белгіленген анықтамалар өзінің мазмұны бойынша бұл баптың мақсаттары мен міндеттеріне жауап беруі тиіс.
Жоспарлау – кім және қашан істейтіні алдын-ала қабылданған шешім, яғни банкті басқарудың барлық деңгейіндегі қызметтері. Бірақ, жоспарлау көлемі және сипаты билік деңгейіне байланысты болады. Сонымен қатар жоғары тұрған басшылардың болжаған жоспарлары мен әрекеттерімен сипатталады.
Жоспар болашақтағы жағдайлар кез-келген түріне іс-әрекеттердің кезектілігі, сондықтан топтастыру келесідей бөлінеді:
− мақсат немесе негізгі стратегия;
− іс-әрекеттер курсы немесе саясат;
− міндеттер;
− даму стратегиясы; тәртіптер бағдарламалар.
Негізгі стратегия негізгі мақсаттарға жетуге ресурстарды және қызметтерді бөлу бағдарламасының жоспары.
Банктің қызметтерінің курсы – шешім қабылдау кезінде іс-әрекеттердің және ойлаудың көмегімен немесе басқаратын түсініктер мен жалпы жағдайды көрсететін жоспары. Қызметтер курсы банктегі деңгей көлеміне сәйкес болады. Қабылданған курс қабылдануды және олардың мақсаттарға сәйкестігін қарастырады.
Банк саясаты – банк критерийлері деңгейіне сапалық негіз алған шешім қабылдау кезіндегі жоспар.
Міндет – банк қызметіне бағытталған рубеждерді анықтайды.
Банктің даму стратегиясы берілген ресурстарды пайдалану, бөлу, алу іске асырылатын мақсаттар мен шаралар, несиелік ұйымдардың мақсаттары бойынша шешімдерді өңдеу нәтижесінің жоспары болып табылады. Даму стратегиясы – стандартты емес жағдайда мәселелерді шешудегі жүйелік бағыттарды қабылдау.
Жоспар тиімділігі мақсаттарды іске асыруы енгізетін салымдардың мөлшерімен анықталады.
Процедуралар болашақ қызметтердегі әдістерді анықтаудағы жоспарлау. Процедуралардағы негізгі талап етілетін қызметтерді жүйелік кезектілігі тәржіліктер – басқа жоспарларға сәйкес бірнеше бағыттардан қажетті іс-әрекет таңдалып алынады. Тәртіп белгіленген жағдайда нақты іс- әрекетті талап етеді. Тәртіп белгілі бір уақыт кезектілігін қалыптастырмайды, себебі тек қана іс-әрекетті бағыттайды. Егер курс мақсаты жеке іс-әрекеттер мүмкін сапасында сәйкес бағыттарды берсе, оларды қолдаунда еркін іс-әрекеттерден тұрады. Бағдарлама мақсаттар тәртіптер жиынтығын көрсетеді, сонымен қатар болжаған шараларды орындауда қажетті элементтерден тұрады.
Бюджет – сандық сипаты нәтижесінде күтілетін жоспар.
Тәртіп – құжаттардың жағдайлары; формалар, іс-әрекеттер кезектілігін жалпы сипаттайтын жоспар болып табылады, сонымен қатар банк қызметкерлеріне технологиялық қаржылық бөлімшелер қызметтерінің арнайы бағыттары және өндірістік қызмет саласында банк қызметкерлерінің қызметінің кезектілігін анықтайды [1, 167 б.].
Банктің дамуының кез-келген стратегиясы (одан әрі бизнес стратегия) кешенді және жоспарлар жүйесімен сипатталады.
Банктің жүйелік стратегиясын басқару және өңдеуді жоспарлау немесе банктің бизнес-стратегиясының әртүрлілігі бірлік стратегия ретінде бағыттарды іздеумен сипатталады. Сондықтан да келесі бағыт тиімді болады:
ішкі микро орталар және сыртқы макро және микро орталар күнделігін тұтынылуымен байланыста банктің қалыптасуы. Мысал ретінде маңызды стратегиялар жиынтығын келтіруге болады. Сондықтан банктің бизнес- стратегиясы шегінде сәйкес ішкі жағдайлар және несиелік ұйымдардың процестер есебімен байланысты бағытты таңдаған дұрыс болады, сонымен қатар банк қызметінің пайдаланушылардың банктің тұрақтылығы жағдайы қызықтырғандықтан олардың ойларымен де санасу қажет. Осы жұмыстағы бөлімдердегі көрсетілген мәселелері бойынша кез-келген басқарма жұмысын (жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау) тек қана бір бағытта таңдап шешуге болмайды, өзінің экономикалық табиғаты бойынша қаржылық делдал болып табылатын банк үшін, нақты жағдайлар тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтау және оларды қанағаттандыруды қалыптастыру қажет [2, 96 б.].
Банктің бизнес стратегиясын жоспарлау – болашақта банктің қабылданған деңгейлерге жету мақсатында, үнемі өзгеріп отыратын ортаға тез бейімделу бойынша функционалды-технологиялық процедураларды өңдеу және болжау, мақсаттарды іске асырудағы міндеттер мен қызметтерді өңдеу болып табылады. Функционалды-технологиялық процедуралар – банкке қойылған міндеттерге жетуді қамтамасыз етуге бизнес-стратегияны басқару бойынша іс-әрекеттер жиынтығы.
Банктің бизнес-стратегиясын жоспарлау келесілерден құралады:
− қолда бар міндеттерді бағалау (нарық, бәсекелестер, тұтытынушылар қәжеттіліктері, банктің мықты және әлсіз жақтары);
− негізгі мақсаттар және міндеттер (белгіленген мерзімге мақсаттарға жету деңгейі);
− жоспарды және ұсыныстарды қарастыру (жоспардың ішкі немесе сыртқы ортада орындалуы);
− бағытты таңдау (қойылған мақсатқа жетудің тиімді жолын таңдау);
− қойылған мақсаттармен таңдалған бағытты салыстыру (таңдалған бағыттың қайсысы аз шығын жұмсап, жоғары пайдаға иеленуге жәрдемдесетін талдау жасау);
− қосымша жоспарларды қалыптастыру (ресурстар мөлшерін анықтау);
− жоспарларды сандық түрде көрсету (ағымдағы шығындары, капиталдық шығындарды, сату көлемі және тарифтері).
Осы жағдайда несиелік ұйымның мақсаттары мен міндеттері – екі негізгі кезеңді талдау негізінде жүргізіледі: 1-ші банктің бизнес стратегиясын талдау, яғни сыртқы ортаны зерттеу; 2-ші кезең – жоспарды және бағыттарды таңдау, бұл кезең стратегиялық және ағымдық басқару кезеңіндегі мақсатты көрсеткіштер негізінде пайда болады.
Бизнес стратегияны жоспарлау операциялардың келесі кезектілігінде жүргізіледі:
1. Банктің микро және макро ортасын зерттеу, яғни банктің бизнес стратегиясының ортасын анықтайтын банк қызметінің ұйымдастырушылық және ресурстық экономикалық, қыржылық, құқықтық жағдайлары.
2. Жағдайлық талдау.
3. Мақсаттар мен міндеттерді қалыптасыру.
4. Бакнтің ерекше мақсаттары мен міндеттерін жоспарлау.
5. Банктің бағдарламасын өңдеу.
6. Несиелік ұйымның жалпы стратегиясын есепке ала отырып банкті басқарудың барлық деңгейіндегі стратегияларды өңдеу.
7. Мүмкін және есепке ала отырып қойылған мақсаттарға жету жолын анықтау.
8. Қаржылық мақсаттарды қалыптастыру.
9. Басқарудың барлық деңгейінде банкті басқарудың мәліметтік басқару топтарын жоспарлау.
10. Банк құрылымының жобасын құру.
11. Банктің кадрлық саясатын жоспарлау.
12. Функционалды-технологиялық құжаттарды қалыптастыру.
13. Банктің нақты мәліметтерді өңдеу және технологиялық бақылау жасау.
14. Бюджетті жоспарлау.
15. Банктің бизнес-стратегиясы жоспарларын қайта қарастыру.
Банктің бизнес-стратегиясының өткізу негізі оның мақсаттары міндеттерін анықтау болып табылады. Банк даму стратегиясын басқару немесе өткізу ортасының маңызы, мақсаттар мен міндеттерге жетуге ортаға
байланысты әсер етуі өңделетін стратегиялар жүйелігіне тәуелді болып келеді, одан кейн банк менеджментінің мақсаттары мен міндеттері оларды қалыптастыру жолымен іске асырылады. Банктің стратегиялық мақсаттарын қалыптастыру процесінде оның ішкі қалыптасуы сыртқы орта талаптарына байланысты анықталады, яғни банктің ішкі жағдайын және процесті сыртқы талаптармен қажеттіліктерге байланысты өңделеді. Осыған сәйкес кез-келген бизнес-стратегияны жоспарлауда талаптар анықталады:
1. Банк тұтынушыларына инвестициялық қызықтырушы өнімдер мен қызметтердің бәсекелестік қабілеттіліктен тұтынушыларға банктік қызметтерді жоғары тиімділікпен ұсыну: ресурстар бойынша жоғарғы сый- ақылар, комиссиондық операциялар және кассалық қызмет көрсету бойынша төменгі тариф нормалары болып табылады. Мысалы ретінде басқарудың дивизиондық құрылымын пайдаланатын инвестициялық банкіні жатқызуға болады.
2. Тұтынушыларға ұсынылатын банктік қызметтердің сапасы бойынша бәсекелестік қәбілеттілігі. Тұтынушыларға жеке және кешенді қызмет көрсету, тұтынушылардың жеке қажеттіліктерін анықтау тұтынушының барлық мәселелерін банк ішінде шешу. Мысал ретінде өзінің негізгі стратегиясын макро және микро ортаға байланысты құрастыратын банкті атауға болады.
3. Бәсекелес ортада сапаның стандартты деңгейімен банктің қызметтердің ассортименті бойынша бәсекелестік ерекшелігі. Басқарудың стандартты функционалды құрылымымен ауқымды филиалдар мен бөлімшелер бар банк.
4. Банктік қызметтерді таңдау шектеулігімен төменгі деңгейде маманданған банктің бәсекелестік ерекшеліктері. Банк үшін қызметті көрсетудің жоғары тиімділігі қызмет бірлігіне шығындардың үлес салмағын төмендетумен сипатталады. Мысал ретінде жер, ипотекалық банктерді атап көрсетуге болады.
Бизнес-стратегияларды жоспарлауда банк үшін бәсекелстік ерекшеліктерді таңдау туралы шешім стратегиялық жоспарлау деңгейінде қабылданады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша Несие Банктер» Оқулық. Алматы:
"Экономика", 2005
2. Давлетова М.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстане:
учебная пособие. Алматы: Экономика, 2001 ж.